6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалімін даярлау, жаңартылған білім мазмұнына сай білім беру, қазіргі білім беру жүйесінде қолданылатын жаңашыл технологияларды үйрету.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Әдебиеттануға кіріспе
Курс білім алушыларға көркем әдебиеттің мәні мен маңызын танытып, әдебиеттану ғылымының салалары бойынша білімін толықтыру мақсатында оқытылады. Білім алушылардың көркем әдебиет пен әдеби шығарманы тілдік, поэтикалық және мазмұндық талдау дағдысын қалыптастырады. Пәнді игеру келесі кезеңде оқытылатын пәндерге алғышарт болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл ілімдерінің негіздері
Оқу барысында студенттер тіл ілімінің негіздері, оның негізгі санаттары, талдау түрлері, ондағы тілдік бірліктердің ерекшеліктерін ажырата алады. Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдісінің дүниеге келушінің ішкі - сыртқы себептерін, ондағы тілдік құралдардың мазмұнды бейнелеуге қатысын анықтайды. Қолданылған тілдік құралдардың мағынасы, мәні, эстетикалық қызметін меңгереді. Шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
Курстың мақсаты оқушылардың ағзасының өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары; орталық жүйке жүйесі мен жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің физиологиясы; висцеральдық жүйелердің жас ерекшеліктері; негізгі тіршілік функцияларды реттеу принциптерінің тұрақтылығы; мектеп оқушылары ортасының гигиеналық бағалау әдістері; күнделікті жұмыстың және оқу үдерісі ұйымдастырылуының гигиеналық негіздері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ халық ауыз әдебиеті пәні фольклордың, фольклористика ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихының күрделі кезеңдерін қазақ әдебиетінің бастаулары ретінде оқытуды мақсат етеді. Курс халық ауыз әдебиетінің эстетикасын, поэтикасын, тарихи-әлеуметтік сипаттары, оның дәстүрлік стильдері, халық шығармашылығының көркемдік әдістері, ауыз әдебиетінің шындыққа эстетикалық қарым-қатынасын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
Мемлекет және құқық, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік саласындағы әртүрлі көріністері, кәсіпкерлік қызметті бәсекелестік жағдайында ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалау, инвестициялар тарту, инновациялар, стратегиялық ойлау туралы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фольклортану негіздері
Пәнді игеру барысында білім алушылар фольклортанудың тарихы мен теориясының негіздерін жүйелеудің жолдарын игереді. Ғылымдағы генетикалық сабақтастық, тұтастану, синкреттілік, типология, жанрлық классификация проблемалары мен фольклордың жетекші категориялары жаңаша саралау әдістерін меңгереді. Теориялық білімді меңгере отырып, ғылыми талдауға, теориялық тұжырымдар жасауға бейімделеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Пән білім алушыларда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Курс шеңберінде білім алушылар қоршаған ортаны қорғауға және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін меңгереді. Пән қоршаған ортаны қорғаудың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, оны өмірдің әртүрлі салаларында қолдануға болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
«Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні студенттердің жеке қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық басқару дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс аясында студенттер әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгереді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру, жеке қаржыларын үнемдеу және ұлғайту, бюджетті жоспарлау қабілетін дамытады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты талдауға және қаржылық өнімдерді бағалауға ерекше назар аударылады. Пән заманауи қаржылық технологияларды бағалау және тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды және қаржылық алаяқтықты тану қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі мифологизм
Әлемнің мифологиялық моделі,архетип, хронотоп, сюжет, мотив, формула сияқты теориялық ұғымдарды түсінеді. Жанр, сюжет, мотив, образ және поэтика деңгейінде мифтендіру принциптерін зерттейді. Мифопоэтиканың аса маңызды мәселелері туралы түсініктері қалыптасады. Қазақ әдебиетінің мифологиямен және фольклормен өзара байланысын айқындайды. Мифологиялық элементтерді анықтайды және олардың қазақ әдебиетіндегі қолданысы мен трансформациялану деңгейін талдайды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен этнолингвистикасы
Сөздік қор мен сөздік құрамның арақатысы, сөз мағынасының түрлері, фразеологизмдердің берілу жолдары, түрлері, сөз табына қатыстылығы меңгеріледі. Сөз, ұғым, мағына және оның түрлері, фразеология, этнолингвистика жайында теориялық материалдар ұсынылып, лексикология және этнолингвистика мәселелері қарастырылады. Пәнді оқыту нәтижесінде лексикология мен этнолингвистикаға қатысты дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Ежелгі сақ, ғұн дәуіріндегі әдеби жәдігерлер және Көне Түркі қағанатындағы жазба ескерткіштердің тарихи мәні мен мәдени құндылықтары қамтылады. Ұлттық әдебиет тарихының алғашқы бастаулары болып табылатын Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі және де әдебиет тарихының туу, қалыптасу кезеңдері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ диалектологиясы
Білім алушылар курсты меңгеру барысында қазақ диалектологиясының негізгі проблемасы және зерттелу тарихымен танысады; қазақ тілі говорындағы фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшелікті айқындайды; диалектілік құбылыстың пайда болу себебі мен таралу аймағынан мол мағлұмат алады; диалектологияның қазақ әдеби тіл тарихына да қатысын ажыратады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орта ғасырдағы қазақ әдебиеті
Пән қазақ әдебиетінің дамуы кезеңіндегі орта ғасырындағы әдебиеттің басты өкілдері туралы мағлұматтарды игеруге, олардың шығармаларындағы жанрлық ерекшеліктерді талдаудан алған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу барысында білім алушылар ислам және алтын орда дәуіріндегі әдеби туындылардың көркемдік-эстетикалық сипаттарын айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Семасиология және этимология
Пәнді оқытудың мақсаты этимологияның қалыптасу, даму жолдары және сөз мағынасының түрлері, сөз тарихына қатыстылығы меңгерту болып табылады. Сөздің шығу тарихын, жасалу жолын, қолданылу сипатын және берілу жолдары жайында алған білімдерін, сөздік құрам туралы түсініктерін этимологиялық талдауда қолданып, тарихи лексикология мәселелері жан-жақты қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және морфонологиясы
Фонетика және морфонология саласының зерттелуі мен дамуын, қалыптасуын, әріп, фонема, дыбыстың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімін, орфоэпия ерекшелігін айқындайды; фонетика мен морфонологияға негізделген және қалыптасқан теориялық білімін жинақтап, терминдерді ажыратады; алған білімін практикада қолданады; фонетикалық талдау жасайды; теориялық еңбектерге сүйене отырып, өзіндік пікір айтуды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туынды сөздер
Пән қазақ тіліндегі туынды сөздердің жасалу тәсілдері мен үлгілерін, қазіргі жаңа сөздердің жасалу ерекшеліктерін, туынды сөздің түрлерін таныту мақсатында оқытылады. Нәтижесінде сөзді дұрыс қолдану, мағынасын жете түсіну, туынды сөздің жасалу жолын анықтай алу, тілдік заңдылықтарды сақтай отыра талдау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Тұтас педагогикалық процестің мәні, оның мазмұны, ұйымдастыру принциптері, нысандары, әдістері, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы субъектілік өзара әрекеттесу құралдары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда студенттердің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға және кәсіби бағдарын дамытуға арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі
Тілдегі дыбыстардың санын, сапасын анықтайды және сол дыбыстарға қатысты түрлі заңдылықты игереді; дыбыстардың акустикалық-артикуляциялық қасиетін, фонетикалық құбылыстың пайда болуын, жіктелуін, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп үндесуін, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасын терең меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби аударма негіздері
Болашақ маман ретінде аударматану тарихы, теориясы, практикасы, аударма заңдылықтары туралы біршама мағлұмат алады. Аударылатын тілдік, әдеби жүйелердің барлық деңгейлерінде кездесетін ұқсастықтар ,айырмашылықтарды тауып, олардың аударылу тәсілдерін меңгереді. Пәннен алған білімдерді шыңдау үшін аударма технологияларының жаңашылдықтарын іс жүзінде пайдалануды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазіргі компаративистика
Пән білім алушыларға қазіргі компоративистиканың қыр сырын меңгерту мақсатында оқытылады және компаративистика ғылымының бастаулары мен туу кезеңдерінің негізгі арналары және қалыптасу, дамы дәуірлеріндегі ғылыми ой-пікірдің тарихы туралы бір жүйеде терең білім береді. Ғылыми мектептер туралы, әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелерін меңгерген зерттеу жүргізуге дайын маман қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесін, күрделі атауларды кешенді түрде зерттеуді, сөзжасамдағы семантика мәселелерін, күрделі атаулардың типтері, даму, қалыптасу заңдылықтарын, грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілін, грамматикалық форма, грамматикалық категория, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Курс білім алушыларға қазақ әдебиетінің дамуының тарихи кезеңдерін сатылай кешенді зерттеу мақсатында XIX ғасырдағы қазақ әдебиеттің көрнекті өкілдерінің әдеби мұрасымен таныстырып, тереңдетіліп оқытады. Пәнді оқыту барысында студенттер халық ақындарының өмірі мен шығармашылығынан қажетті деректерді біледі, әдебиеттану бойынша жүргізілген ғылыми ізденістерді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Курс заманауи білімдегі тенденциялардың бірі ретінде инклюзивті білім беру туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әлемдік тәжірибе негізінде инклюзивті жағдайларды ұйымдастырудың әдістемелік мәселелері; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны; инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтердің құзыреттілік талаптары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Курс тәрбие жұмысын жоспарлауға, тәрбие үдерісінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын ескере отырып ұйымдастыруға қойылатын талаптарды зерттеуге бағытталған. Бұл курста тәрбие технологиялары, бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық-шығармашылық қызметінің технологиялары, тәрбие істерін ұйымдастыру технологиялары және т.б.; ұсынылатын тәрбие әдістері мен әдістерінің тиімділігі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ әдебиетін оқытудың интерактивті әдістемесі
Курс білім алушыларға заманауи мектептің жұмыс жағдайында практикалық қызмет үшін қажетті білім, білік, кәсіби дағдылар жүйесін меңгертеді. Пәннің мазмұнын қазақ әдебиеті пәнін оқыту бойынша қолданылатын интерактивті әдістер құрайды. Білім алушылардың қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шетел әдебиетінің тарихы
Шетел әдебиетінің тарихы курсында студенттерге көне грек әдебиетінен бастап, қазіргі заманғы қаламгерлердің шығармашылық шеберлігі, ізденістері, өркениетке қосқан үлестері туралы оқытылады. Әлем әдебиетіндегі жанрлық ерекшеліктер, әдеби ағымдар мен бағыттар, ақын-жазушылардың ұлттық әдебиетті дамытудағы өзіндік рөлі, әдеби байланыстардың рухани мәдениетті жаңартудағы маңыздылығы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Курс XX ғасыр басындағы әдебиеттің тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму үдерісінің ерекшеліктерін талдау мақсатында оқытылады. Азаматтық мұрат-мақсаты отаншыл қасиеттерге негізделген Алаш қайраткерлерінің әдеби және қоғамдық істерінің тарихи маңызы, қалам қайраткерлерінің түрлі жанрдағы шығармашылық ізденістерінің эстетикалық әлемі, жаңашылдық қырлары қарастыра отырып, білім алушылардың әдеби шығарманы контекстуалдық талдау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сөздікпен жұмыс
Курс сөздіктердің түрлері, сөздіктерді құрудың теориялық негізі, сөздіктердің жалпы типологиясы, сөздіктердің макро және микроқұрылымы, қазақ лексикографиясы мен терминографиясының қалыптасуы, тарихы, теориялық және практикалық мәселелері туралы білім беру, сөздіктердің барлық түрлерімен жұмыс істеу, сөздіктен қажетті ақпаратты ала білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Тілдік, кәсіби ерекшеліктеріне қарай сөздікті орынды қолдана білуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құндылыққа бағытталған білім берудің теориясы мен әдістемесі
Курс білім алушыларда білім берудегі құндылыққа бағытталған тәсілді, оның теориялық негіздері мен практикалық қолданылуын, оқушыларда моральдық, этикалық және мәдени бағдарларды тәрбиелеу үшін құндылықтарды білім беру процесіне біріктіру қабілетін терең түсінуді қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Абайтану
Пән білім алушыларға Абай шығармалары мен философиялық ойларын өзіне дейінгі ойшылдардың мұраларымен байланыстыра отырып, тақырыптық және идеялық сабақтастығын талдай отырып оқытады. Курс ұлттық әдебиеттанудағы абайтану ілімінің қалыптасу жолдарының ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты игерген, ақынның адамгершілік мұратын ұлттық және адамзаттық гуманизм өнегесі тұрғысынан байыптай білетін мамандар қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығы мақсатында зерттеледі. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Этнопедагогика
«Этнопедагогика» курсы студенттердің этнопедагогикалық білім беру саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оларды «Адал азамат», «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» талаптарына сәйкес білім алушылардың рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын дамытуға бағытталған этникалық тәрбиелеудің әдістері мен технологияларын қолдануға үйрету мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдебиеттанудың ғылыми-танымдық негіздері
Пәнді оқу барысында білім алушылар ақпаратты өңдеуімен бірге жүретін процестерді және білімді игеру мен пайдалануды үйренеді, атап айтқанда әдебиеттану шеңберіндегі танымдық көзқарастарын қалыптастырады. Әдеби мәтіндерге қолданылатын нақты ғылыми-танымдық ұғымдар мен түсініктерді заманауи көркемдік құрал ретінде қолдануды үйрене отырып, шығармашылық-зерттеушілік қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Пән білім алушылардың оқу барысында алынған білімін практикалық іс-әрекетте қолдану дағдысын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сонымен қатар, жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәлімет пен практикалық дағдылар туралы түсініктерді игереді. Қазақ тілін педагогика және психологиямен байланыста оқыта отырып, оқытудың мазмұнын, түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аударматану лингвистикасы
Курсты оқыту барысында білім алушылар аударма түрлері, аударма трансформациясы, аударылымпаздық, аударманың толыққандылығы сияқты құбылыстар туралы білімдерін толықтырады. Аударманың теориясы мен тарихы, аударма лингвистикасының зерттелуі, даму кезеңдері, алғашқы үлгілері, аудармадағы лексикалық бірліктерді аудару жолдары мен грамматикалық мәселелер, аударманың басқа пәндермен байланысы, аударманың практикасы сияқты мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Пәнді оқыту барысында білім алушылар ХХ ғасырдың орта тұсында жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді барынша материалдарды толық қамтиды. Сонымен қатар, кеңес дәуіріндегі идеологияның көркем әдебиетке әсерін айқындау басты мақсат болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі модернистік ағымдар
Курс білім алушылардың қазақ әдебиетінде әдеби ағымдар дамуының басты кезеңдері мен тенденциялары туралы білімін шыңдай отырып, әдебиеттегі модернистік көзқарастардың тиімді жақтарын сараптай алу дағдыларын қалыптастырады. Әдеби ағымның әдеби бағытпен, әдеби мектептермен қарым-қатынасы туралы түсініктер береді. Пән қазақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби ағымдар мен әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдар туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі көшбасшылық
«Білім берудегі көшбасшылық» пәні білім берудегі көшбасшылық теориясы мен практикасының жалпы идеясын қалыптастыру мақсатында зерттелінеді. Білім беру жүйесіндегі болашақ кәсіби қызметке дайындық. Студенттер көшбасшылық және топқұрастыруда кешенді білім, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті топтық жұмыстың негізгі дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алаш арыстарының тілдік мұрасы
Пәннің негізгі мақсаты – білім алушыларға алаш зиялыларының ұлттық әдеби тілді дамытуға қосқан үлестерін, қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуында айрықша орын алған жаңалығы мен қайшылығы мол кезеңдерін жеке қарастыра отырып, жан-жақты талдауға үйрету болып табылады. Сондай-ақ, әдеби тіліміздің функционалдық стильдер жүйесінің қалыптасуына әсер еткен экстралингвистикалық факторларды айқындауды көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аударманың ғылыми және ақпараттық тәжірибесі
Курс барысында аударматану бойынша ғылыми түсінік алады. Кез-келген мәтінді аударма заңдылықтарын сақтай отырып дұрыс аудара білу, жанрлық ерекшелігіне сай аудару және оқырманға ұғынықты тілде жеткізеді. Әдеби аударманың қоғамдық қызметін, аударма және аудармашы міндеттерін айқындау туралы проблемалық сұрақтар арқылы пікір айтуды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жанр және көркемдік әдіс
Пәнді оқыту барысында білім алушылар әдеби шығармашылықтағы жанрлар мен көркемдік әдістің ролін анықтау дағдыларын қалыптастырады. Пән жанрдың дамуы, өзгеруі, жанрдың басқа әдеби категориялармен байланысы туралы теориялық түсініктер береді. Көркем әдіс теориясы және поэтика мәселелері оқытылады. Көркемдік әдістің түрлері туралы білім беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем мәтінді тілдік талдау және тіл мәдениеті
Пән білім алушыларды көркем мәтінге тілдік тұрғыда талдау жасауға үйретеді. Әдебиет стилистикасы және лингвостилистика, автор және оқырман стилистикасы, мәтін , оның типтері, байланысы, көркем мәтіннің санаттары, оның лексика-фразеологиялық қабаты, интертекстуалды байланыстар, тілдік тұлға құзіреті, мәтіндегі троптар мен фигуралар туралы түсінігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Курс білім алушылардың филологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға, дамытуға, қазақ әдебиетін оқыту саласындағы болашақ кәсіби қызметке дайындауға бағытталған. Пәнді оқыту барысында студенттер әдебиетті оқытудың маңызды заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, көркем шығармаларды мектеп жүйесінде оқыту дағдысын қалыптастырады. Сондай-ақ, әдебиетті оқыту теориясы мен әдістері саласындағы білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Пән жалпы тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімді қалыптастырады. Тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасу жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгереді. Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінеді,тілдердің классификациясын саралап талдай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы әдебиеттану
Ұлттық әдебиеттануындағы салыстырмалық зерттеудің методологиялық даму үрдістерімен байланыстылықта алынып, әдіснамалық зерттеу әдіс-тәсілдерін ғылыми тұрғыда талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әлемдік және қазақ әдебиеттануының тарихи кезеңдері мен жаңашыл әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Ұлттық салыстырмалы әдебиеттанудың туу және қалыптасу тарихы, әдіснамасы туралы меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Курсты меңгеру барысында студенттер көркем әдебиеттің даму тенденцияларын анықтай алады. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби туындылардың поэтикасына қатысты жазылған әдебиеттанушы ғалымдардың, сыншылардың еңбектеріндегі ой-пікірлер, тұжырымдарын біледі. Суреткер шығармаларындағы адам тұлғасының түрлі қарым-қатынастық жүйесін талдап, ұлттық және әлемдік көркемдік дамудың әсерін анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект
Пәнді игерудің мақсаты жекелендірілген оқыту үшін жасанды интеллект саласындағы зерттеулер туралы білімді жүйелеу арқылы болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға жәрдемдесу; мәтіндік, графикалық және мультимедиялық ақпаратпен, білім берудегі зияткерлік жүйелермен жұмыс істеу үшін нейрондық желілерді пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қолданбалы аударматану
Пән аударманың қолданбалы мәселелерін шешу, аудармадағы авторлық құқықты сақтау, практик аудармашының кәсіптік біліктілігі мен этикасын, аудармашының іскерлік коммуникация мәдениетін қалыптастыру, түрлі стильдегі материалды аудару құзыретін меңгеруге негіз болатын білім қорын жетілдіру мақсатында оқытылады. Студенттердің ауызша және жазбаша аудару дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орфография мен пунктуацияның қиын мәселелері
Білім алушылар пәнді оқу барысында қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясын оқытудағы қиындық келтіріп жүрген мәселелерді қарастырады, емле мен тыныс белгілерін жазу практикасында қолдануды бірізге түсірудің тиімді жолдарын нақты фактілер негізінде талдау ерекшеліктерін қарастырады, қазақ жазуының тарихы, жаңа қазақ әліпбиінің лингвистикалық сипатын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиеті
Пәнді оқу барысында білім алушылар ұлттық әдебиеттегі адам мен табиғат, адам мен қоғам, адам мен адам сияқты күрделі қарым-қатынастық жүйелердің көркем шығармада берілу жолы мен ерекшеліктерін айқындайды. Кейіпкерге образдық талдау жасау арқылы адамның әлеуметтік және рухани психологиялық қырларына қатысты өз көзқарасын білдіре алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тілдік қатынас негіздері
Пән тілдік қатынастың негізгі сипатын, құрамы мен басты қағидаларын, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін қарастыру, тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы, анықтамасы, ерекшеліктері, тілдік қатынас және тілсіз қатынас, тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар, тілдік қатынастың құрамы, қатысымдық тұлғалар, сөйлесім әрекеті, оның түрлері, тілдік қатынастың ғылыми негіздері туралы теориялық білім қорын жетілдіру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Пән сөз формаларының синтаксистік қызметі, сөз тіркесінің түрлері, сөйлем мүшелері, жай сөйлемнің құрылымдық типтері, құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары, олардың жасалу жолдары, бөгде сөз, тыныс белгілер жүйесі жайында студенттерді негізгі ақпараттармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл білімін іс-тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының типологиялық өрісі, көркемдік-идеялық дамуы. Қазіргі қазақ прозасындағы әдеби ағымдар, ұлттық характердің жасалу жолдары. Тарихи прозаның даму үрдістеріндегі дәстүр және жаңашылдық Проза, поэзия, драматургия жанрларының теориялық мәселелері, әлем әдебиетіндегі көркемдік үрдістермен сабақтастығы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби сынының тарихы
Пәнді игере отырып, білім алушылар қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі саласы болып табылатын әдеби сынның туу, қалыптасу, даму жолдары туралы ұғым-түсініктерді қалыптастырады. Курстың негізгі мақсаты – студенттердің филолог-маман, әдебиет сыншысы бола білу жолындағы қабілеті мен бейімділігін ұштау, ғылыми-зерттеу жұмыспен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абай және қазақ әдеби тілі
Курс Абайдың қазақ әдеби тілінің негізін салудағы қызметін, әдеби тілінің сипаты, нормалары менстильдік құрамы, қазіргі әдеби тіл стильдерінің ішкі подстильдік тармақтарға топтастырылуы туралы білім беру, функционалдық стиль мәтіндерін ажырату, оларда қолданылатын тілдік құралдарды білу, мәтіннен қажетті ақпаратты алу, стильдік белгілерді табу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл тарихы
Курс барысында тіл тарихы жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді қарастырылады. Әдеби тіл туралы жалпы мәлімет, қазақ әдеби тілінің зерттелу тарихы, пайда болу кезеңдері жайында мағлұмат береді. Қазақ әдеби тілінің лек¬сикалық, грамматикалық, лингво¬стилистикалық ерекшеліктерін, жазба ескерткіштердің лингвистикалық ерекшеліктерін меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Латын негізді қазақ жазуы
Пән білім алушыларға латын графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшелігі мен маңызын, тиімділігін түсіндіру мақсатында оқытылады. Қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ғылыми ұстанымдары, қазақ емлесіндегі дәстүр мен жаңашылдық, қазақ тілі емлесіндегі жаңалықтардың лингвистикалық негіздері айтылып, қазақ емлесінің негізгі ережелері толық меңгертіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстандық құқықтың негізгі көздерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы негізгі ережелерді біледі, кәсіпкерлік қызметті, қаржылық қызметті табысты жүргізу дағдыларын меңгерген. Қазіргі экологиялық жағдай және ахуал туралы, тіршілік қауіпсіздігі туралы білімдерді қолданады.Білім беру процесі кезеңінде, оның ішінде сандық ортада білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарын сақтайды.
- Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді қалыптастырады, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін таңдайды, рухани құндылықты басшылыққа алады, анатомиясы мен гигиенасы туралы хабардар, білім беру үдерісінде жасанды интелектіні де пайдалана алады. Сабаққа арналған оқу материалдарын, оның ішінде ақпаратты іздеу, фильтрлеу және сын тұрғысынан бағалау негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып әзірлеу. Білім берудегі басшы мен персоналдың кәсіби өзара іс-қимылының тәуекелдері мен мүмкіндіктерін бағалайды және себептерді анықтайды.
- Жалпы білім беретін мектептер мен инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жоспарлайды.Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жүзеге асыру.
- Әдебиеттану ғылымының түп негізін танып, әдебиет теориясы мен поэтикасын, тарихын, сынын зерттеп үйренеді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының ерешеліктерімен, шетел әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығымен танысады. Қазіргі қазақ прозасы мен поэзия өкілдерінің шығармашылығымен таныса отырып, заманауи әдебиеттің даму тенденцияларына талдау жасайды.
- Латын әліпбиіне қатысты ережелерді, қағидаларды меңгереді, орфография мен пунктуацияға байланысты өз ойын айтып, пікірін ұсына алады. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялардағы тілдік қатынас пен әдеби өңдеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
- Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық және морфологиялық талдауды иегеріп, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері жөнінде өзіндік пікірлері қалыптастырады. Көркем мәтінмен кәсіби түрде жұмыс істей алады, әдеби тіл нормаларын игереді.
- Қазақ әдебиетін және тілін оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгереді және ерекшеліктері мен тиімді тұстарын айқындайды. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жаңартылған білім мазмұнымен байланыстырудың маңызын меңгереді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен бағалаудың тиісті әдістерін таңдайды.
- Қазақ халық ауыз әдебиетінің шығу тегі мен дамуы, ерекшеліктері мен жанрлық түрлері, рухи мұраны жаңғырту жайлы теориялық білім алады. Миф және мифологиялық дискурс туралы білімін толықтырады. Қазақ тарихи жырларының ерекшеліктерін, суырыпсалмалық өнердің қыр-сырын меңгереді.
- Қазақ әдебиеті тарихының дәуірлерінің әр кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда сараптайды. Ежелгі дәуірдегі әдеби мұралар, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетіндегі әдеби шығармалардың негізгі идеялық бағытын, көркемдік ерекшеліктерін танып игереді. Абайтану ілімінің қалыптасуы, даму тарихы жайлы білімін толықтырады.
- Аударматану, әдеби аударма тарихы, теориясы, практикасы, аударма заңдылықтары, сөздіктердің сипаты, түрлері, құрастырылуы, қазақ лексикографиясы мен терминографиясы мәселелері туралы білім алады. Сөздікпен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.
- Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің даму жолдарын саралай игереді, әдебиеттану ғылымының әдіснамалық мәселелерін меңгереді, компаративиcтиканың, салыстырмалы әдебиеттанудың, сын тарихының негізгі бағыттарын талдайды. Әдебиет теориясының бастаулары мен арналарымен таныса отырып, қазіргі зерттеулерге шолу жасайды. Қазақ әдебиетіндегі модернистік әдеби ағымдардың негізгі идеялық-эстетикалық ерекшеліктерді теориялық тұрғыдан талдай алады.
- Дыбыстың жасалуы, түрлері, үндесуі және сөздердің жазылуы мен дыбысталуына қатысты алған білімдерін іс-жүзінде қолданады. Сингармонизм заңының негізін біледі. Қазақ тілі орфоэпиясы мен орфографиясының негізгі ережелерін, транскрипцияны меңгереді. Сөйлемді дұрыс дыбыстау және сауатты жазу дағдысын қалыптастырады
- Сөздің лексикалық жүйеде алатын орнын, лексикалық мағына, сөздің кеңеюі мен тарылуын, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын меңгеріп, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымда кәсіби деңгейде жүзеге асырады. Синтаксистік талдау жасауды үйренеді, синтаксис саласы жайлы теориялық білімдерді толық меңгереді.
- Тіл біліміне қатысты заңдылықтарды, тіл білімінің салалары, тілдердің жіктелуі, тілдің қызметі сияқты мәселелерді игереді. Жалпы тіл білімінің тарихын, тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерді, тіл білімінің теориялық мәселелерін игереді. Тіл теориясын тіл білімінің даму кезеңдерімен байланыстырады, лингвистиканың қол жеткен табыстарымен танысады.
- Абай шығармалары тілі мәселелеріне қатысты теориялық білім алады. Тіл тарихы мен қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары, қоғамдық қызметі жайлы білімін жетілдіреді. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының қазақ әдеби тіліне қосқан үлесімен танысады. Сонымен қатар, қазақ және әлем әдебиетіндегі өзекті мәселелерге салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда талдаулар жасайды.
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті