7M01504 Химия в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру аймағындағы ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне бағытталған аталған білім беру бағдараламасындағы құзырлықтарға сәйкес жоғары білікті маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M013 Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Курстың мазмұны басқару психологиясының тәсілдері мен бағыттарын, басқарудың психологиялық заңдылықтарын, басқару мәселелерін жоспарлау мен шешу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Білім алушылар конфликттік жағдайларды шешудің психологиялық әдістерімен танысады, жұмысты ынталандыру тәсілдерін, басқарудың тиімді стильдерін қолдану әдістерін меңгереді. Басқару процесінің тиімділігінің төмендеуінің негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жалпы білім беретін мектептердегі оқытудың жаңа интерактивті әдістері
Бұл пән ЖОО-да білім беруді ұйымдастырудың заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіздерін, университетте химияны оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін, мамандаярлауда қолданылатын жаңа білім беру технологияларын,химиялық емес мамандықтардағы химиялық білім жүйелерін зерттеуді қарастырады.Бұл пәннің дамуы білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, студенттерге химиялық есептерді шығаруға үйрету үшін болашақ мұғалімдердің оқыту әдістемесі саласындағы арнайы кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың қажетті негізі болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
Педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру пәні бойынша мынадай тараулар терең қарастырылады: ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерi, зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау-ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі, зерттелетін мәселенің жағдайын талдау, ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі, ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі, педагогикалық зерттеулердегі мәліметтерді статистикалық өңдеудің математикалық әдістері, педагогикалық эксперимент.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы және бейорганикалық химияны оқыту әдіснамасы мен заманауи технологиясы
Бұл пән жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың әдістемелік негіздерін, бейорганикалық химияны оқытудың мақсаты мен негізгі міндеттерін қалыптастыру әдістемесін, жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи әдістерімен технологияларын зерттеуді қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушыларда оқу материалы мазмұнының құрылымдық-логикалық байланысымен реттілігі туралы, химия ғылымдарының классификациясы, жалпы және бейорганикалық химияның негізгі теориялық мәселелері туралы жүйелі білім қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орта білім беру ұйымдарында ғылыми - зерттеушілік қызметін басқару
Пән орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметін басқарудың әдістері мен функцияларын зерттеуді қарастырады. Ол мектептің педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретіндегі маңызына, басқару мен педагогикалық басқарудың ұғымдық аппараттарына түсіндірме береді. Білім беруді басқаруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, мектеп ішілік бақылау жүйесі, педагогикалық кадрларды аттестациялау мәселелері қарастырылып, талданады. Бұл пәнді меңгеру магистранттардың білім беруді басқару саласындағы нормативтік құжаттармен жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары оқу орындарында химия пәндерін оқытудың модульдік технологиясы
Бұл курс модульдік оқыту технологиясының жалпы түсініктері мен негізгі сипаттамаларын, модульдік блоктардағы теориялық материалды тереңдетіп оқыту тұжырымдамаларын зерттеуді қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушыларда модульдік оқытудың принциптері, блоктық-модульдік оқытудың мәні, модульдік оқыту технологиясының артықшылықтары мен маңызы, пәннің мазмұнын немесе әрбір тақырыпты дидактикалық, педагогикалық және кәсіби міндеттерге сәйкес құрамдас бөліктерге бөлу туралы жүйелі білім қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың оқу жетістігін критериальды бағалау
Бұл пән оқу жоспарына сәйкес қысқа мерзімді мақсаттар мен оқу нәтижелеріне негізделген білім алушылардың оқу жетістіктерін талдауды, жеке үлгерімі мен дамуын бақылау және оқушылардың тұлғалық даму траекториясын түзетуді зерттеуге арналған. Білімалушылардың оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды толтыруға ынталандыру мәселелерін қарастырады.Пәнді оқу барысында магистранттар студенттердің оқу жетістіктерінің критерийлерін әзірлеу, оқу іс-әрекет түрлерін бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары оқу орындарындағы химияны оқытудың жаңа технологиялары
Бұл пән болашақ мұғалімге химияны оқу бағдарламасымен қарастырылған білім беру мақсаттарына жету үшін сабақтарды жобалауға мүмкіндік беретін ЖОО-да химияны оқытудың заманауи технологияларын зерттеуді қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушыларда химияны оқыту технологияларының әдістемесі, кезеңдері, стратегиялары туралы, химияны оқытудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру туралы жүйелі білім қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия пәніндегі оқулықтардың құрылымдық - мазмұндық негіздері
Бұл курста химияны оқытудағы оқулықтың оқу жүйесі ретіндегі маңызы ашылып, оқулық мәтінінің мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар, мектептегі химиядан қазіргі және баламалы оқулықтардың мазмұны қарастырылады.Пәнді оқу барысында магистранттар оқулықтардың мазмұны бойынша талдаудың негізгі әдістерін түсінеді, табысты оқуға қажетті химиядан білім кешенін көрсету дағдыларын меңгереді, оқулықтардың құрылымы бойынша жалпы әдістемелік ұсыныстар бере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлау мәдениетін зерттеуге бағытталған, аналитикалық мүмкіндіктер мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білім береді. Ғылымның тарихи эволюциясын және олар қалыптастыратын философиялық перспективаларды зерттейді. Қазіргі ғылымның пайда болуы, оның әлеуметтік және институционалдық байланыстары сипатталған. Ойлау эксперименттеріне, теорияларды растау мен теріске шығаруға, сандық және сапалық зерттеу әдістерінің пайда болуы мен қолданылуына байланысты жалпы философиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Тиісті білім саласының түпнұсқа әдебиетін шет тілінде еркін оқуға оқытуды көздейтін кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеру; мамандық бойынша монологиялық және диалогтік нысанда ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамыту; магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты тақырыптарда жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлерімен танысу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Оқу процесінде оқушыларды бағалау әдістері және өзін-өзі бағалау
Бұл курс білімалушылардың оқуын (үлгерімін) диагностикалау мен бақылаудың маңызды принциптерін қарастырады. Ол қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың мағыналарын, педагогикадағы сапалық және сандық критерийлердің алуан түрлілігін, өзін-өзі бағалаудың тұлға дамуындағы рөлі мен орнын ашады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауын дамытуға бағытталған критериалды бағалау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқу барысында магистранттар диагностиканың қажетті компоненттері ретінде педагогикалық процестегі диагностика, бақылау, білімалушылардың білімін бағалау мәселелерін талқылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Курс жоғары оқу орындарындағы пәндерді оқытудың принциптері, әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған, білім беруді басқару, кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған оқыту әдістері және білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуге дайындық мәселелері қарастырылады. Дидактика, заманауи білім беру тұжырымдамалары, оқу үдерісін жобалау және жоғары білімнің ерекшеліктері қамтылады. Магистранттар оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру технологияларын тәжірибеде қолдану және рефлексия дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Химия сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрылымдау әдістемесі
Бұл пән химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін PISA тапсырмаларын қолданудың іс-тәжірибесімен танысу, әр түрлі типтегі жаттығуларды: ситуациялық, практикаға бағытталған тапсырмалар, олардың шарттарында көрінетін бірқатар ерекшеліктері бар ашық типтегі тапсырмаларды шешуді қарастырады. Бұл пәнді оқыту барысында магистранттарда химия сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрылымдау әдістері мен оларды шешудің қырымен байланысты әдістемелік түсінігі қалыптастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Органикалық химия және ЖМҚ химиясын оқытудың методологиялық аспектілері
Бұл пән магистранттардың органикалық қосылыстардың химиялық құрылымы теориясындағы электронды бейнесі туралы, конформациялық изомерия және стереохимия негіздері туралы білімдерін кеңітіп, тереңдетеді. Органикалық қосылыстардың реакциялар теориясын және жоғары молекулалық қосылыстардың химиясын қарастырады. Оқытудың әртүрлі түрлерін өз бетінше жоспарлау және жүзеге асыру үшін магистранттарда қажетті білім, білік және дағды кешенін қалыптастырады. Педагогикалық және әдістемелік мәселелерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиядан оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті
Бұл курста оқу орындарында білімалушылардың жобалық және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру көзделген. Магистранттар химияның зерттеу әдістерінің жүйелерін, химиялық ақпаратпен және әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесін, ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдерін қарастырады. Ұйымдастыру-басқару, оқу-әдістемелік, ақпараттық, дидактикалық және психологиялық-педагогикалық мәселелер кешенін шешудің тұтас ғылыми негізделген көзқарасы қалыптасады. Сондай-ақ магистранттар ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің озық тәжірибесіне талдау жасайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Литосфераны оқып-үйренудің химиялық -экологиялық аспектілері
Пән литосфераның химиялық және экологиялық қасиеттерін зерттеуге арналған: литосфераның құрамы мен құрылымы, литосфера жағдайына әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар, топырақты тазарту әдістері . Бұл пән білім алушылардың литосфераның химиялық құрамын анықтау, топырақ объектілеріндегі ластаушы заттардың әрекетін болжау дағдыларын, сонымен қатар топырақтың химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушыларды химия пәнін бейіналды және бейіндік оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері.
Бейіналды және бейіндік оқытудың мәні мен мақсаты. Бейіналды және бейіндік оқытудың жалпы ережелері және ұйымдастыру. Қазақстан Республикасындағы бейіндік және бейіндік оқытудың жағдайы. Бейіналды және бейіндік оқыту кезеңінде оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру үшін білім беру тұжырымдамасының элементтерін таңдау. Элективті курста оқыту әдістерін таңдаудағы әдістемелік тәсілдер. Бейіналды және бейіндік элективті курстар шеңберінде химияны оқытудың негізгі ұйымдастырушылық формаларын пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гидросфераны оқып-үйренудің химиялық -экологиялық аспектілері
Пән гидросфераның химиялық және экологиялық қасиеттерін зерттейді: гидросфераның құрамы мен құрылымы, гидросфераның күйіне әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар, су массаларын тазарту әдістері. Бұл пән білім алушылардың табиғи және өндірістік сулардың химиялық құрамын анықтау, су объектілеріндегі ластаушы заттардың әрекетін болжау дағдыларын, сондай-ақ су қоймаларының химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Атмосфераны оқып-үйренудің химиялық -экологиялық аспектілері
Пән атмосфераның құрамы мен құрылымы, атмосфераның жағдайына әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар, ауаны тазарту әдістері сияқты химиялық және экологиялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Бұл пән студенттердің атмосфераның химиялық құрамын анықтау, ауа объектілеріндегі ластаушы заттардың әрекетін болжау дағдыларын, сонымен қатар ауаның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Күрделілігі жоғары химия есептерін шығару әдістемесі
Пән күрделілігі жоғары химиялық есептерді шешу әдістерін зерттеуге арналған. Өңірлік компонентті ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды, өндірістік экологиялық мазмұны бар тапсырмаларды шешу қарастырылады. Білім алушылар логикалық ойлау тапқырлығын пайдалана отырып, күрделілігі жоғары есептерді есептеу дағдылары мен іскерліктерін, ғылыми зерттеу барысында химиялық есептерді бағалау үшін күрделілігі жоғары математикалық есептеулерді қолдана білу дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі органикалық химияның және биохимияның теориялық және қолданбалы аспектілері
Бұл курс динамикалық, статикалық, функционалды биохимияның негізгі бөлімдері, эукариоттар мен прокариоттардағы негізгі биохимиялық процестердің қызметі мен реттелуі туралы түсінікті кеңейтеді. Қазіргі заманғы жабдықтар мен аспаптарды пайдалана отырып, органикалық және биохимиялық білімдер негізінде магистранттар нақты эксперименттік есептерді шешу үшін биологиялық химия бойынша эксперименттік дағдыларды меңгереді. Студенттердің алған білімдері мен дағдылары кәсіптік пәндерді оқытудың кейінгі процесінде қажет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте химиялық есептерді шешу әдістемесі
Бұл курста қазіргі ақпараттық кеңістікте бағдарлану үшін жаратылыстану-математикалық білімді пайдалану, есептеу және эксперименттік есептерді шешу кезінде ойлау экспериментінің дағдыларын меңгеру үшін практикалық дағдылар мен іскерліктер қалыптасады. Бұл пәнді оқу критериалды бағалауды қолдана отырып, оқу нәтижелерін бақылауға мүмкіндік береді. Курсты оқып-үйрену жоғары оқу орнының оқытушысы ретіндегі практикалық жұмыстарды орындау үшін, сонымен қатар магистратураның әдістемелік жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі таңдағы химияның өзекті мәселелері
Пән қазіргі химияның өзекті мәселелерін зерттейді.Қазіргі химияның өзекті мәселелерінің бірі – химиялық синтез, жаңадан синтезделген қосылыстардың атомдық және молекулалық құрылымы және электрондық құрылымы, сонымен қатар жаңа химиялық материалдарды игеру, химиялық процестерді оңтайландыру, химиялық энергия. Бұл пәнді оқып үйрену білімалушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және әртүрлі ғылым салаларындағы химиялық құбылыстарды болжауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
"Заттардың құрылысы" курсын оқытудың әдістемелік аспектілері
Бұл пән зат құрылымының қазіргі мәселелерін, заттың молекулалық түрінің тұрақтылығын; заттардың электрлік, магниттік және оптикалық қасиеттері, конденсацияланған фазалар: кристалдар, сұйықтар, мезофазалар, аморфты заттар, квазикристалдар, нанокристалдарды оқытуды көздейді. Курсты оқу барысында білім алушылар молекулалар мен заттардың құрылымын, зат пен фазаның агрегаттік күйін, олардың салыстырмалы сипаттамаларын зерттеудің тәжірибелік және теориялық әдістері туралы жүйелі білімдерін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия пәндерінен электрондық оқулықтарды құру әдістемесі
Бұл пән инновациялық білім беру құралдарын және сонымен қосы жасанды интеллект пайдалануды зерттейді. Пәнді оқу барысында магистранттар білім беру ресурстарының классификациясын меңгереді, электронды оқулықтар және электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы туралы жалпы мәліметтер алады; электронды оқулықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін ажырата біледі. Курс сонымен қатар электронды ресурстарды пайдалана отырып химияны оқытудың формалары мен әдістерін талқылайды және электронды тасымалдаушылардағы химиядан білім беру ресурстарына шолу жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық химияны және электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілері
Бұл пән физикалық химия мен электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілеріне арналған. Химиялық термодинамика, электрохимия, катализ, кинетика сияқты бөлімдерді оқыту әдістемесінің мәселелері қарастырылады. Студенттерде физикалық-химиялық бағыттағы тақырыптарды оқу кезінде әдістемелік тәсіл дағдылары, ғылыми деректерді, химия тілін педагогикалық тәжірибеде қолдана білу, сонымен қатар ғылыми зерттеу барысында алынған нәтижелерді математикалық түрде өрнектеу дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аналитикалық химия және сирек элементтер химиясын оқытудың әдістемелік аспектілері
Бұл пән аналитикалық химия мен сирек элементтер химиясын оқытудың әдістемелік аспектілерін зерттеуге арналған. Сапалық және сандық талдау сұрақтары, талдаудың физика-химиялық әдістері қарастырылады. Студенттер заттың сапалық және сандық құрамын анықтаудың әдістемелік дағдыларын дамытады, қоршаған ортадағы химиялық ластағыштарды анықтау бойынша есептеулер жүргізеді, логикалық қорытынды жасайды және жоғары білім беретін оқытушыға қажетті дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
"Катализ" және "Коллоидты химия" курстарын оқытудың әдістемелік негіздері
Бұл пән «Катализ» және «Коллоидтық химия» курстарының әдістемелік аспектілерін зерттеуге арналған. Катализ түрлері, өнеркәсіпте қолдану әдістері, дисперсті жүйелердің құрамы, қасиеттері және алынуы, зольдердің тазартылуы мен диффузиясы сияқты коллоидтық химияның негізгі мәселелері қарастырылады. Оқушылардың коллоидтық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары, алынған нәтижелерді талдау, экспериментті жоспарлау және нәтижелерді өрнектеудің математикалық әдістерін қолдану дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы химияның таңдаулы тараулары
Бұл пән атомдардың, молекулалардың, заттардың құрылысы, химиялық процестердің механизмдерімен байланысты «Жалпы химия» курсының ең күрделі бөлімдерін оқуды қарастырады. Бұл пәнді игеру магистранттардың шығармашылық ойлауын дамытуға, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға қажетті негіз болып табылады, химия мен өмірдің байланысын ашуға ықпал етеді, болашақ мұғалімнің белсенді педагогикалық іс-әрекеті үшін білім, практикалық дағдылар жиынтығымен қаруландырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химияны оқытудағы инновациялық технологиялар
Бұл пән әлемдік білім берудің инновациялық әдістерін, технологияларымен оқыту әдістерін, тенденциялары мен даму бағыттарын зерттеуді қарастырады. Бұл пәннің дамуы инновациялық технологияларды талдау және оқу процесіне енгізуді ұйымдстыру қабілетін қалыптастырудың қажетті негізі болып табылады. Курсты оқу барысында студенттердің химияны оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қолданылатын интерактивті әдістер туралы жүйелі білім қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Радиациялық биохимияның қазіргі таңдағы мәселелері
Бұл пән иондаушы және иондамайтын сәулелердің биологиялық объектілерге және жасуша мен ұлпалардағы зат алмасуға әсерін зерттейді. Радиациялық фон, оның құрамдас бөліктері, иондаушы сәулеленуді тіркеудің негізгі әдістері және олардың салыстырмалы сипаттамалары туралы сұрақтарды қарастырады. Нуклеин қышқылдарының, белоктардың, липидтердің және көмірсулардың радиациялық биохимиясының мәселелері, радиациялық экология және гигиена мәселелері талқыланады. Сабақ тақырыбы бойынша жағдаяттық есептер шығарады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
"Жалпы химиялық технология" курсын оқытудың әдістемелік аспектілері
Бұл пән химиялық технологияны оқытудың әдістемелік негіздерін, химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын, химия өнеркәсібінің маңызды салаларын оқыту әдістемесін зерттеуді қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушылар ғылым мен өндірістің қазіргі жағдайы деңгейінде химиялық технологияның заманауи мәселелерін зерттеу әдістемесі, нақты химия салаларының өнімдерін алу және пайдалану мүмкіндіктері, сонымен қатар химиялық технологияның дамуында жаңа бағыттар бойынша жүйелі білімдерін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия тарихын оқытудың әдістемелік аспектілері
Бұл курста магистранттардың зерттеушілік дағдылары химия философиясы мен ғылым тарихының мәселелерін оқу арқылы қалыптасады; ғылыми танымның заманауи әдіснамасы туралы ойлар; қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің негізгі қатысушыларының теориялық және эмпирикалық мүмкіндіктерін талдау туралы және субъективисттік және объективистік біржақты көзқарастарды жеңу туралы қарастырылады. Химия тарихы мен әдістемесі курсының жаратылыстану және философияның жалпы әдіснамасымен байланысы анықталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия мұғалімінің зерттеу қызметін жобалау
Бұл пән жобалық қызмет әдісінің барлық аспектілерін, қазіргі классификациясын, оның түрлерін ашады. Жобалаудың теориясы мен практикасының негізгі аспектілері: жоба әдісінің тұжырымдамалық негіздері, жоба типологиясы, жобалау әдістері, жоба құрылымы, жобалық құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптар, көрсету және қорғау ережелері және т.б. қарастырылады Оқу барысында болашақ мұғалімдерді жобалық әдістеме бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді және білімалушыларды олардың дербес оқу-танымдық әрекеті бойынша сүйемелдеуге дайындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.
- Химияны оқыту процесінде күнделікті кәсіби қызметте заманауи педагогикалық технологияларды қолдану.
- Зерттеу қызметі барысында туындайтын мәселелерді шешу, бакалавриат білім алушыларының зерттеу дағдыларына диагностика жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау, қолданылатын әдістерді түрлендіру және зерттеу міндеттеріне сүйене отырып жаңа әдістемелерді әзірлеу.
- Жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін және оның даму перспективаларын шешу, ЖОО – да тиімді технологияларды қолдану мәселелерін қарастыру, өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу, нәтижелерді бағалау.
- ЖОО-да оқыту әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
- Оқу-тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы ақпарат құралдары мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың қазіргі заманғы және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын, білім беру ресурстарын әзірлеу және қолдану.
- Жалпы білім беретін мекемелерде қолданатын әртүрлі білім беру технологияларында бағалау критерийлер жүйесін құрастыру.
- Химия пәндерінің жоғары оқу орыны бағдарламасының барлық сұрақтары бойынша оқу материалын күнделікті кәсіби іс-әрекет үшін байланыстыру.
Ұқсас БББ
7M01504 Химия (1)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01504 Химия
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01504 Химия
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01504 Химия
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01504 Химия
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M01504 Химия
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01504 Химия
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01504 Химия педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01504 Химия педагогтарын даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті