6B01101 Педагогика және психология в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Болашақ психологтардың бойында психологиялық талдауды жүзеге асыратын және оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тиімділігін болжайтын, білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау қабілеттерін қалыптастыратын маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пәнді оқу заңнамалық нормалардың рөлітуралы жалпы түсінік беретін құқықтың негізгі салаларының мәселелерін қарауға бағытталған, сондай-ақ студенттердің сыбайлас жемқорлық қақарсы дүниетанымымен құқықтық мәдениетін қалыптастыруды зерделеуді көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Психология тарихы
Психология ғылымының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерін, бағыттарын, мектептері мен көрнекті өкілдерін зерттейді. Білімалушыларға психологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуын, әртүрлі теориялық мектептердің пайда болуын және олардың қазіргі психологияға ықпалын түсіндіреді. Психология тарихын тереңірек түсініп, кәсіби қызметте тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық-психологиялық мамандыққа кіріспе
Орта білім беру жүйесінде педагогикалық-психологиялық іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Студенттерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы біліммен қамтамасыз ету, оны болашақ мұғалімді кәсіби даярлаудың негізі ретінде қарастыру. Сонымен қатар, болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиеттерін — ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағдылар, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б. дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік психология
Адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны жөнінде ғылыми-теориялық мәліметтерге шолу жасау арқылы ортақ іс-әрекетті ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау. Түрлі әлеуметтік жағдайларда адамның мінез-құлқы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерінің әсерін зерттеу. Еңбек ұжымы, отбасы және шағын әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамаларын талдай отырып, ұжымшылдық, басқару және көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Арнайы педагогика
Дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерді оқыту, тәрбиелеу және түзету әдістерін зерттейтін педагогиканың бір саласы болып табылады. Бұл пән ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға арналған арнайы білім беру жүйесінің теориялық және практикалық негіздерін үйретеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың ерекшеліктері мен оларды оқыту әдістерін меңгереді. Арнайы білім беру мекемелерінде немесе инклюзивті ортада жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады. логопедиялық, психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстарын ұйымдастыра біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым – қатынасы, мектеп оқушыларының денсауығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігін жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.Қазіргі кезеңде оқушы баланың даму физиологиясы заман талабына лайық, бәсекелестікке қабілетті педагогикалық мамандар дайындауда рөлі мен маңызы едәуір өсіп отыр.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Руханиятқа, білім, ғылымға еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыруына озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман талабына сай көзқарастар негізінде адамның ұлттық санасын жетілдіру. Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогика тарихы
Әр тарихи дәуірдегі педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп, болашақ мамандарды педагогикалық үдеріс заңдылықтарына,тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және құқық
Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін білу. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгеру. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйрену. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастыру. Өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
- Педагогикалық іс-әрекетке, болашақ кәсіптің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге кәсіби педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру, оның жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіну және методологиялық негізін анықтау арқылы педагогиканың ғылымдармен байланысын дәлелдеу,мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Конфликтология
Конфликтология — қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында пайда болатын қақтығыстардың себептерін, мәнін, динамикасын және формаларын зерттеп, алдын алу мен шешу жолдарын қарастыратын, көпсалалы және жеткілікті дамыған ғылым саласы. Шешілмеген мәселелерді анықтай отырып, еңбек қорғау мен жұмыс жағдайындағы жетіспеушіліктерді табу, ұжымның қызығушылықтарын, құндылықтарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогтың инновациялық құзырлығы
Білім беру мәселелерін талдай алады, стандартты емес шешімдер ұсынады, өзінің кәсіби тәжірибесін сын тұрғысынан бағалап, жетілдіреді. Білімалушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, бейімделген, интерактивті және жекелендірілген оқыту формаларын жасайды. Мұғалімнің үнемі өзгеріп отыратын жағдайлар мен білім берудегі цифрлық трансформация жағдайында заманауи білім беру технологияларын, әдістері мен тәсілдерін тиімді енгізу және пайдалану қабілетін арттырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Іскерлік психология
Курстың мақсаты-студенттердің іскерлік қарым-қатынас процесінің психологиялық негізі туралы ғылыми білімдерін қалыптастыру, іскерлік өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін үйрену, болашақ кәсіби қызмет аясында тиімді қарым-қатынас жасау үшін әртүрлі әдістерді қолдану дағдыларын дамыту және қалыптастыру: іскерлік әңгіме, телефон арқылы сөйлесу, көпшілік алдында сөйлеу, келіссөздер, құжаттармен жұмыс жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қарым-қатынас психологиясы
Білім алушының ғылыми білімдерін дамыту, психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау біліктері мен дағдыларын қалыптасыра отырып дамудың әр түрлі теорияларын талдау үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетінің біліктері мен дағдыларын дамыту, осы білімдерді, дағдыларды оқу және кәсіби әрекетте пайдалануды үйрету,қарым-қатынас психологиясының теориялық бағыттарымен және практикалық жетістіктерімен таныстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалаудың критериалды технологиялары
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың жаңа жүйесін енгізе отырып, Педагогикалық ұйымның критериалды бағалау технологиясының негіздерін анықтайды. Өзгертілген білім беру платформасын қалыптастыру кезінде "бағалау", "бағалау жүйесі", "бағалау критерийлері"ұғымдарымен таныстырады,қазіргі қоғамның барлық талаптарына жауап беретін әмбебап бағалау жүйесін жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогиканы оқыту әдістемесі
Болашақ педагог-психологтардың орта кәсіби білім беру ұйымдарында педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті педагогикалық және практикалық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып педагогиканы оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруге және оларды тәжірбиеде жүзеге асыруға көмектесу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бұл пән барысында білім алушы кешенді педагогикалық, психологиялық әдістерді пайдаланып, ұжымдағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға бейімделеді. Мектеп ұжымындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстар жүйесін жоспарлайды. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің түрлі формалары мен әдістерін пайдалана алады. Мұғалімдер, ата-аналар, бала тәрбиесіндегі қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерін бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі менеджмент
«Білім беру менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар студенттерді өз бетінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерін оқу-тәрбие, оқу танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қаматамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жасанды интеллект
«Жасанды интелект» курсы кибернетиканың алғашқы қадамдары күрделі, тірі және ойлайтын жүйелердегі процестерді оқуға және түсінуге бағытталған. Жасанды интеллект жүйесі адамның ойлау қабілетін формальдандыру, адамның ойлауын моделдеу және оларды программалау мәселелерімен айналысатын информациялық жүйе болып табылады. Білім алушыларға жасанды интеллект саласында қолданылатын қосымшаларда оның жұмысын одан әрі түсіну үшін қолданылатын негізгі алгоритмдерді үйрету. Білім алушыларға жасанды интеллектінің қандай әдістерін нақты тапсырма түріне қолдану керектігін анықтауға үйрету және толық меңгеру үшін практикалық тәжірибе береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы
Психологтың кәсіби шеберлігі мен қызметіндегі этикалық мәселелерді теориялық және практикалық тұрғыдан байланыстыра отырып болашақ мамандардың білім деңгейін дамыту және адамның өзара қарым-қатынасын реттейтін мінез-құлық нормаларының жиынтығын жоғары деңгейде қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру
Психологиялық қызмет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу іс-әрекетінің білім беру уәждемесін, үлгерімін, шығармашылық өзін-өзі іске асыруын қалыптастырады. Психологиялық қызметтің жұмысы білім беру қызметіндегі қиындықтарды анықтайды. Білім беру ортасы жағдайында психологиялық- педагогикалық сүйемелдейді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың психологиялық сауаттылығын сақтауға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тәжірбиелік психология
Практикалық әдістер оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын меңгеруге бағытталған іс-әрекетті білдіреді. Оқушылар тек естіп қана қоймай, көру арқылы түрлі танымдық әрекеттерді орындайтын әдістерді үйренеді. Сонымен қатар, ақыл-ой қалыптастыру теориясына негізделген оқытудың белсенді әдістері оқытылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл-ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Психологтың кәсіби құзыреттілігі
Психологтың кәсіби құзіреттілігі ұғымының мағынасын кең көлемде ұғындыра отырып білім беру, оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру үшін диагностикалық міндеттерді жоғары деңгейде меңгеру және әлеуметтік ортада өмір сүруге қарым-қатынас жасауға қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Креативті психология
Шығармашылық процесті, оның психологиялық аспектілерін және адамның креативтілігін дамыту жолдарын зерттейтін психология саласы. Бұл курс шығармашылық механизмдерін түсінуге және креативті ойлау қабілетін, стандартты емес тапсырмаларды шешу мен инновациялық шешімдер жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Шығармашылықты ынталандыру үшін техникаларды қолдану дағдыларын меңгереді, бұл кәсіби қызметте де, жеке өмірде де шығармашылық әлеуетті ашуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мектеп буллингін алдын алу
Бұл курс қолайлы орта қалыптастыру, болашақ мұғалімдер арасында ұжымдық сыйластық қарым-қатынасты дамыту, қолайлы ахуал туғызу, болашақ мұғалімдер балалық шақтың құндылығын, сүйіспеншіліктің маңыздылығын, бастауыш сынып оқушыларының амандығына қамқорлық жасау қажеттілігін түсінеді. Олар әдептілік танытып, педагогикалық этиканы ұстануды, буллингтің кез келген көріністерінің алдын алуды және ата-аналармен де, оқушылармен де сенімді қарым-қатынас орната отырып, білім беру ортасында қолайлы психологиялық ахуал құруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экспериментальды психология
Психологтардың түрлі әлеуметтік жүйелерде педагогикалық міндеттер мен түрлі әрекеттерге психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және жеке тұлға психодиагностикасын қолдануда қажетті білім, шеберлік дағдыларды меңгерте отырып ғылыми зерттеулерді және оның құрылымы жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).
Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданауды қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гуманистік психология
Гуманистикалық психология адамға гармонияға жетуге, өз потенциалын ашуға және толыққанды психоэмоционалдық дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл көзқарас психотерапевттер, консультанттар және тұлғалық даму мен психоэмоционалдық қолдау саласында жұмыс істеуге үйретеді. Психологиялық мәселелерді шешуде гуманистік тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Педагогикалық шеберлік
Болашақ педагог-психолог студенттердің бойында оқыту мен тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру өнерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігін қалыптастыру. Студенттердің психологиялық сауаттылығы мен құзыреттілігін, жалпы мәдениеті мен педагогикалық қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Педагогикалық шеберліктің мәнін түсіну, педагогикалық қызметтің мазмұнын ашу, педагог мамандығының болашақ мүмкіндіктерін көрсету, жаңашыл педагогтердің идеялары мен оқыту формаларын қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектепте қашықтықтан оқытуды(сабақты) жүргізу әдістемесі
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыру. Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Арттерапия негіздері
Индивидтiң шығармашылық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі көңіл-күйлерін ашып көрсетуге белсендiлiгiн арттыру. Терапиядағы табандылық клиенттің өз қабiлеттiлiгiне сай жеке шығармашылық белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ және интерпретация жасау арқылы емдiк әсерге қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Этнопедагогика
Халықтық тәрбие тәжірибесін, ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы, мәдени мұралар мен рухани құндылықтарды зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Әр ұлттың тәрбиелеу ерекшеліктерін, халықтың тарихи-мәдени даму жолын, тәрбиедегі ұлттық дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде қолданудың жолдарын үйретеді. Ұлттық тәрбие және мәдени мұралар туралы терең білім алады. Ұлттық тәрбиеге негізделген көзқарас — өз халқының дәстүрін құрметтеуді және ұлттық сана-сезімдерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Практикалық психология
Психологиялық білімдер мен әдістерді нақты өмірде түрлі практикалық міндеттерді шешу үшін қолдануға бағытталған. Теориялық психологиядан айырмашылығы, практикалық психология адамдарға жеке даму, тұлғааралық қатынастар, кәсіби қызмет, стресстік жағдайлар сияқты түрлі салаларда тікелей көмек көрсетуге қалыптастырады. Психологиялық білімдер мен әдістерді түрлі өмірлік жағдайларда адамдарға көмек көрсету және олардың психологиялық мәселелерін шешу үшін тиімді пайдалана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Психологияны оқыту әдістемесі
Білім алушылар алынған психологиялық білімдерді оқытудың түрлі формаларында сәйкес әдістер мен материалын өз бетімен дұрыс таңдау оқытудың тиімді құралдары мен әдістерін пайдалану іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруды, сонымен қатар өзінің оқытушылық іс-әрекетін дұрыс бағалай алуға қабілетті болу. Психологиялық білімдерді өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың құралы ретінде қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Этнопсихология
Ғылыми тәлім-тәрбие бойынша жастарды белгілі бір халықтық дәстүрінде оқыту мен тәрбиелеу – қаллыпты мінез-құлық ережелерін сөз, насихат жүзінде ғана сіңірмей,олардың бүкіл өмір салтының процесіне үзілмес арқау ету арқылы жүзеге асыру. Қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың психологиясының жалпы құрылымы жайлы түсінік қалыптастыру. Оқытумен ғана шектелмей,тәрбиеленушінің бойына этностың қалыпты мінез-құлық ережелерімен асыл қазыналарын, сол ұлтқа тән морльдық қасиеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектепте қашықтықтан оқыту әдістері мен технологиялары
Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді және білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Когнитивті психология
Когнитивтік психологияның басты міндеті – сенсорлық ақпараттың стимул рецепторлық бетке түскен сәттен бастап, оған жауап пайда болғанға дейінгі өзгерістерін зерттеу. Когнитивтік психология — адамның мінез-құлқын білімдер негізінде түсіндіретін, сондай-ақ сол білімдердің қалыптасу үдерістері мен динамикасын зерттейтін психология саласындағы зерттеу бағыты.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі психология
Балалардың когнитивтік, эмоциялық, әлеуметтік және физикалық даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл курс студенттердің мектепке дейінгі жастағы балаларда жүретін психикалық үдерістер туралы білімін қалыптастыруға және осы білімді балалармен тиімді қарым-қатынас орнату үшін пайдалануға бағытталады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму ерекшеліктерін диагностикалау және талдау дағдыларын меңгереді. Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушы және қолдаушы орта құру қабілетін қалыптастырады. Балалардың тәрбиесі мен психикалық дамуы мәселелері бойынша ата-аналармен және педагогтармен жұмыс істей алу біліктілігін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептен тыс мекемеде тәрбие жұмысының әдістемесі
Бұл пән қосымша білім беру мекемелерінде, балалар клубтарында, шығармашылық үйлерінде, даму орталықтарында және басқа да мектептен тыс ұйымдарда тәрбие шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу бойынша мамандарды даярлауға бағытталған. Ол тәрбие жұмысының әртүрлі формаларын үйретеді: үйірмелер, секциялар, шығармашылық студиялар, жобалық қызмет, іс-шаралар, экскурсиялар, байқаулар сонымен қатар, тәрбие процесін талдау және түзете білу дағдысын қалыптастырады. Мектептен тыс тәрбие жұмысының ерекшеліктерін білу; Мектептен тыс ортада әр жастағы балалармен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу дағдылары; Балалардың бойында әлеуметтік маңызы бар қасиеттерді, құндылықтарды және уәжді қалыптастыру қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық психология
Педагогика, дидактика және педагогикалық дизайнның заманауи тәсілдерін ескере отырып, цифрлық трансформация жағдайында білім беру процесін жобалау, ұйымдастыру және іске асыру үшін қажетті кәсіби білімдерін, дағдылары мен құзыреттерін қалыптастырады. Білім беруде цифрлық технологияларды қолдану, цифрлық дидактика негіздері, педагогикалық дизайнның негізгі принциптері, оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары, оқу процесін жобалау және мультимедиялық құралдарын қолдануды үйретеді. Lesson Study және Action Research көмегімен білім беру процесін жетілдіру дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Патопсихология
Патопсихология психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра отырып психикалық сараптама жүргізу мақсатымен эксперименталды психикалық зерттеу әдістерін оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Коммуникативті құзыреттілік тренингі
Курста қарым-қатынастағы тренинг мәселесін зерттеудің теориялық және әдіснамалық тәсілдері қарастырылады. Студенттер тренингтік сабақты ұйымдастырудың ерекшеліктерін әлеуметтік белсенді оқытудың әдісі мен формасы ретінде талдайды; жеке мәселелерді шешу үшін тренингте қолданылатын әртүрлі әдістер мен әдістерді қолданады; қарым-қатынас процесінде эмоционалды өзін-өзі реттеуді біледі; теориялық білімді практикалық кәсіби қызметке түрлендіреді, құрылымдайды және психологиялық сауатты түрлендіреді; коммуникативтік тренинг бағдарламаларын әзірлейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Еңбек психологиясы
Еңбек психологиясы адамның еңбек ету процесіндегі психикалық әрекетінің қалыптасуы мен танылу заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымдарының бір саласын оқытады және адамның іс-әрекеті түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып қалыптастырады. Еңбек психологиясының әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті жақтарын оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі
Жеке тұлғаның өміріне, еңбек барысында және әлеуметтік іс-әрекетіне психологиялық септілік жасау. Мемлекеттік, жеке немесе ғылыми мекемелерге психологиялық мәселенің тиімді шешімін табу үшін практикалық психологиялық көмек көрсету. Психологиялық сауаттандыру іс-әрекетін жүргізу. - кәсіби біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында үнемі өзіндік психологиялық білімін арттыру және өзіндік терапия тәжірибесін жинақтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заң психологиясы
Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибеде қолдануға байланысты психологиялық аспектілерді зерттейтін ғылым саласы. Ол қылмыскерлердің, айыпталушылардың, куәлардың психологиясын зерделеумен айналысады. Сонымен қатар, түрлі қылмыстардың қандай жағдайларда жасалатынын, олардың себептері мен психологиялық негіздерін анықтауға бағытталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тұлғаны педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Педагогикалық және психологиялық тұлғалық диагностика — бұл білім алушының жеке басын, қабілеттерін, даму ерекшеліктерін, мінез-құлқын және эмоционалдық жай-күйін бағалау әдістері мен тәсілдерін зерттеуге бағыттайды.Білім алушылар педагогикалық және психологиялық диагностиканың негізгі ұғымдарын, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерін меңгереді. Диагностика нәтижелерін жас ерекшеліктерін, жеке және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс өңдеп, талдап және интерпретациялай алады. Диагностикалық жұмыс жүргізу кезінде кәсіби және этикалық нормаларды сақтап, баланың жеке басына құрметпен қарап, құпиялылықты қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Білім беру мекемелерінде диагностикалық коррекциялық жұмыстар
Білім беру мекемелеріндегі диагностикалық және түзету жұмыстары — оқу үлгерімінде, дамуында немесе мінез-құлқында қиындықтары бар балалармен психологиялық диагностика жүргізу және кейінгі түзету жұмыстары бойынша болашақ мамандардың білімін, іскерлігін және практикалық дағдыларын қалыптастырады. Нормативтік құжаттарды білу, жоспарлау, нәтижелерді рәсімдеу және есеп беру жүргізу дағдылары меңгереді. Балаларға психологиялық қолдау көрсету және оларды дамыту бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру қабілеттерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектептегі әлеуметтік педагогикалық мәселелер
Әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді зерттейтін бұл пән білім беру ортасында туындайтын әлеуметтік және педагогикалық сұрақтарды, сондай-ақ оларды шешу жолдарын қарастырады. Курс студенттерді оқушылардың әлеуметтік бейімделуімен, отбасы мен өзара әрекеттесу мәселелерімен, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелерін талдай және тиімді шешуге қабілетті мамандар даярлауға бағыттайды. Әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін анықтап, талдай біледі. Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыруға үйретеді.Әлеуметтік мәселелері бар балалармен және олардың отбасыларымен тиімді жұмыс істей біледі.Оқушылардың әлеуметтік бейімделуі үшін қолайлы және дамытушы ортаны қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік педагогика
Әлеуметтік педагогика – жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ортаның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс – шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы болып қарастырылады және түйінді құзіреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б. қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми философиялық таным әдістерімен табиғи, әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінеді, зерттеуді қамтамасыз етеді. Философия негіздерін біледі, дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға береді. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын өзіндік ерекшелігін терең түсінеді, ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді.
- Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі пәні мен объектісін, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттанудың міндеттері мен атқаратын қызметтерін кешенді түрде қарайды, ойлайды мәдениетін ұғындырады, тәжірбиелерін қолданады және басқа қоғамдық ғылымдармен байланысын қарастырады.
- Пәндік саладағы практикалық және шығармашылық мәселелерді шешу үшін қашықтықтан және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады.
- Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға, өз құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін көрсетуге, ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде бастауыш білім беруді, өз ұйымының және кәсіби әл-ауқатының дамуын жетілдірудің жаңа мақсаттарын қоюға қабілетті.
- Педагогика және психология саласындағы алған білімдерін тұлғаға бағдарланған, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, балалардың өмірі мен қызметін тәрбиелеуге, дамытуға, ұйымдастыруға қолданады.
- Жеке тұлғаны әлеуметтендіру үрдісін басқаруда ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаларға педагогикалық қолдау көрсетеді. Білім беру мекемелеріндегі ұйымдастыру, оқу-тәрбие, түзету-дамыту жұмыстары кезінде шешім қабылдайды және педагогикалық этика ережелерін сақтайды
- Оқыту мен тәрбие жұмыстарының әдістеріне, психолого-педагогикалық зерттеулер әдіснамасына ие; эксперименталды зерттеу түрлерін талдайды және ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әртүрлі әдістері мен технологияларын практикада қолданады.
- Оқу-өндірістік жұмыстардың құрылымы мен мазмұнын жобалау әдістерін қолданады. Сабақты дидактикалық құралдармен жабдықтау тәсілдерін меңгереді.
- Ғылыми зерттеу, педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізуде әдіснамалық және әдістемелік білімді қолданады; ғылыми мақалалар, тезистер, конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, пікірталастарда сөз сөйлей алады.
- Ғылыми зерттеулердің әдістерін, академиялық хат алмасу және оларды оқытылатын салада қолданады. Ғылымдағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде қарастырады. Ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдана біледі. Зерттеудің нәтижелерін жинақтайды, жаңа білімді синтездейді, оны гуманитарлық әлеуметтік маңызды өнімдер түрінде ұсынады.
- Озық педагогикалық тәжірбиелерді пайдаланады. Оқу-тәрбие процесіне ендіреді және оқытудың тиімділігін арттырады. Ғылыми зерттеу принциптері мен зерттеу әдістерін меңгереді. Зерттеу әдістерін және академиялық хатты біледі және оқытылатын салада қолданады.
- Психологиялық эксперименттердің қалыптасуын және зерттеу әдістемесін анықтайды. Теориялар мен олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді зерттейді. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді.
- Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін меңгереді. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуы (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі) мен кәсіби әл-ауқатын дамытады.
Ұқсас БББ
6B01101 Педагогика және психология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01101 Педагогика және психология
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01101 Педагогика және психология
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
6B01101 Педагогика және психология
Астана халықаралық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01101 Педагогика және психология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01101 Педагогика және психология
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01101 Педагогика және психология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01101 Педагогика және психология
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
6B01101 Педагогика және психология
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01101 Педагогика және психология
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
6B01101 Педагогика және психология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01101 Педагогика және психология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01101 Педагогика және психология
Alikhan Bokeikhan University (ABU)
6B01101 Педагогика және психология
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01101 Педагогика және психология
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01101 Педагогика және психология
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01101 Педагогика және психология
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01101 Педагогика және психология
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01101 Педагогика және психология
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01101 Педагогика және психология
«Мирас» университеті (Мирас)