Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы

    Курстың мақсаты оқушылардың ағзасының өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары; орталық жүйке жүйесі мен жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің физиологиясы; висцеральдық жүйелердің жас ерекшеліктері; негізгі тіршілік функцияларды реттеу принциптерінің тұрақтылығы; мектеп оқушылары ортасының гигиеналық бағалау әдістері; күнделікті жұмыстың және оқу үдерісі ұйымдастырылуының гигиеналық негіздері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сызықтық алгебра

    Пән алгебралық комплекс сандар өрісі, матрицалар, анықтауыштар, сызықтық теңдеулер жүйесі және бір айнымалылы көпмүшеліктер сақинасы, сызықтық кеңістіктер; алгебралық жүйелер негізгі ұғымдарының теориясын қамтиды. Студенттер алгебраның негізгі есептерін шешіп, оларды жан-жақты талдауға, нәтежелерін өзіндік бағалау мен өзіндік бақылауға, дұрыс та әділ қортынды жасай алуға, математиканың практикалық есептерін шығаруда алгебралық аппараттарды қолдана білуге үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Алгебра және сандар теориясы

    Курстың мақсаты-сызықтық алгебра мен қазіргі сандар теориясының негізгі түсініктері мен әдістерін игеру, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйелерінің көмегімен қолданбалы есептерді шешу дағдыларын игеру, сонымен қатар матрицалық және векторлық талдау, нақты әлем процестерінің теориялық және сандық заңдылықтарын зерттеу әдістерін игеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Аналитикалық геометрия

    Пәнді игерудің мақсаты векторлық алгебра мен координаттар әдісінің негізгі ұғымдарын зерттеу, жазықтықтағы және үш өлшемді кеңістіктегі қарапайым геометриялық объектілер мен фигураларды зерттеу, жазықтықтағы және кеңістіктегі координаттар әдісіне негізделген алгебра құралдарымен геометриялық есептерді шешу дағдыларын игеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геометрия

    Пәнді игерудің мақсаты векторлық алгебра мен координаттар әдісінің негізгі ұғымдарын зерттеу, жазықтықтағы және үш өлшемді кеңістіктегі қарапайым геометриялық объектілер мен фигураларды зерттеу, жазықтықтағы және кеңістіктегі координаттар әдісіне негізделген алгебра құралдарымен геометриялық есептерді шешу дағдыларын игеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері

    Пән білім алушыларда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Курс шеңберінде білім алушылар қоршаған ортаны қорғауға және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін меңгереді. Пән қоршаған ортаны қорғаудың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, оны өмірдің әртүрлі салаларында қолдануға болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық және кәсіпкерлік негіздері

    Мемлекет және құқық, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік саласындағы әртүрлі көріністері, кәсіпкерлік қызметті бәсекелестік жағдайында ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалау, инвестициялар тарту, инновациялар, стратегиялық ойлау туралы мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні студенттердің жеке қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық басқару дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс аясында студенттер әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгереді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру, жеке қаржыларын үнемдеу және ұлғайту, бюджетті жоспарлау қабілетін дамытады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты талдауға және қаржылық өнімдерді бағалауға ерекше назар аударылады. Пән заманауи қаржылық технологияларды бағалау және тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды және қаржылық алаяқтықты тану қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Элементарлық математика

    Курс мектеп математикасының теориялық негіздерін және есептерін шешудің негізгі әдістерін білу және түсіну мақсатында оқытылады. Мазмұны: Математиканы оқытудағы есеп шығарудың орны мен ролі. Мектеп математикасы курсындағы мазмұнды есептер. Мектеп курсындағы есептерді шығару үрдісінің құрылымы. Есептерді шығарудан алдын ала жүргізілетін жұмыстар. Есептерді шығару жоспарын құру әдістері. Есептің семантикалық талдауы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискреттік математика

    Кустың мақсаты - студенттерді жиын, комбинаторлы-геометриялық конфигурация, графтар, буль функциялары сияқты дискретті құрылымдардың маңызды класстарымен таныстыру; абстрактілі ойлау мен логикалық пайымдау мәдениетін тәрбиелеу; әртүрлі қолданбалы есептерді шешу мен алгоритмін алгоритмдерді әзірлеу шешу үшін дискретті математика әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    «Педагогика» курсы қазіргі ғылымның жетістіктерін және әлемдік білім беру үрдістерін зерттеуге бағытталған. Студенттер педагог-көшбасшы болу үшін қажетті білім мен дағдыларды игереді, инклюзивті білім беру ортасында зерттеу, цифрлық, басқару және жобаға бағытталған құзыреттерді дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект

    «Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект» пәні білім алушылардың жасанды интеллектінің заманауи әдістері мен құралдарын, сондай-ақ оларды кәсіби практикада және цифрлық трансформацияда қолдану бойынша кешенді түсінігін қалыптастыруды мақсат етеді. Пән аясында келесі бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді: оқыту процесін жекелендіру үшін ИИ шешімдерін қолдану; рутиндік тапсырмаларды автоматтандыру; деректерді талдау; интеллектуалды білім беру ресурстарын құру. Пән цифрлық білім беру кеңістігінде ИИ технологияларын жобалау, бағалау және этикалық тұрғыдан қолдануға қажетті дағдыларды дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тригонометриялық есептерді шешу әдістері

    «Тригонометриялық есептерді шығару әдістері» пәні студенттерде математиканың концептуалды ғылыми негіздері және жалпы білім мен құндылықтар жүйесіндегі орны туралы, элементар математика бойынша кеңейтілген және терең білімдерін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс мектептегі тригонометрия курсының есептерін шешудің әдістемелік негіздерін оқытуға арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дискреттік математика

    Кустың мақсаты - студенттерді жиын, комбинаторлы-геометриялық конфигурация, графтар, буль функциялары сияқты дискретті құрылымдардың маңызды класстарымен таныстыру; абстрактілі ойлау мен логикалық пайымдау мәдениетін тәрбиелеу; әртүрлі қолданбалы есептерді шешу мен алгоритмін алгоритмдерді әзірлеу шешу үшін дискретті математика әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Элементарлық математиканың қосымша тараулары

    «Элементар математиканың қосымша тараулары» пәні студенттерде математиканың концептуалды ғылыми негіздері және жалпы білім мен құндылықтар жүйесіндегі орны туралы, элементар математика бойынша кеңейтілген және терең білімдерін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс мектептегі геометрия және тригонометрия курсындағы есептерді шығарудың әдістемелік негіздерін оқытуға арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бір айнымалы функцияның дифференциалды есептеуі

    Бұл пәннің негізгі мақсаты математикалық білімнің басқа салаларында әрі қарай пайдалану үшін бір және бірнеше нақты айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеу теориясының негізгі ұғымдары мен әдістерін меңгеру, сонымен қатар туындыны пайдаланып функцияны зерттеу болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық модельдеу

    Қазіргі математикалық ойлауды, оның ішінде шектер теориясы мен нақты айнымалылар функцияларының дифференциалды есептеулері сияқты математикалық құралдарды пайдалана отырып, әртүрлі құбылыстарды модельдеу қабілетін қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық есептерді шешу практикумы (алгебра, алгебра және анализ бастамалары)

    Аталған курста білім алушылар келесі мәселелерді қарастырады: теориялық материалды жүйелеу және жалпылау, оқушылардың білімін қолданбалы материалдармен толықтыру, аналитикалық есептерді шешуді кезінде жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастыру, оқушылардың стандартты және стандартты емес математикалық есептерді шешудің әдістері туралы түсініктерін кеңейту жәнет ереңдету, математиканы оқуға деген қызығушылық пен оң мотивацияны дамыту, оқушыларға есептерд іөз бетінше шешу арқылы өз қабілеттерін талдауға және ашуға мүмкіндік беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Курс заманауи білімдегі тенденциялардың бірі ретінде инклюзивті білім беру туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әлемдік тәжірибе негізінде инклюзивті жағдайларды ұйымдастырудың әдістемелік мәселелері; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны; инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтердің құзыреттілік талаптары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеуі

    Бұл пәннің негізгі мақсаты математикалық білімнің басқа салаларында әрі қарай пайдалану үшін бір және бірнеше нақты айнымалы функциялардың интегралдық есептеу теориясының негізгі ұғымдары мен әдістерін меңгеру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Этнопедагогика

    «Этнопедагогика» курсы студенттердің этнопедагогикалық білім беру саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оларды «Адал азамат», «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» талаптарына сәйкес білім алушылардың рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын дамытуға бағытталған этникалық тәрбиелеудің әдістері мен технологияларын қолдануға үйрету мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Математикалық талдау

    Бұл пәннің мақсаты – математикалық білімнің басқа салаларында және жаратылыстану мазмұнының пәндерінде пайдалану үшін талдаудың математикалық аппаратының негіздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының жүйесін қалыптастыру; шектер теориясының негізгі ұғымдарымен және әдістерімен, нақты айнымалылар функцияларының дифференциалдық және интегралдық есептеулерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Кәсіби қазақ тілі

    Білім алушының кәсіби коммуникация мәдениетін қалыптастыру, салалық терминдерді бірізді қолдану, кәсіби салаға қатысты құжаттарды стандарттар мен нормаларға сәйкес жазу дағдыларын машықтандыру, қазақ тілінде сөйлеу, жазу, баяндауды мамандықтарына қатысты жетілдіріп, лексикасын байыту, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту және дамыту мақсатында окытылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Математикалық есептерді шешу практикумы (геометрия)

    Аталған курста білім алушылар келесі мәселелерді қарастырады: кері тригонометриялық функциялар, тригонометриялық функциялар мен аркфункциялардың арасындағы қатынастар, геометрияның планиметрия және стереометрия курсындағы есептер, сонымен қатар мектеп бағдарламасындағы тереңдетіп оқытылатын тақырыптар, негізгі ұғымдары, салу есептері, теоремалар мен аксиомалар және олардың қолданылуы, дәлелдеуге берілген есептер, күрделігі жоғарлатылған есептерді жүйелеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Курс тәрбие жұмысын жоспарлауға, тәрбие үдерісінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын ескере отырып ұйымдастыруға қойылатын талаптарды зерттеуге бағытталған. Бұл курста тәрбие технологиялары, бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық-шығармашылық қызметінің технологиялары, тәрбие істерін ұйымдастыру технологиялары және т.б.; ұсынылатын тәрбие әдістері мен әдістерінің тиімділігі мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ықтималдылықтар теориясы және математикалық статистика

    Курстың мақсаты Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен әдістерін игеру, білім алушыларда жаппай біртекті кездейсоқ құбылыстардың ықтималдық заңдылықтары туралы, сондай-ақ статистикалық заңдылықтарды анықтау мақсатында бақылау нәтижелерін жинау, жүйелеу және өңдеу әдістері туралы ғылыми түсінік қалыптастыру; теориялық-ықтималдық және статистикалық тәсіл шеңберінде практикалық есептерді шешу дағдыларын дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ойын әдістері мен модельдері

    Пән қақтығыс жағдайында шешім қабылдаудың математикалық модельдерін зерттейді, қақтығысқа қатысушылардың ақылға қонымды мінез-құлқы бойынша ұсыныстарды әзірлейді (ойыншылардың мінез-құлқының оңтайлы стратегияларын анықтау). Пән ойын түрлерінің жіктелуін, «табиғаты бар» ойындарды, биматрицалық ойын, нөлдік қосындылы ойын, параллельді, тізбекті ойындарды, белгісіздік жағдайында шешім қабылдау мәселелерін, тәуекел жағдайында шешім қабылдау мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқыту әдістемесі

    "Математиканы оқыту әдістемесі" пәні білім алушыларда математиканы оқытудың міндеттері, мазмұны мен әдістері, тиімділігі мен сапасын арттыру тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру, математикалық білім беру, математиканы оқыту және әртүрлі жас топтарын оқытудың мақсаттарына сәйкес оны дамытудың белгілі бір деңгейінде математикалық тәрбиелеу мәселелерін зерттеу мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Математикалық модельдеу әдістері (сызықтық)

    Сызықты емес мақсаттағы функциялары бар оңтайлы есептерді шешу үшін бейсызық әдістер қолданылады. Пән есептерді шешудің графикалық әдісін, нүктелердің стационарлық шарттарын, ойын теориясын, Лагранж көбейткіш әдісін, Франк-Вольф әдістерін, бүтін шешуді, есептерді шешудің ең қысқа жолын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикадан сыныптан тыс жұмыс

    «Математикадан сыныптан тыс жұмыс» жалпы білім беретін мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру принциптерін зерттейді. Сыныптан тыс жұмыстың формалары, әдістері және түрлері қарастырылады. Курс сыныптан тыс жұмыстардың пәндерін оқуға арналған. Курстарда студенттер сыныптан тыс жұмыстардың құрылымын, олимпиадаларды өткізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикадан факультативтік сабақтар

    «Математикадан сыныптан тыс жұмыс» пәні математикадан сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың танымдық әрекетін зерттейді. Курс оқушылардың сабақтан тыс жұмыста дербестігі мен белсенділігін дамытуға арналған. Олар математикадан үйірме жұмысын жоспарлау әдістемесін және мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың оқу бағдарламасын жасаудың жалпы ережелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аналитикалық функциялар теориясы

    Пәннің мақсаты – аналитикалық функциялар теориясының негізгі курсын: комплекс сандарды, функциялар теориясын, функцияларды интегралдауды және дифференциалдауды, эллиптикалық функциялар теориясының қысқаша мазмұнын және аналитикалық функциялар теориясының қосымша тарауларын оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі

    Курстың мақсаты - студенттердің ағылшын тіліндегі жалпы және ғылыми-техникалық мазмұндағы мәтіндердің мазмұнын түсіну дағдыларын қалыптастыру. Пән ең маңызды ұғымдарды, категорияларды, терминдерді қамтиды, мысалы, жиындар теориясы, математика, геометрия, математикалық логика, информатика және бағдарламалау негіздері компьютерде кәсіби және тілдік оқыту үшін қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық модельдеу әдістері (сызықтық емес)

    Сызықты емес мақсаттағы функциялары бар оңтайлы есептерді шешу үшін бейсызық әдістер қолданылады. Пән есептерді шешудің графикалық әдісін, нүктелердің стационарлық шарттарын, ойын теориясын, Лагранж көбейткіш әдісін, Франк-Вольф әдістерін, бүтін шешуді, есептерді шешудің ең қысқа жолын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Комплекстік талдау

    Бұл пән физикада, техникада және математикада кең ауқымды қолданбалы комплексті жазықтықта функцияларды, интегралдар мен дифференциалдық теңдеулерді зерттеудің қуатты құралдарын үйрену мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Пәнін меңгерудің міндеттері: дифференциалдық теңдеулер теориясының әдістері, оның математика ғылымдары жүйесіндегі орны мен рөлі туралы жүйелі білім қалыптастыру; абстрактілі ойлауды, кеңістікті бейнелеуді, есептеу, алгоритмдік және жалпы математикалық мәдениетті дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Вариациялық есептеу

    Пәнді игерудің мақсаттары: шекті және шексіз өлшемді кеңістіктердегі экстремалды мәселелердің негізгі кластарын зерттеу, осы есептердегі оңтайлылықтың қажетті және жеткілікті шарттарын зерттеу, Лагранж принципін және сол немесе экстремалды мәселелерге дейін азайтылған әртүрлі қолданбалы есептерді шешуде сандық әдістерді қолдана білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Операцияларды зерттеу

    Курс есептерді математикалық модельдеудің принциптері мен әдістері туралы білімді қалыптастыруға, әртүрлі шектеулері бар сызықтық программалау есептерін модельдеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға, дистрибутивтік есептердің математикалық моделін жасауға, дискретті программалау есептеріне, операцияларды зерттеу есептерін шешуге, қолданбалы есептерді шешу үшін сандық әдістер мен алгоритмдерді қолдану дағдыларына бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Күрделілігі жоғары есептерді шешу практикумы

    Аталған курста білім алушылар келесі мәселелерді қарастырады: графтар арқылы мәтіндік есептерді шешу әдістері; Эйлер шеңберінің көмегімен мәтіндік есептерді шешу; күрделі есептерді шешу әдістері; диаграммаларға есептер, ребустар; планиметрия, стереометрия; күрделілігі жоғары планиметрия және стереометрия есептерін шешу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Логикалық есептерді шешу әдістемесі

    Курс логикалық есептерді шешудің әртүрлі әдістерін білу және түсіну және жауап алудың ең жылдам және қарапайым әдісін таңдау үшін әр жағдайда қай әдіс жақсы болатынын анықтау мүмкіндігін қолдана білу мақсатында оқытылады. Курстың мазмұны: қоспалар мен ерітінділерге арналған есептер; мәтіндік есептердің типтері; натурал сандар арасындағы арақатынасқа арналған есептер, теңдеулер құрастыру, жұмысқа және өнімділікке, қозғалысқа арналған есептер; диаграмма түрінде сандық деректерді көрнекі ұсыну; комбинаторлық есептер; геометриялық есептердің құрастырылуы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стандартты емес есептерді шешу практикумы

    Аталған курста білім алушылар келесі мәселелерді қарастырады: модуль түсінігі; модуль таңбасы бар теңдеулер, теңсіздіктер; параметрлі теңдеулер және теңсіздіктер; жоғары дәрежелі теңдеулер; стандартты емес мәтінді есептерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар

    Пән заманауи педагогикалық зерттеулер әдістерін, технологияларын оқытады. Курс білім беру стратегияларын енгізуді, инновациялық практикаларды қамтиды. Сыни ойлау мен білім беру өзгерістерінің тиімділігін бағалауға назар аударылады. Студенттер білім беру саласындағы өзекті тенденциялар, цифрлық технологиялар, зерттеулер, олардың оқу процесіне әсері туралы біледі. Курс жобалық қызмет дағдыларын дамытуға, инновациялық шешімдерді қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы физика

    Қолданбалы физика курсы іргелі ұғымдар мен негізгі заңдар туралы нақты түсініктерді, тиісті физика-математикалық аппаратты, талдау және модельдеу әдістерін, есептерді шешуде теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана білу; эксперимент жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады және келесі тақырыптарды қамтиды: механика, молекулалық физика және термодинамика, электростатика, электродинамика және магнетизм, геометриялық және кванттық оптика.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математикалық сауаттылық негіздері

    "Математикалық сауаттылық негіздері" пәні математикалық сауаттылықтың компоненттері, оның қалыптасуын бағалау тәсілдері, диагностикалық тапсырмалардың түрлері және оларды бағалау критерийлері, математикалық ұғымдарды қолдану, жүзеге асыру қабілеті, қоршаған ортадағы құбылыстарды сипаттау, түсіндіру үшін фактілер туралы идеяларды қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Функционалдық талдау

    Бұл пән функциялар анықталатын математикалық кеңістіктерді және осы кеңістіктердің қасиеттерін зерттеу мақсатында оқытылады. Ол интегралдық теңдеулер, гармоникалық талдау және математикалық физика сияқты математиканың басқа салаларындағы қолданбаларда маңызды рөл атқарады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математика тарихы мен методологиясы

    «Математика тарихы мен методологиясы» пәні Ежелгі Египет, Вавилон, Орталық Азия, Қытай, Еуропа математикасы туралы негізгі түсініктер, басты ұғымдар туралы мәліметтерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мектептегі математика курсында тарихи материалдарды қолдану әдіснамасын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық есептерді шешуге арналған программалық құралдар

    Пән - математиканы қолданбалы бағытта оқытуға арналған. Әр түрлі математикалық есептерді шығаруда компьютерлік технологияларды қолдана отырып, заманауи бағдарламалық жасақтаманы игеру мақсатында оқытылады. Курста ақпараттық технологияларды қолдана отырып, білім алушылар математикалық есептерді шешуде танымдық, шығармашылық белсенділікті арттыру, сондай-ақ компьютерде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында Mathcad, Mathlab, MS Excel, GeoGebra бағдарламаларымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Физика

    Физика курсы іргелі ұғымдар мен негізгі заңдар туралы нақты түсініктерді; есептерді шешуде оларды қолдану дағдыларын; эксперимент жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады және келесі тақырыптарды қамтиды: механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математика тарихы

    «Математика тарихы» пәні ежелгі өркениеттерден бүгінгі күнге дейінгі математика ғылымының дамуын зерттейді. Негізгі жаңалықтар, математиктердің өмірбаяндары, мәдениеттер мен ғылыми революциялардың әсері қарастырылады. Курс идеялардың эволюциясын, қазіргі математикамен байланысын және математикалық жетістіктердің ғылыми прогрестегі маңыздылығын түсінуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі көшбасшылық

    «Білім берудегі көшбасшылық» пәні білім берудегі көшбасшылық теориясы мен практикасының жалпы идеясын қалыптастыру мақсатында зерттелінеді. Білім беру жүйесіндегі болашақ кәсіби қызметке дайындық. Студенттер көшбасшылық және топқұрастыруда кешенді білім, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті топтық жұмыстың негізгі дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытуда программалық-әдістемемен қамтамасыз ету

    Пән - математикалық ұғымдарды оқытуға арналған Microsoft Office бағдарламалары, мамандандырылған компьютерлік бағдарламалар, мультимедиялық технологиялар, оларды математика бойынша бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу үшін қолдану бағытына арналған. Курста бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау (графиканы, бейне және т.б.өңдеу) сұрақтары қарастырылады. Студенттердің қолданыстағы бағдарламалық пакеттер туралы түсінігін қалыптастырады және олардың біреуімен толығырақ танысу және жүзеге асыру қабілеттерін дамытады; негізгі ұғымдарды, бейнелермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Адам және қоғам ретінде біртұтас жүйе туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адам мен табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы түсінікке ие.Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Физиканың негізгі заңдары туралы түсінік бар; эксперимент өткізу жоспарын ұсынады; физикалық және ықтимал құбылыстар мен процестердің теориялық және эксперименттік нәтижелерін талдайды және болжайды. Зерттелетін салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолданады
  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы құрылымының негізгі ерекшеліктерін меңгереді, басқару және көшбасшылық қабілетке ие: сыни тұрғыдан ойланады, өмірде кездесетін кез келген жағдайға шығармашылық тұрғыдан қарайды және шешім қабылдауға дайын, инклюзивті, жалпы білім беретін мектепте, үйде оқыту моделін пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастырады.Оқу процесінде, оның ішінде цифрлық ортада оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарын сақтайды.
  • Ғылыми және кәсіби қызметте қазақ, орыс және шет тілдерінде академиялық жазуда ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын қолданады
  • Қолданбалы есептерді шешу үшін оңтайлы алгоритмді таңдайды, қазіргі заманғы бағдарламалау технологияларын қолданады; білім берудегі инновациялық технологиялар және информатиканы оқыту әдістері туралы түсінігі бар.
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде теориялық білімдерін көрсетеді, практикалық міндеттерді шешеді және оларды бағалайды. Білім берудің өзекті міндеттерін шешуде және мәселелерді әзірлеуде зерттеудің әдіснамалық негіздері мен теориялық, эмпирикалық әдістерін қолдану негізінде білім беру ортасына ғылыми зерттеулер жүргізе алады. Білім беруде информатика мен IT-технологиялардың дамуының қазіргі заманғы тенденцияларын ескереді, өзінің кәсіби және ғылыми қызметінде компьютерлік технологияларды, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті қолданады.
  • Жоғары математика курсының терминдерін, негізгі ұғымдарын шығарады; сөздік материалды математикалық өрнектерге түрлендіреді; есептерді шешудің формулалары мен әдістерін қолданады. Есептің математикалық моделін құрастырады, жоғары математика курсынан практикалық-бағытталған есептерді шешу нәтижелерін бағалайды, оқытылатын салада білімі мен түсінігін көрсетеді.
  • Математикалық жағдайдың ішкі (ойша) моделін құрастырады(кеңістіктегі бейнесін қоса алғанда), есептерде ішкі есептерін бөліп шығарады, мектеп математикасы курсынан есептерді шешудің мүмкін нұсқаларын сұрыптайды, сөздік материалды, схемаларды, графиктерді, диаграммаларды түсіндіреді. Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын көрсетеді.
  • Берілген математикалық үлгіні талдайды, қолда бар деректерден туындайтын ықтимал нәтижені болжайды; стандартты емес және логикалық есептерді, күрделілігі жоғары есептерді шешу кезінде шығармашылық қабілеттерін іске асырады. Оқытылатын саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады.
  • Ұлттық білім беру жүйесінің өзекті мәселелеріне сәйкес, мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнымен оқу үдерісін құрастырады, Блум таксономиясын қолданады.Кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолданады, аргументтерді тұжырымдайды және зерттелетін саланың проблемаларын шешеді.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сәйкес оқыту және бағалау әдістерін таңдайды. Оқыту және білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу үдерісінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын, оның ішінде цифрлық технологиялар мен мазмұнды қолданады. Оқушылардың барлық пәндер бойынша білім, білік, дағдыларын дамытады.
  • CLil технологиясын қолданады, математиканы оқытудың заманауи әдістерін қолданады; білімді критериалды бағалау жүйесін, математикалық есептерді шешу үшін бағдарламалық құралдарды іске асырады.
  • Студент тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оқушы бойында ұстазға деген құрмет сезімін қалыптастырады. Қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының басқа да мәдениеттері мен тілдерінің байлығын оқыту мен тәрбиелеу процесіне кіріктіреді. Жеке даму траекториясын құру арқылы оқушылардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен тәрбиелік тетіктеріне сәйкес тәрбие жұмысын жобалайды және жүзеге асырады, математикадан тарихи материалды пайдалана отырып оқу-тәрбие үрдісін және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді, математиканың тарихы мен әдістемесі бойынша білімдерін көрсетеді.

Ұқсас БББ

6B01501 Математика мұғалімін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01501 Математика

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)

6B01501 Математика

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B01501 Математика

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B01501 Математика (IP)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B01501 Математика

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01501 Математика

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B01501 Математика

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01501 Математика пәнінің мұғалімі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B01501 Математика

Шымкент университеті

6B01501 Математика

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B01501 Математика (IP)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01501 Математика

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6B01501 Математика

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

Top