Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Философия және ғылым әдіснамасы, мәдениет, өркениеттегі ғылым, ғылымның пайда болуы, ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері, орта ғасырдағы ғылым мен философияның дамуы, қайта өрлеу дәуірінің ғылыми жетістіктері, жаңа дәуір ғылымы және философиясы, ғылыми танымның құрылымы, деңгейлері, әдістері, ғылыми революциялар, ғылымның этикалық мәселелері, әлемнің ғылыми бейнесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты — магистранттардың жоғары оқу орнында оқытудың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны педагогиканың теориялық негіздерін, оқыту әдістері мен технологияларын, оқу процесін басқаруды, педагогикалық өзара әрекеттесуді және оқу курстарын жобалауды қамтиды. Пәнді игеру нәтижесінде магистранттар оқытудың заманауи әдістерін меңгереді, ғылым жүйесіндегі педагогиканың рөлін бағалайды және жоғары мектепте білім беру қызметін тиімді ұйымдастыра алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері

    Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері, эксперимент әдісі және оны жүргізу принциптері қарастырылады. Бақылау, педагогикалық байқау, әңгімелесу, фокус-топ жұмысы, интервью алу әдісі, құжаттарды зерттеу, кибернетикалық және математикалық әдіс, педагогикалық процестерді модельдеу әдістері, зерттеу нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық грамматика негіздері

    Академиялық грамматиканың жеке жүйесіне енетін фонетика, морфонология, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис бөлімдерінің әрқайсысына тән обьектілерін тіл білімінің жаңа бағыттарымен байланыстыра қарастырады. Қазіргі қазақ тілі грамматикасына қатысты зерттеу еңбектеріне аналитикалық шолу, сараптау жұмыстарын жүргізу көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ лингвистикасының антропоөзектік бағыттары

    Антропоөзектік бағыттың қазақ лингвистикасында қалыптасуын, зерттеу нысанын, «тілдегі адам» және «тілдік таным» мәселесін, негізгі критерийлері мен ұстанымдарын, оның тілдегі көрінісін қарастырады. Психолингвистика, прагмалингвистика, этнолингвистика, компьютерлік лингвистика және цифрлық лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика,лингвоэкология бағыттарын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медиамәтін және саяси метафора

    ХХ ғасырда философия, әлеуметтану, психология, лингвистика, семиотика, лингводидактиканың зерттеу нысанына айналған метафора көріктеу құралы ғана емес, тұлғаның тілдік дамуын қарқындататын тіл мен ойлаудың универсалийі ретінде қарастырылады. Сондықтан медиамәтін және саяси метафораның негізгі теориялық мәселелері мен түр жағынан жіктелулері, түрлері, функционалдық қызметі, метафораның ғылыми теориялық парадигмалары, медиамәтінді бағалау әдістері, белгілері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Магистрлік семинар

    Ғылым дамуының негізгі бағыттары, құрылымы, ғылым логикасы, ғылым философиясы, ғылыми таным, ғылыми таным динамикасының мазмұны мен әдістері қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жоспары, кезеңдері, әдістері, басқару мен бағалау меңгертіледі. Сонымен қатар, пән ғылыми-зерттеуде теориялық және қолданбалы міндеттерді қоя білуді, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтауды игертуге бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби ағымдар мен әдістер теориясы

    Әдеби ағым мен әдіс мәселелерінің әдіснамалық негіздерін, стиль мәселесін байыптаудағы пайымдаулар мен көзқарастарды, стильді танытудың, зерттеудің, әлемдік әдебиеттегі ағымдардың қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрінісі, бағыт, бағдар алуы, модернистік және постмодернистік ағымдардың қазақ әдебиетіне әсер-ықпалы қарастырылылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясының негізгі әдістері, менеджмент теориясы, тәжірибесі, басқару мектептері, басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі, өз-өзін бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет, фрустрация деңгейі; басқару жүйесіндегі темперамент, тұлғаның эмоцияналды ерікті аумағы қарастырылады. Еңбек мотивациясы, психофизиологиялық басқару негіздері, шешім қабылдау психологиясы, көшбасшылық, «басшы-бағынушы» арасындағы қарым-қатынас; ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдай; конфликтідегі мінез-құлық стратегиясы; тиімді тайм-менеджмент меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі зерттелуінің өзектілігі, ғылыми бастаулары, әдебиеттанушылар еңбегіндегі әдебиет тарихын дәуірлеудің негізгі бағыттары, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері, қазақ әдебиеттануындағы қазақ кеңес әдебиетінің жүйеленуі, тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық әдебиет тарихына деген жаңаша көзқарастың қалыптасуы, әдебиет тарихын дәуірлеудің өзекті мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам интеллектісі дамуының лингвистикалық аспектілері

    Адам интелектісінің ғылыми аспектілері, интеллект және концепт, адам интеллектісінің лингвопсихологиялық сипаты, «Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық негіздері, паремиялардағы көрінісі, интеллект мәнді фразеологизмдердің мағыналық өрісі, «интеллект» макроконцептісінің когнитивтік метафорадағы бейнесі, гендерлік ерекшеліктері, тәрбие берудегі тілдік қызметі, «Ақыл», «Шешендік» базалық концептісінің лингвистикалық аспектілері қарастырылылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Адамзат тілінің пайда болуы, алтай тілдер теориясы, түркі тілдерінің даму кезеңдері, ежелгі тілдермен байланысы, Шумер мәдениеті мен жазуы, әліпбиі мен көне түркі әліпбиінің байланысы, көне түркі тілдеріндегі тарихи атаулар, олардың семантикалық жақтан дамуы қарастырылады. Көне түркі тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер, түркі тілдерінің тарихына қатысты мұралар, тарихи атаулардың танымдық мәні меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Кәсіби, ғылыми, қоғамдық-саяси қатынас салаларындағы ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшелігін; кәсіби-себептелген жағдайлар шеңберінде шетел тіліндегі мәтінді құру мен ұйымдастырудың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін; кәсіби қатынас саласындағы шетел тілінің сөздік құрамының стилистикалық ерекшеліктерін; әлеуметтік факторларға, қатынас жағдайына, әңгімелесушінің мәртебесіне және оның коммуникативтік ниеттеріне сәйкес түрлі тілдік және сөйлесу құралдарын қолдануды меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Филологиялық пәндерді оқытуда жасанды интеллект элементтерін пайдалану

    Жасанды интеллект саласындағы білім мен дағдыларды беру және ақпаратты өңдеу қабілетін, ақпаратты басқару қабілетін және инновациялық және зерттеушілік қабілетін дамыту болып табылады. Бұл курста магистранттар жасанды интеллект элементтері арқылы деректерді өндіру, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және жасанды интеллект әдістерін қолдануды үйренеді. Курс сонымен қатар ақпаратты өңдеудің интеллектуалды жүйелеріне кіріспе ұсынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Қазақ лингвоэкологиясы

    Қазіргі лингвоэкологиялық зерттеулердің аспектілері, ұғымдары мен категориялары, әлемдік тілдік әралуандықты сақтау проблемасы, тілдік орта және тілдік тұлға, мемлекеттік тіл саясаты және тілдік импульс, тілдің өміршеңдігі, глоттофагия, тілдік жағдаят қарастырылады. Тілдік тұлғаның сөз мәдениеті, қатысымдық нормалар, эмотивті лингвоэкология меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Филологиялық пәндерді оқытудың мотивациялық негіздері

    Оқу мотивтерін қалыптастырудың маңызы, мотивтер жүйесі, мотив және ұстаным, мотив және мақсаттар, қажеттіліктер, оқу мотивтерін қалыптастыру арқылы қатысымдық құзыретті қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық, лингводидактикалық негіздері, мотивация және белсенді оқыту әдістері, танымдық іс-әрекет қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Қазақ тіліндегі грамматикалық сөз нұсқалары

    Грамматикалық сөз нұсқаларының туу себептері, даму бағыттары мен тілдің сөздік құрамына әсері, морфологиялық нұсқалар мен лексикалық синонимдердің арақатынасы, түбірге сіңіскен өлі және тірі жұрнақтардың есебінен пайда болған нұсқалар, есім және етістік, т.б сөз таптарынан пайда болған сөз нұсқалары, синтаксистік синонимдердің әдеби нормаға қатысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Лингвомәдениеттану

    Тіл және мәдениет, тіл және өркениет, лингвомәдениеттанудың тарихы мен теориялық негіздері, әдістері мен әдіснамасы, мәдени коннотация, ғаламның тілдік бейнесі, тілдік болмыс, тілді лингвомәдени сипатта зерттеу, тілдік тұлға, тілдік бірліктердің гендерлік ерекшеліктері қарастырылады. Фразеологияның, метафораның, символдың, стереотиптің лингвомәдени аспектісі меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Поэтика және өлеңтану

    Өлең сөздің сыры мен сипаты, мәні мен маңызы, көркемдік эстетикалық таным көркем өнердің күрделі болмысы мен көркемдік ерекшелігі, қоғамдық, танымдық, эстетикалық мән-маңызы, қазіргі қазақ өлеңіндегі көркемдік жаңарулар қарастырылады. Өлең өрімінің жүйесі: антикалық поэзиядағы мөлшерленім, тілдегі силлабикалық екпін түсірім орны, орыс поэзиясындағы силлабо-тоникалық еркін екпін түсірілімі меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ лирикасындағы ұлттық идея

    Лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық дамуы, ұлттық идея мәселесі, қазақ халқының философиялық ойының оның рухани мәдениетінің қалыптасуына әсері қазақ ойшылдарының философиялық идеяларындағы ұлттық сана-сезім, төңкерістік поэзияның символикасы, алашшыл жырлардағы алаш идеясы, кеңестік кезеңдегі қазақ ақындарының шығармаларындағы утопия түрлері, Тәуелсіздік кезеңдегі ұлттық идея мен идеологияның қазақ лирикасында жырлануы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тіл біліміндегі жаңа ғылым салаларының теориялық негіздерін талдайды, заманауи білім парадигмасындағы функционалды грамматика, когнитивтік лингвистика, медиамәтін, лингвоэкология, терминология бағытындағы жаңа тұжырымдамалық теорияларды іс-тәжірибеде қолданады, тіл біліміндегі және лингводидактика теориясындағы заманауи ғылыми-зерттеу трендтерін сыни тұрғыдан талдайды; лингвистикалық пәндер аясында алған білімдерін инкіріктіреді, оны зерттеу мәселелерін шешуде қолданады
  • Қазақ әдебиетін дәуірлеудің заңдылықтарын, көркемдік-идеялық жағынан дамуын ғылыми тұрғыда бағалайды, тұжырымдайды, филологияның теориялық мәселелері жайлы ғылыми ойлар мен теорияларды сыни тұрғыда талдайды, бағалайды, салыстырады
  • Гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша ғылыми-педагогикалық зерттеудің жаңа технологиялары мен әдістерін ғылыми-әдіснамалық тұрғыда талдайды, бағалайды және салыстырады, зерттеу еңбегін жоба ретінде ғылыми айналымға ұсынады
  • Қазақ әдебиеті тарихындағы ағымдар мен әдістердің концептуалдық негіздерін саралайды, әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін, көркемдік-эстетикалық қасиеттерін зерделейді; өлең теориясы заңдылықтарын салалас ғылымдар жетістіктерімен бірлікте қарастырып, поэтика, стиль бағытында ғылыми тұрғыда бағалайды, тұжырымдайды
  • Филологиялық зерттеулер үдерісін жоспарлаудың, іске асырудың әдістемесін сын тұрғысынан талдайды, тұжырымдарды дәлелдейді
  • Шетел тілінде логикалық және жүйелі тұрғыда ауызша және жазбаша қарым-қатынас құрады; шетел тілін көпмәдениетті әлемдегі халықаралық өзара түсіністік пен келісім құралы ретінде пайдаланады, кәсіби деңгейде шет тілін жетік біледі, ғылыми зерттеулер жүргізеді, университетте арнайы пән жүргізеді, кәсіби белсенділігін арттырады.
  • Ғылым тарихы мен жаңа концептуалдық идеялардың даму бағыттарын өзіндік көзқарас тұрғысынан дәлелдейді; ғылыми сананың заманауи даму үрдістерін, философиялық мәселелерін анықтайды, іс-тәжірибелік мәселелерді жедел шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдыларын меңгерген, қоғамның өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіреді, теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолданады
  • Қазіргі қазақ тілінің салалары жүйесіне қатысты ғылымда зерттелген тұжырымдарды бағалайды және талдайды; тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздерін, тілдік бірліктердің когнитивті, концептуалды, гендерлік талдауын, түркі тілдерімен байланысын дәлелдейді, тіл білімінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттейді және латыннегізді жаңа емле ережелерін кәсіби қызметінде пайдаланады
  • Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып білім беруде ұйымдастырады, білім берудегі негізгі педагогикалық тұжырымдамаларды тиімді ұстану жолдарын анықтайды, басқару психологиясы мен менеджмент теориясының негізгі әдістерін меңгерген, әлеуметтік-педагогикалық жобалау және болжау мүмкіндіктерін қолданады; практикалық дағдыларды игереді, қызметке қатысты креативті шешімдер қабылдайды; әріптестерімен кәсіби, мәдени қарым-қатынас орнатады
  • Оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, заманауи технологияларды, әдіс- тәсілдерді педагогикалық қызметінде пайдалануды ұйымдастырады, заманауи білім беру парадигмасы контексіндегі педагогикалық, филологиялық ғылымдар дамуының бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын салыстырады

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top