Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Нормативті қазақ тілі

    Нормативті қазақ тілі курсы тіл, әдебиет мамандарын дайындау үшін оқылатын лингвистикалық пәндердің негізгісі болып есептеледі. Курс бүгінгі күні жалпыхалық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін ғылыми-теориялық негізін танытуды міндет етеді. Бұл ғылыми-теориялық негіз маманға тілдегі барлық фактілерді, құбылыс, процестерді дұрыс танып, еркін түсіндіруге мүмкіндік береді, сондықтан «Нормативті қазақ тілі» курсы іргелі, практикалық сипатта оқытылады. Бұл курс берген білім қазақ тілінің тарихын, түрлі стильдік, функционалды жанрларын, оқыту әдістемесін орфоэпия, емле, пунктуация т.б. мәселеріне арналған пәндерді оқып, меңгеруіне тірек болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі)

    Модуль пәндері қаржы өнімдерін тұтыну кезінде туындайтын мәселелердің ықтималдығын азайту мақсатында қаржылық сауаттылық бойынша, кәсіпкерлік қызмет негіздері, экономикалық ойлауды қалыптастыру және өз ісін құру, құқық негіздері, құқықтық өзін-өзі тануды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, экология және экологиялық мәдениет негіздері, тіршілік қауіпсіздігі бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын игеруіне арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

    Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы курсын оқытудағы мақсат педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білімін профильдеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың анатомо-физиологиялық жүйелерінің даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Физиологиялық дамудың жас ерекшелік заңдылықтарын білу, даму заңдылықтарының заманауи проблемаларына сүйене отырып, оқу процесін, оқыту гигиенасын ұйымдастыру, оқытуда психологиялық мәселені қалыптастыру мәселелерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық) қарастырылады. Әдеби шығарманың сыры мен сипаты; әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт), әдеби әдістер мен әдеби ағымдар заңдылығы меңгертіледі. Көркем шығарманың мән-мазмұнын терең ұғыну және талдай алу дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық ауыз әдебиеті

    Бұл пән халықтың фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыруды мақсат етеді, фольклор мен халық ауыз әдебиеті атауларының мағыналық айырым жігі, фольклордың салалары, жанрлық түрлері, ерекшелігі, салыстырмалы-салғастырмалы негізі, бастау арналары зерттеледі. Фольклорды жаңаша бағытта зерттей отырып, фольклористиканың тарихын, теориясын жаңаша көзқарас тұрғысынан қарастырады. Фольклорды синкертті сала ретінде танып, эстетикалық, тәрбиелік, утилитарлық қызметтерін айқындап, әдебиеттану саласының жаңа бағыты ретінде қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

    «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» курсында фонетика ғылымы туралы түсінік беріліп, аталған саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектері, олардың тілдің дыбыс жүйесін зерттеген ғылыми тұжырымдары жан-жақты талданып, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы, өзіндік ерекшеліктері мен түрлері, буын, сингармонизм, екпін, интонация, орфоэпия, орфография, графика, транскрипция т.б. жөнінде теориялық білім беріліп, фонетикалық талдау жасау дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пән білім алушыларға инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері, ерекшеліктері мен принциптері ұғымдарын меңгеруге, жинақталған халықаралық тәжірибені жинақтауға, инклюзивті білім берудің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнында "Білім баршаға" бағдарламалары, Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелері, мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім беруде инновациялық тәсілдерді іске асыру жолдары қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пәнді оқу барысында студенттер тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелілік сипаттары, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, ара қатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, жалпы халықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырулары, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы туралы нақты теорияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пәнді оқу барысында адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны, оның зерттеу пәні және негізгі ұғымдары туралы айтылады. Педагогикалық үдерістің құрамды компоненттері, мәні мен оларды жүзеге асыру заңдылықтары, қағидалары, формалары және әдіс-тәсілдері, құралдары, ерекшелігі баяндалады. Бүгінгі педагогика ғылымындағы адам капиталын қалыптастырудағы басты талаптар мен мәселелер, инновациялық технологиялар, білім беру жүйесін басқару қағидалары меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

    «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы» пәні қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасамдық және морфологиялық жүйесі туралы, қазақ тілінің қазіргі даму кезеңінде бұл жүйенің қызметі туралы түсініктер қалыптастырады. Сөздің құрамын, оның түрлерін және сөздің лексикалық-грамматикалық топтарын меңгертеді. Сөйлем мүшелерінің жүйесін,қазіргі қазақ тіліндегі қалыптасу және сөз өзгерістерінің жолдарын, сөйлемдегі және мәтіндегі грамматикалық формалардың қызметін таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ұлттық руханият

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Бұл курс ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстарды ресімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    Пәнді игеру барысында студенттер әдебиетіміздің ежелгі, әрі көне қатпары – сақ-ғұн, түркі, ислам дәуіріндегі көркем шығарма үлгілерімен танысады. Түркі жұртының жазу-сызу, көне тарихи ескерткіштері, қала мәдениетінен тұратын түркі өркениеті болғандығына, тарихта қалғандығына ғылыми тұрғыдан көз жеткізеді. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің қазіргі қазақ қоғамымен байланысын, үндестігін, оның рухани өміріндегі орнын туралы түсініп қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы

    Лексикалық тіл бірліктерінің типтерін, сөздік құрамның құрылымын, толығу жолдарын, сөздің семантикалық тұрғыда қарастырылуын, сөз, сөз арасындағы синтагматикалық, парадигматикалық қатынастар туралы білім беру көзделеді. Сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастырылады. Аталған сала бойынша жетекші ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалып, негізгі тұжырымдар оқытылады. Тілдік талдау жасаудың тәсілдері меңгертіліп, өз білімдерін қолданудың әдістері үйретіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалаудың маңызы ерекше. Білім беру процесінде білім алушылардың білім көрсеткішін арттырумен қатар олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктеріне, қоршаған ортада қарым-қатынас жасай білу қабілеттіліктеріне, өзін-өзі жетілдіру бағыттарына да үлкен мән беру қажет. Критериалды бағалау алдын ала белгілі өлшемдерге сәйкес білім алушының жеке оқуын түзетуге мүмкүндік беруді, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде білім алушылардың білімін бағалауды қамтиды. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылып, интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерінің барлығына өз тиімділігін көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық

    "Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық" пәні білім беру жүйесіндегі негізделген қажеттілік ретінде еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап береді, нақты жағдайларды талдау және диагностикалау дағдыларын дамытады. Пәнді оқытудың мақсаты білім берудегі көшбасшылықты ұйымды басқару құралы ретінде қолдану аясында қарастыруға негізделген және болашақ мамандардың көшбасшылық әлеуетін психологиялық-педагогикалық құрал ретінде дамытуға, болашақ білім беру көшбасшысы ретіндегі білім алушының рефлексивті құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді, білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады және жетілдіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны мен міндеттері, ғылыми-теориялық негіздерін меңгерту мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы, оның тіл білімі, педагогика-психологиямен байланысы, зерттеу әдіс-тәсілдері, қазақ тілін оқыту құралдары, оқу жоспарларының ерекшеліктері, қазақ тілі пәнінің мазмұны мен құрылымын, оқу пәнінің бағдарламасын қазақ тілін оқыту құралдарының сипатын, оқу-әдістемелік кешен түсінігін, оның құрамын, қазақ тілін оқытудағы қазіргі технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, оқытудың әдіс-тәсілдерін қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі ІТ және цифрлық ресурстар

    Пәннің мақсаты - қоғамда бәсекеге қабілетті, әрі цифрлық сауаттылығы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру, болашақ педагогтерге заманауи жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қашықтықтан оқытуда пайдалануды меңгерту. Жаһандану заманында цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін педагогтердің қашықтықтан білім беру біліктілігін арттырады, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасады, онлайн интерактивтік дәрістерді, инновациялық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үрдісіне қолдана алады. Электрондық портфолионы толтыру алгоритмін үйренеді, электрондық оқыту жүйесінің платформаларымен жұмыс жасау деңгейі қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мұраларын қазіргі әлемдік өркениет талаптарына сай оқыту, қазақ әдебиеті тарихы туралы ғылымды жүйелі түрде меңгерту болып табылады, әдебиетін кезең тарихымен, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланыстыра оқытады. ХІХ ғасыр әдебиетін кезең тарихымен, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланыстыра отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзиямен сабақтастығы, көркемдік-стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық баяндалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Хандық дәуір әдебиеті

    ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының негізгі өкілдері - жыраулар поэзиясының ғылыми-теориялық негізін ұғыну, толғау жанрының ерекшелігін түсіну, сол тұстағы сөз өнерінің тақырыптық-идеялық бағыт-бағдарын айқындау, тарихи шындықтың көркем шындыққа айналуын зерделеу, этикалық-моральдық мәселелердің көркем туындыдан көрініс табуының заңдылықтарын қарастыру, поэтикалық шығарманың формалық ерекшеліктеріне мән беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық негіздерін саралау, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы, әдебиетті оқыту әдістері, оқытудың жаңа әдістері мен түрлері, көркем әдебиетті оқыту тарихының жүйесі, құрылымдық ерекшеліктері, көркем шығарманы оқыту, көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері, әдебиет сабағының үлгілері мен түрлері, әдебиетті оқытуды ұйымдастыру, оқушы білімін есепке алу және бағалау, әдебиет сабағының көрнекілігі, әдебиетті оқытудағы жаңа технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар сынды негізгі мәселелерді қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы

    Бұл пәнде жазба әдебиеттің ең бір өнімді де көркемдік ізденіске толы кезеңі - ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы жұйеленеді. Аталмыш кезеңнің қазақ әдебиеті даму үрдісіндегі өзіндік орны, түрлі әдеби бағыттардың жазба әдебиеттің өркендеуіне қосқан үлесі қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік үдерістерімен бірлікте алынып қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жай сөйлем синтаксисі

    Синтаксис, соның ішінде сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі, тілдің басқа салаларының жиынтығы ретінде қарауды, сөз формаларының синтаксистік қызметін, олардың белгілерін, сөз тіркесінің тәсілдері мен формаларын, қазіргі қазақ тілі синтаксисіндегі сөйлемнің анықтамасын, негізгі қызметтерін білу, еркін тіркес пен тұрақты тіркесті ажырата білу, сөйлем мүшелерін талдауды, қазақ тілі синтаксисінің негізгі заңдылықтарын дұрыс тани білуге оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтиды, шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындайды, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесін айқындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жұбановтану

    Қ.Жұбановтың тіл білімі саласындағы еңбектері, ғылымға қосқан жаңалықтары мен соны тұжырымдары, қазіргі ғылыми парадигмамен сабақтастығы, теориялық маңыздылығы талданып, ғалымның ғылыми тілдік тұлғасы жан-жақты ашылып, меңгереді. Сонымен қатар ғалымның көркем әдебиет, публицистика, әдістеме салаларындағы зерттеулері, аудармашылық, драматургтік, ақындық, суретшілік өнері туралы мәлімет беріледі. Ғалым еңбектері туралы қорғалған диссертацияларға шолу жасалып, жұбановтану ілімінің жалғастығы баяндалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Функционалдық сауаттылық әдістемесі

    Бұл пән болашақ педагог мамандарды функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыруға бағытталған. Пән аясында білім алушылар функционалдық сауаттылық ұғымының мәнін, оның құрылымын, түрлерін (оқу, ғылыми, қаржылық, құқықтық, медиа, цифрлық және т.б.), сондай-ақ білім беру үдерісінде оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Курс барысында түрлі пәндерге кіріктірілген тапсырмалар әзірлеу, мәтінмен жұмыс істеудің әдістері, функционалдық мәтін түрлері, және оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған оқу әрекеттері қарастырылады. Болашақ мұғалімдердің білім беру процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тиімді әдістемелік тәсілдерді меңгеруіне жағдай жасау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискурс талдау теориясы

    Пәннің мақсаты - дискурстың зерделену ерекшеліктерін меңгерту арқылы қарым-қатынастың сәттілігін қамтамасыз етуге үйрету. Негізгі мазмұны келесідей тақарыптарды қамтиды: дискурс терминінің мәні, оны талдаудың, зерттеудің қажеттілігі, әңгімелесу, сөз, дискурстың арақатынасы және сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына үңілу. Сондай-ақ, «Сөйлемдегі тіл» мен «Әрекеттегі тіл» арақатынасын да қарастырады Билік, білім, тәжірибе және әлеуметтік шындық құрылысын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Қазіргі қазақ әдебиеті пәнін оқуда студенттер тәуелсіздік алған жылдардағы ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, тағылымдық-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат-көркем туынды қарым-қатынастарын игереді. Қаламгерлердің көркемдік ізденістері, әдеби туындылардың танымдық және тағылымдық мәні, орны, маңызы, ұлттық сипаты туралы біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стилистика және тіл мәдениеті

    «Стилистика және тіл мәдениеті» ғылымының теориялық, қолданбалы, прагматикалық негіздерімен таныстыра отырып, қазақ әдеби тілінің мәдениеті мен стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мәлімет беріледі. Стиль түрлерін ажыратудың жолдарын оқытып, меңгертеді. Қазақ әдеби тілінің функциональды (мақсатты) стиль түрлері, классификациялау, дәстүрлі классификация, жалпы және жеке тіл біліміндегі бағыт-бағдары бойынша кең түрде мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жалпы тіл білімі

    Тіл ғылымындағы сабақтастық, оның дамуы жөніндегі қисыны, бірегейлігі мен көп аспектілігі туралы мәліметтермен танысып, жалпы тілдік функциялары мен тіл табиғатын, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен мәселелерін, тілдерді зерттеу әдістерінің бүгінгі бағыттарын ажырата біледі, әлемдік тіл біліміндегі жетекші ғалымдардың еңбегімен танысады, жалпы және жеке тіл біліміне тән ортақ заңдылықтарды жобалауға, дайындауға үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Қазақ әдеби тіл үлгілерін танып-талдауда және өзге филологиялық пәндермен («Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», «Хандық дәуір әдебиеті», «ХІХ ғасыр және ХХ ғасыр басындағы әдебиет») бірлікте оқыту әдеби тілді дұрыс тануға, қайнар көзі мен даму арналары, қалыптасу негізі, нормалық белгілері және әрбір кезеңге тән әдеби тіл үлгілерін жан-жақты саралауды мақсат етеді. Курс барысында болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандары ұлт тілінің ең жоғары даму көрсеткіші - әдеби тіл мен оның жалпы халықтық тілмен, ауызекі сөйлеу тілімен арақатынасы сияқты мәселелерді теориялық-практикалық негізді ұғындыруда аса маңызды екендігін түсінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің терминологиясы

    Қазіргі қазақ терминологиясының даму тарихымен таныстыру, терминтанудың ғылым ретінде қалыптасу жолын айқындау, ұлттық терминдер қорын жасауда ұстанатын бағыт-бағдар, ұстаным-қағидаттарды анықтау, терминологияның өзге де көптеген ғылыми-теориялық, практикалық мəселелерін жан-жақты ұғындыру. Бұл қатарға термин сөз бен терминдер жүйесінің лингвистикалық табиғатын, əр саланың ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін, терминологияны біріздендіру, реттеу, стандарттау сынды терминологиялық жұмыстарды жоғары кəсіби деңгейде жүргізудің ғылыми негізі мен əдістемесін үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары

    Пәннің мақсаты тіл білімі ғылымның іргелі саласы ретінде қалыптасуын кезеңдері бойынша қарастырады. Әр кезеңдегі ғылыми еңбектердің тіл білімі саласын ілгерілетудегі үлес салмағын анықтайды; кешенді талдау жасайды. Белгілі лингвист ғалымдардың тіл білімі салаларының дамуы мен қалыптасуына қосқан үлестерін көрсетеді және жаңа ғылыми бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулерге шолу жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әдебиет теориясы

    «Әдебиет теориясы» көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін ұғынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрмалас сөйлем синтаксисі

    Құрмалас сөйлемнің синтаксисі курсын оқытуда қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдер мәселелеріне арналған жаңа зерттеулердің нәтижелерімен таныстырылады. Жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамаларды игертіледі. Құрмалас сөйлемдер, зерттелуі, құрмалас сөйлем түрлері, салалас құрмалас сөйлемдер, сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп құрамды құрмалас сөйлемдер, түрлеріне анализ жасау, ажырату негізінде сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап үйретіледі. Мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби процесс

    Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін қазіргі заман әдебиетінің жанрлық түрлерін зерделеу үшін студенттердің арнайы дайындығының теориялық және практикалық негізін ескереді. ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктерін игереді. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті мен ислам мәдениеті көріністерін түсінеді. ХХ ғасырдың соңындағы әдеби шығармаларды тақырыптық, жанрлық ерекшелігіне қарай талдауға үйренеді; тарихи-типологиялық салыстыру негізінде ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы прозалық, поэзиялық және драмалық туындыларды құрылымдық-семантикалық бірлігіне талдауды біледі; оның ұлттық ерекшелігін ашып көрсетуге дағдылану, әр ақын-жазушының шығармаларынан үзінділерді жатқа оқиды, ғылыми талдау жасап үйренеді; шығарманың жанры мен стиліне, тақырыбы мен сюжетіне, композициясы мен тіл көркемдігіне ерекше назар аудара отырып, ой толқыны мен образдар бедері берілуіне, ақын позициясының тұтастығын танытуда ғылыми пайымдаулар жасап үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімі мен әдебиеттану саласы, әдебиет тарихы, менеджмент және көшбасшылық бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін, түсінеді, көрсете біледі, оны кәсіби деңгейде қолданады.
  • Кәсіби бағыттағы филологиялық, педагогикалық білімдерін еңбек нарығындағы нақты сұраныстарға, инклюзивтік білім беру бағытында, экономикалық талаптарға сай кәсіпкерлік мақсатқа және бизнес, менеджмент салаларына құқықтық нормалар аясында пайдаланады және қолданады.
  • Лингвистикалық бағыттағы және аймақтық, қазақ әдебиеті бойынша материалдарды жинаудың, дискурстық талдаудың, мәтінді қажетті деңгейде түсіндірудің базалық дағдыларын меңгереді.
  • Әдебиет тарихын, терминологияға қатысты мәселелерді, оқылатын тілде әдеби көркем сөйлеу, осы тілдегі ауызша және жазбаша қарым-қатынастың жасанды интеллект арқылы өңделуінің негізгі әдістері мен тәсілдерін, бағалаудың өлшемдік технологияларын игереді.
  • Тіл білім және әдебиет тарихы, оқыту әдістемесі, оқытудың жаңа технологиялары бойынша озық ғылыми нәтижелерді игеріп, ақпараттық коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллект жетістіктерін өзінің кәсіби қызметінде еркін қолданады.
  • Кәсіби қызметке және магистратурада оқуды жалғастыруға қажетті тіл білімі мен әдебиеттану, әдебиет теориясы бойынша жаңа білімді, функционалдық сауаттылық әдістемесін, ұлттық рухани құндылықтарды, тіл заңдылықтарын, құқық негіздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет талаптарын, өмір қауіпсіздігі және жас ерекшелік физиологиясы негіздерін меңгереді.
  • Тіл білімі мен әдебиеттану қазіргі ғылыми парадигманың және оның даму динамикасы, зерттеулердің, ғылыми зерттеу негіздерінің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдерін, мәтінді қажетті деңгейде стилистикалық талаптарға сай түсіндірудің базалық дағдыларын игергендігін көрсете алады.
  • Өзін-өзі дамыту және кәсіпкерлік мансаптық дәрежеде өсу қағидаларын, өмір қауіпсіздігі ережелерін біледі, ұлттық рухани сипаттағы, филологиялық теориялық, әдеби шығармашылық сала бойынша білімін терең, жан-жақты көрсете алады.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top