7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, Қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды білім, кәсіби құзыреттер алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Жоғары білімнің қазіргі парадигмасы және жоғары мектептегі ғылыми қызмет теориясы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында зерттеледі. Педагогика, кәсіби шебер-мамандарды тәрбиелеу, білім беру ұйымдарында оқытудың кәсіби дағдылары, жоғары мектепте педагогикалық бақылау және білімді бағалау туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Фольклор теориясы
Фольклор туралы халық шығармашылығының бастаулары, ұлттық мәдени құндылықтары туралы, өзіндік эстетикалық жүйесі, оның әмбебап және ұлттық ерекшеліктері, басқа түркітілдес халықтардың ауызша сөз өнерімен байланысы, қазіргі мәдени парадигмадағы орны туралы ғылыми, теориялық негізделген идеяларды қалыптастырады. Тек пен түрдің табиғатын танып біледі, қазақ фольклорындағы жанр туралы ұғымдарды зерделейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ЖОО-да әдебиетті оқыту әдістемесі
Курс мазмұны жоғары мектепте әдебиетті оқытудың мәнін меңгертуге бағытталған. Курста әдебиет салаларын оқытудың әдіснамалық тәсілдері қарастырылады. Әдебиет пәні оқытушысының жаңашыл мәдениетіне қойылатын талаптар берілген. Курс мазмұнында әдебиетті оқытудың инновациялық форматы және ЖОО-дағы білім беру үдерісінің жоғары сапалы нәтижесін қамтамасыз ететін технологиялар қарастырылған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтары, менеджер қызметінің құрылымында әлеуметтік-психологиялық білімді пайдалану ерекшеліктері, тиімді басқарудың негізінде жатқан әлеуметтік-психологиялық принциптерді талдау дағдылары, басқару психологиясының теориялық ережелері мен өзекті мәселелері; басқару психологиясының ерекшеліктері, басшының жеке ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми аударма негіздері
Курсты игеру барысында магистранттар ғылыми мәтіндерді аударудың өзіндік ерекшеліктерін талдайды. Оларды өзге тілге аудару барысында қолданылатын түрлі тәсілдер мен амалдар арасындағы байланысты, ғылыми мазмұндағы материалдың аударылу заңдылықтарын, басқа тілдердің ғылыми әдебиетін танытатын тілдік тұлғалар (терминдер мен терминдік тіркестер), яғни арнаулы атаулар мен мәтіндердің аударылу жайы туралы түсінікті меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Түркітану мәселесі
Көне және қазіргі түркі халықтары туралы мәлімет бере отырып, көне мұралар тілінің негізгі белгілерін қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдерімен салыстыра отырып талдайды. Тілдің туыстық ерекшеліктерінің, айырмашылықтарының себебін, ортақ сипатын анықтайды, түркі тілдеріне тарихи-салыстырмалы зерттеу жүргізеді, туыстас түркі халықтарының тілін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарында тиімді қарым-қатынас жасау үшін пәндік саладағы шетел тілінің сөйлеу әрекетінің дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуді, ауызша және жазбаша екі жақты аударма тәжірибесін үйретуге арналған. Арнайы мақсаттағы шетел тілінің ерекшеліктері мен кәсіби сөйлеу нормалары мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты-ғылыми білімнің философиялық құбылыстарын оның даму тенденциясында және өзгеретін әлеуметтік-мәдени профилінде зерттеу. Пәнді зерделеу нәтижесінде ғылыми танымның ерекшеліктері, қазіргі өркениет мәдениетіндегі ғылымның рөлі, білім алушыларда философиялық ойлау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік лингвистика
Курс тілдің қоғамдық табиғаты, тілдің әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың негізгі формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл, территориялық диалектілер, койне, пиджин), тілдің әлеу¬меттік саралануы (жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм (қостілділік), пид¬жи¬ни¬зация және креолизация процестері т.б. мәселелерді қарстырады. Магистрант қазіргі қоғамымыздағы тілдік саясат, тілдік жағдаят, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі және тіл туралы заңдарды түсініп, орыс тілінің және басқа тілдердің әлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі орнын, Қазақстандағы қостілділік пен көптілділік, олардың түрлерін саралап көрсетуге дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі түрік әдебиеті
Пән білім алушыларға қазіргі түрік әдебиетінің үдерісін, әдеби-тарихи теориялық поэтикасын, түрік әдебиетіндегі дискурс табиғатын меңгертеді. Түрік әдебиетіндегі әдеби-теориялық ой-пікірдің қалыптасу кезеңдері туралы зерттеу еңбектердегі тұжырым мен қорытындыларды қазіргі кездегі ғылыми көзқарастармен ұштастырады. Көркем шығармаға ғылыми және тарихи шындыққа сәйкес баға береді. Қазіргі түрік әдебиетіндегі поэзиялық және прозалық шығармалардағы көркемдік ерекшеліктер, нарратор қызметі, дискурс түрлері және берілу жолдары, нарративтік тәсілдің әдіснамасы негізінде көркем мәтіннің ақпараттық мәні мен эстетикалық табиғаты туралы тұжырымдарға ғылыми көзқарасы қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Лингвистикадағы шетелдік кәсіби терминология
Курс шет тілді терминдерді қалыптастыру тәсілдерін, грек-латын лингвистикалық терминологиясын және халықаралық терминологиялық қорды қалыптастыруды, транслитерация, транскрипция, калькалау ерекшеліктерін, лингвистикалық терминологияның лексикографиясы мәселелерін қарастырады. Терминология процестерін талдау және арнайы лексиканы анықтау негізінде магистрантта лингвистикалық терминдердің көптілді сөздіктерін құру қағидаттарына негізделген лингвистикалық терминологияны аудару дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттану/тіл ғылымының философиялық - әдіснамалық мәселелері
Курс ғылыми-педагогикалық зерттеулерде және ұлттық әдебиет тарихын оқытуда туындайтын қазіргі заманғы барлық эстетикалық, философиялық және теориялық проблемалар түйінін шеше алатын кәсіби мамандар даярлауға бағытталған. Магистрант алған білім байлығын, әдеби мәтінді талдау дағдыларын, әдеби кейіпкерді түсіндірудің теориялық негізін, көркем материалды құрылымдық талдауды пайдалана отырып, оны білім беру процесінде қолдана білуі тиіс. Магистрант қазақ әдебиетіндегі шығармалардың философиялық астарын, эстетикалық табиғатын таныту, қазіргі қазақ әдебиеті шығармаларының баяндаушылық ерекшеліктерімен таныстыру, теориялық және әдістемелік қорытындылау арқылы әдеби мәтінді талдау дағдыларына үйрету принциптерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Лингвистикадағы инноватика
Лингвистика саласындағы жаңалықтарды қазіргі тіл ғылымының өзекті мәселелерінің бірі ретінде талдайды. Тіл біліміндегі зерттеу жүйесінің заманауи әдістерін меңгереді. Тілтану туралы ғылымды философия, әдебиеттанумен ұштастыра отырып, ғылыми-инновациялық және өзекті мәселелерді игереді. Лингвистиканың бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты саралайды, оларды психолингвистика, семиотика, лингвомәдениеттану тұрғысынан талдау жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудағы шетелдік кәсіби терминология
Курсты игеру барысында білім алушылар әдеби терминология саласындағы білімдерін тереңдетіп, оларды ғылыми салада пайдаланады. Шығармашылық және зерттеу қабілеттерін дамытады, қазіргі заманғы көркемдік құрал ретінде нақты ғылыми-танымдық ұғымдарды меңгереді және өз білімін әдеби мәтіндерді талдау барысында қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудағы инноватика
Көркем әдебиетті зерттеудегі жаңалықтарды, яғни инноватиканың ерекшеліктерін қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі ретінде талдайды. Әдебиеттанудағы зерттеу жүйесінің заманауи әдістерін меңгереді. Әдебиет туралы ғылымды философия, лингвистикамен ұштастыра отырып, ғылыми-инновациялық және өзекті мәселелерді игереді. Әдебиеттану ғылымының бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты саралайды, оларды лингвопоэтика, семиотика, неомифологизм поэтикасы тұрғысынан талдау жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Арнайы және анықтамалық әдебиеттер, реферативті журналдар, мамандық бойынша мерзімді баспасөз материалдарымен, зерттеу идеясы және оның негізгі кезеңдерімен, зерттеушілік үдеріс кезеңдерінің құрылымымен және мазмұнымен таныстыру мақсатында оқытылады. Библиографиялық карточка, картотека, каталогтар, көрсеткіштермен жұмыс істеуге үйренеді. Магистранттардың ғылыми және шығармашылық жұмыс жазу, өңдеу, жариялау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тіл және таным
Курс гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі когнитивтік парадигманы, когнитивтік лингвистиканың табиғаты мен пайда болу тарихын, когнитивтік лингвистиканың зерттеу пәні мен міндеттерін, қазіргі заманғы когнитивтік лингвистиканың терминологиялық аппараты мен метатілін қарастырады, сондай-ақ, қазіргі когнитивтік лингвистиканың негізгі бағыттары, когнитивтік лингвистикадағы лингвокогнитивтік және лингвомәдени тәсілдерді үйретеді. Магистрант концептіні, концептологияны, концептосфераны талдау дағдыларын қалыптастырады, концептуалды құрылымдар мен тілдің өзара әрекеттесуін, адамның танымдық іс-әрекетінің принциптерін түсінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жанрлар теориясы
Көркем шығармашылықтың негізгі заңдылықтарын қарастырудағы жанрлардың ролі, әдеби тек және жанр ұғымдарының арақатынасы, әдеби жанрдың функционалдық, генетикалық құрылымдық аспектілері, жанрдың басқа әдеби категориялармен байланысы туралы білімдерін тереңдетеді. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы жанрлар теориясы, поэтика мәселелері, әдеби шығармаларды жанрларға жіктеудегі ұстанымдарының зерттелу жолдарын талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдеби редакциялау
Білім алушыларды бастапқы мәтінді өңдеу түрлерімен, әдістерімен, оны редакциялаудың негізгі принциптерімен және ерекшеліктерімен, талдаудың негізгі аспектілерімен және критерийлерімен, талдау және логикалық сапаларын түзету әдістерімен таныстыру мақсатында оқытылады. Пәнді игеру барысында мәтіндерді формальды-мазмұндық ерекшеліктері тұрғысынан талдайды, оның мазмұнын тақырыптық бағыт пен дәлдік тұрғысынан тексеруге дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеу және жариялау әдістері
Оқу курсы академиялық мәтін құрастырудың жолдары мен зерттеу әдістерін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау, жазу, ресімдеу кезеңдерін, мәліметтерге талдау жасау, ғылыми мақала, эссе, реферат, баяндама дайындау, ресімдеу мәселелерін меңгертеді.. Оқыту барысында магистрантқа мынандай мәселелерді игерту ісі қолға алынады: ғылыми-зерттеу мәтіндерін құрудың академиялық сауаттылық талаптарына қойылатын стандарттарды, ғылыми 2 жанрдың түрлерін мазмұндық, құрылымдық, техникалық тұрғыдан ресімдеудің ережелерін игерту, тезис, ғылыми мақала жазудың әдістемелік және әдіснамалық мәселелерін, терминологияға қойылатын талаптарды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылатын әдебиет тарихын дәуірлеудің өзіндік ерекшеліктерін талдайды. Әлемдік және ұлттық әдебиеттану ғылымындағы дәуірлеулер мен ерекшеліктерді, қазіргі кезеңдегі зерттеу әдістерін, оның басты ғылыми мектептері мен бағыттарын меңгереді. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи негіздерімен ұштастыру арқылы ғылыми жаңашыл және өзекті мәселелерін жан-жақты игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұлттық әдебиет теориясының қалыптасу тарихы
Курсты игеру барысында ұлттық әдебиет теориясының қалыптасу кезеңдері, өнер салалары мен әдебиеттің дара сипаттары, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық негіздері сараланады. Ұлттық әдебиет теориясының дамуына үлес қосқан жекелеген ғалымдар мен сыншылар, қаламгерлер, ғылыми мектептер туралы біледі және олардың еңбектерімен танысады. Ұлттық көркем әдебиеттің өзіндік болмысын, эстетикасы мен психологиясын, қоғамдық функциясын, мазмұнын талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби герменевтика
Герменевтика теориясының қалыптасу тарихы, «Герменевтика» ұғымының эстетикадағы мәні, оның әдебиеттану ғылымындағы маңызы мен мақсат-міндеттері туралы білімді игереді. Эвристикалық және герменевтикалық тәсілдерді қолдана отырып мәтінді талдау дағдыларын қалыптастырады. Герменевтиканың қазіргі тенденцияларымен және оларды білім беру саласында қолдану мүмкіндіктерімен танысады. Көркем мәтінді түсіндірудің негізгі герменевтикалық тәсілдерін біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
Зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру және табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында өндіріске ғылыми әзірлемелер мен технологияларды енгізу мақсатында оқытылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Курс барысында тіл білімінің жаңа бағыттары туралы ғылыми түсінік қалыптастырады. Тіл біліміндегі зерттеу жүйесінің заманауи әдістерін меңгереді. Тілтану туралы ғылымды философия, әдебиеттанумен ұштастыра отырып, ғылыми-инновациялық және өзекті мәселелерді игереді. Ғылыми еңбектерді қарастырып, саралап тіл білімінің жаңа бағыттарының зерттеу әдістерін талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фонологиялық мектептер
Курсты игеру барысында магистранттар фонологияның негізгі бірліктері, фонетика және фонологиялық талдау түрлері, олардың айырмашылықтары мен ортақ қасиетттері туралы білімін қалыптастырады, негізгі фонологиялық мектептердің ұстанымдары мен бағыттары және олардың ерекшеліктерін анықтайды, лингвистикалық бағыттағы фонология мәселелері туралы ғылыми еңбектерге өзіндік талдау жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Курсты игеру барысында білім алушылар қазақ тілі тарихының хронологиясының теориялық негіздері мен қағидалары туралы жан-жақты білім алады. Тіл арқылы логикалық-позитивті және эстетикалық білімнің реттелген, жүйеленген, өңделген ақпаратын анықтайды, әлеуметтік лингвистика теориясының ғылыми негіздерін меңгереді. Тіл білімі ғылымының негізгі ұғымдары мен негізгі қағидалары туралы ой-өрісін кеңейтеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми зерттеулер саласындағы өзекті міндеттерді қою және шешу үшін ғылым философиясының негізгі ұғымдары мен категорияларын талдайды. Ғылым тарихы мен философиясының дәстүрлі және заманауи мәселелері туралы алған білімдерін кәсіби бағыты бойынша ғылыми-зерттеу қызметі саласында қолданады.
- Кәсіби және ғылыми ортада тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін деңгейде шет тілін зерттейді. Тілдік тұлғаны одан әрі оқыту мен дамытуды дербестік пен өзін-өзі реттеудің үлкен дәрежесімен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдыларды меңгереді.
- Жоғары мектепте тіл мен әдебиетті оқыту әдістерін, әдістемелерін, сандық және интернет-технологияларды қолданады, басқару психологиясын зерттеу барысында алынған білімдерін кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
- Диссертациялық жұмыс шеңберінде ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми жарияланымдарды дайындау процесін жоспарлайды.
- Жоғары рейтингті басылымдардың талаптарын ескере отырып, ғылыми мақалалар жазады, ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінен аударады, олардың мағынасын түсіндіреді.
- Филология және пәнаралық гуманитарлық зерттеулер саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады.
- Тілдің даму заңдылықтарын, қалыптасу тарихы мен ерекшеліктерін және тілдің әлеуметтік, тарихи қызметін, тілдегі инноватикалық тұжырымдарды анықтайды. Лингвистикалық терминологияны лексикографиялаудың негізгі мәселелері мен түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын тілдік талдау ерекшеліктерін меңгереді.
- Қазіргі лингвистика мен әдебиеттанудың жалпы және арнайы әдістері туралы білімін тереңдетеді. Қазіргі филология ғылымының әдіснамасын қолдану дағдыларын қалыптастырады.
- Қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиеттанудың даму тенденцияларын тереңінен меңгереді, қазіргі қазақ әдебиеті мен түрік әдебиетін салыстырады, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.
Ұқсас БББ
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Торайгыров университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)