Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01403 Дене шынықтыру және спорт в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі

    Бұл курста білім алушы мектептегі білім беру жүйесін, таңдалған спорт түрі бойынша оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізуді, волейболдан оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізуді, гимнастика сабақтарында физикалық қасиеттерді дамытуды, мектепте жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесін, мектепте жүзуді оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін, мектептегі білім беру жүйесінде шаңғы спортын оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін, әртүрлі жас топтарында шаңғы спортын оқытудың ерекше әдістерін, шаңғы спорты сабақтарында физикалық қасиеттерді тәрбиелеуді зерделейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Жеңіл атлетика

    Бұл курста жеңіл атлетикалық жаттығулардың (жүгіру түрлері, техникалық түрлері, көпсайыс, жүру) жіктелуі мен жалпы сипаттамасы сипатталады. Студент жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру бағдарламасына кіретін жеңіл атлетика түрлерін оқыту техникасы мен әдістемесінің практикалық орындалуын меңгереді, жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізуді, қажетті құжаттаманы (ереже, хаттамалар, бас судьяның есебі) ресімдеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері

    Білім алушы адам денесінің құрылымы мен формасы, оның қызметі мен дамуына байланысты оның мүшелері туралы білімді меңгереді. Адам ағзасындағы сүйек, бұлшықет, ас қорыту, тыныс алу және жүйке жүйелерінің қалыптасу кезеңдерін, сондай-ақ оған физикалық спорттық жаттығулардың әсеріне байланысты олардың өзгеруін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ауыр атлетиканың теориясы мен әдістемесі

    Бұл курс ауыр атлетиканы оқытудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздерін қалыптастырады. Білім алушы ауыр атлетті көп жылдық даярлауды жоспарлау, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін арттыру туралы білімді меңгереді, жалпы және арнайы физикалық қасиеттерді, техникалық, тактикалық және психологиялық дайындықты, сондай-ақ ауыр атлетикадан жарыстар өткізу ережелерін жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Шахматтың теориясы мен әдістемесі

    Бұл курста студенттер шахматтың даму тарихы туралы білім алады. Шахмат спорт түрі ретінде. Шахмат ойынының стратегиясы. Шахмат тақтасы. Шахмат белгісі. Қарапайым тактикалық әдістер мен комбинациялар. Шахмат стратегиясының бастапқы негіздері. Шахмат жарыстарын өткізу ерекшеліктері. Шахмат терминологиясы. Тәуелсіз Қазақстан шахматының дамуы.Шахмат тақтасының геометриясы және фигуралардың қозғалыс ережелері. Ойын тәртібін анықтайтын ережелерді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары

    Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары

    Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект

    Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Базалық спорт түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)

    Пәнді оқу барысында білім алушы мектепте дене шынықтыру сабағында өтетін баскетбол сабақтары әдістерін, волейбол сабақтары әдістерін, гимнастика сабақтары әдістерін, жеңіл атлетика сабақтары әдістерін, жүзуге үйрету сабақтары әдістерін, ерекшеліктерін, шаңғы спортын сабақтары әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері

    Бұл курстадене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мазмұнын және басқа ғылымдармен байланысын; оқу-тәрбие жұмысындағы маңызын түсінеді. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері дамуындағы негізгі кезеңдерін үйренеді; спортшылар шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздерін анықтай алуды; жас спортшыларды шынықтырудың және оларды іріктеудің физиологиялық негіздерін талдай алуды менгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шаңғы

    Білім алушышаңғы қозғалысын және олардың арасындағы өзара байланыс жолын қарастыруды, шаңғы жүрісін немесе олардың уақыт өзгеруін есептеуді; студенттер шаңғының негізгі тактикалық және техникалық әдістерін сынтұрғысынан сипаттауды; оларды тәжірибеде тиімді қолдануды; курс кезінде алған білімдерінің нәтижесінде шаңғы спортының пайдалы және қажетті процестерін тануға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шаңғы спортының теориясы мен әдістемесі

    Бұл курста шаңғы тебу тәсілін дұрыс сипаттауды, сырғанау түрлерін талдап шығаруды; шаңғыны қолдану қабілетін қалыптастыруды; тактикасын тәжірибе уақытында қажетке пайдалануды; шаңғы тебудің негізгі әдістерін зерделеуді; шаңғы жаттығуларына арналған оқу үдерісін және жарыстарын ұйымдастыру жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді менгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дене шынықтыру - спорт қызметін ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

    Білім алушы санитарлық-гигиеналық талаптарды және өрт қауіпсіздігі талаптарын, дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы бұйрығымен бекітілген спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын біледі, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін біледі және меңгереді. Әртүрлі спорт түрлері бойынша дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтарды өз бетінше құрастыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Курс тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық сауаттылықты дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздік негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер адамның қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда іс-әрекеттерді жүзеге асырады және экологиялық құзыреттілікті дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады. Сонымен қатар, студенттер табиғатты қорғау мен табиғатты пайдаланудың экологиялық принциптерін қисынды түрде анықтайды, қоршаған ортаның ластануына зерттеу жүргізеді, экожүйенің бір бөлігі ретіндегі адамның рөлін сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан спортының тарихы және cпорттық туризм

    Курс қазақстандық спорттың тарихын, оның қалыптасу кезеңдерін, атақты спортшылардың өмірбаяндарын, сондай-ақ жекелеген спорт түрлерінің және жалпы спорттың дамуына қомақты үлес қосқан тұлғаларды зерттеуге бағытталған. Студент туристік дайындық негіздеріне, спорттық туризм техникасы мен тактикасының элементтеріне; топография және жергілікті жерге бағдарлау негіздеріне, спорттық-сауықтыру жорығын ұйымдастыру қағидаларына оқытылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық

    Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Баскетболдың теориясы мен әдістемесі

    Бұл курста баскетбол бойынша сабақтарды ұйымдастыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдер; баскетбол бойынша сабақтарды өткізуде қолданылатын спорттық құрал-саймандар мен жабдықтар; жарақаттанудың алдын алу және алдын алу шаралары; Баскетболдағы спорттық жаттығудың құралдары, құрылымы, міндеттері мен принциптері; оқу-жаттығу циклдері туралы түсінік; дене жүктемелерін мөлшерлеу меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі

    Курс дене шынықтыру қағидаларын, жалпы педагогикалық және ерекше әдістер мен құралдарды зерделеуге, дене шынықтыру бойынша жоспарлау және есептілік құжаттарын әзірлеуге, спорт түрлері бойынша қозғалыс дағдыларын қалыптастыру әдістемесіне, жеке және командалық спорт түрлерінде физикалық қасиеттерді, тактикалық және психологиялық даярлықты дамытуға; шағын жинақталған мектептерде дене шынықтыруды оқыту әдістемесіне, сондай-ақ жарақаттанудың алдын алуға бағытталған. Курс мектептегі дене шынықтыру бағдарламаларын қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық зерттеулер және инновация

    Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баскетбол

    Білім алушы әлемдегі және Қазақстандағы баскетбол тарихын, Баскетболдағы техникалық тәсілдерді, оларды жетілдіруге арналған арнайы жаттығуларды, ойын ережелерін, тактикалық іс-қимылдарға байланысты ойыншылардың функцияларын, баскетболшыны дайындауды жоспарлау процесінің негіздерін, баскетбол алаңының параметрлерін және қажетті құжаттаманы ресімдеумен жарыс өткізуді зерделейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бағалау және дамыту

    Болашақ мұғалімдер оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ете алады және білім алушыларды бағалауға тарта алады. Болашақ мұғалімдер бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т.б. қоса алғанда) анықтайды, саралайды және пайдаланады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дене шынықтыру мен спорт менеджменті

    Курста білім алушы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бөлімі маманының функцияларын, атап айтқанда, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарды, дене шынықтыру және спорт қоғамдық бірлестіктерін (спорт түрлері федерациясы) басқаруды жүзеге асырады; әртүрлі дене шынықтыру және спорт ұйымдарында адам ресурстарын басқаруды оқыту тарихын зерделейді; спорт менеджментін оқытуда жеке ресурстарды пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Волейболдың теориясы мен әдістемесі

    Білім алушы спорттық жаттығуға қойылатын жалпы талаптарды, волейбол ойынының техникасы мен тактикасын оқыту әдістемесін, төрешілердің, жаттықтырушылар мен ойыншылардың міндеттерін, волейболшының теориялық және арнайы дайындығын; тәрбие жұмысын және педагогикалық бақылауды, оқу-жаттығу процесінде модельдеу мен бақылауды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Футбол

    Білім алушы футбол мен футзалдың техникалық әдістері мен тактикалық өзара іс-қимылын, амплуасына (шабуылшы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және қақпашы) байланысты қозғалыс дағдыларын үйрету және футболшының арнайы физикалық қасиеттерін дамытуды меңгереді, қорғау және шабуыл тактикасын, ойын қағидаларын, төрешілік негіздерін және футбол жарыстарын ұйымдастыруды, психологиялық даярлық негіздерін және командада жағымды моральдық ахуал қалыптастыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Футболдың теориясы мен әдістемесі

    Бұл курс футболдың негізгі ұғымдарын және олардың анықтамаларын сипаттайды: техниканы жіктеу, ойын тактикасы, спорттық жаттығудың теориялық және әдістемелік негіздері, футболшыларды спорттық іріктеудің теориялық негіздері, футболды жоспарлау, спорттық дайындық түрлері, футбол техникасы мен тактикасын оқыту мен жетілдірудің формалары мен әдістері, команданы басқару, әртүрлі біліктілігі мен жасындағы спортшыларды футболда даярлау ерекшеліктері, футболдағы кешенді бақылау және оны өткізу әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Волейбол

    Білім алушы курс бағдарламасында волейболдың қалыптасу тарихын, волейболды оқытудың дидактикалық және психологиялық негіздерін, волейболдағы тактикалық іс-әрекеттерге оқыту әдістерін, оқу процесін жоспарлауды, волейболдан сабақтың жоспар-конспектісін және оқу-жаттығу сабақтарын жасауды, волейболдан практикалық сабақтарды, әртүрлі жастағы волейболшылардың физикалық және техникалық қасиеттерін тестілеуді өткізу әдістемесін, сондай-ақ волейболдан жарыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын зерделейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дене шынықтыру пәніндегі цифрлық білім беру ресурстары

    Бұл курста студенттер дене шынықтыру саласында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану және жасанды интелект саласындағы білімдерін, дағдыларын меңгереді, әсіресе техникалық-тактикалық дайындық кезінде оқыту үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануға; қозғалыстың биомеханикасын көрнекі түрде зерделеуге; оқушылардың дене дайындығын тестілеу қорытындылары бойынша алынған ақпаратты өңдеуге, салыстыруға және талдауға үйренеді; сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу үшін тәрбие жұмысы барысында.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық қызметі

    Бұл курста білім алушы игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуды;Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуды;Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын ізденуге ;Оқушылар ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтауда өз идеяларын ұсына білуді және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Баскетболшының әдіс - тәсілдік дайындығы

    Баскетболда дене жаттығулары және техникалық тәсілдерді көрсету, түсіндіру әдістерін студенттердің дұрыс игерілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқу - жаттығу сабақтарының (ОЖС) мазмұны, ұйымдастырылуы, міндеттері мен құрылымы; баскетболдан жарыстарды ұйымдастыру және өткізу;ОЖС да жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ) мен арнайы дамыту жаттығуларын (АДЖ) қолдану әдістемесі, ойынның техника - тактикалық әрекеттеріне үйрету реттілігін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ күресі

    Білім алушы бұл курста қазақ күресінің жарыс ережелерінің негізгі бөлімдері, жарыс түрлері, қатысушылар құрамы, төрешілер құрамы және олардың міндеттері, жеңімпаздарды анықтау және жарыс ережелеріндегі соңғы өзгерістерді меңгереді. Жарыс ережесінде, жаттығу мен оқыту әдістемесінде, техникадағы өзгерістердегі өткен жылдардағы болған өзгерістермен салыстыра отырып сараптама жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Волейболшының әдіс - тәсілдік дайындығы

    Волейболшының техникалық дайындығы. Дайындықтың мақсаттары мен міндетті. Волейболдағы техникалық әрекеттердің терминологиясы мен анықтамасы және техникалық әрекеттердің топтастырылуының негіздері. Волейбол ойынының тактикалық іс-әрекеттерінiң негiздерi. Волейбол ойыны тактикасының элементтерiн біртіндеп меңгеру. Ойын тактикасына үйренуде жиі кездесетін қателер және оларды жөндеу әдiстерi. Ойын тактикасының элементтерін тәжірибе жүзінде тапсыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Самбо және дзюдо оқыту әдістемесімен

    Бұл курста самбо және дзюдо күресінде қолданылатын жаттығуды толығымен орындау әдістемесі, жаттығуды бөліктерге бөліп орындату әдістемесі, сөз әдістемесі ойын түрі әдістемесі, жарыс түрі әдістемесі, көрнекілік әдістемесі, сынақ әдістемесі, даралап үйрету әдістемесі, бақылау әдістемесі, және талдау әдістемелерін қолднауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Білім мен дағдыларды бағалау практикумы

    Бұл курс студенттерге білімдері мен жетістіктерін бағалау саласындағы қолданыстағы теориялар мен тәсілдерге кең шолу жасауды ұсынады. Курс барысында білім алушылар қорытынды білімді қалыптастыру үшін пәнаралық тәсілді қолданады. Кәсіби пәндерден алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру дағдыларын қалыптастыру. «Бағалау» және «білім беру нәтижелері» ұғымдарын толықтай қарастырылады. Бұл пәнді оқу барысында студенттер білім мен дағдыларды бағалау әдістерін меңгереді және тест тапсыру арқылы педагог мәртебесін алуға дайындалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жүзудің теориясы мен әдістемесі

    Бұл курста білім алушы әр түрлі қашықтыққа жүзу кезіндегі қозғалыс жылдамдығының өзгерістерін, жүзушінің техникалық даярлығын бағалу критерийлерін, сөрелік күйді орындау ережелерін, сөрелік күйлер мен бұрылу критерийлерін, жүзудің спорт тәсілдерінің (кроль әдісімен етпеттеп жүзу, кроль әдісімен шалқалап жүзу және брасс, баттерфляй) әдістерін үйеренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Үстел теннисінің теориясы мен әдістемесі

    Осы курсты оқу барысында оқу процесін дұрыс ұйымдастыру - жарақаттанудың алдын алудың негізгі алғышарттарын, жарақаттанудан айырмашылығы мен басқа спорт түрлеріндегі алдын алу мәселелерін шешу қабілеті дамиды. Допты ойынға қосу, соққыны үйрету әдістемесін, сондай-ақ ойынның техникалық-тактикалық тәсілдерін меңгерген.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектептегі ғылыми- зерттеушілік ізденіс жұмыстары

    Білім алушы мектепте диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып, ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтауды;тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасауға;Оқушылардың ғылыми қоғамы мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш сыныптағы қозғалыс ойындары және ұлттық спорт түрлері

    Пәнді оқу барысында студент қағидаларды оқып үйренеді және дене сапаларының сезімтал даму кезеңдерін ескере отырып, сондай-ақ әртүрлі спорттық құралдарды пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушылары үшін қозғалмалы ойындарды өткізуді үйренеді; ұлттық спорт түрлерін (тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас, жаяу жарыс, қазақ куресіне жетекші жаттығулар және т.б.)оқытудың тиімді әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жүзу

    Білім алушы жүзуден дене шынықтыруды ұйымдастыру және өткізу дағдыларын; спорттық жүзу техникасы мен оқыту әдістерін тиімді енгізу дағдыларын қалыптастырады; жүзудің спорттық тәсілдерін және жүзуде оқыту әдістемесін меңгереді, дене шынықтыру қозғалысының әртүрлі буындарында оқыту және бастапқы спорттық жаттықтыру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін студенттердің кәсіби-педагогикалық іскерліктерін қалыптастыруды игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектептегі спорттық нысандар

    Білім алушы курста оқыту мен оқудағы спорттық нысандардағы құрал-жабдықтарды пайдалану тәсілдерін қамтиды; жөндеу және пайдаланудың жалпы принциптерін қолдана отырып сипаттауды; тұрғылықты жері бойынша, жұмыс орнында, медициналық және сауықтыру мекемелерінде, мектепке дейінгі, мектепте кең ауқымды спорттық және бұқаралық жұмыстарды зерделеп пайдалануды инновациялық спорттық технологияларды меңгеру барысында оқыту әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтауды; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда жеке ресурстарды пайдалануды менгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Үстел теннисі

    Білім алушы теннистің даму тарихын, ойын ережесін, спорттық құрал-жабдықтарды пайдалануды, теннистегі төрешілік ету тәртібін үйреніп оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолдануды меңгереді. Теннистің дамуындағы өзекті мәселелерін оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады. Үстел теннисінен жаттықтырудың тәсілі мен мен құралын қолдануды үйренеді. Үстел теннисі техникасын үйрету құрал-жабдықтарын мен тренажерларды қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Дене шынықтыру- сауықтыру және спорттық нысандар

    Бұл курста спорттық құрылыстарды жоспарлауды, жобалауды және ұйымдастырудың негізгі қағидаларын игереді; спорттық құрылыстардағы құралдарды пайдаланудың негіздерін; қала мен ауылдағы спорт кешендерін, спорттық құрылыстардың құрылыстық және төрешілік өлшемдерін, жеңіл атлетикаға арналған, спорттық ойын түрлеріне арналған және жалпы дене шынықтыруға арналған спортық тренажерларды пайдалану ережелерін менгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп бағдарламасындағы ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесі

    Бұл курста ұлттық спорт түрлері кіретін мектеп бағдарламасына сүйене отырып, ұлттық спорт түрлерін оқытудың негізгі әдістерін, ережелері мен техникалық тәсілдерін зерделей отырып, орта және жоғары сыныптарға арналған жарыстарды ұйымдастыру мен өткізудің кәсіби қабілеттері қалыптасады, сондай-ақ спорттың осы түрлерін оқытудың негізгі осы іс-шараларды тәрбие жұмысында пайдалануды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімді практикада қолданады;
  • Спорттық құрал-саймандарды, спорттық ғимараттарды пайдаланудың, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырудың практикалық дағдыларын көрсетеді;
  • Орта білім берудің бағалау мен дамыту мазмұнын, инклюзивті білім беру жүйесін, сондай-ақ шағын жинақталған мектеп жағдайында оқыту, критериалды бағалау әдістерін қолданады;
  • Кәсіби салада цифрлық білім беру ресурстарын және жасанды интелекті пайдалану дағдыларын көрсетеді;
  • Мектептің оқу үрдісінде экологиялық мәдениет пен инновациялық идеяларды интеграциялау негізінде білімді табысты қолданады, қаржылық сауаттылық негіздерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттайды.
  • Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып педагогика, психология, анатомия және физиологияның теориялық негіздерін қолданады; оқу-тәрбие жұмысын, білім беру мен спорт менеджментін жоспарлап жүргізе алады;
  • Білім алушылар зерттеу жұмысын ұйымдастырады және зерттеушілік дағдыларды меңгереді, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас құра алады;
  • Дене шынықтыру-спорт қызметін ұйымдастыру және өткізу кезінде қауіпсіздікті ұйымдастырады, жарақаттанудың алдын алуды жүзеге асырады, сабақ процесінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді.
  • Дүниежүзілік және отандық спорт тарихтың барлық кезеңдерінің теориялық негізіндерін сипаттайды, дүниетанымдық ұстанымдар мен философия білімі негізін қолдануға қабілетті.
Top