Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

  • Мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары

    Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының жүзеге асырылу жолдары қарастырылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларының қамтамасыз етілу жолдары таныстырылады. Бағдарлама бойынша жұмыс жасау жолдары түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық қызметінің мазмұны мен бағыты, мамандықтың мәні, ерекшеліктері, қазіргі даму тенденциялары мен педагогтардың тұлғалық және құзыреттілік деңгейлері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі педагогика тарихы

    Мектепке дейінгі педагогика тарихы пәнінің мақсат, міндеттерін, тәрбиенің пайда болуы мен тəрбие əдістері туралы түсiнiк береді. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы бойынша алғашқы қоғамдық тәрбиеден бастап балаларды өмірге даярлаудың жолдарын салыстыра отырып қалыптасу және даму тарихын түсіндіреді. Отандық және шет елдік озық тәжірибелермен, мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламаларымен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім беруді дамытудың кезеңдері, категориялық аппараты, тұжырымдамасы мен ұйымдастыру әдістері туралы біліммен қаруландырады. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің құқықтық жүйесі, мақсаттары мен міндеттері, принциптері мен жағдайлары, білім беру ресурстары, факторларын қарастырады. Ерекше балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, баланың отбасына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, түзету жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Педагогикалық ғылымның бөлімі ретінде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні білім алушыларға ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжірибе нәтижесінде дамыған тәрбие теориясы туралы толық түсінік береді. Болашақ маман иесіне тәрбие жұмысының теориясы мен әдіснамасы, тәрбие жұмысын технологиясы мен жүргізу әдістемесі туралы білім беруді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері

    Қазақ тілі дыбыстарының фонетикалық, фонологиялық табиғатын, лексикалық жүйесінің ғылыми теориялық негіздерін, сөздердің жасалу жолдары мен түрленуін, сөйлемді сауатты құруды меңгерту арқылы білім алушының сөз байлығын жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі педагогика

    Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері, педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері, мектепке дейінгі білім беру мазмұны мен оны жаңарту тенденциялары, оқыту процесі және оның нәтижелері, тәрбиелеудің құрылымы мен функциялары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Бұл пəнді оқу педагогиканың əдіснамалық негізін, негізгі педагогикалық ұғымдарды, педагогиканың құрылымын, оқу мен тəрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдарын таныстырады. Тəрбие мен оқытудың мазмұнын, əдістерін, құралдарын, формаларын, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мен әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі

    Балаларды сауат ашуға даярлау, мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік дамуын диагностикалау, тіл дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және есепке алу, мектепке дейінгі ұйымда балалардың тілін дамыту бойынша жұмысқа әдістемелік жетекшілік ету жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық жүйесі

    "Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалар әдебиеті

    Балалар әдебиетінің тарихы, балаларға арналған ауыз әдебиеті үлгілері, қазақ прозасы мен поэзиясы өкілдерінің өмірбаяны және шығармалары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық теория

    Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру менеджменті

    Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің білімі мен білігі, педагогикалық функциялары, нормативтік құқықтық, қаржылық құжаттары және ұйымдастыруды жүзеге асырудың жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ерте және мектепке дейінгі жастағы әлеуметтік-эмоционалдық даму

    Ерте және мектепке дейінгі жастағы әлеуметтік-эмоционалдық даму пәні балалардың эмоциялық және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл пән арқылы балалар өз эмоцияларын тануды, оларды дұрыс басқаруды және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)

    Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерте жастағы сенсорлық тәрбиелеу

    Ерте жастағы сенсорлық тәрбиелеу пәні балалардың сезім мүшелерін дамытуға бағытталған. Бұл пән арқылы балалар қоршаған әлемді сезім мүшелері арқылы тануды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәнерлеп оқу практикумы

    Бұл пән болашақ тәрбиешілерге көркем сөз оқу өнерінен теориялық мәлімет бере отырып, оларды мәнерлеп оқуға төсілдіруді, жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын дамыту жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)

    Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі мектепке дейінгі балалардың ойындары және ойын әрекеттері

    Қазіргі мектепке дейінгі балалардың ойындары және ойын әрекеттері пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұнымен таныстырады. Ойын технологиясы және оның түрлері туралы мағұлмат береді. Ойынды ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданудың бағыттары, әдістері мен тәсілдері, тиімді қолдану жолдары қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Отбасы тәрбиесі және ата-аналармен жұмыс

    Отбасылық тәрбие жағдайларының ерекшеліктерін, олардың мүмкіндіктерін және баланың жеке басын қалыптастыру бойынша ата – аналар мен мұғалімдердің бірлескен тәрбие жұмыстарының әдістемелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-сөйлеу дамуы

    Болашақ педагог-тәрбиешілердің балаларды үйлесімді сөйлеуін дамыту мақсатында өз білімдерін кеңейте отырып, орфоэпиялық сөйлеу дағдысын, сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру және сөздікпен жұмыс әдістемесін, мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-сөйлеу құзыреттіліктерін, білім мен біліктерін жетілдіру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымының дамыту ортасының дизайны

    Бұл пән білім беру мекемесінің пәндік дамытушы ортасының мәні мен ерекшеліктерін, дамытушы ортаны ұйымдастыру принциптері мен технологияларын, санитарлық-гигиеналық немесе эпидемиологиялық жағдайларға байланысты нормативтік талаптарды, қолайлы ортаны жобалау мақсатында жеке және жалпы кеңістікті құру ерекшеліктерін, мекеме аймағын құру ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Үйдегі білім беру және мектепке дейінгі балалардың отбасылық тәрбиесі

    Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жолдарын, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде оқыту мәселелері бойынша кеңес берудің әдіс-тәсілдерін, қағидалары мен ережелерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нейропедагогика негіздері

    Болашақ педагогтардың игерген құзіреттілігі негізінде баланың оқу қабілетін арттыра отырып, баланың мінез-құлқын реттеуге сондай-ақ сезім мүшелеріне (көру, есту, сипап сезу және т.б.) әсер ету арқылы және тәрбие мен оқыту үдерісіндегі эмоционалдық күйін реттеу үшін мектепке дейінгі білім беруде тұлғалық-бағдарланған тәсілді жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дайындық тобына арналған жапсыру және саз балшықпен жұмыс технологиясы

    Жапсыру және саз балшықпен жұмыс технологиясын, әдіс-тәсілдерін, дайындау үлгілерін, жасау жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті

    Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті пәнінің теориясы мен әдіснамалық негіздері, мазмұны, мақсаты, міндеттері қарастырылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуда негізгі әдістемелік талаптары, еңбек құралдарын пайдалану жолдары, қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Баланың жас кезеңдеріне сай дамуын, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін және дене, жүйке жүйесі мен психикалық дамуын, мектепке дейінгі жастағы балалардың даму заңдылықтары мен қажеттіліктерін ескеру негіздері меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

    Пәннің теориясы мен әдіснамалық негіздері, мазмұны, мақсаты, міндеттері мен құралдары қарастырылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене дамуы мен күтімімен таныстырады. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары мен әдістері, жүргізілетін іс-шаралар, жоспарлау мен есепке алу, балабақшаның отбасы, мектеппен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі

    Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне баулудың теориясы мен әдістемесін, оқыту мен дамытудың заманауи әдістері мен технологияларын, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру техникалары мен құралдарының пайдалану жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру

    Баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін, арнайы жабдықталған, педагогикалық мақсатқа бағытталған кеңістікті құру мен басқару туралы кәсіби білім. Бұл пән мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық, эмоционалдық және әлеуметтік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көрнекі құралдар даярлау әдістемесі

    Көрнекілік құралдарын даярлаудың психологиялық-педагогикалық және ғылыми негіздері мен әдістемесі туралы түсінік беріледі. Әдістемелік пәндерден дидактикалық материалдар дайындаудың технологиялары қарастырылады. Көрнекілік дайындауда құралдарды тиімді қолдана білу және жас ерекшеліктеріне байланысты таңдауларын қадағалау жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымында бос уақытты ұйымдастыру

    Болашақ тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізу жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі балалардың логикалық-математикалық дамуы

    Мектепке жасына дейінгі балаларды логикалық-математикалық дамыту мен оқытудың технологиялары, формалары мен құралдары, логикалық математикалық тәжірибесін байыту әдісі ретінде шығармашылық тапсырмаларда (сұрақтар, жағдаяттар, т.б.) логикалық ойлауда қолданылатын әдіс-тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесі

    Мектепке дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесі пәнінің мақсаты, міндеттері мен принциптері туралы мағлұмат береді. Музыкалық тәрбиенің отандық және шетелдік жүйесінің дамуын, музыкалық тәрбиенің мазмұны мен түрлерін қарастырады. Музыкалық іс-әрекет түрлері мен музыканы оқыту әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбиеші-педагогтардың жобалық қызметі

    Мектепке дейінгі ұйым педагогтарын даярлау кезіндегі талаптарға сәйкес келетін ғылыми-педагогикалық зерттеу, жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі, білім алушыларға білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Оқыту әдістері мен технологиялары

    Оқыту үдерісінің мазмұны мен құрылымын, оқыту әдістерінің жіктелуін және оларды тиімді қолдану жолдарын, білім беру әдістерін, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың ерекшеліктеріне сәйкес оқыту әдстерін тиімді қолдану жолдары қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі

    Пәнінің теориясы мен әдіснамалық негіздерімен, мазмұны мен мақсат-міндеттері таныстырылады. Айналамен таныстыру кезінде оқытудың негізгі мазмұны - бақылау, қызықтау, саяхат, серуен т.б. түрлерін басшылыққа алу жолдары және оқытуды ұйымдастыру технологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балаларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістемесі

    Экологиялық білім мен тәрбие берудің тарихы, теориясы мен әдістемесі, мақсаты мен міндеттері туралы түсінік беріледі. Экологиялық білім беру мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде, балабақшада балаларға экологиялық білім беру мазмұнының дидактикалық негіздері, экологиялық білім берудің әдістері, технологиялары, формалары, педагогикалық шарттары, балалардың экологиялық білім беру нәтижелерінің диагностикалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі

    Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі пәні педагог-тәрбиеші шеберлігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерімен, тәрбиешінің педагогикалық қызметін ұйымдастыру жолдарымен таныстырады; педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін игеру жолдары, тәрбиешінің біліктілігін қалыптастыру және әдістемелік біліктіліктерін жетілдіру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы сауат ашу әдістемесі

    Мектепке дейінгі ұйымдағы сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздерін, сауат ашу элеметтеріне оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін, сауат ашудың әр кезеңі бойынша тіл дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері және академиялық хат

    Білім алушылар зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерімен, әдістердің жіктелуімен, оларды қолдану салаларымен таныса отырып, пән оқытылатын саладағы ғылыми зерттеулер әдістері мен академиялық хатты зерттеуге бағытталған. Білім алушылар ғылыми зерттеулерді сандық және сапалық талдау дағдыларын, академиялық ортада мақала мен баяндамалар түрінде ұсынуға үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық әдеп және этика

    Педагогикалық этика, оның теориялық, әдіснамалық негіздері, педагогикалық қарым-қатынас этикасы мен мәдениеті, тәрбиешінің кәсіби этикасы, мәдениеті, педагогтің коммуникативтік іс-әрекетін қалыптастыру бағыттары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем-эстетикалық тәрбиесі

    Мектепке дейінгі кезеңде балалардың көркем-эстетикалық тәрбиесін ұйымдастырудың теориясы мен әдіснамасын зерттеп, сондай-ақ балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дефектология негіздері және логопедия

    Дефектология негіздері және логопедия пәні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін, сөйлеу тіліндегі ауытқулардың түрлері мен себептерін зерттей отырып, дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді қолдау көрсету жолдарын, балалармен түзету-дамыту жұмысын жүргізудің теориялық және практикалық негіздері меңгеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі инновациялық технологиялар

    Қазіргі инновациялық технологиялар пәнінің теориялық және әдіснамалық негіздерін игере отырып, мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын оқыту технологияларын, олардың түрлерін, қолдану тәсілдерін, оқу іс-әрекетінде инновациялық технологияларды ұйымдастыру формаларын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Сөйлеуді дұрыс интонациялық және лексикалық рәсімдеу үшін орыс және шет тілдерін, ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, Қазақстанның тарихи дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын меңгеріп, экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалау үшін экономикалық теорияның бағыттарын зерделей отырып, әлеуметтік бейімделу дағдыларын және қаржылық сауаттылықты қалыптастырып, салауатты және толыққанды өмір сүру ұстанымын қолдай отырып, ақпараттық ресурстарды іздеу және бағалауға, жүйелеп талдауға, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу үдерісін жүзеге асыруда жасанды интеллект технологиясын қолдануға қабілетті.
  • Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық қызметінің мазмұны мен бағытын кәсіби деңгейде қолдануға қабілетті.
  • Мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары негізінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті.
  • Қазақ тілінің грамматикасын меңгере отырып, балалар әдебиетінің негізгі тақырыптарын талдай отырып, мәнерлеп оқу дағдылары мен түрлі жанрдағы көркем шығармаларды орындау, талдау, дағдыларын біле отырып, көркем, сауатты жазуға қабілетті.
  • Педагогикадағы өзекті мәселелерді зерделей отырып, мектепке дейінгі педагогика тарихының теориялық негіздерін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқытудың психологиялық-педагогикалық технологияларын тәжірибеде қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемелерін меңгеріп, музыканы тыңдай білу мен қабылдау дағдыларын үйренуге қабілетті.
  • Мектепке дейінгі балаларда математиканың қарапайым ұғымдарын үйретудің теориялық негіздері бойынша білімін қалыптастыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен және экологиялық таныстырудың тиімді жолдарын меңгере отырып, бейнелеу өнері арқылы суреттеуді, мүсіндеуді, құрастыруды, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуге қабілетті. Мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, шығармашылық және танымдық іс-әрекеттерді жоспарлай алады. Балалардың негізгі әрекеті ретінде ойынның маңызын түсініп, дене тәрбиесінің жалпы міндеттерін, баланы жан-жақты дамытудың жолдарын және әр жас кезеңіне тән анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, заттық-дамытушы ортаны дұрыс ұйымдастыруға, сауат ашу негіздерін меңгеріп, тілдік дағдыларды қолдануға қабілетті.
  • Тәрбиенің негізгі теориялық ұғымдарын, әдістері мен тәсілдерін меңгере отырып, отбасындағы тәрбиелік ықпалды бағалап, ата-аналармен бірлескен білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға қабілетті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының дамыту ортасының мазмұны мен құрылымын, педагогикалық талаптар мен балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушы ортаны жобалау, ұйымдастыру және бағалауға қабілетті. Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруға арналған заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану арқылы арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуде дефектологиялық және логопедиялық әдістерді орынды пайдалана алады. Сонымен қатар, білім беру процесінде инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыруға қабілетті. Ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру арқылы академиялық жазылым талаптарына сай ғылыми мәтіндер құрастырып, педагогикалық жобалау әдісін қолдана отырып, тәрбиеге бағытталған жобаларды тиімді жоспарлай алады.
  • Мектепке дейінгі педагогиканың білім жүйесін біле отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес кәсіби қызметті ұйымдастыруға, педагогикалық тәжірибе жинақтап, кәсіби қызметін жүргізуге қабілетті.

Ұқсас БББ

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Астана халықаралық университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Alikhan Bokeikhan University (ABU)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

«Мирас» университеті (Мирас)

Top