Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Тіл білімінің теориялық негіздері

    Курста тіл білімінің теориялық негіздері, негізгі ұғымдар жүйесі, тілдің табиғаты, мәні, қоғамдық қызметі, тілдің құрылымы, қазіргі тіл ғылымының негізгі зерттеу бағыттары мен салалары қарастырылады және талданады. Пәнді меңгергеннен кейін студент тіл ғылымы жайлы теориялық тұжырымдарға қатысты өз ойларын айта біледі, пікірлерін дәлелдей алады; тіл біліміндегі жалпы ортақ ұстанатын қағидаларды сипаттайды; тіл құрылымы туралы теориялық түсініктерді жіктейді және салыстырады. ХІХ-ХХ ғасырда тіл ғылымының дамуын, тіл ғылымының бағыттарын, ұлтаралық тілдер байланысын жүйелейді. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдағы тіл ғылымының шектесімін анықтайды. Тіл ғылымының басқа ғылым түрлерімен шектесімін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілі

    Курс қазақ тілі салаларының негізгі теориялық ұғымдары мен заңдылықтарын меңгертуге бағытталған. Пәнде қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамы, дыбыс жүйесі, грамматикалық құрылысы бойынша теориялық, практикалық мәселелер қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент тіл дыбыстарының түрлері мен жасалу жолдарын, дыбыстардың үндесу заңдылықтарын, сөздерді таптастыру принциптерін сипаттайды; сөз мағынасы мен олардың түрлерін айқындайды; сөзжасамның негізгі тәсілдерін, грамматикалық ұғымдардың мән-мағынасын ашып көрсетуде теориялық заңдылықтарды қолданады; әр сөз табының грамматикалық түрлену жүйесін сыни тұрғыдан талдайды; синтаксистің негізгі объектілерін, олардың синтаксистік қызметін көрсете алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ұлы дала фольклоры мен әдебиетінің тарихы

    Курс фольклордың табиғаты, оның өмір сүру заңдылықтары, жанрлары, классификациялау принциптері; фольклордың қазіргі әдебиеттегі көрінісі мен қолданысы, Түркі қағанаты, оғыз, ислам қарахан, Алтын Орда, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет жайлы мәселелерді қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде студент фольклористика ғылымының өзіндік сыр-сипатын сипаттайды; фольклордың халықтың өнері, дәстүрі, таным-түсінігі екенін ажыратады; жазба ескерткіштер мен әдеби мұралардың өзіндік ерекшеліктерін айқындайды; хандық дәуірдегі әдеби мұра бойынша ғылыми әдебиеттер мен мәтіндерді сыни тұрғыдан талдайды; ақын-жыраулардың шығармашылық тұлға ретіндегі ерлік, қайраткерлік қасиеттерін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Хандық дәуір әдебиеті

    Курс қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала –қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жыраулар поэзиясы жайлы мәселелерін қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде студент ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның сабақтастығы, идеялық –көркемдік жалғастығы мәселелерін, хандық дәуірдегі әдеби мұра бойынша ғылыми әдебиеттер мен мәтіндерді сыни тұрғыдан талдайды; ақын-жыраулардың шығармашылық тұлға ретіндегі ерлік, қайраткерлік қасиеттерін бағалайды. Болашақ мұғалімдер оқыту барысында ұлттық әдебиеттің негіздерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі

    Курс морфеманың теориялық негіздерін, морфтар жүйесін, олардың лексика-грамматикалық сипатын, функциялық ерекшеліктерін, грамматикалық нөльдік морфема т.б. ғылыми ұғымдарды түсінуге ықпал етеді. Пән морфтар жүйесі, морфемалар жүйесі, морфтар морфонологиясы ұғымдарын қамтиды. Курс соңында студенттер грамматикалық нольдік морфема, аналитикалық единицалар жасайтын көмекшілерді анықтайды; түбір мен қосымша шегін салыстырады; сөз бөліктерінің сөзжасамдық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдайды, сөздердің түрлену заңдылықтарын тәжірибеде қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы

    Курс сөзжасам жүйесінің негізгі теориясы бойынша жалпы бағыттарды оқытуға бағытталған. Пән тілдің сөзжасам жүйесіне енетін (сөз, ұғым, мағына, тұлға, мазмұн, сөзжасам, тұлғажасам, сөзжасамдық/тұлғажасамдық жұрнақ, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның тәсілдерін, түрленім жүйесі) ұғымдарды қамтиды. Курс студенттерге сөзжасамдық талдау, морфемдік талдау, этимологиялық талдау тапсырмаларын құрастыруға көмектеседі. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер қазақ тілі сөзжасамының тұжырымдамалық негіздеріне, тіл ғылымы жүйесіндегі орнына талдау жасап, алған теориялық білімін кәсіби қызметінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары

    Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары

    Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттану ғылымына кіріспе

    Курс әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік эстетикалық танымын қалыптастыруға, көркем туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтандыруға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент әдебиеттанудың негізгі ұғымдары мен категорияларын сипаттайды; гуманитарлық пәндер жүйесіндегі әдебиеттанудың орны мен рөлін анықтайды; көркем шығарманың құрылымы мен мазмұнын талдаудың әдістері мен тәсілдерін саралайды; көркем шығармашылықты зерттеуде заманауи әдебиеттанудың әдіснамалық аппаратын қолданады; әдеби шығарманың құрылымы мен мазмұнын сыни тұрғыдан талдайды; қазіргі заман ұстанымы тұрғысынан көркем шығарманың мазмұнын бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект

    Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілі пунктуациясының теориялық негіздері

    Пән қазақ тілі пунктуациясының теориялық негіздері мен заңдылықтарын меңгертуге бағытталған. Курста пунктуация теориясы, емле және пунктуация ережелері, қазақ пунктуациясы және сауатты жазу дағдыларын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері, қазақ тыныс белгілерін оқытудың зерттелуі, пунктуацияны оқытудың лингивистикалық негіздері қарастырылады. Курс соңында орфография мен пунктуацияны оқытудағы кездесетін қиындықтарды саралайды, тыныс белгілерін жазу практикасында қолдануды бір ізге түсірудің тиімді жолдарын анықтайды; тыныс белгілері түрлері мен ерекшелігін ажыратады; тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін сыни тұрғыдан талдайды, пунктуациялық заңдылықтарды дұрыс қолдану дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

    Пән ХХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайларға тоқталып, сол кезеңдегі ағымдар мен бағыттардың маңызын тануға, ақын-жазушылардың шығармашылығының тақырыптық негізін, замана сабақтастығын, дәстүр жалғастығын айқындай білуге үйретеді. Әдеби жанрлардың аударма, әдебиет сыны, көсемсөздің дамуын ХХ ғасырбасындағы проза, лирика, драмматургия және аударма мәселелерін меңгертуге бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік жағдаймен байланысын, ой-сананы оятудағы міндеттерін сипаттайды; алаш қаламгерлерінің идеялық, мазмұндық, стильдік ерекшеліктерін айқындайды; діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін саралайды; осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымының жетістіктерін және жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық мұрасын талдайды; осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымының жетістіктерін бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

    Курста 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдері шығармаларының жанрлық сипаты, тақырыбы мен идеясы, көркемдік дәрежесі мен мазмұны қарастырылады. Пәнді меңгергеннен кейін кезең әдебиетінің негізгі даму бағыттары мен заңдылықтарын сипаттайды; 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің ауызша дәстүрлік жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығын, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелерін ғылыми теориялық тұрғыдан сипаттайды. Кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғаларын әдеби даму және сыни тұрғыдан талдайды, теориялық білімді практикада қолданады. Үлгісі, түрі мол, сан жанрлы XIX ғасыр әдебиетінің көркемдік табиғатын саралайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пән студенттерге ғылыми танымның негіздерін, зерттеу жүргізу әдістерін, зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру жолдарын үйретуге бағытталған. Курс мазмұнында қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері академиялық адалдық, ғылыми стиль және деректерді талдау мәселелері қарастырылады. Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушылар ғылыми мәселені анықтау, мақсат-міндет қою, гипотеза құру, ақпарат жинау, эмпирикалық және теориялық әдістерді қолдану, зерттеу нәтижесін рәсімдеу мен қорғау дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық

    Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркемдік даму, дәстүр және жаңашылдық

    Пән әдебиеттің көркемдік даму заңдылықтарының маңызын тануға, ақын-жазушылардың шығармашылығының тақырыптық негізін, замана сабақтастығын, дәстүр жалғастығын айқындай білуге үйретеді. Курс көркем әдебиеттегі көркемдік даму, дәстүр және жаңашылдық мәселелерін меңгертуге бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттің көркемдік даму заңдылықтарын сипаттайды; әдеби даму және дәстүр жалғастығын саралайды; әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік тұғырын анықтайды; Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығын, Әуезовтың тарихи роман дәстүрін әдеби көркемдік сыни тұрғыдан талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Курс тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық сауаттылықты дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздік негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер адамның қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда іс-әрекеттерді жүзеге асырады және экологиялық құзыреттілікті дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады. Сонымен қатар, студенттер табиғатты қорғау мен табиғатты пайдаланудың экологиялық принциптерін қисынды түрде анықтайды, қоршаған ортаның ластануына зерттеу жүргізеді, экожүйенің бір бөлігі ретіндегі адамның рөлін сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқу сауаттылығы

    Курс студенттердің оқу, жазу машығын сипаттай алуға, ақпаратты толық меңгерту дағдыларын анықтауға, тыңдалым, оқылым машығын қалыптастыруға, мәтінмен жұмыс жасау қабілетін дамытуға бағытталған. Курс соңында студенттер мәтіндерді сыни тұрғыдан талдай алады; жазылым дағдысын қалыптастырудағы мәтіндермен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін қолданады; мәтіндегі сөздерді есте сақтау, оқу, жазу дағдыларын қалыптастырады. Тіл білімі салаларының негізгі теориясын меңгере отырып, сыни тұрғыдан талдайды және кәсіби салада қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Грамматикалық сауаттылық негіздері

    Курс білім алушылардың филология ғылымының теориялық және практикалық негіздері бойынша білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін кеңейтуге бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер оқу сауаттылығы мен жазу сауаттылығы негіздерін сипаттауға, тілдік талдау жолдарының бастапқы негіздерін сыни тұрғыдан талдауға, сөйлеу қолданыстарын толық игеріп сауатты жазуға, әдеби тілде сөйлеуге үйренеді; алынған теориялық білімді ауызша және жазбаша мәтіндерді құруда қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық зерттеулер және инновация

    Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалау және дамыту

    Болашақ мұғалімдер оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ете алады және білім алушыларды бағалауға тарта алады. Болашақ мұғалімдер бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т.б. қоса алғанда) анықтайды, саралайды және пайдаланады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Курс әдебиетті оқытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін меңгертуге бағытталған. Курста білім алушы әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылмыми пән екендігін, мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктерін меңгереді. Критериалды бағалау, оқытудың әдістері мен қағидалары, сабақты өткізу, оның құрылымы, білім беру технологиялары, инновациялық әдіс-тәсілдер, сыныптан тыс және оқу-тәрбие жұмыстары, теориялық білімді практикада қолдану жолдары қарастырылады. Пәнді оқу барысында студент қазіргі заманғы әдістемелік жүйелерді талдайды; пәннің теориялық негіздерін және оны инклюзиялық ортада оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сабақтар құрудың заманауи әдістерін пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектепте академиялық жазылымды оқытудың әдістемелік негіздері

    Курс ғылымға және оның жіктелуіне, ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасына анықтама береді, ғылыми ақпараттың негізгі көздерімен, оқу-ғылыми жұмыстың құрылымымен, мектеп оқушыларының ғылыми бағыттағы жұмыстарын (эссе, жоба жұмыстарын, баяндамаларды) жүргізу, ресімдеу және қорғау ерекшеліктерімен таныстырады. Студенттер ғылыми гипотезаларды тексеру және қайта қарау мақсатында тиісті деректерді жинау үшін тиісті құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, бірлескен ортада ғылыми зерттеулерді жоспарлай, жобалай және жүргізе алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазба жұмыстардың әдістемелік негіздері

    Курс жазба жұмыстардың әдістемелік негіздерін меңгеруге бағытталған. Пәнде жазба жұмыстарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, әдеби мәтінмен жұмыс, эссенің құрылымы мен түрлері, жазба жұмысты бағалау критерийлері, оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент жазба жұмыстарының жүйесін, ерекшеліктерін сипаттайды, қазақ орфографиясына тән негізгі заңдылықтарды анықтайды, жазба жұмыстарға қойылатын талаптарды саралайды, жазба жұмыстардың бағалау критерийлерін анықтайды, жазба тілге тән белгілерді жіктейді және салыстырады. Жазба жұмыстарының түрлерін сыни бағалайды, жазба жұмыстарына тән әдіс-тәсілдерді жүйелейді. Курс студенттерге жазба жұмыстарын ғылыми-методологиялық, практикалық тұрғыдан талдауға және тапсырмалар жүйесін құрастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Оқу пәнінің міндеті – қазақ тілі мұғалімін кәсіптік-әдістемелік даярлау, мектепте жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақты заманауи үлгілеу қағидаттарымен таныстыру. Курста қазақ тілін оқытуға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасындағы білім мазмұны, оның педагогикалық, психологиялық методикалық аспектілері талданады. Критериалды бағалау, оқытудың әдістері мен қағидалары, сабақты өткізу, оның құрылымы, білім беру технологиялары, инновациялық әдіс-тәсілдер, сыныптан тыс және оқу-тәрбие жұмыстары, теориялық білімді практикада қолдану жолдары қарастырылады. Пәнді оқу барысында студент қазіргі заманғы әдістемелік жүйелерді талдайды; пәннің теориялық негіздерін және оны оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, «Қазақ тілі» пәні бойынша сабақтар құрудың заманауи әдістерін пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

    Курс грамматикалық форма мен мағына арасындағы байланысты ашуға, морфологиялық категорияларды сипаттау және талдау үшін қажетті терминологияны зерттеуге бағытталған. Пән сөздердің морфологиялық құрылымын, сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формаларды, сөздердің тұлғалық өзгеруін, сөз формаларын, олардың жасалу тәсілдері мен түрлерін; негізгі грамматикалық ұғымдарды қамтиды. Курс соңында студент грамматика теориясындағы негізгі грамматикалық ұғымдарды тереңдетіп сипаттайды; туынды сөздердің жасалу ерекшеліктері мен тәсілдерін анықтайды; сөздің лексикалық және грамматикалық мағына айырмашылықтарын салыстырады; негізгі грамматикалық ұғымдардың мәнін анықтауда теориялық заңдылықтарды қолданады; тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдайды; сөз таптарының лексика-грамматикалық, синтаксистік қызметтерін саралайды; сөз таптарының ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері негізінде бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

    Курс қазақ тілі синтаксисінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын меңгертуге бағытталған. Курста синтаксис саласының негізгі заңдылықтары, сөз тіркесі, олардың өзіндік белгілері, басқа тілдік бірліктерден айырмашылығы, сөз бен сөздің байланысы, сөйлем түрлері, олардың құрылысы, жасалу жолдары мен түрлері, бөгде сөз, оның түрлері, тыныс белгілері қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде студент сөйлемнің құрылымдық семантикалық түрлері мен ерекшеліктерін сипаттайды; сөйлемнің құрамындағы және семантикасындағы құбылыстарды анықтайды; синтаксистік заңдылықтарды дұрыс қолданады; коммуниктивтік мақсатқа сәйкес түрлі құрылымдағы сөйлемді құрастырады және сыни тұрғыдан талдайды; негізгі синтаксистік бірліктің қызметін бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Филологиялық білім берудегі тілдік талдау технологиясы

    Курс қазақ тілі ғылымының бірыңғай мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын кешенді-сатылы талдау технологиясы бойынша меңгертуге, әдеби тіл нормасын үйретуге, сауатты да көркем жазуға дағдыландыруға, жүйелі ойлау мен мәдениетті сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Пән білім алушылардың фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік бірліктерге сатылай кешенді талдау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курс негізінде студент білімді ғылыми негізде сатылай кешенді меңгереді; әртүрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жүргізеді; сатылай кешенді талдаудың негізгі қағидаларын тиімді пайдалану дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі

    Курс сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі бойынша сөз тұлғаларының байланысу амалдары, сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрамы мен түрлері, сөйлемдердің бірліктерге бөліну тәсілдері, жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасы туралы нақты теория мен негізгі заңдылықтарды түсінуге ықпал етеді. Пәнде сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі, сөздердің байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем түрлері қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде студент сөздердің тіркесу қасиеті мен түрлерін сипаттайды; сөз тіркесінің құрамы мен түрлерін анықтайды; сөздердің байланысу формаларын салыстырады; сөйлемнің құрылу принциптері бойынша теориялық заңдылықтарды қолданады; сөйлемнің құрамы мен түрлерін сыни тұрғыдан талдайды; сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктерін бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі сөз таптарының жүйесі

    Курс сөздерді таптастырудың негізгі теориясы мен принциптерін, олардың мәні мен сипатын, ішкі мазмұнын ажырата білуге үйретеді. Пән тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық сипатының сан алуандылығын, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз таптарына бөлінетіндігін және сөздерді сөз таптарына бөлу олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатынын сипаттайды. Курс соңында студенттер тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне талдау жасайды, лингвистикалық зерттеулердің негізгі әдістерін игереді, тіл бірліктері мен олардың қызметі туралы теориялық заңдылықтарды түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы

    Курста лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық дамуы, ұлттық идея мәселесі, қазақ халқының философиялық ойының оның рухани мәдениетінің қалыптасуына әсері сипатталады. Қазақ ойшылдарының философиялық идеяларындағы ұлттық сана-сезім, төңкерістік поэзияның сипаты, тәуелсіздік кезеңдегі ұлттық идеяның қазақ лирикасында жырлануы қарастырылады. Қазіргі қазақ лирикасыдағы қаламгерлер шығармашылығы ғылыми –әдеби теориялық тұрғыдан зерттеліп, талдау жасалынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдеби тұлғатануы

    Курста қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуын, әдебиетіміздегі көркемдік ізденісті толық тани түсу үшін, қарымды қалам иелерінің барлық еңбектері жан-жақты қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент қаламгерлер туындыларының идеялық-тақырыптық мазмұны мен табиғатын айқындайды; теориялық білімді практикада қолданады; әдеби тұлғалардың қоғамдық және көркем көзқарасының қалыптасу жолын саралайды; әдеби тұлғалар шығармаларының текстологиялық зерттелуіне сыни тұрғыдан қарайды. Қаламгердің шығармаларын жүйелі түрде талдау арқылы оның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, негізгі заңдылықтарын кәсіби салада қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби процесс

    Курс қазіргі әдебиетке тән қағидаттарды сипаттауға, әдеби процесс пен әдеби сын саласындағы зерттеулердің ғылыми тұжырымдарын саралауға бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының негізгі теориясын сыни тұрғыдан меңгеріп, кәсіби салада қолдана алады. Әдеби бағыттар мен жаңа ағымдарды (модернизм, постмодернизм, экзистенциализм, т.б. ағымдар) ажырата алады; жазушының стиліне талдау жасай алады; әдебиеттану ғылымының жетістіктерін бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Курс қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін меңгеруге, Тәуелсіздік идеясының түп-төркінін, бағыт-бағдарын саралай алуға, ұлттық әдебиетіміздің соңғы жетістіктерін жинақтап сипаттауға бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттану ғылымының негізгі теорияларын сыни тұрғыдан меңгере отырып, қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің идеялық, мазмұндық, стильдік ерекшеліктерін айқындайды; жетекші ғалымдардың көркем мәтін бойынша әдеби теориялық зерттеулерін әдебиеттану саласының негізгі заңдылықтарын кәсіби салада қолдануға қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ поэзиясы

    Курста қазіргі қазақ поэзиясы-Ұлттық поэзиямыздың даму жолдары мен бағыттары қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы поэзия жанры туралы жан-жақты сипаттайды; поэзиялық шығармалардың көркемдік-эстетикалық қуаты мен тілдік айшықтарын сыни тұрғыдан талдайды. көркемдік ізденіс, лирикалық кейіпкер, 60-90 жылдар поэзиясының көркемдік жетістіктері мен сипатын, ерекшеліктерін саралайды; әдеби процестегі орнын анықтайды;.қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік жетістіктерін бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттік тұлғатану

    Курс әдебиет зерттеуші ғалымдардың өмірі, шығармашылығы, әдеби мұрасының эстетикалық деңгейі, жазушының шеберлігі, атқарған қоғамдық қызметтері жайында оқытуға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде әдебиеттің дамуына айрықша үлес қосқан әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылық жолын сипаттайды; шығармаларын тарихи-мәдени процесс аясында сын тұрғысынан талдайды; шығармашылығы мен шығармаларының көркемдік ерекшелігін саралайды; ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесін, заңдылықтарын кәсіби салада қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы сандық ресурстар

    Курс қазақ тілі мен әдебиетін қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес оқыту әдістерімен және сандық білім беру ресурстарын пайдаланудағы білімдерін, дағдылары мен іскерлікерін кеңейтуге бағытталған. Курста қазақ тілі мен әдебиетін мектепте оқыту кезінде білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін, гипермəтіндік технологияларды мобильді, бұлттық, смарт технологияларды енгізу және іске асыру процесін ұйымдастырудың теориялық-практикалық негіздері қарастырылады және талданады. Пәнді меңгергеннен кейін студент сандық құралдарды сипаттайды; онлайн-сервистер мен интерактивті оқытуға арналған платформаларды талдайды; оқытуда QR кодтарын қолданады; бейнеконференция жүйелерін саралайды; онлайн тестілеу және білімді бақылау сервистерін анықтайды; оқытудағы сандық ресурстардың тиімділігін бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы және филологиялық талдау

    Курс студенттерді әдебиет теориясының даму және қалыптасу ерекшеліктерімен таныстыруды, әдеби бейне, көркем шығарма, әдеби жанр, көркем шығарманың тілі т.б. әдебиеттанудың басты категорияларын меңгертуді мақсат етеді. Пән негізгі әдеби-теориялық категорияларды. оқытуға, көркем мәтінді талдау үшін қажетті практикалық және кәсіби-теориялық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студент сөз өнерінің поэтикасын, көркем мәтінге филологиялық талдаудың методологиялық аспектісін түсіндіреді; негізгі әдеби-теориялық категорияларды сипаттайды; көркем мәтінге филологиялық талдаудың мәні мен негізгі бағыттарын қарастырады және саралайды; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін анықтайды; ұлттық және әлемдік әдебиеттің қазіргі даму бағыттарын айқындайды; шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды; сөз өнерінің қоғамдық функциясын түсініп, практикада қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілі мен әдебиетің қашықтықтан оқыту платформалары мен сервистері

    Пән қазіргі мектепте филологиялық пәндерді оқытудың қазіргі заманғы білім беру технологияларын, қашықтықтан оқыту платформалары мен сервистерін, интернетті, телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық және электрондық бағдарламалар мен оқулықтарды пайдаланудың тұтас көрінісін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студенттер қашықтықтан оқыту платформаларын зерттейді; инклюзиялық ортада оқытудың модельдері мен технологияларын сипаттайды; оқыту жүйелерін ажыратады; оқытуға арналған интербелсенді тапсырмаларды жасаудың онлайн-сервистерін саралайды; қашықтықтан оқыту платформаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни тұрғыдан талқылайды; қашықтықтан оқытудағы оқыту платформалары мен сервистердің тиімділігін бағалайды; аудио және видео өңдеу құралдарын қолданудың жаңа тәсілдері мен озық тәжірибелерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогтың білімін бағалау практикумы

    Болашақ педагогтерге білім беру жүйесіндегі бағалау үдерісінің теориялық негіздерін, әдістерін және құралдарын меңгерту арқылы олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи әдістерін меңгерту; оқыту нәтижелерін сараптау біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы салаларының негізгі теориясы аясында қалыптасқан тәжірибелік дағдыларын анықтауда тапсырмалар құрастыру және сараптау, сондай-ақ бағалау нәтижелерін талдау мен интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар білім алушылар қазақ тілі мен әдебиеті негізінде пәндік дағдыларды, өзіндік және өзара бағалауды жүзеге асыру жолдарын үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі стилистикасы

    Курс қазақ тілі стилистикасының теориялық негіздері, фонетикалық, лексика-фразеологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік стилистиканың жалпы бағыттары бойынша оқытуға бағытталған. Курста стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері, салалары, негізгі ұғым-категорияларымен заңдылықтары, тілдің стилистикалық құрылымы, қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері, тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, оның түрлері, стилистиканың зерттеу әдістері қарастырылады. Курс соңында студент тілдің әртүрлі деңгейлерінде стилистикалық талдау жасайды, стилистикалық зерттеулердің негізгі әдістерін игереді, қазақ, орыс тілдерінде іскерлік және практикалық деңгейде қарым-қатынасты ұйымдастыруға қабілетті, сөйлеудің әртүрлі стильдері мен олардың қызметі туралы теориялық мәліметтерді түсіндіреді, сөйлеудің әртүрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік барлық байлығын, әр алуан құралдарын іс жүзінде қолдана отырып, тілдік талғамын, сөйлеу мәдениетін көрсете алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    Курс ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы қағидаларды әдеби тұрғыдан талдауға, ұлттық танымды қалыптастыруға бағытталған. Курста кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдайды; абайтану мектебінің қалыптасу жолдарын сипаттайды; ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігін талдайды; шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен үндестігін анықтайды; абайтанудың қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы орнын сын тұрғысынан бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясының негіздері және көркем шығарманы әдеби-теориялық талдау

    Курс көркем әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік-идеялық мәнін, қоғамдық сипатын, даму заңдылықтары мен көркем туындыны бағалау, талдау принциптерін зерттеп анықтауға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер көркем әдебиеттің табиғатын сипаттайды; әдеби шығармалар табиғатын анықтайды; қазіргі әдебиеттанудағы зерттеулердің ғылыми тұжырымдарын қолданады; әдеби-теориялық талдаудың негізгі аспектілері мен тәсілдерін, кешенді талдаудың ерекшеліктерін көрсетеді; әдеби теориялық ұғымдардың ара жігін сыни тұрғыдан саралайды; көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыда талдайды; көркем шығарманы объективті түрде бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Стилистика және сөйлеу мәдениеті

    Курс орфоэпикалық нормаға негізделген сөйлеу мәдениетінде ауызша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдана білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер стилистика және сөйлеу мәдениеті теориясында қарастырылатын негізгі мәселелерге, сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктері мен сөз қолдану заңдылықтарына, сөйлеу мәдениетіне ықпал етер сөйлеу техникасы және бейвербалды әрекеттер туралы деректерге, қазақ тіліндегі әңгімелесу және кітап стилінің түрлеріне баса назар аударады; сөздің мағынасын тар және кең түрлерден ажыратады; дұрыс емес бірлестіктердің ықпалынан стильден ауытқушылықтарды қарастырады және талдайды; қазақ, орыс тілдерінде күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидаларын тиімді пайдалану дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • тіл білімі және әдебиеттану ғылымы салаларының негізгі теориясын сыни тұрғыдан меңгереді;
  • лингвистика және әдебиеттану саласының негізгі заңдылықтарын кәсіби салада қолданады;
  • қазақ, орыс тілдерінде іскерлік және практикалық деңгейде қарым-қатынасты ұйымдастыруға қабілетті;
  • қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес оқыту әдістерін меңгерген, инклюзивті білім беруде кәсіби шеберлік көрсетеді;
  • кәсіби салада білім алушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық мәдениет, тіршілік қауіпсіздігінің теориялық және практикалық негіздерін сыни тұрғыдан қолданады;
  • кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсетеді;
  • білім беруді ұйымдастыруда психологиялық өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді;
  • ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру негізінде кәсіби бағытталған коммуникативтік міндеттерді шешеді;
  • қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады;
  • білім беру процесінде цифрлық білім беру ресурстарын және жасанды интеллект пен нейрожелілердің негізгі заңдылықтарын қолданады;
  • қоғамда және білім беру ортасында болып жатқан өзгерістер контексінде оқытудың инновациялық тәсілдері мен технологияларын әзірлеуге, жаңартуға және қолдануға қабілетті;
  • оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, өз білім саласын бағалау құралдарын қолдануға қабілетті;

Ұқсас БББ

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Top