6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру саласына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырған, ҚР еңбек нарығының талаптарына лайықты; өзгермелі әлемде игерген терең білімі, кәсіби дағдысы негізінде жеңіл бейімделе алатын, эмоционалды интеллекті деңгейі жоғары, қазақ филологиясын дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын, жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізін меңгерген жоғары білікті кадрлар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Мақсаты – студенттерді қазіргі қоғам өмірінің экономикалық проблемаларымен таныстыру, экономикалық ойлауды қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы теориялық негіздер мен практикалық дағдылар саласында білім алу. Студенттерде экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары туралы кешенді түсініктер қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларында қолданбалы құзыреттіліктерді және іскерлік білім алуға бағытталған, өз бизнесін ашу мен табысты жүргізу ерекшеліктерін ашады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
"Қаржылық сауаттылық негіздері" курсы жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Сондай-ақ, курс аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды сақтауға және көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерге бағдарлануға үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Мақсаты - білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерімен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және жұмыс істеу заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дағдыларын және мемлекет пен қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Мақсаты - ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулер жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен әдістері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ілиястану
Пәннің мақсаты Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын терең әрі жан-жақты зерделеу арқылы қазақ халқының әдебиетін, өнерін, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары терең ойлы тұлғаны дамыту болып табылады. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдеби тілін дамытудағы маңыздылығын түсінуді, зияткерлік-шығармашылық ойлау дағдыларын, ұлттық-рухани мұра құндылықтарын бағалай білуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Мақсаты – экологиялық процестерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын, төтенше жағдайларда қорғау әдістері мен технологияларын бағалауға мүмкіндік беретін Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру үшін экологиялық процестерді болжау; авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың ықтимал салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда шешімдер қабылдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы мен сыны
Шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен характер, сюжет пен композиция, өлең құрылысы, әдеби тіл мен стиль мәселелерін қамтиды; Жалпы көркемдік дамудың тарихи сипаты, әр дәуірдегі бағыт-бағдары, әдеби ағымдар мен әдістер, жанрлар және жанрлық түрлер, қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігі, шығарманың әдеби көркемдік құрылымы, әдеби үдерісті қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тіл біліміне кіріспе
Тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысын; тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымын; тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуын зерттейді; тілдердің пайда болуы туралы теорияларды, жасанды тілдерді; тілдердің генеологиялық, типологиялық классификациясын; тіл білімінің салаларын, олардың зерттеу нысанын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жасерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
Қазақ тілінің дыбыстық және лексикалық жүйесін қамтиды. Дауысты және дауыссыз дыбыстар классификациясы мен емлесі; буын, екпін, үндестік заңы, ықпал түрлері, фонетикалық, лексикалық құбылыстар және олардың түрлерін, сөз және мағына, оның түрлерін, семантикалық категориялар, лексикологияның салаларын қарастырады. Орфография және орфоэпия, графика, жазу тарихы, жаңа қазақ әліпбиі жайлы білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 7
-
Педагогика
Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ ауыз әдебиеті
Фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы жөнінде білім беруге бағытталған. Фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, ауыз әдебиетінің туу, таралу, сақталу ерекшеліктері қамтылады. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ жазуының тарихы мен емлесі
Жазудың маңызы мен қызметі, даму тарихы, фонема және графема ұғымдары, жазудың негізгі категориялары, үндесім заңы және қазақ жазуын қарастырады. Қазақ жазуының тарихы, әліпби түрлері мен емле ерекшеліктері, негізгі орфографиялық қағидалар, ғалымдардың емле ережелері жайлы тұжырымдары, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелерін сипаттайды. Жаңа емле ережесі бойынша білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті
Тәңірлік дәуір әдебиеті, сақтардың қаһармандық дастандары, ғұндардың батырлық жырлары, түркі жазба жәдігерлері, ислам дәуірі әдебиеті, этикалық-дидактикалық поэзия, Алтын Орда дәуірі әдеби мұралары, таихи шежіре және көркемдік дәстүр қарастырылады. Жыраулар шығармашылығындағы синкреттілік, поэзиясыныңы бейнелілігі жайлы білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Іскерлік қазақ тілі
Ауызша және жазба іскери сөз әдебі, келсіссөз жүргізу, іскерлік кездесуде өзін-өзі ұстауды, таныстырылым, тұсаукесер өткізу дағдыларын; келіссөз жүргізу әдебін қарастырылады. Кәсіби іскерлік қарым-қатынас барысында үйлесімді сөйлеу және мінез-құлық стратегиялары мен тактикасын сауатты пайдалануды қалыптастырады. Қазақ тілінде іс қағаздар жүргізуді, құжат түрлерін, жіктелісін, деректемелерін, қазақ тілінде электронды құжат айналымды меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерін, грамматикалық мағына, олардың берілу жолдарын, қазақ тіліндегі сөздердің құрылысын, жұрнақ және жалғау түрлерін, олардың даму эволюциясын, қатысымдық қызметін қарастырады. Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің түрлері, олардың жасалу жолдары, сөз таптары және оның категориялары, түрленуі жайлы білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін қарастырады және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, мәні мен мазмұнын қарастырады, жаңартылған орта білім мазмұны аясында тәрбиелеу қағидаларын зерттейді. Болашақ педагогтың өз бетімен білім алу және кәсіби тұрғыда өз-өзін жетілдіруге мүдделілігін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің стилистикасы
Фонетикалық, лексика-фразеологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік стилистиканы, қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін, стильдік қатенің түрлерін қарастырады. Стилистиканың ұғым-категорияларын, зерттеу әдістерін, қазақ тілінің стилистикалық құралдарын, стилистикалық мағына және синонимдерді меңгертуге бағытталған. Тілдік-стилистикалық мәдениетті қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы
Қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту әдістерінің әдістемелік мәселелері қарастырылады, қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылымның жетістіктерін ескеріп, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті сабағын жоспарлауды, жоспар түрлерін, әдіс-тәсілдер жүйесін, әдеби шығарманы меңгерту жолдарын, жаңа технологияларды тиімді пайдалануды қарастырады. Әдебиеттен жазба жұмыстарды жүргізудің әдістемесі, оқу бағдарламасындағы «Түсіну және жауап беру», «Анализ және интерпретация», «Бағалау және салыстыру» бөлімдерін, қазақ әдебиеті бойынша БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін, рефлексияны, әдебиеттен білімді критериалды бағалауды меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 6
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін, даму жолдарын; қазақ тiлiн оқытудың ұстанымдарын, жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешен, заманауи сабақ үлгілерін, қазақ тілі бойынша оқу мақсаттарын, оқу бағдарламасы бөлімдерін қарастырады. Жоспар түрлерін (ҮОЖ, ҰМЖ, ҚМЖ), жазба жұмыстарды жүргізудің әдістемесін, Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 6
-
Жазба жұмыстар әдістемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі, әдістемесі, талдау жұмыстарының түрлері, жазбаша лексикалық жаттығулар, оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі қарастырылады. Жазба жұмыстардың түрлері, оларға қойылатын талаптар, әдеби мәтінмен жұмыс, эссенің құрылымы мен түрлері, жазба жұмысты бағалау критерийлері меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Функционалды грамматика негіздері
Функционалды грамматика теорияларының қалыптасуына, функционалды грамматиканың функция, функционалды семантикалық өріс, категориялық жағдаят ұғымдарына түсінік беріліп, қазақ тіл білімінде қарастырылған функционалды-семантикалық өрістер қамтылады. Қазақ тіліндегі грамматкалық бірліктердің темпоралдылық- мезгіл, персональдылық- жақтылық, посесивтік- меншіктілік, компаративтік- салыстырмалы, каузальдық- себеп, локативті- мекен, таксис, модальділік, сандық, кеңістік т.б. қызметтері, семантикалық функциялардың өзектелінуінің тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Абайтану
Абайдың шығармашылық өмірбаяны, өскен ортасы, заман көрінісі, қоғамдық жағдай; ақын өлеңдері мен қарасөздерінің тақырыбы, көркемдігі, лирикалары, шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы, Абай поэзиясына Шығыс, Батыс әдебиетінің әсері, поэмаларының идеялық мазмұны, қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар, Абайтану ғылымының тууы мен қалыптасу, даму тарихы, Абайтану ғылымының негізін салған ғалымдар еңбектері қамтылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХІХ ғасырдағы көрнек өнерінің тұтастығы (синкретизм), оның өкілдері: сал-серілер, әнші-ақындар шығармашылығы, ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығы, дәстүрлі айтыс өнері, нәзира дәстүрінің көріністері, зар заман поэзиясы қарастырылады. Жазба әдебиеттің дамуы, регресшіл және прогресшіл романтизм бағытындағы шығармалар, әдебеттегі «атамекен» концептісі, ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі, шығармалардың идеялық-тақырыптық, поэтикалық ерекшеліктерін меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Мағжантану
Мағжанның шығармашылық өмірбаяны, өскен ортасы, заман көрінісі, қоғамдық жағдай, ақын өлеңдері мен поэмаларының тақырыбы, көркемдігі, лирикалары, шығармаларындағы түркі дүниесі тақырыбы, поэмаларының идеялық мазмұны, қазақ поэзиясына Мағжан әкелген жаңалықтар, мағжантану ғылымының тууы мен қалыптасу, даму тарихы, мағжантану ғылымының негізін салған ғалымдар еңбектері қамтылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Болашақ мұғалімдердің пәндік сауаттылық құзыреттілігі арттырылады; болашақ мұғалім қазақ әдеби тілінің заңдылығын, ережесін (орфоэпиялық, грамматикалық, стилистикалық, функционалдық) сауатты қолдану дағдысын меңгереді; қазақ және орыс тілдерінің грамматикасын салғастыру арқылы әр тілдің грамматикалық ерекшеліктерін игереді; Тіл біліміның теориялық негіздерін тәжірибелік, дағдыландыру жағынан машықтануға бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазіргі әдеби процесс
Болашақ мұғалімдер көркем шығарманы талдау, сараптау әдістемесін зерттеп, әдебиеттегі теориялық ұғымдардың негіздерін меңгереді. Олар мектептегі қазақ тілі мұғаліміне қажетті әдебиет саласының теориялық негіздерін көрсетеді. Сондай-ақ әдеби үдерістің анықтамасымен, әдебиеттің жанрлары мен түрлерімен, көркемдік тәсілдерімен, ағымдары мен бағыттарымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Шетел әдебиеті
Шетел әдебиетінің тарихы мен даму кезеңдерін, классикалық шығармаларды, қазіргі әдебиетпен сабақтастығын, әлемдік әдебиеттің ХХІ ғасырдағы даму заңдылықтары, оған әсер етуші факторлар, жалпы әдеби процесс, оның даму жолы, бағыттары, қазіргі кезеңдегі түрлі ағымдар мен әдеби бағыттар, оның өкілдерінің шығармашылығы қарастырылады. Көне грек, рим әдебиетінен бастап, ағылшын, француз, герман, орыс әдебиеті өкілдерінің классикалық шығармалары, оның поэтикасы, образдар әлемі меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуын, зерттеу нысанын, «тілдегі адам» немесе «адамның тілі» проблемасын, негізгі қағидаттары мен ұстанымдарын, ұлттық сана, оның тілдегі көрінісін қарастырады. Компьтерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар, психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, психолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология бағыттарын меңгертуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Тарихи-әдеби контекстегі әдебиеттану мектептерінің дамуы мен қалыптасуы, биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі, тарихи поэтика мен салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың әдістемелері, әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану, неомифологизм және мифопоэтика, герменевтика мәселелері қамтылады. Әдебиеттің дамуын әдебиет тарихымен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игертеді; әдебиеттанудың көркемдік-эстетикалық және ұлттық мәнін; әдеби мектептер мен ағым, көркемдік өсу жолын меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процесс, түрлі ағымдар мен бағыттар, сол дәуірдегі әдебиет өкілдері, олардың әдеби мұралары, көркем шығармалардың тақырыбын, идеясын және поэтикасын қамтиды. Пән алаш әдебиеті, жазба әдебиет өкілдерінің шығармашылығы, діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы шығармалар, қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм, 1930-60жж. қазақ прозасындағы жаңалықтар, әңгіме жанрының шеберлерін, қазақ романдарын меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Педагогтың оқу-әдістемелік құжаттары
Мұғалімнің кәсіби ерекшеліктерін; педагогикалық қызмет деңгейлері мен мінез-құлқын; педагогикалық эрудицияны; педагогтың теориялық дайындалу мазмұнын; жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін басқарудағы оқытушының шеберлігін; «мұғалім -оқушы», «мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынасты зерттейді. Педагог мамандығындағы актерлік, режиссерлік шеберлік элементтерін, педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясын; педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика, пластиканы; сөз әрекетінің психологиялық құрылымын, педагог сөзі тиімділігінің әлеуметтік-психологиялық факторларын; педагогикалық такт, этиканы, рефлексияны меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Педагогикалық риторика
Мұғалімнің кәсіби ерекшеліктері; педагогикалық белсенділік пен мінез-құлық деңгейлері; педагогикалық эрудиция; мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұны; жоғары және орта білім берудегі оқу процесін басқару бойынша оқытушының дағдылары; мұғалім-оқушы, мұғалім-ата-ана жүйесіндегі педагогикалық қатынастарды зерттейді. Актерлік шеберлік элементтері, педагогикалық мамандықтағы режиссура, педагогикалық шеберліктегі басқару технологиялары; пантомима, педагогикалық қарым-қатынастағы пластика; сөйлеудің психологиялық құрылымы, мұғалімнің сөйлеу тиімділігінің әлеуметтік-психологиялық факторлары игеріледі; педагогикалық тактиканы, этиканы, рефлексияны үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 4
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Бағалаудың өлшемдік технологиясының ғылыми негіздері, пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау өлшемдері, критериалды бағалау жүйесі, түрлері, түйінді құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған бағалау, өзін-өзі бағалау механизмі, оқу жетстіктерін мониторингілеу талаптары қарастырады. Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланысты ұйымдастыру және жиынтық бағалау бойынша тапсырмаларға дескриптор құру, сондай-ақ баға қою механизмі меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Жетісу әдебиетін оқыту
Жетісу өңірінен шыққан ақын - жазушылар өмірі мен шығармашылығын оқыту арқылы туған өлке тарихы, мәдениеті, әдебиеті меңгертіледі. Жергілікті әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесі қамтылады. Жетісу жеріндегі ақын-жазушылардың әдеби мұрасы, оның идеялық-композицялық ерекшеліктері, поэтикасы, қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы, жергілікті әдебиет өкілдерінің бағдарламада қамтылуы, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Педагогикалық шеберлік
Педагогикалық шеберлік компоненттері; мұғалімнің кәсіби ерекшеліктерін; педагогикалық қызмет деңгейлері мен мінез-құлқын; педагогикалық эрудицияны; педагогтың теориялық дайындалу мазмұнын; жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін басқарудағы оқытушының шеберлігін; «мұғалім -оқушы», «мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынасты зерттейді. Педагог мамандығындағы актерлік, режиссерлік шеберлік элементтерін, педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясын; педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика, пластиканы; сөз әрекетінің психологиялық құрылымын, педагог сөзі тиімділігінің әлеуметтік-психологиялық факторларын; педагогикалық такт, этиканы, рефлексияны меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Мектептегі қазақ тілі курсы
Қазақ тілінің білім беру мекемелерінде оқытылу тарихы, қазақ тілі бағдарламалары ондағы өзгерістер, қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы, оқулықтардың басылуы қарастырлады. Қазіргі мектептегі «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны, оны оқытудың қағидалары мен ұстанымдары, интербелсенді оқыту әдістемесі, қазақ тілінен алған білімді бағалау әдістері меңгертіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мектепте этнографизмдер негізінде ұлттық тәрбие беру
Қазақ этнографиясы: анықтамасы, мазмұны, зерттелуі; қазақ халқының этносаяси тарихы, дәстүрлі қазақ қоғамының рухани және материалдық мәдениеті, шаруашылығы, әлеуметтік өмір тіршілігінің сан түрлі салалары, діни наным-сенімдері, ауыз әдебиеті мен дәстүрлі ән-күй өнері; қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы; әдет-ғұрып, салт-сана қарастырылады. Этнографизмдерді классификациялау мәселесі, түп-төркіні; тұрмыстық заттарға байланысты этнографизмдер; салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты этнографизмдер; діни наным-сенімге қатысты атаулар; қазақ тіліндегі өлшем және тәулік кезеңдері атаулары меңгертіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
Сөз тіркестері, тіркесу амалдары мен формалары, есімді және етістікті тіркестер, сөйлемді тану принциптері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуін қамтиды. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипатын, салалас, сабақтас аралас, көп компонентті түрлері, жасалу ерекшеліктері, құрмалас сөйлемнің интонациясы, тыныс белгілері және оны оқыту жайлы теориялық білім беруге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 7
-
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қаламгерлері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, құрылымын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін меңгертеді. Жекелеген жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып, даму процесі, сол дәуірдегі қазақтың айтулы ақын-жазушыларының шығармашылық жолы қарастырылады, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби процесс, бағыттар мен ағымдар сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Мектептегі қазақ әдебиеті курсы
Қазақ әдебиетінің мектепте оқытылу тарихы, қазақ әдебиетінен жазылған алғашқы оқулықтар, тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиетін оқытудың мазмұндық ерекшелігі қарастырылады. Қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын, қазақ әдебиеті пәні бойынша жүргізілетін жазылым тапсырмаларын, қазақ әдебиеті пәнінен БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін, жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ғалымдар ізденістері, әдіскерлердің әдістемелік ізденістерін бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығын, өміршеңдігін меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Заманауи педагогикалық технологиялар
Оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің педагогикалық, әдіснамалық негіздері, инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары, технологияларды таңдауда оқушының қабілетін, психологиялық және жас ерекшелігін ескеру мәселелері қарастырылады. Модульдік оқыту технологиясы, кейс технологиясы, жобалау технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың мотивациясын туғызу, оқу мақсатын, критерийлерін, тапсырмаларды әзірлеуде Блум таксономиясын пайдалану, сабақты зерттеу Lesson study, сауалнама, сұхбаттасу, бақылау, қазіргі мұғалімнің түйінді құзыреттіліктері, моделі меңгертіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- педагогикалық қызметті басқарады, жоспарлайды, болжайды; қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды интербелсенді әдістермен, ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен ұйымдастырады және эксперимент жүргізеді, пән бойынша базалық – нормативтік құжаттар мен оқулықтарды талдайды, оқу үдерісі барысында оқулықтардағы тапсырмалардың тиімділігін бағалайды.
- қазақ және шетелдік ақын-жазушыларының шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; шешендік өнердің даму тарихын салыстырады.
- тәрбиеленушілер мен оқушылардың жеке білім қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін болжайды, жоспарлайды және басқара алады, білім беру жүйесі мен педагогикалық ой-өрістің негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы ғылыми түсінік жүйесін қалыптастырған.
- Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы, қаржылық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.
- қазіргі қазақ тіл білімі салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; тіл білімінің жаңа бағыттарын жіктейді; жазу теориясы бойынша ғылыми мәліметті баяндайды; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін сипаттайды.
- жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарын, функционалды грамматика теориясын түсіндіреді; іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын ажырата алады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді.
- қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу, бағалау, дидактикалық материалдарын дайындайды; пән бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді; мектептегі қазақ тілі және әдебиеті бойынша қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды құрастырады; қазақ тілі мен әдебиетін меңгертуде тәрбие үдерісін ұлттық құндылықтар, этнографизмдер негізінде ұйымдастырады.
- қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша зерттеу жүргізеді.
- әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын түсіндіреді, сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажырата алады; әдеби тұжырымдарды салыстырады.
- ұлттық мәдениет негізінде білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын оқу-тәрбие жұмысын жобалау
- қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының даму, қалыптасу жүйесіне қатысты өз көзқарасын дәлелдейді; оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемдік технологияларын ұсынады; оқыту әдістерінің тиімділігін талдайды.
- білім беру мекемелеріндегі әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарға өзгеріс енгізе алады, бағалайды; оқу үдерісінде техникалық құралдарды пайдаланады; қазақ тілі мен әдебиетін қашықтықтан оқыту технологияларымен оқытады; педагогикалық этикетті, дəстүрді сақтайды.
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті