6B01406 Еңбек технологиясы және кәсіби бағдар в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беруді модернизациялау жағдайында оқу-тәрбие үдерісінің педагогикалық және шығармашылық міндеттерін шешуге педагогика мен психологияның замануи теорияларын, білім беру үдерісінің мәселелерін тиімді шешудің кәсіби құзыреттерін меңгерген, кәсіби еңбегінде өзі-өзі жүзеге асыруға кәсіби танымдық және тұлғалық дағдыларын үздіксіз дамытуға зияттық әлеуеті жеткілікті болашақ «Еңбек технологиясы» оқу пәні мен кәсіби бағдар беруші педагогтарын даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Инженерлік және компьютерлік графика
Проекциялық, машина жасау, құрылыс, топография сызбаларын тұрғызу тәсілдерін үйренеді. Сабақтың барысында компьютерлік графика курсының негізгі терминдері, мәні мен рөлі, оның негізгі заңдылықтарын,. бір, екі және үш өлшемді сызбаларды орындау моделдерін қарастырады және оқып үйренеді. Графикалық жұмыстарды компьютерлік бағдарламалармен орындаудың интерфейсі бойынша панелдерді қолдана сызба жұмыстарын КОМПАС 3D және AutoCAD автоматтандырылған жобалау ортасында орында
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалтану негіздері және конструкциялық материалдарды өңдеу
Білім алушылар материалдардың құрылымы мен қасиеттерін, беркітігін арттыру, дайындаманы алу мен өңдеудің технологиялық процестерін әр түрлі құралдармен, аспаптармен өңдеу туралы білімі қалыптасады. Материалдардың физикалық-техникалық және технологиялық қасиеттерін анықтайдыі. Машина және прибор жасау өндірістерінде қолданатын материалдарды алудың теориялық және технологиялық негіздерін, металлургия өндірісінде материалдарды алудың тәсілдерін, құйма әдістерімен ажырамайтын бөлшектердің дайындамасын жасау, пісіру өндірісінің технологиясы, замануи тәсілдерімен дайындамаларды алудың әдістерін қолдануға үйренеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім алушыларды дамытудың жас ерекшелік және физиологиялық ерешеліктері
Болашақ педагогтар психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ педагогтар білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ педагогтар әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
3D нысандарын компьютерлік жобалау
Үш өлшемді нысандарды құру және оларды түрлендіру, негізгі түсініктер, координаттар жүйесі, интерфейс элементтері және панелдердің орналасуы, негізгі объектілерді құру, олардың мүмкіндіктері, құрылған объектінің параметрлерінің өзгеруі, Edit Mesh модификаторы, негізгі модификаторлар, ArchiCAD тұжырымдамасы, жобаны құрудың негізгі әдістері туралы білімдері қалыптасады. Оқу барысында білім алушылар графикалық бағдарламаның көмегімен әр түрлі нысандардың элменттері мен іргелі нысандардың кешенін жобалау тәжірибесіне дағдыланады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Машинатану негіздері және материалдарды өңдеу технологиясы
Мақсаты - машина бөлшектерін есептеу мен жобалаудың негізгі әдістерін меңгеру, студенттердің жобалық есептерді өз бетінше шешу дағдыларын игеру болып табылады. Материалдарды қолмен және механикалық өңдеу әдістерін орындап үйренуді қамтиды. Материалдардың сыртқы және ішкі беттерін, типтік жазықтықтарды өңдеудің процестерін, көмекші құралдар мен құрылғыларды пайдалану ерекшеліктерін қарастырады. Қолмен және машинамен материалдарды өңдеу, оның жұмыс орнын ұйымдастыру тәжірибелеріне дағдыланады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ педагогтар заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге үйренеді. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мәнмәтінінде педагог қызметінде қолдана алады. Болашақ педагогтар білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал ету тәсілдеріне дағдыланады. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасу формалары мен әдістерін қолданады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Экология, тіршілік қауіпсіздігі және тұрақты даму
Пәнді оқыту білім алушыларда адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға, антропогендік әрекеттің салдарын түсінуге және осы қатынастарды үйлестіруге көмектесетін стратегияларды әзірлеуге бағытталған. Білім алушылар биосфера, экожүйелер және олардың тұрақтылығы сияқты экологияның негізгі түсініктерін, сонымен қатар қоршаған ортаның ластануын және оның адам денсаулығына әсерін бағалау әдістерін, жағымсыз факторлардан қорғау мәселелерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мәселелерін меңгереді. Экологиялық қауіпсіздік проблемалары бар пәнде оны мемлекетпен қорғалатын құқықтық нормалар түріндегі басқару механизмдері және алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету біріктіріліп зерттеледі. Пән тұрақты дамуды құрудың және қазіргі және болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізі болып табылатын шешімдерге экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторларды біріктіру қажеттілігіне бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Электртехникасы мен электроника негіздері
Білім алушылар сызықтық электр тізбектерінің бір фазалы және үш фазалы синусоидалы тоқпен жұмыс істеу принциптеріне үйренеді. Электр тізбектерін талдау мен есептеудің негізгі әдістері қарастырылады. Электрондық компоненттерді пайдалана отырып қарапайым электрлік тізбектерді жинап, мультиметрді қолдана отырып, өлшеулер жүргізеді. Әртүрлі электронды компоненттерді қолдана отырып, күшейткіштер, генераторлар, сүзгілер секілді схемаларды жобалауға және құрастыруға, тізбектердің параметрлерін өлшеу, тексеру, оциллографты пайдалану арқылы сигналдардың пішінін талдау тәжірибесіне дағдыланады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр приборлары мен құрал-жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу
Оқу пәні әртүрлі электр құрылғылары мен жүйелерінің жұмысы, қызмет көрсету және жөндеу принциптерін зерттеуге бағытталған. Курс «Электротехника және электроника негіздері» бойынша білімге негізделген. Сонымен қатар ақаулықтарды диагностикалау әдістері мен оларды жою технологияларын қамтиды. Білім алушылар электр аспаптарына техникалық қызмет көрсетумен, әртүрлі күрделіліктегі жөндеулерді құралдармен орындау тәжірибесіне дағдыланады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағдарламалық басқарумен материалдарды өңдеу технологиясы
Нақты объектілерді өндіру процессінде құрылымдауды, САПР жобалаудың тәсілдері мен қолдау аймағын білуге бағыттайды. Жобалауды автоматтандырудың жалпы сипаттамасын, перспективті даму мен жағдайын, автоматтандыруды жобалаудың әдіснамасын, САПР жіктелуі мен қамтамасыз ету түрлерін, САПР ақпаратты қамтамасыз ету жақтарын, САПР типтік құрылымдарын, құрылымның автоматтандыруын ұйымдастыру турлы білім мен дағдыға үйренеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Курс барлық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған және жасанды интеллекттің күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік береді. Курстың мақсаты – білім алушыларды жасанды интеллекттің негізгі қағидаларымен таныстырып, оны әртүрлі салалардағы нақты міндеттерді шешуде қолдану дағдыларын дамыту. Курсты меңгеру барысында білім алушылар деректерді талдау, ЖИ-технологияларын бейімдеу және оларды кәсіби процестерге интеграциялау бойынша құзыреттерге ие болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ педагогтар оқытудың әртүрлі теориялары мен педагогикалық үлгілеріне жетелейтін тұлғаның тұжырымдамалық бейнелері сияқты педагогика ғылымының негіздерін меңгереді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ педагогтар әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Киімді моделдеу мен құрастыру
Курстын мақсаты киімдерді көркем модельдеу және оған қажетті теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Болашақ мамандардың киімді жобалау кезінде өз алдарына нақты шығармашылық міндеттер қойып, оны әртүрлі әдіс амалдарын орындау мен қажетті композициялық сауаттылық ойларын қалыптастыру, жеке тұлғаның креативті қасиеттерге баулға бағыттайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұлттық киімдерді жасау технологиясы
Курстын мақсаты білім алушыларға ұлттық киімдердің даму тарихи мен змануи түрленудің факторлары, ұлттық киімдердің эмоционалдық, көркемдік бейнесінде өндірістің жаңа технологиясын, түрлі әдістер мен заманауи маталарды туралы білімдерін қалыптастыра, костюмдердің түрлі моделдерін жасауға үйрету болып табылады. Жаңа модель құруда ұлттық киімдердің рационалдық принципін, құрылымдық ерекшелігін сақтауға үйретіп, киім сәнгерлердің жаңа формаларын зерттеуге дағдыландыру болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқытуды жоспарлау мен даралау
Болашақ педагогтар өздерінің оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларымен, білім берудің белгілі бір деңгейін дамытудың педагогикалық қағидаларына және шарттарына негізделе жоспарлау үдерісін меңгереді. Педагогикалық және өз бетінше ізденістерге негізделген оқыту технологияларын қолдану және оқыту үдерісіне оқушылардың жан-жақтылығын және инклюзия қағидаларын ескере отырып, оқытуды дараландырудың тәжірибесіне үйренеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқыту әдістері мен технологиялары
Оқытудың стратегиялары мен әдістемелерін жан-жақты ашып, зерделеп түсінуге, оларды нақты педагогикалық жағдайларға, мектептің нақты шарттарына және оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін инновациялық әдістерді таңдауға, оқыту мен бағалау үдерісін оқып үйренеді. Білім беру үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолайлы инклюзивті, физикалық және онлайн оқыту ортасын құра, дидактика, оқыту технологиялары мен оқушыларды ынталандыру әдістері бойынша қажетті білімдерге, оқу үдерісінде жүзеге асыру тәсілдемелерін, оқушыларға қажетті педагогикалық көмек көрсете алу тәжірибесіне дағдыланады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері
Пән білім алушыларға экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері туралы кешенді түсінік қалыптастыруға бағытталған. Нарықтық тетіктер, мемлекеттің экономикадағы рөлі, азаматтық және еңбек құқығының негіздері, кәсіпкерлік бастамалар, бизнес-жоспарлау, жеке бюджет, жинақтау, салық салу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда ұтымды қаржылық әрекет ету, құқықтық бағдарлану және кәсіпкерлік ойлау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Стартапты ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару
Пән білім алушылардың стартапты құру, дамыту және тиімді басқару бойынша құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Мақсатты аудиторияны анықтау, команда құру, бизнес-идеяны іске асыру, құндылық ұсынысын әзірлеу және сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмау тәсілдері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар ашық, тұрақты және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлік жобаны әзірлеу дағдыларын иеленеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тағам өнімдерінің өндірісі мен құрал-жабдықтары
Тағам өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін және олардың өңделуі мен қапталуында қолданылатын жабдықтарды қарастыру болып табылады. Тамақ өнеркәсібіндегі машина жасау, технологиялық қондырғылардың жұмыс принциптері, процестерді автоматтандыру, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы білімдерді үйрету мен тәжірибеде орындауға бағытталған. Тамақ өнеркәсібіндегі ресурстарды тиімді пайдалану, инновациялық технологиялар мен санитарлық нормаларды сақтау мәселелерін талдау мен тәжірибеде бақылауға үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбек технологиясын оқыту теориясы мен әдістемесі
Бейін салаларына арналған техникалық және технологиялық пәндерді оқытудың мазмұнына бағытталған білім беру мазмұнын құруын, оқытудың формаларын, әдістерін, құралдарын қолдануды, оқыту қағидалары негізін жетекшілікке алып, өзбетімен сабақты жоспарлау және өткізу, рефлексиялау әдістерін тәжірибелеуге үйрету болып табылады. Курстың барысында оқыту қағидалары, замануи оқытудың формалары мен әдістері, бағалау критерияларының құрылуы мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыра, оларды тәжірибелік сабақтарда оқыту
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбек психологиясы
Білім алушылар еңбек психологиясының негізгі ұғымдарын, еңбек пен мамандықтардың психологилық белгілерін, еңбек түрлерінің пайда болуы мен замануи мамандықтардың атласы бойынша дамуы туралы білімі қалыптасады. Еңбектегі маманның танымдық процесінің жүру ерекшеліктерін анықтауға үйренеді. Кәсіби маманның даму заңдылықтарын қарастырады. Кәсіби іс-әрекетті талдау және бағалау әдістеріне үйренеді. Маманның профессиограммасын, психограммасын құруға үйренеді. Оның кәсіби күйзелістерін диагностикалау мен түзетудің алғашқы дағдыларына баулынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Профориентология
Курстың мақсаты – студенттерді кәсіби бағдар беру, кәсіби таңдауларын дұрыс жасай алудың теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Студенттерге жеке тұлғаның кәсіби дамуының психологиялық аспектілері, кәсіби бағдар беру әдіснамасы, кәсіби таңдауды жасауға әсер ететін факторларды анықтауға үйретеді. Кәсіби бағдар беру процесін түсіну және оның негізгі компоненттерін білу, әртүрлі мамандықтар мен кәсіптердің ерекшеліктерін зерттеу, кәсіби бағдар берудің әдіс-тәсілдері мен құралдарын тиімді пайдалану дағдыларына үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби психология
Білім алушылардың кәсіби білім беру оқу орындарында мамандарды даярлауға бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға психологиялық білімі мен құзыреттерін қалыптастыру болып табылады. Кәсіби білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудағы адам психикасының заңдылықтары мен дамуы, әдістері, оқыту мен тәрбиенің психологиялық мәні, маман тұлғасының қалыптасуының психологиялық алғышарттарын қарастырады. Тұлғаны басқарудың психологиялық әдістерін, танымдық процестерін дамытудың тәсілдеріне, өзінің, өзгелердің психикалық күйлерін талдауға, өзін-өзі реттеу дағдыларына үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тігін өндірісінің технологиясы мен құрал-жабдықтары
Тігін бұйымдарын жасау процестерін және қолданылатын жабдықты зерттейтін пән. Курс аясында материалдарды өңдеу әдістері, тігін машиналары мен автоматтар жұмысының ерекшеліктері, өндірістік циклдің кезеңдері қарастырылады. Технологияны білу және жабдықты дұрыс таңдау, тігін өндірісінің сапасы мен тиімділігін арттыру тәсілдеріне үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тағам дайындау технологиясы мен үй мәдениеті
Тағам өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін және олардың өңделуі мен қапталуында қолданылатын жабдықтарды қарастыру болып табылады. Тамақ өнеркәсібіндегі машина жасау, технологиялық қондырғылардың жұмыс принциптері, процестерді автоматтандыру, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы білімдерді үйрету мен тәжірибеде орындауға бағытталған. Тамақ өнеркәсібіндегі ресурстарды тиімді пайдалану, инновациялық технологиялар мен санитарлық нормаларды сақтау мәселелерін талдау мен тәжірибеде бақылауға үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құрылыс өндірісінің технологиясы
Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде жүзеге асырылатын құрылыс процестерін жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын қарастырады. Құрылыс материалдарын, жартылай фабрикаттар мен құрылымдарды өңдеуді, олардың жағдайын, физикалық-механикалық қасиеттерін, геометриялық өлшемдерін сапалы өзгертуге қажетті өнімді алудың қайта өңдеуді қамтамасыз ететін құрылыс-монтаж процестерін, теориялық негіздерін, құрылыстық процестердің әдістері мен тәсілдерін орындау туралы білім мен тәжірибеге үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бұйым дизайны(сала бойынша)
Курста білім алушылар киімді көркемдік жобалаудағы бастапқы форма элементтерін, киімнің көркем безендірілуіндегі бастапқы элементтер мен форма бөліктерінің байланыстырушы құралын, киім дизайнындағы жобалаудың бейнелі және ассоциативті негіздерін, дизайнер шығармашылығының әдістері мен тәсілдерін ұғынады. Оқу барысында сәндік үлгілі киім бұйымдарын моделдеу, жобалау, сәндеу тәжірибелеріне дағдыланады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулер
Бұл курс болашақ педагогтарға педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздеріне үйретеді. Түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал ету дағдыларын тәжірибелейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Болашақ педагогтар оқыту үдерісінде білім алушылардың әртүрлілігін түсінеді, сондай-ақ олардың өмірі мен оқу жағдаяттарын ескеру мүмкіндігіне ие. болашақ мұғалімдер тиісті АКТ, үйретуші және көмекші технологияларды қолдана отырып, білім алушыларды оқытуды және оларды білім беру үдерісіне қосуда қолдайды. Болашақ педагогтар қауымдастықпен ынтымақтастықта, психологиялық және этикалық тұрғыдан олардың әл-ауқатын қолдайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сәндік-қолданбалы өнер
Курстың мақсаты білім алушылардың сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихы, оның тарихи құндылықтары, түрлері, бұйым үлгілеріндегі декоративтік мотивтері мен оның композициялық ерекшеліктері, жасау тәсілдері туралы білімін қалыптастыру. Курстың оқу барысында сәндік-қолданбалы өнердің жеке түрлері бойынша бұйымдарды жобалау мен жасау тәсілдеріне және бұйым жасау дағдылары қалыптасады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Замануи стилде этнобұйымдарды жасау
Заманауи стильдегі этно бұйымдарды жасау – бұл әртүрлі халықтардың дәстүрлі элементтерін қазіргі заманғы дизайнерлік шешімдермен үйлестіретін өнер түрі. Табиғи материалдарды пайдаланып, тоқыма, кестелеу, ою-өрнек пен қолөнердің басқа да әдістерін заманауи түсінікпен қайта жаңғырту тәсілдері туралы білімін қалыптастыра, тәжірибеде бұйым үлгілерін әсемдеп орындау тәжірибесіне үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың мамандықты таңдаудағы психодиагностикалық әдістері
Курстың мақсаты – студенттерді кәсіби таңдау бойынша психодиагностикалық әдістерін, қолдану тәртібіндегі қағидаттар мен тәртіптерді және оқушылардың кәсіби бағытын анықтауға көмектесетін құралдарды меңгерту. Сонымен қатар психодиагностика әдістерін қолдану, оқушылардың қызығушылықтарын және қабілеттерін бағалау, кәсіби таңдауда психологиялық тесттерді тиімді пайдалану әдістемесі мен орындау дағдыларына үйрету
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Құрылыс жұмыстарында жөндеу және әрлеу
Әрлеу құрылыс материалдарының ең көп таралған заманауи түрлері мен оларды қолдану туралы білімі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Әрлеу материалдардың сипаттамалары, пайдалану және эстетикалық қасиеттері, оларды өндіру әдістеріне, едендерді әрлеуге, ішкі және сыртқы әрлеуді орындауға қойылатын талаптар қарастырылады. Интерьер дизайнында әртүрлі құрылыс және әрлеу материалдарын өз мақсаты бойынша пайдалану тәжірибесіне үйренеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектептегі кәсіби бағдарды ұйымдастырудың замануи технологиясы
Кәсіби бағдарлау жұмысының заманауи тұрғылары, әдістері мен технологияларын, соның ішінде кеңес берудің әртүрлі формалары, кәсіби қызығушылықтарын диагностикалау қарастырылады. Кәсіптік бағдар беру міндеттерін жүйелі түсіну, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін талдау, диагностика және сүйемелдеу әдістерін таңдау, кәсіптік бағдар берудің заманауи технологияларын қолдану тәжірибелеріне дағдыланады. Кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беруді сүйемелдеудің жеке маршруттарын әзірлеу, кәсіптік бағдар беру тренингтерін өткізу дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ауылшаруашылық дақылдарды өсіру технологиясы
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуы үшін оптималды жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешені, жоғары сапалы өнім алу мақсатында жүзеге асырылады. Ол топырақты дайындаудан бастап, өнім жинауға және сақтау кезеңдеріне дейінгі барлық кезеңдерді қамтуды ұйымдастыру болып табылады. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясы» пәні ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде қолданылатын әдістер мен процестерді зерттеу тәжірибелеріне үйренеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Техникалық шығармашылық және робототехника негіздері
Робототехника негздерімен ұштасқан техникалық шығармашылық жұмыстың әртүрлі бағыттарына сенімді жетекшілік етуге және сауатты техникалық тапсырмаларды шешуге оқушыларды үйретудің әдістемесіне дағдыланады. Техникалық шығармашылықтың ұғымдық аппараттын, техникалық нысандарын жасаудың материалдарын, тетіктерін, құрылғыларын, моделдеудің техникалық тапсырма әдістері мен тәсілдерін қолдануға үйренеді. Электр және радиоэлектрондық құрылғылармен жабдықталған көліктердің, басқа техникалық бөлшектердің әрекеттік моделдерін құруға үйренеді. Техникалық шығармашылық және робототехника бойынша үйірме сабақтарын ұйымдастыруға дағдыланады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Замануи өндіріс пен қызмет көрсету технологиясы
Курстың мақсаты өнімді іс-әрекеттегі замануи субъект шаруашылықтардың инновациялық технологиялары туралы білімін. мәдениетін және замануи нарықты жағдайға бейімделу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Материалды және материалды емес өндірістердің тарихи даму үдерісін, түрлерін, жіктелуін, қызметтері мен еңбек жағдайларын, технологиялық дамуын, адам өміріндегі әлеуеті мен қиындықтарын қарастырады. Ғылыми-техникалық прогрестің барысындағы болашақ субъект шаруашылықтарының даму болашағы мен қоғамдық, тұлғалық қажеттіліктерін саралап талдауға, қорытынды жасауға дағдыланады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағдардағы әлеуметтік-психологиялық тренинг және коучинг
Білім алушы топта өзара әрекет жасау, топтық үрдістерді басқару, кәсіби таңдау үрдісін сүйемелдеу үшін коучингтік техниканы пайдалану, психологиялық-педагогикалық жағдайды талдау және кәсіби өзін-өзі анықтау үрдісінде жеке тұлғаны қолдаудың ең тиімді түрлерін таңдау дағдыларын игереді. Жеке тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған тренингтер мен коуч-сессияларды өткізу, тренингтерді жоспарлау және өткізу, жеке коучингтік бағдарламалар құрастыру тәжірибелеріне үйренеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық техникалары мен технологиясы
«Техника және ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» пәні аграрлық салада қолданылатын әртүрлі техникалық құралдар мен технологияларды зерттеуді қамтиды. Пән экологиялық және экономикалық факторларды ескере отырып, өндіріс тиімділігін арттыру, техниканы пайдалану тиімділігін оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету әдістерін меңгеруге бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулер, даму және инновация
Болашақ педагогтар жұмысының нәтижесін ғылыми дәлелдеудің технологиясы мен әдістеріне үйрену үшін шағын зерттеу жобасын әзірлеуге үйренеді. Олар өздерінің зерттеу тақырыбын/сұрақтарын анықтайды, әдебиеттерге шолу жасайды және зерттеу этикасын қоса алғанда, деректерді жинау және талдау әдіснамасын жасайды. Этикалық жүргізілген зерттеулер және әзірлемелердің негізінде педагогикалық іс-әрекетін дамытып, жаңарта алады, зерттеу жобаларын жүзеге асыра алады. Өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін әртүрлі кәсіби тәсілдермен және арналармен ұсына алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қағаз техникасымен бұйымдардың дизайнын жасау
Курстың мақсаты нысан дизайнының формаларын жасау мен макеттік - пластикалық мәдениетін дамыту, олардың кеңістік материалдарымен жұмыс істеуге тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Бұйымдарды көркем жобалаудың тарихи тәжірибелерін, материалдарын, технологиялары мен қағидаларын оқып үйренеді. Қағаз материалынан бұйымның дизайнын жасаудағы әлеуеті, трансформациялануы, көлемдік-кеңістік формаларын құру, формалау, тектоника, құрастыру технологиясы, тәсілдері мен приемдарын түрлендіріп, құралдары мен қағаз материалдарынан бұйымның жаңа дизайн үлгілерін көлемді-кеңістік сипатта жасауға дағдыланады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сәндік өсімдіктерді өсіру
Сәндік өсімдіктерді өсіру-бақтарды, интерьерлерді, ландшафттарды және басқа аумақтарды безендіру үшін қолданылатын әртүрлі өсімдіктерді өсіру процесі туралы білімін қалыптастыра, тәжірибеде орындау дағдыларына үйретеді. Сәндік өсімдіктер ауа сапасын жақсарту, желден қорғау немесе кеңістікте жайлылық жасау сияқты функционалдық қасиеттерді ескеру ерекшеліктерін үйренеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағдар берушінің көшбасшылығы пен басқаруы
Курсты оқу кезінде көшбасшылықтың психологиялық астарлары, ықпал ету және сендіру әдістері, басқару құзыреттілігін дамыту құралдарын қарастырады. Көшбасшылық позиция, жауапкершілік және шешім қабылдауға дайындық, стратегиялық жоспарлау, тиімді қарым-қатынас дағдыларын, кәсіптік бағдарлау аясында көшбасшының кәсіби және жеке қасиеттерін талдау, қақтығыстарды шешу, өзін-өзі басқару және эмоционалды интеллект дағдылары қалыптасады
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі менеджмент
Курс стратегиялық және жедел басқару дағдыларын, басқарушылық ойлауды, көшбасшылық қасиеттерді, негізделген басқару шешімдерін қабылдау қабілетін, іскерлік қарым-қатынасты, командалық жұмысты, қызметкерлерді ынталандыру, педагогикалық консалтинг пен өзін-өзі талдау, құжаттар мен басқарушылық қызметті нормативтік-құқықтық сүйемелдеу дағдыларын қалыптастырады. Білім беру мекемелерінде заманауи басқару технологияларын қолдануды, білім беру қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыруды және білім беру мекемесінің жұмысын оңтайландыру тәжірибелеріне үйренеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың жобалық-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру
Курстың мақсаты жобалық және зерттеу жұмыстарын орындауауды ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын игеруге бағыттайды. Жобалық және зерттеу жұмысардың ұғымдық аппаратын, қағидалары мен шарттарын, әдістерін үйренеді. Халықаралық және республикалық жобалық және зерттеу жұмыстарының ережелерін, рәсімдеу талаптарын, қорғау тәртіптеріндегі ерекшеліктерді оқып үйренеді. Оқушыларға арналған жобалық және зерттеу жұмыстарын бағалау өлшемшарттарын құрып, өзекті мәселелерді таңдап, оның шешімін ғылыми негіздеп, үлгілі жобалық, зерттеу жұмыстарын орындап үйренеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- қоғамдық қатынастардағы құбылыстар мен үдерістерге төзімді, әділетті қоғамдық сананың қалыптасуымен дүниеге көзқарасының шынайлылығы мен адалдығы рухани құндылық мәдениетінің бейнелену негізінде білім алушы тұдғаны дамыту, білім беру, тәрбиелеудегі педагогика және психология ғылымдарының іргелі және замануи теориялары мен тұжырымдамаларын философияның заңдарымен, әдіснамалық тұрғыларымен, қағидаларымен салыстыра үйлесімділігін анықтайды және түсіндіреді
- білім алушылардың әлеуметтік, тұлғааралық қарым-қатынастарын, танымдық, тұлғалық дағдыларын, ұлттық құндылықтарын дамытуға, жеке дара қажеттіліктерін қанағаттандыратын, кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибесіндегі алуан түрлі нормативтік-құқықтық, оқу құжаттары мен нұсқаулықтарды ажыратады және көрсетеді
- білім алушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескере қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құрудың, инклюзивті оқытуды қамтамасыз етудің тиімді формалары мен әдістерін жоспарлау және ұйымдастыру іс-әрекеттерінде ақпараттық ресурстардың замануи технологиялары мен көптілді мәдениет дағдыларын қолданады
- білім алушыларды болашақ кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған еңбектің әр түрлі салаларына үйретудің дәстүрлі және замануи технологияларымен, олардың кәсіби уәжі мен қызығушылығын, бейімі мен икемділігін қалыптастыратын кәсіби бағдардың әдіснамалық және тәжірибелік құралдарын құрайды
- білім алушылардың танымдық, тұлғалық дағдыларын қалыптастыру мен соның аясында кәсіби өзін-өзі анықтауға өндіріс пен қызмет көрсету салаларының ортақ еңбек мазмұнынан құралған пәндік білім берудің материалдарын, құралдарын, әдістерін және орындау тәсілдерін саралайды және негіздейді
- оқу-тәрбие үдерісі мен кәсіби бағдар жұмыстарын жоспарлау, бағалау критерияларын, пән сабақтарына дидактикалық материалдарын дайындау, кәсіби өзін-өзі анықтауға қолданыатын ағарту, кеңес беру, диагностикалау әдістемелерін, оқытудың техникалық құралдарын, жасанды интеллект ресурстарын, оқу-әдістемелік кешендерді, бақылау мен бағамдау құралдары мен оларды өңдеу әдістемелерін өзбетімен қолданады
- оқу үдерісі мен кәсіби бағдар жұмысын жоспарлау мен өткізу формаларын, белсенді әдістердің көмегімен тапсырмалар мен шаралар жүйесін, танымдық әрекет сапасын, білім алушылардың танымдық дағдылары мен кәсіби өзін-өзі анықтау; қасиеттерін бағалаудың өлемшарттарын; оқушылардың және өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға ғылыми жоба жұмыстарының мәселелі тақырып бойынша ғылыми аппаратын, зерттеу тәжірибесінің жоспарын, жаңа тұлғалық, танымдық және кәсіби өзін-өзі анықтау дағдыларын дамытуды бақылау мен рефлексиялау тәсілдерін, механизмдерін моделдейді
- болашақ пән мұғалімі өндіріс пен қызмет көрсету салаларының материалдарын, құрал-жабдықтарын, аспаптарын, орындау тәсілдерін, реттеу мен жөндеу, бақылау мен өнім сапасын бағалау әдістерін көрсетеді; оқу үдерісінде бұйымдарды жасауға қажетті экономикалық, математикалық есептеулер, сызба бейнелерін, дизайнын цифрлық құралдардың көмегімен шығармашылықта сапалы жасайды
- білім алушылардың сыни және сындарлы ойлауын дамытуға бағытталған дербес, сараланған, бейіндік тапсырмаларын; олардың жаңа танымдық, тұлғалық дағдыларын, кәсіби өзін-өзі анықтауға зерттеулер жүргізудің дербес инновациялық әдістемесін, зерттеу тәжірибе негізінде оқу-әдістемелік құралдарын, бағдарламаларын, жоспарларын, формаларын, оқу-әдістемелік кешенін құрайды, оның нәтижелерін басылымдар мен цифрлық технология құралдардың комегімен интернет желісіне жариялайды
- оқушылармен біріге оқу - тәрбие іс-әрекеті мен кәсіби бағдар жұмыстарында қиындықтар тудырып отырған мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми жоба және зерттеулер ұйымдастырып, олардың нәтижелерін оқу-тәрбие үдерісі мен кәсіби бағдар жұмысына енгізеді; кәсіби өсу мақсатында біліктілікті арттырудың формалды және формалды емес түрлерін қолданады, кәсіби әдепті жетекшілікке алады
- оқу-тәрбие үдерісі мен кәсіби бағдар жұмысында білім алушылардың құндылық ұстанымдарын, қажеттіліктерін, оқу мен оқыту барысындағы қалыптасқан танымдық дағдыларының, тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің деңгейлерін бағалау өлшемшарттары мен дескрипторлар негізінде өзінің және өзгелердің сабақтарының оқу-әдістемелік құжаттарын, кәсіби бағдар шараларының сценарийлерін және басқа да еңбектерін; өзінің жеке дамуын үздіксіз бағалайды
- білім алушыларға жайлы және қолжетімді білім беру ортасын құрудың күшті және әлcіз жақтарын; өткізген сабақтарының, кәсіби бағдар шараларының мазмұнын; өзінің кәсіби еңбегіндегі іс-әрекеттерін, жеке дамуын болжамдайды және кәсіби дамуына жаңа міндеттер қоя алады
Ұқсас БББ
6B01406 Мектептегі көркем еңбек және дизайн
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B01406 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP)
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01406 Көркем еңбек, графика және жобалау
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті