Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Жазушының шығармашылық шеберханасы

    Мақсаты: Жазушының шығармашылық зертханасының мәнін түрлі әдістер,тәсілдер тұрғысынан талдау арқылы түсіну. Мазмұны: Қазақ әдебиетінің көркем туындылары, олардың тарихы мен теориясына қатысты ұғымдар, әдебиеттен ауызша, жазбаша интерпретация жасау, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қамтылады. Құзіреттілігі:. Әдеби шығармашылық үдерісті меңгерту арқылы өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға құштарлығын ояту, рухани-адамгершілік, моральдық қасиеттерінің, тұлғалық болмысының қалыптасуына ықпал ету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    C1, C2 (тілдік мамандықтар) деңгейінде шет тілін меңгеру, монологтық және диалогтық нысанда LSP байланысы (есеп, презентация, әңгіме, дискуссия). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде зерттеу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды тыңдау. Ғылыми мақалалар, есептер, жобалар жазу, жобалау және т.б. Сөздіктермен, анықтамалықтармен жұмыс. Екі жақты аударма дағдылары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы

    Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Мақсаты: Ғылыми білімнің тарихи дамуын және оны меңгеру әдістерін зерттеу, сонымен қатар ғылыми қызметтің философиялық аспектілерін талдау. Мазмұны: Магистранттар ғылыми ойлау дамуының негізгі кезеңдерін, негізгі ғылыми теориялар мен концепцияларды, сонымен қатар ғылыми дүниенің қалыптасуына әсер еткен тарихи жағдайларды зерттейді. Пән магистранттарға ғылымның қалай қызмет ететінін және ғылыми білімнің қалай қалыптасатынын түсінуге көмектеседі, сонымен қатар сыни ойлау мен ғылыми дереккөздерді талдау қабілетін дамытады. Құзыреттіліктер: Ғылыми білімнің тарихи дамуын және оны алу әдістерін түсіну. Ғылыми қызметтің философиялық аспектілері мен мәселелерін талдау және бағалау қабілеті. Ғылым тарихы мен философиясындағы негізгі ұғымдар мен теорияларды білу. Ғылыми дереккөздерді сыни тұрғыдан талдау үшін алған білімдерін қолдана білу. Тарихи-философиялық мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Ғылымның философиялық және әдіснамалық мәселелері бойынша өз ұстанымын тұжырымдау және дәлелдей білу. Сыни тұрғыдан ойлау және тарихи деректерді ғылыми әдіснама тұрғысынан талдай білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілді қатысымдық-танымдық тұрғыда оқыту

    Мақсаты: Тілдік бірліктердің танымда алатын орны мен коммуникативті қызметін сабақтастырып, қатысымдық-танымдық әдістің әдіснамасын айқындау. Мазмұны: Коммуникация үдерісіндегі тілдік бірліктердің қызметі; тілдік бірліктердің танымдық қызметі; тіл арқылы болмысты тану жолдары; таным мен коммуникация сабақтастығы, оқыту жолдары, тиімді әдіс-тәсілдер. Құзыреттілігі: Инновациялық оқытудың талаптарына сай теориялық білім мен оқытудың әдіс-тәсілдерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби байланыстардың тарихи-мәдени негізі

    Мақсаты: Қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби байланыстардың қалыптасуы мен даму процесі туралы толық ақпарат беру. Мазмұны: Әдеби байланыстардың басталуы. Ғалымдардың әдеби байланыстар туралы тұжырымдары. Әдеби байланыстарды зерттеу тарихы. Ұлт әдебиетінің әлем әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар – көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Құзыреттілігі: Әдеби байланыс мәселесі жөніндегі теориялық білімдерін тереңдетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілді аксеологиялық бағытта оқыту

    Мақсаты: : Қазақ тілін аксиологиялық тұрғыда оқытудың теориясы мен әдістемесін меңгерту. Мазмұны: Аксиология ұғымының мәні. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы түсінік.Білім бағдарламаларындағы түйінді құндылықтар жүйесі. Жаңартылған білім беру жағдайында «Қазақ тілі» пәнін аксиологиялық тұрғыда оқыту жолдары. Құзыреттілігі: Тілді аксиологиялық тұрғыда оқытудың ұстанымдарын меңгереді. Құндылықтар тұрғысынан оқытудың интербелсенді әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттің тарихилығы

    Мақсаты: Қазақ әдебиетінің даму тарихына шолу, әр кезеңдегі өзгешеліктер мен ерекшеліктерді түсіну. Мазмұны: Қазақ әдебиеті және тарихи-саяси жағдайлар. Әдеби мектептер. Қазақ әдебиеті дамуындағы тарихи-монографиялық ұстаным. Қазақ елінің тарихы, әлеуметтік жағдайы және оның әдебиетке ықпалы. Құзыреттілігі: Тарихи-көркем және шығармашылық және сыни ойлау дағдысын дамытады.Тарихи-көркем мұралардағы рухани, жалпыадамзаттық құндылықтарды таниды, әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өлеңтану теориясы және оны оқыту

    Мақсаты: Өлеңтану теориясының тарихи поэтикалық негіздерін игерту. Мазмұны: Халық поэзиясының тілі өлеңтану жүйесінің көркемдік негізі екендігі бағаланады. Жалпытүркілік поэзия жанрларының кейінгі әдеби дамуға негіз болғандығы тұжырымдалады. Қазақ өлеңінің құрылысы, өлшем өрнектері дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығының заңдылықтары. Құзыреттілігі: Студент көркем сөз өнеріне деген қызғушылық танытады, поэтиканы терең түсінуде сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лексикалық жүйенің когнитивтік-концептуалдық негіздер

    Мақсаты: Лексикалық единицалардың түрлері, номинативтік бірліктер мен фразеологизмдер, паремеологизмдер, сөздік атаулардың семантикасының когнитивтік-концептуалдық құрамы мен құрылымын көрсетуді негіздейді. Мазмұны:Сөздің рухани мәдениетпен, этностың дүниетанымымен, тілдік қауымдастықтың когнитивтік санасымен тығыз байланысын көрсетеді. Құзыреттілігі: Лексикалық жүйе негізінде әлемнің тұтастай ұлттық бейнесін жасаудағы тілдің когнитивтік-концептуалдық мазмұнын теориялық және практикалық тұрғыдан көрсете алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінді талдау негіздері

    Мақсаты: Суреткер тұлғасы туралы ғылыми-теориялық көзқарастар өрісін кеңейту. Мазмұны: Мәтін және автор. Мәтін және мәнмәтін. Мәтін және оның тарихы. Мәтін және оқырман. Авторлық баян және көркем әлем. Мәтіннің психологиялық қуаты мен қызметі. Әдеби шығарма әлемі. Көркем мәтінді филологиялық талдау үдерісі. Құзыреттіліктері: Көркем мәтіннің поэтикалық сипатын, көркем мәтінді зерттеудің филологиялық бағыттарын танып-біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Функционалды грамматика және оны оқыту әдістемесі

    Мақсаты: Функционалды грамматиканың теориялық негіздерін басшылыққа алып, оқыту әдістерін анықтау. Мазмұны: функционалды грамматиканың нысаны – морфосинтаксис, семантикалық синтаксис, коммуникативті синтаксис; функционалы грамматиканың бүгінгі білім беру талаптарына сәйкестігі; функционалды грамматиканы оқытудағы тапсырмалар мен кешенді талдау. Құзыреттілігі: қазақ тілінің грамматикалық парадигмасы мен оқыту әдістерін байланыстырып лингводидактика теориясын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лингвопрагматикалық әдістер

    Мақсаты: Лингвопрагматикалық зерттеулердің дамуы мен қалыптасуын, лингвистикалық бағыттар мен қатынастардың өзара сабақтастығын, «тілдегі қоғамның» даму тәжірибесі, әлемнің тілдік бейнесін көрсетуді көздейді. Мазмұны: Лингвопрагматикалық әдістер әлемді танудағы тілдің мүмкіндігін және жекелеген тілдік бірліктер арқылы сөз сигергетикасын көрсете алады. Құзыреттілігі: Лингвопрагматикалық әдістер тілдік бірліктердің даму заңдылықтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудағы зерттеулер

    Мақсаты: Әдебиет саласынан зерттеулер жүргізудің әдістерін меңгерту, көркемдік талдауға ғылыми көзқарасты қалыптастыру Мазмұны: Әдебиеттанудағы зерттеулер – деректер жинау үрдісі. Қазіргі әдебиеттанудағы зерттеулер әдіснамасының негізгі мәселелері. Әдебиеттегі зерттеулердің жаңа бағыттары мен жаңашылдығы. Әдеби зерттеу әдістері және олардың түрлері. Құзыреттілігі: Әдебиет саласынан ғылыми зерттеулер жүргізеді, отандық және әлемдік әдебиеттанудағы зерттеу теорияларын біледі, әдеби талдаулар тәжірибелерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ прозасындағы постмодернизм

    Мақсаты: Қазіргі прозадағы постмодернистік белгілердің пайдаланылу тәжірибелеріне талдау жасай отырып, поэтикалық табиғатын тану. Мазмұны Постмодернистік және модернистік бағыт сипаттамасы. Постмодернизмнің тарихы мен теориясы.Қазақ прозасындағы постмодернизм белгілері. Постмодернизм және оның қағидаларының ұлттық пішінде жүзеге асуы. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизмнің зерттелуі, қолданылу тәжірибесі. Құзіреттілігі: Шығармашылық ойлау, сыни ойлау дағдысын, салыстыру-салғастыру, ғылыми-зерттеу, талдау біліктерін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілді психолингвистикалық аспектіде меңгерту

    Мақсаты: Тілді сөйлесім әрекеті, қарым-қатынас, таным, ойлау әрекетімен байланыста меңгертудің жолдарын үйрету. Мазмұны: Сөйлеу қабілетінің механизмдерін, оның құрылысын, фоносемантика, грамматика психологиясы, мәтін психолингвистикасының тілін меңгертудегі қызметін үйренеді. Құзіреттіліктер: Сөйлесім әрекеті түрлерін меңгертудің психоло-лингвистикалық ерекшеліктерін саралайды, психолингвистикалық тәсілдерді тәжірибеде пайдалану жолдарын сараптайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Тілді оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері

    Мақсаты: Тілдің пайда болуы мен даму кезеңдерін, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін меңгерту. Мазмұны: Тілдік тұлға. Сөйлеу тіліндегі алғашқы грамматикалық, лексикалық дағдылар. Сөйлесім әрекеті, психологиялық ерекшеліктері. Тілдің пайда болуындағы когнитивтік процестер. Ұлттық сана. Тілді оқытуда жеке танымдық ерекшеліктердің рөлі. Мұғалімнің қазақ тілін оқытудағы педагогикалық-психологиялық дайындығы. Құзыреттіліктері: Тілдің даму үдерісін меңгереді, қатысымдық, танымдық тұрғыдан оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мәтін лингвистикасы

    Мақсаты: мәтінге филологиялық талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: көркем мәтінді филологиялық талдау теориясының негізгі ережелері, мәтінге филологиялық (кешенді) талдау жасаудың әртүрлілігі мен қырлары, мәтінге тілдік талдау, көркем мәтінге оның әлебиеттанушылық ерекшеліктерін, құрылымдық және семантикалық ұйымдастырылуын ескере отырып, талдау жасау. Қалыптасатын құзыреттіліктер: алған білімдерін филологиялық талдау және кәсіби, жеке ғылыми-зерттеу қызметінде мәтіндерді интерпретациялауда қолдана алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Академиялық жазылым пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқытуда Action Research технологиясын қолдану

    Мақсаты: «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Action Research әдісін қолдану технологиясының әдістемесін меңгерту Мазмұны: «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша педагогтің зерттеушілік іс-әрекетінің мазмұны. Педагогтің зерттеушілік іс-әрекетінде Action Research әдісінің маңызы және оны қолданудың әлемдік, отандық тәжірибелер. Action Research технологиясын қолдану алгоритмі. Құзіреттіліктер: Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды, педагогикалық және зерттеушілік дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Тілді меңгерту онтогенезі

    Мақсаты: Адамзат тілінің даму үдерісімен таныстыру, психологиялық-лингвистикалық ерекшеліктерін меңгерту. Мазмұны: Тілдік тұлға. Сөйлеу тіліндегі грамматикалық дағдылардың пайда болуы. Сөйлесім әрекетін меңгертудің психологиялық ерекшеліктері. Тілдің пайда болуындағы когнитивтік процестер. Ұлттық сана. Жеке танымдық ерекшеліктер. Тілді оқытуды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру. Құзыреттілігі: Тілдің даму кезеңдерін меңгереді, тілді қатысымдық, танымдық тұрғыдан оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазақ тілі мен әдебиетіндегі антропоөзекті зерттеу бағыттарын, ғылыми мектептердің озық идеяларын, жетістіктерін таниды, талдайды.
  • Отандық және әлемдік әдебиеттанудағы зерттеу теорияларын біледі, әдеби және статистикалық талдаулар тәжірибелерін меңгереді.
  • Көркем мәтінді құндылық тұрғысынан интерпретациялау технологиясын меңгереді.
  • Қазақ тілінің грамматикалық жүйесін лингводидактикалық тұрғыда қолданады.
  • Тіл мен әдебиетті оқытуда психолингвистикалық ұстанымдар мен заңдылықтарды қолдануды меңгереді.
  • Әдебиеттегі ұлттық код пен көркем шығармадағы психологизм ұғымының негізінде қазақ әдебиетіне тән ерекшеліктер мен ментальдік сипатын танып біледі.
  • Мәтіннің мағыналық, құрылымдық белгілерін, нысанын теориялық және практикалық тұрғыда жүйелі біледі, пайдаланады.
  • Философия, жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы біледі, шет тілін кәсіби қызметте қолдануда тілдің грамматикасы мен негізгі заңдылықтары туралы меңгереді.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды, педагогикалық және зерттеушілік дағдылары қалыптасады.
  • Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді, көпмәдениетті ортада қарым-қатынас жасау біліктілігін меңгереді.
  • Түрлі дереккөздерінен алынған ақпараттарды саралайды, жүйелейді, статистикалық талдаулар жүргізеді, лингвопрагматикалық әдістерді меңгереді,академиялық жазу дағдыларын қолданады.

Ұқсас БББ

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Торайгыров университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

Top