Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01601 Тарих в Шымкент университеті

Пәндер

  • Этносаралық қатынастанрдың қалыптасу тарихы

    Этнос тарихы мен теориясының зерттеу объектілеріне баға беру. Этногенез және этникалық тарихтың, мәдениеттің теориялық аспектілерін түсіндіру. Этногенезді және этникалық үдерісті қайта құру үшін этнология дағдыларын пайдалана отырып, жаңа идеялар контекстінде этносаралық коммуникация ұғымдарын білу. Дүние жүзінің этникалық суретінің ерекшеліктерін, халықтардың географиялық таралуын, этникалық, антропологиялық тілдік құрамы мен шаруашылық-мәдени типтерін ашу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаhандық құзыреттер

    Пәннің мазмұны студенттердің қазіргі әлемдегі жаһандану және интеграциялық процестер туралы терең түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында Халықаралық экономикалық интеграцияның рөлі қарастырылады, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық интеграцияның тәжірибесі зерттеледі. Жаһанданудың теориялық модельдері және жаһандану мен Аймақтық интеграцияны анықтайтын объективті факторлар талданады. Халықаралық интеграцияның практикалық аспектілері, соның ішінде Еуропалық Одақтың тәжірибесі, Америкадағы, Азиядағы және Африкадағы Интеграция және посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграция тенденциялары зерттелуде. Мегажобаларға халықаралық интеграцияны дамытудың жаңа кезеңі ретінде ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тарихи өлкетану, мұражайтану

    Тарихи өлкетану, мұражайтану пәні, міндеттері және әдістері. Өлкетану жұмыстарының бағыттары. Туған өлке тарихы бойынша заттық, жазба және ауызша дерек көздер. Қазақстандағы өлкетану істерінің бастаулары. Мұражайлық өлкетану және ескеткіштерді қорғау ісінің дамуы. Мұражайтану ғылыми пән ретінде. Мұражайлық зат. Мұражайтанудың мәселелері, әдісі мен құрылымы. Алғашқы мұражай ісі. Мұражайлық классификация. Мұражайдың қызметі. Мұражайды жабдықтау.Мұражайды ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан археологиясы

    Тас ғасыры. Археологиялық және геологиялық кезендер. Антропогенез. Палеолиттік өнер. Қола дәуірі. Ерте темір ғасыры. Скиф-сармат мәдениеті. Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы ерте қалалар мен мемлекеттер. Қара теңіздің солтүстік жағалауын римдіктердің игеруі. Рессейдің орманды далалы массивіндегі ерте темір ғасыры. Орта ғасырлық Азия ортағасырларда. Түркі- кыпшақтардың археология¬лық ескерткіштері. Қазақстанның ортағасырлық археологиясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Палеография. Геральдика және сфрагистика. Қазақ руының таңбалары сияқты геральдиканың белгісі. Қазақстан қаласының гербтері. Қазақ хандығының мөрлері. Егеменді Қазақстанның мемлекеттік рәміздері (ту, герб, мөр) және олардың мағынасының толығуы. Фалеристика. Тарихи метрология. Евразия мемлекетіндегі әртүрлі кезеңдердегі ұзындық, биіктік, салмақтың метрге дейінгі бірлікте өлшемі. Қазақтардың өлшеу бірлігі. Хронология. Нумизматика. Генеалогия.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым – қатынасы, мектеп оқушыларының денсауығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігін жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.Қазіргі кезеңде оқушы баланың даму физиологиясы заман талабына лайық, бәсекелестікке қабілетті педагогикалық мамандар дайындауда рөлі мен маңызы едәуір өсіп отыр.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері

    Руханиятқа, білім, ғылымға еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыруына озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман талабына сай көзқарастар негізінде адамның ұлттық санасын жетілдіру. Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Педагогика

    Педагог ғалымдардың ғылыми-теориялық негіздері мен идеяларын зерттейді. Педагогикалық қызмет түрлерін жоспарлайды. Кәсіби қызметте оқыту мен тәрбиелеудің заманауи педагогикалық технологияларын қолданады. Ұжымда тәрбие процесін ұйымдастырады. Жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективаларын талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Алғашқы қауымдық қоғам тарихы

    Алғашқы қоғам деп аталатын адамзат тарихының ең ежелгі кезеңі бірнеше миллион жылдарды қамтиды. Осы уақыт аралығында жаңа физикалық келбеттегі адамның қоғамның өндіргіш күштерінің, әлеуметтік және жанұялық-некелік институттардың қалыптасуы болып өтті, негізгі нәсілдік және антропологиялық түрлер, халықтар және тілдер пайда болды. Осы ғылымдардың мәліметтерін жинақтау қорытындылары алғашқы қоғамды жан-жақты реконструкциялау мүмкіндігін береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы

    Мемлекеттіліктің пайда болуы және дамуы, құлиеленушіліктің дамуы. Ежелгі Шығыс жер өңдеуінің тұрақтары. "Әлемдік" империялардың құрылуы: Ассирия, Иран. Мемлекеттік құрылымның ерекшеліктері және әлеуметтік стратификация. Ежелгі Шығыс елдерінің тарихы. Греция және Рим тарихының кезеңдері. Греция және Римде мемлекеттің түрлері ретінде полистердің қалыптасуы. Жекеменшіктің антикалық түрі. Греция мен Римде құлиеленушіліктің алғы шарттары және таптық қоғамы (классикалық құлдық). Македондық гегемонияның орнауы. Грек колонизациясы

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экономика және құқық

    Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін білу. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгеру. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйрену. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастыру. Өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    Білім беру саласында стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, басқарудың заманауи технологияларымен құралдарын меңгерген жаңа буынның менеджер-практиктерін дайындау. Тыңдаушылардың бойына кәсіби және басқарушылық құзыретін қалыптастыру, сонымен қатар тиімді ойлау мен оңтайлы шешім қабылдау дағдыларын оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жасанды интеллект

    Бұл пәннің мақсаты-студенттерге жасанды интеллект (AI) туралы негізгі білім мен түсінік беру. Пән студенттердің жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінуін дамытуға бағытталған. Пәннің міндеті-студенттерге интеллектуалды жүйелерді таңдауға, конфигурациялауға және пайдалануға, оларды жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, дағдылар мен қабілеттерді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дінтану

    Дінтану оның пәні және функциясы. әлемдік діндердің жалпы сипаттамасы. Адамзат тарихындағы діннің ролі. Діннің мәселелері мен сипаттамалары. Діннің қарапайым түрлері. Көне таяу шығыс қоғамдарында қалыптасқан діни жүйелер. Көне Иран жеріндегі діндер. Иудаизм діні. Индуизм діні. Христиан діні. Ислам діні пайда болуы мен тамыр жоюы Қазақстан Республикасындағы діни жағдай . Дін және саясат. Қазіргі Қазақстандағы діни конфессиялардың орны.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың критериалды технологиялары

    Бағалау жəне олардың түрлері, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін анықтайды. Тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, критериалды бағалаудың мəнін, мақсаты мен ұстанымдарын түсіндіреді. Критериалды бағалау бойынша білімді кəсіби іс-əрекетте қолдану жолдары сипаттайды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлерін (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық бағалау) ажыратуды талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер

    Қазақстан тарихының өзекті мәселелерінің анықталып, зерттелуі. Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелердің Еуразиялық континент тарихымен және Орта Азиялық тарихпен қоса қарастырылуы. Қазақстан тарихындағы теориялық және әдіснамалық мәселелер. Параметрлік мәселесі. Идеологиялық база мәселесі. Қазақстан халықтарының этногенезі. Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы, тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы, тарихи сабақтары

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Білім беру мекемелері мен балалар тәрбиелеу ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттейді, тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Тәрбие әдістері, әдетте, тәрбиелік мәселелерді шешуге бағытталған, осы қызметті ұйымдастырудың бағыты немесе тактикасы, оқытушылар мен студенттердің өзара ынтымақтастығы ретінде анықталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Иран тарихы

    Иран: территориясы және халқы. Иранның ежелгі тарихы туралы деректер. Элам және Мидия-Ироан территориясындағы ең ежелгімемлекеттер. Парсы державасы. Парфия. Орта ғасырларға өту дәуіріндегі Иран. Иранның жаңа заман тарихы. 1918-2010 жылдардағы Иран.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихнама

    Пәннің мақсаты: тарих ғылымының даму заңдылықтары мен спецификалық ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру. Пән: тарихи ғылымның дамуының имманенттік және сыртқы факторларын, тарихи білімнің қозғалысына негізгі тарихи-философиялық концепциялардың әсер ету дәрежесін анықтау, тарихнамалық талдаудың принциптері мен әдістерін үйрету

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлардағы Еуропа және Америка елдерінің тарихы-

    Антика және орта ғасыр тоғысындағы Еуропа. Б.з.д.ІҮғ. дейін ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысы. Еуропада Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі ғұндар. Франк державасындағы феодализмнің дамуы. ІҮ-ХІІ ғғ. Византия.Ерте ортағысырдың аяғындағы Батыс Еуропа. Ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы. Крест жорықтары. ХІ-ХҮ ғғ. Франция, Англия, Германия, Италия және Еуропаның басқа елдері. ХІ-ХҮ ғғ. Батыс Еуропа және Византияның ортағасырлық мәдениеті. Ежелдегі Шығыс славяндар. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Еуропа.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлы Жібек жолының қалалары

    Ұлы Жібек жолының тарихын, бағыттарын, халықаралық сауданың дамуын зерттеу, Отырар, Көкмардан, Сауран, Сығанақ Қалашығы қалаларының пайда болуы. Ұлы Жібек жолы қалаларын тарихи-мәдени аудандастыру, Шу-Іле қалаларының сипаттамасы. Урбанизациялық процестердің жүруі. Талғар, Испиджаб, Тараз қалаларының маңызы көрсетіледі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі

    Оқыту әдiстемесiнiң теориялық-әдістемелік негіздері. Қазіргі кезеңдегі мектептегі тәрбие ролі. Мектеп бағдарламалары. Тарих пәнінің мемлекеттік стандарты. Тарихты оқытудың әдістері мен тәсілдері. Тарихтан оқу комплекстері. Тарихты оқытудың әдістері мен тәсілдері. Оқыту әдiстерiн жіктеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология)

    Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген қағидаттарды меңгертеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын дамыту мақсатында оқытылады. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, этикалық нормаларды дамыту. Қазақстандық құқық негіздерін, білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық актілерін, нормалардың негіздерін, нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдық негіздерінің түрлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсінігі мен құрылымын зерделейді. Пән тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер мен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттар мен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы

    «Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәні де адамзат тарихы сынды бірнеше тарихи формациялы дәуірлер мен кезеңдерден тұрады. Ерте феодалдық араб мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы.ІІІ-ҮІІІғғ. Тропикалық Африка. Закавказье халықтарында феодалдық қатынастардың қалыптасуы және дамуы. Орталық Азия мемлекеттері.Монғол империясы. Х-ХҮ ғғ. Корея мен Жапония. ХІ-ХҮ ғғ. Үндістандағыфеодалдық мемлекеттер. ХІІІ-ХҮ ғғ. Орталық Азия, Иран, Түркия және Закавказье. ҮІІІ-ХҮ ғғ. Азия және Солтүстік Африкадағы Араб Феодалдық мемлекеттері. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Азия және Африка.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік өркениеттер тарихы

    Курс білімгерлердің ежелгі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі замандағы қоғам мен мемлекеттің дамуының жалпы заңдылықтары мен алуан түрлі жолдары туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Өркениеттің әлеуметтік және мәдени-тарихи зерттеу тәсілдері, сызықтық және кезеңдік даму теориялары, "өркениет" ұғымы төңірегіндегі пікірталастар, өркениеттер типологиясы, өркениет түрін анықтаудағы аймақтық, мәдени және діни өлшемдер мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының тарихы

    Түркі елдерінің этногенезі. Қытай, орыс, араб, еуропалық және басқа деректердегі Түркілер. Жаңа және қазіргі замандағы Еуразиядағы түркі елдері. Саясат, қазіргі Түркиядағы саясат және мәдениет. Түркі елдерінің бірігу проблемасы және туранизм идеясы. Түркі елдерінің мәдениеті. Түркі елдерінің тарихының Қазақстанда және шетелдерде зерттелуі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы

    Көшпенділіктін пайда болуы мен дамуы, ерте мемлекеттік құрылымдарды қарастырады. Сактар, уйсіндер мен қаңлылар, ғындар, Орталық Азидағы көшпенділер,отырықшы өркениеттің мәселелерін түсінеді Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі кезеңі, Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азия жаулауы. Алтын Орда кезеңін, ХІҮ-ХҮғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің тарихын қарастырады . Сібір хандығы. Қазақ хандығының және Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы біледі. ХҮІ- ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ-орыс және қазақ-жоңғар қатынастары меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы

    XVIIғасырдың екінші жартысы мен ХХғасыр аралығындағы Азия елдері. Осман империясы. ХІХғ. Түркия. Танзимат. Либералдық конституциялық қозғалыс. Қытай. Жапония. Соғысқа дейінгі империализм дәуіріндегі Жапония (1900-1914) ХІХғ. Қытай. Тайпиндер көтерілісі және оның маңызы. ХІХғ. соңы – ХХғ. басындағы Индонезия, Вьетнам, Қытай, Корея және Оңтүстік Шығыс Азияның басқа да елдері. ХІХғ. соңында Қытай, Түркия, Иран жартылай отарларға айналуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы

    ХХ ғ. Бірінші жартысындағы Азия және Африка елдерінің экономикалық, саяси дамуының негізгі бағыттары. Колониялар, жартылай колониялар және тәуелді елдер. Монголия. Қытай және Жапаония соғысаралық жылдарда. Азия және Африка елдері екінші жүниежүзілік соғыс жылдарында. Колониялық империялардың ыдырауы және тәуелсіз мемелекеттердің құрылуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлемдегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы

    Ежелгі дәуірдегі мемлекеттердің пайда болуы және мемелекет аралық қақтығыстардың басталуы Грек-парсы мемлекетінің арақатынасының шиеленусуі. Афина демократиясы мен Спарта олигархиясы б.з.д. V ғғ. Саяси жүйе ретiнде Пелопоннес соғысы. Рим республикасының құлауы (б. з. д. 180-30 жж.) Рим республикасы саяси жүйесiнiң дағдарысы. Англия мен Франция арасындағы жүз жылдық соғыс. Француз халқының азаттық күресі. Түрік османдардың Балқан түбегін жаулап алуы және Балқан халықтарының азаттық қозғалысы. 1812ж Отан соғысы.Н.Бонопарт агрессиясына қарсы орыс халқының азаттық күресі К.Қасымұлы бастаған қазақ халқының 1837-1847жж Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы

    Тарихи үрдіс теориясы. Тарихи үрдістің категориялары мен сипаты. Формация және өркениет. Тарихи үрдістегі субъективтілік пен объективтіліктің диалектикасы. Тарихизаңдылық. Қажеттілік пен кездейсоқтық. Баламалылық. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы теориялары. Тарихи сана теориясы. Тарих пен философияның, тарих пен әлеуметтанудың арақатынасы. Тарихи сананың ерекшеліктері. Тарих ғылымының пәні және әлеуметтік функциялары. Тарихи сананың эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қытай тарихы

    Қытайдағы ежелгі мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы. Шинь-Инь дәуіріндегі Ежелгі Қытай. Чжоу кезіндегі ежелгі Қытай. Ерте орта ғасырлардағы Қытайдағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Таң империясының экономикалық дамуы. Юань империясының пайда болуы. Кейінгі орта ғасырлардағы Қытай. Минь династиясының сыртқы саясаты. Қытайдағы Цин патшалығы дәуірі. Чиң патшалығының дамуы мен құлдырауы. ХҮІІ ғ. соңғы жартысы-1918 жж. Қытай. Қытайдың «Жабық есік саясаты». 1918-2010 жылдардағы Қытай тарихы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы

    Қазақстанның Ресейге қосылуы. Абылай тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы. XVIII екінші жартысындағы Қазақстан. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы. XVІІІ- XІX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы халық көтерілісі. Қазақстан Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихының тарихнамасы

    Қазақстандағы ұл-азаттық көтерілістер тарихы. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихнамасы. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихнамасы, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихнамасы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихнамасы

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Индус¬триялық қоғамның дағдарысы және пост¬индустриялық өркениет негіздерінің қалыпта¬суы. Әлемдік капиталистік жүйе дамуының альтернативтік жолдары. Көп ұлтты империялардың құлауы. Еуропа және Америка елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы экономикалық, саяси және қоғамдық дамуының негізгі тенденциялары. Саяси идеологиялардың дамуы. ХХғ. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар

    Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар. Деңгейлеп оқыту, Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиялары, Модульдік оқыту, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Ойын арқылы оқыту, Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері (Ш.Т.Таубаева мен Б.Т.Барсай бойынша) Ынтымақтастық педагогикасы. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили) Ойын арқылы оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясы.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша). Түсіндіре басқарып -оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.Н.) Деңгейлік саралап оқыту технологиясы Оқытудың компьютерлік технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов)Деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Қараев) Сын тұрғысынан ойлау технологиясы (Ф.Я.Вассерман) Жобалап оқыту технологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстан халықтарының диаспорасы

    Диаспора туралы түсініктер. Қазақстанға басқа ұлттардың қоныстануы. Орыстардың Қазақстанға қоныс аударуы. Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Көпұлтты Қазақстан мемлекетінің қалыатасуы. Қазақстан халықтарының диаспорасы туралы мәліметтер. Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері, олардың қоныстану тарихы мен тіршілігі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы

    Еуропа мен Американың жаңа тарихы әлемдік тарих ғылымының бөлінбес бір бөлшегі ретінде қаралып, батыстағы капиталистік қатынастардың негізгі генезисі, еуропалық мемлекеттердің дамуы. Жаңа және қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері және кезеңдерге бөлу мәселесі. Батыс елдерінің дәстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға өтуі. АҚШ тың құрылуы. Ұлы француз революциясы. Еуропа және Америка елдеріндегі индустриалдық өркениет кезеңіндегі экономикалық, саяси және әлеуметтік үрдістердің сипаты. ХҮІІ-ХІХ ғғ. халықаралық қатынастардың дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы

    Пәннің мақсаты Қазақстан аумағындағы жалпы және ерекше тарихи үдерісті бағалау, тарихи заңдылықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау үшін тұжырымдамалық-теориялық проблемаларды талдау қабілетін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының ішкі, сыртқы саясатын талдау. Тәуелсіздік жолындағы Қазақстанның ұлттық идеялары мен қозғалыстарының тарихын түсіндіру. Қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктері мен маңыздылығын дәлелдеу

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы ұлттық элита және ұлт мәселесі

    Пәннің мақсаты: тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясын зерделеудің заманауи тәсілдерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жергілікті халықтың азаматтық сәйкестігінің дамуын талдаудың теориялық негізін қалыптастырады, қоғамдық-саяси өмірдегі интеллигенцияның орны мен рөлін анықтайды. Пән элитаның қалыптасуын, қоғам ішіндегі саяси, құқықтық идеологиялық, мәдени қатынастардың жиынтығын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетелдер тарихының тарихнамасы

    Дәстүрлі қоғамдардағы тарихи білімнің дамуы. Ежелгі дүниеде тарихтың оқытылуы. Грек, Римдік тарихнамасы. Орта ғасырлар тарихнамасы. Тарихи білімдердің жинақталу қорының кезеңдері. Қайта өркендеу кезеңіндегі орта ғасырлық тарихтың тарихнамасы. Орта ғасырлық тарихтағы Қазақстандық тарихнама. Жаңа замандағы Азия мен Африка тарихнамасы. Қазіргі заманғы Азия және Африка елдері тарихының тарихнамасы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ГУЛАГ жүйесі және Қазақстан қасіреті

    ХХ ғасырдың 30-50- жылдарындағы Қазақстан тарихы кезеңін қамтиды. Оқу пәні студенттердің КСРО кезеңінде Коммунистік партияның топтық-әкімшілік, тоталитарлық саясатының мәнін, лагерлер жүйесі туралы білім базасын қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының диаспорасы

    «Диаспора» және «ирредент» түсініктеріне теориялық- практикалық және салыстыриалы –жүйелі талдау жасау, диаспора негізгі нәтижесі болып табылатын миграцияға анықтама беру және классификациялау. Диаспора туралы түсініктер. Қазақ халқының диаспорасы туралы мәліметтер. ирриденттер туралы түсініктер. Қытай, Өзбек, Ресей мемлекеттеріндегі қазақ ирредиенттері. Қытайдағы қазақ диаспорасы. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы. Қазақ диаспорасы Еуропа мен Америка елдерінде.Еуропадағы қазақ диаспорасы. Қандастардың Отанына оралуы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи демография

    Демография ұғымы туралы түсініктер. Демография ғылымының қалыптасуы.Тарихи демографияның зерттеу тәсілдері мен әдістері. Тарихи демографияның қалыптасу кезеңдері. П.Соркиннің, М.Вебердің және қазіргі заманғы демографиялық теориялары. Тарихи демография теорияларының типологиясы. Қазақ демографиясы және демографияның тарихтағы алатын орны. Гендерлік саясат.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасы: тарихи анализ

    Курста ұлттық мәдениетті іске асырудың жаңа мүмкіндіктері зерттеліп, ата-бабаларымыздың тарихи-мәдени мұраларын насихаттау, жастарға қазақ халқының даналығын, Ұлы даладағы әлемдік тарихтағы рөлін жеткізу маңызды міндет. Біздің мемлекетіміздің тарихымен байланысты «Ұлы даланың жеті қыры» біздің еліміздің дамуын көруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақстан тарихының түпдеректері

    Тарихи деректерді жіктеу. Қазақстан тарихының деректері. Тайпалық бірлестіктер тарихы жөніндегі түп-деректері. Түркі дәуірінің тұсындағы жазба деректер. Орхон-Енисей жазбалары. Қазақстан тарихы жөніндегі Грек деректемелері. Қазақстан тарихы жөніндегі Қытай, Түрік, Парсы деректері. Қазақ тарихы Орыс зерттеушілерінің жазбаларында қарастырылуы. Шығыстанушылардың еңбектеріндегі қазақстан тарихының деректемелері. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының деректері. Мерзімді басылымдар-Қазақстан тарихының дерегші ретінде.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау

    Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау-мәдени ортаның элементі ретінде. Тарихи мәдени ескерткіштердің түрлері. Ескерткіштерді мемлекеттік қорғау. Ескерткіштерді сақтау жөніндегі мемлекеттік саясат. Тарихи мәдени ескерткіштер түрлері әлемдегі тарихи мәдени ескерткіштер туралы мәліметтер. Қазақстандағы мәдени ескерткіштер Қожа Ахмет Ясауи мовзалейі, Айша бибі,Қарахан мовзелейі т.б. және осы тарихи мәдени ескерткіштердің қорғалуы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Деректану

    Деректану теориясы. Тарихи деректердің методологиялық мәселелері.Курстың негізгі мазмұны теориялық дерекпен жұмыс жүргізудің және тарихтың негізі ретінде қарап талдау, сонымен қатар таным құралы ретінде зерттеп, тарихи - әлеуметтік жағдайда қалай пайда болып, сол дәуірді бейнелейтін және өзін жасаған оқиға туралы мәлімет беретін тарихи құбылыс ретінде оқып-білуге арналған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оңтүстік Қазақстан тарихы

    Оңтүстік Қазақстандағы тас дәуірі. Оңтүстік Қазақстанды мекен еткен тайпалар мен рулар. Орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан. Кейінгі орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан өлкесі. Қазақ хандығы құрылу қарсаңындағ Оңтүстік өңірі. ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы Оңтүстік.Оңтүстік Қазақстан өлкесінің шежіресі. Оңтүстік қазақстан ежелгі кезеңде. Тайпалық бірлестіктердің оңтүстікті мекен етуі. Орта ғасырлардағы Оңтүстік өлке. Оңтүстіктің Қоқан, Хиуа қоластына қарауы. Оңтүстіктегі ұлт-азаттық күрестер. Өлкенің Ресей қоластына өтуі. Оңтүстікте Кеңес мемлекетінің орнауы. Тәуелсіздік жылдарындағы өлкенің әлеуметтік, экономикалық дамуы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Алаш зиялыларының қоғамдық қызметі

    «Алаш қозғалысының тарихы» курсы хронологиялық жағынан Қазақстанда отаршылдық езгі, патша өкіметінің қазақ халқын қанауды одан әрі күшейтуі Қазақстанда отаршылдық езгі, патша өкіметінің қазақ халқын қанаудан әрі күшейтуі негізінде туындаған әр түрлі бас көтеру, наразылық акцияларынан бастап, саяси күштердің «Қазақ» газеті төңірегіне топтасуына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда қозғалысы қайреткерлерінің қуғындалып, қозғалыстың таратылу кезеңі болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіптік қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады
  • Білім берудегі инновациялық идеяларды жүзеге асырады; стандартты емес шешімдер қабылдау қабілетін көрсетеді; тарихи дилеммаларды талдайды; ғылыми теорияны тәжірибемен байланыстырып өз ұстанымын дәлелдейді; өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады
  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияларды біледі және түсінеді
  • Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарларын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланады, зерттеу нәтижелерін қорытындылайды, жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді
  • Әлемдік және отандық тарихтың ежелгі және ортағасырлар кезеңдері туралы іргелі білімдерін көрсетеді; әлемдік тарих контекстінде Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін және заңдылықтары мен ерекшеліктерін ғылыми талдауға негізделген азаматтық ұстанымын көрсетеді
  • Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми ұғыну мен зерделеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған болмысты бағалайды
  • Педагогикалық қызмет технологиялары мен дағдыларын, коммуникативтік стратегияларын модельдеуді және білім беру процесі мен ғылыми қызметіне енгізуді меңгерген; кәсіби педагогикалық міндеттерді және пәнаралық сипаттағы мәселелерді тиімді шешеді; сараптамалық-талдау дағдыларын қолданады
  • Жеке қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және мобильді сервистерді пайдаланады
  • Педагогикалық қызметке пәнаралық зерттеулер мен жаңашыл көзқарастар негізінде инновациялық тәсілдерді, әдіснама мен талдауды таңдауды жүзеге асырады,әлеуметтік құбылыстарды, процестер мен проблемаларды сандық және сапалық талдау дағдыларын меңгереді
  • Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету бойынша білім мен тәсілдерді меңгереді
  • Тарихи дереккөздермен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген; әлемдік және отан тарихының заманауи тұжырымдамалық тәсілдерін қолданады; жаңа және қазіргі замандағы тарихи процесті толықтай қабылдауды көрсетеді; тарихи терминологияны, тарих ғылымы мен аралас пәндердің теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгереді
  • Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның негізгі білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды
  • Экономика және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша білімдерін көрсетеді, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметіндегі этикалық нормалар мен моральдық құндылықтардың мәнін түсінеді. Қаржылық және бизнесті жоспарлау және ұйымдастырудағы бастапқы дағдыларын қалыптастырады, қоғамның экономикалық өміріндегі көзқарастарын дамытады.

Ұқсас БББ

6B01601 Тарих

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01601 Тарих

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Астана халықаралық университеті

6B01601 Тарих және дінтану

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01601 Тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01601 Тарих мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01601 Тарих

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01601 Тарих

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01601 Тарих

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01601 Тарих

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01601 Тарих

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01601 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01601 Тарих

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01601 Тарих

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01601 Тарих

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01601 Тарих

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01601 Тарих

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01601 Тарих

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01601 Тарих және қоғамтану (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top