6B01506 География в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заманауи пәндік, коммуникативті, цифрлық құзыреттілігі бар кәсіби білікті география мұғалімдерін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Жалпы Жертану
Курс Жер және табиғат компоненттері жайлы түсінік қалыптастыруға, географиялық қабықтың құрамы, құрылымы, динамикасы, заңдылықтары жайлы білім мен дағдыны дамытуға бағытталған. Студенттер табиғат компоненттерінің өзара байланысын географиялық зерттеу әдістер арқылы талдайды, географиялық қабықтағы табиғи құбылыстарды және үрдістерді сыни тұрғыдан бағалайды, табиғи ортаға танымжорықтар жоспарлайды, метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жалпы гидрология
Курс гидрологиялық құблыстар мен су объектілердегі үрдістердің географиялық ортамен байланыстарын зертеуге бағытталған. Студенттер су нысандарының жалпы ерекшеліктерін және олардың жер шары бойынша таралуын сараптайды, географиялық ортаның гидросферадағы үрдістердің даму заңдылықтарына әсер етуін бағалай отырып, сипаттайды, су алаптарының негізгі морфометриялық сипаттамаларын және олардың географиялық ерекшеліктерін анықтайды. Курс студенттерге берілген гидрометриялық өлшеулерге алғашқы өңдеулер жүргізуге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Картография топография негіздерімен
Курс географиялық карталардың проекциялары, мазмұнының ерекшеліктері, картографиялық жинақтаудың түрлеріне шолу жасап, карталарды құрудың дəстүрлі жəне қазіргі заманауи əдістерін анықтауға бағытталған. Студенттер топографиялық, ірі жəне орта масштабты карталардың номенклатурасы және жер бетінде қашықтықтан жүргізілетін түсірулердің түрлеріне, географиялық нысандар мен құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктеріне талдау жасайды. Курс студенттерге жергілікті жерде жүргізілетін далалық жоспарлы, жəне жоспарлы-биіктіктік түсірулердің түрлері қашықтықтан түсіру əдістерінің карталарды құрастырудағы алатын орнын айқындауға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жалпы геология
Курс Жердің құрамы, құрылымы және даму заңдылықтарын зерттеп, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың жаралу тегі жайлы ғылыми деректерді сараптауға бағытталған. Студенттер пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын анықтап, Жер қыртысындағы экзогендік және эндогендік процестерді зерттеу дағдылыры қалыптасады. Курс Жердегі минералдар мен пайдалы қазбалардың түзілуіндегі геологиялық жағдайларды зерттеу, өндірістік маңызы, географиялық таралуын жайлы зерттеулер жүргізуге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект
Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Геоэкология және табиғатты қорғау
Курс геоэкология және табиғатты қорғаудың мәні, мазмұны, бағыттары және негізгі категорияларына сипаттауға бағытталған. Студенттер геоэкологиялық антропогендік факторларды сараптайды, қоршаған ортаға антропогендік әсер әрекетін азайту жолдарын қарастырып, сыни тұрғыдан бағалайды, сонымен қатар жаһандық экологиялық мәселелерді талқылайды, қоршаған ортада экологиялық іс-шараларды ұйымдастырады. Курс студенттердің табиғатты тиімді пайдалануда, экологиялық қауіпсіз таза ортаны қалыптастыруға қажетті білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биогеография
Курс қауымдастықтар құрылымының және жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар аймақтарының кеңістіктік құрылымы мен динамикасының маңызды заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер өсімдіктер мен жануарлар топтарын жүйелейді, тірі организмдердің географиялық таралуы мен экологиялық маңыздылығын сыни бағалайды және оларды сипаттайды. Курс студенттерде зоогеографиялық және фитогеографиялық аудандастыру бойынша өз бетінше жұмыстар жүргізу үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геоморфология
Курс рельефтің пайда болуы мен даму заңдылықтарын барлық геоморфологиялық комплекс тұрғысынан қарастырып, жер бедерінің қалыптасуының себептерін анықтауға бағытталған. Студенттер жер бедерін жан-жақты салыстырады, пішіндерін талдайды, бедер пішіндерінің морфологиялық жиынтығын, өзара байланысын, жер бедерінің генезисін анықтайды, жіктейді. Курс жер бедерінің практикалық мәнін бағалауға, оның дамуына болжау жасауға, Қазақстан аумағындағы қазіргі геоморфологиялық процестерді сараптау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Географиялық зерттеулер жүргізу әдістемесі
Курс географиялық зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін тәжірибе жүзінде студенттердің географиялық зерттеулер мен жоба жұмыстарын жүргізу әдістемелерін дайындауға бағытталған. Бұл курста студенттер геодеректермен танысады, инновациялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлайды, отандық және шет елдік ғалымдардың заманауи географиялық зерттеу нәтижелеріне анализ жасайды, ғылыми зерттеу орталықтарының зерттеу нәтижелерін сараптайды және дамытады. Курста студенттерді географиялық зерттеулер жүргізу үшін қажетті әдістер мен құралдармен танысады. Осы курсты оқу барысында студенттер географиялық зерттеулер әдістерімен қатар, жобалық іс-әрекетті жүргізу әдістемесін құрастырады, сондай-ақ деректерді жинау және талдау, зерттеу дизайны және жоспарлау аспектілерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлемдік географиялық зерттеулер
Бұл курс әлемнің өңірлері мен елдері бойынша орналастырудың географиялық ерекшеліктері туралы білімдер негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер әр түрлі тарихи дәуірлерде, табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайларда адамзат дамуындағы мәдени тенденциялардың алуан түрлілігін талдайды. Әлемдік географиялық ашылулардың тарихын зерттеу негізінде қазіргі методологиялық негіздер және география ғылымының теориялық проблемаларын бағалайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның қазіргі географиялық зерттеулері
Бұл курста студенттер Қазақ жері және оның табиғат жағдайлары туралы әр кезеңдердегі зерттеулер мен зерттеушілер жайлы толық мағұлмат алады. Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі бойынша дереккөздерді сыни бағалайды; өткен және қазіргі кездегі маңызды географиялық зерттеулерін жіктейді және салыстырады. Студенттер Қазақ жерін зерттеген Ұлы саяхатшылар мен ғалымдарды анықтап, олардың еңбектеріне талдау жасайды. Қазіргі Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетiн бейнелейтiн еңбектерді қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дүниежүзінің табиғи-территориялық кешендер географиясы
Курс дүниежүзінің табиғи-территориялық кешендерінің кеңістіктік жіктелуінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер табиғи-территориялық кешендердің қалыптасуы мен дамуының географиялық ерекшеліктерін бағалайды, кешенді сипаттама қағидаларын зерттеу әдістерін қолданады, физикалық-географиялық аудандастыру принциптерін сараптайды. Курс студенттерге табиғи-территориялық кешендерді планетарлық, аймақтық (регионалдық) және жергілікті жерлік (локальдық) деңгейлерде сыни тұрғыдан бағалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан топонимикасы
Курс Қазақстан топонимикасы, географиялық атаулардың семантикасы, тарихи даму және ғылым әдістері бағытындағы заманауи түсініктерді қарастырады. Студенттер топонимдерді жіктеу сызбаларын жүйелейді, топонимикалық фактілер мен құбылыстардың алуан түрлілігін, олардың қазіргі әлемдегі рөлін талдайды. Курс студенттерге туған өлкенің топонимикасын зерттеу үшін білімі мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Географиядан практикалық дағдыларды дамыту әдістемесі
Курс географиялық ақпаратты талдаудың практикалық дағдыларын дамытуға арналған. Студенттер географиялық деректерді картографиялық, геоақпараттық, географиялық модельдеу, сандық, аудандастыру, географиялық мониторинг әдістері арқылы өндейді, сонымен қатар географиялық эксперименталды жұмыс түрлері бойынша жобалау жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді, зерттеу нәтижелерінің түрлі формаларын ұсынуға үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Курс материктер мен материктер табиғатының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Мұхиттар олардың құрамына кіретін жоғары дәрежелі физика – географиялық аймақтар. Курс негізгі білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі табиғи ортаны ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны пайдаланудың қолайсыз салдарымен күресудің аймақтық міндеттерін шешу үшін қажет. Студенттер қоршаған орта, материктер мен мұхиттардың табиғи кешендерінің құрылымын анықтайды, табиғи компоненттердің өзара тәуелділігін сыни тұрғыдан бағалайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның физикалық географиясы
Курс Қазақстан территориясының табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен үрдістерді, ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарының физикалық-географиялық ерекшеліктерін қарастыруға арналған. Студенттер Қазақстанның ландшафттардың биіктік белдеулерінің құрылымын анықтайды, аймақтардың орографиялық және гидрографиялық жобасын жасайды, табиғи құбылыстарды және үрдістерді сыни тұрғыдан бағалайды, табиғи ортаға танымжорықтар жоспарлайды, метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырады. Курс студенттердің Қазақстан аумағы туралы зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы табиғаттың болмысын талдап зерттеу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалау және дамыту
Мақсаты: педагогика және дидактика саласындағы педагогикалық құзыреттілікті арттыру, оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсінуді тереңдету және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз етуге және білім алушыларды немесе оқушыларды бағалауға тартуға қабілетті; Мазмұны: бағалаудың әртүрлі технологиялары, принциптері, кезеңдері, олардың білім саласын бағалау құралдары (оның ішінде формативті және жиынтық бағалау және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және т. б.), бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістері (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау), оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін, даму жүйелерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдану оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдылары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Географияны оқыту әдістемесі
Курс географиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымын, мазмұнын меңгеруге бағытталған. Курс студенттердің болашақ география мұғалімі ретінде қалыптасуға қажетті негізгі білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі. Студенттер географияның мектеп курсы мазмұны бойынша замануи әдіс-тәсілдерді пайдаланып қысқа мерзімді жоспарын жасайды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін Блум таксономиясы негізінде бағалау критерийлер мен тапсырмаларын құрастырады, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс жұмыстардың әзірлемесін дайындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Академиялық жазу
Бұл курста студенттер құжаттарды ғылыми және академиялық стильде жазуға үйренеді. Сондай-ақ құжаттарды академиялық жазудың ерекшеліктерін: стиль, тіл құрылымы және форматын меңгереді. Курста студенттер академиялық жазудың процессін, жоспарлау, зерттеу, сауатты жазу, редакциялау және түзету жұмыстарын игереді. Студенттер ғылыми мақалалар, эсселер, зерттеу жұмыстарын, баяндамалар және басқа да академиялық құжаттарды жазудың принциптері мен әдістерін меңгереді. Плагиат және академиялық адалдық: әдеп нормалары және плагиаттан сақтану жолдарын меңгереді. Рецензиялау және өз жұмысын бағалау: Жұмысқа сын көзбен қарап, жақсарту, дамыту әдістерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ландшафттану
Курс Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың кұрамын, байланысын бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылыктарына шолу жасайды. Студенттер ландшафттардың түзілу заңдылықтарын, кұрылымын, дамуын, эволюциясын, аймақтың дифференциациясын және ландшафт интеграциясын анықтайды, олардың компоненттері мен бөліктері арасындағы өзара ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғи факторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын ландшафт қасиеттерінің өзгерістерін анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі цифрлық технологиялар
Курс тиімді оқыту мен оқыту үшін сандық әдіснамаларды шығармашылық тұрғыдан дамытуға және қолдануға бағытталған. Студенттер жасанды интелект дағдыларын игереді, оның ішінде ChatGPT, Open AI, QazGPT цифрлық платформалармен визуализация жасауды меңгереді. Оқу және оқыту платформаларын (Quizizz, PadLet, Google) қолданады.classroom, AR-books), сонымен қатар, "face-to-face", "blended" және "online" оқыту стратегияларын сауатты ұштастырады, төрт кезеңді процеске (жобалау/салу/оқыту/қайта қарау) сәйкес онлайн-курстың мазмұнын ұйымдастырады, құрылымын жобалайды және әзірлейді. Курс студенттерге қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын құру үшін онлайн-студенттердің табиғаты туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әлемнің шаруашылық географиясы
Курс Әлемнің шаруашылық географиясы негіздерін, Әлемдік және аймақтық шаруашылық жүйесін, дүние жүзіндегі мемлекеттер мен жеке аймақтардың экономикалық-шаруашылық жағдайын сипаттайды. Бұл курс әлемдік шаруашылық; ауыл шаруашылығы, егіс, мал шаруашылығын, машина жасау, химия өнеркәсібі, металлургия кешеніні мен әлемдік көлік географиясын зерттеуге бағытталған. Студенттер әлемдік шаруашылықтағы еңбек ресурстарының үдерісіне анализ жасайды, дүниежүзілік шаруашылықтың әлемдік экономикада жұмыс істеу ерекшеліктерін, зерттеудің негізгі әдістерін демонстрациялайды. Қазақстанның ауыл шаруашылық, егіс шаруашылық салаларының ұлттық экономикадағы үлесіне баға береді, стратегиялық даму жоспарын талқылайды. Ішкі және халықаралық өндіріс пен кәсіпорын қатынастарының дамуын талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Климатология
Курс Жер шарының әртүрлі аймақтарындардағы климат ерекшеліктері мен климатқалыптастырушы факторларды зерттеуге арналған. Студенттер атмосфераның құрылысы, ауаның құрамы туралы, қысым, температура және ылғалдылықтың кеңістік өзгеру заңдылықтарының өзегерістерін, жалпы атмосфера айналымының заңдылықтары және климаттың құрылуын анықтайды. Курс студенттерге атмосферада жүріп жататын физикалық процесстердің табиғи негізін сараптап, климат құраушы жағдайларды бағалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аймақтық география
Курс Қазақстан аумағының қазіргі экономикалық даму жағдайының, аймақтық географиялық орналасу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер Қазақстанның әр аймағының әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын талдайды, Қазақстанның экономикалық аймақ бойынша табиғи ресурстарының жағдайын, халықтың әлеуетінің өсу динамикасын жасайды. Қазақстанның әр аймағының индустриалды инновациялық потенциалды даму индексін сыни тұрғыдан бағалайды, Курс студенттерге заманауи цифрлық және сапалық географиялық деректерді анықтауға, өңдеуге және ғылыми жобалық жұмыстарды әзірлеуге көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Дүниежүзінің экономикалық географиясы
Курс дүниежүзінің тұтас, жекелеген аймақтары, жеке елдеріндің экономикасын мен халықтың дамуы және орналасу зандылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер дүниежүзілік экономика салаларының сипаттайды, елдер мен аймақтардың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуін зерттейді; білім алушы қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын бағдарлауын көрсетеді. Әлем елдерінің экономикалық қатынастарын, дипломатиялық байланыстарын зерделейді. Қазіргі демографиялық, этникалық және геоэкономикалық мәселелерді локальдық, аймақтық және ғаламдық тұрғыдан талдайды. Курста халықаралық ұйымдар мен қатынастар, қазіргі әлемнің даму сатысына баға беріп, Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағы орнын сипаттауға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Туризм географиясы
Бұл курста жекелеген елдер мен өңірлердің табиғи-рекреациялық ресурстарын бағалап, өңірлердің туризм географиясына физикалық-географиялық, рекреациялық ресурстарына толық сипаттама береді. Әлемдік туристік нарық ресурстарын зерттеуді, бағалауды және олардың жай-күйін қоса алғанда, халықаралық туризмді ұйымдастыру туралы негізгі идеялары қалыптасады. Туристік маршруттарды жоспарлауды, ұйымдастыру тәсілдерді, туристік маршрутты әзірлеу кезінде технологиялық құжаттарды жасау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоинформатика және географиялық ақпараттар жүйесі негіздері
Бұл курс географиялық ақпаратты алу, жинақтау, өңдеу, көрсету қағидаларын, әдістері мен технологияларын жобалауға бағытталған. Студенттер географиялық ақпараттық жүйелерді мақсатына, тақырыптық бағытталуына қарай жіктейді, географиялық деректер базасын жүйелейді, талдайды, алынған ақпарат пен қорытындыларды әртүрлі графикалық нұсқада көрсетеді, оқу тапсырмаларын шешуде графикалық редактор түрлерін ажыратады, ГАЖ технологиясын меңгеріп геоақпараттық платформалармен жұмыс жүргізіп, геокеңістік сандық жүйенің материалдық мәліметтер базасын құра алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогтың білімін бағалау практикумы
Бұл курс болашақ мұғалімдерге педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздерін береді. Болашақ мұғалімдер түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал етуге дайын болуы тиіс.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоэкономика және елтану негіздері
Курс - геоэкономиканың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын сипаттайды, негізгі ұғымдарын сараптап, геоэкономиялық стратегия және кеңістік, геоэкономикалық зерттеу нысандары туралы білімдерін қалыптастырады. Дүние жүзі елдерінің территориялық аумақ, шекара жағдайын сипаттайды, геосаяси бағытына баға береді. Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуын салыстырып анализ жасайды, әлеуметтік-экономика тұрғысынан баға береді. Аймақтар бойынша экспорт және импорт саясатын талқылайды, Елдердің халықаралық ұйымдармен геоэкономикалық байланысын сараптайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясы
Курс Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуметтік жағдайы даму тенденциясы географиялық орналасу ерекшелігін зерттеуге бағытталған. Студенттер Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайын талдайды, Қазақстанның ресурстары және табиғи жағдайын, халықтың өсу динамикасын, шаруашылығын сипаттайды, адам потенциалының даму индексін сыни тұрғыдан бағалайды, сандық және сапалық географиялық деректерді өндейді және талдайды. Курс Қазақстанның индустриалды инновациялық даму бағыттарын анықтауға және ғылыми жобалық жұмыстарды әзірлеуге көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Туристік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу негіздері
Бұл курста туристік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу негіздерін меңгереді, өлке туралы ақпаратты жинайды, экскурсиялар мен туристік маршруттарды дайындау, құру және жүріп өту дағдылары қалыптасады. Туристік-экскурсиялық бағдарламаларды құруға қажетті өлкетанушылық ақпараттарды игереді. Туристік-өлкетану іс-әрекеттерінің негіздері туралы білімі қалыптасады. Туризмнің әр түрлі саласын, белсенді жорықтарды ұйымдастырады, саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, туристік маршруттың калькуляциясын есептей біледі. Тарихи-мұрағат құжаттарын, географиялық және тарихи карталар, мерзімді басылымдар, ғылыми әдебиеттер көздерімен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоғамдық география
Курс қоғамның өмір сүру жағдайындағы аймақтық айырмашылықтарды, халық пен еңбек ресурстарының көбеюін, адамдардың кеңістіктік қозғалыстарын сипаттауға бағытталған. Студенттер әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін талдайды, әлемдегі демографиялық өзгерістерді болжайды, статистиканы салыстырады. Курс студенттерге қоғамдық-аумақтық жүйеде әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тұрғындар географиясы
Курс әртүрлі әлеуметтік, экономикалық және табиғи жағдайларда халықтың және елді мекендердің (қоныстардың) қалыптасуы мен дамуының географиялық (аумақтық) ерекшеліктерін қамтиды. Студенттер статистикалық мәліметтер негізінде халық санының динамикасын талдайды, демографиялық жағдайды болжайды, халықтың жыныстық және жас құрылымын бағалайды, есептік-графикалық аналитикалық тапсырмаларды шығарады. Курс студенттерге қоғамның аумақтық ұйымдастырылуының күрделілігі мен жан-жақтылығын, оның қоршаған ортамен байланысын түсінуге көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Геосаясат
Пән геосаяси теорияның негізгі қағидаларын, әдістерін, қазіргі заманғы геосаясаттың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуын, ғаламдық саяси жағдайдағы геосаясаттың ерекшеліктері туралы білімін қалыптастырады. Білім алушылар геосаясаттағы саяси географияның тұжырымдамасын, мемлекеттің территориялық мәселлесі мен шекарасын, табиғи және адам ресурсатрын тиімді пайдаланудың түрлері мен мәнін меңгереді. Студенттер әлемдегі саяси оқиғалардың өзгеруін, көптеген елдердің халықаралық, аймақтық мәселелерінің туындау факторларын зерттейді. Отандық және шетел ғалымдардың саяси идеяларын талқылайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның рекреациялық географиясы
Курста Қазақстанның рекреациялық аймақтар дамуының деңгейі мен шаруашылықтарын қарастырады. Студенттер территориялық рекреациянық жүйенің құрамдас компоненттері (басқару бөлімі, жүйенің инфроқұрылымы, қызмет көрсетушілер, демалушылар) жағдайын сипаттайды, Қазақстанның дүниежүзіндегі халықаралық туризім инфроқұрылымдық қозғалыс саласының даму жолын анықтайды, Қазақстанның рекреациялық аумақты дамытудың әлемдік тәжірибесін сипаттайды. Курс экскурсия және туризм бағытындағы бағдарламаларды жасауға көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ғаламдық проблемалар
Жердің экологиялық проблемаларын, климаттың өзгеруі мен ғаламдық жылыну, ландшафттың бұзылуы, шөлейттену проблемасы, әлемдік мұхиттың ластану мен әлем елдерінің ауыз су проблемаларын сипаттайды және оның шешу жолдарын қарстырады. Әлеуметтік-экономикалық проблемалар – әлем елдерінің экономикалық артта қалуы, елдердің геосаяси мәселелері, демографиялық проблемалар, халықтың қоныстану мәселелері мен көші-қон және табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану т.б. ғаламдық проблемалардың әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеулер нәтижесіне анализ жасайды және оның шешу жолдарын анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- География ғылымының ұғымдарын, терминдерін меңгереді, географиялық құралдар мен аспаптарды қолданады, географиялық талдау дағдыларын меңгереді, жіктейді.
- Жердің географиялық заңдылықтарын, тұтас дамуын түсінеді. Географиялық карталарды оқиды, талдайды, электронды геодеректер базасын қолданады, картографиялық өлшеу және далалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
- Қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік пен тиімді көшбасшылықты кәсіби қызметте қолданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты біледі, эмоцияларды басқару қабілетін жүзеге асырады;
- Географияны оқытудағы инновациялық технологиялар мен жасанды интелекттің мүмкіншіліктерін меңгереді. Картографиялық ГАЖ жүйелермен ғарыштық түсірілімдерді жинау және өңдеу әдістемесін біледі, цифрлық ресурстар және платформалармен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді;
- Географияны оқытудың инновациялық әдістерін және практикалық қызмет тәсілдерін, критериалды бағалау жүйесін қолдана алады, білім берудің жаңартылған мазмұнының технологияларын, оқу-тәрбие процесін іске асыруда инклюзивті білім беруді қолданады;
- Этикалық құндылықтар мен салауатты өмір салтын ұстану, экологиялық мәдениет пен адамдарға құрмет көрсету арқылы заманауи білім берудің даму тенденцияларын қолданады
- Физикалық география ғылымындағы геологиялық, геоморфологиялық, ландшафттық, метерологиялық зерттеулерді жобалайды және талдайды; табиғат компоненттерінің өзара тәуелділігін анықтайды, табиғат құбылыстар мен үрдістердің байланысына, қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуын баға береді.
- Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиялық білім мен дағдыларын дамытады; экономикалық география заңдылықтарын, принциптері мен факторларын талдайды, геоэкономикалық категориялар мен туристік-рекреациялық байланыстарын анықтайды, елдер мен аймақтардың географиялық кеңістіктегі рөлін бағалайды;
- Білім беру, ғылыми үдерісте өзекті зерттеулердің нәтижелерін іске асырады; білім алушылардың академиялық және жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру дағдыларын меңгереді
Ұқсас БББ
6B01506 География мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01506 География
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01506 География
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01506 География
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01506 География мұғалімдерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B01506 География
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01506 География
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B01506 География мұғалімдерін даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6B01506 География
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті