Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындығы бар еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау. Лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту, ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Педагогикалық-психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі

    Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытудың ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, принциптерін және ұйымдастыру формаларын, педагогика мен психологияның теориялық және практикалық аспектілерін бірлікте қарастырып, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік құралдарды ұсынады. Мақсаты — педагогикалық және психологиялық пәндерді оқыту үдерісінің ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеу арқылы болашақ педагогтардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Курстың мақсаты – әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту, әдебиет дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын таныту. Курстың мазмұны – әдебиет тарихының теориялық негіздемелері, әр кезеңге тән сипаттар, зерттеулердегі пайымдаулар мен пікірталастар, әдебиттанушы ғалымдар тұжырымдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік лингвистика

    Қазіргі ақпараттандырудың жаһандану үрдісі, ғылыми және техникалық прогрестің белгілі бір қажеттіліктері, сонымен бірге жасанды интеллекет жүйесі, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігінің алғышарттары, жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, машиналық әдіспен өңдеу, жинау, сақтау, іздеу, жіктеу, табиғи тілдерді талдауға көшу мәселелері меңгертіледі. ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу, бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Мақсаты: Мәдениет тарихындағы ғылым мен ғылыми білімнің эволюциясы мен даму заңдылықтары туралы тұтас түсінікті қалыптастыру. Курста жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлау тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық дүниетанымның қалыптасуы, ғылым тарихындағы философиялық мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел тілі /кәсіби/

    Мақсаты: Қажетті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және дамыту, дайындық бағыты бойынша шет тіліндегі ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрену, лингвистикалық төзімділік қалыптастыру. Курс шет тілінде жазбаша және ауызша сөйлеу заңдылықтарын, құжаттама жүргізу және іскерлік хат алмасу негіздерін, есту арқылы түсініп, мәтіндік материалды оқи білуін, монологтық және диалогтік сөйлеу дағдыларын игеруді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі оқыту технологиялары

    Бұл пән болашақ педагогтарды білім беру технологияларын тиімді қолдануға, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және оның сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі педагогикалық технологияларды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыруды қарастырады. Магистранттардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық және аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, білім беру процесін инновациялық тұрғыдан қайта құруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фольклордың тарихилығы

    Пәнді оқу барысында фольклордың даму тарихы мен теориясына, поэтикасы мен текстологиясына, жалпы типологиясына қатысты проблемалар қарастырылып, жаңаша зерделенеді. Фольклор жанрлары жан-жақты сипатталып, өте көрнекті, маңызды шығармалар талдануы керек. Фольклор туралы ғылымның соңғы жетістіктері мен жаңалықтары мейлінше мол қамтылады. Курс барысында ескерілетін маңызды аспектінің бірі – фольклортанудың басқа ғылымдармен, атап айтқанда этнологиямен, тарихпен, тіл білімімен, археологиямен байланысы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гендерлік лингвистика

    Пән ұлт пен этнос мәдениетіндегі ерлер мен әйелдер тіліндегі ерекшеліктер, оның мәні, түрлі құрылымдық типтегі мәтіндерде сақталған ерлер мен әйелдер тіліне тән ұлттық және мәдени құндылықтар, гендерлік этикет нормалары, ерлер мен әйелдер тіліндегі сөз қолданыстарының стильдік ерекшеліктері, тілді меңгерудегі гендерлік ерекшеліктердің ықпалы және әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы гендерлік оппозиция мәселелерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілдік мотивация негіздері

    Қазақ тілі сабақтарында мотив түрлерін қалыптастыруды білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіре отырып жүзеге асыра алатындай деңгейде және оқу, әлеуметтік мотивтерді қалыптастырудың әдістемесін меңгереді. Өзінің позициясын дәйектеп жеткізе алуға машықтанады. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту үдерісіндегі оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін таныту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдерін түркі тілінің, жалпы түркі тектес тілдердің даму дәуірлерімен бірлікте, соның шеңберінде алып қарастыру арқылы толық теориялық білім алады. Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту. Тілдің даму заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын, тілдік зерттеулердің концепцияларын анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі тіл біліміндегі мәтін және дискурс

    Пән қазіргі тіл біліміндегі дискурс теориясы және оның тіл білім жүйесіндегі қызметі, мәтін және дискурс ұғымдарының өзара байланысы, дискурстың жіктелуі және олардың сипаттамалары, прозалық және поэтикалық мәтіннің өзекті мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетіндегі психологизм

    Адамзат баласының әдеби жетістіктерін игеруге, ұлттық әдебиет пен әлемдік әдебиеттану ғылымында өріс алған әдеби құбылыстардың қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық, көркемдік заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және көркем шығарманы эстетикалық талғаммен талдай білуге, қаламгерлердің даралық дарынды қасиеттерін, суреткерлік шеберліктерін түсініп-білуге, әдебиеттегі кәсіби білімдерін жетілдіруге, дүние тануларын арттыруға машықтандырады. Көркем шығармадағы психологизмнің бейнеленуін қарастыру. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі жазушы шеберлігімен танысу. Көркем шығармадағы психологизм табиғатын танытудың шебері – жазушының талантын саралау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өлең теориясы

    Өлең құрылысының қалыптасуы, өрістеуі, одан әрі шыңдалып, жетілуі, байып-толысуы, сөз өнерінің заңдылықтары, ұлттық сипаты мен ерекшеліктері, поэзия тілінің бейнелеу құралдары, тәсілдері, өлең құрылысы, өлшем, шумақ, ұйқас өзгешеліктері, өлеңдегі түр, тіл ерекшеліктері меңгертіледі. Сөз өнерінің өсу-даму кезеңдерімен, әдеби тарихи процеспен тығыз байланыста қарастыру, сөз өнерінің заңдылықтарын, ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін тереңдей аша отырып, поэзия тілінің бейнелеу құралдарын, тәсілдерін жіктеп топтастыру, өлең құрылысын, өлшем, шумақ, ұйқас өзгешеліктерін айқындау мен өлеңдегі түр, тіл ерекшеліктерін зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік лингвистика

    Тіл және қоғам мәселесі, өмір сүру формалары, олардың әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары, тілдің қоғамдағы қызметі, типологиясы, тілдің қосымша жүйелерінің түрлі әлеуметтік орталарда, өмір салаларында қолданылуы, тілдің дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін обьективті және субьективті факторлар, этнолингвистикалық, тілдік жағдаят мәселелеріне, олардың типтік түрлеріне, тілдердің бір-біріне әсер етуі, диглоссия, билингвизм теориясы жөнінде білім алады. Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдану, мултьлингвизм процестері, әлеуметтік лингвистиканы қалыптастырушы мен дамытушы ғалымдар туралы білім меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесі

    Поэтикалық заңдылықтарды айқындаудың өлшемдері, әдеби даму, поэзияның шығу тегі, эстетикаға тарихи көзқарас, салыстырмалы зерттеу әдістері, өнердің ұжымдық сипаты мен даралығы, фольклор мен әдебиеттің тұтастығы, қайталанатын сюжеттер, образдар, стилистикалық формулалар, поэтикалық фразеологизм, бейнелілік, ырғақ, формалық ерекшеліктер мен жеке тұлғаның шығармашылық сабақтастығы, әдеби тектердің генезисі; сюжет теориясы; метафора, эпитет және психологиялық параллелизм, сұлулық және эстетикалық қабылдау, тарихи поэтика, шығыс ментальдылығы мәселелері жөнінде бңлңм алады. Қазақ прозасы материалында поэтика мен оның негізгі категорияларының тарихи даму кезеңдері туралы білімді дамыту, әдебиет фактілері мен оның теориялық ұғымдарын тарихи тұрғыдан қарау қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дәстүрлі жыраулық мұра және ақындық поэзия

    Ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңі – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жөнінде пікір қалыптастырады. Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық тұрғыда түсінік алады. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ сөзінің уәжділігі мен тектілігі

    Қазақ тілі сөзжасам жүйесіндегі уәждеме және атау теорияларының заңдылықтары мен типтерін, түбір сөздер мен туынды сөздердің уәжділігін және олардың арасындағы уәждік танымдық қатынасты қарастыра алады. Сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған уәждеме және атау теорияларының түрлерін және олардың өзара байланыстарын саралап көрсету. Қазақ тілі сөзжасам жүйесіндегі уәждеме және атау теорияларының заңдылықтары мен типтерін және түбір сөздер мен туынды сөздердің уәжділігін және олардың арасындағы уәждік танымдық қатынасты қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің ұлттық тәрбие негіздері

    Қазақ тілі арқылы ұлттық тәлім-тәрбиенің, яғни халықтың сан ғасырлық педагогикасының жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі алатын орны туралы меңгереді Қазақ тіліндегі ментальдылықтың қалыптасуы, даму жолдарынан молынан ақпарат алады, қазақ тіліндегі ментальдылықты ғылыми тұрғыдан талдауға дағдыланады. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Грамматика теориясының негіздері

    Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр сипаты жөнінде білім алады. Қазақ тілінің грамматикалық қатарын, тілдің грамматикалық құрылысының бірлігін, олардың әрқайсысының өзіне тән және бір-біріне сипаты жағынан жақын, мағыналары жағынан ұқсамайтын, тілдегі қызметіне қарай грамматиканың басқа жүйелерінің бірлігіне қатынасу сипатына байланысты тәсілдерді өзіне біріктіруді түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтіндегі ұлттық ерекшеліктер

    Магистрант әдеби-теориялық білімін тереңдете түседі, зерттеушілік қабілет-қарымы дамып, көркем туындыны жан-жақты қарастырудың, оның көркемдік мән-мазмұнын ашудың түрлі амал-тәсілдерін игереді. Көркем шығарманы жан-жақты талдап, бағалауға, әдеби салыстырмалы талдаудың түрлерін игеруге, көркемөнерге сыни көзқарас қалыптастыруға дағдыланады. Ғылыми-публицистикалық, көркем әдебиеттерге сыни көзбен қарап талдай бiлiп, баға беруге үйрету және бiлiмiн молайтып талғам танымын, шығармашылық қабiлетiн арттыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиеттанудың өзекті мәселелері

    Әдебиеттанудың өзекті мәселелерін, маңызды ғылыми-теориялық тұжырымдарды меңгерту. Курстың мазмұны – әдебиеттанудың даму ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері, ғылыми негізде шешілуге тиісті теориялық зерттеулер, жаңа қағидалар мен тұжырымдар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ романы

    Әдеби процесс әдебиеттің даму заңдылықтарының көрінісі. Қазіргі кезеңде әдебиетте болып жатқан құбылыстарды зертеп, зерделеу үлкен міндетті жүктейді. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, көркем шығармаларды теориялық тұрғыдан талдау, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, магистранттардың рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыруға әсерін пайымдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жазушы шеберлігі

    Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін саралайтын монолог, диалог, ішкі монолог, ишара-белгі, ой ағымы, психологиялық параллелизм секілді көркемдік тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін меңгереді. Көркем шығарманың құрылымдық ерекшеліктерін, кейіпкер психологиясын қаламгердің суреткерлік, стилдік сипатын, кейіпкердің ішкі психологиялық иірімдеріндегі жан толғаныстары арқылы танылатын қасиет-қырларды, психологизмнің аналитикалық талдау түріне тән ерекшеліктерді айыра білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвомәдениеттаным

    Магистрант тілдік бірліктерді прагматикалық аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Тілдегі лингвистикалық парадигмада талқыланатын проблемалық ізденістерді жүйелей біледі. Дәстүрлі стилистикадан тыс функционалдық, прагматикалық стильде көріністерін меңгереді. Магистранттарды тiл арқылы халық мәдениетiн танудың теориялық-методологиялық негiздерiмен қаруландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылымның көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде қызмет ететіндігі, ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері, мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым-қатынаста дамитындығы туралы терең білім қалыптастырады. Экономика және құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласындағы құзыреттері қалыптасады. Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы мәселелерді шешуге және дәлелдерді құрастыруға инновациялар мен ғылыми әзірлемелерге негізделетін дамудың интенсивті әдіс-тәсілдерін тұжырымдайды. Жоғары мектеп оқытушыларының білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолданып, білім берудегі жаңа парадигмалар танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктейді. Оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын қолданады.
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық қағидаларын меңгереді. Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдерін тілдің жаңа бағыттарымен байланыстыра отырып, тәжірибеде қолдануға қабілетті болады. Ұлт пен этнос мәдениетіндегі ерлер мен әйелдер тіліндегі ерекшеліктер, оның мәні, тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі мәселелерін талқылай алады.
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілері туралы білімі қалыптасады. Әдебиет дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын тұжырымдайды. Халқымыздың рухани мәдениетi, әдебиетi, жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы жөнінде білім алады. Фольклордың даму тарихы мен теориясына, поэтикасына қатысты мәселелерді жаңаша зерделей алады. Фольклор туралы ғылымның соңғы жетістіктері мен жаңалықтарына талдау жасау қабілеті артады. Поэзия, проза тілінің бейнелеу құралдары, тәсілдері, тілдік ерекшеліктері, т.б. меңгеріп, сөз өнерінің өсу-даму кезеңдерімен, әдеби тарихи процеспен байланыста қарастырады.
  • Көркем шығармадағы психологизм табиғатын танытудағы жазушының шеберлігін саралай алады. Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық тұрғыда түсінік алады. Қазіргі тіл біліміндегі дискурс теориясы және оның тіл білім жүйесіндегі қызметі, прозалық және поэтикалық мәтіннің өзекті мәселелерін, қазақ тілін оқыту үдерісіндегі оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін қарастырады. Антропоцентристік бағыттағы талдаулар мен парадигмаларды ұштастыра біледі, тұжырымдай алады, сонымен қатар алған теориялық және іргелі білімдерін практикада және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады. Зерттеушілік дағдысы қалыптасады, дамиды.
  • Қазақ көркем сөз өнеріндегі жазушының суреткерлік, стильдік сипатын, көркем шығарманың құрылымдық ерекшеліктерін, кейіпкер психологиясын әлемдік әдебиеттану тұрғысынан байыптайды. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, көркем шығармаларды теориялық тұрғыдан талдау, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу қабілеті қалыптасады. Әдебиеттанудың даму ерекшеліктері мен өзекті мәселелеріне, теориялық зерттеулер мен тұжырымдарға талдау жасайды. Көркем шығарманы жан-жақты талдап, бағалауға, әдеби салыстырмалы талдаудың түрлерін игеруге, көркемөнерге сыни көзқарас қалыптастыруға дағдыланады.
  • Көркем туындыдағы ұлттық ерекшеліктерді қоғамдық ой-санамен біріктіре зерделей алады. Ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алады. Тілдік бірліктерді прагматикалық аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Тілдегі лингвистикалық парадигмада талқыланатын проблемалық ізденістерді жүйелей біледі. Тіл білімінің, әдебиеттанудың, әдістеменің теориялық негіздерін ғылыми тұжырымдармен қорытындылай алады.
Top