Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Элементарлық математика (алгебра)

    Курс білім беру бағдарламасы бойынша әрі қарай оқытуда математикалық пәндерді де, сабақтас пәндерді де оқу үшін негіз болып табылады. Мазмұны алгебраның мектеп курсының негізгі бөлімдерін қарастырады, оларды зерттеу студенттерде алгебралық есептерді әртүрлі тәсілдермен шешу білімі мен дағдыларын, есепті шешу үшін қажетті ақпаратты бағалау және таңдау қабілетін, математикалық ойлау қабілетін, өз ойларын жеткізе білуді дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бір айнымалы функцияларын дифференциал есептеу

    Курс болашақ мұғалімдерде математикалық талдау туралы тұтас көзқарасты және математикалық ұғымдардың өзара байланысы мен олардың практикалық маңызы түсінігін қалыптастырады. Болашақ мұғалімдер математикалық тұжырым мен оны теріске шығаруды ауызша жеткізілуі мен символдық жазуы қабілеттерін дамытады. Болашақ мұғалімдер тақырыптар тізбегін зерттейді және математикалық тұжырымдарды дәлелдеу немесе есептерді шешу үшін қажетті білімді таңдау қабілеттерін дамытады. Олар сонымен қатар ақпаратты түрлендіру және бейнелеу дағдыларын дамытады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия

    Курс барысында болашақ мұғалімдерде математикалық пәндер арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптасады. Олар сондай-ақ нақты кәсіби мәселені шешу үшін сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның іргелі ұғымдары мен әдістерін оқу арқылы математикалық ойлауын дамытады, геометриялық объектілерді аналитикалық формаға аудару және оларды аналитикалық әдістерді пайдалана отырып, зерттеу, сонымен қатар кәсіби қызметте математикалық аппаратты қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Бір айнымалы функцияларын интеграл есептеу

    Курс болашақ мұғалімдердің математикалық пәндер, сондай-ақ математикалық ұғымдардың ғылымның басқа салаларындағы ұғымдармен байланысы аясында математикалық фактілердің өзара байланысын түсінуге басты назар аударады. Олар өздерінің математикалық білімдерді қолдану дағдыларын пәнаралық тапсырмаларды шешуде, математикалық объектілерді және белгілі мәліметтерді талдау, синтездеу және жалпылауда қолдануын дамытады және осылайша жаңа білімді меңгереді. Олар сондай-ақ өздерінің ұғымдардың белгілі бір сыртқы белгілеріне негізделген математикалық тұжырымдарды тұжырымдау және оларды қатаң негіздеу қабілеттерін дамытады. Болашақ мұғалімдер динамикалық алгебра жүйелерін және компьютерлік математика жүйелерін бір айнымалы функциялардың интегралдық есептеу есептерін шешу үшін қолдана білу қабілеттерін дамытады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Элементарлық математика (геометрия)

    Курс болашақ математика мұғалімдерін оқыту үшін пропедевтикалық болып табылады, мектептегі математика курсының геометриялық есептерін шешудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын теңестіруге бағытталған. Курсты оқыту математикалық есептерді шешу алгоритмдерін құрастыру, математикалық тұжырымдарды дәлелдеу дағдыларын дамытады; логикалық, кеңістіктік ойлауды дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект

    Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары

    Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көп айнымалы функцияларын дифференциал және интеграл есептеу

    Курс болашақ мұғалімдерде көп айнымалылардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін және қатарлар теориясын ретті және парасатты қолдану қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Олар математикалық тұжырымдарды көрнекі және логикалық түрде дәлелдеу идеяларын іздейді. Олар сонымен қатар өздерінің есептердің жекелеген түрлерінің математикалық талдауына тән шешімдердің жалпы жоспарын саралай білу және метапәндік мазмұнды дамыту қабілеттерін дамытады. Болашақ мұғалімдер өздерінің кеңістіктіктік ойлауын және үш өлшемді графиктерді кескіндеу қабілеттерін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Алгебра және сандар теориясы

    Білім алушы алгебраның негізгі түсініктері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы алгебраның рөлін анықтайды; математикалық мәдениеттің алгебралық құрамын ашады; математикалық модельдеудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларының базасы ретінде алгебраның теориялық негіздерін меңгереді; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары

    Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    «Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық

    Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тригонометрия негіздері

    Білім алушы математика курсында тригонометрия негіздері бойынша есептердің мазмұнын сипаттайды; тригонометриялық есептерді шешуде қарапайым және күрделі есептерді шешудің әртүрлі әдістерін, тәсілдерін қарастырады, қиындығы жоғары теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу дағдысы қалыптастады;

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Функционалдық сауаттылық және логика

    Бұл курста білім алушылардың функционалдық сауаттылығы және көшбасшылық қабілеті артады; мағыналарды ажырата алады; топтен жұмыс істеуге құзіретті болады; білім білік дағды деңгейлері көтеріледі; өз бойын еркін айтып, дәлелдеп жеткізуге төселеді; өмірдегі жағдайлар мен құбылыстарға деген көзқарастары өзгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері

    Білім алушы математика курсында параметрі бар есептердің мазмұнын сипаттайды; математикалық есептерді шешуде параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді, классикалық теңсіздіктерді, параметрі бар есептерді шешудің әртүрлі әдістерін, тәсілдерін қарастырады, қиындығы жоғары стандартты есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптастады;

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Оқыту әдістері мен технологиялары

    Мақсаты: педагогика және дидактика саласындағы құзыреттілікті арттыру. Студенттер оқытудың әдістемелік жүйесі туралы тұтас түсінікке ие, нақты педагогикалық мәселелерді шешудің стратегиялары мен технологияларын, жоспарлауды, басшылықты, оқытуды және бағалауды модельдей алады, белгілі бір мектептің шарттары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудың білімін, формаларын, әдістері мен технологияларын қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Бұл курста қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, бірінші және жоғары ретті теңдеулердің жекелеген түрлерін интеграциялау әдістерін қарастырады; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді және қарапайым теңдеулерді жеке туындылармен сапалы интегралдау әдістерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; жаратылыстанудың әр түрлі облыстарында кездесетін нақты дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерді шешудің тиімді әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқыту әдістемесі

    Білім алушы математика бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады; математиканы оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктерін ажыратады; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес математикадан сабақты жоспарлай алады; оқушының үйлесімді қолайлы білім беру алаңың құра отырып, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады; заманауи сандық білім беру технологияларын, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың құралдарын (критерий, дискриптор, рубрикатор) қолданады;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

    Курс болашақ мұғалімдерді кездейсоқ оқиғалардың заңдылықтарын анықтай отырып, шамалар мен үдерістердің теориялық және ықтималдық үлгілерінің құрылымы туралы түсініктерін дамытады; ықтималдық және статистикалық есептерді шешу барысында, статистикалық ақпаратты өңдеу және стандартты әдістер мен үлгілерді қолдану арқылы дағдыларын анықтайды; кездейсоқ құбылыстар мен үдерістерде бар қасиеттерді, сипаттамаларды және тәуелділіктерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалау және дамыту

    Мақсаты: оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсіну және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз ету және бағалауға қатысты түсініктер мен тәжірибелерді сыни тұрғыдан бағалау және талдау мүмкіндігі Студенттер, мүмкін: • бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістерін жақсы түсіну (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау) • оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдану

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беруде математиканы оқыту әдістемесі

    Білім алушы инклюзивті білім беру мәселесінің теориялық аспектілерін, педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасын туындайтын әдістерін, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушыларға арнайы білім беру мазмұнын сипаттайды; оқытудың әзірленген әдістері мен тәсілдерін қолдану кезіндегі жоспарланған нәтижелері қалыптасады; инклюзивті білім беру жағдайында математиканы оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін пайдаланады; инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін ұйымдастырады; қазіргі кездегі математиканы оқыту тұжырымдамасын, терминдерін, математикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математика тарихы және заманауи жетістіктері

    Білім алушы математика тарихындағы негізгі кезеңдерді, математиканың дамуының қозғаушы күштерін және оның әлеуметтік функцияларын сипаттайды; математикалық идеялардың пайда болуы мен дамуын, көрнекті математиктер мен олардың теорияларының қоғам өміріндегі оның дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі маңызы мен рөлін қарастырады; математикалық білімді насихаттау мақсатында орта мектептегі математика сабақтарында тарихи материалды пайдаланады; оқушылардың сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда математикаға деген қызығушылығын сақтау үшін тарихи мазмұнды тапсырмалар дайындайды;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық зерттеулер және инновация

    Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физика

    Білім алушы жалпы физика курсының іргелі заңдарын меңгереді, физикалық идеяларды сипаттайды, мектеп физика курсының негізгі бөлімдерін қарастырады, есептерді талдап шығарады, заңдылықтарды қолдана алады. Физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді, алынған нәтижелерді өңдеп саралайды, оқу әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар

    Бұл курста кейс, WEB, коммуникациялық, ақпараттық, интерактивтік әдіс, мультимедия, телекоммуникация немесе электронды оқыту және жасанды интелект оқыту технологияларын қарастырады; оқу процесіне және сабақ түріне байланысты жан-жақты оқыту технологиялары бойынша сипаттайды; оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологияларды меңгереді; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда сандық ресурстарды пайдаланады; сандық ресурстарды және жасанды интелектті технологияларды қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық есептерді шешу практикумы

    Бұл курста білім алушылар мектеп курсының алгебралық және геометриялық негізгі бөлімдерін қарастырады; математикалық есептерді шешуде теңдеулер мен теңсіздіктерді, параметрлік, мәтіндік және қозғалысқа берілген есептерді шешудің әртүрлі әдістерін меңгереді; студенттердің логикалық ойлауын дамытып, математикалық белгілерді дәлелдеуде және әртүрлі геометриялық есептерді шығаруда қолдана білуін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Математикалық физика теңдеулері

    Білім алушы әртүрлі табиғи процестердің математикалық модельдерін құру әдістерін сипаттайды: интегралды теңдеулерді шешудің тиімді әдістерін қарастырады; жеке туынды теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін зерттейді, алынған шешімдердің физикалық мәнін анықтайды; математикалық физиканың негізгі есептерін шешу үшін математикалық аппаратты қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қатарлар теориясы

    Пән қатарлар теориясы және оның қолданысын оқытуға арналған. Пәнді оқыту үрдісінде білім алушылар сан қатары және оларды жинақтылыққа зерттеу белгілері, функциялық және дәрежелік қатарлар, олардың жинақтылық облысын анықтау, қатарлардың шек есептеудегі, кейбір интегралдардың мәнін есептеуде, жуықтап есептеулердегі қолданысы тақырыптарын меңгереді. Жұп және тақ функцияларды Фурье қатарына жіктей білу дағдылары қалыптасады. Қатарлар теориясында математикалық тұжырымдарды дәлелдеу және әдістемелік қағидалар мен курстың математикалық аппаратын пайдалана отырып, қолданбалы есептерді шешу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Комплексті анализ

    Пән кешенді айнымалы функцияларды, олардың туындысын, интегралын және қатарына жіктелуін зерттеуге арналған. Пәнді оқыту үрдісінде білім алушылар күрделі айнымалы функциялар, қарапайым аналитикалық функциялар, күрделі айнымалы функцияларды біріктіру, аналитикалық функциялар, Лоран Қатары, шегерімдер тақырыптарын меңгереді. Пәнді оқу барысында білім алушылар теориялық біліммен қатар, оны нақты есептерде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Бұл пән математиканың жоғары деңгейдегі тарауын игеруге және оны қолданбалы салаларда қолдануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық логика және дискретті математика

    Білім алушы математикалық логика, графтар теориясы, айтылымдар алгебрасы, кодтау теориясының негізгі мәселелерін және математикалық логика аппаратын қолдану әдіснамасын сипаттайды; жиындар теориясының, предикаттар алгебрасының, комбинаторика, Ньютон биномы, графтар теориясының есептерін шешудегі оңтайлы әдістемелерін таңдайды; буль функцияларын құруда, ақпаратты кодтауда теориялық және тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу әдістерін қарастырады; болашақ кәсіби қызметте математикалық логикасы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Геометрия негіздері

    Білім алушы Евклидтік геометрияның негіздемесін, кеңістік, логикалық, алгоритмдік ойлауды біледі; аксиомалар жүйесімен математикалық құрылымдарды талдауды, математиканың базалық идеялары мен әдістерін сипаттайды; геометрия негіздерінің негізгі зерттеу әдістерінде мәселелерді шешеді, коммуникативтік дағдысы қалыптасады, құбылыстар мен процестерді моделдеу құралы ретінде практикалық есептерді шешу үшін математикалық модельдерін құрастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Есептерді шешудің әдістемелік негіздері

    Білім алушы математика курсындағы есептерді шешудің әдістемесін анықтайды; математикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды қолданады; математикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; тәжірибелік мәселелерді шешудің әдістерін зерттейді; дәлелдеуге, есептеуге, салуға, математикалық сауаттылыққа берілген есептерді талдау, шығару әдіс-тәсілдерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикадан олимпиадалық есептерді шешу

    Білім алушы әртүрлі деңгейдегі математикалық есептердің түрлерін, есеп шығарудың алгоритмін анықтайды; олимпиадалық және күрделілігі жоғары есептерді қарастырады; стандартты емес есептерді шешуде логикалық ойлау және алгоритмдік мәдениеті қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • STEM-білім

    Білім алушы STEM технологиясын тәжірибеде қолданады; робот техникасын модельдеу барысында деталдарды құрастырады; зертханалық жұмыстарда шығармашылық идеяларын насихаттау арқылы жүзеге асырады; ғылыми зерттеулерде: жоба әдісін, 3D – жобалау әдісін, жел энергетикасын анықтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Функционалдық талдау

    Білім алушы кеңістіктер теориясы жалпы ұғымын түсінеді. Метрикалық, топологиялық, сызықтық, Евклидтік кеңістіктерді сипаттайды. Метрикалық кеңістіктегі үзіліссіздік, жинақтылық қарастырылады. Кеңістіктің түрлеріне тұжырымда жасайды. Банахов пен Гильберт кеңістігін қарастырады. Функционалдыұ талдаудың математиканың басқа саласымен байланысын, қазіргі кезде математикамен қатар кванттық физикада да кеңінен қолданылуын зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Робототехника негіздері

    Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехниканың даму тарихы мен қазіргі уақыттағы қолданылу салаларын оқып үйренеді. Сонымен қатар LEGO EV3 Mindstorms NXT, ALPHA1 PRO платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, Alpha1 Pro бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды. Графикалық бағдарламалау өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін зертханалық сабақтарда сипаттап есептеулер жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытудағы сандық білім беру ресурстары

    Білім алушы геометрияны оқытуда Geometers Scetchpad мүмкіндіктерін, стереометриялық есептерді шешу құралы ретінде қолданады; математика сабақтарында GeoGebra, живая геометрия, живая математика ортасында компьютерлік анимация жасайды; мектептегі геометрия сабақтарында GeoGebra, живая геометрия, живая математика бағдарламасын пайдаланады; тақырыпты оқыту барысында GeoGebra, живая математика интерактивті геометриялық ортасын пайдаланып стандартты емес теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешудің әдістемелік ерекшеліктерін анықтайды; қарапайым стереометриялық есептерді шешуде сызбалар құрады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қиындығы жоғары есептерді шешудің тиімді жолдары

    Білім алушы қиындығы жоғары есептерді шешудің ерекшеліктерін, есептерді шешудің мазмұнын анықтайды; қиындығы жоғары және стандартты емес есептерді түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді, тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім мен дағдыларды бағалау практикумы

    Білім алушылар бұл пәнді оқу барысында білім мен дағдыларды бағалау әдістерін меңгереді; тест тапсыру арқылы педагог мәртебесін алуға дайындалады; оқушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз етуге қажетті дағдыларды қалыптастырады; кәсіби маман ретінде оқу процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сандық әдістер

    Білім алушы математикалық моделдерге сәйкес шешілетін есептердің сандық шешімін алу жолдарының негізгі әдістерін анықтайды; қазіргі заманғы бағдарламалық кешендер мен жүйелерді модельдеуде сандық әдістерді қалыптастырады; сандық шешімін табуда ақпараттық технологияны пайдаланады; нақты процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін сандық түрде жүзеге асыру болатын қарапайым есептерді шешудің негізгі әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық геометрия және топология

    Бұл курста классикалық дифференциалдық геометрияның әдістерін және көрнекті бейнелерді, қазіргі дифференциалдық геометрияның негізгі ұғымдарын қарастырады; Евклид кеңістігіндегі қисықтар мен беттер теориясын, топологияның негізгі түсініктерін, көпбейнелердегі тензорлық талдауды мен риман геометриясының элементтерін сырты дифференциалдық формалар теориясының негіздерін сипаттайды;

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Математикалық ұғымдар мен фактілердің өзара байланысын, математикалық тұжырымдарды дәлелдеуді, оларды басқа ғылым салаларымен ұштастыруды, айнымалы шамаларға қатысты дифференциалдық және интегралдық есептеулер жүргізуді, дифференциалдық теңдеулерді шешу тәсілдерін, қатарлар теориясын және оның қолданылуын есеп шығару барысында тиімді пайдаланады.
  • Геометрияның негізгі теоремаларын, кеңістіктегі құбылыстар мен процестердің моделдерін, қисықтар мен беттер теориясын дәлелдейді;
  • Элементар математиканың стандартты және стандартты емес, логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;
  • Жалпы физика заңдарын қорытуды, физикалық идеялардың дұрыстығын, математикалық және физикалық тұрақтыларды зертханада, интегралдау арқылы физикалық есептердің шешу жолдарын дәлелдейді;
  • Математиканы оқыту әдістерін, есептерді шешудің жолдарын, сандық білім беру ресурстарын, инклюзивті білім беру жүйесін, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;
  • Алгебраның негізгі ұғымдары мен әдістерін, пәндер арасындағы байланысты, математикалық модельдеу арқылы абстрактілі ойлау қабілетін кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады.
  • Психологиялық теориялар мен тұлға ерекшеліктерін, педагогикалық қызметте ғылыми әдістердің қолдануын, педагогикалық зерттеулер әдістерімен заманауи инновациялық тәсілдерін, зерттеу барысында этикалық принциптерін, білім беру процесін жетілдіруге қажетті дағдыларды игереді;
  • Экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениеті және тұрақты даму дағдыларын, кәсіпкерлік саласындағы білімді және қаржыны тиімді басқару қабілетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аспектілерін, құқықтық құндылықтарды қалыптастырады;
  • Оқушылардың психолиялық дамуын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық идеялардың пайда болуы мен тарихи кезеңдерін, академиялық жазылым мен ғылыми зерттеу-жұмыстарын жүзеге асырады;
  • Математикадан алған білімдерін болашақ кәсіби қызметте қолдану үшін жүйелеу және жалпылау, зерттеу, эксперимент жүргізу және олардың нәтижелерін алу үшін оқу процестерін модельдеу; жасанды интеллектіні пайдалана отырып, оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологияларды қолданады.

Ұқсас БББ

6B01501 Математика мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01501 Математика

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01501 Математика

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01501 Математика

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01501 Математика (IP)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B01501 Математика

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01501 Математика

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01501 Математика

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01501 Математика пәнінің мұғалімі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01501 Математика

Шымкент университеті

6B01501 Математика

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01501 Математика (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01501 Математика

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Top