Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01501 Математика педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Математиканы оқытудың теориясы мен әдістерін зерттеудің қазіргі заманғы әдістері

    жаңартылған білім мазмұнын оқу үдерісіне енгізуге бағытталған әдіс-тәсілдерді жинақтау, оқу-тәрбие үдерісімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу әдістері қарастырылады. Зерттеу жұмыстарына қатысты ғылыми баяндамалар мен мақалалар, презентациялар жазу, рәсімдеу және өз зерттеулерін дәйектеу жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде)

    Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары

    Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру. ОН Магистрант заманауи оқыту әдістерін тиімді қолданып, цифрлық құралдармен жұмыс істей алады және кәсіби рефлексия жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогикалық зерттеулердегі математикалық статистика әдістері

    Пәннің мақсаты - педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтауда математикалық статистика әдістерін қолдануға дағдыландыру, Пәннің мазмұнында зерттеу жиынтығын өңдеу, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу, өзара тәуелділікті айқындау, түрлі көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтауда математикалық статистика әдістерін қолдану және олардың нәтижелерін дәйектеу жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінен зерттеулердің әдіснамасы

    Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері мен теориялық тәсілдері, принциптері мен логикасы, ғылыми этиканың негіздері, ғылыми зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістері, пәндік білімдерді интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректерін өңдеу мен презентациялау әдістерін меңгеру, магистрлік диссертацияға қойылатын талаптарды орындау және нәтижені көпшілік алдында тиянақты баяндау дағдылары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математика мұғалімінің шындыққа жанасымды пайымдау қабілетін дамытудағы ашық есептер

    Пәннің мақсаты білім алушының шындыққа жанасымды пайымдау құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады Пәннің мазмұнында шындыққа жанасымды пайымдау ұғымы мен заңдылықтары туралы түсініктер, математикалық ашық есептерді шешудің әдіс-тәсілдері және білім алушылардың шындыққа жанасымды пайымдау құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. "Геометрия" пәні бойынша ашық есептер мысалында шындыққа жанасымды пайымдаулар алгоритмдерін қолдану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебра, геометрия және логиканың іргелі мәселелері

    Жиын, группа, сақина, комплекс сандар теориясы, евклидті және есклидті емес геометрияның теориялық мәселелері, логикалық алгебраның пікірлер, предикаттар ұғымдары және олардың математикалық теоремалардың дәлелдеулері мен стандартты емес жағдайларда қолданулары қарастырылады. Математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер ретінде жоғары ретті теңдеулерді шешу әдістері, математикалық индукция әдісін пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Математикалық анализдің іргелі мәселелері

    Векторлық алгебра негізінде дифференциалдық есептеу әдістерін қолдану арқылы евклидтік кеңістіктегі сызықтар мен беттердің қасиеттері, беттің ішкі геометриясының толық және орташа қисықтығы арқылы геодезиялық сызықтарды зерттеу жолдары, сызықтық беттердің майысу қасиеттері мен олардың қолданулары жайлы білімдер қарастырылады. Гаусс-Бонне теоремасын эллиптикалық және гиперболалақ беттердегі фигураларды зерттеулерде пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат (ағылшын тілінде)

    Пән ағылшын тіліндегі академиялық жазу дағдыларын, сыни ойлауды, ғылыми идеяларды құрылымдап жеткізуді дамыту, сондай-ақ ағылшын тіліндегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктері арқылы кәсіби шет тілін меңгеру құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Ерекше назар магистранттардың академиялық дискурс ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби құзыреттерін дамытуға және жазбаша ғылыми тілін жетілдіруге аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы

    қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері

    Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес оқу пәнінің мазмұны, математиканы оқытудың нақты мақсаттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған оқыту мен бағалаудың тиімді әдістері мен ұйымдастырушылық формалары, оқытудың құралдары, оларды практикада қолданудың ғылыми негіздері қарастырылады. Оқытудың түрлеріне салыстырмалық талдау, математикалық әдістерді меңгеру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктер сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық анализдің қосымша тараулары

    Математиканың классикалық математикалық анализ саласының еселі интегралдар теориясы, қисық сызықты интегралдар, стереометрия, механика, физикадағы беттік интегралдар, өрістер теориясының элементтері және олардың практикада қолданулары қарастырылады. Өрістер теориясының гидродинамика мен электродинамикадағы теориялық және практикалық қолдануларын пәндік саладағы дамытылатын білімдер ретінде пайдалану және оларды интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп математикасынан элективті курстарды жобалау проблемалары

    Элективті пәндердің оқу мақсатын, міндеттерін, әдістерін, қалыптары мен мазмұнын анықтау, сабақты ұйымдастыру және түрлі дидактикалық мақсаттарды қамтитын оқу үлгілерін құрастыру, зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу мәселелері қарастырылады. Элективті курсты жасақтауда әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойлардың негізінде өз пікірін білдіру және оны көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлай алу дағдыларын қалыптастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп математика курсының ғылыми негіздері

    Математика курсының логикалық құрылымы, математикалық белгілер мен логика тілі, мектеп математикасының негізгі құрылымдарына шолу, теоремалардың түрлері және оларды дәлелдеу әдістері, негізгі математикалық принциптер, орта мектептегі математиканы оқытуда модельдеу, ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика және математика тарихының рөлі қарастырылады. Мектеп математика курсының ғылыми негіздерін зерттеулерде пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп математикасы оқулықтарының проблемалары

    Қазіргі заманауи математика оқулықтарының мазмұны, құрылымы қолданылуы және олардың өзіне тән ерекшеліктері, оқулықтарды салыстырудың әдіс-тәсілдері, оқулықтарды таныстыру, талдау жүргізу арқылы олардың сапасын бағалау мен зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, әлеуметтік ойлардың неізінде өз пікірін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Мектеп математикасы оқулықтарының мазмұнын талдау, сараптау нәтижелерін көпшілік алдында нақты хабарлауды ұйымдастыру жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық есептерді шешуде цифрлық білім ресурстарын пайдалану әдістері

    АКТ, электрондық білім беру орталары, математикалық қолданбалы программалар пакеттері, оқытуға және кері байланыс орнатуға арналған веб-саймандар, математикалық есептерді шешуде қажетті ЦБР-ды іздеу, таңдау қолдану әдістері қарастырылады. Стандартты емес есептерді шешуде шығармашылық қабілетін пайдалану және есептің қойылымын, ЦБР-ды таңдау мақсатын, есепті шығару жолын көпшілік алдында нақты және тиянақты көрсете білу жодары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикадан бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Оқушылардың математикадан алған білімдерін бағалаудың өлшемдік тәсілі, сапалы білім алуға мүмкіндік беретін өлшемдерді құрастыру жолдары, оқу нәтижесіне бағытталған білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының бір-бірімен байланысқан бақылау-бағалау әрекеттерінің жүйесі қарастырылады. Бағалауға қатысты білімін, түсінігін шығармашылықпен қолдана отырып, кәсіби қызметінде туындаған проблемаларды шешу мүмкіндіктері, пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жүйелік талдау

    Жүйелік талдаудың негізгі бөлімдері қарастырылады: жүйелердің дамуын болжау, техникалық және басқару шешімдерін оңтайландыру, сенімділік жағдайында шешім қабылдаудың теориялық негіздері, сондай-ақ толық немесе ішінара белгісіздік. Параметрлерді, жабдықтар мен технологиялардың техникалық деңгейі мен сапасын болжау және оңтайландыру, техникалық және басқару шешімдерін қабылдау әдістері талданады. Нақты мәселелерді шешуде жүйелік тәсілдер де қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық есептерді шешуге оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері

    Математикалық есептердің түрлері, оларды шешудің тәжірибелері мен қазіргі ахуалы, жолдары, заманауи технологиялары қарастырылады. Есеп шешуге оқытуды П.Я.Гальпериннің ұғымдар мен ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру теориясына негіздей отырып ұйымдастыру мүмкіндіктері, деңгейлері және стандартты емес есептерді шешуде шығармашылық қабілетін пайдалану, есепті шығару жолын көпшілік алдында нақты көрсете білу жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бүтін функциялардың нөлдерін зерттеу және олардың қолданулары

    Жартылай шенелген дифференциалдық операторлардың меншікті мәндері, дифференциалдық операторлардың спектралдық есебінің бүтін функциялармен байланысы, бүтін функциялардың нөлдерінің комплексті жазықтықта орналысуын анықтау мәселелері қарастырылады. Бүтін функциялардың нөлдерін және дифференциалдық операторлардың меншікті мәндерін табуды, бүтін функциялардың нөлдерінің асимптотикасын зерттеуді, интеграл түріндегі бүтін функциялардың нөлдерін бағалауды меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін шыңдап, математикалық білімін жалғастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытудағы жасанды интеллект негіздерін оқыту

    Кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін арттыру үшін математика пәнін оқытуда жасанды интеллект технологияларын ғылыми негізде тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру туралы ақпарат беріледі. Пән мазмұнында заманауи білім беру трендтері, цифрландыру талаптары және жасанды интеллект құралдарының педагогикалық әлеуеті ескеріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шешім қабылдау теориясы

    Қолданбалы есептердің математикалық модельдеу принциптері, жаратылыстанудың көпөлшемді есептерін шешу жолдары, оның ішінде анықталмаған жағдайында зерттеледі. Анықталған жағдайында шешім қабылдаудың көпөлшемді модельдері зерттеледі. Сондай-ақ, анықталмаған жағдайында шешім қабылдау әдістері және топтық шешім қабылдау қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бүтін функциялар және экспоненталар қатары

    Комплексті айнымалылы функциялар теориясының дифференциалдық теңдеулермен байланысын айқындау, квазиполином түріндегі экспоненталық қатарларды зерттеу, қатарлар теориясының голоморфты функциялардан тәуелділігін анықтау мәселелері қарастырылады. Бүтін функциялардың түйіндес диаграммасын құруды, квазиполином түріндегі экспоненталық квазиполиномдардың нөлдерін табуды, өлшемді, өлшемсіз көрсеткіштерден тәуелді экспоненталық квазиполиномдардың нөлдерін табуды меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін шыңдап, математикалық білімін жалғастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың математикадан білім сапасын бағалау

    Математикадан сабақ берудің әдістемесіне үйрету кезінде логикалық ойлауды дамыту, оқушылар білімін бақылау мен бағалау нәтижелерін теориялық талдау әдістері қарастырылады. Білім беру ортасы субъектілерінің ұжымдық жұмыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын ұйымдастыру тәсілдері, бағалауға қатысты білімін, түсінігін шығармашылықпен қолдана отырып, кәсіби қызметінде туындаған проблемаларды шешу мүмкіндіктері, пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • математиканы оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін педагогикалық және пәндік білімдерін интергациялайды
  • математикалық білімдерін теориялық және ғылыми практикалық есептерді шығаруда қолданады.
  • ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және идеяларды, қорытындылар мен проблема шешімдерін көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлау дағдыларын меңгереді
  • математика және математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерін және зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді
  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыруда ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді
  • жоғары оқу орындары мен орта мектептерде математиканы оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістерін қолданады.
  • әлемнің ғылыми көрінісін тарихи және философиялық тұрғыдан түсінеді және саралайды.
  • математиканы оқытуда, бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін теориялық талдауда цифрлық білім ресурстары мен компьютерлік технологияны пайдаланады

Ұқсас БББ

7M01501 Математика (1.5)

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01501 Математика (1)

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01501 Математика

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01501 Математика

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01501 Математика

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7M01501 Математика

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

7M01501 Математика

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01501 Математика

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01501 Математика

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

7M01501 Математика

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01501 Математика

Шымкент университеті

7M01501 Математика педагогтарын даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01501 Математика

Сулейман Демирель атындағы университеті

Top