Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

  • Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық зерттеулер әдіснамасы және әдістері

    Мектепке дейінгі білім берудің әдіснамалық мәселелері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастырады оларды теория мен практикада шешу жолдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, психикалық, тұлғалық даму заңдылықтарын ашады. Студенттерді мектепке дейінгі педагогика саласындағы заманауи ғылыми жетістіктермен, отбасындағы және қоғамдық тәрбие жағдайындағы озық педагогикалық тәжірибемен таныстырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беру

    «Қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беру» пәні мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жүйесіндегі маңызды оқу курсы болып табылады. Пәннің мазмұны инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, мектепке дейінгі ұйымдағы инклюзивті білім беру процесінің субъектілеріне психологиялық кеңес беру, ағарту ісін, және профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша магистранттардың құзыреттерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Осы курсты оқу барысында «Әлеуметтік-мәдени жоба және заманауи гуманитарлық практика ретіндегі инклюзивті білім беру», «Мүгедек балалар мен ЕБҚ балалардың білім алуын реттейтін халықаралық және отандық құқықтық құжаттар», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің құндылық-мәндік негіздері» және т.б. мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты — магистранттардың жоғары оқу орнында оқытудың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны педагогиканың теориялық негіздерін, оқыту әдістері мен технологияларын, оқу процесін басқаруды, педагогикалық өзара әрекеттесуді және оқу курстарын жобалауды қамтиды. Пәнді игеру нәтижесінде магистранттар оқытудың заманауи әдістерін меңгереді, ғылым жүйесіндегі педагогиканың рөлін бағалайды және жоғары мектепте білім беру қызметін тиімді ұйымдастыра алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Баланың әлеуметтенуі

    Пән тәрбие үрдісінің педагогикалық және әлеуметтік аспектілерін, әлеуметтену үрдісінің мәнін және адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын қарастырады. Бұл курс мектепке дейінгі білім берудегі кәсіби сауалдарды шешудегі оқыту мен тәрбие үрдістері мәселелерін ашуға бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет

    Балабақшада психолог ретіндегі табысты тәжірибелі іс-әрекетке қажет білім негізін ашады. Болашақ мамандарды білім берудің мектепке дейінгі кеңістік аясындағы кәсіби әрекетке даярлайды. Психологиялық қызметтің пән ретіндегі мақсаты мен міндеттерін, оның мазмұны мен мәні, принциптерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми зерттеудің негізгі стратегиясын және тарих және ғылым философиясы, ғылыми білімді қалыптастырудың тарихи негіздерін ашады; ғылым философиясы табиғаттың философиялық ой-өрісінің қазіргі заманғы әлемдік дәстүр ретіндегі мазмұнын қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тұлғаның үйлесімді тәрбиесіндегі ұлттық мәдениет

    Ұлттық мәдениетті аса зор әлеуметтік -педагогикалық потенциал түрінде қарастырады. Курс тұлғаны ұлт мәдениеті мен құндылықтарын тасымалаушы ретінде қалыптастыруға бағытталады. Және де ұлттық мәдениеттің дамуын Қазақстан республикасында ұлтаралық теңдікті сақтау мен халықтардың өзіндік ерекшеліктерінің негізгі факторы ретінде қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагог -тәрбиешінің кәсіби санасы мен дамуы

    Пән кәсіби өзін-өзі дамыту сыртқы кәсіби дайындық және адамның ішкі тұлғалық қалыптасуын интеграциялау процесі ретінде қарастырады. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту өлшемдері мен компоненттері анықталады. Және де педагогтың өзін-өзі тануын және кәсіби өзін-өзі дамуын қамтамасыз ететін тетіктер сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Даму психологиясы

    Адам онтогенезі дамуындағы бірнеше кезеңдерін, механизмдерін қарастырады. Адам дамуы заңдылықтырын ашады. Адамның әлеуметтік индивид пен тұлға қалыптасуындағы онтогентикалық даму жолын зерттейді. Дамудың жалпы заңдылықтарын, адам өмірі, психикалық белсенділігі мен әрекеті мазмұнын анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шет тілі (кәсіби)

    Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар шет тілінде кәсіби ортада және жалпы қоғамда коммуникацияны жүзеге асыра білуі, құжаттарды әзірлеуі, кешенді педагогикалық қызметтің нәтижелерін таныстыруы және қорғауы тиіс.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектепке дейінгі мекемелердегі практикалық диагностика

    Мектепке дейінгі мекемелердегі практикалық диагностика мәселелерін, заңдылықтарын, категориялары, принциптері мен әдістерін зертттейді. Әлеуметтік-педагогикалық практика, бағдарламаларды іске асыруға психологиялық балаларды сүйемелдеу, мектепке дейінгі мекемелердегі психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді. Курс өзін-өзі талдау, мақсат қою, болжау қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Замануи инновациялық диспозицияның құрылымы мен білім үрдістерін басқару психологиясының мазмұнын ашады. Басқару қызметінің ерекшелігі, оны әртүрлі менеджерлік міндеттерді шешудің тиімді құралына айналдыру жолдары мен құралдарын көрсетеді Білім беру процесінің барлық субъектілерінің өнімді инновациялық тренингтік бағдарламаларды әзірлеу білігін қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тұлғаның педагогикалық мәдениеті

    Педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын, оның қызметін, оған қойылатын талаптарды ашады, педагогтың кәсіби қызметінің мазмұнын, оған дайындық жүйесін сипаттайды, теориялық білім мен кәсіби-педагогикалық іскерліктің шеңберін анықтайды. Педагогикалық қызметтің мәнімен, оның құрылымымен, педагогтың заңнамалық негізгі қызметімен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық шеберлік

    Маманның әлеуметтік маңыздылығын, оның қызметін, оған қойылатын талаптарды ашады, педагогтың кәсіби қызметінің мазмұнын, оған дайындық жүйесін сипаттайды,теориялық білім мен кәсіби-педагогикалық іскерліктің қалыптастырады. Педагогикалық қызметтің мәнімен, оның құрылымымен, педагогтың заңнамалық негізгі қызметімен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолдану әдістемесі

    Курс мыналарды қамтиды: теориялық негіздер: жұмыс принциптерімен және оның түрлерімен, этикалық аспектілерімен және шектеулерімен танысу. Практикалық қолдану: оқытуды жекелендіру, бағалау, жоспарлау, интерактивті білім беру орталарын құру үшін AI қолдану . Мектеп жасына дейінгі ерекшеліктер: 3-7 жастағы балалардың танымдық және эмоционалдық қажеттіліктеріне жасанды интеллект құралдарын бейімдеу, әлеуметтік дағдылар мен сыни ойлауды дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақстанда және әлемде инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы

    Пән Қазақстанда және әлемде инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзияның дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім берудің моделін қарастырады. Инклюзивті оқыту технологиясын, жеке білім беру бағытын құруды, балалардың ерекше білім алу қажеттілігін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлауды, инклюзивтік оқыту жағдайында тъюторлық тәжірибені ұйымдастыруды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің отбасымен жұмыс тәсілі

    Қарым-қатынас стилінің қазіргі жіктелуін зерттейді. Әрбір психикалық үдерістің даму динамикасын ескере отырып, баланы үздіксіз психологиялық сүйемелдеу бойынша отбасымен бірге балалар мекемесі тәрбиешісінің қызмет тәсілін сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Балалар психологының кәсіби құзыреттілігі

    Болашақ психологтардың кәсіби дүниетанымының этикалық негіздерін, кәсіби міндеттерді орындауға жауапкершілікті қалыптастырады. Психологтың жұмысын реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды, Психологтың этикалық стандарттарын; -психологтардың жұмысының негізінде жатқан дәстүрлі құндылықтарды ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі мекемелерде оқытудың заманауи технологиялары

    Мектепке дейінгі білім берудің заманауи педагогикалық технологияларын қарастырады, баланың тұтас дамуының құралы болып табылатын. Педагогикалық технологиялардың тұжырымдамалық негіздерін, тұтас білім беру үдерісін құрастырудың жалпы тәсілдерін сипаттайды. Педагогтың балалармен, отбасымен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін таңдау, құрастыру және құру инновациялық бағдарламалар. Курста дамытушылық-білім беру мәселелерін шешу оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Мектепке дейінгі білім беру жағдайында инклюзивті білім беру

    Пән мектепке дейінгі білім беру жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастырады. Мектепке дейінгі білім беруде инклюзивті оқыту технологиясын, мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың жеке білім беру бағытын құруды, мектепке дейінгі жастағы балалардың ерекше білім алу қажеттілігін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық мәселелері

    Мектеп жасына дейінгі балалар мен ересектер мен құрдастар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен әдістерін, балалардың әртүрлі іс-әрекеттегі өзара әрекетін ұйымдастыру мен қолдауды, қарым-қатынасқа ықпал ететін субъектілік-дамыту ортасын құруды қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Мектепке дейінгі ұйым басшысының психологиялық-педагогикалық дайындығы

    Мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби қызметінің мәні мен ерекшелігін сипаттайды. Мектепке дейінгі ұйым басшысының шығармашылық қызметтің, педагогикалық техниканың уәждерін дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық даярлығын қарастырады. Білім беру мекемесінің құрылымын және оны басқару жүйесін, басқару функцияларын және әдістемелік жұмыстың мазмұнын, әдістемелік жұмыстың тиімділік шарттарын, жұмысты жоспарлаайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • кәсіби міндеттерді шешу үшін теорияны қолдану процесінде алынған нәтижелерді трансляциялау кезінде кері байланыстарды тиімді ұйымдастырады; этикалық нормалар тұрғысынан кәсіби қарым-қатынасты сауатты құрады
  • ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты жоспарлайды, мектепке дейінгі балаларды отбасылық тәрбиелеу ерекшеліктерін, ата-аналар мен балалардың отбасындағы өзара қарым-қатынасын зерттейді
  • қажетті педагогикалық мәселелерді шешу үшін психодиагностикалық әдістемелер мен психометриялық процедураларды пайдаланады; педагогикалық қызметтің тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады
  • мектепке дейінгі жастағы балалар тобында, сондай-ақ олармен және олардың ата-аналарымен өзара тұлғааралық қарым-қатынас құружәне тиімді қарым-қатынас жасау мақсатында педагогикалық шеберліктің әдістері мен тәсілдерін қолдану
  • шетелдік көздерден кәсіби мазмұндағы ақпарат алуға, ғылыми хат жазысуға, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды дайындауға қажетті көлемде шет тілін меңгерген; жеке тұлғалық қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырады, ауызша және жазбаша түрде өз ұстанымын білдіреді
  • мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру саласындағы мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде генерациялау
  • әлеуметтік өзара іс-қимыл жасау кезінде білім беру процесіне қатысушылардың этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарының негізгі даму тенденцияларын талдайды
  • білім беру жүйесіндегі басқару қызметінің шарттары мен ерекшеліктерін, коммуникацияның психологиялық заңдылықтарын талдайды және кәсіби қызметте ұжым мен кіші топ психологиясының негізгі ережелерін, топтық динамика үдерістеріндегі көшбасшының рөлін тескереді
  • өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру әдістерін қолдана отырып, педагогикалық ғылымдарды оқыту мен педагогикалық мониторинг әдістерін көрсету
  • ғылыми мәселелерді тереңдете зерттеу, қойылған міндеттерді дәйекті шешу және алынған нәтижелерді мұқият тексеру дағдыларын меңгерген
  • алған білімдерін оқытудың келесі кезеңдерінде, кәсіби қызметте, мектепке дейінгі мекемеде оқытудың мазмұны мен технологияларын әзірлеу әдіснамасын біле отырып, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану
  • ғылым тарихы мен философиясының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратын меңгерген, ғылымның қазіргі философиясының ережелерін абстрактілі-логикалық талдау және синтездеу ерекшелігін, ғылымның тарихы мен философиясының қазіргі заманғы мәселелерін жүйелейді және талдайды
Top