Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі және оқыту негіздері

    Мақсаты: тілдің фонологиялық және фонетикалық негіздерін меңгерту. Студенттер тілдің фонетикалық және фонологиялық ерекшеліктерін, заңдылықтарын, фонетикалық талдауды, фонемалардың транскрипциясын меңгереді, кәсіби қызметінде қолданады. Болашақ ұстаздар дұрыс айтылу, дұрыс сөйлеу және жазу, фонемалардың транскрипциясы және фонемаларды түсіну ұғымдарын қалыптастыруға үйренеді. Олар теориялық негіздерін түсіндіріп, фонетикалық талдауға үйрете алады. Болашақ мұғалімдер тіл философиясын, қарым-қатынаста сөйлеудің дұрыстығын, дұрыс жазу заңдылықтарын және тіл дыбысы туралы ақпаратты дұрыс түсіндіруді меңгереді. Студенттер: • қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен дыбыстық құрылымы, заңдылықтары, ішкі ерекшеліктері туралы теориялық ұғымдарды түсіндіреді; • фонетикалық терминология мен транскрипцияны қолданады; • кешенді фонетикалық талдау әдістерін қолданады; • тіл фонетикасын теория мен практикада оқытады; • тілдің фонетикалық құбылыстары мен транскрипциясын, мәтіннің фонетикалық және интонациялық безендірілуін талдайды; • жазбаша және ауызша сөйлеудің фонетикалық ерекшеліктерін қолданады; • пәннің ерекшеліктері мен мағынасын анықтайды және фонетикалық талдау әдістерін көрсетеді; • қазақ тілінің фонетикасына қатысты мәліметтерді қолданады; • пәнді зерттеу тұрғысынан бағалайды; • алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

    Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы пәні студенттердің тілдік қорын кеңейтіп, сөз мағыналарын терең түсінуге, оларды дұрыс қолдануға үйретеді. Лексикалық және фразеологиялық бірліктерді меңгеру арқылы студенттер ғылыми, әдеби және кәсіби стильдерді еркін игереді. Сондай-ақ, бұл пән тіл мәдениетін жетілдіріп, коммуникативтік құзыреттілікті арттырады. Фразеологизмдер ұлттық дүниетанымды түсінуге ықпал етіп, ойды бейнелі әрі әсерлі жеткізуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Халық ауыз әдебиеті

    Мақсаты: студенттерге қазақ халқының ауызша сөз өнерін көркемдік, тарихи және танымдық тұрғыдан меңгертуді көздейді. Пән барысында ауыз әдебиетінің жанрлық табиғаты, тақырыптық мазмұны мен тілдік ерекшеліктері танытылып, дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы зерделенеді. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетін мәтіндік және мазмұндық талдау арқылы ұлттық дүниетанымды тануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің лексикологиясы және оқыту негіздері

    Мақсаты: қазақ тілі сөздік құрамының ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан үйрету. Студенттер әдеби-мәдени сөйлеудегі сөздік құрам мен фразеологизмдердің рөлін түсінеді. Болашақ мұғалімдер қазақ тілінің сөздік құрамының теориялық ерекшеліктерімен және әр сөзді әдеби, сауатты сөйлеуде дұрыс қолданудың әдіс-тәсілдерімен танысады, оларға сөздің құрылымын, сөздік қорын, мағынасын теориялық және практикалық тұрғыдан үйретеді. Олар қазақ тілінің сөздік құрамы мен құрылымының, фразеологизмдердің рөлін, сауатты, әдеби-мәдени сөйлеудегі сөздердің мағынасын түсінеді, сөздердің сөйлеу тілінде әдеби, ресми, ғылыми қолданылуын түсіндіре алады. Болашақ мұғалімдер қазақ тілінің лексика теориясын түсіндіріп, сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуын үйретуді біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ фольклоры және оны оқыту негіздері

    Мақсаты: фольклордың, фольклор мен жазба әдебиеттің, халық ауыз әдебиетінің түрлерінің қоғамдық мәні мен ерекшеліктерін зерттейді. Оқушылардың қазақ ауыз әдебиетінің табиғаты мен шығу тегі, таралуы, сақталуы, жанрлық классификациясы туралы түсініктерін қалыптастыруға үйренеді. Болашақ ұстаздар халық ауыз әдебиеті арқылы оқушылардың талдау қабілетін қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтуді үйренеді. Оқушыларға қазақ ауыз әдебиетінің шығу тегі, жанрлық ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін талдауға, ақпарат жинауға, әртүрлі мәтіндерді түсінуге және түсіндіруге үйренеді. Студенттер: • шешендік өнер мен логикалық ойлауды қолданады; • қазақ ауыз әдебиетінің тарихын, фольклортану мен фольклортанулық зерттеулерді түсіндіреді; • дәстүрлі фольклор поэтикасын, фольклорлық мұраның идеялық-эстетикалық құндылықтарын түсіндіреді; • қазақ фольклорының терең теориялық білімін көрсетеді; • қазақ фольклорынан алған теориялық білімдерін оқытуда қолдану және практикамен ұштастырады; • қазақ ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін және оның жазба әдебиеттің қалыптасуына әсерін сипаттайды; • қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық құрылымы мен ерекшеліктерін ажыратады; • қазақ фольклорын оқытуда негізгі пәндік білімдерді қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы және оқыту негіздері

    Мақсаты: болашақ мұғалімдерге сөзжасам теориясын, сөзжасам мен морфологияның ұғымдары мен бірліктерін, сөзжасамдық, морфологиялық талдаудың синхронды және диахрондық түрлерін меңгерту. Сөзжасам жолдары мен сөзжасам тәсілдерін көрсетуге үйренеді және қазақ тіліндегі сөздердің морфлогиялық табиғаты, сөзжасамдық бірліктері мен сөзжасам тәсілдері туралы білімдерін дамытады. Студенттер: • сөзжасам мен морфологияның ғылыми-теориялық негіздерін түсіндіреді; • сөзжасамдық, морфологиялық талдау жүйесін және сөз тудырушы жұрнақтарды түсіндіреді; • сөзжасам мен морфология туралы білімдерін оқытуда қолданады; • туынды сөздерді ажыратады; • сөзжасамдық ұя, сөзжасам сызбасын жасайды; • сөзжасаммен морфологиялық талдау жасайды; • сөзжасам тәсілдерін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Болашақ мұғалімдер әдебиет теориясы мен көркем әдебиет туралы ғылыми ұғымдар жүйесін білім алушыларға түсіндіре отырып, олардың ойлау жүйесін дамытуды көздейді. Білім алушылар әдебиет теориясы пәнінің мазмұны мен формасының ерекшеліктерін, шығармашылықтың басқа түрлерімен және басқа ғылымдармен байланысын анықтай отырып, көркем шығарманы талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Пән білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дамуын бақылау, жасына сәйкес оқу процестерін жоспарлау және енгізу, жалпыға бірдей оқыту мен оқушылардың әл-ауқатын шығармашылық қолдау. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: • әр білім алушылардың бастапқы кезеңдерін, олардың оқу әлеуеті мен нақты қолдау қажеттіліктерін тани алады; • өз білім алушыларына нақты қолдау, жетекшілік ету, оқыту және бағалауға қатысты жеке қажеттіліктерін қарастыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пән студенттердің жеке қаржыны басқару, бюджетті ұтымды жоспарлау, қаржы құралдарын пайдалану, қаржылық тәуекелдерді бағалау және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау бойынша негізгі білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста жеке және отбасылық бюджет, оны жоспарлау әдістері, қаржы институттары және олардың экономикадағы рөлі, кірістер мен шығыстар түрлері, оларды оңтайландыру тәсілдері қарастырылады. Пәннің мақсаты – жеке қаржы мәселелерін шешудің тиімді әдістерін үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Кәсіби және зерттеу қызметінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіздері

    Бұл мемлекеттің қазіргі заманғы құқық ғылымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басымдықтарын көрсететін оқу пәні. Осы пәнді болашақ педагогтерге оқыту үшін құқық мәселелерін зерттеу қызметі дағдыларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы кез келген көріністерге «нөлдік төзімділікке» тәрбиелеу қажеттігі туралы әлеуметтік сұрауға жауаптың нәтижесі болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    Пән студенттердің табиғи кешендердегі өзгерістерді, олардың себептері мен шешу жолдары туралы тұтас түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді менгеруде экологияның негізгі ұғымдарын, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуын, сондай-ақ биосфераның ғаламдық экожүйе ретіндегі тұжырымдамасы қарастырылады; қоршаған ортаның ластану түрлерінің жіктелуі берілген, қазіргі заманның жаһандық, аймақтық және жергілікті экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері мен қоршаған ортаның ластану түрлері талданады; жаһандық экологиялық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық қағидаттары түсіндіріледі. Курс экологиялық ойлауды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға және тұрақты даму жағдайында өзінің өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындықты жетілдіруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Бұл пән университеттік экономикалық білім беру жүйесіндегі маңызды курстардың бірі болып табылады, ол экономика және бизнес негіздерін игеруді , қазіргі заманғы экономика мен нарық жағдайында бизнес жүргізу әдістерін жан-жақты талдауды, экономикалық жүйелердің барлық түрлерінің жай-күйі мен даму тенденцияларын ашады. Қазіргі уақытта экономикалық және құқықтық қатынастар барған сайын жаһандық және әлеуметтік бағдарланған сипатқа ие. Бұл бағыттың басты еңбегі-әлемдік тәжірибе мен әлемдік стандарттарға жақындауы керек қоғамдық өндірістің барлық алуан түрлілігі мен бірлігінде заңдылықтарды, даму тенденцияларын іздеу. Пәннің мақсаты студенттердің экономика және кәсіпкерлікті зерттеу әдістерін, олардың ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихын және осы білімді күнделікті өмірде қолдану үшін қазіргі жағдайын зерттеу негізінде экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы теориялық және практикалық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Болашақ мұғалімдер көркем әдебиеттің мәні мен маңызын танытып, әдебиеттану ғылымының салалары бойынша білімін толықтыру мақсатында оқытылады. Білім алушылардың көркем әдебиет пен әдеби шығарманы тілдік, поэтикалық және мазмұндық талдау дағдысын қалыптастырады. Пәнді игеру келесі кезеңде оқытылатын пәндерге алғышарт болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Ежелгі мен хандық дәуір әдебиеті және оқыту жүйесі

    Мақсаты: түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиеттер мен Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттердің мазмұнын, осы кезең әдебиетін зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерттейді. Олар көне әдеби жәдігерлердің қазақ әдебиетіндегі орнын айқындайды, көне түркі әлемі мен хан дәуірі мұраларының оқушылардың рухани дамуына, қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуына ықпалын ұғынады. Олар студенттерге ежелгі және хан дәуіріндегі қазақ әдебиетінің тарихы, көрнекті өкілдерінің шығармаларының мазмұны туралы толық теориялық білім бере алады, осы дәуір әдебиетінің негіздерін түсіндіре отырып, студенттерді өзіндік ізденістерге тарта алады. Болашақ мұғалімдер оқыту барысында ұлттық әдебиеттің негіздерін көрсетеді. Студенттер: • көне түркі әдебиетіне ортақ әдеби және мәдени ескерткіштерге сипаттама береді; • ақындар мен жыраулар поэзиясын түсініп, пікір айтады; • Қазақ хандығы туралы мәліметтерді, оның әдебиетке көзқарасын талдайды • түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихы мен кезеңін түсіндіреді; • XV-XVIII ғасырлардағы әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығын сипаттайды; • XV-XVIII ғасырлардағы мұралардың идеялық құндылықтарын түсінеді;

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Функционалды синтаксис

    Функционалды синтаксис – сөйлем құрылымын оның коммуникативтік, мағыналық және құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің саласы. Бұл пән сөйлемнің актуалды мүшеленуін, синтаксистік бірліктердің мәтіндегі қызметін, сөз тәртібінің рөлін, синтаксистік конструкциялардың стильдік ерекшеліктерін талдайды. Студенттер сөйлеу мен жазудағы синтаксистік заңдылықтарды терең меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Абайтану және Ұлттық тәрбие

    «Ұлттық тәрбие» курсы Қазақстанның көпұлтты мемлекеті жағдайында оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру саласындағы болашақ Педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге; орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін ұлттық тәрбиенің қазіргі заманғы теориясын, әдіснамасы мен технологиясын игеруге бағытталған. «Абайтану» пәнінің маңызы, өзекті мәселелері, оның тарихы туралы жан-жақты мағлұмат беріп білім алушылардың ғылыми-педагогикалық, тәрбие бағытындағы дағдыларын қалыптастыру. Өзге ғылым салалары, басқа пәндермен байланыс жасай отырып, хәкім Абайдың өмірі, шығармашылығы, кемеңгердің «Толық адам» концепциясын ғылыми, теориялық бағытта зерттеу негізінде, ойшылдың даналық тағылымын, ізгілік ілімін меңгеру үшін ақынның шығармашылық мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдап, оны тәжірибелік тұрғыдан қолданауға бағыт-бағдар беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары

    Курс жалпы орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін педагогика және дидактика саласындағы құзыреттіліктерді жетілдіруге, педагогика ғылымының негіздерін, негізгі теорияларды, заңдылықтарды, оқытудың принциптерін, білім беру тұжырымдамаларды, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту мен бағалаудың заманауи технологияларын меңгеруге бағытталған. Оқушылар заманауи сабаққа мақсат қою, құрастыру және талдау дағдыларын дамытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің синтаксисі және оқыту негіздері

    Мақсаты: студенттерге қазақ тілінің сөз тіркесі мен сөйлем құрылысының ерекшеліктерін, белгілерін, синтаксис теориясын меңгерту. Қазақ тіліндегі сөз тіркестері мен сөйлемдердің құрылымының, түрлерінің теориялық негіздерін және бұл пәннің ойды дұрыс жеткізудегі маңызын зерттейді. Қазақ тіліндегі сөз тіркесі мен сөйлем түрлерінің белгілері мен қызметін зерттейді. Болашақ мұғалімдер оқушыларды сөйлем түрлерін талдауға үйретуді үйренеді. Студенттер: • қазақ тілінің синтаксис теориясы мен синтаксистік құрылымын түсіндіреді; • синтаксистік ұғым бірліктерін ажыратады; • қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес сөйлем құрастырады; • сөз тіркестеріне, сөйлем түрлеріне жан-жақты талдау жүргізеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі психология, өзара әрекеттесу және коммуникация тұжырымдамалары

    Пән заманауи психологиялық теориялар мен модельдерді игеруге, тұлғаның жұмыс істеуіне және оның жеке қасиеттеріне бағытталған, олар педагогикалық мамандықтардың болашақ мұғалімдерінің құзыреттілігін қалыптастырады, бұл оқытудың даралануы мен білім беру процесінде студенттердің алуан түрлілігін ескеруге мүмкіндік береді. Пән психологиялық қауіпсіз оқу ортасын құру және қолдау арқылы оқушылардың әл-ауқатын жақсартудың маңыздылығына бағытталған. Болашақ мұғалімдер білім беру процесінде диалогты, өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Оқыту әдістері мен технологиялары

    Мақсаты: педагогика және дидактика саласындағы құзыреттілікті арттыру. Студенттер оқытудың әдістемелік жүйесі туралы тұтас түсінікке ие, нақты педагогикалық мәселелерді шешудің стратегиялары мен технологияларын, жоспарлауды, басшылықты, оқытуды және бағалауды модельдей алады, белгілі бір мектептің шарттары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудың білімін, формаларын, әдістері мен технологияларын қолдана алады. Студенттер: • оқушыларды оқытуға қолайлы педагогикалық модельдерді таңдайды; • технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерді ескере отырып, шығармашылық және әр түрлі оқыту әдістерін қолдана алады; • оқытуда қолайлы оқу ортасын пайдаланады; • авторлық құқықтар мен деректерді қорғау нормалары мен принциптерін біледі және қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі

    Мақсаты: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттің дамуы және осы кезеңдегі көрнекті шығармашылық иелерінің әдеби мұраларын әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттейді. Курстың маңыздылығын түсініп, түсіндіре білу үшін олар шығармашылық ізденістермен, іргелі зерттеулермен және олар туралы жазбалармен танысады. Әдеби жанрлардың, аудармалардың, әдеби сын мен прозаның дамуын зерттейді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың әдеби ағымдарға әсерін танып біледі. Ақын-жазушылардың шығармашылығының тақырыптық негіздерін, дәуірлер сабақтастығын, дәстүр сабақтастығын және оны білім беру жүйесінде түсіндіру жолдарын қарастырады. Студенттер: • әдеби тілде сөйлейді; • ұлттық құндылықтарды әдеби қабылдау мен таныстыруды түсіндіреді; • пәндік білімі бар; • қазақ әдебиетіндегі негізгі әдеби мотивтерді сипаттайды; • жазба әдебиеттің қалыптасуы мен дамуын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пән білім беру саласында ЖИ технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста машиналық оқыту, нейрондық желілер, үлкен деректерді талдау, табиғи тілді өңдеу және білім беруде ЖИ қолдану тәсілдері қарастырылады. Сондай-ақ, ЖИ-дің этикалық мәселелері, деректердің қауіпсіздігі және оқыту процесін оңтайландырудағы рөлі талқыланады. Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың цифрлық құзыреттілігін арттыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы

    Мақсаты: студенттерге оқыту технологиясын көрсету және оның теориялық негіздерін түсіндіру арқылы қазақ тілін оқытудың өзіндік жолдарын меңгерту. Мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясын қарастырып, талдауға үйренеді. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологияларын түсіндіреді. Студент: • теорияны қазақ тілін оқыту тәжірибесімен ұштастырады; • қазақ тілін оқыту технологияларының түрлерін (дамыта оқыту; кезең-кезеңімен оқыту, деңгейлік оқыту, компьютерлік технологиялар және т.б.) қолданады; • нәтижеге бағытталған сабақтарды өткізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту теориясы мен технологиясы

    Бұл пән болашақ қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауға бағытталған. Курста қазақ тілін мектепте тиімді оқытуға қажетті заманауи әдістемелер мен оқыту технологияларының мазмұны ашылады. Студенттер тіл білімінің теориялық негіздерін ескере отырып, оқу мақсаттарына сәйкес тіл дамыту, коммуникативті құзыреттілік қалыптастыру, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеруге негізделген оқыту жолдарын зерттейді. Сонымен қатар пәнде оқу үдерісін жобалау, оқу материалдарын бейімдеу және оқу үдерісінің тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Қазақ әдебиетін оқыту барысында ғылыми-әдістемелік негіздер зерттеліп, әдеби білім берудің мақсаттары, принциптері және тиімді тәсілдері қарастырылады. Көркем шығармаларды талдау, әдеби кейіпкерлерді сипаттау, мәтінді интерпретациялау және оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту әдістері меңгеріледі. Сонымен қатар, әдебиетті оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану, интегративті және коммуникативті оқыту әдістерінің тиімділігі зерделенеді. Сабақ жоспарлау, әдеби талдау жүргізу және білім алушылардың қызығушылығын арттыру дағдылары қалыптастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Бұл курс білім алушылардың әртүрлілігін қабылдауға, қолдауға және мектептерде туындайтын қатысу мен оқуға кедергілерді анықтауға бағытталған; даму басымдықтарын анықтау және әртүрлілікті қолдау бойынша іс-шараларды жоспарлау (оқу бағдарламасының материалдарын бейімдеу, сараланған тапсырмаларды әзірлеу; инклюзивті құндылықтардың негізін құру және білім алушылардың тұрақты мектеп жүйесіне қатысуы мен жетістіктерін қолдау үшін мектеп қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты жеңілдету; инклюзивті ортада барлық білім алушыларды қолдау үшін көмекші технологиялар мен АКТ-ны пайдалана білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Бұл пән қазақ тілін оқытудың теориялық және практикалық негіздерін қарастырады. Тіл үйретудің заманауи әдістері, оқыту технологиялары, дидактикалық принциптер мен тәсілдер жүйелі түрде талданады. Студенттер оқу үдерісін ұйымдастыру, білім алушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру, бағалау әдістерін қолдану сияқты кәсіби құзыреттерді меңгереді. Сонымен қатар, тілдік орта, коммуникативтік оқыту, интерактивті тәсілдер мен инновациялық технологиялардың тиімділігі зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістемесі

    Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында білімді өмірде тиімді қолдану дағдылары қалыптастырылады. Оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру әдістері қарастырылады. Ақпаратты талдау, мәселелерді шешу, сыни және креативті ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған стратегиялар қолданылады. Коммуникативтік, зерттеушілік, проблемалық оқыту тәсілдері мен интерактивті технологиялардың тиімділігі зерделенеді. Оқу материалдары шынайы өмірмен байланыстырылып, білім алушылардың танымдық белсенділігі артады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Оқу сауаттылығы және оқыту негіздері

    Мақсаты: практикалық лингвистикалық талдау арқылы логикалық, грамматикалық сауаттылықты қалыптастыру; оқушылардың оқу және жазу дағдыларын, логикалық талдау дағдыларын жетілдіру; оқу сауаттылығы (функционалдық сауаттылық) құзыреттілігін арттыру. Олар практикалық лингвистикалық талдау жүргізеді және логикалық және грамматикалық сауаттылық дағдыларын дамытады, сонымен қатар оқу сауаттылығын (функционалдық сауаттылық) арттырады. Сондай-ақ, оқушылардың сауаттылығын арттыру үшін тілдік, әдеби және логикалық талдау әдістерін үйрету жолдарын меңгереді. • сыни пікір білдіреді, • оқу сауаттылығының негіздерін меңгерген; • мәтінге тілдік, логикалық талдау жүргізеді; • оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді; • мәтіннің негізгі идеясы мен мазмұнын анықтайды; • логикалық, грамматикалық сауаттылығын көрсетеді; • сауатты оқудың төрт дағдысын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Бағалау және дамыту

    Бұл пән оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсінуге және оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі оқу жетістіктерін сындарлы бағалауды қамтамасыз етуге және бағалауға қатысты түсініктер мен тәжірибелерді сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға бағытталған. Студенттер бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістерін жақсы меңгеруді (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау); оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдануды; оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдыларын дамыту жүйелерін тану мен қолдануды үйренеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Салғастырмалы грамматика

    Мақсаты: қазақ-орыс тілінің грамматикасын салғастыра отырып тіл үйретудің жолдарын меңгерту. Өзге тілді мектеп білім алушыларына қазақ тілінің ерекшеліктерін түсіндірудің жолдарын және тіл үйретудің тиімді әдістерін қолданып үйренеді. Студенттер: • тіл білімін, пәндік қатынастарды, екі тілдің емле теориясын түсіндіреді; • грамматикалық белгілерді ажыратады; • қазақ/орыс тілдерінің грамматикасын салыстырады; • екі тілге фонетикалық, грамматикалық талдау жүргізеді; • екі тілдің грамматикасын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі

    Мақсаты: қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыты мен мазмұнына талдау жасайды. Қазіргі ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстырып, олардың шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерінің мазмұнын ұғындыруды үйренеді. Студент: • қазіргі қазақ әдебиетінің идеялық ұстанымдары мен қазіргі қазақ әдебиетінің зерттеу бағыттарын түсіндіреді; • заманауи шығармаларды сыни тұрғыдан талдайды; • қазіргі қазақ әдебиетінің шығармаларын талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін салыстырмалы оқытудың интеграциялық әдістері

    Бұл пән қазақ тілін басқа тілдермен салыстыра отырып оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін қарастырады. Интеграциялық әдістер арқылы тілдік жүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталып, тілді меңгеру тиімділігі артады. Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлерде салыстырмалы талдау жасалып, тіл үйретуде кешенді тәсілдер қолданылады. Студенттер көптілді білім беру, интерференция және трансфер мәселелерін зерттеп, қазақ тілін меңгертудің инновациялық әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазу негіздері

    Пән студенттерге ғылыми жазудың, грамматикалық және стильдік тұрғыда сауатты жазуды үйретеді. Пән тиімді коммуникация, сыни ойлау, зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ академиялық стандарттар мен адалдық принциптерін меңгеруге көмектеседі, бұл студенттердің ғылыми зерттеулерін тиімді жүргізуіне мүмкіндік береді. Пәннің мақсаты ғылыми жазудың дағдыларын меңгерту, грамматикалық және стильдік сауаттылықты дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық зерттеулер мен инновациялар

    Мақсаты: Болашақ БӘД мұғалімдерінде педагогикалық зерттеулер жүргізу және оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру. Мазмұны: Педагогикалық ғылымның негіздері, білім берудегі ғылыми зерттеулердің түрлері мен әдістері, зерттеу қызметінің кезеңдері, педагогикалық деректерді өңдеу және талдау мәселелері қарастырылады. Ерекше назар инновациялық білім беру технологияларына, белсенді оқыту әдістеріне, цифрлық құралдарға, жоба және зерттеу қызметіне, бастапқы әскери дайындық аясында аударылады. Оқу нәтижелері: Түлек БӘД мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулерді әзірлеуге және жүзеге асыруға, инновациялық оқыту әдістерін қолдануға, цифрлық ресурстарды пайдалануға және білім беру тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалап, мектеп оқушыларының оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби процесс және әлем әдебиеті

    Бұл пән заманауи көркем әдебиеттің даму заңдылықтарын, жаңа ағымдар мен жанрлық өзгерістерді зерттейді. Әдеби үдерістердің жаһандық және ұлттық деңгейдегі ерекшеліктерін қарастырып, әдебиет пен қоғамның өзара байланысын талдайды. Студенттер шығармаларды сараптап, әдеби сын мен теориялық тұжырымдарды меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі

    Мақсаты: қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы дамуын, қазақ поэзиясындағы ұлттық сипаттың тереңдей түсуін, ақындар шығармашылығындағы тәуелсіздік тақырыбын зерттейді. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында жазылған шығармаларды қоғамдық пікірге байланыстыра зерттейді. Тәуелсіздік жылдарындағы әдеби үдеріс пен көркем шығармашылыққа ғылыми-теориялық талдау, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көркемдік-эстетикалық даму жолдарын талқылайды. Кәсіби маман Тәуелсіздік кезең әдебиетінің ұлттың рухани дамуына, қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуына ықпалын түсіне білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Деңгейлік қазақ тілі (А,В,С деңгейі бойынша қазақ тілін үйрету)

    Мақсаты: Үздіксіз білім беру сатыларында қазақ тілін меңгертудің тілдік деңгейлерін, ерекшеліктерін үйрету. Мазмұны: Теориялық, парадигмалар. Қазақ тілін меңгерту деңгейлері. Деңгейлерінің ішкі жіктелім-игерімі. Деңгейден деңгейге өту кезеңдерінеқойылатын талаптар. Әр деңгейде сөйлесім әрекетінің түрлеріне қойылатын талаптар; күтілетін нәтижелер. Нәтижелерді бағалау индикаторы. Сөйлеу дағдыларын бағалаудың өлшемдері, критерийлері. Құзіреттіліктері: деңгей талаптарына сай тілді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Лингвистикалық талдау парадигмасы

    Бұл пән тілдік бірліктерді ғылыми негізде талдаудың теориялық және практикалық әдістерін қарастырады. Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлердегі құрылымдық, мағыналық, функционалдық талдау принциптері мен тәсілдерін үйретеді. Студенттер тілдік құбылыстарды жүйелі зерттеп, мәтінді жан-жақты сараптауға, тілдің құрылымы мен қызметін терең түсінуге дағдыланады. Сонымен қатар, лингвистикалық талдаудың заманауи әдістерін меңгеру арқылы тілдік материалмен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Әлем әдебиеті және оқыту жүйесі

    Мақсаты: әлем әдебиетінің даму заңдылықтарын, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін дүниенің әлеуметтік ерекшеліктері призмасы арқылы зерттейді. Әдеби шығармаларды талдау арқылы әлем әдебиетінің негізгі бағыттарын меңгеруге үйренеді. Әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің байланыстары мен ерекшеліктерін талдап, салыстырады. Сондай-ақ олар шығармалардың көркемдік құндылығы мен қазіргі мәдениеттегі әлеуметтік жағдай арасындағы байланысты талдайды. Болашақ мұғалімдер оқушыларына әлем әдебиетінің даму заңдылықтарын түсіндіруге және мектеп бағдарламасы аясында әлем әдебиеті шығармаларын оқытудың маңызы мен ерекшелігін ұғынуға үйренеді. Студент: • дүниежүзі әдебиеті тарихының қалыптасуы, дамуы, тенденциялары мен концепцияларын түсінеді; • қазақ және әлем әдебиетін салыстырады; • әлем әдебиеті туралы теориялық білімдерін әдеби қоғамдық ортада қолданады; • ежелгі грек және рим әдебиетін, сондай-ақ әлем әдебиетінің жанрлары мен стильдерін, прозасын, XVII ғасыр поэзиясын түсіндіреді; • ХІХ ғасырдағы Батыс және Шығыс әдебиетінің ерекшеліктерін сипаттайды; • әлемдік әдебиеттегі қазіргі әдеби бағыттарды түсіндіреді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілін меңгертудің психолингвистикалық негіздері

    Бұл пән қазақ тілін меңгертудің психолингвистикалық аспектілерін зерттейді. Тілдің меңгерілу процесін, сөздің мағыналық құрылымын, ойлаудың тілмен байланысын және тіл үйренушінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды. Студенттер тілдік дағдыларды қалыптастыру, сөздік қорды дамыту және тіл үйрену әдістерін психолингвистикалық тұрғыдан түсінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Мәтін және лингвамәдени талдау негіздері

    Мақсаты: студенттердің мәтіннің ғылыми-теориялық тұжырымдамасы туралы түсінігін кеңейту. Мәтінді зерттейді, негізгі теорияны түсіндіреді және мәтінге тілдік және мәдени талдау жасайды. Мәтінді лингвистикалық және мәдени талдау әдістерін көрсетіп, лингвистикалық және мәдени талдаудың мәнін түсіндіреді. Студенттер: • мәтіннің негізгі теориясын, концепциялары мен категорияларын, мәтінді лингвомәдениеттанулық талдаудың теориясын, әдістерін, ұғымдары мен бірліктерін, мәтіннің түрлері мен құрылымдарын және функционалдық ерекшеліктерін, сонымен қатар оқылған мәтінді эмоционалды бағалаудың түрлерін түсіндіреді; • мәтінді синтетикалық, аналитикалық, аналитикалық- синтетикалық талдау әдістерін қолданады; • мәтін түрлерін талдайды; • көркем мәтінді бастапқы қалпында қабылдайды; • мәтіннің тақырыбын түпнұсқа түрінде қабылдауды түсінеді; • оқу кезінде мәтінді тұтастай қабылдайды; • оқылған мәтінді эмоционалды бағалау түрлерін біледі; • беттік мағынаның сипаттамасын анықтайды және біледі; • талдаудан кейін мәтін тақырыбын жалпылайды;

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Білім мен іскерлікті бағалау бойынша практикум(ПББ)

    «Білім мен іскерлікті бағалау бойынша практикум (Педагог білімін бағалау)» студенттердің білім нәтижелерін бағалау саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Практика барысында болашақ педагогтар оқыту нәтижелерін диагностикалау, талдау және интерпретациялау әдістерін меңгереді, бағалау критерийлерін әзірлейді, оқу сабақтарын бақылау мен талдау жүргізеді. Бұл практика нақты білім беру ортасында кәсіби қызметті объективті бағалау және рефлексия жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Аналитикалық ойлауды дамытады, ғылыми-зерттеу қызметінде дағдыларды меңгереді; ғылыми деректерді өңдеу бойынша сапалы жұмыс жүргізеді; ғылыми қызметті іске асыруда субъективтілік пен жауапкершілікті арттырады; өзіндік көзқарасы қалыптасады.
  • Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, негізгі ұғымдары туралы біледі.
  • Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін біледі, алған білімдері негізінде білім беру үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарын, принциптері мен заңдылықтарын меңгереді. Инклюзивті, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптары мен үйден оқыту жағдайында оқушыларды инклюзивті оқыту үлгісін қолдану жұмыстарын ұйымдастыруды, жоспарлауды және шешім қабылдауды үйренеді.
  • Педагогикалық психологияның негізгі ұғымдары мен терминдерін меңгеріп, психологиялық-педагогикалық білімді практика жүзінде қолданудың негізгі салаларын біледі, оқу және тәрбие үдерісіндегі адамның танымдық және жеке даму заңдылықтарын, фактілер мен құбылыстарды талдайды. Абай шығармалары негізінде ұлттық құндылықтарды терең меңгеріп, елжандылық, адамгершілік, жауапкершілік сынды тұлғалық қасиеттерді өмірде қолдана алады.
  • Адам тұжырымдамалары мен олардың оқуды түсінудегі және білім беру үдерісін жобалаудағы маңызын, оқыту теориялары мен олардың оқуды түсінудегі және білім беру үдерісін жобалаудағы маңызын ажыратады; жан-жақты оқыту үдерісіне қолайлы оқыту теориялары мен педагогикалық үлгілерді қолданады. Білім беруде ЖИ технологияларын тиімді қолдану мен этикалық тұрғыдан сауатты шешім қабылдау дағдыларын меңгереді.
  • Әр білім алушылардың бастапқы кезеңдерін, олардың оқу әлеуеті мен нақты қолдау қажеттіліктерін тани алады, өз білім алушыларына нақты қолдау, жетекшілік ету, оқыту және бағалауға қатысты жеке қажеттіліктерін қарастыра алады.
  • Оқу мен оқытудың инновациялық стратегияларын, сондай-ақ пән бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ/сабақ жоспарлары, оқу және сыныптан тыс іс-шаралар негізінде білім беру үдерісін және/немесе сыныптан тыс іс-шараларды жобалау, өткізу және бағалау әдістері мен құралдарын қолданады; эксперименттердің нәтижелерін және/немесе жиналған деректерді талдап, қорытынды жасайды.
  • Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен дыбыстық құрылымы, заңдылықтары, ішкі ерекшеліктері туралы теориялық ұғымдарды түсіндіреді; фонетикалық терминология мен транскрипцияны қолданады; кешенді фонетикалық талдау әдістерін қолданады; тіл фонетикасын теория мен практикада оқытады.
  • Қазақ әдеби тілінің лексикалық-фразеологиялық жүйесін, негізгі категорияларын түсіндіреді; лексикалық және фразеологиялық бірліктердегі парадигматикалық, синтагматикалық байланысты, лексикалық бірліктердің арақатынасын түсінеді.
  • Мәнмәтіндегі сөздерді мәтіннің мағынасына қарай талдайды; сөзжасамның ғылыми-теориялық негіздерін түсіндіреді; сөзжасамдық талдау жүйесін және сөз тудырушы жұрнақтарды түсіндіреді; қазақ тілі морфологиясының ғылыми теориясын түсіндіреді; сөзді түрлендіру жүйесі туралы құзыреттілікке негізделген білімге ие.
  • Қазақ тілінің синтаксис теориясы мен синтаксистік құрылымын түсіндіреді; синтаксистік ұғым бірліктерін ажыратады; қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес сөйлем құрастырады; сөз тіркестеріне, сөйлем түрлеріне жан-жақты талдау жүргізеді.
  • Шешендік өнер мен логикалық ойлауды қолданады; ұлттық құндылықтарды, қазақ ауыз әдебиетінің тарихын, фольклортану мен фольклортанулық зерттеулерді түсіндіреді; көне түркі әдебиетіне ортақ әдеби және мәдени ескерткіштерге сипаттама береді; ақындар мен айтушылар поэзиясын түсініп, пікір айтады.
  • Қазақ әдебиетіндегі негізгі әдеби мотивтерді сипаттайды; жазба әдебиеттің қалыптасуы мен дамуын түсіндіреді; тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті қайраткерлерінің мұрасын меңгереді; прозаға, поэзияға және драматургияға, сатира жанрындағы жаңашыл ізденістерге, жаңашыл әдебиеттану мен әдеби сынға қатысты шығармаларды ұсынады.
  • Дүние жүзі әдебиеті тарихының қалыптасуы, дамуы, тенденциялары мен концепцияларын түсінеді; қазақ және әлем әдебиетін салыстырады; автор мен кейіпкер арасындағы байланысты түсіндіреді; әдеби гендер мен тип, әдеби мектептер, әртүрлі ағымдар мен стильдер туралы негізгі түсініктерді меңгереді; пәндік ұғымдарды, ережелерді, теориялық талдау әдістерін түсіндіреді.
  • Мәтінге тілдік, логикалық талдау жүргізеді; оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді; мәтіннің негізгі идеясы мен мазмұнын анықтайды; жалпы тілдік құзыреттілігін және тыныс белгілері мен емле ережелерін білуін көрсетеді; орфографиялық талдау жүргізеді.

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top