Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02301 Филология:қазақ в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары білім беру парадигмасы контексіндегі филология және педагогикалық ғылымдардың бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын жоғары кәсібилілікпен ғылыми-зерттеу жұмысында және педагогикалық тәжірибеде қолдана алатын, филология саласы бойынша ғылыми білім жүйесін игерген, зайырлы қоғам және жоғары руханиятты өркендетуде тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалана білетін Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қоғам сұранысын қанағаттандыратын мамандарды қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Курстың мақсаты: жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық мәдениетінің негіздерін, білім беру жүйесінде инновациялық, кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін оның ғылыми-педагогикалық және практикаға бағытталған құзыреттерін қалыптастыру. Міндеттері-теориялық білім негізінде болашақ оқытушыны кәсіби міндеттерді шығармашылық шешуге дайындау; педагогикалық талдау, оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін таңдау дағдыларын қалыптастыру; педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Әдістері: оқытудың белсенді әдістері, жобалық жұмыс, кейс-стади.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі

    Пәннің мақсаты – синтаксисті тілдің функционалдық, коммуникативтік бірліктері ретінде дисскурс, тілдесім актісі, тілдесім жанры, тілдік жағдаятты негізінде қарастырады. Бір тілдік форманың түрлі семантиканы жеткізу әлеуеті анықталады. Тілдік бірліктердің нақты коммуникативтік сөйлеу жағдаятындағы түрлі семантикалық өзгерістерге түсетіні, синтаксистік бірліктердің стилистикалық-прагматикалық қызметі талданады. Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисінің өзекті мәселелері филология ғылымының жаңа бағыттары негізінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәдени код

    Пәннің мақсаты - мәдени құндылықтардың тілдегі репрезентациясын мәдени кодтар негізінде анықтау, мәдени код түрлері, оларға лингвистикалық сипаттама беру лингвомәдени қоғамдастықтың таным нәтижесін қарастыру. Пәннің мазмұнына ұлттық мәдениеттің аса маңызды бөлігінің символдық мәні, мәдени ақпаратын ашу лингвомәдени аспектісі, тілдің бейнелі жүйесіндегі мәдени кодтарды зерттеу және сипаттау жолдары енгізілген. Мәдени кодтар ғаламды концептуализациялауда ұлттық дүние бейнесінің ерекшелігін, маңызды этникалық модуль ретінде танылатындығын анықталау қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясы кең әлеуметтік-мәдени контексте және оның тарихи дамуында қарастырылатын ғылым философиясының жалпы мәселелеріне кіріспе береді. Пән идеологиялық және әдістемелік мәселелерді талдауға бағытталған. «Ғылым тарихы және философиясы» курсын меңгеру одан әрі магистранттардың профиліне сәйкес нақты ғылыми-теориялық пәндердің табысты дамуына ықпал етеді. Пәннің мақсаты мен міндеттері ғылым тарихы және оның философиялық, әдістемелік мәселелері бойынша білім беру. Курстың міндеттері: қазіргі ғылым философиясының пәні мен негізгі ұғымдары туралы түсінікті білу; ғылымның пайда болуын және оның эволюциясының негізгі кезеңдерін түсіну; ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революцияларды, ғылымның қазіргі даму кезеңінің ерекшеліктерін аша білу. Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың философиялық мәселелерінде құзыретті болу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Функционалды стилистиканың теориялық мәселелері

    Пәннің мақсаты - қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру. Тілдік материалдарды функционалдық тұрғыдан бөлімдерге бөлу, талқылау, мәтіндердің стильдік сипаттарын ашып көрсету. Функционалды стилистиканың теориялық мәселелерін ғылыми танымның қазiргi үрдістері негізінде қарастырылады. Пән оқу барысында бойынша жинақтаған білім мазмұнын зерттеу міндеттерін шешуде ғылыми тұжырымдар,креативті шешiмдер ұсынуда қолдану машығын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (Кәсіби)

    Курстың мақсаты: Кәсіби қызмет саласы үшін қажетті ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, коммуникативті сөйлеу қызметінің барлық түрлерінде тілдік материалды қолдану дағдыларын дамыту. Курс барысында магистранттар кәсіби сөздік қорын кеңейтеді, әртүрлі электронды сөздіктер мен анықтамалықтармен жұмыс істеуді үйренеді. Оқытылатын шет тілі саласындағы жобалық зерттеу қызметін қоса алғанда, оқыту үдерісінде коммуникативтік, интерактивтік әдістер мен ақпараттық технологиялар, жұмыстың жеке және топтық нысандары қолданылады. Материалдар мен дереккөздер білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып таңдалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы

    Курстың мақсаты – магистранттардың басқару психологиясы бойынша білімдерін және стратегиялық, жобалық және басқа да басқару түрлеріндегі негізгі психологиялық механизмдерді меңгеру негізінде басқару шешімдерін қабылдаудың практикалық дағдыларын дамыту. Магистранттарды шетелдік және отандық менеджмент ғылымының даму тарихымен, оның психологиялық білім жүйесіндегі орнымен таныстыру. Ғылыми менеджменттің заманауи тенденциялары – жаңа ғылыми басқару парадигмасы туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант келесі құзыреттерді меңгеруі керек: (жалпы мәдени құзыреттіліктер) - стандартты емес жағдайларда ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табу қабілеті мен дайындығы және олар үшін жауапкершілік; (кәсіби құзыреттер) - еңбек ұжымдарында өзара әрекеттесу нысандарын талдау қабілеті және дайындығы; кадрларды іріктеу және өндірістік процесті оңтайландыруға қолайлы психологиялық ахуал жасау мақсатында персоналмен жұмыс істеу қабілеті мен дайындығы; қызметкерлердің жеке өсуіне және жеке адамдар мен топтардың денсаулығын сақтауға бағытталған интерактивті әдістерді, психологиялық технологияларды енгізу қабілеті мен дайындығы; жас ерекшеліктерін, даму дағдарыстары мен қауіп факторларын, тұлғаның жыныстық, этникалық, кәсіптік және басқа да әлеуметтік топтарға жататынын ескере отырып, адамның психикалық қызметінің ерекшеліктерін анықтау қабілеті мен дайындығы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ терминология сының өзекті мәселелері

    Пәнді оқыту барысында терминнің қалыптасу, даму тарихының жолдары, зерттелуі, терминжасам критерийлері, салааралық, интернационалдық терминдерді қалыптастырудағы синтетикалық, аналитикалық, аралас, калька тәсілдері, ұлттық терминжасам заңдылықтары, ғылыми терминдердің қолданысы қарастырылады. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Ә.Қайдар, Ш.Құрманбай, Қ. Айдарбектің еңбектеріндегі терминдерді және терминжасам жөнінде көзқарастарын теориялық тұрғыда білімалушыға меңгертеді. Отандық және шетелдік терминжасам зерттеуші ғалымдардың еңбектері сарапталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика

    Курстың мақсаты: Зерттеу тақырыбы бойынша қажетті ғылыми әдебиеттерді іздестіру, оларды ғылыми-педагогикалық қызметте практикалық қолдану бойынша негізгі білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пән мазмұнында ғылыми зерттеудің әдістемесі және әдістері туралы түсініктер беру. Зерттеу этикасының принциптері. Зерттеушінің ғылыми тұтастығы және плагиат мәселесі. Ғылыми дәйексөздің принциптері мен мәдениеті. Зерттеу этикасының нормалары мен механизмі. Зерттеу қызметін этикалық реттеудің халықаралық мойындалған стандарттары. Оқытудың белсенді әдістерін қолдану: ризома- әдісі, жобалық әдіс, кейс-стади. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант: негізгі ғылыми этикалық принциптерді және олардың оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде қалай қолданылатынын білу; ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізу кезінде этикалық қағидаларды қолдана алатын болады; этикалық дилемманы анықтап, оны шешудің дәлелді шешімін ұсына алады; әдепсіз мінез-құлық салдарын білетін болады; этикалық стандарттарға сәйкес ғылыми рецензияланатын журналдар қойған талаптардан хабардар болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аталым теориясының негіздері

    Пәннің мақсаты - болмыстағы заттар мен ұғымдардың атауларын антропоцентристік парадигмада қарастырады. Аталым сөздің көрінісін өмір – таным – аталым үштігі арқылы зерттейді. Пән мазмұнына тіл біліміндегі сөзжасам, көпмағыналық, сөзтіркесім мәселелері аталымның теориялық-танымдық негізі болатындығы, жаңа сөздерді аталым шарттарымен байланыстыра зерттеу, әр халықтың әлеуметтік-мәдени және саяси болмысын айқындауда тіл білімінің жаңа бағыттарымен байланыста тығыз қарастыру енгізілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп әдістемесі

    Пәннің мақсаты – жоғары оқу орнындағы оқыту түрімен байланысты әдістемелік іс-әрекет, мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау, жоғары мектеп әдістемесі саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу, әдістеме ғылымының қоғам дамуымен бірлгі, ғылымдағы өзгеріс-жаңалықтармен үнемі қалыптасып даму үстінде болатындығын қарастыру. Пән мазмұнына критериалды бағалау технологиясы, ЖОО-ның білім беру үрдісінде оқытушы мен студенттің субъективті өзара әрекеттестігінің коммуникативтік технологиялары енгізілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Контекстік сөз табы категориясы

    Пәннің мақсаты - сөз табының көне түркі, орта түркі, қазіргі туыстас түркі тілдеріне дейінгі даму жолын мен қалыптасуын, байланысын, қолданылуын қарастыру. Қазақ тілінің Алтай дәуірлік тілдерімен байланысы қарастырылады. Пән мазмұнына типтік тілдер тұрғысынан салғастырылып, түркі тілдес тілдерге жан-жақты этимологиялық, тілдік талдаулар жасаудың жолдары, сөз табының жалпы ғылыми негіздегі теориялық тұжырымдары енгізілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мәтін линвистикасы

    Пәннің мақсаты - мәтін түрлерін ажыратып, олардың түзілімі мен қатысымдық, прагматикалық мәнін, мәтінтанудың зерттеу әдістері мен технологияларын, мәтін түзудің заңдылықтарын, мәтін категорияларын қарастырады. Пәнді оқу барысында мәтін лингвистикасы, мәтін түзілім, абзац, күрделі синтаксистік тұтастық, микромәтін, макромәтін, мәтіннің функционалдық-стильдік типологиясы. Мәтіндегі синтаксистік құрылымдардың стильдік қызметі, осы заманғы мәтін лингвистикасының өзекті (актуалды) мәселелер меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіл біліміндегі уәждеме мәселелері

    Пәннің мақсаты - қазақ тіл біліміндегі уәждеме мәселелері сөздің ішкі формасы, мотив, уәж, демотивация, ремотивация, неомотивация, уәждемелік форма, уәждемелік мағына, уәждемелік парадигма терминдерінің мағынасы ашылып, аталым – уәждеме – сөзжасам үштігінің байланысын қарастыру. Пәннің мазмұнына уәждеме теориясы лексикологиялық, лексикографиялық, танымдық, ономасиологиялық аспектілерінде анықталатындығы, уәждемелік талдау жасау, қазіргі қазақ тіліндегі тілдік тақырыптардың жүйелену процесі арасындағы айырмашылықтар енгізілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аймақтық әдебиеттану

    Пәннің мақсаты - Есіл-Көкше өңіріндегі ақын-жазушылар шығармагерлігі, шығармашылық бағытының ерекшеліктері, аймақтық поэзия, проза, драматургия, сатираның қалыптасуы мен даму өрісі, аймақтық әдебиеттің өзіндік ерекшелік-бітімі, оның танымдық-тәрбиелік, эстетикалық мәні, көркемдік жайлары, аймақтық әдебиеттанушылардың ғылыми мұрасы, әдеби процестегі орнын қарастырады. Аймақтық әдебиеттанудың ұлттық әдебиеттанудың дамуындағы өзіндік орны айқындалады. Аймақтық әдебиеттану мұраларын ұлттық әдебиеттану ғылымымен салыстыра отырып талдау жүргізіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары

    Пәннің мақсаты –қазіргі әдебиеттану әдіснамасындағы өтпелі процестердің мәнін ашып, қазіргі батыс және ұлттық әдебиеттанудағы жетекші ғылыми мектептердің негізгі теориялық заңдылықтарымен, олардың өзара әсері байланысын қарастыру. Пәннің міндеті – көркем мәтінді талдау әдістемесіне әртүрлі тәсілдерді ұсынатын жетекші әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектерін зерделеу; әдебиет туралы ғылым дамуының қазіргі кезеңінде әдеби шығарманы талдаудың неғұрлым өзекті қағидаттарының мүмкіндіктерін көрсету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әлем әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты - батыс елдері халықтары әдебиетінің тарихы, даму кезеңдері, әдеби бағыты, әлем әдебиетіндегі құнды көркем мұралар, шетел әдебиетіндегі проза мен поэзияның, драманың өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы білім беруді көздейді. Әлем әдебиетінің материалдарын ұлттық әдебиеттану ғылымының жетістіктерін таныту үшін салыстырмалы-типологиялық талдаулар жасау, әдеби шығармаларды кешенді талдау мәселесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көмекші сөздер мен аналитикалық форма жүйесі

    Пәннің мақсаты - көмекші сөздердің көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен бастап, орта түркі, қазіргі туыстас түркі тілдеріне дейінгі тарихи-лингвистикалық даму жолы мен қалыптасуынан, қолданылу статистикаларынан, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық салаларынан кешенді түрде қарастыру. Көмекші сөздердің жалпы ғылыми негіздегі теориялық тұжырымдарын, аналитикалық форманттары мен қимылды білдірудегі мағыналарын және синтаксисін қазақ тілімен тікелей салыстырып беру, түсіндіру мақсат етіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Салыстырмалы әдебиеттану

    Пәннің мақсаты - түрлі ұлттық, аймақтық әдебиеттерді, олардың өзара байланыстарын, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеу. Бұл сала әдебиеттану мен мәдениеттанудың шекараларын кеңейтеді, әдебиет шығармаларының тақырыптық, стильдік және жанрлық байланыстарын ашады. Салыстырмалы әдебиеттану әдебиеттер арасындағы тарихи, мәдени, тілдік ықпалдастықты талдап, шығармашылық процестердің халықаралық деңгейде қалай жүзеге асатынын зерттейді. Пән әдебиеттің әлемдік контекстіндегі рөлін, оның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен байланысын терең түсінуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі фольклоры және әдеби байланыс

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті мен фольклорлық мұрасын терең зерттеу. Түркі халықтарының фольклорлық жанрлары, мифологиясы, эпосы, аңыз-әңгімелері мен халық шығармашылығының басқа да түрлері қарастырылады. Әдебиет пен фольклордың өзара әсері, олардың тарихи-мәдени байланыстары мен ұлттық ерекшеліктері талданады. Түркі әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен ортақ тұстары мен аймақтық айырмашылықтар зерттеледі. Түркі фольклоры және әдеби байланыс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тіл танымының тарихы

    Пәннің мақсаты - қазақ тіл ғылымының қалыптасып даму тарихын, қазақ әдеби тілінің әлеуметтік-қоғамдық мән қарастыру. Пән мазмұнына қазақ тіл ғылымының негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаевтың ғылыми еңбектері, олардың тілдің әр саласына енгізген жаңалықтары, ғылыми-теориялық классификациялары енгізілген. Қазіргі қазақ тіліндегі тілдік тақырыптардың жүйелену процесі арасындағы айырмашылықтар, қазақ тіл танымының тарихы бойынша білімдері басқа пәндерден алған білімдерім негізінде интеграцияланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби редакция

    Пәннің мақсаты – қазақ әдебиеті, мәдениетаралық коммуникация саласындағы әдеби редакциялауда білім мен дағдыларды қолданумен байланысты практикалық іс-шараларға түлектердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру. Курстың міндеттер– стилистика және әдеби редакциялау дың теориялық негіздерімен танысу; - мәтін ұғымын және мәтін типологиясын зерттеу; білім алушыларды әдеби редакциялау кезінде мәтіндерді түзетудің әртүрлі түрлерімен таныстыру; мәтіндегі әр түрлі сөйлеу қателерін талдай білуге машықтандыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ фольклористикасының тарихы

    Пәннің мақсаты - қазақ фольклористикасының тарихында фольклордың тегі, жанрына қарай жіктелуі, тарихи зерттеу принциптері, қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдерін қарастыру. Пәннің мазмұнына қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің басқа халықтарда кездесу себептерін типологиялық, поэтикалық жағынан дәлелдей отырып, халықтың арман-тілегінің психологиялық ерекшеліктері, ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері туралы, халықтың сөз өнерінің келешек ұрпаққа беретін үлгі-өнегесі мәселелері енгізілген. Ұлттық фольклористика мен жазба әдебиеттің арасындағы дәстүр жалғастығы танылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары: психолингвистика және әлеуметтік лингвистика

    Пәннің мақсаты - психолингвистика және әлеуметтік лингвистика өзекті мәселелері мен теориялық негіздерін олардың ерекшеліктерін қаратырады. Пән мазмұнына антропоцентристік, танымдық, гендерлік, функционалдылық ұстаным, ұлттың ойлау ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік, когнитивтік болмысы, ділі, мәдениетінің тұтастығы жүйелі түрде енгізілген. Психолингвистика және әлеуметтік лингвистикадағы ғылыми бағыттар негізінде жинақтаған білім интеграциялап, зерттеушілік ұстанымдарын пәнаралық байланыста жүзеге асырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ әдеби тілінің әлеуметтік мәні

    Пәннің мақсаты – жүйелі, тұрақты нормаларымен, сұрыпталған, өңделген, адамдар арасындағы аса маңызды қатынас құралы болып табылатын, мемлекеттік статусқа ие қазақ әдеби тілі халықтың қоғамдық өмірімен, оның ұлттық кезеңге дейінгі және ұлттық кезеңдегі әдеби тілінің әлеуметтік қызметі жайлы ғылыми теориялық мәселелерді қарастыру. Әдеби тілдің стильдік, жанрлық тармақтарының және әдеби тілдің статусын айқындауда ғылыми зерттеулер негізінде білім беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары білім беру парадигмасы контексіндегі филология және гуманитарлық ғылымдардың бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын жоғары кәсібилілікпен ғылыми-зерттеу жұмысында қолданады, қоғамдық институт ретінде ғылымның рөлі мен орнын анықтайды; отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін меңгереді. Әлемдік әдеби процестің, қазақ тілінің тарихын, тіл білімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының өзекті мәселелерін жан-жақты зерделеп, олардың ерекшеліктерін анықтай алады.
  • Гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы қалыптасқан ғылыми көзқарастар негізіндетіл-адам-мәдениет-этнос төрттігінің тұтастығын, синтаксистің функционалдық және коммуникативтік аспектісін анықтайды, тілдің коммуникативтік бірліктері ретінде дисскурс, тілдесім актісі, тілдесім жанры, тілдік жағдаятты саралайды, аталым,уәждеме теориясын, қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін теориялық және практикалық тұрғыданигереді.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысында ғылыми танымның қазiргi үрдістері мен филологияның өзекті мәселелерін салыстырады, синтаксистің функционалдық және коммуникативтік аспектіде зерттелуін, батыс елдері халықтары әдебиетінің тарихын, қазіргі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясындағы мифтік сарындар мен фольклорлық дәстүрлердің берілу жолдарын таниды,көркем шығарма құрылымындағы фрагментарлық, циклдену процестерін игереді.Аймақтық әдебиеттанушылардың ғылыми мұрасы, әдеби процестегі орны жөнінде, жаңа сөздерді аталым шарттарымен байланыстыра зерделеуге қатысты өзіндік ғылыми көзқарасын дәлелдейді, ғылыми болжам жасайды.
  • Жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігіне сүйеніп, әртүрлі ғылыми бағыттар негізінде жинақтаған білімін интеграциялайды, зерттеушілік ұстанымдарын пәнаралық байланыста жүзеге асырады; зерттеушілік іс-әрекетте жоғары интелектуалдық адалдық дағдыларын қалыптастырады, адамзат тілінің пайда болу жолдары, даму кезеңдері туралы ғылыми көзқарастарды бағалайды, сол арқылы өз пікірін тұжырымдайды.
  • Ғылыми зерттеулер контексінде мақсатына қарай қажетті идеяларды таңдап, сауатты қолданады, оның нәтижелерін ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар түрінде жариялайды, зерттеу барысында ғылыми мағлұматтарды қисынсыз өзгертпейді, фальсификацияламайды, плагиатқа жол бермейді, ғылыми этикалық ұстанымдарын сақтайды, ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі мен тәсілдерін үйреніп, теориялық және практикалық білімдерін тереңдетеді.Жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана біледі.
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен әдістемесінде жаңартылған білім мазмұнына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауға негізделген критериалды бағалау, сын тұрғысынан ойлау, жеке және топтық жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс және көшбасшылық, шешендік, инклюзивті білім негіздері, сандық білім жүйесі бойынша теориялық білімді меңгереді, тіл, әдістеме ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар бойынша ізденіп, зерттеу жасайды, коммуникативтік, кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті педагогикалық тәжірибеде қолданады.
  • Филологиялық мамандықтың әлеуметтік мәнін бағалап, педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін, заман талабына сай кәсіби бiлiмін еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі жетілдіріп, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгереді, тіл, әдебиет, әдістеме ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар бойынша ізденіп, шығармашылық әрекеті де заманға сай қалыптасады. Мәтінтану іліміндегі зерттеу әдістері мен технологияларын жете түсініп, мәтін түзудің заңдылықтарын дәлелдей алады.
  • Кәсіби қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгеру арқылы оқыту үдерісінде қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген білім алушылардың танымдық қызметінінің психологиясын ажыратып, көшбасшылықтың психикалық ерекшеліктерін, түрлі оқыту технологияларын сыни тұрғыдан салыстырады, синтаксистік бірліктердің стилистикалық-прагматикалық қызметі талданады, тілдік материалдарды функционалдық тұрғыдан бөлімдерге бөледі, талқылайды, тіл біліміндегі жаңа бағытарға қатысты әлемдік және ұлттық ғылыми тұжырымдарды салыстыра зерттеп, әдістеме ғылымының қоғам дамуымен, ғылымдағы өзгеріс-жаңалықтармен үнемі қалыптасып даму үстінде болатындығын игереді.
  • Пәндер тоғысында жинақтаған білім мазмұнын зерттеу міндеттерін шешуде ғылыми тұжырымдар, креативті шешiмдер ұсынып, ғылыми жұмыстарының нәтижелерін кәсіби қызметінде пайдаланады; кәсіби қызметінде белсенді біліктіліктер мен дағдыларды одан әрі дамыту арқылы шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдетеді.
  • Критериалды бағалау технологиясын (ФБ,БЖБ, ТЖБ және т.б.) және мамандандырылған оқыту әдістемесін12 жылдық білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес тиімді қолданып, педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерін көрсетіп, педагогикалық мониторингті жүзеге асыруда біліктері мен дағдыларын қолдана алу шеберлігін танытады. Ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды заманауи талапқа сай қолдануда кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгеріп, кәсіби қызметінде белсенді біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастырады.
Top