Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01601 Тарих в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

  • Ежелгі дүние тарихы

    Курс ежелгі Шығыс және Антикалық қоғам тарихы болып екі кезеңге бөлініп оқытылады. Алғашқы еңбек бөліністерінің пайда болуы, таптық жіктеліс, құлдар мен құл иеленушілер, мемлекет, оның түрлері, Шығыс деспотизмі, мәні мен сипаты, ежелгі дүние өркениеті оқытылады. Мақсаты құл иеленушілік қоғамға тән ортақ заңдылықтар мен ежелгі шығыс, антикалық қоғамдарға тән ерекшеліктерді игерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алғашқы қоғам тарихы

    Курста адамның шығу мәселесі, ойлау, сөйлеу, идеологиялық түсініктің, рулық қауымның пайда болуы, кейінгі алғашқы қауымдық қоғам, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауының алғы шарттары, жалпы барысы, жеке меншіктің, таптың, мемлекеттің пайда болуы қарастырылады. Пәннің мақсаты адамзат қоғамының дамуының заңдылықтарының және дамудың алғашқы сатысындағы олардың шаруашылығы, қоғамдық қызметі туралы шынайы тарихи түсініктер қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы

    Пән Отандық тарихтың тарихи үрдiсiнiнiң даму бағыттарын ашып көрсетедi және елiмiздiң аумағындағы тарихи оқиғаларды көршi халықтардың тарихымен өзара байланыста қарастырады. Курстың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ежелгi және ортағасырлардағы тарихи үрдiстiң негiзгi кезеңдерi және ерекшелiктерi туралы толық түсiнiктер беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Азия, Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы

    Курста орта ғасырлық мемлекет, оның типтері, классикалық феодализмнің Азия-Африка елдеріндегі ерекшеліктері, феодалдық қарым-қатынастар формалары, шаруашылық типтері, феодалдық меншік, халықтардың өмір салттары қамтылады. Пәннің мақсаты Азия мен Африка халықтарының орта ғасырлық қоғамдық өмірімен, мемлекеттік- саяси құрылыстарымен, әлеуметтік – экономикалық жүйесімен, діни, мәдени, тілдік, этногенездік процестердің тарихымен егжей – тегжейлі таныстыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар дифференциалды оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту. Мақсаты: Инклюзивті білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдері туралы түсініктер қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Курста педагогиканың теориялық- әдіснамалық негіздерін, оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды анықтау, тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын педагогикалық технологиялар арқылы жүзеге асыру және педагогикалық қарым-қатынасты орната алу, өзара әрекеттестікті жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. Мақсаты білім алушының білім беру жүйесінде педагогикалық іс -әрекетті жүзеге асыру негізіндегі дүниетанымдық ұстанымын дамыту

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлар тарихы

    Курста Ү ғасырдан ХҮІІ ғасырдың ортасына дейінгі Батыс және орталық Еуропа елдерінің, Византияның тарихын қамтиды, яғни феодализмнің пайда болуынан оның ыдырауы мен капиталистік қатынастардың генезисіне дейін қарастырылады.Пәннің мақсаты орта ғасырлық қоғамның елдерiне қатысты маңызды процестерiн айқындап, мән, маңызын, феодалдық құрылыстың дамуының жолдарын, оның әртүрлі елдерде пайда болуының ерекшеліктерін ашу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының этнографиясы

    Курста Қазақстанда этнографияның ғылым ретінде қалыптасу мәселелері, Қазақ этнографиясының даму тарихы, Қазақстанның этнографиялық ғылымына ресейлік және басқа да ғалымдардың қосқан үлесі, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті, қазақ халқының тұрмысының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, мәдениетінің ерекшеліктері баяндалады. Пәннің мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлері мен, материалдық және рухани мәдениетімен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Этнология

    Курста этностың дамуына қатысты жалпы заңдылықтар, этникааралық қатынастар, этностың тарихи эволюциясы, дәстүрлi тарихи мәдениетi, шаруашылық мәдени типi, әдет -ғұрып, салт -дәстүрлерi қарастырылады. Пәннің мақсаты қазіргі этнология ғылымының теориялық және қолданбалы мәселелерімен сондай -ақ осы саладағы негізгі ғылыми зерттеулерге аналитикалық шолу жасай отырып таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы

    Курста қазақ-жоңғар қарым-қатынастары, қазақ билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы, ұлт-азаттық қозғалыстар, 1867-1868 жылдардағы реформалар, Қазақстанның патшалық Ресейдің отарына айналуы, отарлауға қарсы көтерілістер, бірінші ресейлік революция, азаттық үшін қозғалыстың қайта өрлеу жылдары қарастырылады. Мақсаты: Отан тарихы туралы білімді студенттер санасында тереңдету, оларды азаматтыққа, отансүйгіштікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық жүйесі

    "Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық теория

    Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Археология

    Курста археология пәні мен әдістері, археология ғылымының даму тарихы, тас дәуірі, палеометалл дәуірі, темір дәуірі,ортағасырлар археологиясы, Қазақстанның орта ғасырлық археологиясы қарастырылады. Пәннің мақсаты тарихи үрдістерді қалайша археологиялық деректер жаңғырта алатындығын көрсету, тарих ғылымы үшін археологияның танымдық маңызы мен ролін айқындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихы шетел деректерінде

    Курста Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының, Қазақстанның Ресейге қосылуының, кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы Қазақстан тарихының мәселелері бойынша шетелдік зерттеушілердің негізгі тұжырымдамалары қарастырылады. Пәннің мақсаты жалпы ғылыми әдістер негізінде деректерге талдау жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Архивтану және музейтану негіздері

    Пән студенттерді архив құжаттары негізінде зерттеулерді дайындау және құру бойынша архивтағы жұмыстың әдістерімен, түрлерімен және кезеңдерімен таныстырады. Базалық түсінік аппаратын және архивтанудың тарихи даму жолы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Пәнінің мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық архив қорымен таныстыру, оның жүйелерін үйрету.Қазақстан Республикасындағы архив және мемлекеттік архивтану функцияларымен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарих методологиясы

    Курста тарихи таным теориясы, әлемдік тарихи үрдістерді оқып үйренудің маңызды әдістері аясында білімдерді бекіту жүзеге асырылады, отандық, шетелдік ғылыми мектептерді оқып үйренуге, тарих ғылымының әдістерін практикалық игеру, оны ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға ерекше мән беріледі. Мақсаты тарихи процесстің маңызды теорияларымен таныстыру, ғылыми, арнайы және тарихи зерттеу әдістері туралы тұтас түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы

    Курста ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, Қазақстан ақпан, қазан революциялары және азамат соғысы, ұжымдастыру, индустрияландыру жылдарындағы Қазақстан, оның зардаптары, Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы, соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өмірі қарастырылады. Пәннің мақсаты кеңестік жүйедегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірімен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)

    Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Архив материалдарын пайдалану әдістері

    Курста архивтік құжаттарды пайдалану бағыттары, мақсаттары, пайдалану түрлері, архивтардың оқу залдарында зерттеушілердің жұмыс істеу ережесі, зерттеушінің архивтік құжаттармен жұмысы, құжаттың деректемелері және олардың анықтамасы қарастырылады. Пәннің мақсаты архив материалдарын пайдалану әдістерін үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының деректері

    Курста Қазақстан деректануының қалыптасуы мен дамуы, тарихи дереккөздердің түрлері, жіктелуі, деректанулық талдау әдістері, әдістемесі, халық ауыз әдебиеті, жазба деректер, статистика, мерзімді баспа, заңнамалық актілер, жеке тектік құжаттар тарихи дереккөздер ретінде қарастырылады. Мақсаты – келешек тарихшыларды Қазақстан тарихының негізгі деректер тобымен таныстыру, деректердің пайда болуының объективтілігі мен деректердегі субъективтілік туралы түсінік беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)

    Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теориялық деректану

    Курста деректанудың әдістемесі, теориясы, тарихи деректерді анықтау, деректерді жіктеу, зерттеушінің дерекпен жұмыс істеуінің негізгі кезеңдері, деректемелік анализ, деректердің пайда болу мәселелері, деректемелік базаның нақтылығы, зерттеудің жүйесі қарастырылады. Мақсаты: деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу, белгілі әлеуметтік жағдайдағы оның туындау себептерін, осы жағдайдағы деректердің гносеологиялық табиғатын тарихи танымның зерттеу обьектісі ретінде түсіндіру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Пән қосалқы тарихи пәннің негізгі бөлімдерімен, генеалогия, ономастика, геральдика, палеография, хронология, метрология, сфрагистика, геральдика, нумизматика және тағы басқаларымен таныстырады. Курсты оқытудың мақсаты-белгілі бір тарихи деректерді сынау үшін арнайы методика мен техникалық әдістерді қолдана отырып, зерттеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еуропа мен Америка елдерінің жаңа заман тарихы

    Курста капитализмнің пайда болуы мен қалыптасуы, сондай-ақ Еуропа, Америка елдерінің тарихи дамудың жаңа сатысына көшуіне байланысты саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінде болған барлық ілеспе өзгерістер оқытылады. Мақсаты батыстағы капиталистік қатынастардың негізгі генезисі, еуропалық мемлекеттердің бұл кезеңдегі даму ұқсастықтарын, еркшеліктерін, жаңа тарих дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, рухани дамуы, мемлекетаралық қатынастарын талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ хандығының тарихы

    Курста қазақ хандығының пайда болуының алғышарттары, қазақ халқының этникалық құрамы, қалыптасуы, қазақ жүздерінің этносаяси және шаруашылық факторлары, қазақ хандығының саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихы, ұлттық және мәдени саясаты қарастырылады. Мақсаты Қазақ хандығынының құрылуын, ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты талдау, қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін көрсету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы

    Курста ежелгі және ортағасырлық кезеңдегі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихының тарихнамасы, кеңестік тоталитарлық жүйедегі және тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы қарастырылады.Пәннің мақсаты әртүрлі кезеңдердегі Қазақстан тарих ғылымының даму тарихын зерттеу, оның дамуының өлшемдерін, әртүрлі көзқарастар бойынша түбегейлі шешімдерді айқындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзілік діндер тарихы

    Діннің ұғымы, діннің құрылымы, діни наным сенімдердің алғашқы түрлері, ұлттық діндер, буддизм, христиан діні және оның негізгі бағыттары, ислам, қазіргі замандағы діни жағдайдағы Қазақстан және дәстүрлі емес оқулар мен культтер қарастырылады.Пәннің мақсаты діни өмірдің көптүрлілігі мен бірлігі туралы, дін эволюциясының жалпы заңдылықтары туралы түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Батыс елдері тарихының тарихнамасы

    Курста жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдеріндегі тарихи эволюцияның басты оқиғалары және тарих ғылымының қалыптасу кезеңдері жүйелі түрде баяндалады, Әр түрлі тарихи дәуірдегі тарихи білімнің қалыптасуы мен тарих ғылымының дамуына әсер ететін факторларға баға беріледі. Мақсаты студенттерді Батыс елдерінің тарихнамасының жалпы және жеке мәселелері бойынша аса маңызды ғылыми зерттеулерді оқып үйренуге бағыттау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Европа елдерінің саяси және экономикалық дамуы

    Курста ішінара тұрақтандыру кезеңіндегі Европа мемлекеттері, әлемдік экономикалық дағдарыс, Европада тоталитарлық режимдердің орнауы, 1937-1939 жж. Европадағы саяси дағдарыс, суық соғыс, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ГФР, Ұлыбритания, Франция, Шығыс Европа елдеріндегі революциялар, КСРО ыдырауы, ТМД құрылуы қамтылады. Мақсаты ХХ ғасырдағы Европа елдерінің саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін ашу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өлкетану

    Курста облыстың тарихы, зерттеудің дерек көздері, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мәдени даму жолдары, оның ерекшеліктері, туған өлкенің тарихи тұлғалары, облыстың киелі жерлері, археологиялық және сәулет ескерткіштерінің тарихы қарастырылады. Курстың мақсаты ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі өлкенің тарихымен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқытудағы инновациялық технологиялар

    Курс барысында білім беру жүйесіндегі "инновация" түсінігі, инновациялық оқытудың негізгі ілімдері, инновациялық технологиялардың түрлері - интерактивті оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту т.б. технологиялар, олардың теориялык негіздері, ерекшеліктері және оларды тарих сабақтарында қолданудың жолдары туралы білім беріледі. Пәннің мақсаты – студенттерді мектепте тарихты оқыту технологияларымен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Рухани дүниетанымның мазмұны мен технологиясы

    Курста студенттердің кәсіби маман ретінде қалыптасу процесіндегі рухани дүниетанымның мазмұны мен технологиясының тиімділігіне түсініктер беріледі.Курста адам дүниетанымы мен рухани дүниетанымының тәжірибеде қолданудың мазмұны ашылады; студенттердің рухани және мәдени деңгейін дамытып, патриотизмге ынталандырады; өткен мен бүгіннің тарихын оқыту арқылы студенттердің рухани дүниетанымын қалыптастырады; рухани дүниетанымның технологиясы игеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі

    Курста тарих пәнінің міндеттері, мазмұны мен құрылымы, сабақ өткізу, оқытудың әдіс-тәсілдері, мазмұны, түрлері, білім алушылар іс-әрекетін ұйымдастыру, оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу, инновациялық технологияларды қолдану қарастырылады. Пәннің мақсаты мектепте білім беру үдерісін ары қарай жетілдіру мақсатында тарих пəнін оқытудың əдістемесі бойынша студенттердің қажетті теориялық білім көлемін меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ диаспорасының тарихы

    Курста қазақ диаспорасының теориялық аспектісі, Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан елдеріндегі қазақ диаспорасының қалыптасуының негізгі кезеңдері, қазақ диаспорасы орналасқан мемлекеттердің этносаясаты, тұрмыс жағдайы, саны, Қазақстанмен тарихи байланыстары, оларды қайтару мүмкіндіктері қаралады. Мақсаты қазақ ирреденттерінің пайда болуы мен қалыптасуы және оның диаспорасының өту процесін тарихи және ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи демография

    Курста халықтың динамикасын, қоныс аударуын, халықтың құрамын, тығыздығын, отбасылық және неке қатынастарын, жас және гендерлік тепе-теңдікті, демографиялық дағдарыстарды, сондай-ақ тарихи ретроспективадағы қоғамның дамуына демографиялық факторлардың жиынтық әсерін қарастырады. Пәннің мақсаты тарихи демографияның негізгі даму кезеңдерін, ғылыми терминологиясын, халық өсімінің динамикасын, халықтың құрамын, миграция мәселелерін зерделеп, түсіндіру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еуропа, Америка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Оқу курсында бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Америка елдерінің тарихын, соғыс аралық кезеңдегі халықаралық қатынастарды дамыту үрдістерін, экономикадағы ұлы депрессияның салдарын еңсеру проблемаларын, Батыс қоғамындағы маңызды оқиғалардың, жекелеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін қарастырады. Мақсаты тарихи процестің біртұтастылығы мен заңдылықтары, негізгі елдердің, аймақтардың даму ерекшеліктері туралы көзқарас қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жадидизм тарихы

    Курста ұлттық идеялардың негізі ретінде "жадидизм" туралы түсініктің пайда болуы, қазақ даласына жадидшілдіктің ағартушылық идеяларының әсері, оның әлеуметтік, мәдени және саяси мәні қарастырылады. Пәннің мақсаты жалпы мұсылмандық жадидизмнің ажырамас бөлігі ретінде қазақ ағартушылығын жан-жақты зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қытай тарихы

    Курста Қытай дамуының негізгі заңдылықтары, дәстүрлі хронологияның ерекшеліктері, сондай-ақ Қытайдың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет беріледі. Пәннің мақсаты ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі Қытай тарихын терең және жүйелі оқыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің тарихы

    Курста қазіргі кезеңдегі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тарихи дамуының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері қарастырылады. Пәннің мақсаты студенттерді Оңтүстік- Шығыс Азия аймағының қалыптасуы мен тарихи дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Латын Америкасы елдерінің тарихы

    Курста Колумб ашқанға дейінгі дәуірдегі Латын Америкасы, испандықтар мен португалдықтардың Американы жаулап алуы, аймақтағы алғашқы отарлық империялардың қалыптасуы, тәуелсіздік пен ұлы державалар үшін күрес, ХІХ ғасырдың екінші ширегі-ХХ ғ Латын Америкасы елдерінің дамуының негізгі тенденциялары, жалпы проблемалары, қазіргі кезеңдегі Латын Америкасы дамуы қарастырылады. Мақсаты Латын Америкасы елдерінің тарихын тереңінен түсіндіру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Алаш партиясы және Алаш орда үкіметінің қызметі

    Курста Алаш қозғалысы тарихының деректері мен тарихнамасы, "Алаш" ұғымы, Алаш Орданың Шығыс және батыс бөлімшесі, Алаш қозғалысы көшбасшыларының өмірі мен қызметі, көзқарастары, Алаш қозғалысы тарихы бойынша тарихи құжаттар, Алаш автономиясының мемлекеттік органдарын құрудың тарихи маңызы қарастырылады. Пәннің мақсаты: Алаш партиясы қызметінің маңызды аспектілерін талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азия, Африка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Курста бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Шығыс елдері, отаршылдық қайта бөліс және ұлттық қозғалыс, екінші дүниежүзілік соғыстағы Шығыс елдері, отаршылдық жүйенің ыдырауы, ХХІ ғасырдың әлемдік саясатындағы Азия, Африка елдері қарастырылады.Мақсаты Азия және Африка елдерінің ХХ – ХХІ ғасырлардағы дамуы туралы тарихи шындықты деректер арқылы сипаттап, баға бере білу қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тәуелсіз Қазақстанның тарихы (1991жылдан осы кезеңге дейін

    Курста тәуелсіз Қазақстанның тарихы ұлттық тарихтың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жаңа егемен мемлекеттің жариялануы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құрылысының қалыптасуы, экономикалық дамудың қазақстандық моделі, әлеуметтік реформалар қамтылады. Пәннің мақсаты тәуелсіз Қазақстан тарихын тереңдетіп оқыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азия,Африка елдерінің жаңа заман тарихы

    Курста XVII ғ. екінші жартысы –XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық қозғалыстар, Шығыс елдерінің батыс еуропалық елдерге тәуелді отар елдерге айналу үрдісі, отаршылдықтың тигізген әсерлері, жаңа саяси– қоғамдық топтардың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыс тарихы зерделенеді. Пәнді игерудің мақсаты жаңа замандағы Шығыс мемлекеттері мен қоғамдарының тарихи дамуының заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тенденцияларын ұғыну болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • КСРО және ТМД елдерінің тарихы

    Курста революция кезеңдері, Кеңес өкіметінің қалыптасуы, социалистік өзгерістер, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі реформалар, тоқырау және қайта құру жылдары, КСРО ыдырауының идеологиялық, саяси, экономикалық себептері, ТМД-ның құрылуы қарастырылады. Мақсаты КСРО құрылғаннан ыдырауына дейін болған негізгі оқиғаларды талдап, ТМД құрылу тарихын түсіндіру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерін сипаттайды, қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мән мәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктерін талдайды. Рухани дүниетаным жүйесінің мәнін, діни жағдайларды түсіндіреді, сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманы қолданады. Білім беруде ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу, жасанды интеллектіні қолдану әдістерін жіктейді. Кәсіпкерлік, қаржылық, құқықтық сауаттылықты жүзеге асырудың жолдарын және экономикалық заңдарды, категорияларды, еңбекті қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің негізгі нормалары мен ережелерін негіздейді, экологиялық жағдайларды саралайды.
  • Ғылыми және инновациялық пәндердің, оның ішінде педагогика, инклюзивті білім беру саласындағы теориялық білім, шеберлік, іскерлік пен дағдыларды педагогикалық қызметте және оларды пайдаланудың дұрыс әдістерін практикада қолданады. Білім беру ұйымдарының педагогикалық процесін ұйымдастыруда, жоспарлауда және басқаруда іс-әрекет, жеке тұлғаға бағытталған және технологиялық тәсілдерді сипаттайды.
  • Әлемдік, отандық тарих туралы білім жүйесін, сондай-ақ тарихи шындықты логикалық және бейнелі тұрғыдан игеру тәсілдерін анықтайды. Алғашқы қоғамдағы, ежелгі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі уақыттағы тарихи оқиғалардың барысын, әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайын сипаттайды. Өлкенің тарихи құндылықтарына қатысты мәселелер бойынша өз көзқарасын тұжырымдайды. Тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын сыни талдау арқылы әлемдік-тарихи дамудың жалпы парадигмасымен байланыстырады.
  • Зерттеулерде этнология, археология саласындағы базалық білімді қолданады, негізгі принциптерін түсіндіреді. Архив құжаттарындағы мәліметтерді талдаудың қазіргі кезеңдегі әдістерін негіздейді. Музей заттарын жинақтау және сақтау әдістемесін, архивтің ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесін саралайды.
  • Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы демографиялық жағдайды, қазақ диаспорасының қалыптасуының себептерін, негізгі кезеңдерін талдайды.
  • Отанымыздың тарихына қатысты тарихи деректерді, шетел деректерін, отандық және әлем тарихының тарихнамасын талдаудың жалпы ғылыми таным әдістерін түсіндіреді. Деректану, тарихнамалық тәсіл негізінде деректер мен тарихнамалық еңбектерді сыни тұрғыдан талдай отырып, жүйелендіреді. Тарихи деректермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндер әдістерін кешенді түрде қолданады.
  • Жадидизм, түрікшілдік тарихын, оның тарихи кезеңдердегі эволюциясын сипаттайды, ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық - саяси жағдайына және ұлт-азаттық қозғалыс тарихындағы Алаш зиялылары идеяларын негіздейді, олардың көзқарастары мен мұрасын талдайды.
  • Мемлекеттік қорытынды аттестацияны дайындау және өту үшін тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен саяси өзгерістері, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, ұлттық білім беру жүйесін модернизациялаудың өзекті міндеттеріне жауап беретін тарихты оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерін кәсіби қызметте қолданады.Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Тарихи білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдайды.

Ұқсас БББ

6B01601 Тарих

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01601 Тарих

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Астана халықаралық университеті

6B01601 Тарих және дінтану

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01601 Тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01601 Тарих мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01601 Тарих

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01601 Тарих

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01601 Тарих

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01601 Тарих

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01601 Тарих

Шымкент университеті

6B01601 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01601 Тарих

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01601 Тарих

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01601 Тарих

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01601 Тарих

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01601 Тарих

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01601 Тарих және қоғамтану (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top