6B01101 Педагогика және психология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Педагогика және психология саласы бойынша барлық типтегі мектепке дейінгі мекемелерде; жалпы білім беретін мектептерде, отбасылы типтегі балалар ауылдарында; арнайы коррекциялық ұйымдарда; кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарында ЖОО-ларда және әртүрлі мекемелердің педагогикалық үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін білікті мамандар даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B011 Педагогика және психология
Пәндер
-
"Педагогика-психология" мамандығына кіріспе
Курс барысында "Педагогика-психология" мамандығының теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Пән аясында педагогика мен психологияның негізгі ұғымдары, олардың білім беру және тәрбие процесіндегі рөлі, кәсіби қызметтің бағыттары мен ерекшеліктері зерттеледі. Сондай-ақ, педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі, оның қызметінің негізгі әдістері мен тәсілдері, білім беру жүйесіндегі маңызы қарастырылады. Пәннің мақсаты – студенттерді "Педагогика-психология" мамандығының негізгі бағыттарымен таныстыру, олардың кәсіби қызметке дайындығын қалыптастыру, болашақ педагог-психологтардың теориялық білімдерін нығайтып, практикалық дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы психология
Курс барысында психологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгеру; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи, зертханалық жағдайларда тұлғаның психикалық үдерістерінің дамуы мен құрылымдарын зерттеу; тұлға дамуын, заңдылықтарын білу меңгеріледі. Психикалық процестер мен қасиеттердің негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, механизмдерін біледі. Психологияның заманауи бағыттары мен тұжырымдамаларына талдау жасайды, психикалық процестерді зерттеудің нәтижесін интерпретациялайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектептегі психологиялық қызмет
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыруды теориялық негіздеу. Педагогикалық-психологиялық іс-әрекетті жүзеге асырудың типтік ережелері. Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастыру спецификасы. Мектептегі психологтың қызметінде қоданылатын құжаттар құрылымы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Эмоциональды интеллект
Адамның эмоцияларды танудың теориялық мазмұны, эмоционалды интеллекті зерттеу әдістері туралы, тұлғааралық қарым-қатынас барысында басқа адамдардың мотивтерін түсінудің тәсілдері туралы білім, өзара әрекет барысында эмоцияларын басқарудың практикалық мәні тұжырымдалады. Жағымды эмоционалды байланыс орнату жолдары туралы білім және субъектінің өзара әрекеттесу барысында мақсатқа бағытталу тәсілдері туралы, ұжымдағы психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселесі сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның білім беру жүйесі
Қазақстанның білім беру жүйесі. 21 ғасырдың білім беру стандарты мен бағдарлары. Бастапқы зияткерлік әлеуетті қалыптастырудың алғышарттары. Орта білім беру жүйесіндегі жаңартылған бағдарламалар. Табысты тұлғаны тәрбиелеу. Білім берудегі интеграция. 12 жылдық білім беруге көшудің саналы қажеттілігі. Жүйесі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі процестерді талдау, сыни бағалау, болжау/
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылар ағзасының өсуі мен дамуы. Жас кезеңділігі. Жеке дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі мүшелер жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері. Дамып жатқан мүшелер мен жүйелердің өзара әрекеттесуі туралы қазіргі заманғы идеялар. Оқушылардың әртүрлі дене жүйелерінің жұмыс істеуінің физиологиялық ерекшеліктері
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Отбасы педагогикасы
Отбасы тәрбиесі, бала тәрбиесінде отбасының әрбір мүшесінің алатын орны, отбасы типтері, түрлі типті отбасыларымен жүргізілетін жұмыстардың психологиялық-педагогикалық технологиялары мен таныстыру,қазiргi қоғамдық даму кезеңiндегi жанұя тәрбиесiнiң ерекшелiктерi, отбасы тәрбиесінің негіздері. Халық педагогикасы тәсiлдерi, оларды қазiргi отбасы тәрбиесiнде қолдану. Отбасының негізгі қызметтері және отбасындағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдары. Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курс сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның себептері мен салдарын түсінуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға бағытталған. Курс сыбайлас жемқорлықпен күресудегі халықаралық және отандық тәжірибені, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және қалың жұртшылықтың рөлі туралы ақпаратты талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Экология мен тұрақты даму арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды түсіндіру; табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық проблемаларға шешім табу жолдарын үйрету. Пәннің мазмұнында экологияның негізгі заңдылықтары, табиғат ресурстарының сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қалдықтар мәселесі және басқа экологиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ментальды психология
Курстың мақсаты адам психикасында болып жатқан, оның интеллектімен, ақыл-ойымен байланысты әрекеттердің немесе процестердің сипаттамаларын зерттеу. Психикалық психологияның негізгі зерттеу пәні – адам шындығын нақты құрайтын ойлар. Білім алушылар адамның ойлау қателерін қалпына келтіру және түзету міндеттерін шешу жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Психология тарихы
Психология бойынша студенттердің білімін жүйелеу және жалпылау.психология тарихына кіріспе. Антикалық психология. Орта ғасыр мен қайта өркендеу дәуіріндегі психология. Жаңа дәуірдегі психологиялық идеялар. Ағартушылық дәуірдегі психологиялық идеялар. ХІХ ғасырдағы психологияның дамуы. Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы. Психологиядағы ХІХ-ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар. Психологиядағы әлемдік мектептер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогика
Пәннің мақсаты - студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, адамның жеке ерекшеліктері туралы оның оқу және кәсіби қызметін табысты игеру және жүзеге асыру факторы ретінде тұтас түсінігін қалыптастыру, оқудың, ақыл-ой еңбегінің мәдениетінің және өзін-өзі білім берудің біліктерін және педагогикалық білім негізінде тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Логопедия негіздері (minor)
Сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқушылығы бар балаларды арнайы оқытудың негізгі заңдылықтарын, сөйлеу тілінің бұзылуының жіктелуін, құрылымын, симптоматикасын білу, Баланың психикалық дамуына сөйлеу тілінің ықпалының сипатын айқындау, сөйлеу тілінің ауытқушылығындиагностикалаудың психологиялық-педагогикалық әдістерін қолдана алу, баланың сөйлеу тілінің бұзылу деңгейлерін айқындау және сқйлеу тілінің жеткіліксіздігінің формаларының алдын алу, балаларға логопедиялық көмек жүйесін ұйымдастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогика тарихы
Әлемдік педагогикалық ойлар мен көзқарастардың пайда болуы, қалыпптасуы мен дамуы. Адамзаттық рухани құндылықтарды сіңірту, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттыру, педагогикалық танымын, педагогикалық ойлау қабілетін дамыту. Педагогика тарихының негізгі категорияларын игерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Невропатология негіздері (minor)
Курс мазмұнында жүйке жүйесі зақымданған кезде пайда болатын негізгі неврологиялық белгілер мен синдромдардың қалыптасуы туралы ақпараттармен танысады. Материалды зерделеу кезінде студенттер неврологиялық терминологияны меңгереді, сезімтал және қозғалыс бұзылыстарының клиникалық көріністерін анықтайды, клиникалық және неврологиялық тексеру әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнді оқудың мақсаты студенттерді күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қаржылық ресурстарын тиімді басқаруға дайындау болып табылады. Курс отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстары, салық салу, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында сауатты қаржылық шешімдер қабылдау үшін базалық білімді зерделеуді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспарлауды, қаржы нарығын, оның негізгі сегменттерін реттеу және жұмыс істеу механизмін оқытуды қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экспериментальды психология
Бұл пән психологиялық зерттеу әдістеріне (ең алдымен эксперименттік әдіске), психологиялық гипотезаларды тексеру әдістеріне және психологиядағы зерттеулерді жоспарлауға бағытталған. Психологиялық шындық құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, зерттеу пәніне айналуы мүмкін, психологияның әр түрлі бағыттары бойынша зерттеулерді құру әдістері осы курсқа арналатын жалпы принциптерге бағынады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Пән студенттерді теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздермен, негізгі санаттармен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырады; инклюзивті білім берудің объектісі, пәні, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, қалыптасу және даму кезеңдері туралы білімді қалыптастырады, инклюзивті білім берудің әлеуметтік-мәдени рөлін айқындайды. Курс қазіргі заманғы білім беру (түзету) мекемелерінің қызметін және ерекше білім беру мен педагогикалық жүйелерді ұйымдастыру нысандарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қолданбалы психология
Курстың мақсаты: қолданбалы психологияның негізгі ұғымдарымен байланысты білім мен білік жүйесін қалыптастыру, әр түрлі жастағы адамдардың дамуын, қарым-қатынасын, іс-әрекетін диагностикалау әдістеріне оқыту, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру. Курстың міндеттері: білім алушыларда қолданбалы психологияның негізгі бағыттары мен технологияларының даму тарихы туралы білімді қалыптастыру, білім алушылардың алған білімдерін практикалық қызметте пайдалану дағдылары мен іскерлігін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дефектология негіздері (minor)
Курсты оқу барысында білім алушылар дефектология ғылымының қысқаша тарихымен, арнайы білім беру мен тәрбиелеуді қажет ететін балалар топтарымен танысады және оларға арналған арнайы мекемелер жүйесі туралы білімдермен қаруланады. Сондай-ақ аталған пәнді оқудың нәтижесіндеәртүрлі ауытқулары бар балаларды топтастыру типтерін ажырата алады, арнайы мекемелердің жұмыс істеу бағыттарын меңгереді және әртүрлі ауытқулары бар балалардың психолого- педагогикалық мінездемесімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пәннің мақсаты - студенттерге тұлғаның психикалық даму ерекшеліктерін, тұлғаның әрбір даму кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтары жайлы білім беру. Бала психологиясының әртүрлі жас дамуының кезеңдерінің айрықша ерекшеліктерін, іс-әрекеттің әртүрлілігін, жеке адамды қалыптастыратын психикалық қалыптар мен мінез-құлықты, баламен жұмыс істеу барысында берілген заңдылықтарды есепка алу туралы студенттердің түсініктерін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Коррекциялық педагогика және психология
Курс барысында коррекциялық педагогика мен психологияның теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Пән аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балалардың даму ерекшеліктері, оларды психологиялық-педагогикалық қолдау тәсілдері, түзету-дамыту әдістері мен технологиялары зерттеледі. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру, арнайы педагогиканың заманауи бағыттары, диагностика және реабилитация шаралары талданады. Пәннің мақсаты – студенттерге коррекциялық педагогика мен психологияның негізгі қағидаларын меңгерту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен технологияларын үйрету, сондай-ақ олардың дамуын қолдауға бағытталған практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Экономика және кәсіпкерлік
Мақсаты: Бұл курс студенттерге болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курстың бір бөлігі ретінде студенттер өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады. Нәтиже: Курсты аяқтағаннан кейін студенттер табысты кәсіптік қызметке қажетті экономикалық білімге ие болады. Олар сондай-ақ экономикалық жағдайларда негізделген және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Конфликт психологиясы
Қоғамдық өмірдің әр саласында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерделеу, алдын-ала ескерту, шешу жолдарын меңгерту, конфликт психологиясының нысаны, принциптері, әдістері, конфликтілерді шешу мен зерттеуде қолданатын негізгі теориялық бағыттар және әдістер, жалпы конфликтологияның қазіргі уақыттағы ғылым ретіндегі жағдайы мен дамуы, конфликт психологиясы курсының әлеуметтік тартыстарды реттеудің заңдылықтары, конфликтология саласындағы конфликтілердің шығутегі мен динамикасы, шешу жолдарын зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы педагогика және психология
Дамуында ауытқуы бар тұлға психологиясының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Арнайы педагогика пәні, мақсаттары мен міндеттері. Арнайы педагогиканың даму тарихы. Арнайы педагогиканың теориялық негіздері. Сурдо, тифло, олигофренопедагогикамен байланысы. Арнайы педагогиканың зерттеу әдістері мен принциптері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пән таңдаған мамандығы бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді. Пәннің мақсаты - студенттерді жобалаудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып, жоғары өнімді электронды оқыту үшін оқу материалдарын жасауға үйрету, білім беру ортасында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Нейропедагогика негіздері
Болашақ педагогтардың игерген құзіреттілігі баланың оқу қабілетін арттыру және баланың мінез-құлқын реттеуге қажет оның сезім мүшелеріне (көру, есту, сипап сезу және т.б.) әсер ету арқылы және тәрбие мен оқыту үдерісіндегі эмоционалдық күйін реттеу үшін мектепке дейінгі білім беруде тұлғалық-бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі жасанды интеллект негіздері
Курс барысында білім беру саласында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Пән аясында ЖИ-дің негізгі қағидаттары, машиналық оқыту, нейрожелілер, білім берудегі адаптивті оқыту жүйелері, интеллектуалды оқыту ассистенттері және деректерді талдау технологиялары зерттеледі. Сонымен қатар, білім беру процестерін автоматтандыру, дербестендірілген оқыту және білім алушылардың жетістіктерін бағалауда ЖИ-ді тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады. Пәннің мақсаты: студенттерге білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін меңгерту, деректерді талдау және білім беру үдерістерін оңтайландыру дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ заманауи цифрлық білім беру құралдарын тиімді пайдалануды үйрету. Сондай-ақ білім алушыларды жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі тұжырымдамаларымен, әдістерімен және қолдану салаларымен таныстыру, ЖИ жүйелерін құру және оларды әртүрлі салаларда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында білім алушылар машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және деректерді интеллектуалды талдау негіздерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес беру
Курс мазмұны білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес берудің міндеті мен ролі, этикалық жəне заңдылықты негіздері, білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес берудің кəсіби мəселесі, оқыту бағдарламасының мазмұны жəне т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шағын жинақты мектептерде білім беру және тәрбие теориясы мен технологиясы
Курс барысында білім алушылар шағын жинақты мектептердегі педагогикалық проблемалар және оларды шешу жолдары; шағын жинақталған мектепте жеке пәндерді сынып және сынып-комплект жағдайында оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы; шағын жинақталған мектепте оқыту және тәрбие процестерін ұйымдастыру жолдары; пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға негізделген оқу пәндерін интеграциялау мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Этнопсихология
Этнопсихология пәні, мақсаты мен міндеттері. Ұлт және этнос мәселесі. Этникалық идентификация. Этнопсихологияның қысқаша тарихы. Әлем халықтарының ұлттық психологиялық ерекшеліктері. Этнопсихология ғылымының зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи нейропсихология
Заманауи нейропсихологиялық бағыттағы зерттеулер. Нейропсихологиялық белгілер мен факторлар; Орталық ми жүйесінің қызметін нейропсихологиялық диагностикалау және оның әдістері; Орталық ми жүйесі қызметінің бұзылыстары және ми қызметі; кортикальды нейропсихологиялық белгілер, ми қыртысының жергілікті зақымдалуымен байланысты бұзылуларды зерттеу, естен тану, естің бұзылуы. Ойлаудың бұзылуы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Салыстырмалы педагогика
Әр түрлі елдердегі педагогиканың негізгі категориялары мен ғылымның даму деңгейі мен ерекшелігі жайлы білім беру. Салыстырмалы педагогика пәні, мақсаты және міндеттері. Салыстырмалы педагогиканың зерттеу әдістері. Педагогикалық озық тәжірибелерге, әлемдік білім беру ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау. Әлемдік білім берудегі инновациялық әдістердің практикалық маңызын айқындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлемдік психологиялық мектептер
Білім алушыларға әлемдік психологиялық мектептер және психологиялық тұжырымдар туралы білім беру. Антикалық психологиялық мектептер. Орта ғасыр мен қайта өркендеу дәуіріндегі психологиялық мектептер. Жаңа дәуірдегі психологиялық идеялар. Ағартушылық дәуірдегі психологиялық идеялар. ХІХ ғасырдағы психологияның дамуы. Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы. Психологиядағы ХІХ-ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар. Психологиядағы әлемдік мектептер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік психология (Уэслиан университеті) (Coursera)
Бұл курс шешім қабылдау, сендіру, топтық мінез-құлық, жеке тартымдылық және денсаулық пен әл-ауқатқа ықпал ететін факторлар сияқты тақырыптарды қамтитын классикалық және заманауи әлеуметтік психологияға қысқаша кіріспе ұсынады. Біз күнделікті өмірде қолдануға оңай болатын таңқаларлық, қызықты және қызықты зерттеу нәтижелеріне назар аударамыз. Курс сонымен қатар әлеуметтік психологияға арналған әлемдегі ең ірі онлайн-қауымдастық - Әлеуметтік психология желісінің веб-сайттарынан да тартылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік педагогика
Пәннің мақсаты: студенттердің қазіргі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшелігі туралы білімдерін, сондай-ақ әлеуметтік салада және білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету. Пәннің міндеттері: студенттерде әлеуметтік-педагогикалық теориялар, қызметтің әртүрлі салаларындағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың орны мен ерекшелігі туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Киберпедагогика
Ғаламтор ортасында оқыту ғылымы немесе өнері. Ол дәстүрлі бетпе-бет сыныптағы контексттер үшін неғұрлым қолайлы болуы мүмкін емес, нақты технологияға сәйкес келетін оқытудың негіздемесі мен әдістеріне назар аударады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Экологиялық педагогика
Студенттерді заманауи экологиялық педагогика негіздерімен таныстыру, экологиялық педагогиканың пәні. Экологиялық мәдениет түсінігін қаыптастыру. Экологиялық педагогиканың пайда болу тарихы, оның теориялық-әдіснамалық негіздері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Педагогиканы оқыту әдістемесі
Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формалары мен әдістерін және кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарында педагогиканы оқыту мазмұны мен формаларын, әдістерін, құралдарын білуі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Креативті педагогика
Педагогикалық тұрғыдан ойлану және іс әрекет етуді, педагогиалық құбылыстарды өз бетінше талдауды үйрету. Педагогикалық технологиялар және мұғалімнің креативтілігі. Педагогикалық технологияның мәні. Педагогикалық креативтілік құрылымы. Педагогикалық тапсырмаларды шешудің кезеңдері. Педагогикалық әрекеттесу педагогикалық технологияның объектісі ретінде. Педагогикалық әрекеттесуде субъект қағидасы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Этнопедагогика
Этнопедагогика пәнінің ерекшелігін, оның пайда болуын, дамуын және қазіргі замандағы жағдайын, қоғамдағы орнын, адамзаттың педагогикалық мәдениетін дамытудағы алатын ролін анықтау және зерттеу. Халық педагогикасы, дәстүрі, еңбек оқыту және тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, мақал-мәтелдер, ертегілер - халықтық тәрбие жүйесінде, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Психологияны оқыту әдістемесі
Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында психологияны оқытудың ғылыми-теориялық негіздерімен таныстыру; оқу пәні ретіндегі психологияның құрылымы мен принциптері туралы және сабақ мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерді қалыптастыру; педагогикалық үрдісті басқару дағдысы мен біліктіліктерді қалыптастыру; өзіндік білім жетілдіру және өзін-өзі дамытудың тәсілдерін үйрену; мамандық шеңберінде білім алушының қабілеттері мен тұлғалық сапаларын дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі креативті оқыту және ойлау дизайны
Курс барысында студенттер креативті оқыту принциптерін, инновациялық шешімдерді табу және жаңашыл идеяларды жетілдіру қабілеттерін, ойлау дизайн тұжырымдамаларын білім беру ортасына бейімдеуді, ойлау дизайны арқылы білім беру ресурстарын дамытуды және оларды оқу процесінде тиімді қолдануды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Мақсаты: Конструктивті оқыту әдістерін меңгеру, тиімді оқытуды қамтамасыз ету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және студенттердің өздігінен білім алуын ынталандыру. Міндеттері: Конструктивті оқытудың негіздерін зерттеу: Конструктивті оқытудың негізгі принциптерін түсіну, мысалы, белсенді оқыту және іс-әрекет арқылы оқыту. Оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу: Белсенді және өздігінен білім алуды ынталандыратын курстар мен материалдарды жасау. Конструктивті әдістерді тәжірибеде қолдану: Мәселеге негізделген оқыту, жобалар және зерттеулер сияқты әдістерді оқу процесінде қолдану. Әдістерді бағалау және бейімдеу: Конструктивті әдістердің тиімділігін талдау және оларды әртүрлі білім беру жағдайларына бейімдеу. Кәсіби құзыреттіліктерді дамыту: Конструктивті оқытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық қызметті ұйымдастыру
Зияткерлік саланың тұрақты дамымауы байқалатын балалардың психологиялық ерекшеліктері. Интеллектуалды дамымау және бейімделу мінез-құлқының бұзылуы, ақыл-ой кемістігінің критерийлері. ЕББҚБ арналған психологиялық қызметтіің бағыттары - жалпы және ұсақ моториканы дамыту; дүниетанымы мен қоршаған орта туралы ойларны кеңейту; танымдық-психологиялық белсенділігін арттыру, сенсорлық түсініктерді қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Проективті психология
Курс барысында проективті әдістердің теориялық негіздері, олардың психодиагностикалық және психотерапиялық мақсатта қолданылуы қарастырылады. Пән аясында Роршах тесті, ТАТ (Тематикалық апперцептивті тест), еркін ассоциациялар әдісі, суреттік тестілер және басқа да проективті әдістер зерттеледі. Пәннің мақсаты – студенттерге проективті психологияның негізгі қағидаларын, проективті әдістерді қолдану принциптері мен интерпретациялау дағдыларын меңгерту, тұлғаның терең психологиялық құрылымдарын талдау және бағалау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психологиялық практикум
Пәннің мақсаты: психологиядағы негізгі зерттеу әдістерімен танысу; бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің практикалық дағдыларын алу; байқалатын мінез-құлық ерекшеліктерін психикалық реттеу ерекшеліктерімен байланыстырудың талдамалық дағдыларын қалыптастыру. Пәннің міндеттері: психологиялық әңгімелесуді ұйымдастыру және өткізудің практикалық дағдыларын алу, әңгімелесу барысында алынған деректерді түсіндіру дағдыларын алу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық акмеология
Педагогикалық акмеология пәні, мақсаты мен міндеттері. Педагогикалық іс әрекет шыңы. Педагогикалық қабілеттерінің теориялық негіздері. Педагогикалық шеберлік мәні. Педагогикалық акмеологияның ғылыми әдістемелік негіздері. Педагогикалық іс-әрекетті кәсіби шебер меңгеру құзыреттілігі қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Отбасы психологиясы
Бұл курс студенттерді отбасылық өмір ерекшеліктеріне, психологиялық заңдылықтарына педагогикалық психологиялық талдау жасауда өте манызды. Психолог қызметінін психологиялық механизмдерді және заңдылықтары, психологтын практикалык іс-әрекетінін негізі болып табылады. Пәннің негізінде қазіргі жаңа психологиялық теориялық түсініктерді және классикалық теорияларды ғылыми анализдеу арқылы психология ғылымының зерттеу объектісі психиканың табиғаты түсіндіріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
білім алушыларды шетелдік және отандық менеджмент ғылымының даму тарихымен, психологиялық білімдер жүйесіндегі орнымен таныстыру; ғылыми менеджменттің заманауи тенденциялары және жаңа ғылыми басқару парадигмасы туралы түсінік қалыптастыру; осы пәннің негізгі бөлімдері атап айтқанда: басқару қызметінің психологиялық мазмұны, көшбасшының жеке басқару тұжырымдамасы, басқарудың өзара әрекеттесуінің теориялық негіздері, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық сипаттамалары, басқару қызметі субъектісінің психологиясы сынды сұрақтарды бағдарлауға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Алғашқы психологиялық көмек (Джонс Хопкинс университеті) (Coursera)
RAPID моделін (рефлексиялық тыңдау, қажеттіліктерді бағалау, басымдықтарды анықтау, араласу және бейімдеу) пайдалану арқылы бұл мамандандырылған курс физикалық табиғаттан тыс жарақаттар мен жарақаттар туралы перспективаларды ұсынады. RAPID моделі денсаулық сақтау орындарына, жұмыс орындарына, әскерилерге, діни ұйымдарға, жаппай апат орындарына және тіпті әдеттегідей маңызды оқиғалардың талаптарына, мысалы, жазатайым оқиғалардың, тонаулардың, суицидтің, кісі өлтіру немесе қоғамдағы зорлық-зомбылықтың психологиялық зардаптарымен күресу үшін оңай қолданылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Когнитивті педагогика және психология
Курсты оқу мазмұнында білімнің адам санасында жасаалу үдерісі, білім репрезентациясы, когнитивті педагогика және психологияның құрылымы және процесі туралы пікірталас қарастырылады. Студенттер танымдық психологияға әсер ететін түрлі идеяларды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Практикалық психология
Практик психологтың кәсіби іс-әрекеті жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік. Психологиялық кеңес беру түсінігі. Психоанализде қолданылатын кеңес беру әдістері. Психологиялық кеңес беру жұмыстарының мақсаттары мен қағидалары. Психологиялық кеңес беру қызметінің негізгі кезеңдері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиапедагогика
Балалар мен жасөпірімдердің ақпаратты қабылдауы мен тұтыну құқығынан бастап, бала тәрбиесіндегі ақпарат құралдарының ықпалын, әсерін, нәтижесін, мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады. Қазіргі медианың қызметтерін қарастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге оның пайдалы және кері әсерлерін айқындау, жағымсыз тәрбиенің нәтижесін талдау, медианың тәрбие берудегі дидактикалық, психо-педагогикалық мүмкіндіктерін білу, түрлі оқу-тәрбие жұмыстарында медиақұралдарды пайдаланудың тәсілдерін меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚЕ) балаларды психокоррекциялау жұмыстары
Курс барысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психикалық даму ерекшеліктері, олардың когнитивтік, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған психокоррекциялық әдістер қарастырылады. Пән аясында түрлі психокоррекциялық технологиялар, соның ішінде арт-терапия, ойын терапиясы, мінез-құлықтық түзету әдістері және сенсорлық интеграция тәсілдері зерттеледі. Сонымен қатар, студенттер ЕББҚЕ балалардың жеке даму бағдарламаларын құру, олардың психологиялық әл-ауқатын арттыру жолдарын үйреніп, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Пәннің мақсаты – студенттерге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстардың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту, олардың психологиялық дамуын қолдаудың тиімді әдістері мен технологияларын үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гендерлік психология
Курс мазмұны әйелдер мен еркектердің әлеуметтену салдарынан қалыптасқан жыныстық-рөлдік ерекшеліктерін айқындауды, Д. Майерс, Ш. Берн, И.С. Кон, Роберт Столлер Джон Манидің «Гендер» ұғымы жайлы тұжырымдары, Л.С. Выготскийдің «мәдени-тарихи» концепциясымен, 20-ғасырдағы жыныстық-гендерлік проблемасының даму үдерісмен танысуды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тұлғаны педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Тұлғаны педагогикалық–психологиялық диагностикалау әдістерін теориялық негіздеу. Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы. Психодиагностиканың стандартталған әдістері. Проективті әдістемелер. Психодиагностикалық әдістерді құру және тексеруіне қойылатын психометриялық талаптары. Тұлғаның кейбір параметрінің психодиагностикасы. Интеллект деңгейін диагностикалау
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Нейролингвистика (minor)
Пәнді оқу барысында нейролингвистика саласындағы негізгі ұғымдармен және тұжырымдамалармен танысады, вербалдық процестерді анализдеуді меңгереді. Мидағы тілдік ақпаратты өңдеу ерекшеліктері және ми құрылымы, ойлау, есте сақтау және эмоционалды қабылдау барысындағы мидың қызметі, сөйлеу және ми механизмдерінің байланысы туралы теориялық білім, мидың зақымдану факторлары талданады. Сөйлеудің өзгеру себептері, мидың функционалды зақымдануының алдын алу жолдары туралы тұжырымдар сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Пcихологиялық тренинг әдістемесі
Курсты меңгеру барысында білім алушылардың теориялық және тәжірибеге бағдарланған даярлығын қамтамасыз ету, тренингтік жұмысты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша олардың оқу-танымдық қызметін жандандыру, осы саладағы кәсіби-жеке құзыреттіліктерді дамыту, өз бетінше оқу жұмысының дағдылары мен құзыреттіліктерін жетілдіру жүзеге асырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық психология
Курста оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық негіздеу, педагогикалық психология ғылымының мақсат, міндеттері, құрлымы мен зерттеу әдістері қарастырылады. Білім алушылар педагогикалықпсихологияныңқалыптасутарихымен, заманауи білім беру жүйесімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру
Курс барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі теориялық және әдіснамалық негіздері қарастырылады. Курста зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ақпаратты жинау және өңдеу, зерттеу әдістерін қолдану, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу, алынған мәліметтерді талдау және ғылыми нәтижелерді рәсімдеу мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми жобаларды басқару, зерттеу этикасы және ғылыми еңбектерді жариялау қағидалары зерттеледі. Пәннің мақсаты: студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту, ғылыми әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру және зерттеу нәтижелерін дұрыс рәсімдеу мен жариялау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- оқу үдерісі субъектілерінің психикалық-психологиялық денсаулығын сақтау туралы білімдерін қорытындылайды; педагогикалық процесті және әртүрлі әрекеттерді құрастырады; педагогика және психология саласындағы пайымдауларды талдайды, интеллектуалдық, адамгершілік, мәдени, коммуникативті, ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларды дамытудың кәсіби міндеттерін дәлелдейді.
- кәсіби қызмет саласындағы ақпараттық және жасанды интеллект технологияларын қорытындылайды, педагогикалық іс-әрекетке мотивацияны басқарады, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін кеңейтеді, белгісіздік пен тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық шешім қабылдау дағдыларын модельдейді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жобалайды.
- зияткерлік дағдылар туралы білімдерін көрсетеді, студенттердің оқу жетістіктерін, сондай-ақ кәсіби мінез-құлқын бақылайды, күнделікті кәсіби іс-әрекетке және үздіксіз білім алуға қажетті жаңа білімдерді игеруді жоспарлайды; педагогикалық процесті және әртүрлі әрекеттерді жобалайды.
- өзінің практикалық қызметінде рухани құндылықтарды біріктіреді, Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін меңгереді, заманауи ақпараттық ағындардағы стандартты емес тапсырмаларды басқарады, экономикалық білімдерін кеңейтеді, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б.
- дүниетанымы кең, ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін педагогика мен психологияның, сонымен қатар жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық пәндердің теориялық және әдістемелік негіздеріне талдау жасайды.
- әртүрлі педагогикалық жүйелерді, сондай-ақ білім берудің әртүрлі деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламаларын жіктейді, білім беру міндеттерін психологиялық қамтамасыз ету, субъект-субъектілік қарым-қатынастарды орнату бойынша білімдерді қолданады; сыни, аналитикалық, диагностикалық дағдыларды меңгереді коммуникациялық технологияларды, педагогикалық шешендік дағдыларды меңгереді, қарым-қатынас стратегияларын әзірлейді.
- тұлғаның даму заңдылықтарын, оқыту және тәрбиелеу процестерін біледі, оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық көмекті жүйелі ұйымдастырудың әдістері мен құралдарына иелік етеді; жүйелі ойлау және педагогикалық шындықты тұтас қабылдау түсінігіне ие.
- жеке тұлғаның психоэмоционалды тұрақтылығын қалыптастырудың теориялық негіздерін жүйелейді, психологиялық қызмет көрсетудің психологиялық-педагогикалық коррекциялық бағдарламаларын түсіндіреді, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын, кәсіби этика қағидаларын ұстануды жүзеге асырады; толеранттылық пен педагогикалық ынтымақтастыққа қабілеті бар.
Ұқсас БББ
6B01101 Педагогика және психология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01101 Педагогика және психология
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01101 Педагогика және психология
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
6B01101 Педагогика және психология
Астана халықаралық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01101 Педагогика және психология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01101 Педагогика және психология
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01101 Педагогика және психология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01101 Педагогика және психология
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01101 Педагогика және психология
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01101 Педагогика және психология
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
6B01101 Педагогика және психология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01101 Педагогика және психология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01101 Педагогика және психология
Alikhan Bokeikhan University (ABU)
6B01101 Педагогика және психология
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01101 Педагогика және психология
Шымкент университеті
6B01101 Педагогика және психология
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01101 Педагогика және психология
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01101 Педагогика және психология
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01101 Педагогика және психология
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01101 Педагогика және психология
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
6B01101 Педагогика және психология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01101 Педагогика және психология
«Мирас» университеті (Мирас)