7M01601 Тарих в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М01601 – «Тарих» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізі мақсаты – қазіргі дамушы әлемде кәсіби ұтқырлыққа кепілдік беретін іргелі білімге, жоғары кәсіби, бәсекеге қабілетті, зерттеушілік, тұлғалық-кәсіби, ұйымдастырушылық-басқару құзыреттіліктеріне ие кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M016 Тарих педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
XIX-XX ғғ. Орталық Азиядағы этнодемографиялық үрдістер
XIX-XX ғғ. Орталық Азияның полиэтникалық және мультимәдени сипатының қалыптасуын, патшалық Ресей және Кеңес үкіметінің Орталық Азияда жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформаларының (репрессияланған халықтарды депортациялау, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықты эвакуациялау, ХХ ғ. 30-50 жж. миграциялық үрдістер) аумақтың этнодемографиялық дамуына тигізген әсерін қарастырады. Тарихилық принцип негізінде этнодемографиялық үрдістердің заңдылықтарын анықтай алады, аймақта қалыптасқан жағдайды түсіну мақсатында ғылыми негіздегі демографиялық және статистикалық әдістерді пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тарихи зерттеу әдістері
Тарих ғылымының қазіргі методология мақсаттары және жан-жақты дамыған мамандарды даярлау міндеттерін басшылыққа ала отырып, тарихи зерттеудің мазмұны, оны ұйымдастыру және әдістерін қарастырады. Тарихи деректерді сыртқы сынға алу үшін және кешенді деректану ғылымының әдістері және техникалық тәсілдерімен, деректанулық терминологиямен, архив құжаттарын жинақтау және жүйелеудің принциптері мен әдістерімен, ғылыми зерттеу дағдыларымен таныстырады. Тарихи деректерді өзектілігі, шынтауйттылығы және объективтілігі тұрғысынан талдай алатын, теориялық негіздер мен практикалық дағдыларға ие жоғары кәсіби тарихшы маман ретінде қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ортағасырлық Шығыс ғалымдары және ойшылдарының тарихи мұралары
Ортағасырлық Шығыс ғалымдары мен ойшылдарының рухани мұрасын қарастырып, олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесімен танысады. Әл-Хорезми, Бируни, Бабыр, әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни және т.б. мұрасын талдайды. Ортағасырларда Орталық Азияда орын алған ғылыми-мәдени ренссанстың ерекшеліктерін айқындайды. Шығыстың ұлы ойшылдарының еңбектерін, олардың идеяларын және ашуларын талдайды, сонымен қатар олардың қазіргі әлем үшін маңызын айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Қазақстандағы жоғары білім берудің тарихы мен қазіргі жағдайы, оның даму үрдістері туралы түсініктерді қарастырады. ЖОО-да білім беру-тәрбие үрдісінің логикасы туралы түсінік береді; студент жастардың білім беру және тәрбиелеудің ғылыми негіздерін, мақсатын, мазмұнын анықтайды; педагогтердің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шетелдік тарихнаманың жаңа бағыттары
Шетелдік тарихнаманың негізгі бағыттарын, тарих ғылымының жалпы даму үрдістерін көрсететін және қолданылатын теория, концепция, әдіс-тәсілдердің сипатын білдіретін әртүрлі тарихи мектептерді қарастырады. Шетелдік тарихнаманың негізгі бағыттары, тарих ғылымының жаңа ғылыми әдістер және тәсілдерімен таныстырады. Аталған ғылымның теориялық мәселелерін айқындайды және методологияның дамуын талдайды. Сонымен қатар тарихи деректерді сынға алу мен деректанулық талдау жасай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері
Ғылыми зерттеулерді жүргізуде алған білімді пайдалану мақсатында ғылыми жұмыстарды ұйымдастырудың қалыпты әдістері мен тәсілдерін меңгереді. Тарихнаманың жаңа тәсілдерін басшылыққа ала отырып, тарихтың теориялық-методологиялық мәселелерімен және тарихи зерттеулердің әдістерімен таныстырады. Алған білімдері негізінде ғылыми мақалалар мен диссертацияны жазу дағдысын меңгереді. Тарихи деректер және зерттеу материалдарымен өздігінше жұмыс істеу, оларды өңдеу және ғылыми қауымға ұсыну дағдыларына ие.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық қатынастар тарихы (ХІХ-ХХ)ғғ
ХІХ-ХХ ғғ. халықаралық қатынастардың негізгі оқиғалары мен проблемаларының тарихын қамтиды. Мемлекеттердің сыртқы саясатының тарихын бойынша деректерді зерттейді және өңдейді. Шетелдік және отандық тарихшылардың зерттеулері мен көзқарастары негізінде өзекті мәселелерді ғылыми және сыни тұрғыдан талдайды, заңдылықтарын айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы және философиясы
Әлемдік және қазақ философиялық ойлар мен дүниетанымдық үрдістер дамуының негізгі кезеңдерін қарастырады. Болмыс пен сананың жалпы теориялық мәселелерін зерттейді, жалпы әлемді тану мәселелерін зерттеуде әлемдік философиялық ойлардың тәжірибесін сипаттайды. Әлемге біртұтас көзқарасын қалыптастыруға және қазіргі дәуірдің шындығын түсіндіруге бағытталған. Негізгі философиялық ұғымдар, категориялар мен философиялық таным әдістерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы: теориялық-әдіснамалық мәселелер
Қазақ хандығының қалыптасуынан тәуелсіздік алғанға дейінгі теориялық-методологиялық аспектілері, Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдердегі мемлекеттілік нышандарының эволюциясы, аталған үрдістің кеңес үкімет орнауы тұсындағы қайшылықтығы, сонымен қатар Евразия тарихындағы қазақ мемлекетінің орнын орнын ашуға бағытталған. Қазақ мемлекеттілігінің алғышарттары мен Сыр өңірі қалаларының Қазақ хандығы үшін ролі мен маңызын айқындай алады. Тарихи білімге сүйене отырып, заңдылықтар аясында қазақ мемлекеттілігінің алғышарттарын, қазақ мемлекетінің эволюциясында нақты тұлғалардың ролі мен маңызын талдай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
XX ғ. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері
ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін, кеңестік кезеңде, әсіресе ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерді қарастырылады. Кеңес үкіметінің орнауы, коммунистік идеологияның қаоыптасуы, тоталитарлық саяси режимнің нығаюы социумның қоғамдық-саяси жүйесінің дағдарысына алып келіп, Қазақстанда демократиялық үрдістердің қажеттілігін көрсетті. Қайшылықты кезеңдер мен тоталитарлық жүйенің саяси науқандарын талдай алады және ғылыми жұмысты жазу барысында пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Магистранттардың кәсіби бағытталған қызметін ұйымдастыру
Магистранттардың кәсіби-бағытталған қызметін ұйымдастырудың мазмұндық-процессуалдық аспектілерін қарастырады. Олардың алдына қойылған кәсіби міндеттерді өздігінше шешу, жоғарғы оқу орындарында тарихты оқытуда қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдерді, оларды қолдану ерекшеліктерін, интербелсенді оқытудың жалпы нәтижелері мен тиімділігін қарастырады. Ғылыми жетістіктерді олардың қажеттілігіне сәйкес енгізудің маңыздылығын және білім алушыны өз жеке қызметінің субъектісіне айналу мүмкіндіктерін жасауды көрсетеді. үйрету негізделген. Педагогикалық бағыттағы магистранттарды кәсіби даярлауда әртүрлі тәжірибе түрлерінің мақсатты бағытын біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Басқару психологиясы
Адам мен қоғам дамуының объективті және субъективті үдерістерін терең тануға қажетті заңдылықтарды, механизмдер мен фактілерді көрсететін әлеуметтік-саяси және психологиялық білімді қамтиды. Әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, психология - ғылыми пәндерінің арасындағы өзараәрекет ақпараттық толықтыру, ықпалдасу және зерттеу тәсілдерінің әдістемелік біртұтастығы қағидаларының негізінде іске асады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Үш тұғырлы тілді оқытудың бейімделген ұлттық деңгейлік моделіне сәйкес А2, В1, В2 деңгейлерін (Шетел тілдерін меңгеру деңгейінің жалпыеуропалық шкаласы) меңгеруге бағытталған, шетел тілдерін оқыту мен күнделікті тұрмыста және кәсіби қызметте тәжірибелік меңгертудің заманауи үрдістерін қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тарихи деректермен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері
Тарихи зерттеу міндеттерін шешу үшін деректанулық зерттеудің әдіс-тәсілдерін, тарихшының кәсіби қызметі үшін қажет деректердегі ақпаратты талдау және өздігінше табу, тарихи деректермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қарастырады. Жеке тектік құжаттар, мерзімді басылымдар, заң актілері және архив құжаттарын деректанулық тұрғыдан зерттейді. Тарихи деректерді өзектілігі, шынтауйттылығы және объективтілігі тұрғысынан, сонымен қатар өздігінше зерттеу жұмысын жүргізу барысында талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстанның ортағасырлар тарихының өзекті маселелері
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері: мемлекеттіліктің қалыптасуы, түркі дәуірінің ролі мен маңызы, моңғол шапқыншылығының зардаптарын ашу, қазақ мемлекеттілігінің негізі, Қазақ хандығының құрылуының күрделі процесі және дамуының тарихы қарастырылады. Қазақ мемлекеттілігінің алғышарттары мен Сыр өңірі қалаларының Қазақ хандығы үшін ролі мен маңызын айқындай алады. Тарихи білімге сүйене отырып, тарихи оқиғаларды заңдылықтар аясында талдай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Этнологияның теориялық-методологиялық мәселелері
Заманауи білім беру мақсаттарын, саналы және жан-жақты дамыған тұлғаларды даярлау міндеттерін басшылыққа ала отырып, этнологияның теориялық-методологиялық мәселелері мен тарихи зерттеудің әдістерін айқындайды. Этнологияның теориялық-методологиялық мәселелерін түсіндіре алады. Зерттеуде ғылыми пікірталастар мен дәлелдерді шешуде сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Тарихи білімді гуманистік идеалдар мен демократиялық құндылықтарды бағалауда пайдалана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жетісу өлкесін отарлау тарихы (ХІХғ.-ХХғ.басы)
Жетісудың әлеуметтік-экономикалық саласындағы маңызды даму бағыттары XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айқын көрініс тапты. Бұл ең алдымен Жетісу өңірінде көпұлтты халықтың қалыптасу процестерімен және осы өңірде өздігінен енгізілген жаңалықтармен байланысты. Келесі бағыттар жүзеге асты: Ресей империясының өңірді отарлауы; өңірдің ресейлік саясат аясындағы саяси дамуы; шаруашылық өзгерістер; мәдениеттегі өзгерістер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Тарихты оқытудағы коммеморативті тәжірибелер
Жоғары оқу орынындарындағы, мектептегі және тарихи оқу үдерісіндегі коммеморативтік тәжірибелерді қолдану ерекшеліктерін, интерактивті оқытудың жалпы нәтижелері мен әсерлерін қарастырады. Тарихи білім берудегі коммеморативті тәжірибелерді зерттейді. Білімгерлерге теория мен практиканың үйлесімін, сондай-ақ тарих пәнін оқытуда қолданылатын коммеморативті тәжірибе түрлерін көрсету. Оқытуда коммеморативті тәжірибелерді инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы қолдана білуді қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі қайшылықты үрдістер мен қазақ ұлт зиялыларының ролі, қазақ зиялыларының қалыптасуының бастаулары, олардың тәуелсіздік үшін күрес жолындағы көзқарастары мен мақсаттары, Алаш қозғалысындағы ролінің маңызы қарастырылады. Қазақстан тарихының күрделі кезеңінің саяси оқиғалары, қазақ зиялыларының қызметін зерттеудегі өзекті мәселелер және олардың тәуелсіздікке жету жолындағы дүниетанымы мен идеяларына өздігінше баға береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
XIX-XX ғғ. Қазақстандағы этнодемографиялық үрдістер
XIX ғасырдың екінші жартысы-XX ғасырдағы Қазақстанның полиэтникалық құрамының қалыптасу кезеңдері мен факторлары, патшалықтың қоныс аудары саясаты, оның кеңестік дәуірде ұжымдастыру, индустриализация, ХХ ғ. 20-30 жж. саяси репрессиялар, Қазақстанға халықтардың депортациясы, тың және тыңайған жерлерді игеру саясаттары кезінде тереңдеуін қарастырады. Тарихи білімге сүйене отырып, тарихи оқиғаларды заңдылықтар аясында талдайды. Нақты мәселелерді шешуде өзіндік идеяларын жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Бірегейліктің антропологиясы
Антропологиялық бірегейліктің негізгі түсініктері мен заманауи теорияларын, «бірегейлік» ұғымының қалыптасуын, сонымен қатар қазіргі қоғамда кездесетін тұлғалықтың түрлерін қарастырады. Адамның әртүрлі топтар мен қауымдарға өзін жатқызуын қалай түсіндіретінін адам психикасының қасиетін концентрлік түрде мазмұндайды. Әртүрлі антропологиялық белгілер мен әдістерді пайдалану арқылы басқа мәдени дәстүрді түсінбеуден туындайтын қақтығыстардың алдын алу үшін өзіндік сәйкестендіруді анықтайды, бірегейліктің жеке және әлеуметтік деңгейлерін айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Технологиялар мен тарих: жасанды интеллект тарихи зерттеу құралы ретінде
Бұл пән жасанды интеллекттің (ЖИ) тарихи зерттеулерде қалай қолданылатынын зерттейді. Ол технологиялық аспектілерді тарихи деректерді талдаумен біріктіріп, ғалымдарға заңдылықтарды анықтауға, үлкен көлемдегі ақпаратты талдауға және машинамен оқыту негізінде қорытындылар жасауға көмектеседі. Курс аясында келесі тақырыптар қарастырылады: архивтік құжаттарды талдау үшін ЖИ-ді пайдалану, көне қолжазбаларды тану және түсіндіру, тарихи оқиғаларды қалпына келтіру және болашақ тарихи үрдістерді болжау. Сондай-ақ, гуманитарлық ғылымдардағы технологияларды қолдануға қатысты этикалық мәселелер талқыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Отаршылдық басқару үлгілерінің теориялық негіздері мен дамуы
Пән колониялық басқарудың теориялық тәсілдерін, империялардың шеткері аумақтарды қосып алу мен бақылау модельдерінің тарихи дамуын зерттеуге арналған. Негізгі назар тікелей және жанама басқару түрлерінің айырмашылықтарына, колониялық әкімшіліктің құрылуына, жергілікті элиталардың рөліне, сонымен қатар бұл модельдердің постколониялық кезеңдегі трансформациясына аударылады. Британ, Француз, Ресей және басқа да колониялық жүйелердің мысалдары талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ғылыми тарихи білімге сүйене отырып, проблемаға өзіндік көзқарасын қалыптастыру; зерттелетін курстардың даулы мәселелері бойынша пікірталасқа қатысушының позициясы мен дәлелдер жүйесін сыни тұрғыдан қабылдау, оны гуманистік идеалдар мен демократиялық құндылықтар тұрғысынан бағалау;
- әлемнің толерантты азаматы бола отырып, мәдениетаралық байланысты көрсете отырып, басқа елдер мен халықтардың мәдениеттері мен әдет-ғұрыптарын сипаттау; этнологияның негізгі теориялық және әдіснамалық мәселелерін түсіндіру; этнодемографиялық фактордың адамзат тарихындағы рөлі мен маңызы;
- ғылым тарихы мен философиясының қазіргі мәселелерін жүйелеу үшін, қазіргі ғылым философиясының ережелерін абстрактілі-логикалық талдау және синтездеу ерекшеліктерін ескере отырып, оның концептуалды-әдістемелік аппаратын меңгеру
- шетелдік және отандық тарихнаманың жаңа бағыттарын сыни тұрғыдан талдау; тарихтың өзекті мәселелерін анықтау және талдау, оларды ғылыми зерттеулерде және тәжірибеде қолдану;
- жоғары мектепте және ғылыми-зерттеулердің әдіснамасының білім беру үрдісінде басқарушылық қызмет тәсілдерін қолдана отырып, ұйымдастырудың негізгі әдістерін қолдану
- өзіндік идеяларды, проблемалар мен шешімдерді дамытып, оларды мамандарға да, жалпы аудиторияға да ұсыну;
- шетелдік дерек көздерінен кәсіби ақпарат алу, ғылыми хат алмасу, ғылыми мақалалар мен баяндамалар дайындау, өз ұстанымын ауызша және жазбаша түрде білдіру үшін қажетті деңгейде шет тілін білу
- тарихи құбылыстар мен фактілерді тарихилық принципіне сүйене отырып, тарихи процесс пен кезеңдердің заңдылықтарын ескере отырып талдау;
- қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттарын, оның даму, өрлеу және құлдырау процестеріне дәйектер келтіру; Қазақ хандығының эволюциясындағы Сыр бойындағы қалалардың рөлі мен маңызын анықтау;
- тарихтың маңызды және өзекті мәселелерін бөліп көрсету; қоғам мен мемлекет дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтары, тарихи ой; практикалық оқу және жазбаша жұмыстарды жазу барысында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау;аппаратымен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген
- қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси тарихтағы рөлі мен орнын анықтай отырып, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы туралы идеяларды дәрежелеу, ХХ ғасырдың басындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс проблемаларын сипаттау;
- дерек көздерін терең ғылыми талдауға сүйене отырып, әртүрлі ақпарат көздерін өзектілігі, сенімділігі және объективтілігі тұрғысынан бағалау;
Ұқсас БББ
7M01601 Тарих педагогтерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01601 Тарих
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01601 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01601 Тарих
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01601 Тарих
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M01601 Тарих
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01601 Тарих
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01601 Тарих
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01601 Тарих
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01601 Тарих
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01601 Тарих педагогтарын даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
7M01601 Тарих педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01601 Тарихшы педагог
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті