Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары

    Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Лингвистикалық терминология

    Лингвистикалық терминдердің жасалу тәсілдері, даму және қалыптасу ерекшеліктері, терминдердің зерттелу тарихы жайлы мағлұмат береді. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтардың лингвистикалық терминдерді қалыптастыру жолындағы еңбектері, терминологияның ұлттық жəне интернационалдық қабаттары, терминдік жүйені біріздендіру, терминжасамның теориялық негіздері, қазақ ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыру жайлы мәселелерді меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Морфемалардың функционалды-семантикалық ерекшеліктері

    Морфеманың құрамы мен құрылым жүйесі, лексика-грамматикалық тұлғалардың функционалды-семантикалық ерекшелігі жайлы мәселелерді қарастырады. Морфемалардың семантикалық ерекшеліктерімен бірге, функционалдық қызметін де қоса зерделеу үшін морфемалық зерттеу әдістерін игертуді көздейді. Лексика-грамматикалық және функционалды-грамматикалық морфемалардың сөз жасаудағы қызметі мен семантикалық сипатына қазіргі ғылым тұрғысынан талдау жасауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде)

    Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздер

    Шумер тілдерінің зерттелуі, шумер тілі мен түркі тілдерінің ерекшеліктері, тарихи фонетикалық өзгерістер, оларға тән заңдылықтар, тілдің қалыптасу және даму тарихы, мәдениеті мен жазу түрлері жайлы мәселелерді қарастырады. Ғылымның соңғы жаңалықтарына сүйене отырып, өз зерттеулерінің нәтижесіне түзету енгізу және идеясы мен ой қорытындысын көпшілік алдында нақты баяндау жолдарын меңгертіп, пәнаралық білімдерін интеграциялауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы

    Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

    Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелер жайлы түсінік қалыптастырады. Әдеби бағыттар мен ағымдар, әдебиеттанудағы жаңа үрдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жаңа тақырыптық-жанрлық ізденістер жайлы мәселелер қарастырылады. Қазақ әдебиеттану ғылымының даму тарихы мен оның бүгінгі дамуы сараланады. Классикалық әдебиет пен постмодернистік зерттеулерді тану тәсілдері, әдебиеттану ғылымының теориялық жетістіктері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивті лингвистика

    Бүгінгі күнгі тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтау, тілдің қоршаған ортамен әрі адамдық факторлармен сабақтастығын зерделеу, когнитивтік парадигманың даму тарихын саралау, «тіл тану» ұғымының қалыптасу негіздерін зерттеу, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік теорияның дамуы мен қалыптасуы, концептілік талдау, когнитология ғылымының басқа салалармен байланысы жайлы мағлұматтарды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат (ағылшын тілінде)

    Халықаралық академиялық қоғамдастық нормаларына сәйкес ғылыми жобаларды іске асыруға дайындығы мен қабілеттерін қалыптастыруға, нәтижелерін жазбаша нысанда ұсынуға бағытталған және кәсіби шет тілі құзыреттерді қалыптастыру. Академиялық дискурстың ерекшеліктері: стилі, жанрлары, мәселелері, зерттеу сұрағын қою, кіріспе құрылымы, ғылыми жұмыс нәтижелерін ұсынудағы рөлі, библиография, анықтамалық аппаратты ресімдеу, аннотациялардың түрлері, оларды құрастыру ерекшеліктерін талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Лингвомәдениеттану

    Лингвомәдениеттанымдық және концептілік талдау жасау арқылы ұлттық мәдениетті тіл арқылы танудың заңдылықтары, тіл мен мәдениет сабақтастығы, этнос пен тіл байланысы, тіл мен ойлаудың бірлігі жайлы мәселелерді меңгертеді.Сөздердің танымдық ерекшеліктерін айқындауға, лингвомәдениеттанудағы негізгі ұғымдар мен терминдерді ұғындырады, пәнаралық байланыста білімді бағалауға, шығармашылық қабілетін өз тәжірибесінде дұрыс қолдануға машықтандырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әдебиеттегі тарихи ақтаңдақтар

    Әдебиеттегі тарихи ақтаңдақтар мәселесі жайлы мәселелер қарастырылады. Алаш қозғалысының өкілдері Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сәдуақасұлы, Ғ.Қараш және тағы басқа ақын-жазушылардың шығармашылығындағы азатшылдық ойларының қазақ әдебиеті мен мәдениетінен, руханиятынан алар орны талданады. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым¬ның қилы тағды¬ры жайлы мағлұмат беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Уәждеме теориясы

    Уәждеме теориясын, морфемалардың туынды сөздерді жасаудағы мәнін, атаулардың уәждену жолдарын зерттеуге, уәжділіктің атау теориясы, сөздің дыбыстық және мағыналық арақатынасы, тіл мен ойлау, күрделі аталымдардың уәжділік теориясы, атаулардың уәждену жолдары, туынды сөздің семантикалық сипаты мен уәждемелік негізділігің, номинативтік ерекшелігі жайлы мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәтін лингвистикасы

    Мәтіннің негізгі категориялары, мәтіндегі әртүрлі тілдік бірліктердің практикалық сипаты мен қызметі, мәтін бөліктері жайлы мағлұмат береді. "Тіл мәдениеті", "Қазақ тілінің стилистикасы", "Когнитивтік лингвистика" секілді жаңа бағыттағы пәндерді интеграциялау, академиялық теорияны тіл заңдылығына сәйкес талдау, өз тұжырымын көпшілік алдында хабарлау дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық зерттеулер

    Тіл теориясының негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, дамудың маңызды бағыттарымен, қазіргі тіл білімі мәселелері және теориялық лингвистиканың өзекті мәселелерімен таныстырады. Тіл білімінің өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім береді. Лингвистика тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық зерттеу әдістері мен әдіснамалары жайлы түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің фразеологиялық семантикасы

    Қазақ тіліндегі фразеологиялық семантика заңдылықтарын, фразеологиялық тіркестердің мағыналық топтарын қарастырады. Қазақ тіліндегі фразеологизм түрлерінің семантикалық жағынан топтастырылуы, мағыналық ерекшеліктері, фразеологиялық тіркестердің еркін сөз тіркестерімен ұқсастығы және айырмашылығы, тіркес құрамындағы ұйытқы сөздердің мағынасы,пәнаралық интеграция жайлы мәселелерді меңгертеді.Лингвистикалық зерттеу әдістерін игеруді, стандартты емес жағдайда білімдері мен қабілетін пайдалана білу жолдарын, ақпаратты дұрыс қолдану мәдениетін үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Лингводидактика негіздері

    Тілдік білім беру мәселелері және қазіргі тілдік білім берудегі негізгі бағыттар, оқытудағы субъекті мен ғылыми білім жүйесі, оқыту жүйесі, оқытудың мақсаттары, мазмұны, құралдары мен технологиялары, лингводидактиканың зерттеу нысаны мен пәні, қазіргі заман тұрғысынан талданады. Қазақ тілін оқытудың жаңа талаптары және оған әдістеменің сай болуының маңыздылығы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері, оқытудың заманауи әдістері, қазақ тілін үйретудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері жайлы мағлұмат береді. Оқу үрдісінде өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетті жетілдіріп, игерген білім, дағды, іскерліктерін өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас

    Пән тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, тілдің елтанымдық және дискурсивтік қызметін, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін меңгертеді. Қазақ тілі, салт-дәстүрі мен өнері негізінде шетелдік студенттердің лингвоелтанымдық және мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастырып, инновациялық әдістер арқылы тәжірибеде тиімді қолдану дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мәтінді әдебиеттанымдық талдау

    Көркем мәтінді образдар жүйесі, мәтіннің идеялық-көркемдік, тілдік-танымдық ерекшелігі, тіл мен әдебиеттің байланысы, көркем мәтіндегі сөздердің мағынасы мен қолданылу ерекшеліктері, ұлттық кодтың берілу жолдарын талдау жүйесі, мәтінді зерттеу әдістері жайлы мәселелерді қарастырады. Әртүрлі жағдайда талдау нәтижесін негіздеп, одан әрі білімін жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жасанды интеллект

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың әдістемелік негіздерін қарастырады. Пән барысында жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді пайдалану жолдарын, оқу материалдарын автоматтандыру, бағалау жүйелерін жетілдірудің негізі жетілдіреді. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда цифрлық технологияларды интеграциялау жолдарының тиімді әдістемелік негізі, жасанды интеллект дамуының жаңа тенденциялары талданады. Бұл пән оқу процесін заманауи технологиялармен оңтайландырудың тиімді мүмкіндіктерін ұсынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық

    Көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің патриоттық мәнін, дәстүр мен жаңашылдық мәселесін көркем шығармадан тауып, әртүрлі жағдайда гуманистік тұрғыдан талдауға, пікір айтуға үйретеді. Тарихи прозаны талдап, салыстыра зерттеу әдістерін игеруге,пәнаралық байланыста алған білімдерін интеграциялай білуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мен оқытудың әдіснамасы

    «Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мен оқытудың әдіснамасы» әдебиет тарихын зерттеудің негізгі әдістері, пәннің құрылымы мен мазмұны, теориялық және практикалық мәселері, пәнді оқытудың негізгі ұстанымдары, әдеби шығарманы зерттеу мен оқытудың әдіснамасы жайлы мағлұмат береді. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің әдіснамасын пәнаралық байланыста интеграциялауды қарастырып, көркем шығармаларды салыстыра зерттеуге, тұжырым жасай білуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі

    Жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдарды, ағартушылық-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің пікірлерін, оқытудың зерттеу әдістерін игеруді, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерін пәнаралық байланыста интеграциялауды қарастырады. Стандартты емес жағдайда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешуді, көпшілік алдында тұжырымдарын нақты айта алуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады;
  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді;
  • зерттейтін саласындағы пәнаралық байланыста немесе күтпеген кездейсоқ жағдаяттарда кездесетін проблемалардың мәнін түсіну және оны шешу барысында креативті ойлау нәтижесінен туындаған білімін шығармашылықпен қолдана алады, интеграциялай біледі.
  • зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде қазақ тілі мен әдебиетті оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсете біледі;
  • білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық әдістерді қолданып, метапәндік білімді біріктіреді және жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдаланады.
  • халықаралық басылымдардың беттерінде ғылыми мақалалар жариялайды, рефлексивті, қалыптасқан зерттеу мәдениеті мен ғылыми этика нормаларын сақтайды.

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top