7M02301 Қазақ филологиясы в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Филология саласында құзыретті, нарықта сұранысқа ие, жан-жақты эрудициялы, іргелі теоретико-әдіснамалық базаны білетін, ғылыми-зерттеушілік, ғылыми-педагогикалық, ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер дағдыларын меңгерген мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің мәселелерін қарастырады, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылымның даму заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылым мамандық және әлеуметтік институт ретінде, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шет тілі (кәсіби)
Осы пәнді оқу кезінде магистранттар зерттелетін лексикалық және грамматикалық тақырыптар шегінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді. Кәсіби қызмет саласында арнайы және ғылыми әдебиеттерді түсінуге, табысты жариялау қызметін жүргізуге көп көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Бұл пән бойынша магистранттар тіл білімінің жаңа бағыттары бойынша ғылыми ақпараттарды меңгереді, ғылыми-теориялық мәселелерін талдайды. Заманауи филологиялық ғылыми концепцияларды айқындайды, нақты ғылыми түсінік пен білім қалыптастырады. Лингвистика, историография, библиография, текстология, басқа да ғылым салаларымен тоғысындағы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пән жоғары мектеп педагогикасы бойынша әдіснамалық және практикалық білімдерін дамытуға, магистранттардың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және жобалық қызмет құзыреттерін дамытуға бағытталған. Студентке бағытталған оқыту үрдісінде сандық және ЖИ-технологияларына, критериалды бағалауға, академиялық коммуникацияға, сондай-ақ әлеуметтік құндылықтарды ілгерілетуге және университет жағдайында білім беру процесін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пән адамдарды басқарудағы негізгі психологиялық білім мен практикалық дағдыларды игеруге, қазіргі тенденцияларды ескере отырып, кәсіби басқару құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған: эмоционалды интеллекті дамыту, тұрақты көшбасшылық, командалық өзара әрекеттесу және коммуникация, бейімделу менеджменті. Бағдарлама сыни және басқарушылық ойлауды, өзіндік талдау және рефлексия дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл әсіресе инновациялық технологияларды енгізу, цифрлық трансформация, ЖИ қолдану, инклюзивті білім беру және еңбек нарығының тұрақты дамуы жағдайында маңызды
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми мәтіндер құрылымы
Пән білім алушыларға мақала, жобалар, зерттеулердің құрылымын меңгертуге арналған. Бұл пәнде диссертациялық жұмыстардың қызметі, лексикалық қоры, грамматикалық сипаты қарастырылады. Ғылыми мәтінмен тәжірибелік жұмыстар жүргізу барысында белсенді түрде жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып, магистранттар нақты уақытта мәтін құрылымын талдай алатын, жақсартуларды ұсына алатын, грамматикалық, стилистикалық және логикалық қателерді түзейтін және берілген тақырып бойынша ғылыми мәтіндердің үлгілерін жасай алатын интерактивті көмекшілерге қол жеткізе алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
Пән магистранттарға ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлаудың теориясы мен әдістемесін меңгертуге арналған. Бұл пәнде ғылым туралы теория, зерттеулердің жүргізілу әдістемесі, оның ішінде магистрлік диссертацияны жазу тәртібі мәселелері қарастырылады. Магистранттар ғылыми қызметті ұйымдастырудың жолдарын меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көптілді тұлғаның коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Бұл пән білім алушылардыкөптілді болуға үндейді. Жеке тұлға көп тілді білсе (қазақ,орыс, ағылшын, т.б.) оның тиімді жақтары мол, қоғамға пайдасы көп екенін ескертеді. Пән мазмұны бойынша көптілді білім алудың және білім берудің ұтымды қағидалары мен оны дамыта түсудің жолдарын меңгерту негізге алынады. Көп тілді білген жеке тұлғаның тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру көзделеді. Жеке тұлғаның әлеуметтік және мәдениетаралық құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында этнолингвистикалық компоненттер де ескеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беруді жекелендіру
Пән қазіргі білім беру трендтерінің бірі – дербестендіру туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Оның мазмұны келесі тақырыптармен ұсынылған: білім берудің жеке моделі, оның құрылымы мен факторлары; жеке оқыту принциптері; оқытудың жеке траекториясы туралы түсінік; жеке білім берудегі байланыс ерекшеліктері
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанымдық зерттеудің әдіснамасы
Бұл пән әдебиеттану бойынша жасалатын ғылыми зерттеулердің әдіснамасын қарастырады. Әдебиеттанымдық зерттеудің жүйесі, әдістері, тәсілдері үйретіледі. Ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру үшін жүргізілетін жұмыстар кезең-кезеңімен мақсатты түрде жүргізіледі. Әдебиеттанымдық зерттеу әдіснамасының теориялық тұжырымдары практикамен ұштастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Іскерлік риторика
Пән магистранттарды риторика өнерінің қалыптасу және даму тарихымен, риторика түрлерімен, заманауи спикерлердің сөйлеу мәдениетінің шарттары мен талаптарымен таныстырады. Ауызша сөйлеуге дайындық кезеңдері (тақырып, мақсат, сөйлеу типі мен түрі), сөйлеудің негізгі формалары (диалог, монолог), риторика түрлері (жалпы және жеке) туралы түсінік береді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы мақсаттар үшін шет тілі
Бұл пәнді оқу кезінде кәсіби терминологияға және академиялық жазуға (мақалалар, эсселер, түйіндемелер және т.б.) басты назар аударылады. Магистранттар ғылыми мақалаларды оқу және аудару, кәсіби тақырыптар бойынша қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көптілдік аймақтағы ұлттық тілді және мәдениетті дамыту
Аталған пән ұлттық тілдің дамуы, сақталуы туралы мәселелерді қамтып, мемлекеттік тіл мәртебесін қарастырады. Елішілік диаспоралардың этникалық мәдениетін зерттеп,этнотілдік құрылыстың стратегиясы мен этнотілдік саясаттың жүзеге асырылу тәсілдерін зерттейді. Сонымен қатар тіл және мәдениет, халықтың ауызекі сөйлеу ерекшеліктері, этникалық сәйкестік, этникалық сана және т.б. мәселелерді қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Іскерлік қазақ тілі
Бұл пән жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасында оқитын магистранттарға арналған. Пәнде іскерлік қазақ тілінің практикалық негізі қарастырылады. Магистранттар тіл мәдениетінің нормаларын, іскери лексикалық минимумдарды, қазақ тілінде іс-жүргізу дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Конструктивті қарым-қатынас психологиясы
Пән кез келген профильдегі маманның іс-әрекетінің түрі ретінде қарым-қатынас туралы білімді меңгеруге бағытталған, кәсіби даму мен тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы қарым-қатынастың маңызы туралы. Пән барлық әлеуметтік жағдайларда табысты қарым -қатынас дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХХ-ХХІ ғ. әдебиетіндегі белсенді үрдістер
Бұл пән бойынша ХХ-ХХІ ғ. әдебиетіндегі жаңа үрдістер қарастырылады. Қазіргі әдебиеттегі тарих, қоғамдық, әлеуметтік тартыстар қамтылады. Қазіргі әдебиеттегі реализммен қатар модернистік, постмодернистік ағымдағы туындылар талданады. Әдебиеттегі қоғамның әлеуметтік проблемалары, жаңа заманның жағымды-жағымсыз жаңалықтары және өзге сан салалы рухани-мәдени мәселелері бұл пәннің өзекті мәселелері болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Лингводидактика тарихы
Бұл пән тілді қоғамдық дамудың заманауи кезеңіндегі ғылыми объекті ретінде қарастырады. Лингводидактика – тіл мен дидактиканың бір-бірімен байланысқан егіз құбылыс екеніне тоқталады. Тіл білімінің жүйелік құрылымын, қызметін және негізгі компоненттерін айқындап, тілді оқыту принциптерінің қалыптасу тарихын, заманауи жүйесінің негізгі принциптерін белгілеп, мәдениаралық оқыту әдісін ескереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттегі фольклорлық дәстүрлер
Бұл пән бойынша фольклордың мәдениетпен, әдебиетпен, философиямен, тарихпен байланысты мәселелері қарастырылады. Фольклор қазіргі әдебиеттің негізгі бастау көзі ретінде талданады. Ауыз әдебиетінің этнографиямен, тіл білімімен, тарих ғылымдарымен байланысы теориялық тұрғыда қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Контрастивтік лингвистика
Пән магистранттарға салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің теориялық және практикалық негіздерін меңгертуге арналған. Бұл пәнде контрастивтік тіл білімінің қалыптасуы, шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдар, қазақ тілі мен орыс тілі (түркі тілдері) фонетикасы, лексикологиясы, грамматикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвистикалық ілімдердің тарихы
Бұл пән білім алушылардың лингвистикалық білімі мен лингвистикалық талдау тәжірибесін, біліктілігін жүйелеуге бағытталған. Сонымен қатар тіл маманының теориялық және практикалық біліктілігін ғылыми қызметке дайындау ескеріледі. Тіл теориясы, тіл бірліктері мен олардың қарым-қатынасына қатыстыережелер, тіл білімінің теориялық-әдіснамалық дамуы, лингвистикалық бағыттар мен мектептер және олардың синхронды тіл ғылымына әсері, лингвистикалық парадигмалар және олардың заманауи тіл теориясындағы эволюциясы, мәні мен жетістіктері туралы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Постмодернизм әдебиеті
Бұл пән инновациялық-модернистік сипаттағы ақындар мен жазушылардың шығармашылығын қарастырады. Қазақ, орыс және әлем әдебиетіндегі постмодернизм мәселелері оқытылады. Әдеби шығармалардағы өмір шындығы мен көркемдік жетілудің, көркемдік кеңістік пен көркемдік уақыттың арақатынасы, шығармалардың тілдік, стильдік ерекшеліктері, әдеби техниканың инновациялық сипаты талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл экологиясы: ауызша және жазбаша сөйлеудің мәдениеті
Бұл пән бойынша тілдің экологиялық мәселелері, сөз экологиясының негізгі ұғымдары оқытылады. Тіл экологиясының ғылыми және қоғамдық проблемалары қарастырылады. Қазіргі қоғамдағы лингвоэкологиялық жағдаяттары, лингвоэкологияның басты ұғымдары, қазіргі сөз экологиясының тілдік факторлары талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Юрислингвистика
Юрислингвистика қолданбалы лингвистикалық пәнге жатады. Қарастыратын нысаны - юриспруденция мен тіл білімінің тоғысындағы мәселелер. Юрислингвистиканың қалыптасу тарихы мен бүгінгі мәселелерін қарастырады. Магистранттарға лингвистикалық сараптама жасаудың жолдарын үйретеді. Заңнама құжаттарының тілін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Когнитивтік лингвистика
Пән магистранттарға когнитивтік лингвистиканың теориялық негіздерін меңгертуге арналған. Бұл пәнде ұлттық дүниетанымның тілдік бейнесі, тіл мен ойлаудың арақатынасы, концептілік құрылымдар мен олардың түзілуі, тілдік парадигмалар қарастырылады. Магистранттар мәтіндерге концептілік талдаулар жүргізу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы қазіргі әдеби үрдіс
Бұл пән бойынша Қазақстандағы қазіргі әдеби үрдіс, проза және поэзия жанрларындағы жаңа туындылар теориялық және практикалық тұрғыда қарастырылады. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандық ақын-жазушылр шығармаларының көркемдік ерекшеліктері оқытылады. Заманауи қазақстандық әдеби үрдістің негізгі өкілдерінің шығармалары талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвоелтаным
Бұл пән бойынша лингвоелтанымның теориялық, практикалық мәселелері қарастырылады. Белгілі бір елдің әдебиетіндегі, мәдениетіндегі, тарихындағы, саясатындағы ерекшеліктер ана тілімен салыстырылады. Білімалушының дүниетанымын дамытады. Тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасы туралы мағлұмат беріледі, елдің салт-дәстүрі, олардың бір-біріне, дүниеге көзқарасы туралы хабардар етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тіл білімінің өзекті мәселелері мен ғылыми концепцияларын талдау, нақты түсінік пен білімді қалыптастыру: лингвистиканы зерттеудің жаңа бағыттары мен әдіснамалық аспектілерін, сондай-ақ лингвистикалық мәтінді өңдеуде жасанды интеллект үлгілерін пайдалану дағдыларын меңгеру
- Ғылыми коммуникацияны қазақ, орыс және шет тілдерде жүзеге асыра булу
- Фольклордың негізгі заңдылықтары мен әдебиеттің сипаттамалы және тарихи аспектілері бойынша өзіндік зерттеу дағдыларын меңгеру
- Көркем мәтінді тілдік сараптаудың негізгі әдістері мен методологиясын, көркем мәтінді құрастырудың құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін қарастыру
- Интернет және педагогикалық технологияларды кәсіби қызметінде сапалы деңгейде жүзеге асыру дағдыларын меңгеру, жоғары мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра білу
- Ғылыми зерттеудің теориялық негіздерін, ғылыми әдістемесін және оның мазмұнын, ғылыми-зерттеу жұмысының түрлерін, жобалау техникасына қойылатын талаптарды меңгеру
- Дағдылы қарым-қатынастың түрлі салаларында коммуникативтік стратегия мен тактика, шешендік, стилистикалық және тілдік норма мәселелерін меңгеру; коммуникация дағдыларын және риторикалық шеберлікті меңгеру
- Қазіргі кезеңде ғылымда пайда болатын дүниетанымдық мәселелерді талдау; кешенді, пәнаралық ғылыми зерттеулерде жобалау үшін философияның әдіснамалық құралдарын пайдалану
- Тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының қолданбалы аспектілері және олардың даму динамикасы аясында зерттеулер жүргізу
- Басқару психологиясы мен менеджменттегі басқарудың өзіндік ерекшеліктері мен әдістерін білу, басқару ортасындағы тұлға аралық коммуникация мен көшбасшылық, басшылық дағдыларын меңгеру