7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары және орта арнайы оқу орындарында іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Курс барысында қазақ әдебиеттану ғылымы, дәуірлеу кезеңдері, бүгінгі әдебиеттану мәселелері талданып, ақын-жазушылардың бай мұрасы және шығармашылығы зерттеулеріндегі тұжымдар сараланады. Ұлт әдебиетінің тарихы тың тұжырымдармен нақтыланып, әдеби- теориялық аспектіде қарастырады. Қазақ әдебиетінің тарихы, орта ғасырлық, көне дәуір әдебиеттері туралы жан-жақты мәлімет беріледі. Әдебиет тарихын дәуірлеу сатылай кешенді талдау, тарихи-салыстырмалы, тарихи талдау арқылы талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Курстың мазмұны басқару психологиясының тәсілдері мен бағыттарын, басқарудың психологиялық заңдылықтарын, басқару мәселелерін жоспарлау мен шешу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Білім алушылар конфликттік жағдайларды шешудің психологиялық әдістерімен танысады, жұмысты ынталандыру тәсілдерін, басқарудың тиімді стильдерін қолдану әдістерін меңгереді. Басқару процесінің тиімділігінің төмендеуінің негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Пән бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының дамуын тарихи-салыстырмалы әдісі негізінде жан-жақты қарастырады. Зерттеу көздеріне сүйеніп, сөздердің грамматикалық түрлерге топтастырылу тарихы, грамматикалық категориялардың даму жолдары мен дыбыстық жүйеде болған тарихи өзгерістерді, оның тілдегі лексикалық қорға, грамматикалық құрлысына әсерін игертеді. Көне түркі мәтіндеріне тілдік тұрғыда тарихи талдау жасайды, қазақ тіліндегі қазіргі шығармаларды толық талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміндегі жаңа бағыттар
Қазіргі таңдағы әлемдік және отандық тіл білімінің дамуын антропоцентристік лингвистикалық зерттеулер тұрғысынан талдауға үйретеді. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы лингвистикадағы бағыттар жайлы мағлұматтар беру. Лингвогнесология, этнолингивистика, психолинвистика, әлеуметтіклинвистика, лингвомәдениеттану, паралингвистика, прагмалингвистика бағыттары бойынша талдауға үйрету. Адами қарым-қатынасқа тіл білімі, психологиялық зерттеу жүргізу тәсілдерін салыстыру. Әлемдік, отандық тіл ғылымдары дамуындағы тұжырымдар мен концепцияларды сыни тұрғыдан қарастырып, меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиетін дәуірлеу
Курс барысында әдебиет тарихын зерттей отырып, стиль, ағым, бағыт, әдеби мектепке назар аударып, сол кезеңнің әдеби өміріндегі басты тенденцияны анықтайды. Әдебиет тарихын дәуірлеуге қатысты ғылыми еңбектермен, тәжірибелерді жүйелі саралап, бағыттар мен көркемдік әдістерді, дәстүрмен жаңашылдықтың, әдебиеттің даму үрдісіне ықпалын жекелеген ақын- жазушылар шығармашылығы арқылы меңгереді. Қазақ әдебиеттану ғылымын бүгінгі кезең талабында қарастырып, шығармашылық қырларының зерттелуіндегі тұжырымдарды нақтылап түсінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Тиісті білім саласының түпнұсқа әдебиетін шет тілінде еркін оқуға оқытуды көздейтін кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеру; мамандық бойынша монологиялық және диалогтік нысанда ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамыту; магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты тақырыптарда жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлерімен танысу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Грамматика теориясының негіздері
Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының жүйесі, оның басқа тілдік деңгейлермен өзара байланысы, негізгі грамматикалық бірліктер мен ұғымдарды тіл білімі теориясы тұрғысынан қарастырады. Морфем мен сөз, сөз тіркесі мен сөйлемнің лингвистикалық табиғаты, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысын таныстыру. Грамматика теориясының ұғымдық аппаратын, негізгі грамматикалық теорияларды, грамматикалық талдаудың негіздерін игерту. Тілдік материалды сауатты талдауға дағдыландырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістер
Қазақ тіліндегі тіл дамуындағы соңғы жылдардағы тіл дамуының динамикасын, динамикалық үдерістердің коммуникативті- прагматикалық сипатын игертеді. 20ғ. 80-90 жылдарындағы тіліміздің стилистикалық динамизімін саралай түсіндіреді. Термин жасау үдерісі, терминография, лексикадағы жүйелі үдерістерді нақтылай отырып меңгерту. Лексикалық топты идеологиясыздандыру, саясаттандыру, метофоризациялау- әлеуметтік-саяси жағдайлардың бағасын беретін құрал екендігін игертеді. Аталым теориясы, тілдік семантика, функционалды грамматика, функционалды синтаксис мәселелерін салыстыру арқылы тәжірибеден өткізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Курс жоғары оқу орындарындағы пәндерді оқытудың принциптері, әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған, білім беруді басқару, кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған оқыту әдістері және білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуге дайындық мәселелері қарастырылады. Дидактика, заманауи білім беру тұжырымдамалары, оқу үдерісін жобалау және жоғары білімнің ерекшеліктері қамтылады. Магистранттар оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру технологияларын тәжірибеде қолдану және рефлексия дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлау мәдениетін зерттеуге бағытталған, аналитикалық мүмкіндіктер мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білім береді. Ғылымның тарихи эволюциясын және олар қалыптастыратын философиялық перспективаларды зерттейді. Қазіргі ғылымның пайда болуы, оның әлеуметтік және институционалдық байланыстары сипатталған. Ойлау эксперименттеріне, теорияларды растау мен теріске шығаруға, сандық және сапалық зерттеу әдістерінің пайда болуы мен қолданылуына байланысты жалпы философиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастар
Курс барысында қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттар туралы мәлімет алады. Жалпы лингвистиканың негізгі ғылыми парадигмаларының ғылыми концептуалды- терминологиялық аппаратын, әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің негізгі идеяларымен танысады. Парадигматикалық білімдердің қалыптасуындағы әртүрлі кезеңдердегі ғылыми теорияны меңгереді. Лингвистикалық бағыттар мен мектептердің ғылыми парадигмалары, ұстанымдары және постулаттарының онтологиялық және эпистемологиялық негіздеріне сыни талдау жасауға машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте көркем шығарманы ғылыми талдау
Курс жоғары оқу орындарында көркем шығарманы талдаудың тиімді жолдарын меңгертеді, мәтін талдаудың тиімді тәсілдері мен әдебиеттің теориялық ұғымдарын білім алушылардың өзіндік жұмыс жасауы арқылы меңгеруге баулытады. Көркем мәтіннің рухани-эстетикалық мәнін шығарманың рухани- эстетикалық мәнін түсіндіреді. Көркем шығарманы талдау кезінде бақылау, топтау, салыстыру, тұжырымдау, диагностикалық сауалнама, суреттеу, жинақтау, саралау әдістерін терең меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Функционалды грамматика
Курс функционалды грамматиканың басты ұғымдары мен категориялары, аспектілері жайлы мағлұмат береді. Дəстүрлі құрылымдық жүйе мен функционалды грамматиканың өзара сабақтастығын түсіндіреді. Оның белгілі бір семантикалық категорияларға жіктелген тілдік бірліктер, категориялар, құбылыстарды топтастыратын жүйе екендігіне көз жеткізіп, ғылыми тұжырым жасауға машықтандыру. Тіл білімі теориясында лингвистикалық талдаудың құрылымдық- жүйелік аспектілерін коммуникативті-функционалды аспектілермен бірлікте қарастыру дағдысына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиетті жоғары мектепте оқыту мәселелері
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының және тәжірибесінің қазіргі жағдайын меңгертеді. Оқытудың ауызекі әдістері, көрнекілік, практикалық әдістер, аналитикалық ойлау жүйесі тәрізді әдістемелердің ғылыми негіздемесін игереді. Әдебиеттік білімді саралап, жаңа бағдарламаны қарастырады, тұжырымдамалар негізінде талдау жасайды, базалық білім бағдарламаларын деңгейлеп сараптама жасауға үйренеді. Қазақ әдебиетінің жалпы орны мен негізгі ерекшеліктерін ажыратады. Қазақ әдебиетінен берілетін ғылыми материалдың эмпириалдық деңгейден теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жазба жұмыстарының жаңаша негіздері
Жаңа білім беру жүйесінің стандарт талабына сәйкес жазба жұмыстарын жазуға үйрету әдістемесінен білім, білік және дағды қалыптастырады. Жазба жұмыстарының түрлерін, жазу талаптарын, тәжірибелік ерекшеліктерін, жазба жұмыстарында жіберілетін кемшіліктерді түзету әдістерін, бағалау критерийлерін игереді. Халықаралық академиялық қоғамдастықтың талаптарына сай эссе, мақала жазу рәсімделуімен және құрылымымен танысады, талдау жасайды, тұжырымдама жасай біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әуезов және әдебиеттану мәселелері
М.Әуезовтің шығармашылығы мен әдебиеттанудың мәселелерін жан-жақты таниды, қаламгердің әлем, түркі әдебиетіне көзқарасын, шетелдік жазушылармен рухани байланысын көрсете алуға баулиды. Жазушының шығармалары, аудармалары, мақалалары арқылы лабораториясының әр түрлілігін танытып, түрік әдебиетімен байланыста меңгертеді. Жазушының стильдік ерекшеліктеріне негізделген және әдебиеттануда қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтап, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алуға үйретеді. Концепциялар мен теорияларды қаламгер шығармашылығы арқылы игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесінің тарихы
Кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, жан-жақты жетілген, теориялық білімі мен практикалық дағдысы жетілген маман даярлайды. Әдістеме ғылымындағы жаңышылдықтарға талдау жасап, тиімді қолдануды үйренеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін меңгереді. Жоғары мектепте қазақ әдебиетін оқытуды қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсетеді. Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдануды үйрету. Дидактика мен инновациялық технологияларды тиімді қолдануға баулиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиетті жоғары мектепте оқытудың әдістемесі
Курс барысында әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық ұғымдары оқытылады. Әдебиетті оқыту барысындағы амал- тәсілдер, қолданылытын әдістерді меңгертеді. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай талдауға үйретеді. Сабақ жоспарын жасау тәжірибесін меңгертеді. Теориялық білімді практикада жүзеге асыруды үйретеді. Оқытудың әдісі - лекцияның құрылымын, логикасын, жоспарын, әдебиеттердің берілуін, жаңа терминдерді, дәлелділігі, негізгі ойлар мен қорытыңдыларды, оларды ажырата білу, жекеленген жазбаларды, тірек конспектілерді қолдануды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Полилингвалді тұлға және тілдік коммуникация
«Коммуникация» терминінің қоғамдағы қызметі, соның ішінде тілдік қатынастағы атқаратын қызметімен танысады. Тілдік коммуникация мәселесінің басты ережелері мен заңдылықтары, ұстанымдары қарастырылады. Тіл мәселесінің ережелерін таныстыра келіп, білім алушыларға адам мен адам арасындағы, ұлттар арасындағы пікір алмасудың, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын меңгереді. Білім алушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетіп, сөйлеу мәдениетіне байланысты іскерлігі қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім алушылардың зерттеу қызметі
Курс барысында оқу үрдісін ғылыми-зерттеу бaғытында ұйымдaстырудың ғылыми-теориялық және әдіснaмaлық негіздеріне талдау жасалады. Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары айқындалады. Зерттеу жұмыстарын жекелей, шағын таптарда, топпен талқылауға және оларды практикада қолдауға мүмкіндік алады. Ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру негізінде магистранттардың зерттеушілік құзыреті қалыптасады. Ғылыми-зерттеу бaғытындағы жобa, прaктикaлық жобa түрлері және оны іске aсыру жолдaры ұсынылады. Магистранттар зерттеу қызметін ұйымдастырудың ұтымды әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Филологиялық пәндерді оқытудың электронды білім беру ресурстары
Филологиялық пәндер бойынша білім алушылар электронды білім беру ресурстарын оқыту және оқыту процесін басқару құралы ретінде пайдаланудың мүмкіндіктерімен, ерекшеліктерімен, негізгі бағыттарымен танысады. Электронды білім беру ресурстары негізінде оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемесін меңгереді. Оқытудың электронды білім беру ресурстарының және жасанды интеллектіні оқу үрдісінде қолданудың методологиялық-теориялық негіздерін меңгереді. Пән бойынша электронды оқыту құралдары мен Интернет-ресурстарға баға беріп, оқу сабақтарының әр түрлерін модельдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
ХХ –ХХІ ғасырлардағы әлем және қазақ әдебиеттануындағы жаңа бағыттар бойынша мәлімет беру. Әдебиеттанудағы жаңа бағыттар мәдени-психологиялық бағыттың ерекшелігін, қағидаларын авторлық ракурс тұрғысынан қарастыру. Мәтін теориясы мен поэтикасы бағыттары бойынша мәтін жайлы көзқарастарды суреткер тұлғасы туралы ғылыми-теориялық ұғымдарды түсіндіру. Психоаналитикалық, стуктурализм, постструктурализм, конструктивизм, деконструктивизм, герменевтика, компаративистік, философиялық-эстетикалық, семиотикалық, әдеби-когнитологиялық , әдеби-антропологиялық, психопоэтикалық т.б. жаңа бағыттарды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілді туыстас тілдермен байланыстыра отырып оқыту
Пән барысында мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілік қалыптасады. Оқыту барысында туыстас тілдердегі шағын әдеби шығармалары, әңгіме, эссе, новелла, публицистикалық, көркем мәтіндерін, деректі және көркем фильмдерін, тарихи материалдарын қолданады. Туыстас тілдердің интернационалдық терминдері мен терминологиялық атауларын тәжірибеде қолдануға үйренеді. Туыстас тілдер ерекшеліктерін анықтайды. Туыстас тілдердің ерекшеліктерін талдай отырып, өзара байланысын анықтауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвистиканың жалпы теориясы
Тіл ғылымы дамуының негізгі кезеңдері мен олардың ұлттық дәстүрлердің қалыптасуына қосқан үлесін сипаттайды. Әр түрлі лингвистикалық бағыт пен ғылыми мектептің философиялық негізін түсіндіреді. Тілді ғылыми тұрғыда зерттеуге орай әдістемелік және теориялық көзқарасты сараптай алуға баулиды. Лингвистика ғылымының қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, эволюциясын, парадигмаларын зерделейді. Лингвистикадағы салыстырмалы, контрастивті, компоненттік, типологиялық, дистрибутивтік, валенттілік, трансформациялық, құрылымдық әдіс- тәсілдерге кеңінен тоқталып түсіндіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің академиялық грамматикасы
Қазақ тілінің бүкіл грамматикалық құрылысын, оның бар деңгейінің теориялық мәселелерін бірге қарастырып, фонетика, сөзжасам, морфология және синтаксис салаларының қазіргі теориялық мәселелері жайлы мағлұмат алады. Грамматикалық ілімнің теориялық дамуындағы жаңарулар негізінде қазақ тіл білімі салаларының қазіргі қалпы туралы неғұрлым жан-жақты түсінік қалыптасады. Қазақ тілі академиялық грамматикасының бөлімдері саналатын морфология және синтаксис салаларына қатысты көзқарастарды талдап, саралай біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби ағымдар мен бағыттар
Əдеби ағымдар мен бағыттардың əдебиеттану ғылымындағы өзекті және күрделі мəселелердің бірі ретінде қарастырылады. Əдебиеттің даму ерекшелігі, көркемдік таным арнасы ағымдар мен бағыттар, əдіс мəселесімен танысады. Бағыт пен ағым мəселелерін жан-жақты талқылап, терең зерттеуді үйренеді. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы танымал ағымдармен таныстыру. Әдебиет теориясының даму заңдылығын меңгерту. Орта ғасырлық символизм, қайта өрлеу кезеңіндегі реализм, модернизм, постмодернизм ағымдарында жазылған көркем шығармаларды талдауға баулиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесінің тарихы
Пән қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, методологиялық- теориялық негіздері туралы мәлімет береді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы, даму жолдарын игереді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бүгінгі жағдайы, болашақ міндеттері, шешімін тапқан және шешілмеген негізгі мәселелер бойынша толық білім беріліп, тиімділігі жоғары әдістерді қолдану дағдысын қалыптастырады. Әдістемелік бағыттардың басты нысаны, мәселесі, өзіне тән ерекшелігі, әдістеме ғылымының даму тарихы талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Коммуникативті грамматика
Коммуникативтік мәдениет және грамматикалық құрылымдардың рөлі туралы түсінік қалыптастырады. Қазақ тілі грамматикасын оқытудағы қатысымдық әдістің тиімділігіне тоқталады. Әр түрлі мәтіндерді мазмұндап, баяндай алады, ғылыми-анықтамалық әдебиеттерді оқиды және керегін таңдайды. Игерген білімді пайдалана алу қабілеті болады. Материалды тілдік, әдеби негізде, қарым-қатынаста сұрыптай алуға дағдыланады. Ана тіліндегі тілдік қатынастың ортологиялық, стильдік және риторикалық негізін біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Теориялық грамматика
Тіл жүйесінің қазіргі даму тенденцияларын, грамматикалық құбылыстың аспектісі мен екі негізгі бөлімі морфология және синтаксис жайлы мағлұмат алады. Теориялық тұжырымдар мен өзіндік қорытынды жасау қабілеті дамиды. Ауызша және жазбаша сөйлеудің қажетті дағдыларын игерту. Кәсіби қызметті жетілдіру үшін алынған ақпаратты талдай алуға үйрету. Оқытылатын тілдің әдеби нормада сөйлеуге және осы білімді қарым-қатынаста және кәсіби қызметтерінде қолдана алуға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Тілді психикалық құбылыс ретінде тани отырып, әлеуметтік- мәдени қарым- қатынасқа бейім тұлғаның сөйлеу механизмін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра отырып, тілдің функционалдық ерекшеліктерін қарастырады. Тіл фактілерін тіл білімі және психолингвистика ұстанымдары тұрғысынан талдауға дағдыланады. Психолингвистикалық талдау әдіснамасын және практикалық іскерліктерді игереді. Ғылым және білім беру қызметі салаларында психолингвистиканың жетістіктерін қолдануға үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби ағымдардың қалыптасу тарихы
Пән барысында әдеби ағымдардың қалыптасу тарихының кезеңдері, бүгінгі табыстары, жаңа әдеби бағыттардың даму жолдары, әдеби ағымдардың қалыптасу тарихының өзекті мәселелері, жаңа әдеби бағыттың даму кезеңін меңгереді. Жаңа әдеби бағыттардың қалыптасуына үлес қосқан зерттеушілердің жаңа әдеби бағыттардың постструктурализмдік, неомифологизмдік, постмодернистік, феминистік, мифопоэтикалық, герменевтикалық дәстүр т.б. жетістіктері мен ізденістерін, қазіргі әдебиеттанудағы негізгі мәселелерді игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Курс тілді жоғары мектепте оқытуда оқытушы әдебі, сөйлеу мәнері мен мәдениеті, әдеби тіл қалпын сақтау ережелерін игертеді. Пән магистранттың болашақ мамандағына қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады. Кәсіби теориялық білім мен тәжірибелік әдістемелік дағдыларды қалыптастырады. Білім берудің жаңашыл әдістерін оқу үрдісінде тиімді қолдануды үйренеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық және әдістемелік негізін меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Когнитивті лингвистика
Лингвокогнитивтік зерттеулердің теориялық тұжырымдары, қалыптасуы мен басты бағыттары жайлы қарастырады. Когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды және метатіл түсініктерін игерту. Танымдық аспектіге қатысты ғылыми еңбекті, концептуалды пікірді, көзқарасты талдай білуге дағдыланады. Қазақтың тілтанымдық теориясының концептуалдық жүйесін және когнитивтік парадигмасын тіл білімінің ұлттық сипатын танытатын, сонымен бірге әлемдік қордың негізгі ғылыми арнасын құратын қағида тізбегі ретінде анықтап, талдау жасауға үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.
- Жоғары кәсіби білім проблемаларын және оның болашақ өркендеуін шешу.
- Ғылыми-зерттеуді және ғылыми-педагогикалық істерді ұйымдастырудың методологиясын және жоспарлау алгоритмдерін білу.
- Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері жайында жүйелі білім беру мақсатын көздейді.
- Грамматиканы зерттеудегі қалыптасқан теориялардың ролі мен маңызын меңгеру.
- Білім беру және оқыту теориясы саласындағы стратегиялық құжаттарды білу негізінде сапалы оқытудың педагогикалық тәсілдерін түсінеді.
- Кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру.
- Филологиялық білім ретінде сөз өнерінің өзіндік мазмұны мен оны көрсететін пішіндердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгеру.
- Тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастардың теориялық мәселелерін, заңдылықтарын игеру.
- Сөйлеу актілерінің теориясында бүгін семантикалық бағдарланған және прагматикалық ағымдар мен жаңа бағыттарды білу.
- Сөздердің бір – бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрылысын, сөздердің қызметін, сөйлем жүйесін меңгеру.
Ұқсас БББ
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Торайгыров университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)