Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01101 Педагогика және психология в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • ЖОО-ғы білім мазмұны және оқыту технологиясын жасау

    Пәнді оқыту барысында білім мазмұнын, оқыту технологиясын, оқу үрдісінің өнімділігін арттыруды, инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы және әдістері жайлы мәліметтерді зерттейді. Магистрант педагогикадағы проблемаларды шешуді нәтижелі ұйымдастырады, тұтас педагогикалық үдерісте білім беру мазмұнынын сараптайды, оқыту технологиясы қолданып, білімін дағдыларын үйлестіріп, білім беру іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі көшбасшылық

    Пәнді оқытуда оқу үрдісін басқаруға және іске асыруға қабілетті түлектерді даярлауға бағытталған және маманның көшбасшылық сапаларын қалыптастыру, көшбасшылық ықпалының дәрежесін және оны жүзеге асыру жолдарын анықтайтын тиісті нормаларды талдап, зерттейді. Магистрант болашақ маманның көшбасшылық қасиеттерін, нышандарын дамыту бағытындағы практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырады. Тренингтер мен практикалық жаттығулар арқылы білімгерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері

    Пән аясында педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерін, педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері мен мазмұнын, ақпарат көздерінен алынған нәтижелерді зерттеу мен өңдеу тәсілдері туралы мағлұмат алып, педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеу жүргізудің дағдыларына талдау жасайды. Магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру әдістері мен әдістемесін, зерттеу әдістерінің жіктелуін, эксперименттің жүргізілу әдістемесін, ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін, зерттеудегі инновациялық технологияларды меңгереді, нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру сапасын басқару

    Пән аясында білім сапасын басқару мәселесінің ғылыми-теориялық негіздері тереңдетіліп оқытылады, білім беру жүйесіндегі заңнамалық талаптар мен жалпы белгіленген стандарттар негізінде білім беру қызметі сапасын басқару жүйесін қалыптастыру әдістері зерттеледі. Магистрант білім сапасын басқарудағы қадамдарды, принциптері мен әдіс-тәсілдері, бірге білім беру сапасын басқару бағыттарын, білім беру сапасын, білім беру процесін басқаруды, білім беру үдерісін іске асыруды, білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет

    Пән аясында білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру, кеңес беру, диагностикалау, коррекциялау жұмыстарын ұйымдастырады, адамдардың өзін-өзі тану, бағалау мүмкіндіктерін, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін, тұлғалық сапаларын дамыту зерттеледі. Магистрант білім беру мекемелерінде білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және қолдау көрсетету, диагностика жүргізу, психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи педагог - психологтың виртуалды ұтқырлығы

    Пән аясында «Заманауи педагог - психологтың виртуалды ұтқырлығы» педагогикалық және психологиялық қызметтің заманауи тәсілдерін, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануды, виртуалды кеңістікте жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Болашақ педагог-психологтардың онлайн білім беру мен кеңес беру, виртуалды психодиагностика және психотерапия құралдарын тиімді пайдалану қабілеттерін арттыруды көздейді. Магистранттар цифрлық платформаларда кәсіби қарым-қатынас жасау, онлайн сабақтарды ұйымдастыру, психологиялық қолдау көрсету, және заманауи виртуалды білім беру ресурстарын пайдалану бойынша теориялық және практикалық білім алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі коучинг

    Пән аясында коучингтің негізгі әдістерінің түрлері мен Коучинг технологияларын қолдану механизмі ЖОО үдерісіндегі коучингтік білім берудегі коучингті кіріктіру мәселелері, білім берудегі коучингтің бағыттары, оқу-тәрбие жұмысындағы коучинг технологиялары зерттеледі. Магистрант педагогикалық әрекеттестік арқылы коучинг технологиясын, магистранттардың ынтасын дамытудағы қолдаушы ортаны құруды, білім беру, тұлғаны дамыту, шешім қабылдау, нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін кеңес беру, оқыту әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖОО-да психологиялық пәндерді оқыту технологиясы

    Пән аясында психологиялық пәндерді оқыту технологиясының теориялық-әдіснамалық негіздерін, мақсат пен міндеттерін, психологиялық пәндерді оқыту қағидаларын, сабақ өткізу әдістерні, формасын, оқыту процесінде лекция, семинар сабақтарының мазмұнын даярлау ерекшеліктері үйретіледі. Магистрант психологиялық пәндерді оқыту технологиясын, әдіс-тәсілдерін, білім беру үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын, құралдары мен тәсілдерін, тұтас педагогикалық үдерісте білім беру үрдісін ұйымдастыруды, білімін дағдыларын үйлестіру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ЖОО-дағы педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі

    Пән аясында ЖОО-дағы оқу үдерісіндегі педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесін, технологияларын игеруге қажетті іскерліктерін, білім берудің мазмұнын дидактикалық тұрғыдан ұйымдастыруды, ЖОО-дағы оқу үдерісіндегі педагогикалық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейді. Магистрант білім берудің мазмұнын шығармашылықпен іске асыруды, тиімді әдістерді қолдануды, оқытылатын материал мен ақпаратты алу, талдау әдістерін, оқу және тәрбиелік жұмыстары игеруге қажетті іскерліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеу ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба

    Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мұғалімнің имиджін қалыптастыру психологиясы

    Пән аясында болашақ педагог кәсіби имиджін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін жан-жақты қарастырады. Пән мұғалім тұлғасының кәсіби өзіндік санасы, мінез-құлқы, эмоционалдық тұрақтылығы, сөйлеу мәдениеті, сыртқы келбеті мен вербалды/вербалды емес қарым-қатынас дағдылары арқылы жағымды имиджді қалыптастыруға бағытталған. Магистранттар имидж құрудың кезеңдерімен, кәсіби рефлексия, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі дамыту механизмдерімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Білім беру ортасында топ қалыптастыру және ұйымдастырушылық менеджмент

    Пән аясында білім беру ортасында топты ұйымдастыру, қалыптастыру, оқыту үдерісін басқару, қақтығыстарды шешудегі құндылықтар жүйесін, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері, басқару принциптерін, әдістерін, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерін зерттейді. Магистрант педагогикалық талдау, мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету дағдыларды меңгереді. Білім беру үдерісінде педагогикалық ережелерді сақтап, білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Білім берудегі психометрия

    Пән аясында психикалық - педагогикалық процестердегі өлшеу, психометриялық процедураларды білім беру шеңберінде жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері, нақты әдістеменің валидтілігі негізінде қорытынды жасау зерттеледі. Магистрант білім берудегі психометрияның зерттеу әдістерін, психологиялық өлшеу құралдары (тест, сауалнама) көмегімен алынатын нәтижелер мен қорытындылары математикалық – статистикалық сараптамалар жүргізіп және мониторингті дәлдікпен жүзеге асыру дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім жүйелері

    Пән аясында білім алушыларға білім сапасы , оның қалыптасуы мен дамуы және жоғары білім беру сапасы құрлымы, сапа өлшемдері зертеледі. Сондай-ақ білім беру сапасын басқару мен оқыту жүйелері және ұйымдарда инновациялық үдерісті басқарудың әдіс-тәсілдері, педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау мәселесі талданады. Магистрант білім жүйелерін үйлестіруді, тұтас педагогикалық үдерісте білім беру іс-әрекетін ұйымдастыруды, білім беру бағдарламаларын, стандартарды талдау дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Психодиагностика және психотерапия

    Пән аясында пәннің даму тарихы, психодиагностиканың теориясы мен практикасын, тұлға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеуді, жеке дара ерекшеліктерін айқындау әдістерін, психодиагностикалық және психотерапиялық экспериментті жүргізу, тексеру әдістерін зерттейді. Магистранттар психологиядағы психотерапия және психокоррекция дамуының негізгі бағыттары, психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу, экспериментальды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін, экспериментті жоспарлау, алғашқы мәліметтерді іздеу, ғылыми нәтижелерді зерттеу дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі инклюзия және эксклюзия

    Пәнді оқыту аясында инклюзивті және эксклюзивті білім беруді зерттеудің теориялық, әдістемелік және құқықтық аспектілерін, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім алуын қамтамасыз ету жолдарын, тұлғаларды әлеуметтендіруді зерттеудің теориялық негіздерін мен диагностикалау, коррекциялау, кәсіби кеңес беру әдістерін зерттейді. Магистранттар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың оқып-үйренуіндегі қиындықтарын анықтау, сүйемелдеу, ұйымдастыру, коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету және білім берудегі инклюзия және эксклюзияның әдістерін зерттеу дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды.
  • Педагогикалық – психологиялық диагностикалау, коррекциялау, кәсіби кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
  • Педагогика және психология ғылымы саласында гносеология мен әдіснамалық зерттеулерде статистикалық сараптауды жүргізу үшін, кешенді мониторингті дәлдікпен дербес жүзеге асырады.

Ұқсас БББ

7M01101 Педагогика және психология

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

7M01101 Педагогика және психология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01101 Педагогика және психология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Тұран-Астана» университеті

7M01101 Педагогика және психология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Торайгыров университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Мирас» университеті (Мирас)

7M01101 Педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01101 Педагогика және психология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01101 Педагогика және психология

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Инновациялық Еуразия университеті

7M01101 Педагогика және психология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01101 Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01101 Педагогика және психология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01101 Педагогика және психология

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01101 Педагогика және психология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01101 Педагогика және психология

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

Top