7M01501 Математика в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті білім беру ортасында жоғары академиялық стандарттарға сәйкес терең математикалық білімді, математикалық ойлауы, математикалық мәдениеті бар, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шеше алатын педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M010 Математика педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Ғылымның тарихы және философиясы
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі ғылым, өркениет. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар. Ғылыми ұтымдылық. Заманауи ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде Жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық қырлары. Коммуникативтік технологиялар, қазіргі ғылымдағы ақпараттық үрдістер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикадан мәтінді есептерді шығарудың қолданбалы аспектілері
Мақсаты: математикадағы мәтіндік есептерді шешудің қолданбалы аспектілерімен таныстыру. Мазмұны: Математиканы оқытуда практикалық қолдану тәсілдері мен әдістері. Мектеп математика курсында математикалық модельдеу әдісі. Математикадағы практикалық-бағытталған мәтіндік есептерді құру және шешуге үйрету. Практикалық мазмұны бар геометриялық есептерді шешу әдістемесі. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: қолданбалы бағыттағы математикадан мәтіндік есептерді шығаруда оқытуды ұйымдастырудағы дағдыларды қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика тарихының таңдаулы мәселелері
Математикалық білім беру тарихының мәліметтерін пайдаланумен байланысты кәсіби білімдер мен біліктерді қалыптастады. Математикалық білім берудің бастау-бұлақтары және оның қалыптасуы; математиканың алғашқы оқу-әдістемелік құралдары; математикалық терминологияның қалыптасуы; математикалық білім беру ісінің кеңес дәуіріндегі және тәуелсіз Қазақстандағы даму ерекшеліктері қарастырылады. Математикалық білім берудің тарихы бойынша алған білімдерін педагогикалық қызметте пайдалана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Шет тілі (кәсіби) пәні әртүрлі салалардағы кәсіби қызмет үшін қажетті тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған. Курс нақты лексиканы, кәсіби терминдерді, сондай-ақ тілді Кәсіби коммуникация контекстінде практикалық қолдануды қамтиды. Студенттер кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын үйренеді, соның ішінде іскери хаттар жазу, келіссөздер жүргізу, есептер мен презентациялар жасау. Шет тілі (кәсіби) пәні әртүрлі салалардағы кәсіби қызмет үшін қажетті тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған. Курс нақты лексиканы, кәсіби терминдерді, сондай-ақ тілді Кәсіби коммуникация контекстінде практикалық қолдануды қамтиды. Студенттер кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын үйренеді, соның ішінде іскери хаттар жазу, келіссөздер жүргізу, есептер мен презентациялар жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геометрияны оқытудың қолданбалы бағыттары
Мақсаты: Геометрияны оқытудың қолданбалы бағытын жүзеге асыруды қарастыру және оны күшейту мүмкіндіктерін анықтау Мазмұны: Геометрияны оқытудың қолданбалы бағытын жүзеге асырудың тәсілдері мен әдістері. Мектеп геометрия курсында математикалық модельдеу әдісі. Геометриядағы практикалық-бағытталған мәтіндік есептерді құру және шешуге үйрету. Практикалық мазмұны бар геометриялық есептерді шешу әдістемесі. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: геометрияны оқыту әдістемесінің теориялық аспектілерін біледі, геометриядан қолданбалы есептерді құру біліктілігі және геометриядан қолданбалы бағыттағы есептерді шығаруда оқытуды ұйымдастыру дағдылары қалыптасқан
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математиканы оқыту әдістемесінің таңдаулы мәселелері
Қандай да бір әдістемелік-математикалық мәселені шешудің әртүрлі тәсілдерін көре білу біліктерін қалыптастыру арқылы ойлаудың диалектикалығын дамыту. Математика әдістемесінің бұлақ-бастаулары және қалыптасуы; оның Қазақстанда тамыр тарта бастауы; математика әдістемесінің кеңестік кезеңдегі және тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы даму ерекшеліктері қарастырылады. Тарихи-әдістемелік білімдерді математиканы оқыту үдерісін ұйымдастыруда пайдалану тәжірибелерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикада экстремумға берілген қолданбалы есептерді шешу әдістемесі
Мақсаты: математиканы оқытуда қолданбалы есептердің экстремумын табудың әдіс-тәсілдері. Мазмұны: Қолданбалы есептердің экстремумы туралы жалпы ақпарат. 5-6 сыныптардағы математика курсында, 7–9 сыныптардың алгебра курсында және 10–11 сыныптарда алгебра және анализ бастамаларындағы қолданбалы есептер және оларды шешудің әдіс-тәсілдері. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: математикалық есептерде экстремум табуды үйретуді ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орта мектепте геометрия курсын оқытудың заманауи үрдістері
Мақсаты: Заманауи мектепте геометрияны оқытуға және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау. Мазмұны: Геометриялық білім берудің тұжырымдамасы. Мектептегі геометрия курсының логикалық құрылымы мен білім мазмұны. Геометрияны оқытудың әдістері мен технологиялары. Критериалды бағалау жүйесі. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: заманауи жағдайда геометрияны оқытудың мазмұндық-әдістемелік бағыттарын игерген, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге қабілетті болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экстремумға қолданбалы есептерді математикалық модельдеу
Mақсаты: математикалық модельдеу әдісін және экстремумға қолданбалы есептердің математикалық моделін шешудің әртүрлі әдістерін игеру. Mазмұны: модель, модельдеу, математикалық модель, математикалық модельдеу. математикалық модельдеу схемасы, әр кезеңді жүзеге асырудың кейбір ерекшеліктері. математикалық модельді шешудің жеке әдістері. туындыны экстремумға қолданбалы есептердің математикалық моделін шешуге қолдану. экстремумға мәтіндік есептерді шешу жоспары. экстремумдағы қолданбалы есептерді шешудің әртүрлі тәсілдері. Қалыптастырылатын құзыреттер: экстремумға қолданбалы есептердің математикалық моделін шешуге оқытуды ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері
Мақсаты: магистранттарды математика пәнінен оқу нәтижелерін критериалды бағалау аясында теориялық даярлау. Мазмұны: негізгі мектепте математикадан білім нәтижелерін тестілеу арқылы өткізу кезіндегі критериалды бағалау. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: білім алушылардың оқу нәтижелерін (ОН) бағалауда пәндік құзіреттіліктермен қатар қалыптасу; математикадан білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістері мен құралдарының қазіргі жағдайын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектептің геометрия курсын оқытудың теориясы мен әдістемелік негіздері
Мақсаты: Магистранттардың орта мектепте геометрияны оқытуға және геометрия саласында өзіндік іс-әрекет жасауға әдістемелік дайындығын қамтамасыз ету. Мазмұны: Жаңартылған мазмұндағы геометрия курсының логикалық құрылымы мен білім мазмұны. Геометрияны оқытудағы инновациялық әдістер мен құралдар. Оқушылардың білімін бағалау жүйесі. Құзыреттілік: геометрияның жүйелі курсын оқыту әдістемесін меңгерген, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге қабілетті болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математикадан стандартты емес және олимпиадалық есептер шығаруға оқыту әдістемесі
Мақсаты: стандарт емес есептерді шығару дағдысын қалыптастырып, студеннтерді табысты кәсіби-педагогикалық қызметке дайындау. Мазмұны: сандардың қасиеттері, Евклид алгоритмі, анықталмаған сызықтық теңдеулер, Дирихле принципі, симметриялық теңдеулер, пареметрлік теңдеулер, модульдері бар функциялардың графиктері. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: керекті ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана білу, алған ақпараттарын жүйелеп, қолдана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепте математикалық есептерді шығаруға үйретудің теориялық негіздері
Мақсаты: мектеп математикасының курсында есептерді шешу үшін оқытудың теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Математиканы оқыту үдерісіндегі міндеттердің рөлі мен функциялары, есептердің жіктелуі, мектептегі математикалық есептерді шешудің теориялық негіздері, математикалық есептермен жұмыс істеу кезеңдері. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: оқытуды ұйымдастыру дағдыларын мектеп математика курсының міндеттерін шешу үшін қолдана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математиканы оқыту нәтижелерін критериалды бағалау
Мақсаты: магистранттарды математика пәнінен оқу нәтижелерін критериалды бағалау технологиясы бойынша теориялық даярлау. Мазмұны: Негізгі мектепте математикадан оқу нәтижелерін тестілеу арқылы алуда критериалды бағалау. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: білім бағдарламасында білім алушылардың оқу нәтижелерінде (OН) пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру: математиканы оқытудың жетістіктерін диагностикалау әдістері мен құралдарының қазіргі жағдайын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық тәжірибе нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері
Мақсаты: білім алушылардың ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы аясындағы кәсіби құзіреттіліктерін дамыту. Мазмұны: педагогикалық эксперимент және оны жүргізу әдістемесі; өлшеу шкалалары; педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің көрнекі, сипаттамалы, индуктивтік және корреляциялық әдістері; статистикалық критерийлер; регрессиялық анализ. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: -білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін қою және шешумен байланысты білімдерді, сондай-ақ математикалық статистиканың заманауи аппаратын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулердегі статистикалық әдістер
Мақсаты: білім алушылардың педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында статистикалық әдістердің қолданылу мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастыру. Мазмұны: өлшеу және мәліметтерді сандық-мөлшерлік сипаттау негіздері; алғашқы сипаттамалы статистикалар; статистикалық критерийлер; номиналдық мәліметтерді талдау; корреляциялық анализ; педагогикалық зерттеулерде статистикалық әдістердің қолданылуының қазіргі жағдайы мен болашағы. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: ғылыми-педагогикалық зерттеудің нәтижелерін өңдеудің заманауи статистикалық әдістерін игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Математиканы саралап оқытудың әдістемелік негіздері
Магистранттарды математиканы саралап оқытудың заманауи теориясы мен практикасы саласындағы құзыреттермен қаруландыру. Саралап және даралап оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері; Математиканы саралап және даралап оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктері; Математиканы саралап және даралап оқытудың әдістемесі қарастырылады. Математикадан білім беруде кездесетін проблемаларды кәсіби тұрғыдан шеше алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Математикалық білім берудегі инновациялық технологиялар
Магистранттарды мемлекеттік тапсырысқа сәйкес келетін мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқыту технологияларымен таныстырады. Заманауи білім беру стандарттары және оларға сәйкес оқыту нәтижелері; Математиканы оқытудағы модульдік технологиялар; Оқушы білімін портфолио арқылы бағалау қарастырылады. Білім беру процесінің сапасын бағалйды және диагностикалау үшін заманауи технологияларды қолдана біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздері
Мақсаты: математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен таныстыру. Мазмұны: математиканы оқыту әдістемесі бойынша диссертациялардың ғылыми-әдістемелік тақырыптарына шолу; ғылыми-әдістемелік зерттеудің негізгі кезеңдері; диссертацияның ғылыми аппараты; ғылыми, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс. Зерттеудің әдістері мен формалары. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеу тұрғысынан көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Академиялық жазылым пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын меңгеру, болжау және жоспарлау әдістерін практикада қолдана білу, сондай-ақ білім беру, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу үшін кәсіби және пәнаралық білімді синтездей білу; жоғары білімнің қазіргі жағдайына әсер ететін стратегиялық сыртқы және ішкі факторларды сыни тұрғыдан бағалау және жаңа идеяларды қалыптастыру қабілетіне ие болу.
- пәнаралық байланыстарда математикалық теориялар, әдістер мен мысалдарды үйлестіре отырып фундаменталды математикалық теорияны тиімді пайдалану әдістерін қолданады;
- әр түрлі қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдерді қолданудың маңыздылығын; сандық және сапалық талдауда статистикалық мәліметтерді графикалық ұсынудың рөлін математиканың академиялық тілінде түсіндіреді;
- зерттеу тақырыптары бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттей отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды;
- мектеп оқушылары мен студенттердің оқу, зерттеу қызметін ұйымдастырудағы математиктердің озық тәжірибесін меңгереді;
- ең жаңа технологиялардың, идеялардың, бағыттардың кең ауқымына бағдар береді және оларды өзінің оқытушылық қызметінде қолдануға дайын болады;
- математика ғылымының жекелеген мәселелерін оқыту әдістемесінде қолданады;
- ақпаратты және осы ақпаратты алу көздерін дербес, тиімді, жауапкершілікпен, сыни тұрғыдан, рефлексивті түрде таңдап, оқыту әдістерінде қолдануды дамытады;
- практикалық есептерді шешуге арналған математикалық білімдерін, математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін, математикалық терминологияны, сәйкес контексте, әр түрлі қолданбалы есептерді шешудің математикалық модельдерін, математикалық есептерді шығарудың технологиясы мен бағдарламалық жасақтамасын көрсетеді;
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметіне байланысты математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады, жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
Ұқсас БББ
7M01501 Математика (1.5)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01501 Математика (1)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01501 Математика
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01501 Математика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01501 Математика
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M01501 Математика
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01501 Математика
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01501 Математика
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01501 Математика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01501 Математика
Шымкент университеті
7M01501 Математика педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01501 Математика педагогтарын даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
7M01501 Математика
Сулейман Демирель атындағы университеті