Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01101 Педагогика және психология в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистранттарда тұлғалық қасиеттерді дамыту, жалпы және кәсіби (жобалық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастырушылық-басқару, сыни-сараптамалық, педагогикалық) құзыреттіліктерді, міндеттерді шеше білу ретінде болашақ кәсіби қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби қызметке теориялық және практикалық дайындықты қалыптастыру, оларды практикалық қызметте (жобалық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастыру-басқару, сыни, сараптамалық) іске асыру дағдыларын дамыту., педагогикалық) ел заңнамасының талаптарына сәйкес.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылымның тарихы мен философиясы ғылыми білімнің жалпы заңдылықтары мен бағдарларының мазмұнын ғылыми білімді қалыптастыратын, білім мен ұғымдарды бейнелейтін, нақты әлемді ғылыми зерттеудің ерекшеліктерін түсіндіретін және ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыра отырып, ізденіс әрекетінің сараптамалық қабілеттері мен дағдыларын қарастыратын ерекше қызмет ретінде сипаттайды. Курстың мақсаты: гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардағы ғылыми білім және олардың әдістерін кәсіби және әлеуметтік қызметте қолдану мүмкіндігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ЖОО оқытушысының кәсіби –педагогикалық әдебі

    Педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер

    Адам психикасы мен тұлғасының даму заңдылықтарын, әр түрлі кезеңдерінде психологиялық ерекшеліктер мен даму феномендерін қамтитын жалпы білім жүйесін анықтайды және психология мен білім берудегі мәдени-тарихи, іс-әрекеттік әдістерді қолданудың мазмұнын анықтап, әдістерді тиімді қолдануды меңгереді. Мақсаты: Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер пәннің мақсаты болашақ педагог-психолог функциялар мен оған қойылатын талаптардын әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Магистранттарда кәсіби тақырыптар бойынша қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу дағдыларын қалыптастыру, ғылыми, іскерлік, өндірістік және академиялық міндеттерді шешуде кәсіби қызметте белсенді пайдалану үшін ағылшын тілін практикалық меңгеру дағдыларын жетілдіру, мамандық бойынша ғылыми-танымал әдебиеттер мен әдебиеттерді оқу және аудару дағдыларын жетілдіру. Курстың мақсаты: шет тілін кәсіптік-бағдарланған оқытуда білім алушылар әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық дағдыларды дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру

    Психологиялық-педагогикалық білімдерді игеруде зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың әдістері мен ғылыми зерттеу іс-әрекетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына даярлау, психологиялық мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері туралы білім мен ғылыми жұмысты жоспарлауда зерттеу әдістерді практикада пайдаланудың жолдары қарастырылады. Курстың мақсаты: болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру және ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасын, зерттеу әдістері және әдістемесі туралы білімдерді меңгеру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі оқыту технологиялары

    Бұл пән болашақ педагогтарды білім беру технологияларын тиімді қолдануға, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және оның сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі педагогикалық технологияларды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыруды қарастырады. Магистранттардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық және аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, білім беру процесін инновациялық тұрғыдан қайта құруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық имиджелогия

    Педагогикалық үрдісте педагог этикасының ережелері мен заңдылықтарындағы әдіснамалық негіздерін және педагогикалық процестегі қарым-қатынас барысында адам жетістігі мен оның табиғаты педагог имиджін қалыптастырудың сипаттарын көрсетеді. Курстың мақсаты: Педагог іс – әрекетінің құрамды бөліктері немесе компонентері бар кәсіби имидждің мазмұнын сипаттап, білімі мен түсініктерін көрсетеді және оқу – тәрбие процесінде педагогтің кәсіби іс – әркетіндегі құзіреттілік және эрудициясы, педагогикалық рефлексия, педагогикалық мақсаттылық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық-психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі

    Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытудың ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, принциптерін және ұйымдастыру формаларын, педагогика мен психологияның теориялық және практикалық аспектілерін бірлікте қарастырып, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік құралдарды ұсынады. Мақсаты — педагогикалық және психологиялық пәндерді оқыту үдерісінің ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеу арқылы болашақ педагогтардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстандағы педагогикалық-психологиялық ойлардың даму тарихы

    Магистранттардың Қазақстандағы педагогикалық-психологиялық ғылымының дамуындағы қазіргі, өткен уақыттағы және болашақтағы мүмкіндіктерін көре білу қабілеттерін дамыту, сондай-ақ, тарихи психологиялық талдау жасауға қажетті білім, білік, дағдылығын қалыптастыру қарастырылады. Курстың мақсаты: Қазақстандағы психологиядық-педагогикалық ойлардың пайда болуы, дамуы туралы білім беру, білімін жүйелеу және ғылыми – зерттеу жұмысында тиімді қолдануға қолдануға үйрету болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазба негіздері

    Зерттеу жұмыстарының құрылымын, әдіснамасын, ғылыми зерттеулердің тілдік және стилистикалық талаптарын қарастыра отырып, магистранттарға ғылыми мәтіндердің сапасын арттыру және олардың академиялық талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін қажет дағдыларды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тұлға дамуының теориясы мен әдіснамасы

    Тұлғаның дамуына әлеуметтік-психологиялық талдау жасау және тұлғаның даму мәселесін зерделеп, олардың әдіснамалық негізін түсінеді және тұлға дамуының психологиялық, физиологиялық, морфологиялық, әлеуметтік жақтарын көрсетіп, қарама-қайшылықтары мен жеке ерекшеліктерін қарастырады. Мақсаты: тұлғаның дамуына әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін «индивид», «тұлға», «даралық» деген ұғымдардың және кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесін зерделеп, олардың әдіснамалық негізін түсінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Зерттеу әдістері

    Ғылыми – теориялық тәжірибелік зерттеуді саралау бойынша базалық білімді көрсету, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауды меңгереді және ғылыми зерттеудің әдістерін қолдану болып табылады. Курстың мақсаты: Қолданбалы және бастамалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-теориялық ақпарат қалыптасады. Ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасының негізгі мазмұны сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық негіздері

    Жоғары мектепте студенттердің іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне тұлғаның дамуын ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен таныстыру құзіреттіліктеріне ие болады және тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық негіздерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогтың психологиялық сауаттылығы мен құзыреттілігі

    Магистранттар үшін «Педагогтың психологиялық сауаттылығы мен құзіреттілігі» пәні психологиялық білімдерді жүйелеу үшін және кәсіби құзіреттілік қалыптастырудың негізі болып табылады. Аталған курс құрамына қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлі жайындағы мәліметтер кіреді. Ол болашақ мамандардың, жоғары оқу орын оқытушыларының, ғылыми қызметкерлердің тұлғалық-кәсіби психологиялық ойларын дамытады. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық қызметтің мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, қызметі және тәсілдерін, жаңа психотехникаларды, педагог-психолог жұмысының жеке тұлғалық, мазмұндық, технологиялық компоненттері туралы білімдері толықтырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған білім беру жағдайындағы педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі

    Жаңартылған білім беруде педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі құзіреттіліктің мазмұны мен оны жетілдіру және әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарының психологиялық негіздерін меңгерту жолдарын анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЖОО-да білім сапасын өлшеудің педагогикалық технологиялары

    Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау және білім беру бағдарламаларын үздіксіз мониторингтеу, мерзімдік бағалау, мерзімдік аккредиттеу кезеңдерінен өтудің педагогикалық технологияларын қолдану және ұсынуды көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі көшбасшылық теориясы

    Магистранттарға білім беру ұйымдарында тиімді көшбасшылықты жүзеге асыру үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерте отырып, көшбасшылық қабілеттерін, коммуникация, стратегиялық жоспарлау, басқарушылық шешімдер қабылдау және әлеуметтік әділеттілік мәселелерінде кәсіби дайындықтарын дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі диагностика және психометрия

    Білім берудегі диагностика мен психометрияның теориялық және әдіснамалық негіздері, психиканың қалыптасуы, дамуы, көрінісі, мінез-құлқы мен қызметінің ерекшеліктері және заңдылықтарын түсіну қарастырылады. Курстың мақсаты: кәсіби құзыреттілік шеңберінде білім берудегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері туралы базалық білім жүйесін, ғылыми және қолданбалы психологияда неғұрлым әмбебап және кеңінен қолданылатын психологиялық диагностиканың негізгі ұғымдарын, әдістері мен рәсімдерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Психологиядағы статистикалық әдістер және математикалық модельдеу

    Психологиядағы математикалық-статистикалық рәсімдердің мазмұнын түсіну және оларды қолдану әдістерін меңгеру және деректерді математикалық-статистикалық өңдеуді жүзеге асыру және алынған нәтижелерді интерпретациялау мен ғылыми мақалалар, есептер, қорытындылар жазу болып табылады. Мақсаты: психологиядағы математикалық-статистикалық әдіс психологиялық-педагогикалық эксперименттік зерттеудің қорытындысын модельдеу. Математикалық психологиялық факторлар мен заңдылықтардың сандық сипаттарының негізгі әдістерін игере білу және теориялық зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері

    Пән мазмұнында зерттеу әдістері, психологиялық-педагогикалық диагностиканы, педагогикалық жағдайларды түзету және жобалауды жүзеге асыру қабілеті қарастырылады. Зеттеудің эксперименталды сызбаларын жүзеге асырады, ғылыми - педагогикалық зерттеулердің әртүрлі әдістерін практикада қолданады. Мақсаты: Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерін сапалы талдау және нәтижелерді сандық түрде өңдеу (статистикалық және статистикалық емес) әдістері қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ЖОО - дағы жобалық оқыту

    Бұл курсты оқу барысында білім берудегі жобалаудың әдіснамасы, теориясы мен практикасы анықталады және педагогикалық категория ретінде жобалаудың даму құрылымы мен жобалық қызметтің субъектілері мен объектілері анықталады. Курстың мақсаты: оқытушының кәсіби қызметте қажет болатын жобалық құзіреттілігін қалыптастыру және қазіргі заманғы жобалық технологияларды олардың мақсаттары, міндеттері, ЖОО – да қолдану мүмкіндіктерін зерттеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық антропология

    Адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттеп тұтас педагогикалық үрдісінде педагогикалық антропология жайлы білімдер жүйесінің дамуын мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздемесін анықтайды. Курстың мақсаты: магистранттың педагогикалық ойлауымен көзқарасын қалыптастыру және өркениеттік антропологиялық тұрғыдан тарихи педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздері

    Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық кәсіби тақырыптары бойынша ақпарат алмасу және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, оқытушылық іс-әрекеттің формалары мен әдістерін меңгеруі мен психологиялық негіздерінің мақсатын, рөлін қарастырады.Курстың мақсаты: педагогикалық іс-әрекет барысындағы әдіснамалық білімдерімен қаруландыру және негізгі қызметі мен іс-әрекетінің құрылымымен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі сараптама және мониторинг

    Білім беру жүйесіндегі сапа мен тиімділікті бағалаудың әдіснамалық негіздерін және білім беру үдерісін ғылыми түрде талдап, мониторинг жүргізуге машықтандыра отырып, магистранттарға білім беру саласындағы мониторинг пен сараптамалық қызметтің теориялық негіздерін түсіндіру және олардың білім беру ұйымдарында, жалпы білім беру жүйесінде қолданылуын меңгертуді көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Оқытудың ғылыми-теориялық негіздерінt cүйене отырып, жоғары оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында қажетті білім, білік, дағдыларды және тәжірибені ұйымдастыру әдістемесін меңгереді, білім мен ғылымдағы педагогикалық технологиялардың психологиялық аспектілеріне талдау жасауға және инновациялық технологияларды кәсіби қолдануға қабілетті. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы мәселелерді шешуге және дәлелдерді құрастыруға инновациялар мен ғылыми әзірлемелерге негізделетін дамудың интенсивті әдіс-тәсілдерін тұжырымдайды.
  • Магистранттардың кәсіби ғылыми-зерттеу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз ететін ғылыми теориялық зерттеулердің әдіснамасы және әдістемесін меңгереді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру жолдарын қарастыра отырып, нақты жағдайларда фактілерді, ережелерді, теорияларды талдайды, әдіс-тәсілдерді саралайды. Ақпаратты талдауға, синтездеуге және магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қорытынды жасайды.
  • Ғылым мен философияның теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін синтездейді, ғылымды игеруде қажетті шет тілдерінің ауызша және жазбаша формаларын коммуникативті аспектіде және әлеуметтік орта контекстінің кең спектрінде меңгеріп, ғылым мен педагогикалық өзекті мәселелеріне талдау жасауға қабілетті.Педагогикалық ойлар мен білім берудің даму мәселелерін тұжырымдайды, тарихи педагогикалық идеяларға жеке,өзіндік баға беруде тұтас педагогикалық сана қалыптасады, этно және көпмәдени ортада толерантты қарым-қатынас механизмдерін пайдалана алады, жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісінің негізделген диагностикасын ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.
  • Ғылыми және педагогикалық зерттеу әдіснамасын, ғылыми әзірлемелерді енгізу бойынша қолданбалы, іргелі ғылыми-зерттеу қызметінің негіздерін, қазіргі кезеңдегі педагогикалық және психологиялық ғылымның даму жағдайы туралы білімді саралайды, педагогика мен психология саласындағы Қазақстанның ғылыми мектептері туралы, жоғары білім берудің әлемдік жүйесінің жетістіктері туралы мәліметтерді жинақтай алады; кәсіби қызмет жағдайындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық заңдылықтары мен механизмдерін және әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары туралы ақпаратты игере алады, педагогикалық және психологиялық міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты жинау, талдау, таңдау құзіріреттіліктерін қалыптастырады.
  • Жоғары мектеп оқытушыларының білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолданып, білім берудегі жаңа парадигмалар танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктейді және дәлелдерін қалыптастырады. Кәсіби саладағы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін, тәжірибесі мен алған білімін білім беру саласында қолдана алады. Кәсіби құзыреттілігі іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалайды , білім алушылармен кәсіби коммуникациялық байланыс орнатады.

Ұқсас БББ

7M01101 Педагогика және психология

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

7M01101 Педагогика және психология

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01101 Педагогика және психология

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Тұран-Астана» университеті

7M01101 Педагогика және психология

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Торайгыров университеті

7M01101 Педагогика және психология

«Мирас» университеті (Мирас)

7M01101 Педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01101 Педагогика және психология

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

7M01101 Педагогика және психология

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

7M01101 Педагогика және психология

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01101 Педагогика және психология

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01101 Педагогика және психология

Инновациялық Еуразия университеті

7M01101 Педагогика және психология

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01101 Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01101 Педагогика және психология

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01101 Педагогика және психология

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01101 Педагогика және психология

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01101 Педагогика және психология

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01101 Педагогика және психология

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

Top