6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби саласы бойынша жүйелі білімге ие білікті бастауыш сынып мұғалімін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогикалық кәсіпке кіріспе
Қазіргі білім беру парадигмасындағы негізгі бағыттарын, кәсіптік білім беру саласындағы курстың ролі мен орнын, жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін, педагогикалық кәсіпті меңгерудегі студенттің ой еңбегінің мәдениетін, педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызын біледі. Педагогикалық құзыреттілік пен мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасын, мұғалімнің кәсіби-шығармашылық іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты, педагогикалық практиканың, өздігінен педагогикалық білімін көтерудің маңыздылығын айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ (орыс) тілінің негіздері
Қазіргі қазақ (орыс) тілі негіздері – тілдің құрылымын, заңдылықтарын, сөздер мен сөйлемдердің дұрыс қолданылуын біледі. Пәнді оқу аясында қазақ тілінің грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және синтаксистік құрылымдарын, оның тарихын, қалыптасу ерекшеліктерін және қазіргі жағдайын меңгереді. Қазіргі қазақ тіліндегі фонетика, морфология, синтаксис, лексикология мен грамматикалық категорияларжы, жаңа сөздер мен неологизмдерді біледі және дұрыс қолдану дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Балалар әдебиеті
Бұл курста балалар әдебиетінің дамуы мен қалыптасу тарихынан мәлімет алады. Ұлы ағартушы ақын-жазушылар шығармашылығы, демократ ақын-жазушылар, қазіргі кезеңдегі балалар шығармалары тақырыптарын қарастырады. Ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, халық ауыз әдебиеті, сондай-ақ әлем және қазақ әдебиетінен үзінділерге талдау жасауды меңгереді. Білім алушылар балалар әдебиеті пәнінің мазмұнына кәсіби рефлексия жасауға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математикалық білім берудің тұжырымдамалық негіздері
Білім алушы математиканың бастауыш курс негіздерінен ғылыми-теориялық білім алады. Математикалық ұғымдар мен терминдерді, сандар мен амалдарды, алгебра элементтері, есептер мен олардың шешу әдістерін, геометрия элементтерін, жиындар мен логика элементтерін, сәйкестік пен ықтималдық теориясын меңгереді. Математикалық модельдеу мен есептер, математикалық тілді қолдану білімін жетілдіреді. Математикалық ойлау қабілетін дамытып, математикалық мәселелерді шешу дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әліппе және жазуға үйрету әдістемесі
«Әліппе» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. «Әліппе» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру әдістемесін, оқушылардың бастапқы оқу мен жазу дағдыларын дұрыс қалыптастырудың маңызын, мақсатын, түрлерін меңгереді. Пәнді оқытудың лингвистикалық және психологиялық негіздерін саралайды. «Әліппе» оқу пәні бойынша күтілетін нәтижелерді айқындайды. Әліппе кезеңдеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарын, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдемелерін практикалық іс-әрекетте қолдануға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектеп педагогикасы
Курста бастауыш мектеп педагогикасы, жалпы даму заңдылықтары, жастық кезеңдер, оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларының кезеңдері, педагогикалық үдерістің ерекшеліктері, оқытудың мәні мен мазмұны, оқыту әдістері, түрлері мен нысандары, тәрбиелеу үдерісінің мәні, тұлғаға бағытталған тәрбиелеу, мектептегі оқу үдерісін диагностикалау мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
Білім алушы «Қазақ тілін» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Қазақ тілі пәнін оқытуды ұйымдастыруды; пәнін оқытудың негізгі ұстанымдары мен жаңа тенденцияларын сипаттай алуды; оқыту формалары мен түрлерінің ерекшеліктерін анықтап, қолдана білуді; бағалаудың түрлерін саралайды. Оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамыту бағытында оқу мақсаттарын жүзеге асыру; тілдік нормаларды дұрыс қолдану әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жаратылыстану негіздері
Бұл курста жаратылыстану ғылымының теориялық негіздерін, заттың құрылымы және қасиеттерін, энергия және оның түрлерін, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды, биология негіздерін, экология және қоршаған ортаны, жер туралы ғылымдарды қарастырады. Биосфера, биоценоз, экология, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің бір-бірімен байланысын ажырата алуды; адамның табиғаттағы орны, жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарларының экологиясын саралай білуді; қоршаған ортаның маңызын айқындай алуды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Математиканы оқыту әдістемесі
«Математика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Сандар мен шамалар, алгебра элементтері, геометрия элементтері, жиындар, логика элементтері, математикалық моделдеу бөлімдері бойынша «математика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру әдістемесін меңгереді. Оқушылардың логикалық ойлауын, кеңістіктік елестетуін және математикалық терминдерді пайдалануын, сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік және әлеуметтік, ақпаратты іздестіру және таңдау, өзін өзі реттеу дағдыларын дамытудың тиімді әдістерін айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи білім беруде жасанды интеллекті қолдану
Заманауи білім берудегі жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың мүмкіндіктерін, оқыту процесіне ықпалын, қағидаттарын теориялық-әдістемелік тұрғыдан өзара байланысты зерделейді. Жасанды интеллект технологияларының білім беру саласындағы интеграциясын, оқытуды жекелендіру, оқу жетістіктерін бағалау және оқу процесін автоматтандыру мүмкіндіктерін талдайды. Жасанды интеллектің бастауыш білім берудегі тиімділігін әдістемелік тұрғыдан айқындап, оны қолданудың мүмкіндіктерін тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әдебиеттік оқу әдістемесі
Пән аясында студенттер оқушыларды оқыған шығармаларын талқылап, ой бөлісу, жеке және топтық жұмыс арқылы өз пікірлерін айту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін кеңейту, мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдыларын дамыту, автордың негізгі ойы мен тақырыпты анықтау, кейіпкерлерді талдау, сөздің мәнін түсіндіріп, жаңа сөздерді, фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді енгізу арқылы тіл байлығын арттыру, жазба жұмыстарын жазу, қатені табу және түзетуге дағдыландыру әдіс-тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі тәрбиелеу жұмысының теориясы және технологиясы
Курста ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш мектепте тәрбие жұмысы технологиясының теориялық негіздері, тәрбие үдерісінің мәні, оның нысандары мен әдістері ашылады, отандық және шетелдік педагогикалық теория мен практикада тәрбиелеудің заманауи тұжырымдамалары және үлгілері ұсынылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
«Ағылшын тіл» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Пән аясында сөйлеу әрекетінің түрлері мен тілді қолдану бөлімдері бойынша оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым және ағылшын тілін қолдану дағдыларын дамыту бағытында оқытуды жоспарлай алады және оқыту әдістемесін меңгереді. Қысқа мерзімді жоспар құруда оқу мақсаттарын нақты айқындап, іріктей алады. Оқушылардың талдау, бағалау, шығармашылық ойлау, ауызша және жазбаша дереккөздердің кең спектрімен танысу дағдыларын дамытып, оқу материалын ынталандыру және қиындату жұмыстарын ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбекке баулу пәнін оқыту әдістемесі
«Еңбекке баулу» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту, шығармашылық жұмысты жасау және дайындау, талдау және бағалауө (презентация) бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын іріктеуді, қысқа мерзімді жоспарды құруды және оқыту әдістемесін жүзеге асыруды меңгереді. Іс-әрекеттік, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл, коммуникативті, көркемдік-технологиялық тәсілдерді оқу процеснде қолдануға машықтанады. Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырушы бағалауды, кері байланысты қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ағылшын тілі сабағындағы импровизациялық ойын
Ағылшын тілі сабағындағы импровизациялық ойын технологиясын қолдануды теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдайды. Шығармаларды импровизациялау, сахналау, драматургиялау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың тілдік, қатысымдық дағдыларын дамытуды меңгереді. Тіл үйретудің негізі болатын импровизациялық ойын арқылы түрлі оқу жағдаяттарында білім алушылардың тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты сөйлеу әрекеттерін дамытудың әдістемесін саралайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі жаратылыстану және дүниетануға оқыту әдістемесі
Курс бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесін игеруде жаратылыстану және дүниетану саласындағы теориялық білімдерін қолдануға бағытталған. Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер бастауыш сынып оқушылардың оқуы және тәрбие саласындағы дағдыларын жетілдіреді. Қоршаған ортаны танудың әмбебап әдістері мен қазіргі жаратылыстану заңдылықтары туралы ойлар қалыптасады. Болашақ мұғалімдер бастауыш сыныптарда дүниетану және жаратылыстану сабақтарын өткізудің әдістерін, нысандарын, амалдарын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім берудің философиялық гуманистік сипатын, инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық негіздерін, педагогтер мен мамандардың мультидисциплинарлық өзара әрекеттестігін біледі. Инклюзивті сыныпта қолайлы білім беру ортасын жасау, инклюзивті мектептің білім беру үдерісін бейімдеу және модификациялау, инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жұмыс жасау, балалардың жеке мүмкіндіктерін есепке алу негізінде білім беру нәтижелерін бағалау әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шығармашылыққа баулу әдістемесі
Бұл курста бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жүйесінің ғылыми-теориялық негіздері сараланады. Озық педагогикалық тәжірибені жүйелеп, жинақтайды, педагогтың кәсіби қызметін талдайды. Көркем еңбекті оқыту әдістемесінен теориялық материалдарды бейнелеу өнерінде практикалық тұрғыда қолданып, музыкалық өнердің жанрлық құрамын, музыкалық тілдің мәнерлілік құралын ажыратады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Бейнелеу сауаттылық негіздері, бейнелеу өнер әлем, бізді қоршаған әлем, шығармашылық бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын іріктеуді, қысқа мерзімді жоспарды құруды және оқыту әдістемесін жүзеге асыруды меңгереді. Іс-әрекеттік, сараланған, коммуникативті, көркемдік-технологиялық тәсілдерді оқу процеснде қолдануға машықтанады. Оқу процесінде қалыптастырушы бағалауды, білім алушы мен педагог арасындағы кері байланысты қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бастауыш мектеп оқушыларына STEAM білім беру
STEAM технологиясының мазмұнын біледі. STEAM пәнінің аясында оқушылардың шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытып, нақты өмірдегі мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру тәсілін айқындайды . STEAM оқыту әдістерін оқу процесінде қолдана алады. Оқушыларға нақты жобаларды орындату арқылы өз білімін тәжірибеде қолдану, шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамыту әдістемелерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі
«Дене шынықтыр» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Қозғалыс әрекеттері, қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау, денсаулық және салауатты өмір салты бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын іріктеуді, қысқа мерзімді жоспарды құруды және оқыту әдістемесін жүзеге асыруды меңгереді. Оқушылардың денені салауатты шынықтыру, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене (физикалық) қабілеттерін игеруге бағытталған дене шынықтыру тәсілдерін үйретуге машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Бастауыш мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру
Пән аясында танымдық ұжымдық шығармашылық істерге негізделген қосымша білім беру бағдарламасын меңгереді. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта жекелеген ерекшелігінің мүмкіндігінде оның шығармашылық әлеуетін, зияткерлік қабілеттерін дамытуды саралайды. Бастауыш мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру негізінде тұлғаға бағдарланған тәсілдерді қолдану арқылы үйлесімді қалыптасқан және жан-жақты дамыған оқушының тұлғасын қалыптастыру мәселесін талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Шахмат ойынының теориясы мен әдістемесі
Шахмат ойынының қысқаша тарихымен танысады. Шахматты үйрету әдістерінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерделейді. Шахмат ойынының стратегиясы мен тактикасын, ережелерін меңгереді. Ықтималдылық теориясын қолдану техникасын игереді. Шахмат – ақыл-ой мен танымдық қабілеттерді, жад пен концентрацияны, шығармашылық ойлауды дамытады. Эмоциялар мен күйзелісті басқару, әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдемелер
Білім алушы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сипаттай алуды; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды сыни талдай білуді; оқыту мен оқудағы сандық ресурстарды және білім беруде жасанды интелекті қолдана білуді; бағалаудың негізгі мақсаттары мен өлшемшарттарын анықтай алуды; жоспарлау жүйесі мен мазмұнын саралай білуді; ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс түрлерін бағалай алуды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалау және дамыту
Болашақ мұғалімдер оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ете алады және білім алушыларды бағалауға тарта алады. Болашақ мұғалімдер бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т.б. қоса алғанда) анықтайды, саралайды және пайдаланады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Цифрлық сауаттылық пәнін оқыту әдістемесі
Білім алушы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Пәнді оқытудағы негізгі талаптарды, пәннің базалық мазмұнын талдайды. Оқушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютердің құрылысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, программалау, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника, ақпараттық әдеп, қауіпсіздік мәселелері бойынша базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
«Музыка» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Музыка тыңдау, талдау және орындау, музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру, музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын іріктеуді, қысқа мерзімді жоспарды құруды және оқыту әдістемесін жүзеге асыруды меңгереді. Оқушылардың білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерінде шығармашылық және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгертуге, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі
Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұнын айқындайды. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі-кәсіби педагогикалық іс-әрекетін, басты шартын, педагогикалық эрудиция мен құзыреттілікті біледі. Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігін, педагогикалық техника мен қарым-қатынастың формасын, коммуникативтік іс-әрекетін, этика мен такті, педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауышта зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Бастауышта зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін; заңдылықтары мен ұстанымдарын қарастырады. Білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарының маңызын; жобалап оқыту технологиясы арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың жолдарын; зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың артықшылықтары мен өзектілігін пайымдайды; пәнді оқуда игерген білімдерін практикада қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шағын жинақталған бастауыш мектептегі білім беру үдерісінің ерекшеліктері
Бұл курс болашақ мұғалімдердің бойында шағын жинақталған мектепте сынып-толымдама жағдайында білім беруді ұйымдастырудың құзыреттіліктер блогын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушыларға қаржылық шешімдер қабылдау, бюджетті жоспарлау, қарыздарды басқару, инвестициялау және негізгі қаржылық тұжырымдамаларды түсіндіруге қажетті дағдылар мен білімді игереді. Бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын қаржылық сауаттылықтың кейбір негізгі аспектілері: ақша мен монеталар; бюджеттеу; жинақ; қарыздар; сатып алуды жоспарлау туралы алғашқы түсінік беру әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім берудегі педагог ассистент
Педагог ассистентінің инклюзивті білім беру контекстіндегі рөлін біледі. Инклюзивті білім беру қағидаттары мен практикасын тәжірибеде қолдана алады. Арнайы қажеттіліктері бар балаларды қолдау негізінде барлық балалардың білім алу құқығын қамтамасыз етуді, бірлескен оқытуды жүзеге асыруды, диверсификацияны, қолдау және бейімделу тәсілдерін меңгереді. Балаларға жеке қолдау көрсетуді, оқытушы мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтуды, сабақтарды бейімдеуді, әлеуметтік интеграцияны жүзеге асыру әдістерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
Қашықтықтан оқыту технологияларын, дидактикалық құралдарын, артықшылықтары мен модельдерін, үйден оқитын оқушылар үшін қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін, оқыту контентін әзірлеу және microsoft құралдарын қолдану әдістерін меңгереді. Moodle, platonus және заманауи желілік құралдар қашықтан оқыту жүйесінде жұмыс істеу тәсілдерін біледі. Білім алушы оқытуға арналған интербелсенді тапсырмаларды жасаудың онлайн-сервистерін саралай білуді; оқыту конструкторларын, аудио және видео өңдеу құралдарын қолдана білуді; платформалармен сыни тұрғыда жұмыс жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
Білім алушы шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды сипаттай білуді, сабақ кестелері және күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарларының құрылымын саралай алуды, тәрбие жұмысын жоспарлау және басқару ерекшеліктерін айқындай білуді меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың оқу рефлексиясын дамыту әдістемесі
Пәнді оқыту аясында «Рефлексия» ұғымының ғылыми-теориялық аспектілерін талдауды; инновциялық технологиялардың оқушылардың рефлексиясын дамытудағы әлеуетін айқындауды; инновациялық технологиялардың жіктемесіне логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау жасауды; оқу рефлексиясының бастауыш білім мазмұнындағы орны мен ерекшеліктерін анықтауды; жаңартылған білім мазмұнындағы оқу рефлексиясын қолданудың әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім мен дағдыларды бағалау практикумы
Пән білім алушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды әділ әрі тиімді бағалаудың теориялық негіздерін және практикалық әдістерін меңгеруге бағытталған. Бұл курс студенттерді кешенді тестілеуге сапалы түрде дайындауға қажетті құралдармен, әдістемелермен және бағалау жүйелерінің түрлерімен таныстырады. Тест түрлері (ашық/жабық тест тапсырмалары, көп таңдаулы, сәйкестікке арналған, қысқаша және толық жауапты тапсырмалар); тест дайындау, өткізу және нәтижелерін талдау әдістері; студенттердің оқу жетістіктерін бағалау критерийлері мен көрсеткіштері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыни ойлау технологиясы негізінде зияткерлікті дамыту
Бұл пән сыни ойлау технологиясы негізінде зияткерлікті дамыту жайлы біліммен студенттерді қаруландырады. Сыни ойлау негізінде зияткерлікті дамытудың теориялық аспектілерін, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтай алуды; зияткерлігікті дамытуға бағытталған әдістерін қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагог ассистент
«Педагог ассистент» пәні аясында студенттер білім беру ұйымдарында көмекші педагог қызметінің мазмұынымен, . Педагог ассистенттің рөлі, міндеттері, кәсіби дағдылары, білім беру үдерісіндегі орны, оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен қарым-қатынасы қарастырылады. Инклюзивті білім беру, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс, оқу процесіне қолдау көрсету, құжаттармен жұмыс істеу, сыныптағы тәртіпті бақылау және оқушылардың әлеуметтік-эмоциялық дамуын қолдау бойынша білім мен біліктіліктер беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы педагогика
Педагогикалық коррекция (түзетулер енгізу) қызметінің негіздерін, дамудағы ауытқушылықтардың классификациясын, есту қабілеті нашар оқушыларды коррекциялық оқыту әдістемесін меңгереді. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық көмек көрсету, көру қабілеті бұзылған адамдарға арнаулы білім және тәрбие беру, жүру-тірек функцияларында ауытқушылықтары және ақылы мен психикасы дамуында ауытқушылықтары бар оқушыларды коррекциялық оқыту, аутизммен ауыратын балаларды арнайы оқыту тәсілдерін айқындайды. Девианттық мінез-құлық және оның негізгі формалары мен психологиялық-педагогикалық сипатын біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі тьюторлық
Курс зияткерлік, физикалық, мінез-құлық, сондай-ақ дарынды және оқуда қиындықтары бар әртүрлі қажеттіліктері бар балалар үшін орта құру құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған. Болашақ мұғалім бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі инклюзивті, біріктірілген тәсілдерді ескеруді, сондай-ақ әрбір оқушының игілігі мен дамуы мен қолдауы үшін ата-аналармен және әріптестермен жұмыс істеуді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагог ассистентінің кәсіби құндылықтары
Педагог ассистентінің кәсіби құндылықтарының теориялық аспектілерін біледі. Педагогикалық этиканың негіздерін, әдептілік және жауапкершілік мәселелерін, педагог ассистентінің кәсіби құндылықтары мен моральдық нормаларын меңгереді. Педагог ассистентінің коммуникация дағдылары; педагогикалық этиканың негіздері: құрмет, әділдік, адалдық пен шыншылдық, әдептілік пен жауапкершілік; педагог ассистентінің негізгі кәсіби құндылықтары: төзімділік пен құрмет, әлеуметтік жауапкершілік, құпиялылық және сенімділік, үздіксіз кәсіби даму мәселелерін саралайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Курстан білім алушы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудың теориялық-әдістемелік негіздерін, функционалдық сауаттылығын бағалаудың халықаралық бағдарламасын, халықаралық зерттеулердің мақсаты мен міндеттерін, PISA зерттеулеріндегі білім жетістіктерін бағалау жүйесін, тесттілік тапсырмалар ерекшеліктерін, құрылымын, классификациясын меңгереді. «Функционалдық сауаттылық», «математикалық сауаттылық», «функционалды математикалық сауаттылық», «математикалық құзреттілік», «грамматикалық сауаттылық» «тілдік құзыреттілік» ұғымдарын айқындайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Бастауыш сынып пәндерінің теориялық негіздерін, мақсат-міндеттерін айқындайды;
- Кәсіби стандарт талаптарына сәйкес меңгерген құзыреттіліктерді тәжірибеде көрсетеді;
- Бастауыш білімнің жаңартылған мазмұнын негізге алып, бастауыш мектепте оқытылатын пәндерді оқытудың әдістемелерін жобалайды;
- Бастауыш сыныптағы пәндерді оқыту әдістемесінен игерген білімдерін практикалық іс-әрекетте пайдаланып, педагогикалық шеберлігін жүзеге асырады;
- Білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, экология және тіршілік қауіпсіздігі мен тұрақты даму қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздерін біледі;
- Оқу процесінде оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдемелерді, цифрлық білім беру ресурстарын, оқытудың интерактивті әдістерін, STEAM білім беруді, жасанды интелекті белсенді қолданады;
- Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынаста психология мен педагогиканың теориялық негіздерін қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды;
- Білім беруді басқару, кәсіби салада ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, білім алушылардың ғылыми жобаларын басқару дағдыларын игереді;
- Арнайы педагогиканың негіздерін, инклюзивті білім берудегі педагог ассистенттің қызметін, педагог-ассистенттің кәсіби құндылықтары мен жеке дамуын, бастауыш білім берудегі тьюторлық қызметті ұйымдастыру әдістемесін игереді;
- Бастауыш мектеп педагогикасын, білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамаларын, білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теорияларын талдай алады;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен оқу рефлексиясын дамыту, оқу процесінде бағалау өлшемдерін қолдану тәсілдемелерін қолданудың жоғары деңгейіне ие болады;
- Бастауыш мектепте инклюзивті білім беру мен ШЖМ жағдайындағы бастауыш буында оқыту әдістемесін меңгереді.
Ұқсас БББ
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Астана халықаралық университеті
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Шымкент университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қызылорда ашық университеті
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
«Мирас» университеті (Мирас)