Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01902 Арнайы педагогика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері

    Пән білім алушыларда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Курс шеңберінде білім алушылар қоршаған ортаны қорғауға және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін меңгереді. Пән қоршаған ортаны қорғаудың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, оны өмірдің әртүрлі салаларында қолдануға болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы

    Курста мектеп оқушыларының физиологиялық дамуының жалпы заңдылықтары; анатомия, жүйке жүйесінің физиологиясы, сенсорлық жүйелер, ішкі секреция бездері, асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамырлар жүйесі және т.б.; күнделікті режимді гигиеналық бағалау әдістері және оқу-тұрмыстық үй-жайлардың гигиеналық нормасы туралы оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Құқық және кәсіпкерлік негіздері

    Мемлекет және құқық, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік сектордағы әртүрлі көріністері, кәсіпкерлік қызметті бәсекелестік жағдайда ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалау, инвестиция тарту мәселелері, экономика ғылымының әдістері, нарықтық қатынастардың заңдылықтары, халық шаруашылығының негіздері, халық шаруашылығы жағдайындағы экономикалық өсу және тұрақтылық мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арнайы педагог мамандығына кіріспе

    Курс арнайы педагогтың педагогикалық мамандығы туралы білімнің тұтас жүйесін қалыптастыру, кәсіби таңдаудың маңыздылығын саналы түрде түсіну және нығайту, дамуында ауытқуы бар баланың тұлғалық мәдениетінің негізгі компоненттерін қалыптастыру, түзету-педагогикалық іс-шараларды және ата-аналармен кеңес беру қызметін ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні студенттердің жеке қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық басқару дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс аясында студенттер әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгереді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру, жеке қаржыларын үнемдеу және ұлғайту, бюджетті жоспарлау қабілетін дамытады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты талдауға және қаржылық өнімдерді бағалауға ерекше назар аударылады. Пән заманауи қаржылық технологияларды бағалау және тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды және қаржылық алаяқтықты тану қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балалық жастағы невропатология

    Курс баланың орталық жүйке жүйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Баланың жүйке-психикалық дамуының заңдылықтары мен механизмдері; жүйке жүйесінің патологиясы; жүйке ауруларының даму себептері мен механизмдері; орталық жүйке жүйесінің патологиясындағы жалпы даму ерекшеліктері туралы сұрақтар қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    «Педагогика» курсы қазіргі ғылымның жетістіктерін және әлемдік білім беру үрдістерін зерттеуге бағытталған. Студенттер педагог-көшбасшы болу үшін қажетті білім мен дағдыларды игереді, инклюзивті білім беру ортасында зерттеу, цифрлық, басқару және жобаға бағытталған құзыреттерді дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі көшбасшылық

    «Білім берудегі көшбасшылық» пәні білім берудегі көшбасшылық теориясы мен практикасының жалпы идеясын қалыптастыру мақсатында зерттелінеді. Білім беру жүйесіндегі болашақ кәсіби қызметке дайындық. Студенттер көшбасшылық және топқұрастыруда кешенді білім, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті топтық жұмыстың негізгі дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балалардың дамуындағы клиникалық ерекшеліктер және тұқым қуалаушы науқастар

    Курс ерекше қажеттіліктері бар балалар санатындағы тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Дамудың клиникалық ерекшеліктері; цитологиялық және молекулалық негіздері; тұқым қуалау жағдайындағы ақыл-ой және физикалық даму бұзылыстарының түрлері; аурулардың этиологиясы, патогенезі және жіктелуі туралы сұрақтар қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің патологиясы

    Курс анализаторлардың функционалдық ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі көру, есту және сөйлеу жүйесінің даму нормадағы дамуы мен патологиясы; көру, есту, сөйлеу органдарының функциялары бұзылған кездегі аурулардың сипаттамасы, емдеу және алдын алу шаралары туралы сұрақтар қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арнайы педагогика: арнайы және инклюзивті білім беру

    Курс арнайы және инклюзивті оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасы мәселелері бойынша білімді, түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістерін, принциптерін, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың арнайы білім беру тарихын, арнайы педагогика дидактикасының негіздерін, арнайы және инклюзивті білім берудің мазмұны мен ұйымдастырылуын, арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері мен перспективаларын қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баланың дамуына ерте араласу

    Курс ерте жастағы баланың дамуындағы бұзушылықтарды анықтау, пәнаралық бағалау жүргізу, терапия және қолдау бағдарламаларын жүргізу және баланың мектепке дейінгі (немесе басқа) мекемеге ауысу процесі бойынша білімді қалыптастыру мақсатында зерттеледі. Ерте араласу қызметінің денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Денсаулықтың медициналық-әлеуметтік негіздері

    Курс денсаулық, салауатты өмір салты, денсаулық сақтау және әлеуметтік аурулардың алдын алу туралы ілімнің ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін оқытуға арналған. Медициналық-әлеуметтік сауаттылықтың негізгі ұғымдары, денсаулық түрлері, денсаулықты басқару тәсілдері, медициналық ақпараттылықты арттыру, медициналық хабардарлық деңгейлері, денсаулықты нығайту, қорғау мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен арнайы әдістемесі

    Курс тәрбие теориясы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Тәрбие жүйесінің мәселелері; жұмыстың мазмұндық бағыттары мен нысандары, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер мен сыныптан тыс жұмыс әдістемелері; сыныптан тыс жұмыс; гуманистік тәрбие жүйесінің жеке-бағдарланған және жеке-сараланған ыңғайға негізделген әдістері мен тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Логотехнология

    Курс логопедиялық диагностика технологияларын қолдану, сөйлеудің дыбыстық айтылуын түзету, сөйлеудің айтылу және сөйлеудің интонациялық жағының, ауызша сөйлеудің темпо-ритмикалық ұйымдастырылуының әртүрлі бұзылуларында тыныс алу және дауысты түзету қабілетін қалыптастыру және сөйлеудің айтылу жағын түзетуде инновациялық және компьютерлік логопедиялық технологияларды қолдану мақсатында зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дамуында ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру әдістері

    Курс дамуында ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдістемелік негіздері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Дамудың бұзылуы туралы қазіргі заманғы түсініктер мәселесі; дамуында ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру әдістемесі, әдістері мен рәсімі, тексеру нәтижелерін талдау, түсіндіру ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу

    Курс аутистік спектр бұзылысы бар балалардың бұзылулар симптомдарының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыруға арналған. Балалардың әртүрлі жас кезеңдерінде аутистік спектр бұзылысы бар балалармен өзара әрекеттесуінің өзіндік мәселелері, сондай-ақ осы санаттағы балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету әдістері туралы білімдер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі

    Курс мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру және үйлесімді сөйлеуді дамыту, сөздікті дамыту, сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру әдістемелерін, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесін және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды сауаттылықты игеруге дайындау мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сенсорлық жүйесі бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу

    Курс сенсорлық бұзылулар және олардың негізгі сипаттамалары мен психикалық ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыруға арналған. Курста осы санаттағы балалардың коммуникативті мәдениетінің ерекшеліктері мен көптеген даму кемістігі бар балаларды сенсорлық тәрбиелеу бойынша түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын дамыту мақсатында оқытылады. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру ұйымдарындағы түзету-педагогикалық процесті басқару

    Курс арнайы (түзету) мекемелерде білім беру процесін ұйымдастыру, білім беру және тәрбие процестерін басқару тетіктері мен білім беру сапасын басқарудың нормативтік-құқықтық негіздері туралы білімді қалыптастыруға арналған. Арнайы мекемелерде білім беру сапасын басқарудың заманауи тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жеке сүйемелдеу әдістемесі

    Курс инклюзия жағдайындағы оқушымен жеке жұмыстың спецификасы туралы білімдерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Жеке жұмыстың ұйымдастырушылық шарттары, нысандары, принциптері, мазмұны, әдістері мен тәсілдері бойынша мәселелер; жалпы білім беру ұйымдарында инклюзия жағдайында БАЕҚ бар балалардың әртүрлі топтарымен жұмыстың ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагог-ассистент жұмысының мазмұны мен ұйымдастырылуы

    Курс педагог-ассистенттің функционалдық міндеттері мен кәсіби қызметі; инклюзивті білім беру жағдайындағы балаларда туындайтын ерекше қажеттіліктер мен қиындықтардың сипаты; оқушының ресурстарын бағалау туралы білімдерді қалыптастырады. Педагог-ассистенттің негізгі жұмысының мазмұны мен жүргізілетін құжат түрлерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қолданбалы талдау негіздерімен логопедия

    Курс сөйлеу бұзылысының күрделілігі мен құрылымын анықтау, сөйлеу дағдыларын түзету бойынша жұмыс жоспарын құру, жеке сөйлеу ерекшеліктерін талдау, психофизикалық жағдайды және сөйлеу патологиясын ескере отырып мінез-құлық терапиясын жүргізу қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын іске асыру туралы білімдерді, әртүрлі жағдайларда құқықтық қорғау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Құқықтар мен міндеттерге қатысты нормативтік-құқықтық мәселелер, қорғау тетіктері, зорлық-зомбылықтың алдын алу, қолжетімді тіршілік ортасын қамтамасыз ету мәселелері және т.б. қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Логопедия

    Курс сөйлеу бұзылыстарының сипаттамалық белгілерін анықтау, сөйлеуді психикалық функциялардың бұзылыстарын компенсациялау құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау және сөйлеу патологиясының дизонтогенетикалық дамудың басқа түрлерімен дифференциалды диагностикасын жүргізу; тілдік патологиясы бар балалармен түзету-профилактикалық жұмыс әдістерін қолдану қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бейімделген дене шынықтыру

    Курс дамуында ауытқулары бар балалардың дамуы мен жұмыс істеу ерекшеліктері және жеке басын тәрбиелеу туралы білімдерін; бейімделген дене шынықтырудың теориялық әдістерін; ауытқулары бар балалардың сауықтыру жұмысы процесінде бейімделген дене шынықтырудың тиісті құралдары мен тәсілдерін таңдай білу мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Арнайы психология

    Курс психикалық және физикалық кемістігі бар адамдардың психикалық дамуының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Атипті дамудың себептерін, механизмдері мен құрылымын; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың клиникалық, физиологиялық, психологиялық және педагогикалық мінездемелерін; танымдық қабілеттерін психологиялық зерттеудің негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру

    Курс БАЕҚ бар балаларды әлеуметтендірудің тиімді формалары мен әдістері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Инклюзивті тәжірибе контекстінде БАЕҚ бар балалардың әлеуметтік белсенділігін диагностикалау, байланыстар социограммасын құрастыру технологиясы, отбасылық ішкі қарым-қатынастар; қалыпты және БАЕҚ бар балаларды бірлескен іс-әрекетке дайындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Балаларға өнер және технология пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі

    Курс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың шығармашылық қабілеттерінің бірегейлігі туралы білімдер мен оларды өнерге үйрету дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқытудың мазмұнын, заңдылықтары, қағидалары, әдістері мен тәсілдері, формалары; еңбек және бейнелеу сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

    Курс дамуында ауытқулары бар балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі бойынша білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқытудың білім беру, тәрбие, түзету-дамыту міндеттерін; балалардың зияткерлік қабілеттерін ескере отырып математиканы оқыту әдістемесін; арнайы және инклюзивті мектепте математика сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыруды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Арнайы педагогикадағы арттерапия

    Курс оқу-тәрбие процесінде балалармен жұмыс істеу үшін арт-терапиялық әдістерді таңдау қабілетін дамыту мақсатында оқытылады; арт-терапиялық тәсіл негізінде сабақ жоспарын құру; дамуында ауытқуы бар балалармен арт-терапиялық жұмыстың нәтижелерін ұсыну; тәуекелдерді бағалау және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау сұрақтары қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Балаларға тіл пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі

    Курс арнайы әдістеменің теориялық негіздерін және дамуында ауытқулары бар балаларға ана тілін оқыту дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқытудың мазмұны, принциптері, әдістері мен тәсілдері; білім беру технологиялары; арнайы білім беру жағдайында сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру мәселелері қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Логопедиялық массаж

    Курс БАТ кешені, зонд массажы, ринолалияға арналған массаж, дәстүрлі емес массаж әдістері (аурикулотерапия, жасанды жергілікті гипо - және гипертермия (ИЛГ), жапондық намикоши токухиро саусақ массажы әдісі) әдістер, тәсілдер және техникаларды қолдану мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Балаларға жаратылыстану пәндерін оқытудың арнайы әдістемесі

    Курс балаларды қоршаған әлеммен таныстыру әдістері туралы білімдерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Дидактика мәселелері, оның ішінде экологиялық білім беру, жаратылыстану және қоғамтану жұмыстарының бағыттары; жұмыстың әдістері мен формалары; осы санаттағы балалар үшін пәндік және практикалық даму ортасын құру технологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Кәсіби қазақ тілі

    Білім алушының кәсіби коммуникация мәдениетін қалыптастыру, салалық терминдерді бірізді қолдану, кәсіби салаға қатысты құжаттарды стандарттар мен нормаларға сәйкес жазу дағдыларын машықтандыру, қазақ тілінде сөйлеу, жазу, баяндауды мамандықтарына қатысты жетілдіріп, лексикасын байыту, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту және дамыту мақсатында окытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балаларды физикалық дамытудың арнайы әдістемесі

    Курс ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың физикалық даму ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру және түзету ритағы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың әдістемелік мәселелерін қарастырады; түзету және жалпы білім беру ұйымдарында ұсақ және жалпы моториканы дамыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Балаларды әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға және заттық-тәжірибелік әрекетке үйретудің арнайы әдістемесі

    Курс әлеуметтік-тұрмыстық бағыттылықты, пәндік практикалық іс-әрекеттерді оқытудың арнайы әдістемесін пайдалану құзіретін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Күнделікті өмірде, ойында, оқуда объектілік-манипуляциялық әрекетке үйрету; тәуелсіз өмірге дайындау, қоғамға табысты бейімдеу бойынша әлеуметтік және тұрмыстық идеялар мен дағдыларды қалыптастыру; сенсорлық дамудың тиімді әдістері мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Түзету ритмикасы

    Курс студенттерде темпо-ритмикалық реттеуді қалыптастыру және артикуляцияны үйлестіру әдістерін игеруге бағытталған кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында және кешенді оңалту әдістемелері жүйесінде арнайы жаттығулар, түзету құралдары және логопедиялық массаж жүргізу тәсілдері арқылы сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың жалпы моторикасын дамыту мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Этнопедагогика

    «Этнопедагогика» курсы студенттердің этнопедагогикалық білім беру саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оларды «Адал азамат», «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» талаптарына сәйкес білім алушылардың рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын дамытуға бағытталған этникалық тәрбиелеудің әдістері мен технологияларын қолдануға үйрету мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу әдістері

    Курс ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу бойынша білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әр түрлі жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік бейімдеудің типтік қиындықтары мен педагогикалық қолдау әдістері, сәтті әлеуметтік бейімделу үшін арнайы мұғалім қолданатын әдістер мен техникалар қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Мемлекет және құқық, Қазақстан құқығының негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастырады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты және қаржы өнімдерін бағалауды талдай алады,экономика ғылымының әдістерін, нарықтық қатынастардың заңдылықтардын біледі. Этнопедагогикалық білім берудің теориялық негіздерін, қазіргі мектептегі білім беруді ұйымдастыру мен мазмұнын түсінеді. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді көрсетеді. Цифрлық білім беру кеңістігінде ЖИ технологияларын жобалау, бағалау және этикалық қолдану үшін қажетті дағдыларды дамытады.
  • Жас дамуының негізгі заңдылықтарын біледі, мектеп жасындағы балалардың физикалық дамуын бағалайды және олардың дамуы мен есту, көру, сөйлеу мүшелерінің жұмысының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдерді меңгерген; сенсорлық жүйелер патологиясының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін ажыратады; оларды түзетудің және ақаулықтың орнын толтырудың техникалық құралдарын меңгерген; ақаулықтың алдын алу тәсілдеріне басым көңіл бөледі.
  • Кәсіби деңгейде жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданады; арнайы және инклюзивті оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын, түзету жұмысының принциптерін, мазмұны мен әдістерін біледі; педагогикалық ұжымды басқаруда іскерлік коммуникациялардың түрлері мен нысандарын пайдаланады; арнайы мекемелердің білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану бойынша білімді қолданады.
  • Тұқым қуалайтын ауруларды анықтайды; тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және молекулалық негіздерін сипаттайды; генетикалық мәселелерді шешеді, тек тармағын құрайды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардағы клиникалық ерекшеліктерді анықтайды; хромосомалық аберрациялардың этиологиясын, патогенезін түсіндіреді.
  • Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді; жүйке жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін және клиникалық көріністерін ажыратады; неврологиялық өзгерістерді диагностикалау және түзету әдістерін қолдана алады. Жеке денсаулық мәселелерін бағдарлай алады.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардағы ақаулық түрлерін анықтайды; оларды жіктейді, анықталған ерекшеліктерін жоюға бағытталған диагностикалық және кешенді логопедиялық жұмыс жасайды; сенсорлық бұзылулардың негізгі сипаттамалары мен психикалық ерекшеліктерін біледі; денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру мекемелерімен ерте көмек беру қызметінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруды біледі.
  • Кәсіби деңгейде психологиялық-педагогикалық диагностика және түзету бойынша білімін қолданады, сонымен қатар даму дәрежелерін анықтайды; даму стратегиялары мен болжамын құрады; осы негізде түзету-дамыту жұмысын жоспарлайды.Психологиялық-педагогикалық технологиялар бойынша заманауи ғылым мен практиканың жетістіктерін пайдаланады.
  • Конституциялық заңнаманы, халықаралық құқықты ғылыми талдаумен және оны қолдану практикасымен ұштастыра отырып, бала құқықтары туралы негізгі ережелерді айқындайды. Құқықтар мен міндеттерге қатысты қолданыстағы білім беру және тәрбие процестерін басқарудың қолданыстағы нормативтік-құқықтық мәселелерді, қорғау тетіктерін қарастырады.
  • Негізгі мектеп пәндері бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процессін жоспарлайды, әзірлейді және ұйымдастырады; сондай-ақ оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес технологияларды, оқыту/тәрбиелеу бағдарламаларын, бағалау стратегияларын таңдайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке даму бағдарламаларын әзірлейді.
  • Ерекше білім беру және әлеуметтік-коммуникативтік қажеттіліктері мен сөйлеу қабілеті бұзылған адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, толыққанды сөйлеу қызметін қалыптастыру мақсатында сөйлеу бұзылыстарын түзету технологияларын таңдайды және қолданады.
  • Педагог-ассистенттің кәсіби қызметі мен функционалдық міндеттерін түсінетінін көрсетеді. ЕББҚ бар балалардың отбасыларымен сындарлы өзара іс-қимыл жасайды; бейімделген жеке бағдарламаларды, оқыту маршруттарын, оның ішінде мектептегі білім беру жүйесінде түзету және инновациялық әдістерді (қашықтықтан оқыту, платформаларды әзірлеу, Google нысандары) және IT-технологияларды пайдалана отырып әзірлейді.Ақпараттық, желілік ресурс, ақпараттық жүйелер және бағдарламалармен жұмыс істеудің заманауи технологияларын меңгерген.
Top