6B01601 Тарих в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тарих саласында білімі бар, инновациялық ғылыми білім беру ортасы туралы түсінігі бар, жоғары деңгейдегі тұлғалық-кәсіби компетенцияларға ие, білікті және бәсекеге қабілетті білім бакалаврын даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Мақсаты-білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерімен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және жүзеге асыру заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дағдыларын және мемлекеттегі және қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері, сондай-ақ әділ және тең құқықтық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде инклюзия құндылықтары туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады. Білім алушылардың әлеуметтік, мәдени, физикалық немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның құқықтарының маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ілиястану
Пәннің мақсаты Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын терең әрі жан-жақты зерделеу арқылы қазақ халқының әдебиетін, өнерін, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары терең ойлы тұлғаны дамыту болып табылады. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдеби тілін дамытудағы маңыздылығын түсінуді; зияткерлік-шығармашылық ойлау дағдыларын, ұлттық-рухани мұра құндылықтарын бағалай білуді қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
"Қаржылық сауаттылық негіздері" курсы жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Сондай-ақ, курс аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды сақтауға және көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерге бағдарлануға үйренеді.Жеке қаржыны басқару саласында білім дағдыларын алуға ықпал етеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Мақсаты – экология, тұрақты даму және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру; бұл білімдер экологиялық үдерістерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын бағалауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылатын қорғаныс әдістері мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік қауіпсіздігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экологиялық үдерістерді болжау, сондай-ақ апаттар, техногендік және табиғи зілзалалардың салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда тұрақты даму қағидаттары негізінде негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Мақсаты – студенттерді қазіргі қоғам өміріндегі экономикалық мәселелермен таныстыру, экономикалық ойлауды қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы теориялық негіздер мен практикалық дағдылар бойынша білім алу. Бағдарлама студенттерге экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларында қолданбалы құзыреттерді меңгеруге бағытталған іскерлік білім беруді көздейді. Курс барысында тұрақты даму, ресурстарды ұтымды пайдалану және ұқыпты өндіріс қағидаттарын енгізу арқылы тиімді әрі экологиялық жауапты бизнесті жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы кәсіпкерлікке қойылатын экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік талаптарын ескере отырып, жеке бизнесті құру мен табысты жүргізудің ерекшеліктері ашылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Мақсаты - ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан археологиясы
Қазақстандағы археологиялық ғылымды зерттеу. Қазақстан аумағында алғашқы адамның пайда болуы. Ежелгі кезеңнің алғашқы екекерткіштері. Үйсін мен ғұндардың археологиялық ескерткіштері. Кейінгі көшпенділер археологиясы. Қазақстанның ортағасырлық археологиясымен танысу (жерлеу-әдет ғұрыптары ескерткіштер, қоныстар мен қалалар), жергілікті халықтың мемлекеттілігі мен этногенезінің қалыптасуындағы ортағасырлық кезеңнің орнын анықтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Алғашқы қауымдық қоғам тарихы
Алғашқы қоғам тарихы адамның шығу тегі және антропогенез процесінің қозғаушы күштері, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің пайда болуы мен алғашқы дамуы, материалдық және рухани мәдениеттің пайда болуы мен алғашқы қадамдары туралы мәселені зерттейді; қарабайыр тарихтың хронологиясы мен кезеңделуін зерттейді; адамзат қоғамының қалыптасуының теориялық мәселелерін ашады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Архелогия
Адамзат қоғамының өткені мен дамуын заттай тарихи деректердің негізінде зерттейді, археологиялық кезеңдеуді түсіндіреді, ежелгі қоғамдардың материалдық және рухани мәдениетіне назар аударады. Археологиялық заттардың уақытын анықтау әдістерімен таныстырады, археологиялық ескерткіштерге қарап, тарихтың ежелгі кезеңінің негізгі проблемалары мен археологиялық кезеңдеуді зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ежелгі Шығыс өркениеттері
Ежелгі Шығыстың тарихи даму ерекшеліктерін қарастырады; ежелгі өркениеттердің негізгі кезеңдері, қоғамдық даму заңдылықтары жайлы түсінік қалыптастырады. Өркениеттік көзқарас идеяларының объективі арқылы шығыстағы қоғамдық құрылымдағы айырмашылықтар мен ұқсас сәттер көрсетіледі. Пән ежелгі мемлекет тарихын, мәдениетін; қазіргі шығыстанудағы негізгі теориялық және әдіснамалық бағыттарды зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Ежелгі Грекия және Рим тарихы
Ежелгі құлиеленушілік мемлекеттердің пайда болуы мен дамуын, Ежелгі Греция мен Римдегі тарихи процестің ерекше сипатын, даму жолдарын, факторларын, қарастырады. Ежелгі дүние дамуының маңызды процестері мен заңдылықтарын ашады, Греция мен Римдегі алғашқы мемлекеттік құрылымдардың құлдырауын ғылыми тұрғыдан түсінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жасерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Педагогика
Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Мұражай ісі және мұрағат
Қазақстан аумағында мұрағаттар мен мұражайларды қалыптастыру, олардың кеңестік кезеңдегі және Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы қызметі. Мұрағат ісінің теориясы мен практикасының негізгі терминдері мен түсініктері. Мұрағат ісінің тарихы, мемлекеттік мекемелердің тарихы. Мұражай ісінің негізгі түсініктері мен аспектілерін ашады, курс практикаға бағытталған бағытқа ие және студенттердің өзіндік оқу біліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 7
-
Қосалқы тарихи пәндері
Келесі қосалқы тарихи пәндер қарастырылады: палеография, геральдика, сфрагистика, хронология, метрология, генеалогия. Өйткені оларсыз өткенді білу мен түсіну, әсіресе қосалқы тарихи пәндердің әдістемелік әдістерін зерттеу және түсіну мүмкін емес.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 7
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін қарастырады және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, мәні мен мазмұнын қарастырады, жаңартылған орта білім мазмұны аясында тәрбиелеу қағидаларын зерттейді. Болашақ педагогтың өз бетімен білім алу және кәсіби тұрғыда өз-өзін жетілдіруге мүдделілігін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Тарихи демография
Пәннің мақсаты: халықтың қозғалысын, оның тарихи процестің жүруіне әсерін, өсуін немесе кемуін, жыныстық құрамы туралы білімді қалыптастыру. Сондай-ақ белгілі бір өткен оқиғалардың популяцияға әсерін қарастырады. Тарихи демография жалпы халық туралы ғылым болғандықтан, оның ұғымдары мен категорияларын қолданады, әртүрлі уақытта жүргізілген санақ материалдарын деректер ретінде пайдалану қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Жетісу тарихы
Ежелгі заманнан бергі Жетісудің негізіг тарихи кезеңдері туралы дүниетанымды қалыптастырады, аймақтың дамуының аса бай мұрасы мен заңдылықтарын түйсіну жолдарын талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Тарихи өлкетану
Білімгерлердің тарихи өлкетану бойынша тарихи сананы қалыптастырудың құралы ретіндегі, тарихи-мәдени және табиғи мұраны табу, сақтау және пайдалану туралы жалпы түсінігін қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Ежелгі Қазақстан тарихы
Ежелгі дәуірден түркі кезеңіне дейінгі Қазақстан аумағындағы тарихи процестің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы толық түсінік береді. Курс Қазақстан аумағындағы ежелгі кезеңдегі мемлекеттік құрылымдардың саяси және әлеуметтік құрылымын түсінудің негізін құрайды. Ертедегі мемлекеттер тарихындағы ең маңызды тарихи және саяси оқиғаларды қарастырады, алғашқы адамдардың, тайпалар мен қоғамдардың қалыптасуына қатысты аймақтың мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Этнология
Этнологияның негізгі теориялары мен концепциялары қарастырылады, оның түсініктері мен категориялары, әдістері және әлем халықтарының этнографиясын оқудағы қолданысы айқындалады, Қазақстанды қоса алғанда әлемнің және дүниежүзі халықтары жіктелуінің антропологиялық, тілдік, шаруашылық-мәдени этникалық картасы сипатталады. Этногенез және этникалық тарих үрдісін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазақстанның орта ғасыр тарихы
Қазақстанның ортағасырлық тарихы курсы оқиғалар мен фактілерді қайта бағалаумен байланысты тарих ғылымының соңғы деректерін ескере отырып, V ғасырдан XVII ғасырға дейінгі Қазақстан аумағындағы адамзат қоғамының даму тарихын зерделейді. Қазақстанның ортағасырлық тарихының пәні Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық жүйелердің, шаруашылықтың, мәдениеттің, қоғамдық және әлеуметтік қатынастардың пайда болуы мен дамуын ортағасырлық кезеңнің әртүрлі кезеңдерінде зерттеу, Қазақ хандығының, қазақ этносының қалыптасуы мен өрлеуі болып табылады. Курсты оқу кезінде Қазақстанның әлеуметтік-мәдени, саяси, экономикалық және геосаяси жағдайының ерекшелігіне назар аударылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Ортағасырлар тарихы (Батыс)
Ортағасырлар тарихы қоғамдық-саяси және экономикалық өмірдің жаңа нормаларының қалыптасуы мен дамуын ашып көрсетеді, ортағасырлық мемлекеттердің территориясында болып жатқан тарихи оқиғаларды өзара байланыстыра отырып қарастырады. Ортағасырлық кезеңдегі мемлекеттер тарихының негізгі үрдістерін, феодализмнің қалыптасуын және оның белгілері мен мәнін; халықтардың қалыптасуын, ортағасырлық мемлекеттердің құлдырау себептерін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы
Азия мен Африка қоғамдарының тарихи дамуының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастырады, орта ғасырлардағы елдердің тарихи процестерін, олардың даму жолдарының өзіндік ерекшеліктерін, патриархалдық қатынастардың ыдырауы мен феодализмнің қалыптасуын, оның белгілері мен мәнін зерттейді; халықтардың қалыптасу барысы, ортағасырлық мемлекеттердің құлдырау себептері; дәстүрлі және феодалдық қоғам терминдерінің арақатынасын ашады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тарихи зерттеу әдістері
Курс тарихи зерттеу әдістерін шындықты танудың ерекше тәсілі және гуманитарлық білімді қалыптастырудың құралы ретінде ашады; тарихтағы пәнаралық зерттеулердегі деректану әдіснамасының рөлі мен орны туралы түсінік береді; шығу тегі мен мазмұны әртүрлі мәтіндерді талдаудың теориясы мен әдіснамасының жалпы негіздері және оны нақты зерттеу жағдайында қолдану тәсілдері туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
«Академиялық жазылым» пәні студенттерге эссе, эссе, аннотация, ғылыми мақала сияқты тарихи мәселелер бойынша академиялық мәтіндер жазу дағдыларын, сонымен қатар ережелерге сәйкес қорытынды біліктілік жұмысын (тезис / жоба) дамытуға бағытталған және жоғары білімнің талаптары, сонымен қатар есептер мен презентацияларды құру және редакциялау дағдыларын, библиографиялық сипаттамаларды дұрыс құрастыру және адалдық пен академиялық тұтастық принциптерін сақтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тарихты оқыту әдістемесі
Қазіргі мектеп талаптарын, жан-жақты дамыған саналы тұлғаларды дайындау міндеттерін назарға ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістерін, мазмұнын және ұйымдастырылуын ашып көрсетеді. Тарих пәні мұғалімі қызметінің теориялық және практикалық негіздерін оқытады, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оған дайындықты және оқытушының тұлғалық, кәсіби қаситеттерін көрсететін орта дайындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Дүниежүзілік діндер тарихы
Діндердің шығу тарихы кең мәдени-тарихи контексте қарастырылады: архаикалық, этникалықтан ұлттық және әлемдік діндерге дейін, олардың генезисі, ерекшеліктері, таралу географиясы; діннің негізгі тарихи формалары, олардың тарихи өзара байланысы және мәдениеттегі өзара байланысы; дін тарихы ғылымының негізгі категорияларын, мәселелерін ашады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Өркениеттер тарихы
Пәнді оқыту мақсаты: ежелгі дүниедегі Шығыс және Батыс өркениеттерінің қалыптасуының алғышарттарын, ортағасырлық кезеңдегі өркениеттердің даму ерекшеліктерін және біздің заманымыздағы өркениеттер тарихын зерттеу. Жалпы «өркениет» теориясының қалыптасу кезеңдерін және зерттелу деңгейін талдау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Оқыту нәтижелерін сыни бағалаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, олардың теориясы мен технологиясын меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі тарих сабақтарында сыни бағалаудың технологиялық негіздері мен оларды қолдану білімін қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақстанның демографиялық тарихы
Қазақстан тарихындағы демографиялық процестерді зерттеу бойынша мәліметтерді талдау, салыстыру және өңдеу. Оқу курсы Қазақстанның демографиялық тарихын және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуымен өзара байланысын ғылыми талдаудың теориялық негізін құрайды. Пән Қазақстанның демографиялық ахуалын дамытудың негізгі кезеңдерін, ғылыми терминологияны, қазіргі көші-қон жағдайы мен мемлекет саясатын, қазақстандық бірегейлікті сақтау проблемаларын зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллектті құру мен қолданудың негізінде жатқан негізгі ұғымдарды, әдістер мен алгоритмдерді зерттеуге бағытталған. Осы пән бойынша студенттер машиналық оқытудың теориялық негіздерін, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу алгоритмдері және компьютерлік көруді үйренеді. Олар сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларында жасанды интеллектті қолданудың этикалық, әлеуметтік және құқықтық аспектілерімен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының тарихы
Түркі халықтарының этникалық және саяси тарихын, Шығыс халықтарының европалық мәдениетпен және түркітілдес халықтардың мәдени-өркениеттік бастауларының даму тарихымен өзара әрекеттесу үрдісін қарастырады. Түркі халықтарының тарихы және мәдениетімен таныса отырып, түркілер қауымдастығының тұтастығын және отандық тарихтың туыстас халықтардың өткені мен бүгінгі тарихымен негізгі байланысын айқындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Оқыту мен оқудағы жаңашыл тәсілдер
Оқытудың инновациялық технологияларын, оның белсенді және интерактивті формаларын зерттейді: оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру жағдайында инновациялық технологиялар бойынша оқыту түсінігі мен түрлерін қарастырады; белсенді әдістер формасының инновациялық технологиялардың дәстүрлі түрі ретіндегі қалпын және оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу мен оларды дайындау мүмкіндігі қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы
Қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту әдістерінің әдістемелік мәселелері қарастырылады, қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылымның жетістіктерін ескеріп, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ диаспорасының тарихы
Қазақ ирредентінің, қазақ диаспорасының қалыптасуы мен географиясының кеңею тарихы, қазақ диаспорасының таралуы зерттеледі. Қазақтардың әлемнің әр түрлі аймақтарына қоныстану жағдайы оқытылады. ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар - қазақ диаспорасының қалыптасуының қозғаушы күші ретінде және еңбек миграциясы мен қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Заманауи педагогикалық технологиялар
Бұл пән оқыту мен тәрбиелеудің заманауи педагогикалық технологияларын қарастырады; білім берудегі инновациялық процестер; мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, моральдық-психологиялық имиджін қалыптастыруға ықпал етеді; Қазақстан Республикасында білім беруді модернизациялаудағы қазақстандық білім беру саясатымен және оның құқықтық негіздерімен таныстырады; білім беруде менеджментті жоспарлау, ұйымдастыру әдістерін ашады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Қазақстан тарихының жаңа кезеңі XVIII ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Аталған кезең Қазақ хандығы тарихындағы бірқатар ірі оқиғалар мен процестермен ерекшеленеді: бұл «Ақтабан шұбырынды» кезеңі, Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауы, Ресей империясының отарлау саясаты, қазақ мемлекеттілігінің жойылуы, қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресі, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту, ХХ ғасырдың басындағы либералды-демократиялық қазақ зиялыларының қызметі, ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі оқиғалардың ерекшеліктері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Теориялық деректану
Тарихи таным жолдарын, прогресс деңгейі мен тарихи ғылымның регресін қарастырады, тарихи танымның негізгі кезеңдерін, тарихшылар қалыптасырған объективті шындықтың деңгейі мен олардың осы уақыттағы маңызын анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы халық көтерілістері
Кеңес өкіметінің аграрлық қайта құру кезеңіндегі Қазақстандағы халық көтерілістерінің себептері мен міндеттерін, олардың күрделі және қарама-қайшы сипатын ашады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсы Бірінші дүниежүзілік соғыстың басынан қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Курстың тарихнамасы және деректанулық базасы қарастырылады; бұрын зерттелмеген немесе объективті қамтылмаған проблемаларды. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы рөлі, соғыстан кейінгі жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясатының тоқырауы объективті бағаланады. Тоқырау кезеңіндегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жағдайы, олардың артта қалу себептері, ұлтаралық қатынастар проблемалары. Сондай-ақ зерттеу объектісі қазіргі уақытта тәуелсіз мемлекеттің тарихы, жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы, президенттік институттың бекітілуі мен эволюциясы, билікті бөлу жүйесінің дамуы, қоғамды демократияландыру, партия құрылымының эволюциясы, демократия институттары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақстанда ұжымдастыру
ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанның аса күрделі әлеуметтік-экономикалық үрдістерін қарастырады, күштеп ұжымдастыру саясатына ғылыми негіздеме беріледі. Ұжымдастырудың сипаты мен мазмұнын; қазақ халқының дәстүрлі өмір салтының жедел түрде күйретілуінің мақсаты мен салдарын қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Халықаралық қатынастар теориясы мен тарихы
Халықаралық қатынастар дамуының, қазіргі заман кезеңіндегі халықаралық қатынастардың дамуы туралы жүйелі көзқарастардың теориялық негіздерін қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Тарихи таным және тарихи үрдіс теориясы
Білімгерлерді қазіргі тарихи-әдістемелік ойдың қалпымен, тарихи ғылымдағы ғылыми-зерттеу жұмысының ережелерімен, тарихи әдістеме бойынша алдыңғы қатарлы ой мен еңбектерді талдау жолдарымен, сондай-ақ ғылыми әдістерді қолданудың практикалық дағдыларын пайдланумен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Алаш қозғалысының тарихы
Қазақ интеллигенциясының идеялары мен көзқарастарын, қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудегі алаш зиялыларының қызметін зерттейді. Ұлттық сананы, Отанға деген құрметті қалыптастырады; алаш интеллигенциясы күресінің мысалында республика тәелсіздігін күшейту рухында жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әлемдік жүйедегі халықаралық ұйымдар
Пән халықаралық ұйымдардың әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын, елдер арасындағы даулы және даулы мәселелерді шешуде көрсетеді.Халықаралық ұйымдардың қызметі шеңберінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, нысандары мен әдістері туралы жүйелі түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихы бойынша деректер
Деректердің түрлері, олардың Қазақстан тарихына сәйкес жіктелуі ашылды. Қазақстан деректану пәні мен міндеттері. Қазақстан тарихы бойынша дерек көздердің жіктелуі. Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениеті көптеген ғасырлар бойы шығыс және Батыс өркениеттерімен тығыз байланыста және өзара іс-қимылда дамыды. Араб, иран, түркі, қытай, моңғол, еуропа, орыс ежелгі және ортағасырлық жазба ескерткіштері Қазақстан Республикасы аумағындағы этносаяси тарихты зерделеу үшін құнды дереккөздер болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Еуропа мен Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Шет елдер тарихының жаңа және қазіргі кезеңдегі дамуы мен қоғамдық-саяси және мәдени үрдістерді ашады, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ерте буржуазиялық революциялар заңдылықтарын, демократиялық қайта құру дәрежесін; биполярлық жүйенің ыдырау себептерін, қазіргі уақыттағы және қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарды көрсетеді; постиндустриалды өндіріске көшу және қазіргі уақытта ақпараттық қоғам құру проблемаларын зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Азия мен Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады және Азия мен Африка елдеріндегі Батыс державаларының отаршылдық саясатын, ХІХ-ХХ ғасырдың ортасындағы Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстар, Батыс Шығыс қоғамдарының дамыған елдерінің ықпалымен қайта құру, егемен мемлекеттердің құрылуы; соғыстан кейінгі жылдардағы және қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарын, постиндустриалды өндіріске көшуін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- оқытылатын курстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жазу мен рәсімдеу ережелерін сақтай отырып, ғылыми шынайылық пен объективтілік, өзектілік, маңыздылық тарапынан бағалай отырып, арнайы әдебиеттер мен деректерді ауызша немесе жазбаша талдау дағдыларын қолданады;
- арнаулы пәндер бойынша тірек терминдер мен түсініктерді қолдана отырып, археологиялық кезеңдер мен мәдениеттердің біршама маңызды және сипатты белгілерін, адамзат қоғамының алғашқы қауымдық қоғам кезеңіне өтудегі қозғаушы күштерін, алғашқы қауымдық қоғамнан өркениетке өтуінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын ажырата алады; алған теориялық білімін іс-тәжірибеден өту барысында қолдана алады;
- адамзат тарихындағы этнодемографиялық фактордың ролі мен маңызын ескере отырып, мәдениаралық байланыстарға қабілетті болады; әлемнің толерантты азаматы бола отырып, тарихи білімді білім алушылардың азаматтық бірегейлігін, патриотизмін, Қазақстанның көпұлтты халқының өткені мен болашағына деген құрметін тәрбиелеуде қолданады;
- тарихилық принципті қолдану арқылы тарихи дамудағы адамның ролі мен орнын анықтай отырып, әртүрлі кезеңдерде теориялық білімдерін кәсіби қызметте пайдалану барысында халықаралық қатынастардағы үрдістерді бағалай отырып, тарихи құбылыстар мен фактілерді талдай алады;
- қазіргі кездегі оқыту әдістері мен инновацияық технологияларды, мектептік оқу жоспары мен бағдарламаларымен жұмыс жасау және талдау дағдыларын, АКТ және сыни ойлау технологиялары негізіндегі білімін оқу қызметінде қолдану арқылы тарих бойынша оқу материалының мазмұнын құрастырады.
- өз ойлары мен пікірлерін қысқа ғылыми мәтін (эссе) негізінде білдіре алады және дәлелдей алады; ғылыми және ғылыми танымал мәтіндердің мазмұнын аннотациялар, рефераттар арқылы бере отырып, оларға стилистикалық талдау жасай алады; зерттеуші ретінде академиялық шыншылдық принциптерін сақтай отырып, нақты цитаталық мысалдар келтіреді және басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйенеді;
- құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу;
- тәрбиеленушілер мен бітірушілердің даму үрдісіндегі физиологиялық және функционалды ерекшеліктері мен жекедара білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру жүйелері мен педагогикалық ой-сананың эволюциялық заңдылықтары мен негізгі кезеңдері туралы ғылыми болжамдар жүйесін меңгеріп, оқу-тәрбие жұмысын басқара алады және жоспарлай алады;
- оқытытылған курстардағы бойынша анағұрлым маңызды ғылыми және қоғамдық проблемалық дискуссиялардың шығуын түсіндіре отырып, тарих ғылымының тарихы бойынша алған білімдерін дұрыс қолдана алады;
- өздері оқыған әртүрлі қосалқы тарихи пәндер мен деректердің ерекшеліктерін сипаттайды; курстық және дипломдық (жоба) жұмысты жазу, жазба жүмысқа сын пікір беру барысындағы тәжірибелік жұмыста дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдана отырып, қажетті құжаттарды іздеуде мұрағат және мұражайдың ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс істеу барысындағы дағдыларды қолданады;
- дискуссияға қатысушының ұстанымы мен дәйектер жүйесін ескере отырып, оқытылатын курстардағы талас тудыратын проблемалар бойынша өзіндік ұстанымын дәлелдер арқылы нақты жеткізеді; оны гуманистік идеалдар мен демократиялық құндылықтар негізінде бағалайды;
- Батыс және Шығыс өркениеттері мен мемлекеттерінің тарихи дамуының себеп-салдарлық байланыстарын айқындайды; зерттеліп отырған кезеңдегі мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі және сипатты белгілеріне салыстырмалы талдау жасайды; алған теориялық білімдері мен ағымдағы саяси оқиғалар негізінде ғылыми негізделген болжамдар келтіреді;
Ұқсас БББ
6B01601 Тарих
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01601 Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Астана халықаралық университеті
6B01601 Тарих және дінтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01601 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01601 Тарих мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01601 Тарих
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01601 Тарих
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01601 Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B01601 Тарих
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01601 Тарих
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01601 Тарих
Шымкент университеті
6B01601 Тарих
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01601 Тарих
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01601 Тарих
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01601 Тарих
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01601 Тарих
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01601 Тарих
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01601 Тарих
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01601 Тарих және қоғамтану (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті