7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бастауыш білім беру аясындағы терең білімді игерген, нақты білім ортасындағы заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді құруға және шешуге қабілетті, педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік және басқарушылық әрекеттерді табысты жүзеге асыра алатын педагогтар дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M003 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Ғылымның тарихы және философиясы
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рационалдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде.Табиғаттану. Қоғамдық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы коммуникативтік технологиялар, ақпараттықпроцестер. Жаратылыстан ужәне әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көптілділік: теория және практика
Мақсаты: магистранттарда білім беру жүйесіндегі көптілді оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы жүйелі білімдермен қаруландыру. Мазмұны: Категория – көптілді білім берудің ұғымдық аппараты. Қазақстандағы көптілді білім берудің құқықтық құжаттары. Бастауыш мектептегі көптілді білім беру. Құзыреттіліктер: көптілді білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін білу; біртұтас жүйе, көптілді білім берудің әдіснамалық, психологиялық, әдістемелік негіздері жайлы пікір қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлар
Мақсаты: заманауи білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлар жайлы біліммен қарулану. Мазмұны: Мәдени-тарихи іс-әрекеттік тұғыр. Іс-әрекет категориялары: негізгі теориялық бағыттары. Іс-әрекет категориялары мен психикалық бейнелеулер, қатынас жасау және тұлғаның өзара байланысы. Іс-әрекеттің әдіснамалық қызметтері. Іс-әрекеттік тұғыр: зерттеудің негізгі бағыттары. Жүйелілік тұғырдың сипаттамасы және оның ұстанымдарын әрекетті оқытуда жүзеге асыру. Іс-әрекетке құрылымдық, процессуалдық және қызметтік талдау. Мәдениет тұлғаның білім беру әлеуметтік эволюциясының факторы ретінде. Құзыреттіліктер: іс-әрекетті және әлеуметтік құралдарды реттей алу қабілетінің болуы
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім беруді психологиялық қолдау
Мақсаты: магистранттарды білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыздандырудың негізгі ұғымдары жайлы жүйелі біліммен қаруландыру. Мазмұны: Бастауыш мектептегі білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыздандырудың мақсаты мен міндеттері. Негізгі бағыттары: психологиялық қамтамасыздандырудың формалары мен әдістері. Білім беру ортасындағы тұлғаның дамуын психологиялық қамтамасыздандырудың алдын-алу бағдарламасы. Құзыреттіліктер: бастауыш білім берудегі оқу-тәрбие үдерісін психологиялық қамтамасыздандырудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын білу; психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандырудың негізгі бағыттарын бағалаудың әдістері мен құралдарын іріктеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
«Soft skills» даму технологиясы
Мақсаты: магистранттарды «Soft skills» даму ерекшеліктері мен технологиясымен таныстыру. Мазмұны: Коммуникативті дағдылар (іскерлік ынтымақтастық қабілеті, басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу, басқалардың пікіріне төзімділік, коммуникативті өзара әрекеттесу дағдылары); қарым-қатынас құру. Эмоционалды интеллект. Көшбасшылық. Шығармашылық мәселелерді шешу. Жанжалды жағдайларды шешу мүмкіндігі. Икемділік, ойлау мен мінез-құлық үлгілерінен асып түсу мүмкіндігі. Құзыреттіліктер: магистранттардың икемді дағдыларын, коммуникация, тайм-менеджмент дағдыларын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, кәсіби қызметте "Soft skills" іске асыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Мақсаты: магистранттарда кәсіби салада шет тілінде коммуникация дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: магистранттардың кәсіби саласына сәйкес тілдің терминологиясы мен ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ кәсіби қажеттіліктерді ескере отырып жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау және оқу дағдыларын дамыту. Құзыреттері: 1. Шет тілінде кәсіби лексика мен грамматиканы меңгеру. 2. Кәсіби сипаттағы мәтіндерді құрастыру және түсіну қабілеті. 3. Кәсіби ортадағы ауызша қарым-қатынас дағдылары. 4. Кәсіби деңгейде ана тілінде сөйлейтіндерге мәдени бейімделу және өзара әрекеттесу мүмкіндігі. 5. Кәсіби құжаттамамен және ақпаратпен жұмыс істеу үшін шет тілін қолдана білу. 6. Алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде кәсіби қызметте қолдану мүмкіндігі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өндеу әдістері
Мақсаты: педагогикалық зерттеулердегі математикалық өңдеу әдістерін пайдалануға үйрету. Мазмұны: Педагогика мен психологиядағы өлшеу мәселелері. Математикалық нысандар жайлы түсінік. Зерттелетін нысандардың жиынтығы. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің негізгі әдістері. Таңдаманы бағалау әдістері. Дұрыс үлестірілім. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің корреляциялық әдістері. Регрессиялық талдау. Рангілік корреляциялар. Құзыреттіліктер: статистикалық ғылыми нәтижелерді математикалық әдістермен өңдеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Дүниетану және жаратылыстану» пән саласы
Мақсаты: «Дүниетану және жаратылыстану» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау. Мазмұны: Жаратылыстану-ғылыми білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны. Жаратылыстану-ғылыми білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. «Дүниетану және жаратылыстану» пән саласының бастауыш білім берудің заманауи тенденциялары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс. Құзыреттіліктер: «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру пән саласын оқытуды жобалау және ұйымдастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: "Тіл және әдебиет" пән саласы
Мақсаты: «Тіл, әдебиет» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау. Мазмұны: Тілдік, әдебиеттік білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Тілдік білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс. Құзыреттіліктер: «Тіл, әдебиет» саласын оқытуды жобалау, ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық антропология
Мақсаты: адам, бала жайлы білімнің ғылыми-теориялық негіздерімен қарулану. Мазмұны: Педагогикалық антропологияға кіріспе. Адам педагогикалық антропологияның пәні ретінде. Адамның дамуы ғылыми мәселе ретінде. Мәдениет антропологиялық феномен ретінде. Тәрбие антропологиялық үдеріс ретінде. Педагогикалық әрекеттің құрылымы жайлы білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесінің педагогикалық дүниетанымын қалыптастыру. Құзыреттіліктер: адам, бала жайлы заманауи теориялық білімді жүйелеу, түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны аясында озық тәжірибені жалпылау және таратуды зерттеу
Мақсаты: алдыңғы қатарлы озық тәжірибені жалпылау. Мазмұны: Алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу мен ендірудің педагогикалық шарттары. АОТ-ні зерттеу мен ендіру мәселелері. Мұғалімнің шығармашылығы. Кәсіби-шығармашылық өздігінен білім алу жоғары адамгершілік және мәдени деңгейге жетудің шарты ретінде. Құзыреттіліктер: озық тәжірибені зерттеу мен ендірудің педагогикалық шарттарын, педагогтің кәсіби құзыреттіліктерін білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері
Мақсаты: бастауыш мектеп педагогикалық ғылымының өзекті мәселелері жайлы түсінік. Мазмұны: Білім берудің негізгі беталыстары, мәселелері, болашағы. Білім беру жүйелерінің мектепке дейінгі, бастауыш деңгейлері арасындағы сабақтастық. Бастауыш білім берудің әдіснамалық мәселелері. Құзыреттіліктер: білім беруді дамытудың әлемдік беталыстарын қолдану; заманауи білім парадигмаларының мәселелерін, болашағын анықтай алу; ғылыми-зерттеу әрекетінің негіздерімен қарулану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Математика және АКТ» пән саласы
Мақсаты: «Математика және АКТ» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау. Мазмұны: математикалық және АКТ білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Математика және АКТ» білім беру саласының мазмұны. Математикалық және АКТ білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. Бастауыш математикалық және АКТ білім берудің заманауи тенденциялары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс. Құзыреттіліктер: «Математика және АКТ» білім беру пән саласын оқытуды жобалау және ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі мобильді технология
Мақсаты: магистранттардың білім берудегі негізгі үдерістер мен жаңа технологияларды меңгеру және оларды оқу іс-әрекетінде және психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану. Мазмұны: талдау, бақылау, бағалау, жобалау, жоспарлау, басқару, құрылымдау, мобильді құрылғылар. Құзыреттіліктер: білім берудің заманауи трендтерін, оқу үрдісінде мобильді құрылғыларды қолдану; зерттеу және практикалық қызметте жаңа технологияларды қолдана білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептегі ӨМШТ (ТРИЗ) технологиясы
Мақсаты: кәсіби міндеттерді шешу құралы ретіндегі ӨМШТ-н игеру, шығармашылық педагогикалық ойды дамыту. Мазмұны: ӨМШТ-ның ғылыми-әдістемелік негіздері. Шығу тарихы, қалыптасу кезеңі. ӨМШТ білім алушылардың сыни ойлауы, шығармашылық қабілеттерін дамытудың мақсатқа бағыттылық, басқарушылық үдерісінің құралы ретінде. Құзыреттіліктер: ӨМШТ әдістерін, ӨМШТ-н пайдалану арқылы кәсіби-педагогикалық, оқу міндеттерін практикалық тұрғыдан шешуді игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Педагогикалық деонтология
Мақсаты:магистранттарды педагогтың кәсіби этикасы жайлы, педагогикалық қызметтің кәсіби-этикалық нормалары жайлы біртұтас түсініктермен қаруландыру. Мазмұны: Педагогикалық деонтология – кәсіби борыш жайлы ғылым. Деонтология ұстанымдары. Педагогтың кәсіби этикасы кәсіби қызметтің ұстанымдар, адамгершілік нормаларының жүйесі ретінде. Құзыреттіліктер: педагогикалық деонтологияның теориялық негіздерін, педагогикадағы «этика», «деонтология» ұғымдарының арақатынасын; кәсіби борышты сезінудің критерийлерін түсіну.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі
Мақсаты: бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі саласындағы теориялық-қолданбалы білімдер. Мазмұны: Бағалаудың заманауи құралдары. Мониторинг. Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі жүйесі мен халықаралық тәжірибесі. Қазақстанда және шетелдегі білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі. Құзыреттіліктер: бағалаудың мазмұны мен критерийлерін, оқыту үдерісін бақылаудың тәсілдерін білу; критерийлерді жасап, оқу жетістіктерінің нәтижелерін түсіндіре, жүйелей алу; бақылаудың заманауи әдістерін, білім берудің сапасын халықаралық бағалау мониторингісін игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Мақсаты: магистранттардың академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын меңгеру. Мазмұны: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жазбаша ұсыну дағдылары. Академиялық мәтіндерді рәсімдеу түрлері. Академиялық мәтіндердің түсініктері, функциялары және жанрлары. Құзыреттер: ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды жазу және рәсімдеу, эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Дамытушылық білім ортасын жобалау
Мақсаты: магистранттарда дамытушылық білім ортасын жобалау ерекшеліктері жайлы біртұтас түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Тәрбие, білім ортасын жобалау технологиясы. Жобалау процедуралары, бастауыш мектептегі дамытушылық білім ортасын жобалаудың ұстанымдары, технологиясы. Дамытушылық білім кеңістігін ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістемесі. Құзыреттіліктер: педагогтың жобалаушылық әрекетінің әдіснамалық негіздерін білу; тәрбиелік, тәрбиелік білім ортасын жобалаудың технологияларын пайдалану тәжірибесін игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі интербелсенді оқыту технологиялары
Мақсаты: кәсіби міндеттерді шешу құралы ретіндегі интербелсенді оқыту технологиясын игеру, шығармашылық педагогикалық ойды дамыту. Мазмұны: Интербелсенді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Интербелсенді технологиялар, әдістер. Интербелсенді әдістердің жіктемеленуі. Оқытудың интербелсенді әдістерін іріктеудің критерийлері. Релаксацияның белсенді әдістері. Ақыл-ойды белсендіру тәсілдері. Құзыреттіліктер: интербелсенді оқыту әдістерін игеру, кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуде интербелсенді технологияларды қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін, ғылыми таным мен жоғары мектеп педагогикасының дамуындағы заманауи беталыстарды бағалайды
- ғылыми, психологиялық-педагогикалық басқару, полимәдениеттілік және полилингвалды ортада әлеуметтік өзара әрекеттесу міндеттерін шешу үшін шет тілін қолданады, мәдениетаралық өзара әрекет жасау үдерісінде мәдениеттің әртүрлілігін талдауға және ескеруге қабілетті;
- бала жайлы білімді кіріктіреді, кәсіби этика нормаларын қолданады, басқарушылық әрекеттің психологиялық шарттары мен ерекшеліктерін талдайды, басқарушылық ішкі жүйенің жәйі мен өзгерістерін диагностикалайды және болжамдайды;
- дәріс жазу, семинар сабақтарының мазмұнын құру үшін педагогикалық және зерттеушілік тәжірибеде алынған білімді жүзеге асырады, ғылыми зерттеу тақырыптары аясында эксперимент жұмыстарын жүргізе алады;
- мониторингілік зерттеулердің түрлері, мақсаттары, тәсілдері мен әдістерін, білім нәтижелерін диагностикалаудың технологиялары мен ұстанымдарын қолданады, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін, математикалық статистика әдістерін қолданады;
- бастауыш сынып педагогикасының өзекті мәселелерін және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылымды бағалайды, білім алушылардың білім бағдарламаларын игеру деңгейі нәтижелерін қадағалайды;
- жүйелілік тұғыр негізінде проблемалық жағдаяттарға сын тұрғысынан талдаулар жасайды, әрекет стратегиясын жасайды, мектептің, жоғары оқу орнының білім беру қызметін жүргізеді және бақылау жасайды, білім беру сапасын халықаралық бағалау жүйесінде мониторинг жасайды;
- қалыптасқан стереотипті жеңу қабілетін бағалайды, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға қажет болатын жаңа білім алуға дайын болуды көрсетіп береді;
- "Тіл және әдебиет", "Математика және АКТ", "әлемді тану және жаратылыстану" пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру әдістемесін қолдану, ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін АКТ қолданады;
- инновациялық әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың бірлескен, жеке оқу және тәрбие қызметін ұйымдастырудың оңтайлы нысандары мен технологияларын жобалайды және қолданады;
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдарға сараптама жасайды, педагогика, психология мен әдістеме аясындағы жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізеді;
- теориялық және әдіснамалық талдау біліктерін қолданады, болжамдау және жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолданады, сондай-ақ зерттеушілік және практикалық міндеттерді шешу үшін мамандық бойынша және пәнаралық білімдерді синтездейді.
Ұқсас БББ
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)