7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылым және кәсіби қызмет саласы бойынша құзыретіліктерді меңгерген, бастауыш білім беру бағытында бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M003 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
"Шет тілі (кәсіби)" курсы грамматика, кәсіби сипаттағы лексикалық материалды және кәсіби бағыттағы мәтіндерді қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант шетел тіліндегі сөздік-анықтамалық әдебиеттермен, шетел тіліндегі ақпараттық ресурстармен, заманауи компьютерлік аударма бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, бағдарламалық материал аясында шынайы кәсіби-бағытталған мәтіндердің негізгі мазмұнын талдайды, контекст бойынша бейтаныс сөздердің мағынасын болжай отырып, өзі үшін маңызды ақпарат алады. Пәнді аяқтағаннан кейін магистрант өзінің ғылыми жұмыстарын жетекші шетелдік ғылыми дәйексөздер базаларында жариялай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пән магистранттар үшін басқару психологиясының теориялық және әдістемелік негіздерін түсінуге бағытталған. Пәннің тақырыптарын меңгеру нәтижесінде білім алушы адами ресурстардың басқару стратегияларын әзірлеуге қатысады, басқару тиімділігінің психологиялық ерекшеліктерін талдай алады, басқару психологиясының әдістерін адекватты таңдап, дұрыс қолдана алады, ұжымда әріптестерімен қарым-қатынас дағдыларын меңгереді, өзара әрекеттеседі және басқа адамдардың мінез-құлқына әсер етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы және философиясы
Курс барысында философия және ғылым категориялары мен концепцияларының жалпы жүйесін талдайды. Магистрант қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді сыни тұрғыдан талдау және бағалау, ғылыми-зерттеу және практикалық мәселелерді шешуде, оның ішінде пәнаралық салаларда жаңа идеяларды қалыптастыру қабілетін көрсетеді. Магистрант ғылым тарихы және философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас, жүйелі ғылыми дүниетанымға негізделген кешенді зерттеулерді, соның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалайды және жүзеге асырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш білім мен ғылымның өзекті мәселелері
Ғылым мен білімнің даму бағыттары, ғылымның дамуындағы теориялық әдістері, тұжырымдамалары, білім беру саласындағы реформалар, ғылым анықтамасының мәселелері, ғылым құрылымы, атқаратын функциялары, ғылымға қойылатын критерийлер, бастауыш білімнің жаңартылған мазмұны зерделенеді. Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, қолдану кезінде дамытылатын білімдерді, түсініктерді, зерттеу әдістерін қалыптастыру; мәселелерді шешу барысында шығармашылық қабілетін пайдалану жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пән жоғары білім беру жүйесі, оның құрылымдық элементтері, жоғары білім беру жүйесін реттейтін қолданыстағы заңнамалық база туралы білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқып-үйрену жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық мәдениетін, магистранттар арасында жалпы және кәсіптік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Бұл оларға ЖОО-да оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру дағдыларын дамытуға, сонымен қатар білім беру жүйесін жобалау және оқу-әдістемелік құжаттарын әзірлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш білім берудің қазіргі мәселелері
Педагогика ғылымының қазіргі жіктемесі мен бастауыш білім берудегі мониторингті ғылыми және тәжірибелік мәселе ретінде тұжырымдайды. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін саралайды. Бастауыш білім берудің даму жолдарын жобалайды. Оқыту нәтижелерін анықтауға, білім мазмұнын құрастыруға, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қатысты амалдарды талқылайды. Ғылыми білім алудың заманауи әдістерін анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Болашақ мамандарды кәсіби бастауыш білім беруге даярлау
Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың концептуальды бағыттары мен педагогикалық ғылыми негіздерін, мазмұнын меңгереді. Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басымдықтарын саралайды. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдастырудың құрылымдық мазмұны мен ұйымдастыру жағдайын, оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін зеределейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруды зерделейді. Білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдылары, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау, жазу мәдениеті қалыптасады. Сыни ойлау дағдысы, лингвистикалық-прагматикалық құзыреттіліктері мен өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін белсендіреді. Академиялық адалдық мәдениеті мен принциптерін тұжырымдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Андрагогика
Бұл пән студенттерді ересектердің білім алуындағы психологиялық, педагогикалық ерекшеліктермен таныстырады. Андрагогиканы оқу процесінде өмірлік тәжірибені ескере отырып, ересектердің өзін-өзі дамуына, кәсіби және тұлғалық өсуіне жағдай жасауды мақсат етеді. Студенттер бұл пән арқылы ересектерді оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгереді және өмір бойы білім алу идеясын терең түсінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Акмеология
Акмеологияның ғылым ретінде қалыптасыуы мен дамуын, адам жəне қоғам туралы ғылымдармен байланысын, базалық ұғымдардың мəнін талдайды. Кəсібилікті дамытудың жалпы жəне ерекше акмеологиялық факторларын қарастырады. Студенттердің тұлғасын акмеологиялық дамытудағы теориялық тұғырларын саралайды. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың мəнін, мазмұны жəне құрылымын зерделейді. Кəсіби шығармашылықты қалыптастырудың акмеологиялық мəселелерін, жоғары білім беру тəжірибесіндегі акмеологиялық технологияларды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары білім беру жүйесінде педагог-ғалымның этикасы
Ғылым және ғалым этикасының негізгі ұстанымдарымен, педагогикалық этиканың қалыптасу тарихын саралайды. Педагогикалық этиканың қағидаларын, этикет тұлғаның ішкі мәдениетінің сыртқы көрінісі ретіндегі мазмұнын зерделейді. Нақты жағдайдағы этикет ережелерін, ғылымдағы мораль және ғылыми ұжымдағы өзара әрекеттестіктің адамгершілік мәселелерін, ғылым мен этика арасындағы қарама-қайшылықтарды және ғалымның ғылыми еңбегінде ұстанатын моральдық, адамгершілік қағидаларын тұжырымдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі көшбасшылық
Пәнді оқу ұйымдағы өзгерістерді бастауға және табысты басқаруға, дамудың икемді стратегиясымен жұмыс істей білуге және нәтижелерді бағалауға; білім беру ұйымының командасында бөлінген көлденең көшбасшылықтың құрылымын құруға, адамдарды дамытуға және бағыттауға, жанжалдарды шешуді жеңілдетуге; дидактикалық дизайнды басшылыққа ала отырып, білім беру бағдарламасының сапасын әзірлеуге және бағалауға, білім беру ортасын қалыптастыруға, білім беру ұйымының брендін басқаруға бағытталған ұйымдар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Жоғары мектепте білім беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдайды. ЖОО-дағы педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістемесін саралайды. Жоғары білім дидактикасына талдау жасайды. Оқытушы мен студентті педагогикалық процестің субъектісі ретінде қарастырады. ЖОО-дағы педагогикалық процестің формаларын айқындайды. Жоғары мектептегі білім сапасын бақылау мен педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын зеределейді. Педагогикалық процестегі инноватика және шығармашылық ұғымдарының мәнін анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық антропология негіздері
Педагогикалық антропологияның негізгі философиялық ұстанымдарын айқындайды. Антропологиялық білімді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның тәрбиелеу процесі мен оқыту жүйесіндегі артықшылықтары мен өзектілігін саралайды. Педагогикалық антропологияның тәрбие мен оқыту жүйесінде алатын орны мен маңызын тұжырымдайды. Педагогикалық антропологияның тәрбие және дидактикалық әдістері мен тәсілдерін зерделейді. Антропологиялық білімнің идеяларын, әдістерін оқу мен оқытуда белсендіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте STEM технологиясын қолдану әдістемесі
STEM зертханасын қолдану мүмкіндіктерін теориялық және әдістемелік тұрғыдан өзара байланысты зерделейді. STEM зертханасын бастауыш сыныпта тиімді қолдану, оқу мен оқытуда оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін STEM технологиясының көмегімен жүзеге асырудың тәсілдерін саралайды. STEM зертханасын қолданудың мазмұнын, механизімдерін және білім алу мен білім берудегі тиімділігін әдістемелік тұрғыдан айқындап, оны қолданудың мүмкіндіктерін тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі жасанды интеллект негіздері
Бастауыш білім берудегі жасанды интеллект негіздері теориялық тұрғыда талдайды. Жасанды интеллектің негізгі алгоритмдері мен білім беру процесіндегі практикалық қолдану әдістерін саралайды. Жасанды интеллектің мүмкіндіктерін және оның оқыту процесіне ықпалын айқындайды. Жасанды интеллекттің бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік дамуына ықпалын, оқу материалдарын бейімдеу және автоматтандырылған бағалау жүйелерін енгізу тәсілдерін талдау қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өңдеу әдістері
Педагогикалық зерттеулердің негіздерін, тексеруде математикалық өңдеу әдістерін қолдану тәсілдерін, тәуелді, тәуелді емес таңдаулардың нәтижелерін бағалауды, әдістерді салыстыру жолдарын қарастырады. Педагогтың дидактикалық білгірлігін сабақ барысында және сабақтан тыс оқытуда математикалық өңдеу әдістері арқылы сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту негіздерін көздейді. Зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді, қорытындылар мен мәселе шешімдерін хабарлауды ұйымдастырады, интеграциялауды сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Болашақ мамандарды қашықтықтан білім беруге даярлау
Болашақ мұғалімдерде бастауыш мектепте АКТ-ны пайдаланып оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті практикалық білік пен дағдылар қалыптасады. Қашықтықтан білім беруге негізделген бағдарламалармен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін белсендіреді. Ғаламторда жұмыс істеу, желілік этикет және желі арқылы ақпарат алмасудағы қауіпсіздік, интерактивті репетиторлар, интерактивті экскурсиялар, электронды тесттер, ойындар құрастыру біліктерін игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім сапасын халықаралық бағалау жүйелері
Бастауыш білім сапасын халықаралық бағалау жүйесі бойынша бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері, құралдары, оқыту мәселелерін болжауды тұжырымдайды. Білім беру сапасын арттыру мақсатындағы пәнаралық контекстегі кәсіби мәселелерді шешуде игерген білімін, ой тұжырымын, шығармашылық әлеуетін белсендіреді. Бастауыш білім сапасын халықаралық бағалаудағы негізгі идеяларды, қорытындыларды, мәселе шешімдерін саралайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық педагогика және жасанды интеллект
Білім берудегі цифрлық педагогика және жасанды интеллет қағидаттарын, мүмкіндіктерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан өзара байланысты зерделейді. Жасанды интеллект технологияларының білім беру саласындағы интеграциясын, оқытуды жекелендіру, оқу жетістіктерін бағалау және оқу процесін автоматтандыру мүмкіндіктерін талдайды. Жасанды интеллекті қолданудың мазмұнын, механизімдерін, білім алу мен білім берудегі тиімділігін әдістемелік тұрғыдан айқындап, оны қолданудың мүмкіндіктерін тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Цифрлық оқу басылымдарымен жұмыс істеу әдістемесі
Цифрлық оқу басылымдарын оқу-әдістемелік қызметі және ақпарат түрі бойынша жіктейді. Мазмұндық құрылымына, дидактикалық қасиеттеріне қойылатын, сараптауға қойылатын талаптарды сараптайды. Цифрлық оқу басылымындағы ақпараттың әртүрлілігін саралайды: мәтіндік және гипермәтіндік; статикалық (реалистік және синтезделген) көрнекі; статикалық (реалистік және синтезделген) көрнекі ақпарат; дыбыстық ақпарат. Цифрлық оқу басылымдарын сараптаудың жүйелі тәсілдерін тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- философия, психология, педагогика салаларының теориялық мәселелерін, негізгі ғылыми концепцияларын сыни тұрғыдан талдайды, қоғам мен ғылым дамуының жалпы мәселелерімен, өмірдегі жағдаяттармен байланыстырып тұжырымдайды;
- Оқу мен оқытуда тілдік (шетел тілі) және қатысымдық дағдыларды, сандық ресурстарды, инновациялық технологияларды жоғары дәрежеде қолданады;
- Бастауыш білім беру саласында үздіксіз білім алуда пәнаралық білімдерін интергациялайды;
- Білім беру жүйесінің міндеттеріне сәйкес бастауыш мектептің оқу процесін жобалайды;
- Идеяларды әзірлеу мен қолдану кезінде бастауыш білім беру саласындағы дамытылатын білімдерді зерттеу контексінде игергенін көрсетеді;
- Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, пәндік салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;
- Цифрлық педагогика мен жасанды интеллект негіздерін оқу процесінде қолдану қағидаттарын, бастауыш білім беру саласындағы интеграциясын, оқытуды жекелендіру, оқу жетістіктерін бағалау және автоматтандыру мүмкіндіктерін саралайды;
- Игерген теориялық білімдерін ғылыми тағылымдама мен практикалық іс-әрекетте жалпылайды.
Ұқсас БББ
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)