6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қызылорда ашық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының мақсаты - Бастауыш оқыту мен тәрбиелеуде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, тәрбие жұмыстарын жүзеге асыратын, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі саласында оқытудың мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижелері туралы білімдерін оқу-тәрбие үдерісінде қолдана алатын, өзіндік даму мен жетілу құзыреттілігін меңгерген, бәсекеге қабілетті педагогтер дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда ашық университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Курс педагогика, психология, дене шынықтыру сияқты пәндерді оқудың негізі болып табылады және педагогикалық бағыттағы бакалавриатқа арналған. Оқушылардың физиологиясы туралы білім мұғалімдерге оқу процесінде қажет, өйткені қазіргі педагогика балалардың денсаулығын сақтау мәселесін шешуді талап етеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаратылыстану негіздері
Өсімдіктер мен жануарлар әлемін білім алушыларға тірі азға ретінде таныстырып, олардың дене құрылысы жайлы мағлұмат беріп, дамуындағы ерекшеліктері және сан алуан түрлері туралы ғылыми ұғым беру. Теориялық білімне негізделген өсімдік, жануар, адам, қоғам туралы мағлұмат беріп, олардың арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан ұғындыру. Тірі және өлі ағзалардың өзара байланысты түсіндіру негізінде әлемнің біртұтастығы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Мамандыққа кіріспе – курс барысында білім алушылар педагогтің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен ерекшеліктері туралы біліммен қаруланады, болашақ мамандардың кəсіби білім жүйесін қалыптастыру мақсатында кәсіби педагогикалық қызметтің маңызды түсініктерімен, теориялық мəселелерімен, сонымен қатар негізгі бағыттарымен танысады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математиканың бастауыш курс негіздері
Пәнді игерудің мақсаты-студенттерді бастауыш сынып оқушыларын сәтті оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті дайындықпен қамтамасыз ету, математикалық білімді тереңдету және кеңейту, математиканың бастауыш курсының ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жас ерекшелік психологиясы
Курс мазмұны онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі психикалық дамудың ғылыми - теориялық негіздері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру, психикалық процестердің негіздерін зерттеу және әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктердің ұдайы дамуы, адам психикасының жас ерекшеліктеріне сай даму динамикасы, психикалық процестердің онтогенезі және онтогенездегі тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мәселелерін қамтиды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және құқық
Пәннің мақсаты экономикалық мəселелер бойынша ғылыми жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін, мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты студенттерге тілді оқыту әдістемесі теориясынан жүйелі білім беру, бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты кәсіпкерлік құрылымдардың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастар жүйесі ретінде кәсіпкерліктің теориясы мен практикасын зерделеу негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың практикалық дағдыларын қалыптастыру, экономиканың қазіргі жағдайындағы шағын кәсіпорындардың рөлі мен орнын көрсету, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің бизнес-жоспарының негізгі қағидаларын баяндау және мазмұнын ашу болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пән студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстырады, педагогикалық құзіреттілік деңгейін арттырады, оқу және кәсіби іс-әрекеттерді игерудің және жүзеге асырудың табыстылығының факторы ретінде адамның жеке ерекшеліктері туралы тұтас көзқарасты қалыптастырады; оқу дағдыларын дамыту, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті, өзін-өзі тәрбиелеу; педагогикалық білімге сүйене отырып тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пәннің мақсаты қаржылық қатынастардың маңызды салаларының көрінісі болып табылатын базалық және қаржылық-экономикалық ұғымдарды, сондай-ақ қаржы институттарының кең ауқымымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруді көздейтін білім алушыларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар әдебиеті
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәнде негізгі теориялық ережелер, заңдар, принциптер, терминдер, ұғымдар, процестер, әдістер, технологиялар, құралдар, ғылыми қызметті жүзеге асыру операциялары, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістері, ғылыми дизайнның, шығармашылықтың жалпы әдістемесі, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру схемасы қарастырылады. Зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және зерттеу тақырыбы бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды таңдау, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою және шешу процедуралары және кәсіпорындар мен ұйымдарды ақпараттандыру дағдылары игеріледі
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық инновациялар
Курстың мақсаттары: педгогикалық инновациялардың теориялық және практаикалық негіздерін зерттеу, инновациялық қызметпен байланысты құзіреттіліктерді қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Қандай да бір проблемаларды автоматты түрде шешу, сонымен қатар осы проблемаларды шешу әдістерін қарастыру және түзету. Жасанды интеллект жүйелері келесідей міндеттерді қарастырады: образдарды тану есептерін (мысалы: табиғи дауысты тану) құру; теоремаларды дәлелдеу және оқыту есептерін (мысалы, қандай да бір ойынның дағдысын) құру; сарапшы ретінде шешім қабылдауға мүмкіндігі бар сарапшылық жүйелерді – программалық жүйелерді құру (мұндай жүйе деректер базасы білімін қамту керек).
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі менеджмент
Пән студенттердің білім беру жүйесі саласындағы менеджменттің теориялық негіздерін зерделеуіне, білім беру жүйесінде басқарудың негізгі қағидаттары мен әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін студенттер менеджменттің инновациялық технологияларын қолдана отырып, басқару процесін өз бетінше ұйымдастыра және зерттей білуі керек
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін меңгеру барысында студент өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу. Жалпы адамзаттық құндылықтарды кеңінен насихатау, баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштігі және адалдығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға, оның ішінде заң талаптарын орындау, білім және мәдени деңгейін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өміртіршілік қауіпсіздігі
Курста экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. Студенттерді әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму
Тұрақты даму пәні студенттерге тұрақты даму қағидаттарын ғылыми негізде меңгерту, адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ресурстарды ұтымды пайдалану және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттерге сыни ойлау, кешенді талдау, экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік дағдыларын дамыту көзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курс ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш мектепте әдеби оқуды оқытудың басым мақсаты бастауыш сынып оқушысының оқу құзыреттілігін қалыптастыру, өзін шығармашылық қызметке қабілетті сауатты оқырман ретінде тану болып табылады. Оқырманның құзыреттілігі оқу техникасын, оқылған және тыңдалған шығарманы түсіну әдістерін, кітаптарды білу және оларды өз бетінше таңдау қабілетін, әлемді тану және өзін-өзі тану құралы ретінде кітапқа деген рухани қажеттіліктің қалыптасуымен анықталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи қазақ тілі негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге тілдің фонетикасынана лексикологиядан сөзжасамнан морфологиядан және синтаксистен жүйелі білім беру мақсатын көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық сауаттылық
Курс мазмұнына оқушының математиканы түрлі мән мәтіндерде тұжырымдау, қолдану, талдап түсіндіру қабілетін дамыту кіреді, ол, өз кезегінде, математикалық ойлау, құбылыстар сипатталатын, түсіндірілетін, алдын-ала болжап айтылатын математикалық ұғымдарды, процедураларды, білім мен құралдарды пайдалануды қамтиды. Білім алушы қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді тани білу және математика тілінде құрастыру; Оларды математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу; шешімдерде қолданылған әдістерді талдау; қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру; шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазуды меңгереді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Тәрбие үдерісінің негіздерін, білім беру қызметіндегі тәрбиенің әдістері мен технологияларын білу. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының бағыттары, тәрбие түрлері, сынып жетекшісінің негізгі қызметі; Тәрбие технологияларын пайдалана отырып, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру негіздерімен танысу
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты – болашақ мұғалімдерге математиканы оқытуға қажетті теориялық, практикалық және әдістемелік даярлық беру. бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту процесін ұйымдастырудағы кәсіби білім және біліктермен қаруландыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сауат ашу әдістемесі
Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс таңбалай білуге үйретуге, қатесіз және сауатты жазуға, айтылған сөзбен дыбысты қатесіз, дұрыс таңбалай білуге үйретудің әдістемсі беріледі. Болашақ маманға қатемен жұмыс жасай білумен оқушының жазу дағдысын игертудің мазмұны, әдістері сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тілдік қатынас негіздері
Курс мазмұнын оқыту барысында білім алушылар сөз таптарын оқыту мәселесі, қазақ тілін қазақ мектебінде оқыту мәселесі, тіл дамыту мәселелері, ана тілін оқытудың әдістерін баяндайтын еңбектермен танысады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамыту
Ұлттық және жаплы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі SMART технологиялар
Курс барысында білім алушыларды әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау, пайдалы ақпараттарды таңдау, электрондық көздермен жұмыс жасау, жеке білім базаларын жинақтау дағдыларын меңгерту жүзеге асады. Сонымен бірге пән студенттерге жүйелі көпөлшемді көзқарас пен пәндерді оқып-үйрену негізінде олардың көпөлшемділігі мен мазмұнын үнемі жаңартып отыру негізінде кәсіби құзыреттіліктерге ие болуға мүмкіндік береді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін дамыту
Пәннің мақсаты - баланың дамуы мен тәрбиесі, сөйлеу мен сөйлеу коммуникациясының онтогенезі туралы қазіргі ғылыми білім негізінде оқушылардың сөйлеуін дамыту саласындағы кәсіби іс -әрекетке дайындығын қалыптастыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Курс барысында Қазақстанның қоршаған ортасы, табиғи байлығы, экономикасы, адамадам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту жүзеге асырылады. студенттер оқушыларды өлі және тірі табиғат объектілерімен таныстыру негіздерін қарастырып, сабақтарын жоспарлауды үйренеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
"Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны" пәні таңдалған мамандық бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту әдістемесі
Студенттерге кіші мектеп оқушыларында табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика курсындағы логикалық есептерді шығару
Матемтика курсындағы логикалық есептерді шығару пәнінің мақсаты: білім алушыларды логикалық есептердің түрлерімен таныстыру және бастауыш сынып математика оқулығында көрсетілген логикалық есептерді үйрету, білімі мен дағдыларын қалыптастыруға арналған логикалық есептерді талдауға машықтандыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш сыныпта орыс тілін оқыту әдістемесі
Пәннің қысқаша мазмұны: грамматиканы, орфографияны және кіші мектеп оқушыларының сөйлеуін дамыту әдістері. Жазу мен оқудың алғашқы дағдыларын игерудің ерекше кезеңі ретінде сауаттылыққа үйрету
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттік оқыту әдістемесі
Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнінің ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы, оның дидактикалық ұстанымдары, бастауыш сыныптағы оқыту және оның түрлері, әдеби шығармаларды меңгеру жолдары қарастырылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мазмұнына сәйкес оқыту әдістерінен әдістемелік білім, білік беріледі
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудің жобалау қызметінің теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жобалық іс-әрекет дағдыларын игеру болып табылады. Пәннің мазмұны: жобалау қызметі, тұлғаның дамуы мен болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы түсінігі мен рөлі, мақсаты, міндеттері, жобадағы шешу тәсілдері, бастауыш мектептегі жобалау қызметінің ерекшеліктері, бастауыш мектептегі жобалау қызметін ұйымдастыру әдістемесі, Бастауыш мектептегі оқу және оқудан тыс жұмыстардағы жобалау қызметі
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш сыныптарда тұрақты даму негіздерін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты тұрақты даму үшін білім беру жүйесін дамыту, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мазмұны Тұрақты дамуды оқытудың тұжырымдамалық принциптерін зерделеуді; бастауыш білім беру мен кәсіптік даярлықтың мазмұнын және тұрақты даму элементтерін; бастауыш білім берудің қолданыстағы білім беру бағдарламаларын өзгертуді және құруды; білім берудің бастапқы кезеңінде оқыту мен оқытуға орнықты даму негіздерін енгізудің әдіснамасы мен тәсілдерін интеграциялаудың практикалық мысалдарын қамтиды
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Smart оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты Smart оқыту әдістемесі өзгермелі әлеуметтік, экономикалық және технологиялық ортамен икемді және бейімделгіш өзара әрекеттесу үшін қажетті білім, Дағдылар, Дағдылар мен құзыреттерді алу үшін оқыту және тәрбиелеу процесін қалыптастыруға бағытталған. Оқыту мазмұны білім беру қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін жаһандық ақпараттық қоғамның артықшылықтарын зерттейді
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік-саяси, экономикалық және экологиялық білімнің негіздерін меңгерген, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті түсінеді; көшбасшылыққа қабілетті және инновациялық технологияларды сауатты қолданады
- Мектеп оқушыларының даму физиологиясы мен даму психологиясы туралы білімдерін тиімді пайдаланады, жаратылыстану негіздерін меңгереді, қолданыстағы педагогика жүйесі мен бастауыш білім беру әдістемесі және оның даму тенденцияларын меңгереді
- Оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін игереді, математика, математикалық логика бастауыш курсының негіздерін меңгереді, инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын талдайды, тіл фонетикасы, лексикология, сөзжасам, морфология және синтаксис негіздерін біледі, білім беру ұйымының педагогикалық ұжымын басқару ерекшеліктерін және оқу-тәрбие процесін анықтайды
- Адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. тілдік қатынас әрекеттерін біледі, дүниетанымды дамытудың кіріктірілген пән ретінде ерекшелігін анықтайды, табиғатқа саналы түрде дұрыс көзқараспен көрінетін бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін көрсетеді, оқушыларды өлі және тірі табиғат объектілерімен таныстыру негіздерін меңгереді; бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытудың әдіс-тәсілдерін қолдана алады
- Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту үшін қажетті теориялық, практикалық және әдістемелік даярлық негіздерін; жазу техникасының, сөйлеуді дамытудың, мәнерлеп оқудың негіздерін меңгереді; Математиканы оқыту процесінде, мәтіндік және логикалық математикалық есептерді шешуде бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері туралы түсініктері бар, бастауыш сыныптарда қазақ\орыс тілін оқыту әдістері мен тәсілдерін игереді
- Заманауи дидактиканы, инновациялық және SMART технологияларды игереді, бастауыш мектепте пәндерді оқыту әдістемесін меңгереді, критериалды бағалау технологиясын тиімді қолданады, оқу процесінде сындарлы әдістерді қолданады, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білімі мен дағдыларын көрсетеді
- Қашықтықтан және электрондық цифрлық оқыту контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімдерін көрсетеді; бастауыш мектептің білім беру қызметіндегі тәрбие әдістері мен технологияларын меңгерген; бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби имиджін қалыптастырудың негізгі принциптері мен технологияларын қолдана алады
- Шешім қабылдауға және қоршаған орта мен уақытты басқаруға қабілетті, негізгі және кәсіби білім негіздерін оқыту стратегиясын құра алады, кәсіби-психологиялық позицияларға, кәсіби көзқарастарға ие. Шығармашылықты, кең ой-өрісті, кәсіби өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты көрсетеді
Ұқсас БББ
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Астана халықаралық университеті
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Шымкент университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
«Мирас» университеті (Мирас)