Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Курс ғылыми идеялар мен философиялық концепциялардың қалай дамығанын түсіндіреді, ғылыми теориялардың философиялық негіздерін, ғылыми жаңалықтардың философиялық ойға әсерін талдайды және ғылым мен философияның байланысын зерттейді. Пән сыни ойлауды дамытуға, ғылым мен философияның әлеуметтік-мәдени контекстін түсінуге, адам білімінің дамуы туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелері

    Ғылым мен білімнің даму бағыттары, ғылымның дамуындағы теориялық әдістері, тұжырымдамалары, білім беру саласындағы реформалар, ғылым анықтамасының мәселелері, ғылым қурылымы, атқаратын функциялары, ғылымға қойылатын критерийлер, бастауыш білімнің жаңартылған мазмұны зерделенеді. Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, қолдану кезінде дамытылатын білімдерді, түсініктерді, зерттеу әдістерін қалыптастыру; мәселелерді шешу барысында шығармашылық қабілетін пайдалану жолдары ұсынылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бастауыш мектеп педагогикасындағы зерттеу әдістері

    Жоғары мектеп педагогтарының кәсіби біліктілігі мен зерттеу қабілетін дамыту бағытын таңдаудағы ақпараттарды іздестіру жолдарын саралап, зерттеудің орындалу барысында пәнаралық білімдерді интеграциялау арқылы кәсіби мәселерді шешуді көздейді. Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, ресми түрде жариялау, хабарлау, кәсіби әрекетінде шығармашылық қабілетін қалыптастыруды сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын бастауыш мектепте ұйымдастыру

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері, ғылыми танымның методологиялық негізі мен ғылыми зерттеудің әдістерін қарастырылады. Зерттеу бағытын таңдаудағы ақпараттарды іздестіру жолдарын саралап, ғылыми талқылауға ұсына алуды; зерттеудің орындалуы барысында пәнаралық білімдерді интеграциялау арқылы кәсіби мәселерді шешуді көздейді. Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, ресми түрде жариялау, хабарлау, кәсіби мәселелерді шешуге қажетті білім мен түсінік, шығармашылық қабілетін қалыптастыруды сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектепте әдебиеттік білім берудің қазіргі мәселелері

    Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, ақын, жазушылардың идеяларын, көркем шығармаларын оқушыға меңгерту арқылы жас ұрпақтың өмірге көзқарасын қалыптастырудың, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырудың қазіргі технологияларын қарастырады. Бастауыш білім беру саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, зерттеу әдістерін игеруді, кәсіби мәселелерді шешу, сандық білім беру ресурстарын қолдануды, пәнаралық білімдерін интергациялауды сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары.

    Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде),

    Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бастауыш мектепте қазақ тілін лексика-граматикалық тұрғыдан оқыту

    Бастауыш мектепте қазақ тілін лексика-грамматикалық тұрғыдан оқыту процесі тілдік қатынас дағдылары мен біліктерін қалыптастырудың, дамытудың ерекшеліктері, жолдары, әдіс-тәсілдері, оқу материалдарын пайдаланудың ғылыми негіздемесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйеcі

    Халықаралық жүйе бойынша бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері, құралдары, оқыту мәселелерін болжауды қарастырады. Пәнаралық контексте кәсіби мәселелер - білім беру сапасын арттыру үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдаланады, идеяны, қорытындыларды, мәселе шешімдерін нақты, тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, пәнаралық білімдерін интергациялауды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби білім педагогикасы

    Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын ұсынады. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруға баулиды. Білім беру мазмұнын модернизациялау мен үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–елегінен өткізуді ұсынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дербесәдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: - дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін біледі; - жоғары оқу орындарында дербесәдістемелік пәндерді оқыту барысында туындайтын оқу- танымдық міндеттерді кәсіби деңгейде шешу білігі қалыптасады; дербесәдістемелік пәндердің теориялық негіздері бойынша алған білімдерін және біліктерін білім алушылармен практикалық жұмыстар жүргізу барысында шығармашылықпен пайдалана білуге үйренеді; жоғары оқу орындарындағы оқытудың қазіргі заманғы технологияларын іс-тәжірибеде қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заманауи білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әркеттік тұғырлар

    Әдіснамалық қағидаттар, негізгі мазмұны және мәдени-тарихи теорияны қолдану, білім берудегі іс-әрекет тәсілі туралы, мәдени-тарихи және іс-әрекет тәсілдерімен үндес зерттеулер және оларды қазіргі отандық білім беруде қолдану туралы білімді игереді. Топтарда жұмыс істей отырып, мәдени-тарихи теорияның бастауларын, оның негізгі мазмұны мен әдіснамалық мүмкіндіктерін, отандық психологиядағы іс-әрекет тәсілінің пайда болу тарихын талдайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат (ағылшын тілінде).

    Пән ағылшын тіліндегі академиялық жазу дағдыларын, сыни ойлауды, ғылыми идеяларды құрылымдап жеткізуді дамыту, сондай-ақ ағылшын тіліндегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктері арқылы кәсіби шет тілін меңгеру құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Ерекше назар магистранттардың академиялық дискурс ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби құзыреттерін дамытуға және жазбаша ғылыми тілін жетілдіруге аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Білім беру сапасын бағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру механизмдері

    Сапаны қамтамасыз ету, сапа мәдениетінің дамуын, қоғам қажеттіліктерін, күтілетін нәтижелерді ескеру арқылы білім беру сапасын бағалауды ұйымдастыру, жүзеге асыру механизмдерін ұсынады. Пәнаралық контексте кәсіби мәселелер - білім беру сапасын арттыру үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдаланады, идеяны, қорытындыларды, мәселе шешімдерін нақты, тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, пәнаралық білімдерін интергациялауды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін қашықтықтан білім беруге даярлау

    Болашақ мұғалімдерде бастауыш мектепте АКТ-ны пайдаланып оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті практикалық білігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бастауыш мектепте оқытылатын пәндерге арналған бағдарламалармен жұмыс жасауға бағытталады. Интернет желісінде жұмыс істеу, желілік этикет және Internet компьютерлік желілері, пошта арқылы ақпарат алмасудағы қауіпсіздік, бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибесінде интерактивті репетиторлар, интерактивті экскурсиялар, электронды тесттер, сөзжұмбақтар, ойындар құрастыруға бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы.

    Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі сандық технология

    Сандық технология білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін негізгі білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Сандық технология көмегімен бейне сабақтарды құру және орналастыру үшін қажетті бағдарламалық және веб-қызметтерді меңгереді. Бейнесабақтар заманауи көрнекі оқыту құралы ретінде ұсынылады. Пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Бастауыш мектептегі жобалау әдістемесі

    Пәнді оқып, зерделеу барысында болашақ мұғалімдер оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табатындығына көз жеткізе отырып, оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен таныстыру үйрету іскерлік ептіліктерін меңгереді; идеяларды әзірлеу, қолдану кезінде дамытылатын білім, түсініктер ғылыми ойларды ақпараттық мәдениетті, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогикадағы математикалық әдістер

    Педагогикалық зерттеулердегі математикалық әдістері негіздерімен танысады; сабақта, сабақтан тыс оқытуда математикалық әдістермен негіздеу мен зерделуді; ғылыми зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптармен аннотация жазуды, зерттеу нәтижелерін бағалау мен таратуды іске асыру әдістерін меңгереді, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді, қорытындылар мен мәселе шешімдерін хабарлауды ұйымдастырады, пәндерді интергациялауды сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • ЖОО студентінің жобалық іс-әрекет әдістемесі

    ЖОО жобалау - білім беруді дамытудың жаңа саласының қажетті элементі ретінде және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми жобалаудың қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жетілдіру, қайшылықтарды болдырмау міндеттеріне бағытталғандығы жайлы түсінік, қажетті іскерлік элементтері қалыптасады; идеяларды әзірлеу, қолдану кезінде дамытылатын білім, түсініктер ғылыми ойларды ақпараттық мәдениетті, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өндеу әдістері

    Педагогикалық зерттеулердің негіздерін, тексеруде математикалық өңдеу әдістерін қолдану тәсілдерін, тәуелді, тәуелді емес таңдаулардың нәтижелерін бағалауды, әдістерді салыстыру жолдарын қарастырады. Педагогтың дидактикалық білгірлігін сабақ барысында және сабақтан тыс оқытуда математикалық өңдеу әдістері арқылы сыни ойлауларын дамыту негіздерін көздейді, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді, қорытындылар мен мәселе шешімдерін хабарлауды ұйымдастырады, пәндерді интергациялауды сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Бастауыш мектепте интербелсенді оқу технологиясын қолдану

    Интерактивті әдістер жөнінде білім негіздерін қалыптастыру, соның негізінде белсенділік, өздігінен білім алу дағдылары мен іскерлік қасиеттерін кәсіби тұрғыдан басқаруда пайдаланады; идеяны, қорытындылар мен мәселелердің шешімдерін нақты және дәл көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, білім беру саласы бойынша оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдер жиынтығын интергациялауды сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Бастауыш білім беруде жасанды интеллектті оқыту әдістемесі

    Бұл пән жасанды интеллекттің бастауыш білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Білімалушылар ЖИ негіздерімен танысып, оны оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуда қолданудың әдістемелерін үйренеді, ЖИ алгоритмдерін түсінеді, бастауыш сыныпта ЖИ құралдарын қолдану стратегияларын әзірлеуге қабілетті болады, жасанды интеллектті оқытудың негізгі принциптерін және құралдарын тәжірибеде қолдануға дайын болады. Курс барысында ЖИ жүйелерінің педагогикалық процестегі рөлі, оны қолданудың жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, ЖИ технологияларының білім беру саласындағы этикалық және құқықтық аспектілері талқыланады. Білім алушылар ЖИ құралдарын дамыту, пайдалану және бағалау бойынша практикалық дағдыларды меңгеріп, оқыту процесінде оны тиімді енгізуге дайын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • бейстандарт жағдайларды, кәсіби және басқарушылық мәселелерді шешуде өз білімін пәнаралық контексте шығармашылықпен пайдаланады;
  • идеяларды әзірлеу мен қолдану кезінде бастауыш білім беру саласындағы дамытылатын білімдерді зерттеу контексінде игергенін көрсетеді;
  • идеяларды, қорытындылар мен мәселе шешімдерін көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлауды ұйымдастырады
  • өз пікірін қалыптастыруда әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларға негізделген сандық білім беру ресурстарды, шетел тілін пайдалана алатынын көрсетеді;
  • Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, мәтінге ғылыми-сараптамалық баға береді
  • бастауыш білім беру саласында оқуды одан әрі жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін саралап, интергациялайды

Ұқсас БББ

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі

Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)

Top