Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Шымкент университеті

Пәндер

  • Тіл дыбыстары

    Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Курста дыбыстық құрам, дыбыстардың акустико-артикуляциялық сипаттамасы, дыбыс тіркесімі, буын, екпін, сөз просодикасы, лексикологияның негізгі салалары: семантика, этимология, ономастика, фразеология т.б қарастырылады. Пәнді оқытуда баяндау, сұрақ-жауап, тестілік және деңгейлік тапсырмалар жүргізу, компонентті талдау әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің фонетика және лексикологиясын оқыту әдістемесі

    Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылыктарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстык жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, казақ тілінің дыбыстық кұрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен катар қазақ тілінің фонетикалык даму заңылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ диалектологиясы

    Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект – деген термин тілдегі жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміне кіріспе

    Тілдердің шығу тарихы олардың өзара қарым –қатынасы, құрылымы және жүйесі қамтылған. Тіл білімінің салаларына, тілдің қоғамдық мәніне және қызметі, қажетті ұғымдық-терминологиялық жүйені қалыстастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы

    Ежелгі дәуірде пайда болған әдеби мұраларды оқуға бағытталған. Ежелгі дәуір әдебиетіне б.з.д. VІІ–б.з. ІХ ғасырды және Х–ХІІ ғасырды қамтитын түрлі әдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады. Ежелгі дәуір әдебиетінің «Тәңірлік дәуір әдебиеті», «Орта түркі дәуірі» (Қараханид кезеңі мен Алтын Орда кезеңі), «Ислам дәуіріндегі әдебиеті» деп аталатын кезеңдеріне шолу жасалынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Халық ауыз әдебиеті

    Қазақ халқының ауыз әдебиеті- халықтың сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтиды. Халық ауыз әдебиетінің мұраларын тақырыптық , көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан жақты түсіндіреледі. Бай ауыз әдебиеті үлгілерінің рухани құндылықтары, жанрлық ерекшеліктері, қоғамдық мәні, тағылымдық ерекшелігі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері

    Рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі-еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыртуды қолға алып күн санап өзгеріп жатқан озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман ағымына қарай икемделуі.Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қарахан дәуір әдебиеті

    Әдебиет — қоғам тарихы, адамзат тарихы. Қазақ мәдениетінің, әдебиетінің топырағы бір бастау арнасы -ежелгі түркі дәуіріндегі өркениет мұралары. Ол дәуірді қанша алыстатып, перделегенмен дүние жүзіне әйгілі түркітанушы ғалымдар, мамандар, қазақ зиялылары әркез тиісті дәрежеде көңіл қойып, зерттеп, тұтас бір рухани даму өзегін үзбей жалғастырып отырды. Бір кезде, «пантүркілік бағыт» деген желеумен тежеліп қалған бұл ғылыми сала соңғы жиырма-отыз жылда қайта жаңғырып соны өріске шықты. Заманында, сол бір саяси астармен жүргізілген «пантүркілікке» қарсылық күллі әдеби, мәдени, ғылыми даму жолына көлеңкесін түсіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту. Студенттерге қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсері туралы ғылыми деректер негізінде жағдай мен өз денсаулығының қиындығын бағалауға мүмкіндік беру. Курста балалар мен жасөспірімдердің организміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері қарастырылады. Бұл пәннің негізгі міндеті өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекетері процестерінің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау. Сонымен қатар зиянды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірету және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экономика және құқық

    Білім алушыларда қазіргі заманғы кәсіпкерлік үрдістер аясында, талап етілетін ақпаратты қалыптастырады. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгертеді. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйренеді. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды шоғырландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Қазіргі қазақ әдебиеті пәнінде қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы, қалыптасуы жөнінде мағлұмат береді. Ақындардың жырларын талдау туындылардың идеялық эстетикалық мазмұнын ашу, поэзия прозаны драматургияны талдау, стильдік формалық ізденістерді, нақтылау шығармаларды талдау, кейіпкерлер әлеміне талдау жасау. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық сөз өнерін еңселі еткен туындыларды оқыту және талдау жасауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдебиет тарихы мен фольклорды одан әрі тереңдеп тану үшін қажетті терминдер мен түсініктер жүйесін қамту, көркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды үйрету. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретіндегі ерекшелігін, әдебиеттану ғылымының басты мәселелерін, көркем шығарманың құрылысы және оны талдаудың әдіс-тәсілдері мен ұстанымдарын, көркемдік даму заңдылықтарын, әдеби мектептер,әдеби бағыт пен әдеби ағым, әдеби үдеріс пен әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тəуелсіз жылдардағы қазақ əдебиеті

    Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті бұл пән тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің, өз арнасын жаңа бағытқы бұрғаны жөнінде толық мағлұмат береді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жарық көрген көркем шығарманың ұлттық әдебиетке қосқан үлесі жөнінде, тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына қарастырады. Тәуелсіздік жылдар әдебиетіне яғни шет елден оралған қазақ жазушылардың шығармашылығымен толығу ерекшелігі де қарастырылады. Жаңа туындылар және әдебиеттің сынын, әдеби процесстің дамуы жөніндегі әдеби талдаулады оқиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тәуелсіз қазақ әдебиеті

    Тәуелсіздік – ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері болып қазақ әдебиетінде таңбаланып қалса, ендігі кезекте сол арман болған уақытты ақын-жазушылар мақтанышпен жырлап жатса, ол мазмұн жас ұрпақтың рухани дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек. Осылай паш етілген Тәуелсіздіктің бейнесі қазақ әдебиетінде суреттеліп, ол құндылық дүние өз кезегінде әрбір қазақтың, оның ішінде жас ұрпақтың рухани қазынасына айналуы – тек ақын-жазушылар мен драматургтердің ғана міндеті емес, көп ретте, әдебиетті жастарға оқытатын мұғалімдер мен оқытуды ұйымдастыратындарға байланысты.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект

    Жасанды интеллектіні зерттеудің негізгі бағыттарын қарастырады. Жасанды интеллектіні зерттеуді тәжірибеде қолданады. Жасанды интеллектуалдық жүйелерін дамытудың перспективалық бағыттарын ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Білім берудегі менеджмент

    Білім беру саласында стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, басқарудың заманауи технологияларымен құралдарын меңгерген жаңабуынның менеджер-практиктерін дайындау. Тыңдаушылардың бойына кәсіби және басқарушылық құзыретін қалыптастыру, сонымен қатар тиімді ойлау мен оңтайлы шешім қабылдау дағдыларын оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Қазіргі білім беру мекемелерінде ұрпақ тәрбиелеудің міндеттерін тәрбиелік жүйенің жаңа моделін дайындаудан, жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудан; баланың ана тілін, ұлттық салт - дәстүрлерді сақтауынан, тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асырудан көрінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ХІХ-ХХ ғасыр басындағы әдебиеті

    Қазақ әдебиетінің мазмұнға бай ХIХ ғасыр шығармаларын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруды ұсынған. Бірінші кезең ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттің даму ерекшеліктерін,тақырыптық және жанрлық ерекшеліктерінің дамуын,діни-ағартушылық бағыт, халық көтерілісі Махамбет, Шернияз, Алмажан жырлары және түрлі тарихи оқиғаларды жырлаған дастандардағы дәуір көрінісі, ұлттық рухы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың кретериалды технологиялары

    Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әдеби тіл нормалары

    Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырады, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазады, эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Морфология практикумы

    Пәнде сөз тұлғаларының түрлену, түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесі қарастырылады. Қзіргі қазақ тілінің грамматика саласы бойынша кейбір өзекті мәселелерді қамтиды. Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстырылады. Сөз формаларының жасалу тәсілдерін , морфологиялық талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ кеңестік өнердің дамуы

    Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып, жан-жақты дамуындағы негізгі кезеңдердің бірі-кеңес дәуірі екендігі анық. Сол кезеңдегі билік басында отырғандар зерттеушілердің назарын осы дәуірдегі әдебиеттің жандануына бұрып, солардың негізінде кеңестік заманның артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетінің сын тарихы

    Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Алайда бұл салада жүйелі зерттеулер мен өз бағыты айқындалған ізденістер бірден көріне қоймады. Себебі кәсіби сынның қанаты қатайып, қалыптасып, кемелденбей жатып, оның тарихын дәуірлеу мәселесінің көтерілмейтіндігі, көтерілген күнде де нақты шешімін таба алмайтындығы мәлім. Кеңес дәуіріндегі әдеби сындарды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бодандық дәуіріндегі әдебиеті

    Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн ұғынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту әдістемесі

    Пән негізгі грамматикалық ұғымдарды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз таптары, олардың жіктелуі, есім сөз таптарының грамматикалық сипаты, мағыналық топтары, етістіктің семантикалық, морфологиялық сипаты, үстеудің мағыналық түрлері, еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты, шылаулардың грамматикалық қызметі, сөзжасамдық ұғымдар мен тәсілдерді, сөз таптарының сөзжасамын , практикада қолдана алатындай білімін арттырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

    Қазақ хандығы дербес хандық құрған кездегі әдебиет, яғни ақын-жыраулар поэзиясынан халықтың салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғаруға болады. Жыраулар толғауларында елдің елдік мұраты, халықтың мұң-мұқтажы,күйініш-сүйініші, қайғы-қасіреті айқын көрініс тапты. Қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерін Асан қайғы, Доспамбет, Қазтуған, Бұқар жырау толғаулары арқылы таниды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • 70-80 жылдардағы қазақ əдебиеті

    1970-1980 жылдары өмірге келген таңдаулы қазақ баяндарының авторлары да өздерінің ана тілдеріне де осындай зор жауапкершілікпен, перзенттік сүйіспеншілікпен қарайды. Қазақ прозасын Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұрпейісов, Б.Соқпақбаев т.б. секілді көркем сөз зергерлерінен кейін жаңа биіктерге көтерген Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, С.Мұратбеков, Т.Нұрмағамбетов т.б. секілді талантты жазушылар жөнінде ешбір кымсынбай айтуға болады. Егер Мұхтардын (Мағауин), Сайыннын, Әбіштің, Тынымбайдың тілдері болмаса, олардың шығармалары да болмас еді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).

    Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданауды қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кеңес дәуіріндегі әдебиет

    Кеңес дәуіріндегі әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды. ХХ ғасырдағы, атап айтқанда, 1920-1990 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму бағытын, өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік табиғатын дарлай, саралай отырып білім беру, студенттердің көркем шығарманы талдаудағы эстетикалық талғамын қалыптастырады. Осы кезеңдегі әдебиеттің тарихи, көркемдік табиғатын танытудағы іргелі ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізеді. Жанр табиғаты, шығарманың көркемдік әлемі, туындының жазылу тарихы, типтендіру мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің оқыту әдістемесі

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Аударма теориясы мен әдістемесі

    Пән аударма барысында қолданылатын тәсілдерді, аударманың грамматикалық, лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін қарастырады,баламасыз лексика және жалған баламалар, эквивалентсіз құбылыстың берілу жолдары,сөз мағынасының түрлері және қатынас, ұлттық реалияны білдіретін сөздерді аударудың шарттары мәселелерін меңгертеді. Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің тиімді және инновациялық технологияларын үйретеді. Болашақ аудармашы мамандарды аударманың лингвистикалық теориясының негізгі қағидаларымен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөзжасамның даму жолдары

    Сөзжасам – лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш танылып, кенже дамып, қалыптасып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі бұрын грамматиканың морфология саласында, кейбір мәселелері лексикология саласында қарастырылып келсе, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғынан бастап сөзжасам жеке сала ретінде зерттеле бастады. Қандай да бір ғылым саласы болмасын, оның қалыптасу, даму кезеңдері болатыны сияқты, сөзжасамның да өзіндік зерттелу тарихы бар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын салыстыра зерттеуді меңгереді. Түркі тілдерінің зерттелуі, дамуы мен қалыптасу кезеңдерін қарастырады. Олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастырады. Зерттелу тарихына шолу жасайды. Түркі тілдерінің жүйесіне тән дыбыстық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерді саралай білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесі

    Кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Студенттерге қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түркітануға кіріспе

    Түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін, тілі мен мәдениетін зерттейтін кешенді ғылымдардың бірі. Студенттерге түркі тілдері мен халықтарының зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің топтастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерінен, сондай-ақ, түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдерінен мағлұмат береді .Түркі тілдерінің топтастырылуы мен жіктелуін және түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерін танытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тіл білімінің тарихы

    «Тіл білімінің тарихы » курсының басты мақсаты – студенттерді тіл туралы ғылымның негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі болып табылатын бұл курста тіл теориясын атап айтқанда тілдің ішкі, құрылымы және оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функциональдық және құрылымдық баламалармен байланысы және т.б. мәселелер қарастырылады. Тілдік категориялар, оның ішінде категорияның жалпы ғылыми түсініктемесі, грамматикалық және ұғымдық категориялар, семантикалық және тағы басқа категория түрлерінің лингвистикалық табиғаты салғастырмалы түрде сипатталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы грамматика

    Салыстырмалы грамматика - бұл, ең алдымен, тілдердің немесе диалектілердің грамматикалық құрылымдарын талдау және салыстыру мәселелерімен байланысты лингвистика саласы . Бұл пәнді оқуда студенттер тілдердің грамматикалық құрылымын салыстыруда талдаудың негізгі бағыттарын, тілдерді салыстыру-салғастырудың әдіс-тәсілдерін, тілдерді салыстыра қарастырудың ұстанымдарын, түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипатын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөздікпен жұмыс

    Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдарын меңгереді. Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс жасауды үйренеді. Қазіргі әдістемелерде сөздік жұмыс сөздік құрамды тиімді игеруді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекет ретінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Болашақ мұғалімдер көркем шығарманы талдау, сараптау әдістемесін зерттеп, әдебиеттегі теориялық ұғымдардың негіздерін меңгереді. Олар мектептегі қазақ тілі мұғаліміне қажетті әдебиет саласының теориялық негіздерін көрсетеді. Сондай-ақ әдеби үдерістің анықтамасымен, әдебиеттің жанрлары мен түрлерімен, көркемдік тәсілдерімен, ағымдары мен бағыттарымен танысады. Болашақ ұстаздар көркем әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктерін, оның идеялық мәні мен әлеуметтік болмысын, даму заңдылықтарын және көркем шығарманы талдау қағидаттарын зерттейді. Әдебиеттанудағы теориялық ұғымдар мен категорияларды меңгеруге үйренеді. Сондай-ақ олар мәтіннің кез келген түрін талдауды үйренеді және оқушыларды көркем шығарманың эстетикалық табиғатын тануға үйретеді.. Модарнистік, постмодернистік әдебиеттің ортақ сипаттары мен ерекшеліктерін теориялық талдауда қазіргі әдебиеттанудағы озық әдістерді, ғылыми мектептердің бағыт-бағдарын пайдалануды меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркемдік сөз жəне стилистика

    Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қолдануды үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын, мәнерлегіштік қасиетін арттыру жолын көрсетеді. Стилитика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын, оның әр түрлі стильдерін зерттеп, олардың бір – бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби процесс

    Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті жаңаша шығармаларымен кең рухты туындыларымен толықты. Студент қазіргі кезеңдегі әдебиеттің дамуын рухани мәдени құндылықтарды ұлттық идея, ұлттық болмысты жаңа көзқарас жаңа дүние таным тұрғысынан саралауға үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің синтаксисі және оны оқыту әдістемесі

    Қазақ тілі синтаксисінің зерттелу тарихы, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, сөйлем мүшелерінің сипаты, сөйлем және оның құрамы, құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары, жасалу жолдары, мәселелерін қарастырып, студенттің әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектеседі. Пән негізінде тілдік зерттеушілік құзыреттіліктерге ие тұлға қалыптасып, түрлі ғылыми көзқарастарды талдап, тануға үйренеді, оларды оқу үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын машықтандырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орхон Енисей жазулары

    Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерiнiң тілдік тұрғыдан зерттелу деңгейiн саралайды. ҮII-ІХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiн моносиллабтық деңгейде салыстыра зерттеудiң тарихи-лингвистикалық негiзiн көрсетеді. Зерттеушілердің көбі қазақ халқының өзге түркі халық- тарымен ортақ тарихының басы VI-IX ғасырларда өмір сүрген Түрік қағанаты дәуірінен, яғни VI ғасырдың ортасында гун державасының қираған жұртында қалған ру-тайпалардың дербес мемлекет құрған кезеңінен басталады деп санайды. Ал Түрік қағанатында, жоғарыда көрсетілгендей, жазба әдебиет, поэтикалық сөз үлгісі, яғни әдеби тілі болған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем аударманың теориясы мен практикасы

    Аударманың ұлттық түрлерін,жекелеп,жіктеп,лингвистикалық әдіспен аударудың теориялық,практикалық жолдарын қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту

    Бұл пәнде білім алушылар синтаксистік талдау жасауға үйренеді. Сөйлем мүшерін меңгере отырып сатылай комплексті талдаудың түрлерін меңгереді. Оқу және ғылыми мақсатында сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтайды. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын толық қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел әдебиетінің тарихы

    Шетел әдебиетінің тарихы пәні әлем халықтарының сөз өнері шығармаларын оқыту, салыстыру дүниежүзілік әдебиетінің даму аясында қарастырады. Антикалық әдебиет кезеңіндегі тарихи нақты талдау тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуы дамуы жайлы көрнекті авторлар шығармаларының көркемдік қайта өрлеу дәуіріндегі әлем әдебиеті XIII-XIX ғасырдағы әлем әдебиеті дамуы XIX-XX ғасырдағы қазіргі шетел әдебиетінің классикалық шығармаларын мазмұнын, қалыптасуын дамуындағы жанрлық ерекшеліктері туралы мағлұмат алу және көркем шығармаларды оқу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Стилистика

    Тілдің қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық ерекшелігін үйретеді. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялық мәселелерді қарастырады. Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Көркем әдебиет стилистикасы

    Білім алушы бұл пәнді оқу барысында әдеби жанрда жазылған көркем шығармалардың стильдерімен танысады. Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни стилін зерттейді. Әр ақынның сөзді қолдану ерекшелігі, сөз маржанын теруі, оны көркем қолдана білу ерекшелігі стильдік тұрғыдан талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет

    Батыс және Орталық Еуропа елдер мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық Италия әдебиеті, Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениетін өрлеуінедіг гуманистік антикалық ілімдерді қайта жандандыру турасындағы туындылар қарастырылады. Қайта өрлеу дәуіріндегі махаббат сарыны және Еуропалық новелистика әсері туралы талдау жасау және көркем туындыларды оқыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

    Көркем дүние тілін танудың басты міндеті ˗ шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме дегенді анықтау, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау.Қаламгер, сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тілден алатындығы ақиқат. Жазушының сөз өрнегін келісті сала білуі, қаламгердің даралық стилін, тіл өзгешелігін, шеберлігін танытады. Көркем тіл стилі оқырманға эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқарады. Жазушылар өз шығармаларында троптың түрлерін құбылта қолдану және семантикалық категориялардың мағыналық реңктерін орнымен жұмсау, фразеологизмдерді тақырыптық мағыналық жағынан сұрыптап суреттеу тәсіліне енгізу ˗ міне, мұның барлығы суреткер үшін әрі шеберлік, әрі азаматтық міндет.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шəкəрімтану

    Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ойшыл философ, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердиевтің шығрамаларын оқыту, көркемдік ерекшелігін ұғындыру,ақын жырдарындағы жан мен тән ұғымы,поэмаларындағы философиялық тереңдікті,еңбектеріндегі ойшылдықты үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Жалпы қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің шығу, қалыптасу кезеңдерін, зерттелу тарихын студенттерге түсіндіру. Қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің зерттеу нысанын, қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасының шығу тарихын, қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тілдік ерекшеліктері ,тарихи ерекшеліктері жайында зерттеулерді оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мәтін синтаксисі

    Мәтін синтаксисі – тіл білімінің бір саласы. Мәтін синтаксисі пәнінде студенттер мәтіннің қалыптасып дамуын, мәтінмен жұмыс жасауды, мәтін түрлерін жан-жақты зерттеп үйренеді. Білім алушылар мәтін синтаксисі пәнінде сөздердің байланысын, сөздердің тіркесу амал-тәсілдерін, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы бойынша оқу-білім процесін жетілдіруге, кәсіби және педагогикалық дағдыларды дамытуға, тілдік және әдеби үдерістерді талдау мен саралау саласындағы құзыреттіліктерді игеруге, заманауи концепциялар мен әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен дәйектей білетін креативті тұлғалы маманды қалыптастыру; тіл және әдебиеттің заманауи тұжырымдамалары мен жетістіктерін, сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық тәсілдерін терең меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Ұлы Абайдың мол мұрасын, ақындық әлемін, өлең өнеріндегі көркемдік шеберлігін, қарасөздегі рухани құндылықтарын үйретеді. Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туынды және ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын қарастырады. Абай мұрасын зерттеушілер, Абайтану ғылымының дамуы жүйелі түрде қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінеді. Философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға береді. Мифологиялық, діни, ғылыми дүниетанымның мазмұнын, ерекшеліктерін интерпретациялайды. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын, өзіндік ерекшелігін терең түсінеді.
  • Экономика және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша білімдерін көрсетеді, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметіндегі этикалық нормалар мен моральдық құндылықтардың мәнін түсінеді. Қаржылық және бизнесті жоспарлау және ұйымдастырудағы бастапқы дағдыларын қалыптастырады, қоғамның экономикалық өміріндегі көзқарастарын дамытады
  • Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын үйренеді. Пәнді оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім ресурстарын пайдаланады. Дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік, кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстанады.
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық, өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша, жазбаша түрде қарым-қатынас жасайды. Грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсінеді. Әлеуметтік, этикалық, ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды,түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Тұрақты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру, инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсіну, ғылымның біртұтастығы идеясын түсіндіру үшін адам өмірінде болып жатқан құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау.
  • Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық, этикалық нормаларын пайдаланады. Білім берудің маңызды стратегиялық міндетін, халықаралық біліктілік сапасын, мемлекеттік және шетел тілдерін менгереді. Әлемде танылған әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнді практикада қолданады. Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби қарым-қатынас салаларындағы жағдайларды бағалайды. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады.
  • Әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданды. Ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездейді. Зерттеудің нәтижелерін жинақтайды. Жаңа білімді, ғылыми зерттеулердің әдістерін, академиялық хаттарын оқытылатын салада қолданады.
  • Педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерін оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Өзінің моральдық, азаматтық ұстанымын дамытады. Тіл білімінің теориялық негіздерін, жазба әдеби тілдің тарихи даму кезеңдерін, стильдерін меңгереді. Оқытылатын салада оқу-практикалық, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық, практикалық білімді қолданады.
  • Этикалық, ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқытудың озық әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Білімдерін практикада қолданады. Тіл білімінің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді. Тіл білімі ғылымындағы концепция, теория мен бағыттарға, құбылыстар мен үдерістерге сыни тұрғыдан талдау жасайды.
  • Осы ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездейді. Нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданады. Талдаудың әдіснамасын таңдайды. Әдебиеттану ғылымының теориясы мен қазақ әдебиеті тарихының даму кезеңдерін жетік меңгереді. Фольклорлық үлгілер мен көркем шығарманы талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top