Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01601 Тарих в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    «Ғылымның тарихы мен философиясы» пәні ғылымның генезисімен таныстырады, оның даму кезеңдерін ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін көрсетеді. Пәнде ғылымның классикалық, классикалық емес, постклассикалық емес ғылым кезеңдері қарастырылады. Жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық ғылымдардың философиялық және әдіснамалдық мәселелері зерттеледі; позитивизм мен постпозитивизмнің негізгі идеялары мен тұжырымдары қарастырылады. Пән магистранттарда ғылыми-философиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға, әдіснамалдық дағдыларды жетілдіруге, тәуелсіз сыни және креативті ойлауды дамытуға бағытталған, соның арқасында жалпы әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • 1920-1930 жылдардағы қазақ қоғамы: әлеуметтік трансформациясы және күнделіктілігі

    Пәннің мақсаты: Өзгеріс кезеңіндегі күнделікті өмірді жан-жақты зерттеу. Мазмұны: Партиялық-мемлекеттік құрылым. саяси насихат жүйесі. Білім, медицина және мәдениет саласындағы әлеуметтік саясат. Демографиялық жағдай: халықтың саны мен құрамы, өзгеру динамикасы. Азық-түлік ресурстары. Қала және ауыл тұрғындарының еңбек қызметі. Күнделікті өмірдің материалдық және тұрмыстық аспектілері. Қалыптасатын дағдылар: «Күнделіктілік» контентінің ерекшелігін ұғыну.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлы дала өркениеті

    Мақсаты: Ұлы дала халықтарының жетістіктерін, мәдениетін, өркениетін зерттеу және жалпы адамзаттық өркениеттегі тарихи орнын, мәдени ролін зерделеу. Мазмұны: Ежелгі мәдениеттер мен кәсіптер. Атқа міну өнері. Металлургия. Тарихи-өркениеттік сабақтастық негізіндегі көшпелі өмір салты. «Көшпелілер өркениеті». Дағдылар: Ұлы дала мәдениеті мен өркениетін зерттеу әдіснамасындағы заманауи проблемалары. Дала өркениетін зерттеудегі еуропоцентристік ұстанымдар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Курс барысында магистранттар кәсіби шет тілінде сөйлеу дағдыларын дамытады, бұл оларға оқытушы ретінде шетел тілінде кәсіби қызметінің әртүрлі тұстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қола дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі

    Мақсаты: Қазақстан территориясындағы қола дәуірі ескерткіштерінің Қазақстанның әлеуметтік-саяси, экономикалық тарихын зерделеудегі маңызын зерттеу. Мазмұны: Қола дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі, кезеңдері, орналасуы және ерекшеліктері. Архитектуралық ескерткіштер. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің ерекшеліктерін саралау. Қазақстан жеріндегі ескерткіштердің картасын жасау, олардың көрші елдердегі осы кезендегі ескерткіштермен байланысын көрсету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы

    Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тұрғындарының мәдени және діни тәжірибелері (ХІХ-ХХ ғ. басы)

    Пәннің мақсаты: Дін мен мәдениетке қатысты имперлік саясатты қарастыру. Мазмұны: Тұрғындардың мәдени және діни тәжірибиесі: негізгі конфессиялардың мінәжат орындары мен ғибадатхана кешендерінің ерекшелігі. Қала, ауылдағы дінге, мінәжат орындарына қатысты имперлік саясат. Діни тәжірибедегі салт-жоралар. Мәдени тәжірибе: түрлері, мерекелер, салт-дәстүрлер, тамақтану. Дағдылар: күнделікті мәдениетке қатысты тәжірибелерді талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ зиялылары шығармаларындағы Қазақстанның зияткерлік тарихы

    Мақсаты: зияткерлік тарихты зерттеудің әдістемесі мен жаңа тәсілдерімен таныстыру. Интеллектуалдық тарих ғылымның бағыты ретінде. Қазақ зиялылары және қазақ тарихының бастаулары. ХХғ. басында Алаш зиялыларының ағартушылық мәселелерімен байланысты ұстанымдары. Зиялылардың кеңестік буынының білім және ғылым мәселелеріне көзқарастары. ХХ ғасырдағы интеллектуалдық жетістіктер. Дағдылар: зияткерлік тарихты зерттеудегі заманауи тәсілдер мен теорияларды талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Пәнаралық тарихи зерттеулердің теориясы мен практикасы

    Мақсаты: Тарихи зерттеулерде пәнаралық тәсілдерді қолданудың әдіснамалық негіздері мен принциптерін оқып үйрену. Мазмұны: Тарихи зерттеулердегі әлеуметтік психологияның теориялары мен әдістері. Тарихи зерттеулердегі антропологияның түсініктері мен әдістері. Тарихи зерттеулердегі семиотика әдістері. Тарихи зерттеулерде әлеуметтанудың тұжырымдамалары мен әдістерін қолдану. Қалыптасқан дағдылар: әртүрлі тарихнамалық мектептер жасаған пәнаралық көзқарастар тұрғысынан жасалған әдіснамалық тәсілдерді талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлардағы Қазақстанның этно-саяси тарихы

    Мақсаты: Қазақстан территориясындағы орта ғасырлардағы этно-саяси процесстерді зерттеу Мазмұны: Этникалық процесстерге сипаттама. «Этнос», «этногенез» ұғымдары. Этникалық процесстердің алғы шарттары, заңдылықтары. Қазақ жерін мекендеген этностар этникалық процесстердің әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени алғы шарттары ретінде. Еуразиялық кеңістіктегі этникалық қауымдастықтар. Жошы ұлысының қазақ халқының қалыптасуындағы ролі. Қазақ хандығының қазақ халқының қалыптасуындағы ролі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи-педагогикалық зерттеулер: теория, әдістер, практика

    Мақсаты: тарихи-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері, әдістері, тәжірибелерінің түсінігін дамыту. Мазмұны: Цифрландыру жағдайындағы білім институттары мен педагогикалық идеяларды талдаудың заманауи тәсілдері. Тарихи-педагогикалық білім саласында ғылыми-зерттеу жобаларын жоспарлау, жүзеге асыру. Нормативтік, мемуарлық, статистикалық және мұрағаттық дереккөздерді талдау. Дағдылар: Тарихи-педагогикалық талдау әдістерін қолдану; дереккөздерді интерпретациялау және бағалау; әлеуметтік-гуманитарлық саладағы зерттеу құзыреттерін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихын зерттеудің қазіргі әдістемелері

    Мақсаты: Тарихи зерттеулердің заманауи әдістемелік тәсілдерін меңгеру және оларды Қазақстан тарихын оқытуда қолдану. Мазмұны: Қазақстан тарихынан мысалында, тарих ғылымындағы қазіргі теориялар мен әдістерге шолу. Дереккөздерді сыни талдау және мәліметтерді түсіндіру. Қазақстан тарихын зерттеуде пәнаралық тәсілдерді қолдану. Дағдылар: Тарихи дереккөздерді сыни тұрғыдан талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа және казіргі замандағы әлеуметтік тарихының деректері

    Мақсаты: Деректерді кешенді талдау. Мазмұны: Құжаттар құрылымын талдау мен жіктеу.Әлеуметтік тарихтың тарихи деректерінің түрлері, тұрпаты, түсіндермесі.Актілік деректер мен тіркеу құжаттамасы.Мерзімдік басылым, жеке тұлғаға қатысты құжаттар.Жеке істердің мәліметтерін талдау.Мемуарлардың түрлері.Хат, өтініш, арыз, шағым.Сот тергеу материалдары және Кеңес дәуірінің хабарламасы. Дағдылар: әр түрлі деректермен жұмыс жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи зерттеулердегі цифрлық әдістер мен құралдар

    Мақсаты: цифрлық гуманитарлық ғылымдарда қолданылатын әртүрлі құралдарды, тәсілдерді зерттеу және меңгеру. Мазмұны: Деректерді визуализациялау және инфографика. Үш өлшемді модельдеудің технологиялық мүмкіндіктері. ГАЖ және кеңістіктік талдау. Цифрлық құралдарды қолдану тәжірибесі. Қалыптасқан дағдылар: цифрлық технологияны пайдалану, тарихи деректермен жұмыс жасау, логиканы және талдауды, сонымен қатар белгілі бір әдістердің мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1945-1991 жылдары Қазақстандағы кеңестік педагогтардың әлеуметтік өмірі мен тұрмысы

    Пәннің мақсаты: Кеңес педагогтарының күнделікті өмірін әлеуметтік, мәдени және кәсіби аспектілер арқылы зерттеу. Мазмұны: мұғалімдердің әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағдайы, олардың білімі, гендерлік және этникалық ерекшеліктері, идеология мен қоғамдық қызметтің әсері. Қалыптасатын дағдылар: Күнделіктілік мәдениетін және кәсіби бірегейлікті пәнаралық тәсілмен талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Пәнді оқу барысында білім алушылар академиялық мәтіндер ұғымдарымен, жанрларымен, қызметтерімен және мәтіндерді безендіру түрлерімен, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен танысады. Академиялық мәтіндер құру, зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Академиялық адалдық саясатын ұстану және плагиатқа төзбеушілік қасиеттері қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы (XVIII ғ.-XX ғ.басы)

    Мақсаты: жаңа әлеуметтік тарих әдіснамасын қолдануда зерттеу дағдылары мен сыни ойлауды дамыту. Мазмұны: жаңа және дәстүрлі әлеуметтік тарихтың өзара байланысы, әлеуметтану мен демографиямен тоғысу; әлеуметтік түрлі топтардың, әйелдердің, балалардың тарихы; XVIII — XX ғғ. басындағы Қазақстан мысалындағы әлеуметтік құрылым мен ұтқырлық. Дағдылар: әлеуметтік процестерді пәнаралық тәсілмен талдау мүмкіндігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихын оқытудағы интерактивті және мультимедиялық технологиялар

    Мақсаты: Қазақстан тарихын зерттеу мен репрезентациялауда қоғамдық тарих әдістерін және цифрлық технологияларды меңгеру. Мазмұны: Қоғамдық тарихқа кіріспе және оның Қазақстандағы ерекшелігі. Қазақстанның тарихи оқиғалары мен тұлғаларын мәлімдеуде цифрлық құралдарды пайдалану үлгілері. Оның Қазақстан тарихын қабылдауға әсерін талдау. Дағдылар: цифрлық тарихи материалдарды құру, деректерді талдау, жобаны жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Цифрлық дәуірдегі Қазақстанның қоғамдық тарихы

    Мақсаты: Қазақстан тарихын зерттеу мен репрезентациялауда қоғамдық тарих әдістерін және цифрлық технологияларды меңгеру. Қоғамдық тарихқа кіріспе және оның Қазақстандағы ерекшелігі. Қазақстанның тарихи оқиғалары мен тұлғаларын мәлімдеуде цифрлық құралдарды пайдалану үлгілері. Оның Қазақстан тарихын қабылдауға әсерін талдау. Дағдылар: цифрлық тарихи материалдарды құру, деректерді талдау, жобаны жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Далалық өлке мен Түркістанның жаңа имперлік тарихы(XVIII-XXғ басы)

    Мақсаты: Ресейдің имперлік тарихын зерттеу. Мазмұны: Зерттеулердегі жаңа имперлік тарих.Ресей империясы: жаңғырту үрдісі, оның Далалық өлке,Түркістанға әсері. Имперлік тарихи феноменді, басқару тәжірибиесін, жергілікті тұрғынның өмірін зерттеу. Имперлік жағдайдағы адам. Өзім, бөгде, өзгелер ресми және жергілікті нарративтегі имперлік дискурста. Қалыптасатын дағдылар: әлеуметтік тарихтағы тарихнамалық талдау дағдыларын игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі

    Пәннің мақсаты: Жоғары мектептің әдістемелік жұмысының негізгі бағыттарын қарау. Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен белсенді әдістері. Жоғары мектепте педагогикалық жобалау, ұйымдастыру және бақылау технологиялары. UMK жасау технологиясы. Кредиттік технология жағдайында студенттердің дербес жұмысын, педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. Кәсіптік қызметте білім беру технологияларын пайдалануды практикалық талдау дағдылары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын меңгеру, жоспарлау және болжау әдістерін қолдана білу, сонымен қатар білім беру, зерттеу және практикалық мәселелерді шешу үшін кәсіби және пәнаралық білімді синтездей білу.
  • Педагогика, психология және ғылым философиясының тәсілдеріне сүйене отырып, жоғары білімнің қазіргі жағдайына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды сыни тұрғыдан бағалау және жаңа идеяларды жасау қабілетін дамыту.
  • Отандық және әлемдік тарихтың өзекті мәселелері бойынша білімі мен түсінігін, тарихи процесстердің даму логикасын көрсету, жаhандық, этнодемографиялық, көші-қон процесстерін тарихи, экономикалық, әлеуметтік-мәдени факторлар тұрғысынан, мәдени мұра ескерткіштерімен байланыста сыни талдау, интерпретациялау.
  • Жалпыадамзаттық өркениет және ұлттық мәдениет жетістіктеріне негізделген іс-әрекеттер туралы білім мен тәжірибені меңгеру, өз халқының мәдениетін, мұралары мен тарихи жадын және әлемнің мәдени алуан түрлілігін бағалау.
  • Әлемдік тенденциялар мен білім беруді дамыту стратегияларын негізге ала отырып, ұлттық және халықаралық деңгейдегі басылымдар арқылы тарих білімін кеңейту үшін, деректерді жинау мен талдауды қоса алғанда, өзіндік зерттеулер жүргізу.
  • Тарихи-педагогикалық білім саласындағы ғылыми жобаларды жоспарлау және іске асыру, ұжымдық зерттеулерге қатысу, академиялық коммуникация дағдыларын, оның ішінде жарияланым белсенділігін көрсету.
  • Қазақстанның тарихи оқиғаларын талдау, пәнаралық тәсілдерді қолдану, әртүрлі көзқарастарды сыни тұрғыдан бағалау, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде CLIL және академиялық жазу дағдыларын сәтті қолдана отырып, қорытынды жасау.
  • Ақпараттарды, олардың қатарында әлеуметтік тарих дерек көздеріне факторлық, статистикалық сипатына қарай контент-талдау жүргізеді, сараптайды, верификациялайды және бағалайды.
  • Тарихты оқыту әдістемесін психология мен педагогика негіздерін ескере отырып бейімдей білу, оқыту және тәрбие қызметін жүргізу, оқу жұмысының инновациялық әдістемелерін әзірлеу және қолдану.
  • Жаңа және қазіргі заман тарихы саласында дербес зерттеулер жүргізу, кеңестік кезеңдегі әртүрлі әлеуметтік топтарды және олардың мәдени, саяси-экономикалық өзгерістерге қосқан үлестерін зерттеуді қоса алғанда, күнделікті өмір процесіндегі, қоғам құрылымы мен тәжірибелеріндегі трансформацияларды талдау.
  • Білім беру қызметінде озық технологияларды қолдану, өзінің кәсіби тәжірибесінде тарих саласындағы терең білімді пайдалану, цифрлық ресурстар мен құралдарды пайдалана отырып, білім беру жобаларын құру және енгізу.

Ұқсас БББ

7M01601 Тарих педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01601 Тарих

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01601 Тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01601 Тарих

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01601 Тарих

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

7M01601 Тарих

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01601 Тарих

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01601 Тарих

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01601 Тарих

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01601 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01601 Тарих педагогтарын даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01601 Тарих педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01601 Тарихшы педагог

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Top