6B01402 Музыкалық білім в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи музыкалық, коммуникативтік, цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттіліктері мен инклюзивті музыкалық білім беру дағдыларына ие, музыкалық-оқытудың жоғары сапалы контентін құруға және музыкалық-білім беру үрдісін ұйымдастыруға қабілетті педагог-музыкантты даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Музыкалық психология негіздері
Музыкалық психология негіздері пәні баланың психологиялық дамуын нығайтады. Музыка арқылы балаға тыныштандыратын әуен,жігерлілік тудыратын әуен босаңсытуға арналған әуендер әр түрлі музыкалық терапия әдіс-тәсілдерін ойынмен байланыстырып, психотерапевтік техникаларды қолданса әсері жоғарылайтынын айқындайды. Музыкалық психология негіздеріндегі психотерапия адам ағзасына ең тиімді әдіс болып табылады. Музыканы тыңдау әр оқушының мінез-құлқына әсер ете отырып сезімдерді санадан шығарып, оқушылардың бойына жағымды эмоцияларды енгізу болып табылады. Қазіргі мектепте музыкалық білім мен тәрбие беру баланың шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауына бағыт береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка теориясы
Курстың мақсаты музыка теориясы саласында білім алушылар музыкалық сауаттылық біліміне ие болады, музыкалық-теориялық терминдермен танысады. Білім алушылар музыканың қарапайым теориялық негіздерін біледі және музыкалық шығарманың жеке көркемдік интерпретациясын меңгереді. Музыка теориясының негізгі заңдылықтарын игеру мақсатында зерттеледі. Білім алушыларға алғашқы музыкалық сауаттылықты игереді. Музыкалық принциптер мен әдістерді, жүйе құру мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хор класc және хормен жұмыс жасау практикумы
Болашақ кәсіби мамандарды кәсіби музыка өнерінің өсу жолдары, Қазақстан композиторларының шығармаларының стилдік түрлері, хордағы сольфеджио, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін сипаттау, қазақ композиторлары мен музыкатанушыларының білімін көрсету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сольфеджио
Курстың мақсаты музыка теориясы саласындағы пәндік құзыреттілікті арттыру болып табылады. Білім алушылар теориялық білімді игереді, сольфеджиолаудың әртүрлі тәсілдерін меңгереді. Есту қабілеті мен интонациялық дағдыларды қалыптастырады. Білім алушылар әр түрлі ладтарды, интервалдарды, аккордтарды, олардың әуезді және гармониялық құрылымдарын үйренеді. Музыканы тыңдау арқылы дыбысты ажыратуға, жазуға және дауыспен бірден оқуға модуляцияларды айтуға бейімдейді. Музыкалық жанр мен стиль бойынша музыкалық үзінді немесе шығармаларды транспозициялауға үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Хор жүргізу
Хор өнері саласының өсіп дамуынан бастап, ән салу дағдысын, көрнекті хор өнері саласының дирижерлары және композиторлар туралы, сонымен қатар хорды жүргізудің теориясы жөнінде білім алады. Теориялық және практикалық білім бойынша алынған дағды мен біліктілікті білім алушыға кәсіби деңгейде үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Руханиятқа, білім, ғылымға еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыруына озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман талабына сай көзқарастар негізінде адамның ұлттық санасын жетілдіру. Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Музыкалық аспаптар
Музыкалық нотаға ие болу, музыканың жанрлық түрлерін ажырата білу қабілетін қалыптастыру, музыкадағы озық білімге сүйене отырып, зерттелетін салада білім мен ұғымдарды ұсыну, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің мағынасын түсіну, қолдану оқу және практикалық және кәсіби мәселелерді шешуге арналған теориялық және практикалық білім, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу және түсіну, талдау. Теориялық және практикалық білімдерді зерттелетін аймақтағы оқу, практикалық және кәсіби мәселелерді шешуге, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі байланыстарды білуге және түсінуге, талдауға қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)
Негізгі музыкалық аспаптарда орындау әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктерін меңгертеді. Әртүрлі штрихтарды ырғақтық дұрыс орындаудағы музыкалық шығарманың мазмұндық бейнесінің динамикасымен жұмыс жасауға үйретеді. Шығарманың мазмұны мен стилін, бейнесін түсіндіріп көрсете біледі. Композиторлар туралы қысқаша мәліметтер бере отырып, шығарманың орындалу ерекшеліктерін таныстырады. Шығарманың динамикалық, ырғақтық, көркемдік тұтастығын көрсетуге үйретеді. Көркем мәнерлеу құралдарын ажыратуда (регистр, темп, динамика, лад, ритм, фактура т.б.) шығарманы орындауда стильдік, жанрлық ерекшеліктеріне көңіл бөлуге үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Вокалды ансамбль
Вокалды ансамбль ұжымымен жұмыс жүргізуде орындаушылық біліммен қаруланады. Ансамбльдің таңдаулы шығармаларымен жұмыс жүргізеді. Білім алушылар вокалды-хор дағдыларын игереді және шығарманы кәсiби деңгейде орындауды үйретеді. Қазақ, орыс және шетел композиторларының таңдаулы шығармаларымен, вокалды ансамбль әндерімен таныстырып, практикалық жұмыс жүргiзуге дайындайды. Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалана отырып, шығарманы орындаушылықпен айналысуға дайындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ансамблдік орындау
Білім алушылардың ансамбльдік орындауы мен ән салуы дауыстың тазалығы, үйлесімділігі арқылы шеберліктері мен дағдыларын дамытады. Ансамбльмен жұмыс істеу әдістерін үйретеді. Таза айту дағдыларын (бір дауысты және көп дауысты) музыкалық есту, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін айқындайды. Орындаушылық шеберлікте жоғары және төменгі әншілік форманталарды дұрыс пайдалана алады. Жұмсақ және қатты атакаларды орындауға арналған жаттығуларды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект
Бұл пәннің мақсаты-студенттерге жасанды интеллект (AI) туралы негізгі білім мен түсінік беру. Пән студенттердің жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінуін дамытуға бағытталған. Пәннің міндеті-студенттерге интеллектуалды жүйелерді таңдауға, конфигурациялауға және пайдалануға, оларды жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, lағдылар мен қабілеттерді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогика
Педагогика пәнін оқытудың мақсаты тұтас педагогикалық үдеріс жағдайында болашақ мұғалімдердің практикалық іс-әрекетке теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерінің жүйесін қалыптастырады. Білім алушылардың кәсіби жеке (функцияналдық сауаттылық, адамгершілік қарым-қатынас, педагогикалық ойлау, педагогикалық әдеп, толеранттылық) тұлғалық сапасын қалыптастырады. Білім алушылардың шығармашылық, ғылыми ізденіс жұмыстарға, өздігінен білім алуына дайындайды. Педагогика негізінен пәнаралық байланыс талабын орындауды жүзеге асыратын білімдер жүйесіндегі ғылым ретінде интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Балалар хорымен жұмыс жасау
Балалар хор ұжымымен жұмыс жүргізуде орындаушылық біліммен қаруланад. Балалар хоры таңдаулы шығармаларымен жұмыс жүргізеді. Білім алушылар хор дағдыларын игереді және шығарманы кәсiби деңгейде орындауды үйретеді. Қазақ балалар композиторларының хор шығармаларымен, хордың музыкалық шығармаларының шығу тарихымен таныстырып, практикалық жұмыс жасауға дайындайды. Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалана отырып, шығарманы орындаушылықпен айналысуға дайындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика және құқық
Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін білу. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгеру. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйрену. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастыру. Өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар дауысымен жұмыс жасау әдістемесі
Балалардың дауыс аппаратын дұрыс қою арқылы тыныс алудың диаграммасын дамытуға баулиды. Балаға бойын тік ұстау мәдениеті мен әншілік дағдыларды меңгертеді. Екпінді дұрыс қою, орфоэпия (дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы) және ойдың тиянақтылығын жеткізе білу ерекшеліктері сақталады. Балалар даусымен жұмыс істеуде қарапайым вокалдық жаттығуларды орындаудағы эмоционалды жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Артикуляциялық аппараттың белсенді жаттығулары әншінің әнді дұрыс айта алуына көмектеседі. Балалар композиторларының әндерін үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлемдік музыка тарихы
Әлемдік музыка өнері тарихының негізгі кезеңдерін, оның ерекшеліктері мен көрнекті қайраткерлерін қарастырады. Музыкалық өнердің әртүрлі стильдік тенденциялары мен шығармашылық құбылыстарының тарихи дамуы, жанрлардың, формалардың, нақты тарихи-мәдени контекстпен ашады. Музыкалық материалды өз бетінше игеру және талдау қабілетін дамыту үшін әлемдік музыкалық мәдениет туралы жаңа идеяларға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ежелгі дәуірдегі қазақ музыкасы
XIX және XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасының тарихын, музыкалық мәдениеттің тарихи даму кезеңдерін сипаттайды. Кәсіби қазақ музыкасының, қазақ халық шығармашылығының пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ежелгі түрік кезеңінің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктерін талдайды. Қазақ халқының музыка мәдениетінің шығармаларын түсіндіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың критериалды технологиялары
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың жаңа жүйесін енгізе отырып, Педагогикалық ұйымның критериалды бағалау технологиясының негіздерін анықтайды. Өзгертілген білім беру платформасын қалыптастыру кезінде "бағалау", "бағалау жүйесі", "бағалау критерийлері"ұғымдарымен таныстырады,қазіргі қоғамның барлық талаптарына жауап беретін әмбебап бағалау жүйесін жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамалары мен үлгілеріне, мектептің тәрбие жүйесіне, мақсат қою және жоспарлау, бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізуге сипаттама беріледі. Тәрбиелеу үдерісінің мәнін, тәрбиелеу нысандарын, әдістері мен құралдарын түсіндіреді. Сынып ұжымындағы оқушылардың өзара әрекеттесу белгілерін, сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен, балалар бірлестіктерімен қарым-қатынасын анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің негізгі бағыттары бойынша тәрбие жұмысының жоспары мен өзін-өзі бағалау құралдарын пайдалана отырып, оқу жұмысын талдайды және бағалайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі менеджмент
Білім берудің маңызды стратегиялық міндетін, халықаралық біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру мақсатында мемлекеттік және шетел тілдерін меңгереді. Менеджменттің жетекші заңдылықтарын, принциптерін сипаттайды. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын сипаттайды. Басқарудағы тиімді технологияларды кәсіби тұрғыда қолдануға бағыттайды. Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дирижерлық шеберлік
Орындаушылардың ансамбльдік дирижерлық шеберлік үйлесімі мен орындаушылық шеберлігін қамтамасыз етеді. Шығармаға өзінің көркемдік түсінігін беруге талпындырып, музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаруды үйренеді. Музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы (мимико), қол қимылдары арқылы дирижердың іс-әрекетін сипаттайды. Білім алушылар шығармаларды жоғары профессионалдық деңгейде көркем орындау дағдыларын меңгереді. Хор ұжымымен жұмыс істеуге қажетті есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін қалыптастырады, вокалдық-хор дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
Музыкалық білім беру саласындағы жалпы теориялық негіздерді, оқыту әдістемесін, оқушыларға сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру түсіндіріледі. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай мектепте музыкалық білім беруді жоспарлау әдістемесінің теориялық негіздерін меңгертуге ықпал етеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка тарихы
Музыка тарихының қалыптасуының тарихи кезеңдерін, кәсіби музыкалық мәдениеттің пайда болуымен таныстырады. Тарихтың қалыптасуы мен даму кезеңдерін зерттейді. Білім алущылардың жалпы музыкалық және мәдени деңгейін арттыруға ықпал етеді. Еуропа, Батыс Еуропа, орыс музыка тарихымен танысады. Шығармалардың негізгі музыкалық-мәнерлі құралдарының сипаттамасын талдайды. Әлемдік маңызы бар композиторлардың өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мағлұмат алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ музыкасының әдебиеті
Қазақ музыка әдебиеті пәні музыка өнерінің түрлері мен жанрлары туралы түсіндіреді. Халық кәсіби өнер тұлғаларының жеке шығармашылығы қарастырылады. Ежелден атадан балаға мирас болып жеткен қазақ музыкасы фольклорлық жанрлар тобын құрайтын халық әндері мен күйлерімен таныстырады. Халықтың кәсіби өнер түрлері (бақсылық өнер, жырау-жыршылық өнер, ақындық өнер, сал-серілік өнер) түрлерін үйретеді. Болашақ кәсіби мамандарды музыка өнерінің өсу жолдарымен таныстырады. Қазақстан композиторларының шығармашылығының музыкалық-стилдік түрін ажыратып сипаттауға бейімдейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фольклорлық ансамбль
Білім алушылардың музыкалық-фольклорлық аспаптарда шығарманы эмоциялық тұрғыда сезініп, дұрыс түсінеді. Шығармашылық мәнде ойнау қабілетін дамытады. Әрбір музыкалық аспаптардың орындалу ерекшеліктерін танып, талдай білуге өздерін бейімдейді. Кез-келген көне музыкалық аспапта ойнай алатын қабілетті кәсіби орындаушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Орындаушылық шеберлігін шыңдайды, музыкалық шығармалардың көркемдік орындаушылығын дамытады. Ансамбльді ұйымдастыру және бірге жұмыс жүргізудің жетекшісі және дирижерлық аппаратты меңгертуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дирижерлау техникасының негіздері
Дирижерлау техникасын жетік меңгереді, хорға арналған репертуарды талдайды және жаттайды. Музыкалық шығармаларды хорға лайықтап өңдейді, дирижерлық тәсілдерді меңгереді және мақсаттары қарастырылады. Барлық музыкалық өлшемдермен танысып, схемаларды көрсете білу қабілетін музыкалы-эстетикалық және өзіндік ерекшелітерін айқындайды. Дирижерлау техникасы мен жұмыс - тыныс алу, дем алу, тізбекті дем алуға үйретеді. Хор партитурасын оқуға дағдыландырады. Ноталық материалдарды қағаз бетінен оқуға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Домбыра ансамблі
Домбыра ансамблі пәні білім алушылардың домбыра аспабында ойнау дағдыларын дамытады. Қазақтың халық әндері, күйлері және композиторлардың шығармалары орындалады. Домбыра аспабында қағыстарды, штрихтарды, позицияны үйренеді. Музыкалық сауаттылықты арттыру, нотаны парақтан бірден оқу, аспапта ойнау шеберлігінің техникасы артады. Білім алушылардың педагогикалық ансамбльдік репертуарды меңгеру қабілетілігі дамиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).
Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданауды қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыкалық этнография
Музыкалық этнография ұғымы қазақ музыкасының тарихи даму кезеңдерімен ерекшеленеді. Жыраулық өнердің мәдени философиялық аспектісі тарихи аспектіде талданады. Музыкалық этнография қазақ халқының өмірінен орын алған ғұрыптық әндері мен күйлері: «Бәдік», «жарапазан», «жар-жар», «сыңсу», «бесік жыры», «той бастар», «беташар», «естірту», «жоқтау» т.б.насихаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оркестр класы
Оркестрде ойнау дағдыларын меңгертуге, ұжымдағы ойынның орындаушылық шеберлігі техникасының негіздеріне ықпал етеді. Барлық оркестр дауыстарының дыбысталуын есту қабілеті мен музыкалық қызметтің жүргізілуін зерттейді. Дайындық жұмыстары, концерттік қызмет дағдыларын жетілдіреді. Оркестрді басқаруда тәжірибелік дағдыларды шыңдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ музыкасының фольклоры
Фольклортану қазақ халқының көне дәуірінен зерттеліп келе жатқан бүгінгі мәдениетімізге, өмірімізге енген мұраның тарихи-ғылыми маңызыдылығын айқын түсіндіреді. Фольклорлық мұраның халықтылығын, ұлттық рух санамызға сіңірудегі қызметін, тарихилығын, поэтикасы мен этникалық сипатын өскелең ұрпаққа дәріптейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ансамбль класы
Ансамбльдік өзара әрекеттестікті жетілдіре отырып шығармаларды мәнерлі, көркем орындап, интерпретациялайды. Ансамбль класында ән-күйлермен қоса күрделі көп дауысты шығармалармен жұмыс жасауға жол ашады. Музыкалық шығармаларды талдауда әртүрлі жанрлармен, интонациямен, динамикалық ньюанстармен жұмыс жасайды. Білім алушылардың аспапта кәсіби орындаушылық шеберліктері артады, шетел, қазақ композиторларының шығармаларын орындайды. Фразалармен жұмыс жасауды үйренеді. Арнайы конкурстарға, фестивальдарға репертуар, таңдауды үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гармония
Гармония – білім алушылардың музыкалық және жалпы ой-өрісін дамытады. Музыкалық талантын шыңдауға ынталандырады. Білім алушылардың музыкалық сезімталдығын түрлі өнер құбылыстарын , кәсіби ғылыми-эстетикалық ойының өсіп-жетілуіне көмектеседі. Пәннің заңдылықтары мен қасиеттерін игереді. Белгілі бір мелодияға (музыка әуеніне) гармониялық сүйемел жазуды меңгертеді. Музыкалық шығармаларды алуан түрде гармониялау - оның көркемдік мазмұнын түрліше құбылта отырып, үғындыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Музыка пәнін жаңаша мазмұнда оқыту технологиялары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларды бастауыш мектептің оқу-тəрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға міндеттеледі. Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тəжірибесінде тиімді қолдану, оларды терең, жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. Білім сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндігін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектептегі музыка пәні
Мектеп оқушыларының білім алуына ерекше пән - музыка болып табылады. Оқушылардың рухани дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелейді, сана-түйсігі арқылы ойлау, қиялдау, елестету, психологиялық үрдістерді дамуына ықпал етеді. Оқушыларға әнді дұрыс айтуға, музыка әуенін талдап, таңдай білуге үйретеді. Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға, музыкалық аспаптарды меңгертуге жаттықтырады, музыка сабағын оқытудың маңызын айқындайды. Музыка мұғалімі оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектептегі музыкалық білім
Музыкалық білім беру саласындағы жалпы теориялық негіздерді, оқыту әдістемесін, оқушыларға сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру түсіндіріледі. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай мектепте музыкалық білім беруді жоспарлау әдістемесінің теориялық негіздерін меңгертуге ықпал етеді. Теориялық, ғылыми педагогикалық зерттеулерді жүргізу әдістерін көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дауыс қою және вокал
Дауыстармен танысады, дауыс диапозоны, тембрі мен бояуын анықтайды. Тыныс алу мен дыбысты үйлестіруге жаттығады. Дауыс аппараттарымен жұмыс жасауда сөз, дикция, артикуляция дыбыстық-резананстық дағдыларын дамытады. Жоғары ән айту тесситурасы қалыптасады. Шығармашылық жаттығулар мен қарапайым арпеджионы хроматикалық шкала фрагменттерін пайдалана отырып, қарқынды жұмыс жасауға үйретеді. Дауыс қоюда вокалды ән айту қабілетін, тыныс алудың әдістерін, жаттығулар мен вокал дауыстарын біртіндеп дамытады. Вокалдық жүйе таза және мәнерлі орындаудағы динамиканы сақтауға үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлем халықтарының кәсіби музыка өнері
Музыка өнері туралы эстетикалық, теориялық ғылымдар дами бастады. Кәсіби музыкада адамға сазды әуенімен әсер ететін дыбыстық көркем бейне қалыптасады. Музыкада адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Әлем халықтарының кәсіби музыкасы заманауи бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлем музыкасының мәдениетімен әдебиетімен таныстырады. Әр түрлі музыкалық жанрларды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыкалық шығармаларды талдау
Музыкалық форма теориясының негіздерімен және музыкалық формалар тарихын дамытудың кезеңдерімен танысады. Музыкалық идеялардың ішіндегі полифониялық және гомофониялық формалардың циклдік және опералық түрлерін ажыратуға үйретеді. Музыкалық форманы ұйымдастырудың композициялық деңгейлері мен музыканың жанрлық жүйесі, сөйлеу интонациясы, музыка мен поэтикалық мәтін сөздерінің өзара әрекеттесуінің синтетикалық-синкретикалық формалары ажыратады. Тұтас музыкалық шығармалар мен олардың фрагменттерін талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дауыс айқындау
Әншінің әншілік дағдыларын ұстаздық қызметте дауысты шебер пайдалана білуге үйретеді. Дауысты вокалдық, техникалық жағынан жетілдіреді. Музыка пәні мұғалімдерін көркем орындаушылыққа тәрбиелейді, әртүрлі сипаттағы вокалдық шығармалар мен мектеп әндерін көркем орындаудың негізгі заңдылықтарын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептегі музыка сабағын ұйымдастыру
Музыка сабағын ұйымдастыруда әр түрлі іс-әрекеттерді пайдаланады. Сабақты ұйымдастырудың тиімді әдістерін дұрыс қолдануды үйретеді. Сабақтағы оқыту әдістері мен мақсат-міндеттерді шешуге бағыттайды. Оқушылар түрлі әдістерді қолдану барысында білімді алады, әдістерді меңгереді, музыканы тыңдайды және практикалық сабақтарды жүйелі орындайды. Сабақты ұйымдастыруда оқушылардың музыка өнеріне деген саналы қарым-қатынасын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді және іскерліктерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыкалық цифрлық практикум
Музыкалық цифрлық практикум курсында білім алушылар циклдік алгоритмдердің құрылымымен, желідегі ақпарат алмасудың программалық қосымшаларымен танысады. Желіде тілдесу мен желідегі ақпарат жолдарымен, жобаны бірлесіп орындауда мессенджер қолдану жолдарымен танысады. Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды, желідегі тілдесудің қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйретеді. Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауды үйренеді. Ойын сценарийін әзірлеу жолымен, PowerPoint программасын басқаруды, жоба жұмысын презентациялауды, слайдтар жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі
Білім алушылардың аспапта орындаушылық дағдыларын дамытуға бағыттайды. Музыка мұғалімі музыка өнерінің теориясы мен практикалық дағдыларын үйретеді. Шетел, орыс композиторларының классикалық шығармаларын арнайы аспапқа лайықтап жазылған вариациялық формадағы күрделі шығармаларды орындауға дайындайды. Білім алушылардың техникалық дағдыларын дамытады, музыкалық шығармалармен жұмыс жасап, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Транспозициямен композициялық эксперименттерге таңдау жасауға бағыттайды. Білім алушылармен жұмыс істеуде оқытудың әдіс-тәсілдерімен сауатты жасауды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап
Музыкалық аспаптарда ойнаудың әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктерін түсіндіреді. Әртүрлі штрихтарды ырғақтық дұрыс орындаудағы музыкалық шығарманың мазмұндық бейнесінің динамикасымен жұмыс жасауды меңгереді. Шығарманың мазмұны мен стилін, бейнесін түсіндіріп көрсете біледі. Композиторлар туралы қысқаша мәліметтер мен шығарманың орындалу ерекшеліктерімен танысады. Шығарманың динамикалық, ырғақтық, көркемдік тұтастығын көрсетуге үйретеді. Көркем мәнерлеу құралдарын ажырату (регистр, темп, динамика, лад, ритм, фактура т.б.) шығарманы орындауда стильдік, жанрлық ерекшеліктеріне көңіл бөлуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп әндерін талдау
Мектеп әндерін вокалдық және әдістемелі-теориялық тұрғыда талдайды. Сопрано, альт, ерлер партияларымен жұмыс жасайды. Вокалды-хор міндеттерін меңгеру нәтижесіндегі алған білімдерін мектептерде және бала бақшаларда қолданады. Студенттерді кәсіби мамандыққа даярлаудағы іс-әрекетін шыңдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баян класы
Баян аспабының шығу тарихы мен даму кезеңдері жайлы ақпаратпен танысады. Баян аспабының құрылымы, баспа қатарлары, ноталардың баспаларда орналасу ретімен жұмыс жасайды. Орындаушының дұрыс отырысы мен қол қойылымдары туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырады. Музыка саласында баян аспабының өзіндік ерекшеліктері: аккордтық, мелодиялық және ритмикалық мүмкіндіктері білім алушылардың орындаушылық шеберлігін арттырады. Баян аспабында ноталық сауаттылықты қалыптастырады, ноталарды оқу, ырғақтық сезімін дамыту және музыкалық шығармаларды талдау дағдыларын меңгертеді. Импровизация жасау және жаңа әуендер шығару қабілеті артады, ансамбльде, оркестрде баян аспабында орындаушылық шеберлігін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыкалық цифрлық технологиялар
Білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында, мекемелерінде компьютерлік музыкалық бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы, АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Музыкадағы дыбыстар ерекшелігімен оларға цифрлық сипаттама береді. Ішектердің тербеліс теориясы, музыкалық дыбыстың жоғары-төмендігінің физикалық шамаларға тәуелділігі музыкалық технологиялармен айқындалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Мектеп ән репертуары бойынша практикумы
Әрдайым шеберлікті жетілдіріп, шыңдап отыру, көркем-идеялық мазмұны мен стилі әр түрлі мектеп әндерінің репертуарын толықтырып отырады. Музыка сабақтарын талапқа сай жүргізуде дұрыс репертуар таңдауға үйретеді. Орындаушылық, музыкалы шығармашылық жұмыстарды табысты орындай алатын кәсіби тұрғыда дайындауға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады.
- Экономика, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша білімдерін көрсетеді, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметіндегі этикалық нормалар мен моральдық құндылықтардың мәнін түсінеді. Қаржылық сауаттылық, бизнесті жоспарлау және ұйымдастырудағы бастапқы дағдыларын қалыптастырады, қоғамның экономикалық өміріндегі көзқарастарын дамытады.
- Жеке іс-әрекеттеріне түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданады. Интернет-ресурстары, ақпаратты іздейді, сақтайды, өңдейді, қорғайды және тарату бойынша бұлтты, мобилді қызметтерді қолданады. Өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамытады.
- Білім алушылар жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізудің этикалық және әлеуметтік аспектілерін түсінеді. Блім алушылар педагогикалық қызметке жасанды интеллектті енгізу және инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болады.
- Музыкалық білім беруде әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті өзінің моральдық, азаматтық оқыту дағдыларын дамытады. Мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру траекториясын құрады. Қазіргі әлемде ұтқырлыққа, сыни ойлау мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.
- Музыка мұғалімінің педагогикалық шеберлігін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндігін кеңейту үшін оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
- Музыкалық іс-әрекетте, стильдер, жанрлар мен формалардың ерекшеліктері арқылы музыкалық тіл табиғатының бірлігі мен тұтастығы идеясын түсіндіреді. Музыкалық ұйымдастырушылық арқылы орындаушылық үрдісте орын алатын құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдар байланыстарын басқарады, талдайды.
- Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсінеді.
- Музыкалық-педагогикалық әдіснамалық ғылымдарды игереді. Әдіснамалық - теориялық маңызы бар іргелі ғылыми ұғымдарды таниды, түсінеді. Музыкалық білім берудің жаһандық және жергілікті мәселелерін шешеді, интеграциялайды өзіндік ұстанымын дәлелдейді.
- Музыкалық білімде әдіснама мен талдауды, ғылыми зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолданады, жаңа білімді түзеді. Оқу-практикалық, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қалыптастырады. Құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді.
- Озық білімге негізделген, ғылыми зерттеу бағытындағы білім түсініктерін көрсетеді. Оқу – практикалық, кәсіби міндеттерді шешеді, теориялық, практикалық білімді қолданады. Оқуды өз бетінше жалғастыраду үшін қажетті оқыту дағдыларды, фактілерді құбылыстарды, теорияларды, олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді.
Ұқсас БББ
6B01402 Музыкалық білім
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01402 Музыкалық білім
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B01402 Музыкалық білім
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01402 Музыкалық білім (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01402 Музыкалық білім
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті