7M02301 Филология в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ филологиясы бойынша білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Мәтін талдаудың теориясы мен практикасы
Қазіргі мәтін концепциясы мен көркем мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан талдау технологиясын меңгереді. Көркем шығарма мазмұнын тілдік-стильдік, көркемдік, идеялық, сюжеттік-композициялық талдау тәсілдерін және рецептивті эстетиканың өзекті мәселелері мен генезисін, контекстуалды-мәтінаралық талдау технологиясын үйренеді.
Несиелер - 5
-
Ахметтану
Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, ақын, публицист, падагог, аудармашы ретіндегі А.Байтұрсынұлы еңбектерінің маңызы,ғалымның ХХ ғасырдың басында жазған еңбектерінің қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен сабақтастығы, жаңа бағыттардың қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алатындығы қарастырылады.
Несиелер - 5
-
Алаш әдебиетіндегі ұлттық идея
Алаш әдебиетіндегі ұлттық идеяны жан-жақты талдап, кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін қалыптастырады. Алаш әдебиеті өкілдерінің шығармашылық мұрасын талдауға және сын тұрғысынан бағалауға дағдыланады. Алаш әдебиетінің теориялық алғышарттарын мен ұлттық идеяның әр кезең әдебиетіндегі көрінісін, алаш әдебиетінің халықтық сипатын меңгертеді.
Несиелер - 4
-
Тілдің нейробиологиялық негіздері
Пән мақсаты тілддің нейробиологиялық негіздерін меңгертуге, білім беру саласында нейролингвистикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, мидың түрлі аймақтарының тіл мен байланысын түсіндіру және тіл бұзылыстарының неврологиялық себептерін анықтау арқылы тіл мен ми арасындағы күрделі байланысты ғылыми тұрғыдан зерделеуге бағытталған.Пәнді оқыту барысында магистранттар тіл мен ми қызметтерінің өзазара байланысын түсінеді, сөйлеу, түсіну, жазу және оқу процестерінің нейроанатомиялық және нейрофизиологиялық негіздерін меңгереді. Магистранттар оқытуға оңтайлы орта құруға бағытталған нейролингвистикалық бағдарламалаудың (НЛБ) әдіс-тәсілдерін нейрлогиялық білім-білікті меңгереді және нейролингвистикалық деректерді ғылыми тұрғыда сараптау, зерттеу дағдылары қалыптасады.
Несиелер - 5
-
Филологияның өзекті мәселелерін шешудегі жасанды интеллект технологиясы
Магистранттар жасанды интеллект технологиясын, оны филологияның заманауи мәселелерін шешу тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін меңгереді. Пәннің мазмұнымен танысу барысында магистранттар жасанды интеллект теориясы мен тарихын меңгереді, теориялық филология саласында жасанды интеллект әдістерін қолдану дәрежесі мен әдістерін бағалау қабілетіне ие болады. Пән интегративті сипатқа ие және білім алушылардың цифрлық және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, жоғары білім мазмұнын реформалау принциптерін жүзеге асырады.
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Пән магистранттарға жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы саласындағы терең білім беруге бағытталған. Оқыту барысында оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістері, білім беру бағдарламаларын жобалау, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері және көшбасшылықтың психологиялық аспектілерін, оның ішінде мотивация, көшбасшылық, коммуникация және қақтығыстарды басқару мәселелерін талдайды. Магистранттар сонымен қатар педагогика саласындағы зерттеулердің принциптерімен танысып, жоғары оқу орнында табысты мансапқа қажетті кәсіби дағдыларды дамытады. Басқару саласындағы психологиялық тұжырымдамалардың білім беру мекемелеріне қолданылуын зерттейді, бұл оларды күрделі жағдайларда талдау жүргізу және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағыттайды.
Несиелер - 4
-
Зерттеу дизайны және этикалық нормалар
Магистранттар зерттеу сұрақтарын құрастыруды, әдістемені таңдауды, деректерді жинау құралдарын әзірлеуді және деректерді талдау процедураларын жоспарлауды қоса алғанда, зерттеу дизайнының әртүрлі аспектілерін зерттейді. Сонымен қатар, пән деректердің құпиялылығы, зерттеуге қатысушылардың құқықтары мен әл-ауқаты сияқты білім беру зерттеулерін реттейтін этикалық нормалар мен стандарттарға баса назар аударады. Оқыту білім беру саласында жоғары сапалы және этикалық зерттеулер жүргізу үшін магистранттарға қажетті дағдыларды бере отырып, ғылыми жобаларды жобалау және жүзеге асыру үшін алынған білімді практикалық қолдануды қамтиды.
Несиелер - 6
-
Лингвистикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
Пәннің мақсаты – магистранттарға лингвистикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздері мен практикалық әдістерін меңгерту, ғылыми жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру және нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқу барысында магистранттар тіл білімі саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі кезеңдері мен әдістерін меңгереді. Пәнде зерттеу тақырыбын анықтау, ғылыми ақпаратты жинау, талдау және нәтижелерді рәсімдеу тәсілдері қарастырылады.
Несиелер - 4
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Пәннің мақсаты қазақ тіл білімі тарихының дәуірлеу мәселелерінің жүйесін айқындауға, тереңдетіп оқытуға, ғылыми пайымдаулар жасауға бағытталған. Магистранттар қазақ тілінің тарихына қатысты шумер, тайпалық одақтардың тілі, түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілгені жайлы теориялық мағлұмат алып, тілдің тарихын дәуірге бөліп зерттеудің кеңестік идеология тарапынан күштеп тежелуінің табиғаты туралы білім қалыптастырады.
Несиелер - 4
-
Әдебиеттерді талдау, филология саласындағы теориялық және тұжырымдамалық негіздер
Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми зерттеулерге сыни талдау жасайды, өзіндік зерттеу тәсілдерін әзірлейді және филология саласындағы негізгі тұжырымдамалар мен тенденцияларды түсіну үшін салыстырмалы талдау дағдыларын қолданады. Әрбір тапсырма сыни тұрғыдан ойлау және ғылыми материалдармен аналитикалық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл магистранттарға пән саласын тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің ғылыми жобаларын жасауға дайындалуға көмектеседі.
Несиелер - 4
-
Функционалды лингвистика
Магистранттар функционалдық тіл білімі бағытының қалыптасуы, дамуы, теориялық мәселелері туралы мәлімет алады. Функционалдық тіл білімінің негізгі мәселелерін игереді. Тілдің функционалды-коммуникативтік табиғатын, категорияларын меңгереді. Жалпы функция атқаратын тілдік бірліктердің сөйлеу кезіндегі мағынасын талдауға үйренеді. Функционалды грамматика, функционалды семантикалық өріс туралы мәлімет алады. Отандық және шетелдік тіл біліміндегі функционалдық бағыттағы зерттеулерімен танысады.
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм
Қазіргі қазақ прозасында постмодернизмнің көрініс беру ерекшелігін зерттеп, оның отандық әдебиетке ықпалын анықтай алады. Постмодернизмге тән көркемдік категориялар арқылы еліміздің ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы мәдениетінде елеулі орны бар авторлардың прозасына ғылыми-теориялық зерттеулер жасайды.
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Пән академиялық контексте жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады. Пән ғылыми мәтіннің құрылымын, зерттеу және дәлелдеу әдістерін, дәйексөздер мен сілтемелер ережелерін зерттеуді қамтиды. Магистранттар ғылыми эсселерді, рецензиялар мен зерттеу мақалаларын жоспарлау, жазу және редакциялау әдістерін, академиялық этика мәселелерін және жұмысты пішімдеу ережелерін меңгереді. Тәжірибелік тапсырмалар мен кері байланыс арқылы магистранттар академиялық пікірталас аясында өз ойларын анық, логикалық және дәлелді жеткізу қабілетін дамытады. Пән зерттеу негізінде магистрант үшін қажетті академиялық жазылым қабілеттері, дағдылары мен құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етеді.
Несиелер - 4
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Пән қазақ әдебиеті тарихының дәуірлеу мәселелерінің жүйесін айқындауға, тереңдетіп оқытуға, ғылыми пайымдаулар жасатуға бағытталған. Магистранттар әдеби мұраны игеру ісіндегі әдебиет тарихын дәуірлеудің ұстанымдарын, үлгілерін, ғылыми тұжырымдарды меңгереді. Түрлі кезеңдерде орын алған дұрыс, сыңаржақ теориялардың әдебиет тарихын жүйелеуге тигізген ілгерішіл немесе кертартпа ықпалдарын зерделейді, дәуірлеудің типологиялық тұрғыдан пайымдау негізінен білім қалыптастырады.
Несиелер - 4
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
Бұл пән тілдің мәдениетаралық коммуникациядағы рөлін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушылар әртүрлі мәдени ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктері, тілдік және мәдени нормалар, вербалды және вербалды емес коммуникация құралдары, сондай-ақ мәдениетаралық түсініспеушіліктер мен оларды шешу жолдары қарастырылады. Пәнді оқыту барысында магистранттарға түрлі мәдениет өкілдерімен тиімді және этикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас жасауда қажетті коммуникативтік және мәдениетаралық дағдыларын қалыптастырады.
Несиелер - 5
-
Тіл біліміндегі неологизация
Пән компьютерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар, психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, психолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология бағыттарын меңгертуге бағытталған. Пән антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуын, зерттеу нысанын, тілдегі адам немесе адамның тілі проблемасын, негізгі қағидаттары мен ұстанымдарын, ұлттық сананың тілдегі көрінісін қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде қазіргі тіл білімінің негізгі заңдылықтары мен зерттеу қағидаттарын сипаттайды; ұлттық сананың тілдегі көрінісін талдайды; жаңа бағыттарға қатысты тәжірибелерді сыни тұрғыдан саралайды; психолингвистикадағы эксперименттерді қолданады; жаңа бағыттардың маңызын анықтайды.
Несиелер - 5
-
Сапалық зерттеулер және деректерді талдау
Пән білім беру зерттеулерінде қолданылатын сапалы әдістерді тереңдетіп оқытады. Магистранттар сұхбат, фокус-топтар, бақылау және құжаттарды талдау сияқты әртүрлі мәліметтер жинау әдістерімен таныстырылады. Сапалы ақпаратты жинау, жазу және талдау процесін зерттеу, нәтижелерді түсіндіру және сапалы деректерден қорытынды жасау дағдыларын дамытады. Сапалық әдістерді қолдану кезінде зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету принциптерін талдайды және меңгереді. Магистранттар сапалық тәсіл, теориялық негіз, зерттеу сұрақтарын құрастыруды үйрену дағдыларын қалыптастырады.
Несиелер - 5
-
Интермәтінділік теориясы
Интермәтінділік құбылысы және оның дамуының негізгі тұжырымдамалары мен қазіргі мәдениеттегі көрінісі туралы білімді тереңдету, әдеби, әдеби-сыни мәтіндердегі стилі мен жанрлық өзгеруін анықтау болып табылады. Пәннің мазмұны интермәтінділік терминінің шығу тарихын, әдеби сұхбаттастық және мәтіндер байланысын талдауға, интермәтінділіктің амал-тәсілдерін, постмодернизмнің типологиялық қасиеті ретіндегі интермәтінділік пен оның қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі арасындағы басты ерекшеліктерін, реминисценция және аллюзия ұғымдарын саралауға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Қазақ филологиясы және инновациялық технологиялар
Пәннің мақсаты – қазақ филологиясы ғылымындағы соңғы жаңалық ізденістерді оқытудың жаңа технологияларымен байланыста зерттеу. Пәннің мазмұнын тіл ғылымындағы жаңалықтар, тілді зерттеудің жаңа бағыттарының оқыту жүйесіне ықпалы, педагогикалық технологиялар, жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, филологиялық пәндерді оқытудағы интеграциялау, мектеп және ЖОО-да жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқу жүйесіндегі критериалды бағалау өлшемдері құрайды.
Несиелер - 4
-
Филология бойынша қазіргі заманғы әдістер, зерттеулер мен талдаулар
Пән барысында магистранттар деректерді талдау үшін қолданылатын әр түрлі зерттеу әдістерін, соның ішінде жалпы, эмпирикалық және теориялық зерттеу әдістерін меңгереді. Магистранттар зерттеу әдісін дұрыс таңдауды, және зерттеу сұрағын тұжырымдауды үйренеді. Олар сондай-ақ өлшеу құралдарының сенімділігі мен жарамдылығын іріктеу, деректерді жинау және бағалау принциптерімен танысады. Пән магистранттарға өз бетінше зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін теориялық негіздерді де, практикалық дағдыларды да қамтиды.
Несиелер - 5
-
Тілдік тұлға акмеологиясы
Пәннің мақсаты - магистранттарды акмеология ғылымымен таныстыру. Тұлға, маман ретінде қалыптасуының теориялық-әдіснамалық мәселелерін, өзін-өзі жетілдірудің объективті және субъективті факторлары жөніндегі білімдерін тереңдету. «Шығармашылық» сапаны, «креативтілік» қасиетті, кәсіпті меңгерудегі «белсенділік» пен «шеберлігін» үнемі дамытып отыруға бейім белсенді тұлға дайындау. Қазіргі қоғамның тұлғалық кемелденген жəне жедел өзгеретін əлеуметтік əлемнің жағымсыз жағдайларына төтеп беруге қабілетті, құзыретті мамандарға, жоғары білікті кəсіпқойларға деген қажеттілік негізінде туындады. Пәнді оқу барысында магистранттар болашақ филолог тұлғасының үдемелі, ілгері дамуына ықпал ететін, жоғары тұлғалық-кəсіби жетістіктерге əсер ететін заңдылықтар, механизмдер, жағдайлар мен факторлар қамтылады.
Несиелер - 5
-
Әдебиеттану және қазіргі АРТ– индустрия
ХХ ғасырдың аяғы – XXI ғасыр басындағы тарихи-мәдени үдерістегі қазіргі Арт-индустрияның орнын түсіндіру, терминологиялық және методологиялық аппаратын ұғыну және сипаттау қабілетін қалыптастыру, кітап көрмелерін, авторлық кездесулер мен әдеби тұсаукесерлер ұйымдастыру дағдыларын меңгеруді мақсат етеді.
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пән супер-базалық стандарт кемінде (В1) деңгейін меңгеруді қамтамасыз етуге, магистранттардың лингвистикалық емес оқыту бағыттары бойынша мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Пән магистранттардың кәсіби қызметі аясында тілдік дағдыларын кеңейтеді және жетілдіреді. Магистратураның пәндік саласына сәйкес нақты лексиканы, терминологияны және коммуникациялық стратегияларды зерттеуді қамтиды. Магистранттар болашақ мансабында туындауы мүмкін кәсіби мәтіндермен, құжаттамалармен және коммуникациялық жағдайлармен таныстырылады. Тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу арқылы магистранттар кәсіби ортада шет тілінде тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Презентация, келіссөздер жүргізу және жазбаша хат алмасу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Несиелер - 4
-
Мәдениетаралық коммуникация контексіндегі қазақ әдебиеті
Мәдениетаралық коммуникация негіздерін, жаһандану мен интеграциялық үдерістердің қазақ әдебиетінің дамуына ықпалын түсіну қабілетін қалыптастырады. Мәдениетаралық және әдеби өзара іс-әрекет ерекшеліктерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін меңгертеді. Қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, оның қазіргі тарихи-мәдени үдерістегі орны мен рөлін зерттеуге үйретеді.
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Ғылым тарихы мен философиясы пәні магистранттарға ғылыми әдістің дамуы жағдайында ойлау эволюциясы туралы түсінік береді. Магистранттар сыни ойлау және салыстырмалы талдау дағдыларын қолдана отырып, негізгі философиялық ұғымдарды және олардың ғылыми жаңалықтарға әсерін талдайды. Олар ғылыми парадигмаларды қалыптастырудағы идеологиялардың әсерін бағалайды, білімге әртүрлі көзқарастарды салыстыру және бағалау үшін интеллектуалды дағдыларды пайдаланады. Тарихи контексттерді талқылау және зерттеу арқылы магистранттар ақпаратты талдау және синтездеу дағдыларын, философия мен ғылымның байланысын терең түсінуді дамытады.
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылым мен білім беру үдерісінің өзара байланысын, ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін, сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін, білім беру трансформациясы жағдайында этикалық және құқықтық стандарттарды сақтай отырып, жасанды интеллектіні пайдалануда ғылыми нәтижелерді білім мазмұнына интеграциялайды.
- Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, әр түрлі қабілеттері бар студенттерді ескере отырып, инклюзивті қағидаларға сәйкес оқыту әдістерін, басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын кәсіби қызметінде пайдаланады
- Ғылыми-зерттеу жұмысының барлық кезеңінде этикалық нормаларды сақтай отырып: зерттеу құрылымын, әдіснамасын, деректерін және қорытындыларын академиялық стандарттарға сай ұсынады.
- Тіл білімі мен әдебиеттанудың іргелі қағидаларын, ғылыми басымдықтарын анықтайды.
- Ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында заманауи үлгіде таныстыру мақсатында академиялық мәтінді дайындаудың, жазудың, редакциялаудың негізгі ұстанымдарын, ережелерін талдайды.
- Тіл ғылымындағы жаңа бағыттарға, ұлттық тілге қатысты ғылыми зерттеулерге сыни тұрғыдан талдау жасап, зерттеу жүргізеді.
- Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық негіздерін, қазіргі білім беру парадигмасындағы жаңа бағыттарды, дискурстық зерттеулер жүргізуді кәсіби деңгейде қолданады.
- Тіл заңдылықтары мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін интерпретациялауда интербелсенді әдіс-тәсілдерді ғылыми зерттеулерде пайдаланады.
- Ғылыми көзқарастар негізінде тіл-адам-мәдениет-этнос төрттігінің тұтастығын, тілдің функционалдық, грамматикалық, коммуникативтік аспектісін, дискурсты және қазақ әдеби тілінің стильдерін теориялық-практикалық тұрғыдан зерттейді.
- Тілдік қызметтің нейробиологиялық негіздерін, ми құрылымдары мен когнитивтік процестердің тілдік әрекетке әсерін талдайды.
- Кәсіби коммуникацияның түрлі саласындағы тіл тазалығын сақтауға, тіл мәдениетін игеруге, іскери міндеттерді шешуде, ғылыми полемикада сандық технологияларды тиімді пайдаланады.
Ұқсас БББ
7M02301 Филология (1)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M02301 Филология (1.5)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M02301 Филология: қазақ филологиясы
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M02301 Қазақ филологиясы
Торайгыров университеті
7M02301 Филология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M02301 Филология
Инновациялық Еуразия университеті
7M02301 Филология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M02301 Қазақ филологиясы
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M02301 Филология:қазақ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi