Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Мақсаты – студенттерді қазіргі қоғам өміріндегі экономикалық мәселелермен таныстыру, экономикалық ойлауды қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы теориялық негіздер мен практикалық дағдылар бойынша білім алу. Бағдарлама студенттерге экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларында қолданбалы құзыреттерді меңгеруге бағытталған іскерлік білім беруді көздейді. Курс барысында тұрақты даму, ресурстарды ұтымды пайдалану және ұқыпты өндіріс қағидаттарын енгізу арқылы тиімді әрі экологиялық жауапты бизнесті жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы кәсіпкерлікке қойылатын экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік талаптарын ескере отырып, жеке бизнесті құру мен табысты жүргізудің ерекшеліктері ашылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Сондай-ақ, курс аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды сақтауға және көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерге бағдарлануға үйренеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Мақсаты – экология, тұрақты даму және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру; бұл білімдер экологиялық үдерістерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын бағалауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылатын қорғаныс әдістері мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік қауіпсіздігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экологиялық үдерістерді болжау, сондай-ақ апаттар, техногендік және табиғи зілзалалардың салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда тұрақты даму қағидаттары негізінде негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Мақсаты-білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерімен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және жүзеге асыру заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дағдыларын және мемлекеттегі және қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері, сондай-ақ әділ және тең құқықтық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде инклюзия құндылықтары туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады. Білім алушылардың әлеуметтік, мәдени, физикалық немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның құқықтарының маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Мақсаты - ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ілиястану

    Пәннің мақсаты Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын терең әрі жан-жақты зерделеу арқылы қазақ халқының әдебиетін, өнерін, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары терең ойлы тұлғаны дамыту болып табылады. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдеби тілін дамытудағы маңыздылығын түсінуді; зияткерлік-шығармашылық ойлау дағдыларын, ұлттық-рухани мұра құндылықтарын бағалай білуді қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жазуға үйрету әдістемесі

    Пән жазудың пайда болу және даму тарихы мен жалпы ғылыми және лингвистикалық мәліметтерді қарастырады. Сөйлеу қызметінің қалыптасуының философиялық, тарихи және мәдениеттану мәселелерін, қарым-қатынас теориясын ашады, тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістердің жазба орфографиясының дамуына әсері қарастырылады.Орфография және пунктуация мәселелерін қарастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Бастауыш мектептегі математиканың теориялық негіздері

    Курстың мақсаты болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімін одан әрі кеңейту және бастауыш сынып оқушыларына математиканы сәтті оқыту үшін қажетті дайындықпен қамтамасыз ету болып табылады. «Жиындар және оларға операциялар қолдану», «Математикалық ұғымдар»», «Математикалық логика», «Мәтінді есеп және оны шешу процесі», «Шамалар және оларды өлшеу» және т.б. сұрақтарды қамтитын математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері оқылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жасерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі қазақ (орыс) тілінің теориялық негіздері

    Қазақ (орыс) тілінің толық теориялық курсын, қазіргі қазақ (орыс) тілінің негізгі бөлімдерін қамтиды: фонетика, лексикология, фразеология, графика, орфоэпия, морфемика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Теориялық курстың мектеп бағдарламасының мазмұнымен арақатынасына, бірқатар даулы мәселелер бойынша ғылыми көзқарасты, тіл бірліктерін лингвистикалық талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Балалар әдебиеті

    Бұл пән көркем әдебиеттің таным құралы ретінде түсінік береді, отандық және әлемдік әдебиеттің жалпы даму үрдістерін, көрнекті қазақ (орыс) және шетел авторлардың педагогикалық ойларын, шығармашылығын танытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 8
  • Бастауыш білім беруде Арт педагогика құралдарын пайдалану

    Бұл пән көркем әдебиеттің таным құралы ретінде түсінік береді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, отандық және әлемдік әдебиеттің жалпы даму үрдістерін, көрнекті қазақ (орыс) және шетел авторлардың педагогикалық ойларын, шығармашылығын танытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 8
  • Бастауыш сыныптарда оқытудың интербелсенді құралдарын қолдану

    Пәннің мазмұнына білім алушыларды білім беру саласындағы негізгі бағыттармен және проблемалармен, атап айтқанда, білім беруде жаңа технологияларды қолданумен таныстыруға мүмкіндік беретін мәселелер енгізілген. Пәннің мазмұны бастауыш мектепте оқытудың интербелсенді құралдарын пайдалану саласындағы жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді кеңейтеді және тереңдетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін фундаменталды даярлауға бағытталған. Тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш білім беру мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлауға бағытталған, ол тәрбие процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның заңдылықтары мен принциптерін, мақсаттары мен мазмұнын, сондай-ақ тәрбие жұмысының әдістерін, формаларын, құралдарын, шарттарын зерттейтін педагогиканың бір бөлігі болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Бастауыш сынып мұғалімінің жобалау-зерттеу қызметі

    Пән студенттерді педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік негіздерімен таныстыруға, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын меңгеруге бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық қабілетін дамыту

    Бастауыш білім беру кезеңіндегі педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемелік жүйесін қамтамасыз етуді және педагогикалық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім беру педагогының фасилитациялық құзыреттілігі

    Бұл пән болашақ педагогты педагогикалық фасилитацияны іске асыруға дайындау, фасилитациялық қарым-қатынасты жүзеге асыруды, кәсіптік білім беруді іске асыру жүйесінде оның фасилитациялық құзыреттілігін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Киберпедагогика

    Еңбек функцияларын сәтті орындау үшін ақпараттық технологияларды қолдана отырып, студенттерді кәсіби міндеттерді шешуге дайындау. Аралас оқыту жағдайында білім алушыларда ақпараттық-медиалық сауаттылықты қалыптастыру процесінің табысты болуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлармен танысу киберкеңістіктің әлеуметтендіретін интернет-ортасының белсенді қатысушылары болуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-шығармашылық іс-әрекеті

    Бұл пән мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің теориялық негіздерін: «шығармашылық», «кәсіби-шығармашылық іс-әрекет» ұғымдарының мәні және т.с.с., бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудағы бастауыш білім берудің педагогикалық әлеуетін, бастауыш білім беру педагогының кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы жайында білім қалыптастыруға, бастауыш сынып мұғалімі педагогикалық іс-әрекетінің қажетті компоненті ретіндегі шығармашылық іскерлігін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиясы

    Бұл пән критериалды бағалау тұрғысынан білім беру процесіне қатысушылардың оқу-тәрбие қызметінің нәтижелерін бағалау ерекшеліктерін зерделеуге ықпал етеді; оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін, оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін, оқушылардың оқу жетістіктерін талдай білуді дамытуға бағытталған. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалауға негізделген жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектепте ресурстық қамтамасыз ету

    Бұл пән бастауыш мектепте ресурстық қамтамасыз етуді дайындау мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік әзірлемелерді құру және оңтайлы пайдалану әдістемесімен, технологиясымен және практикасымен білім беру саласын қамтамасыз етудің мақсатты ұйымдастырылған үрдісіне бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқыту әдістемесі

    Бастауыш сынып оқушыларының математиканы табысты оқыту үшін қажетті теориялық базасын түсіндіреді. Курс сан, сәйкестік, қатынас, математикалық логика, бүтін теріс емес сандар сияқты негізгі бөлімдерді түсіндіруге бағытталған. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың тиімді әдістері және жолдарымен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 7
  • Әліппені оқыту әдістемесі

    Пәннің мазмұны бірінші сынып оқушыларына графикалық және каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін меңгерту. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі

    Пән студенттерді бастауыш мектептің оқу пәндері бойынша дидактикалық көрнекі құралдарды дайындау бойынша теориялық біліммен және практикалық іскерлікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттерді дидактикалық материалдар дайындау әдістемесімен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар

    Курстың мазмұнында бастауыш мектептің педагогикалық үрдісінің мәнін, оның ерекшелігін, мақсаттары мен міндеттерін, оқушылардың танымдық және тұлғалық сферасының үдемелі дамуын қамтамасыз ететін тиімді оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайтын ұғымдар беріледі. Заманауи білім беру технологиялары туралы; білім беру тәжірибесінде заманауи білім беру технологияларын қолдану ерекшеліктері туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі

    Пән қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесінің негізгі категорияларын оқытуды көздейді, қазақ (орыс) тілінің мектеп курсының мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, сөйлеу әрекетінің түрлерін дамытуды қарастырады. Қазақ (орыс) тілін оқытудың инновациялық технологияларымен таныстырады, студенттерді бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту технологиясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметіне тартады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 7
  • Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы

    Бұл пән студенттерді қашықтықтан оқытудың заманауи әдістемелерімен, қашықтықтан оқытудың білім беру процесіне енгізу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесімен таныстырады, компьютерлік телекоммуникация базасында қашықтықтан оқыту жүйесі үшін оқу материалын ұйымдастыру білігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

    Бұл пәннің негізгі қызметі болашақта білімгерлерді сөздік қоры бай, сөйлеу мәдениеті нормаларын игерген, педагог ретінде мәдениетті сөйлей білетін маман етіп шығару болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу және сыни ойлау дағдылары

    Пән студенттерді педагогикалық ғылымды зерттеудің негіздерімен таныстыруға, ғылыми-зерттеу және сыни ойлау дағдыларын меңгертуге және ғылыми зерттеумен айналысуға баулуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі

    Дене шынықтыруды оқыту әдістемесінен қажетті теориялық білімді, практикалық іскерлікті және дағдыларды меңгеруін қарастырады. Дене тәрбиесі сабағының әдістерін, құралдары мен қағидаларын білу, сабақты жоспарлау, өткізу және сараптаумен байланысты дидактикалық біліктіліктерін, сонымен бірге дене шыныктыру сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың әдістемелік тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім беруді ұйымдастыру және басқару

    Пән бастауыш білім беруді ұйымдастыру және басқарудағы инновацияларды зерттеудің ерекшеліктерін ашады, мұнда менеджмент заманауи мектепті басқарудың жаңа түрі ретінде ұсынылған. Қазіргі бастауыш білім беруді басқарудағы инновациялардың мәні мен маңызы; басқарушылық ақпараттың мазмұны мен ішкі бақылау әдістеріндегі инновациялар; басқарудағы инновацияларды іске асыру тиімділігінің критерийлері; бастауыш білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пән жасанды интеллект жүйесінің теориялық негіздерін тереңдете оқыту арқылы студенттердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыруға, зияткерлік жүйелерді құрудың жаңа заманауи технологияларын меңгеруге және алынған білімдер мен дағдыларды практикада қолдануға арналған

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы

    Бұл пән қазіргі заманғы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің мазмұны мен ұйымдастырылуының маңызды сипаттамалары, балалардың дамуы тұрғысынан негізгі білім беру бағдарламасын мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектепте жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы білімді түсіну үшін студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сабақтастықтың барлық нысандарын, мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп сабақтастығын: мақсатын, мазмұнын зерделеуді көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Музыкалық тәрбие әдістемесі

    Бұл пән қабылдау, орындау, шығармашылық және музыкалық білім беру іс-әрекеті сияқты музыкалық қызмет түрлеріне, сонымен қатар әртүрлі стильдер мен жанрлардың музыкалық шығармаларымен, композиторлармен, орындаушылармен танысуға бағытталған. Оқытуда заманауи әдістер мен технологияларды қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстануды оқыту әдістемесі

    Әлемнің жаратылыстану-ғылыми суреті туралы білімді қамтиды, жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына айқындаушы ықпал еткен ең маңызды идеялар мен жетістіктермен таныстырады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі - ғылыми педагогикалық пән. Ол болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаратылыстану пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйретеді. Жаратылыстану циклдерінен алған білімдерін пайдалана отырып болашақ мұғалімдер осы пән бойынша алған білім мен білік дағдыларын қалыптастырады. Олар оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы және оның таралу жолдары мен табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіріп бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Ғылыми және педагогикалық зерттеулерді жобалау

    Пән студенттерді педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік негіздерімен таныстыруға, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын меңгеруге бағытталған. Нәтижесінде студент жетістікті диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдана алады, білім алушылардың әлеуметтенуі мен кәсіптік өзін-өзі анықтауын педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Бастауыш мектептегі оқу пәндерінен сыныптан тыс жұмыстардың теориясы мен практикасы

    Бұл пән сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың білімі мен іскерлігін меңгеруге, оқушылардың қызығушылығын дамыту, ғылым негіздерін үйренуге саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Оқушылардың қабілеттерін және оларды зерттеу әдістерін, педагогикалық процесті мұғалім қызметінің объектісі ретінде ашады. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттік оқу әдістемесі

    Пән әдеби оқу әдістемесінің мазмұнын, сыныпта оқудың оқу-тәрбиелік және дамытушылық мәнін ашады. Оқу сабақтарының міндеттерін және оқу бағдарламасы мен оқулықтарын құру принциптерін, балаларға арналған әдеби шығармалардың мазмұны мен тақырыптарын талдайды. Бастауыш сынып оқушыларын әдеби оқуға оқытуда заманауи технологиялары мен заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • Шағын жинақталған бастауыш мектептің педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориясы және технологиясы

    Бұл пән шағын жинақты бастауыш мектепте бірыңғай педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеуге ықпал етеді. Оқу-тәрбие үрдісін басқару және жобалау ерекшелігін зерттеуге бағытталған, білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, тәрбие жұмысын жоспарлау және жүргізу, ШЖБМ инновациялық технологияларды қолдану дағдысын қалыптасырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық технологиялар негізінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту әдістемесі.

    Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен танымдық құзыреттілін арттыру, оқушылардың мәтіндерді оқу және түсіну қабілетін педагогикалық технологиялар негізінде дамытудың жолдарын меңгерту

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі

    Курстың пәні мен міндеттерінің негізі бойынша бейнелеу өнерінің негіздерін, түрлері мен жанрларын қарастырады. Сондай-ақ халықтық қолданбалы өнермен, отандық және шетелдік бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен, бейнелеу өнері шығармаларымен танысып, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты бейнелеу және дәстүрден тыс сурет салу әдістемесі арқылы шығармашылықпен жұмыс жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Еңбекке баулу әдістемесі

    Еңбекке баулу әдістемесі пәні бойынша теориялық материалдарды оқуға, еңбекке баулу әдістемесінің құралдарымен студенттерді таныстыруға, мектеп жұмысының тәжірибесінде бастауыш сынып оқушыларының көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін әдістер мен принциптерді анықтауға және тексеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Дүниетануды оқыту әдістемесі

    Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне дүниетану пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйретеді. Дүниетануды оқытудың қайнар көзі. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері. Жертану, өлкетану негіздері. Дүниетануды оқыту әдістемесіне әр кезеңде үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстырады. Болашақ маман бастауыш сыныптағы оқушыларға қоршаған ортадан нақты объектілерге негізделген теориялық ұғым берумен қатар оларға экологиялық, экономикалық, гумандық тәрбие берудің жолдарын да меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

    Бұл пән студенттерді білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен таныстырады. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тәсілдерін, құралдарды қолдану технологиясын, диагностика әдістерін және бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығының қалыптасу деңгейінің көрсеткіштерін бағалауды білім алушылардың меңгеруіне бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Критериалды бағалау жүйесін қолдана отырып, бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын, бастауыш мектептің оқу пәндерін оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесін білу негізінде білім алушылардың оқу жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізеді
  • Балаларды дамытудың сабақтастығын, Қазақстан Республикасы мәдениеттерінің интеграциясын, эмоционалды-құндылық дамуын және отбасымен, педагогтармен және қоғаммен ынтымақтастықты қамтамасыз ете отырып, бастауыш білім берудің құндылығын ескере отырып, тәрбие жұмысын жүзеге асырады
  • Негізгі сөйлеу әрекеттері арқылы бастауыш сынып оқушыларында оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу дағдыларын дамыта отырып, педагогикалық тәжірибені жеткізеді
  • Оқу материалын таңдау кезінде іріктеуді және біріктіруді пайдаланады: қажетті дидактикалық материалдарды өз бетінше дайындайды, бастауыш мектептің оқу үдерісінде оқытудың техникалық құралдарын қолданады, оқу-тәрбие үдерісінің жобаларын әзірлейді және іске асырады, білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, педагогикалық мәселелерді шешеді
  • Білім беруді және жалпы кәсіптік ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларына, педагогикалық ғылымды зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістеріне баға береді
  • Оқу-тәрбиені жоспарлау кезінде шағын жинақты мектептің педагогикалық үдерісін ұйымдастыру теориясы мен оқыту әдістемесін талдайды
  • Ерекше білім беру қажеттілігі бар кіші мектеп оқушысының балаларымен жұмысты жоспарлайды
  • Төменгі сынып оқушы тұлғасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, психологиялық және әлеуметтік дамуы заңдылықтарын талдайды және есепке алады
  • Ұлттық мәдениет негізінде білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын оқу-тәрбие жұмысын жобалайды
  • Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу
  • Ақпараттық технологиялардың озық жетістіктеріне негізделген білімді пайдаланады, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгереді

Ұқсас БББ

6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Астана халықаралық университеті

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Шымкент университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қызылорда ашық университеті

6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

«Мирас» университеті (Мирас)

Top