6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті орта және арнаулы орта, кәсіби білім беру мекемелерінде жұмыс жасайтын озық ойлы,толерантты, мәдениетті, жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Отбасы педагогикасы
Отбасы педагогикасы - педагогика ғылымының саласы, ол институционалдық белгісіне қарай, яғни әлеуметтік институт - жас ұрпақты оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын отбасы бойынша бөлінген. Бұл отбасындағы тәрбие туралы ғылым. Ол отбасы тәрбиесі жағдайларының ерекшеліктерін, олардың қолынан келетін мүмкіншіліктерін зерттейді, ата-аналар үшін балаларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарды жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Оқушылардың жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуын қалыптастыру, теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі тренингтер мен сауалнамалар арқылы өздерін жеке тұлға ретінде зерттеуге үйрету .Өзін тұлға ретінде зерттеу үшін теориялық білім ала отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырады. Ақпараттық қоғам дәуіріндегі мұғалімнің рөлі мен орнын, мұғалімнің кәсіби және жеке қасиеттері мен қабілеттерін түсіндіреді. Кәсіби құзыреттілік пен ұтқырлыққа қойылатын талаптарды қолданады. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің кәсіби мұғалімнің дамуындағы рөлімен таныстырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі дене шынықтыру теориясы мен технологиясы
Бастауыш мектепте дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени құндылықтарын дамыту бойынша әртүрлі дағдылар мен қабілеттерге ие болуды қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепте оқушыларға дене шынықтыру және спортты теориялық тұрғыда қалыптасуы мен даму кезеңдері қатар, дене тәрбиесі және спортта қолданылатын қағидалар, әдістемелер, дене қуатын арттыру жолдарының теориялық мәселелері қаралады, оқыту жаттықтыру бойынша теориялық білімдерін қолданады, дене мәдениеті мен спорттың мәні мен маңызы айқындалып, қимыл, қозғалысқа үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әлеуметтік педагогика
Әлеуметтік педагогика құзыреттілікке ие жоғары білікті мамандарды дайындау. Білім беру бағдарламасы қабілетті маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - ҚР заңнамасы, әлеуметтік педагогиканың заманауи тұжырымдамалары мен теориялары және өзін-өзі тану құндылықтарының негізінде білім беру және тұлғаны әлеуметтендірудің кәсіби әлеуметтік-педагогикалық міндеттерін шешу; -бала құқығын қорғау, диагностика, алдын алу, әлеуметтік-мәдени анимация, әлеуметтік-психологиялық қызметтердің бағдарламаларын, жобаларын, жоспарларын жобалау, мектептерде, колледждерде, басқа білім беру ұйымдарында оқушының жеке басын сүйемелдеу және әлеуметтік-педагогикалық қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметті әзірлеу және іске асыру;
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді білуге үйрету және салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары туралы мағлұмат беру. Болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту. Оқушыларға қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсері туралы ғылыми деректер негізінде жағдай мен өз денсаулығының қиындығын бағалауға мүмкіндік беру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Этнопедагогика
Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық салт-дәстүрді,өнерді дәріптейтін,ана тілі мен дінін қадірлейтін,отанын, елін,жерін сүйетін,жан-жақты жетілген,саналы намысқор,патриот азамат тәрбиелеу. Бұл пәннің міндеті,халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп,білім,білік дағдыларын дамыту,сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті,нарық жағдайында өмір сүруге икемді,жан-жақты жетілген азамат етіп шығару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Руханиятқа, білім, ғылымға еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыруына озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман талабына сай көзқарастар негізінде адамның ұлттық санасын жетілдіру. Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіби педагогика
Кəсіби педагогика білім алушыларға кəсіптік білім беру, оларды тəрбиелеу, оқыту жəне дамыту заңдылықтарын зерттеу, оқыту мен тəрбиелеудің прициптеріне, ақпараттық, педагогикалық технологияларға жəне оларды басқару жүйесіне негіздеме береді. Ол педагогикалық теориялар мен инновациялық технологияларды жобалау амалдары, осы жүйенің алдағы уақытта даму жолдары жөніндегі білімдерді жинақтайды. Бұл адамдарды кəсіби ісəрекетке даярлау, мамандардың жаңа толқынын тəрбиелеу туралы ғылым. Оқулықта кəсіптік білім берудің мазмұны, педагогикалық іс-əрекеттің əдістері ме формалары баяндалады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагогикалық қызметтің негіздері
Кәсіби әрекеттер жасау адамның біліктілігін кеңейтеді. Мұғалімнің өзін және әрекетін типтік құбылыс ретінде қарастыруға болады. Қызметіндегі рөлін жоғары бағалап, өзін соның бір бөлігімін деп сезінетін адамдар өте жиі кездеседі. Олар бар міндетін өз мойнына жүктеп, біртұтас, бөліп қарауға болмайтын үрдіс ретінде қабылдайды. Мысалы, оқытушы кәсіби нәтижеге жету үшін пәнді күшейту негізінде белгілі бір күш жұмсап, оқушыларға бақылау жүргізу қажет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
1-сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық педагогикалық негіздері
Оқушылардың іздемпаздығын қалыптастыра отырып, 1сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін оқытып үйрету, оқытудың жаңа технологияларын меңгерту, оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамытуға негізделген әдіснамаларды оқып үйрену.Жұмыстың түзету, педагогикалық және психологиялық тәсілдерінің мазмұндық-технологиялық жүйесіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Балалар әдебиеті
Саналы және мәнерлеп оқуға үйрету, дұрыс және шапшаң оқу дағдысын жетілдіру.Білімгерлерге тіл мәдениетін, әдеби тілдің нормаларын, стильдік тармақтарын, сөйлеумәдениетін, сөйлеу техникасын, тілдің негізгі сапаларын толық меңгеруге көмектесе отырып, болашақ педагогикалық кәсіптерінде балаларды оқытуда,тәрбиелеуде, дамытуда теориялық және тәжірибелік кәсіптік білім, білік дағдыларын меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экономика және құқық
Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін білу. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгеру. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйрену. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастыру. Өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Болашақ мұғалімдерді негізгі педагогикалық мәселелердің, проблемалардың шеңберіне енгізу, педагогикалық дүниетанымын, өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу, оқыту мен дамыту процестерінің қиын да қызық, күрделі де қарама қайшы құбылыстарына көзқарасын, педагогикалық сенімі мен қызығушылығын қалыптастыру, өз білімдерін жетілдіріп оқыту, озат педагогикалық тәжірибені игеру құштарлығын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мәтінді тілдік талдау әдістемесі
Мәтінді тілдік талдау әдістемесі мәтінді мазмұндауға, нақышына келтіріп оқуды, мәтін түрлерімен таныстыруды, шығарманың тақырыбы мен идеясын аша білуді игертеді. Тақырыптың тәрбиелік мәнін түсіндіріп, мәтіндегі бейнелі сөздерді, көркемдегіш тәсілдерді таба білуге үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жазуға үйрету технологиясы
Оқытудың белгілі бір қағидаларына негізделген жазу дағдыларын қалыптастырады. Графикалық тұрғыдан дұрыс, түсінікті, тез жазуды қалыптастырудың жалпы дидактикалық қағидаларының нақты көрінісін табады. Жазу техникасын, физиологиялық, психологиялық және педагогикалық техниканы меңгерудегі қиындықтарды жеңуге үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі жасанды интелект негіздері
«Бастауыш мектептегі жасанды интелект негіздері» курсы кибернетиканың алғашқы қадамдары күрделі, тірі және ойлайтын жүйелердегі процестерді оқуға және түсінуге бағытталған. Жасанды интеллект жүйесі адамның ойлау қабілетін формальдандыру, адамның ойлауын моделдеу және оларды программалау мәселелерімен айналысатын информациялық жүйе болып табылады.Білім алушыларға жасанды интеллект саласында қолданылатын қосымшаларда оның жұмысын одан әрі түсіну үшін қолданылатын негізгі алгоритмдерді үйрету. Білім алушыларға жасанды интеллектінің қандай әдістерін нақты тапсырма түріне қолдану керектігін анықтауға үйрету және толық меңгеру үшін практикалық тәжірибе беру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі менеджмент
«Білім беру менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар студенттерді өз бетінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субьектілерін оқу-тәрбие, оқу танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қаматамасыз ету..
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Бастауыш мектепте шет тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларына шет тілін оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. Алға қойылған міндеттерге сәйкес бастауыш сынып оқушыларына шет тілін оқытудың әртүрлі әдістері мен технологияларын қолданады. Білімді ана тілімен кіріктіреді, көптілділікке қызығушылықтарын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың критериалды технологиялары
Критериалды бағалау технологиясының педагогикалық ұйымдастыру негіздерін анықтау; «Бағалау», «Бағалау жүйесі», «Бағалау өлшемдері» ұғымдары мен таныстыру, өзгерген білім беру тұғырнамасының қалыптасу түсінігін меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бұл пән барысында білім алушы кешенді педагогикалық, психологиялық әдістерді пайдаланып, ұжымдағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға бейімделеді. Мектеп ұжымындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстар жүйесін жоспарлайды. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің түрлі формалары мен әдістерін пайдалана алады. Мұғалімдер, ата-аналар, бала тәрбиесіндегі қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерін бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Заманауи сабақты жоспарлау
Заманауаи сабақты жоспарлауды, күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдарын, жоспар түрлерін (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) қамтиды. Нәтижеге бағытталған сабақ жоспарын түзуді, сабақ мақсаты мен бағалау криерийлерін айқындауды, ресурстар таңдауды, рефлексия жасауды, жүргізілген сабақты зерттеуді (lesson study), қолжеткен жетістіктерді бағалауды, сабақты жетілдірудің әдіс-тәсілдерін игертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).
Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданауды қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі қазіргі педагогикалық технологиялар
Курстың мазмұнында бастауыш мектептің педагогикалық үрдісінің мәнін, оның ерекшелігін, мақсаттары мен міндеттерін, оқушылардың танымдық және тұлғалық сферасының үдемелі дамуын қамтамасыз ететін тиімді оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайтын ұғымдар беріледі. Заманауи білім беру технологиялары туралы білім беру тәжірибесінде заманауи білім беру технологияларын қолдану ерекшеліктері туралы түсінік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Пәнді оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мәліметтер беру, оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау, қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қашықтықтан оқытудың әдістемесі мен технологиясы
Болашақ мұғалімдер пәндерді бағалау және оқыту әдістемесі туралы, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын оффлайн және онлайн оқыту технологиялары туралы білім алады. Инклюзивті және тұлғаға бағдарланған әдіспен онлайн оқыту үшін білім беру мазмұнын құрай алады және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қашықтық режимінде интерактивті өзара әрекеттесу үшін пәнаралық білімді қалай пайдалану керектігін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін оқыту арқылы инновациялық кәсіби іс-әрекетке даярлау
Қазақ тілін оқыту арқылы болашақ мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту барысында кәсіптік деңгейге дайындау. Әдістемеден терең білім беру барысында инновациялық әдістер мен технологиялар бойынша теориялық білімі мен тәжірибелік түсінігін кәсіби деңгейде меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдебиеттік оқу әдістемесі
Пән бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдауға, көркем сөйлеудің экспрессивті құралдарын анықтауға, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға үйретеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әдеби оқуды оқытудың әртүрлі әдістері қарастырылады. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, бірлігін сақтау және практикалық қолдану, білімді шығармашылық түсіну, жалпы тақырыптарды интеграциялау, АКТ-ны тиімді пайдалану мәселелері сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Орыс тілін оқыту теориясы мен технологиясы
Орыс тілін оқыту әдістемесі туралы негізгі түсініктер мен цифрлық технологияларды қалыптастырады. Орыс тілін оқыту әдістемесінің жалпы ғылыми-әдістемелік және қолданбалы аспектілерін үйретеді. Ана тілін жетілдіру және орыс тілін оқыту саласында орфографиялық дағдыны, жобалық және инновациялық қызметті қалыптастыруға ықпал етеді. Әр түрлі сабақтардың құрылымы мен мазмұнын, орыс тіліндегі ауызша және жазбаша жұмыстарды бақылауды талдайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Кіші мектеп жасын балалық кезеңінің шегі психикалық дамудың қазіргі кезеңділікке 11 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады.Білім беру қызметі нәтижесінде психикалық жаңа түйіндер пайда болады. Кіші мектеп жасындағы оқушының өзін-өзі бағалауының қалыптасуы мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасының ерекшеліктері мен үлгерім қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте музыканы оқыту теориясы мен технологиясы
Жалпы білім беретін мектептің әр сыныбына музыка бағдарламасын жүзеге асыруда оқущылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылығын, бейімділігін ескере отырып, музыкалық жұмыстың әдістемесін меңгеруге көмектесу және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту теориясы және технологиясы
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.).
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектептегі көркем еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін көркем еңбекке баулу, даярлау мазмұнын жетілдіру. Оқуға сапалы қатынасты азамат болып қалыптастыруды жеке тұлғаның және интелектуалды дамуын дара білімнің даму тәрбиесі. Еңбек сүйгіштікке, еңбектегі қажеттілігін, еңбек адамына құрметпен қарауға, табиғаттың байлығын ұқыпты қарауын тәрбиелеу.Еңбек дағдыларын және техникалық, техникалық конструкторлық және экономикалық білімдерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесін игеруде дүниетану саласындағы теориялық білімдерін қолдануға бағытталған. Пәнді оқу барысында болашақ мұғалімдер бастауыш сынып оқушылардың оқуы және тәрбие саласындағы дағдыларын жетілдіреді. Қоршаған ортаны танудың әмбебап әдістері мен қазіргі жаратылыстану заңдылықтары туралы ойлар қалыптасады. Болашақ мұғалімдер бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарын өткізудің әдістерін, нысандарын, амалдарын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы
Курстың пәні мен міндеттерінің негізі бойынша бейнелеу өнерінің негіздерін, түрлері мен жанрларын қарастырады. Сондай-ақ халықтық қолданбалы өнермен, отандық және шетелдік бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен, бейнелеу өнері шығармаларымен танысып, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты бейнелеу және дәстүрден тыс сурет салу әдістемесі арқылы шығармашылықпен жұмыс жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте жаратылыстану оқыту теориясы және технологиясы
Бастауыш мектептен оқушыларға жаратылыс әлемнің ғылыми түсінігін, күрделі терминдерді меңгеруге дайындығын қалыптастыру мақсатында енгізілген бастауыш сынып жаратылыстану пәні, орта буын, жоғары сыныптарда оқытыла бастайтын жаратылыстану пәндерінің бастамасы болып табылады. Бастауыш сыныптан жаратылыстану пәнін оқыту арқылы, оқушылар бізді қоршаған әлемнің күрделі де,көп қырлы сырларын, сонымен қатар табиғаттағыәртүрлі құбылыстар және үдерістер өзара тығызбайланыста болатынын, тірі және өлі табиғаттағы табиғи құбылыстарды және үрдістерді танып біле бастайды. Жаратылыстануды оқыту балалардың білгісі келген сұрақтарын және табиғи қызығушылығына негізделуі керек.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сауаташуәдістемесі
Байланыстырылған ауызекі сөйлеуді грамматикалық формада қалыптастыруға, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге енгізеді. Тілді дамыту әдістемесінің мазмұнын, мақсаттарын қарастырады. Білім алушылардың теориялық және практикалық білім корреляциясын қалыптастырады. Жеке тұлғаның білім беру дайындығы мен мәдени дамуының өзара байланысын қамтамасыз етеді, танымдық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте музыканы оқыту әдістемесі
Болашақ мамандарды бастауыш мектепте музыка пәнінің көркемдік мазмұнын жан–жақты толық меңгеруге дағдыландыру. Қазақтың ұлттық әндері тәрбиесі бойынша мектеп қабырғасында балаларға арналған әндермен жұмыс жасай алуға бағыттау. Білім алушылардың музыкалық білімін жеткілікті практикалық және теориялық дайындықтарды қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектептегі арт білім беру
Курсты оқу үдерісінде болашақ мұғалімдер ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, өнердің әртүрлі түрлерін бастауыш мектепте пәндерді оқыту құралы ретінде пайдалана алады; баланың тұлғалық дамуын ескере отырып, оның дербестігін дамытуға қолдау көрсетеді. Бастауыш мектептің білім беру үрдісін зерттей және зерделей отырып, студенттер арт технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, оқу-әдістемелік мазмұнды жасайды. Олар оқу үдерісін біріктіру және саралау үшін арт технологияларды пайдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш сыныптарда жобаларды құру
Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттеріне сүйене отырып, оқытудың инклюзивті, интеграцияланған және белсенді тәсілдеріне назар аудара отырып, жеке және ұжымдық жобалық әрекеттерді құруға және басқаруға үйренеді, олардың зерттеу қажеттіліктерін шығармашылық өнім құруға бағыттай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогтың эстетикалық мәдениеті
Педагогтың эстетикалық мәдениеті қабылдау, сезіну, түйсіну, өнермен өмірдің сұлулығын түсіну, мүмкіндіктермен бейімділіктерін, ұмтылысын тәрбиелеу арқылы қалыптасады. Ол өз ойынан сұлулық, әдемі әлем ойлап табуға, оны өмірінің бірліктерге енгізуге ұмтылдырып оқушыларды тәрбиелеуді меңгеруі қажет, сол арқылы педагог оқушылардың көркем-шығармашылық жұмысқа араластыру және көркем-шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектеп оқушысының зерттеу қызметін дамыту
Курсты оқу барысында болашақ мұғалім бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және зерттеушілік әрекетін ұйымдастыра алады. Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратын анықтап, ғылыми зерттеу әдістерін жіктеуді үйренеді және зерттеудің этикалық нормаларын, академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, әзірленген критерийлерге сәйкес білім алушылармен бірлесіп, ғылыми зерттеудің жеке және топтық жобасын құруды меңгереді. Әртүрлі зерттеулерді сыни тұрғыдан бағалап, бастауыш мектеп үшін оқу-әдістемелік мазмұнды құрастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаратылыстану негіздері» пәндерін оқытуға қажетті теориялық білім мен практикалық білікті қалыптастыру, сонымен қатар табиғатты қорғау іс-шараларымен танысу, диалектика-материалистік түсініктердің қалыптасуында жағдай жасау. Білім алушыларға экологиялық мағлұматтарды пайдалана отырып өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әр алуандығымен таныстыру, өсімдіктер, жанауарлар мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты көрсету, өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінде жүретін процестерді зерттеу, олардың маңызын көрсету, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын үнемді пайдалану және қорғау қажеттілігі жайында ескерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Логикалықесептершығаруәдістемесі
Білім алушыларды логикалық есептердің түрлерімен таныстыру және бастауыш сынып математика оқулығында көрсетілген логикалық есептерді үйрету, білімі мен дағдыларын қалыптастыруға арналған логикалық есептерді талдауға машықтандыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шағын комплектілі бастауыш мектепте жаңа технологияларды пайдалану
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технология түрлерімен таныстыру. Пән бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажетететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін білікті маман даярлау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математиканың бастауыш курс негіздері
Заттарды талдау, салыстыру, классификациялау, себеп-салдар байланыстарын, заңдылықтарын орнатуға, ойлаудың логикалық тізбектерін құруға арналған ақыл-ой әрекетінің әдістерін қалыптастырады. Ол белгілі бір жалпыланған білімді игереді, дүниені тұтас қабылдауға ықпал етеді, оның жеке процестері мен құбылыстарының модельдерін құруға мүмкіндік береді, пәндік білімді игеру мен интеллектуалды дамудың әмбебап тәрбиелік әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы
Бұл пән шағын жинақты бастауыш мектепте бірыңғай педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеуге ықпал етеді. Оқу-тәрбие үрдісін басқару және жобалау ерекшелігін зерттеуге бағытталған, білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, тәрбие жұмысын жоспарлау және жүргізу, шағын жинақты бастауыш мектепте инновациялық технологияларды қолдану дағдысын қалыптасырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп психологиясы
Пәнді оқытуда ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын бiлумен қатар, ғылыми психологиялық ойлау жүйесiн дамытудың жолдарын менгерту. Ол шығармашылыққа үйретеді, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру құралдары бар, проблеманы шешудің, қажетті ақпаратты іздеудің, сыни тұрғыдан ойланудың, пікірталасқа түсудің, пікір алмасудың тиімді жолдарын білетін әр баланың бойында тәуелсіз тұлғаны тәрбиелейді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби қызмет негіздері
Қазіргі заманғы зерттеулер тұрғысынан педагог қызметінің мақсаты мен мазмұнын ашады. Білім берудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану аясында педагогтің кәсіби қалыптасуы мен өсуінің мүмкіндіктері мен болашағын айқындайды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерінің негізін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық шеберлік
Педагогикалық шеберліктің құрылымы, оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешу үшін тұлғалық әлеуетті пайдалану механизмдері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әсер ету құралдары мен әдістері, педагогикалық техника туралы, театр педагогикасы мен шешендік өнердің элементтері, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш сынып оқушыларының оқуға бейімдеудің педагогикалық-психологиялық негіздері
Бастауыш сынып оқушысының мұғалімге деген эмоционалды, жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру керек. 1 сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыру мен олардың тұлғааралық қарым-қатынасын ұйымдастыруда мектепке дейінгі және мектеп жұмыстарының әдістерін сақтау қажет, мотивациялық, эмоционалды және ерік салалары, интеллектуалды функциялары, коммуникативтік дағдылары, өзара әрекеттесу салалары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі цифрлық оқыту және медиасауаттылық
Курс қауіпсіздікке және баланың эмоционалдық, психикалық және физикалық әл-ауқатына ықпал ететін ақпараттық мәдениеттің бөлігі ретінде медиа сауаттылықты түсінуге ықпал етеді. Пән сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын оқыту үшін цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Математиканы оқыту әдістемесі
«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыратын пән. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
Оқушылардың ғылыми зерттеу және оның түрлері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, зерттеудің әдістері туралы білімдерін тереңдету, ғылыми әдебиеттерді таңдауға үйрету, педагогикалық эксперимент әдістерімен таныстыру, зерттеу нәтижелерін түрлі кесте, сызба, модель түрінде рәсімдеуге үйрету, зерттеудің ғылыми аппаратын құрастыру дағдысын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ/орыс/тілінен дидактикалық материалдар дайындау
Оқушыларға дидактикалық материалдар негізінде ойын түрлерін сабақта қолдану баланың ойын жетілдіріп, қызығушылығын, ынтасын арттырады. Ойын тапсырмаларын орындау арқылы сөйлеуге үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, дұрыс сөйлеуге жаттығады, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыланады, сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады. Шығармашылық, ізденушілік, ойланғыштық қабілеттерін арттырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш сыныпта көрнекіліктер дайындау әдістемесі
Пәнді оқытудың мақсаты бастауыш сынып оқушыларына көрнекілік негіздері арқылы олардың дүниеге ғылыми көзқарастарын арттыруды меңгеру, көрнекіліктің әдістемелік жолдарын, оларды пайдалану әдістемесін, көрнекіліктің бастауыш сыныптарда қолданылатын негізгі түрлерін, әдістерін қолдануды үйрену.Бұл визуалдау негіздері арқылы ғылыми дүниетанымыңызды кеңейтуге үйретеді, бұл таным процесінде сенсорлық қабылдаудан абстрактілі ойлауға көшуді көздейді. Тиісті ақпаратты тиімді игеруге ықпал етеді, оқушылардың танымдық белсенділігін белсендіреді. Тікелей қабылдауға қол жетпейтін құбылыстар мен байланыстар туралы ақпаратты қамтитын хабарды растау, иллюстрациялау, нақтылау және бастапқы нүкте функциясын орындайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Компьютерлік сауаттылық негіздерін біледі. Осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсетеді. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын, өзіндік ерекшеліктерін түсінеді, ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді.
- Білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындайды. Тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғынады. Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда зерттейді.
- Жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша мобильді қызметтерді қолданады.
- Білім алушылардың өздігінен білім алу, инновациялық, шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін қалыптастырады. Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары мен моральдық, азаматтық ұстанымын дамытады.
- Интеллектуалдық, рухани- адамгершілік, мәдениеттік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық - басқарушылық дағдыларын қалыптастырады. Өзін-өзі дамытып, мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру траекториясын құрады.
- Оқытушылық іс-әрекетін дұрыс бағалай алады. Білім жүйесіне қажетті ақпаратты талдайды. Ғылыми жинақтарды ескере отырып, түсінік қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды жүзеге асырады. Грамматикалық білімдер жүйесін, прагматикалық құралдарды белгілі бір бағытта игеру негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын пайдаланады.
- Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады. Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларындағы жағдайларға баға береді. Жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін танытады.
- Рухани-адамгершілік, отансүйгіштік, патриоттық, экологиялық және оқушылардың денсаулығын қорғауды ұйымдастырады. Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдаланады.
- Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік этикалық құндылықтарды талдайды. Әлеуметаралық зерттеулер жүргізу барысында әдептілік нормаларын сақтайды. Әлемде танылған әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнді практикада қолданады.
- Ғылыми зерттеудің және зерттелуі қажет мәселенің тұжырымын табады. Зерттеліп жатқан нысан мен синтез процесіндегі білімді байланыстырады. Зерттеулердің нәтижелерін түсіндіреді әрі жинақтайды.
- Білімді практикада қолдану дағдыларын, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдайды. Ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады. Нақты ғылымды, әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған әдістер мен тәсілдерді меңгереді.
- Педагогикалық салада оқу-практикалық , кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді игереді. Педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті түсінеді.
Ұқсас БББ
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті