6B01510 Математика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті математика пәнінің мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B009 Математика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пəннің мақсаты - мектеп жасындағы балалардың анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру. Бұл пән педагогикалық мамандықтарға арналып дайындалған жəне болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді кəсіби тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама онтогенездің əр түрлі кезеңдерінде организм тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар жүйелерінің қызмет етуінің ерекшеліктерінің заманауи мəселелерін қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мамандыққа кіріспе
Пәннің мақсаты қазіргі әлемдегі білімнің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсету, математика мұғалім мамандығын игеруге жағымды жағдай туғызу, студенттерде өзіндік білім алуға және педагогикалық іс-әрекетке деген қызығушылықты қалыптастыру, болашақтағы кәсіби іс-әрекеттің шығармашылық сипатын студенттердің саналы түрде түсінуіне мүмкіндік жасау, тұрақты жән кәсіптік өздігінен жетілу қажеттілігін қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика оқулығынан тыс есептерді шешу әдістемесі
Пәннің мақсаты математика оқулығынан тыс есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде білім алушылардын математикалық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру, ой-өрісін кеңейту, өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру, шынайы өмірде үдерістерді зерттеу біліктілгі пен дағдыларын қалыптастыру, функционалды ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Курста мектеп бағдарламының мазмұнында жоқ есептерді шешу әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Элементарлы математика
Пəнді оқытудың мақсаты болашақтағы жалпы орта білім беретін мектеп пен арнаулы оқу орындары математика пəні мұғалімдерінің кəсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру жəне дамыту. Студенттердің мектеп математика курсы бойынша алған білім, білік жəне дағдыларын, құзыреттіліктерін жүйелеу, жалпылау, тереңдету, математикалық сауаттылығын қалыптастыру, жалпы математикалық мəдениетінің деңгейін көтеру, негізгі математикалық пəндерді, элективті курстарды оқып үйренуге қажетті базалық білімдері мен біліктіліктерін жетілдіру, өздігінен математикалық білімдерін бағалай білу, жетілдіру дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнді оқудың мақсаты студенттерді күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қаржылық ресурстарын тиімді басқаруға дайындау болып табылады. Курс отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстары, салық салу, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында сауатты қаржылық шешімдер қабылдау үшін базалық білімді зерделеуді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспарлауды, қаржы нарығын, оның негізгі сегменттерін реттеу және жұмыс істеу механизмін оқытуды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік
Мақсаты: Бұл курс студенттерге болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курстың бір бөлігі ретінде студенттер өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады. Нәтиже: Курсты аяқтағаннан кейін студенттер табысты кәсіптік қызметке қажетті экономикалық білімге ие болады. Олар сондай-ақ экономикалық жағдайларда негізделген және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Мақсаты – құқықтық білімнің негіздерін түсіндіру, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғамда саналы түрде құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі мен оларды дұрыс қолдана алуы үшін базалық білім беру. Азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыратын, мемлекет пен құқықтың мәнін, құрылымын түсіндіретін пән. Бұл пән арқылы студенттер өз құқықтары мен міндеттерін, заңның рөлін, құқық салаларын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және т.б.) және заң бұзушылық үшін жауапкершілікті үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп математика курсының негіздері
Бұл курстың мақсаты мектептегі математиканың теориялық негіздерін жалпылау, мектептегі математика курсын оқуда қолданылатын математикалық ұғымдардың байланыстары мен интеграциясын түсіну болып табылады. Курста іргелі математикалық идеяларды зерттеу, мектеп математикасында маңызды рөл атқаратын функциялар, шамалар, сандар, алгоритмдер, фигуралар ұғымдарын ғылыми талдау. Курсты оқу кезінде оқушыларды есептерді шешуге үйрету тәсілдері мен әдістерін қолдануда жалпы мәдени құзыреттіліктер қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Математикалық талдау 1
Пәнді игерудің мақсаты студенттерді шектер теориясының негізгі ұғымдары мен әдістерімен таныстыру, сондай-ақ бір айнымалыға тәуелді функцияларды дифференциалдау болып табылады. Курс бір айнымалыға тәуелді функцияларының шектерін, үздіксіздігін, дифференциалдауын зерттейді. Шек теоремаларын, дифференциалдау ережелерін, орташа мән теоремасын қамтиды. Курс математиканы және оның ғылым мен техникадағы қолдануларын одан әрі зерттеу үшін іргелі білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Экология мен тұрақты даму арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды түсіндіру; табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық проблемаларға шешім табу жолдарын үйрету. Пәннің мазмұнында экологияның негізгі заңдылықтары, табиғат ресурстарының сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қалдықтар мәселесі және басқа экологиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл курс болашақ мұғалімдерге теориялық білім береді: Жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі, құрылымы, міндеттері мен функциялары. Жемқорлыққа қарсы сана және жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі және функциялары. Шет мемлекеттерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жемқорлыққа қарсы мәдениет: даму тетіктері мен институттары. Жеке тұлғаның жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытудағы отбасының рөлі. Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері. Қоғамдық бақылау жемқорлыққа қарсы күрес тетігі ретінде. Жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математика тарихы мен методологиясы
Пәннің мақсаты: Математиканың даму тарихы мәліметтерінің негізінде математикалық ұғымдар мен теориялардың қалыптасуын, ішкі мазмұны мен логикасының кеңеюін көрсету. Орта мектеп мұғалімінің математиканы оқытуда оқушының пәнге деген қызығушылығын тарихи мәліметтерді беру арқылы оқыту сапасын көтеру, сонымен қатар, оқушы жастардың диалектикалық ой-өрісін, еркін ойлауға тәрбиелеу, түптеп келгенде, математикалық тұжырым нәтижелердің адамның, жасампаз асқақ ой парасаты арқасында дүниеге қалайша келіп, нендей қиындықтармен қалыптасқанын танып-білуіне мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сызықты алгебра
Пәннің мақсаты студенттерге ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында туындайтын есептерді түсінуге және шешуге мүмкіндік беретін сызықтық кеңістіктерде қолданылатын сызықтық алгебраның негізгі ұғымдары мен әдістерін үйрету болып табылады. Курс векторларды, сызықтық теңдеулерді, матрицаларды, анықтауыштарды, сызықтық теңдеулер жүйелерін, меншікті мәндер мен векторларды және сызықтық түрлендірулерге қатысты әртүрлі операциялар мен теоремаларды зерттеуді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты – білім алушыларды еңбек қызметі мен күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау. Бұл еңбек қауіпсіздігі негіздерін, жұмыс орнында жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуді қамтиды. Білім алушылар өндірістік және тіршілік әрекеті жағдайларында өмірді, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Алгебра және сандар теориясы 1
Пәннің мақсаты білім алушыларды алгебра және сандар теориясы пәнімен, оның математикалық аппараттарымен, жиындар және оларға қолданылатын амалдармен, қасиеттерімен, жиындардағы амалдармен, қатыстармен, алгебралық құрылым ұғымымен, сызықты кеңістік, матрица, анықтауыш ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, сызықты теңдеулер жүйесімен, оларды шешу әдістерімен, группа, сақина, өріс сияқты алгебралық құрылымдармен, сызықты, бисызықты, квадраттық форма, сызықты операторлармен, олардың қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Студентердің осы салалардың зерттеу әдістерін меңгеруіне және осы әдістерді нақты есептерде қолдануға үйренуіне, дағдылануына қол жеткізу. Жиындар және оларға қолданылатын амалдар, жиындардағы қатыстар мен амалдар, алгебралық құрылымдар, сызықты кеңістіктер, матрицалар, анықтауыштар, сызықты теңдеулер жүйелері, группалар, сақиналар, өрістер, сызықты формалар, бисызықты формалар, квадраттық формалар, сызықты операторлар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
HR менеджмент (минор 2)
Курстың мақсаты студенттердің адами ресурстарды басқару саласындағы ұйымдастырушылық-басқару қызметінің білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру (АРБ). Компания қызметкерлері. АРБ саласындағы тиімді технологиялар. "Ассесмент-орталық" қызметкерлерді іріктеу және бағалау жүйесінде. Персоналды бағалаудың диагностикалық жүйесі. Кадрлық консалтинг. Мотивация жүйесін қалыптастыру және жетілдіру технологиясы. Кадрлық резервті құру принциптері. Персоналды диагностикалау құралдары. Бейімделудің заманауи әдістерін салыстыру: тәлімгерлік; баддинг; кураторлық және job shadowing. Диагностикалық картаны әзірлеу және модельдеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алгебра және анализ бастамалары
Пәннің мақсаты математика ғылымының классикалық бөлімдерінің негізгі ережелерін, математиканың негізгі идеялары мен әдістерін, негізгі математикалық құрылымдар жүйесін және алгебра саласындағы қалыптасқан білім, білік және дағдылар жүйесіне негізделген аксиоматикалық әдісті игеру болып табылады. . Пән алгебраның негізгі ұғымдарын, алгебралық амалдарды, теңдеулерді, функцияларды, сондай-ақ шектерді, туындыларды және интегралдарды қоса алғанда, математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын зерттеуді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Менеджмент (минор 1)
Пәннің мақсаты ұйымдар мен ресурстарды тиімді басқару үшін қажетті принциптерді, әдістер мен құралдарды зерттеу болып табылады. Қазіргі заманғы басқару ғылымы Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздерін қамтиды. Курста ұйымдардың түрлері, қасиеттері мен сипаттамалары, ұйымның ішкі және сыртқы ортасы, басқару әдістерінің жіктелуі, қазіргі заманғы компаниялардың қызметін жоспарлау, негізгі, пессимистік және оптимистік даму сценарийлері оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Геометрия 1
Пәннің мақсаты - студенттерді аналитикалық геометрияның мазмұны мен зерттеу әдістерімен таныстыру. Оларға осы әдістерді нақты есептеулерде зерттеу және қолдану дағдыларын үйрету. Студенттерді вектор, қисық теңдеуі, жазықтықтағы түзу теңдеулері, түзулерлің өзара орналасуы, екінші ретті қисықтар теңдеулері сияқты негізгі ұғымдармен, ережелермен және фактілермен таныстыру. Аналитикалық геометрия жоғары математиканың маңызды бөлімдерінің бірі, геометриялық есептерді алгебралық әдістермен шешеді. Аналитикалық геометрияның негізгі әдісі координаттар әдісі болып табылады, онда геометриялық фигуралардың қасиеттері олардың теңдеулері арқылы алгебралық әдістермен зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Функциялар теориясы және функциялық талдау элементтері
Курстың мақсаты алгебра, математикалық талдау және геометрия идеяларының шексіз өлшемді жағдайына жалпылау. Функциялар теориясы мен функционалдық талдау элементтері бұл жалпы ғылыми және арнайы пәндерді оқуға қажетті іргелі пән. Бұл курсты оқу кәсіби есептерді шешуде математикалық әдістерді практикада қолдану дағдыларын жетілдірудің ең тиімді құралы болып табылады. Студенттердің математикалық мәдениетін қалыптастырады, жүйелі математикалық ойлауды дамытады. Пән алгебра, математикалық талдау және геометрия идеяларының шексіз өлшемді жағдайына жалпылау болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Математика пәні бойынша дарынды балалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты студенттердің математика пәні бойынша дарынды оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады. Бұл пәнде математика пәні бойынша оқушылардың зерттеу жұмысының түсінігі, ғылыми зерттеу әдістері, оқушылардың математикалық зерттеу қызметі, математикалық ойлауы. оқушылардың математикалық қабілеттері, оқушылардың математикалық қабілеттерін диагностикалау, оқушылардың математика бойынша ғылыми конференциясы, оқушылардың математикалық әдебиеттермен жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың зерттеу жұмыстары барысында әдеби дереккөздерді іздеу және рәсімдеу туралы қарастырылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курстың мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Математикалық талдау 2
Пәннің мақсаты бір айнымалыға тәуелді функцияларды интегралдау есептеулерін зерттеу кезінде нақты үдерістердің модельдерін, жүйелерді, үдерістер мен құбылыстарды талдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Анықталмаған, анықталған интегралдардың қасиеттері қарастырылады. Қарапайымнан күрделі интегралдауға көшу. Интегралдаудың әртүрлі әдістерін үйрету. Курсты оқу кезінде анықталған интегралдың физикалық, геометриялық қолданулары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пәннің мақсаты болашақ мамандарға педагогика ғылымдарының теориялық негіздерін, тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын меңгерту, тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білімдер және іскерліктер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Негізгі тақырыптар: Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. Педагогика əдіснамасы мен əдістері. Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты мәселелер. Білім мəні мен маңызы. Оқу процесінің мəн-мағынасы. Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Алгебра және сандар теориясы 2
Пәннің мақсаты - сызықты алгебралар сияқты алгебралық құрылымдардармен, сандар теориясы элементтерімен, олардың қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Студентердің осы салалардың зерттеу әдістерін меңгеруіне және осы әдістерді нақты есептерде қолдануға үйренуіне, дағдылануына қол жеткізу. Сызықты алгебра, алгебраның нольдік, бірлік және кері элементтері, ішкі алгебра және идеал, алгебралардың изомомрфизмі, ассоциативті алгебралар, асс-оциативті емес алгебралар, Ли алгебралары, Евклидтік кеңістік, Коши-Буняковский теңсіздігі, ортогональ векторлар, ортогональдау процесі, ортонормаланған базис, Грамм анықтауышы, бөлінгіштік қатынасы және оның қарапайым қасиеттері, санның бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі және қалдықпен бөлу теоремасы, жай сан, жай сандар жиынының ақырсыздығы, сандық функция, санның бөлгіштерінің саны мен қосындысы, Мебус және Эйлер функциялары, Гаусс тепе-теңдігі, бүтін сандар сақинасындағы салыстыру, қалындылар жүйелері, Эйлер теоремасы, Ферма теоремасы, дәрежелі қалынды, квадраттық қалындылар және қалынды еместер, қалындылардың арифметикада қолданылуы, бөлінгіштік белгілері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Функционалдық талдау
Пәннің мақсаты теориялық және қолданбалы зерттеулерде қолданылатын қазіргі заманғы талдаудың негізгі әдістерін зерттеу, ықтималдықтар теориясы, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері пәндерін оқыту үшін математикалық негіз құру. Курста метрикалық және сызықтық нормаланған кеңістіктер, сызықтық операторлар мен функционалдардың қасиеттері, олардың қолданылуы және әртүрлі салалардағы өзара байланысы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геометрия 2
Пәннің мақсаты студенттердің дифференциалды геометрия әдістерін игеруі, евклид геометриясының аксиоматикасын, геометрия негіздерін, олардың қазіргі ғылымдағы ағымдағы күйлерін зерттеу болып табылады. Курс дифференциалды геометрияның негізгі бөлімдерін, геометрияны құрудың аксиоматикалық теориясын түсінуге, евклидтік геометрияны аксиоматикалық негіздеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ басқа математикалық пәндерді оқуда дифференциалды геометрия аппаратын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән қазіргі математикалық тілді игерудің негізі болып табылатын жалпы геометриялық және дүниетанымдық мәдениетті дамытуда маңызды рөл атқарады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Математикалық талдау 3
Курстың мақсаты сандық тізбектер мен қатарларды, функционалды және дәрежелік қатарларды зерттеу кезінде іргелі және қолданбалы теорияларды, тұжырымдамаларды, фактілерді талдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Курс көп айнымалыларға тәуелді функциясының дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, екі еселі, үш еселі және қисық сызықты интегралдарды, қатар теорияларын, сондай-ақ қолданбалы есептерді шешу әдістерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық білім берудегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект
Пәннің мақсаты — жасанды интеллект және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, математикалық білім беруді жетілдіру. Бұл пән студенттерге деректерді талдау және визуализациялау әдістерін үйретеді. Сонымен қатар, курс студенттердің цифрлық дағдыларын арттыруға, ЖИ мен цифрлық технологиялардың білім беру саласындағы қолданылуын түсінуге және оларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған. ЖИ әдістері, алгоритмдер және олардың математиканы оқытуда қолданылуы туралы теориялық білім және цифрлық құралдарды қолдана отырып, математикалық модельдер құруды үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математиканы оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты студенттерді орта мектеп математикасын оқытуда білік, дағдылар мен әдістерді игерту. Критериалды бағалау жүйесі және білім беру бағдарламасын жаңарту туралы түсінік беріледі. Жалпы және бейіндік білім берудегі математика пәнінің мәні ашылады, пәнді игерудің психологиялық-педагогикалық аспектілерінің мәні ашылады. Студенттердің мектеп бағдарламасын, оқулықтар мен оқу құралдарын игеруі және терең талдауы және олардағы әдістемелік принциптерді түсінуі қамтамасыз етіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математиканы оқытуда жасанды иннтеллектті қолдану
Пәннің мақсаты — қазіргі заманғы технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектіні (ЖИ), білім беру процесіне енгізу арқылы математиканы оқытудың тиімділігін арттыру және оқушылар мен мұғалімдердің инновациялық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Пән ЖИ технологияларының білім беру саласындағы мүмкіндіктерін оқытады. Студенттер бейімделген оқыту, автоматты тестілеу және математикалық есептерді шешу әдістерімен танысады. Пәнде ЖИ құралдарының математикалық модельдер құру, деректерді талдау және визуализациялау, сондай-ақ шешім қабылдау жүйелеріндегі рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, технологияларды енгізудің этикалық және қауіпсіздік аспектілері де назарға алынады. Курс оқушылардың цифрлық дағдыларын арттыруға, математикалық білімдерін тереңдетуге және ЖИ негізінде тиімді оқыту құралдарын қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Геометрия 3
Пәннің мақсаты студенттерді проективті геометрия әдістерімен, геометрияның негізімен, олардың қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Оларға осы әдістерді нақты есептеулерде зерттеу және қолдану дағдыларын үйрету. Проективтік геометрия, проективтік геометриядағы аксиомалар, проективтік түзудің және жазықтықтың топологиялық құрылымы, проективтік координаттар және проективтік түрлендірулер, ангармоникалық қатынас, нүкте жұптарының гармоникалық бөлінуі, Штайнер теоремасы, Паскаль теоремасы, полюс және поляр, проективтік схемадағы әртүрлі геометриялар. Студенттердің проективті геометрия әдістерін, геометрия негіздерін қолдана білуін қалыптастыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық және жауапкершілік (минор 3)
Пәннің мақсаты студенттердің көшбасшылық, коммуникация, уақытты басқару, дағдыларын дамыту және олар үшін кәсіби және жеке өмір контекстінде шешім қабылдау мен жауапкершілікті дамыту болып табылады. Пән көшбасшылық пен жауапкершіліктің әртүрлі аспектілерін зерттейді, олар көшбасшылықтың негізгі теорияларын, мотивация мен әсер ету әдістерін, команда мен қақтығыстарды басқаруды, қарым-қатынас пен шешім қабылдау дағдыларын дамытуды қамтиды. Сондай-ақ этика, әлеуметтік жауапкершілік және көшбасшылық мінез-құлықтың әртүрлі үлгілері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алгебра және сандар теориясы 3
Пәннің мақсаты - білім алушыларды бір және бірнеше айнымалыдан көпмүшеліктер сақиналар теориясымен және олардың зерттеу әдістерімен, қолдануларымен таныстыру. Оларға осы салалардың зерттеу әдістерін меңгерту және нақты есептерде қолдануға үйрету, дағдыландыру. Бір белгісізден көпмүшеліктер сақинасын құру, көпмүшеліктің түбірлері, дәрежесі, Евклид алгоритмі, көпмүшеліктердің бөлінгіштік теориясының негізгі теоремасы, көпмүшеліктің формальді туындысы және Тейлор формуласы, Виет теоремасы, бірнеше белгісізден көпмүшеліктер сақинасын құру, симметриялы көпмүшеліктер, дәрежелік қосындылар, Ньютон формулалары, көпмүшеліктердің результанты, көпмүшеліктің дискриминанты, көпмүшеліктердің результантының қолданулары, нақты сандар өрісіндегі көпмүшеліктер, үшінші дәрежелі теңдеулер, төртінші дәрежелі теңдеулер, көпмүшеліктің рационал сандар өрісіне қатысты келтірілмейтіндігінің критерийлері, өрістің жай кеңейімі, Галуа кеңейімі, Галуа группасы, қатынастар өрісі, бүтіндік сақинаның қатынастар өрісі, рационал бөлшектер өрісі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пәнінің мақсаты - студенттерді жобалаудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып, жоғары өнімді электронды оқыту үшін оқу материалдарын жасауға үйрету, білім беру ортасында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Пән таңдалған мамандық бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ойындар теориясының алгоритмі
Курс мақсаты студенттерге дау-жанжал жағдайындағы тиімді шешімді қабылдайтын математикалық модельдеумен айналысатын амалдарды зерттеу теориясының бөлімі ойындар теориясын меңгерту . Курста комбинаторика мен ықтималдық теориясының білімі негізінде жанжалды жағдайларда ойыншылардың тиімді стратегиялық шешімдерін қабылдау модельдері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Математикадан сыныптан тыс жұмыстар
Бұл курстың мақсаты студенттердің сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі жүргізу, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің және басқарудың әдістерін меңгеру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Курста оқушылардың математикалық ойлауын дамыту үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың және жүргізудің заманауи тәсілдері арқылы мектепте математиканы оқыту процесінде математикалық дайындықты жетілдіру әдістері, оқушылардың математика бойынша білімдерін тереңдету, сондай-ақ математика бойынша сыныптан тыс жұмыстың заманауи түрлері қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сандық әдістер
Бұл курстың мақсаты математикалық шамалардың жуықталған мәндерімен жұмыстың негізгі түрлері бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыру, жуықталған (сандық) әдістердің көмегімен әртүрлі типтік математикалық есептерді шешу және компьютерлік құралдармен тиісті алгоритмдерді жүзеге асыру болып табылады. Курста бір белгісіз теңдеулерді, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін, қарапайым бірінші ретті дифференциалдық теңдеулерді жуықтап шешу үшін, белгілі бір интегралдарды жуықтап есептеу үшін және кесте функцияларын аналитикалық жуықтау үшін қолданылатын классикалық математика әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математикалық есептер шешу практикумы 1
Курстың мақсаты студенттерге әртүрлі математикалық есептерді өз бетінше және жүйелі түрде шешу дағдыларын үйрету болып табылады. Пән мектеп математикасының барлық салаларын қамтиды. Курста күрделілігі жоғары есептерді шешудің негізгі ұғымдары мен терминдері, теоремалары, сипаттаушы әдістері қарастырылады. Сондай-ақ, осы есептерді шешуде логикалық пайымдаулар мен қажетті зерттеу әдістері қолданылады. Әр түрлі практикалық мазмұндағы математикалық есептерді шешудің стандартты емес және балама әдістері талданады және жүйеленеді, шешудің оңтайлы әдістері салыстырылады және таңдалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дифференциал теңдеулер
Пәннің мақсаты дифференциалдық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістерін зерттеу, сондай-ақ олардың ғылым мен техникадағы әртүрлі үдерістерді модельдеу және талдау үшін қолданылуын түсіну. Курста айнымалылары ажыратылатын және оларға келтірілген теңдеулер қарастырылады. Біртекті, сызықтық теңдеулерді, Бернулли, Лагранж, Клеро, Риккати теңдеулерін толық дифференциалдарда шешу әдістері көрсетілген. Екінші және жоғары ретті тұрақты коэффициенттері бар сызықтық біртекті, біртекті емес теңдеулер және ретін төмендетуге әкелетін теңдеулер қарастырылады. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін шешу. Әр түрлі салаларда дифференциалдық теңдеулерді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты сындарлы оқытуда іскерлік дағдыларды қалыптастыру, студенттерді кәсіби қызметінде констуктивті оқыту әдістерін қолдана білуге үйрету, студенттердің жалпы әдістемелік білім деңгейін жетілдіру, пән бойынша жүйелі білімді қалыптастыру, оқыту әдістерін зерделеу, талдау кезінде болашақ мамандардың шығармашылық ойлау деңгейін дамыту болып табылады. Курстың негізі оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері болып табылады, онда мұғалімнің табысты оқудағы рөлі мен ұстанымы және кәсіби құзыреттілігі қарастырылады. Математика бойынша білім нəтижелерін қазіргі бағалаудың өлшемдік технологиялары саласында студенттерді теориялық дайындау жəне мектепте саралап оқыту жағдайында математикадан оқыту нəтижелерін бағалауда қазіргі уақыттағы құралдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Математикалық кoмпьютерлік модельдеу
Пәннің мақсаты компьютерлік математиканың заманауи жүйелерін зерттеу, заманауи математикалық бағдарламаларды қолдана отырып, жаратылыстану есептерін модельдеуге үйрету. Курс қолданбалы математика саласындағы жүйелі білімді кеңейту үшін модельдерді құру және есептерді шешу үшін бағдарламалық пакеттерді практикалық қолдану мәселелеріне бағытталған. Сонымен қатар модельдеуде қолданылатын жасанды интеллект принциптері мен технологиялары да оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Пәннің мақсаты логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуды, математикалық есептерді шешу мен зерттеу әдістерін игеруді, математикадағы сандық әдістерді игеруді, өздігінен білімін кеңейту және қолданбалы есептерді талдай білуді үйрету. Табиғаттағы кез-келген кездейсоқ процестерді зерттеу туралы ұғымды, ықтималдықты-статистикалық объектілерді зерттеуден алынған нәтижелер негізінде ақпаратты өңдеудің жаңа технологияларын жасау туралы білімді қалыптастыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп математика курсының пәнаралық байланыстары
Курстың мақсаты мектептегі математика курсында пәнаралық байланыстардың теориялық негіздерін, іске асыру жолдарын, практикалық аспектілерін ашу, болашақ математика мұғалімдерінің пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы білімдерін, дағдыларын тереңдету. Курста пәнаралық байланыстар тұрғысынан оқу бағдарламалары мен математика оқулықтарын талдау әдістері қарастырылады. Пәнаралық мазмұнды есептерді шешудің әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және оқушылардың оларды игеру жолдарын зерттеу
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көпмүшеліктер сақиналары
Пәннің мақсаты: Білім алушыларды бір және бірнеше айнымалыдан көпмүшеліктер сақиналар теориясымен және олардың зерттеу әдістерімен таныстыру. Оларға осы салалардың зерттеу әдістерін меңгерту және нақты есептерде қолдануға үйрету, дағдыландыру. Сақина, сақинаның идеалы, фактор сақина, сақиналардың гомоморфизмі туралы теоремалар, бір белгісізден көпмүшеліктер сақинасын құру, көпмүшеліктің дәрежесі, көпмүшеліктерді қалдықпен бөлу теоремасы, көпмүшелікті екі мүшеге бөлу, көпмүшеліктің түбірі, бүтіндік облыстағы көпмүшелік түбірлерінің саны, көпмүшеліктер теңдігінің алгебралық және функционалдық анықтамалары, орнына қою гомоморфизмі туралы теорема, ең үлкен ортақ бөлгіш
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикадан олимпиада есептерін шешу жолдарын үйрету әдістемесі
Курстың мақсаты математикадан олимпиадалық есептерді шешуді оқытудың формалары мен әдістерін зерттеу болып табылады. Курста дарынды оқушылардың олимпиадаларға дайындық кезінде математикалық ойлауын дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады. "Олимпиадалық есеп" ұғымын түсіндіру. Математикадан олимпиадалық есептердің ерекшеліктері, олардың олимпиадалық тапсырмамен жұмыс жасаудағы көрінісі. Теңсіздіктердің дәлелдеу. Коши, Коши-Буняковский теоремалары арқылы теңсіздіктерді дәлелдеу
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепте математиканы саралап оқыту
Пәннің мақсаты оқушылардың бейіні, білім деңгейі және қабілеттері бойынша орта мектептегі оқу жоспары мен бағдарламаларының жіктелуі туралы түсінік беру. Курста оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника саласындағы білімді жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімделуді көздейтін сараланған оқыту мәселелері қарастырылады. Сараланған оқыту әр түрлі деңгейдегі оқушылардың білімін одан әрі жетілдіру үшін, оларды топтарға жіктеу арқылы, әр топты өз деңгейіне сәйкес оқыту үшін қолданылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математикалық логика және дискреттік математика
Курс мақсаты дискретті математика мен математикалық логиканың негізгі бөлімдері бойынша негізгі ұғымдарды игеру болып табылады. Пәнді оқу барысында студенттер дискретті математика мен математикалық логиканың типтік есептерін шешу әдістерін қолдану білігі мен дағдыларын игереді; дискреттілік қасиеті бар құбылыстардың үлкен класын зерттеуде қолданылатын әдістер ретінде осы пәннің әдістері туралы түсінік беріледі; графтар теориясының, автоматтар теориясының, бульдік функциялар теориясының негізгі ұғымдарын қолданудың білім, білік мен дағдылары қалыптасады. Студенттерде ақпараттану саласындағы проблемаларды дұрыс қою және шеше білуге қажетті теориялық фундамент қалыптастыру, логикалық функциялар, алгоритмдер, графтар, кодтау теорияларының негізгі ұғымдарын білу, программалау процесінде жасанды интеллект есептерін шығаруда, программалардың дұрыстығын дәлелдеуде модельдеуді пайдалануға дағдыландыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттерді ″ғылым″, ″ғылымтану″ ұғымдары мен таныстырып, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерту. Студенттерге педагогика ғылымының зерттеу нысаны, заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту; ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру. Өзін қызықтырып мәселені теориялық материалдармен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үйрету. Өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету, зерттеудің әдіснамасын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шағын комплектілі мектептерде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәннің мақсаты болашақ мұғалімдерді әр оқушының жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне, сондай-ақ ата-аналармен және жергілікті қоғамдастықпен тығыз қарым-қатынасты дамытуға ерекше назар аударуды қажет ететін шағын жинақталған мектептерде тиімді жұмыс істеуге дайындау болып табылады. Курс шағын жинақталған мектептердің оқу-тәрбие процесін, тарихы мен қазіргі жағдайын, пәндерді оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, оқушылардың білімін бағалау мен есепке алуды, пәндерді оқытуды жоспарлауды, сабақ кестесінің түрлерін және оларды құру технологиясын, сабақтарды ұйымдастыруды, білім беру процесін қолдау және қолайлы білім беру ортасын құру үшін ата-аналармен және жергілікті қоғамдастықпен ынтымақтастық стратегияларын ұйымдастыру мәселелерін қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектеп математика курсында ауызша есептер мен жаттығулар
Бұл курстың мақсаты математика сабақтарында ауызша санау және әртүрлі ауызша жаттығуларды қолдану әдістерін зерттеу. Математиканы оқыту үдерісінде айтарлықтай жетістіктерге жету тек материалдық қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен бірге мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттерімен анықталған оқу процесінің сипатына да байланысты. Ауызша тапсырмаларды әр түрлі формада ұйымдастыруға болады, мысалы, дайын модельдер мен сызбалар арқылы. Жаңа тақырыпты игеру барысында қолданылатын дайын сызбалар арқылы ауызша жаттығулар мен жұмыстарды орындау сабақтағы жұмыс уақытын дұрыс бөлу үшін қажет, сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық сауаттылық негіздерін қалыптастыру
Курстың мақсаты белгілі, дәлелденген заңдылықтарды, әдістерді, оқыту әдістерін жүйелеу және қажетті оқу нәтижелерімен үйлестіру. Курс студенттерде "функционалдық сауаттылық", "математикалық сауаттылық" ұғымдарының мағынасы туралы нақты түсінік қалыптастыруға арналған және логикалық және стандартты емес есептерді шешудің ең жиі қолданылатын әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Бұл пән білім алушыларда математикалық сауаттылықтың қалыптасуын диагностикалау әдістері туралы түсінік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Математиканы оқыту әдістемесі практикумы
Пәннің мақсаты болашақ математика мұғалімінің математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін, зерттеу әдістерін, есептерді шешу және оларды түсіндіру тәсілдерін игеру болып табылады. Курста мынадай тақырыптар қарастырылады: математиканы оқытудың мақсаттары, математикалық модельдер туралы түсінік, қозғалыс есептері, функцияны зерттеу. Есептің шешімін табу әдістері. Әдістерді қолдану. Интервал әдісі. Тригонометриялық функциялардың мәндері. Талдау және синтез. Индукция
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жалпы физика курсы
Курсты оқу мақсаты студенттерді физика негіздерімен жалпы физика курсының бағдарламасы көлемінде таныстыру. «Физика» курсының негізгі тараулары: механика, молекулалық физика және термодинамика, нақты газдар, сұйықтар және қатты денелер, электрдинамика, тербелмелі қозғалыстар және толқындар, оптика, кванттық және атомдық физика негіздері болып табылады. Студент жалпы физиканың негізгі заңдарын меңгеріп, есептерді шығаруға теорияны қолданады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық есептер шешу практикумы 2
Курстың мақсаты планиметриялық есептердің: үшбұрыштың геометриясы, шеңберлер мен бұрыштар, шеңберлер мен көпбұрыштардың комбинациясы, аудандар сияқты тақырыптар бойынша геометриялық есептерді шешу мен дәлелдеудің негізгі әдістерін оқыту болып табылады. Курста геометриялық есептерді шешу қарастырылады. Жазықтықтағы геометриялық салулар. Цмркуль мен сызғышты көмегімен жазықтықтағы салу есептері. Салу есептеріндегі геометриялық түрлендіру әдісі. Жаңа айнымалыны енгізу арқылы тригонометриялық теңдеулерді шешу. Бір аргументке қатысты тригонометриялық теңдеулерді шешу. Модуль таңбасы бар тригонометриялық теңсіздіктер, қосымша бұрыш енгізу арқылы теңдеуді шешу. Стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стандартты емес есептерді шығару әдістемесі
Пәннің мақсаты олимпиадаға қатысты стандартты емес есептерді шешу әдістерін үйрету, оларды практикада қолдану дағдыларын дамыту, сондай-ақ студенттерде типтік емес математикалық есептерді талдау мен шешуге жүйелі көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Курс типтік емес математикалық есептерді шешудің әртүрлі әдістері мен стратегияларын зерттеуді, стандартты емес тәсілдерді талдауды және осы әдістерді математиканың әртүрлі салаларында қолдануды қамтиды. Ойлаудың икемділігін дамытуға және күрделі мәселелердің өзіндік шешімдерін табуға негізгі назар аудару қажет
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математиканы кіріктіре оқытудың практикумы
Бұл курстың мақсаты кіріктіру ұғымы және оның мектептегі мәні, сондай-ақ қазіргі математикадағы кіріктіру үдерісінің ерекшеліктері туралы түсінік беру. Курста математика сабақтарындағы кіріктірудің бағыттары мен әртүрлі деңгейлері, алгебралық және геометриялық әдістердің байланысы, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі алгебралық және геометриялық әдістердің кіріктірілуі көрсетілген.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геометриялық есептер шығару практикумы
Курстың мақсаты мектеп геометрия курсының есептерін шешуде қолданылатын әдістерді жүйелеу. Есептерді жазықтықта және кеңістікте шешу әдістері қарастырылады. Тамаша нүктелер және олардың қасиеттері. Теоремалардың дәлелденуі. Қарама-қайшылықтың дәлелдеу. Үшбұрыштарды шешуде Пифагор, Менелай, Чева теоремаларын қолдану. Жазықтықтағы және кеңістіктегі векторлар. Фигуралардың аудандарын, денелердің көлемін есептеу. Айналу денелері және олардың көлемі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Математиканы оқыту технологиясында зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін қолданады; оқушылардың пәнді меңгерудегі дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін меңгереді.
- Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, азаматтық қорғаныстың рөлі мен міндеттерін, құтқару және апаттың – қалпына келтіру жұмыстарын біледі.
- Практикалық есептерді шешуде ақпаратты математикалық өңдеу және тарату, бағдарламалау, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект әдістерін қолданады.
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, формалары мен тәсілдерін, инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Балалар мен жасөспірімдер өсунің жалпы заңдылықтарын, жүйке жүйесінің физиологиясын біледі.
- Жалпы физиканың, іргелі, қолданбалы математиканың білімдерін және ақпараттық технологияларды құбылыстар мен процестерді жинақтау мен талдау үшін қолданылады; бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін теориялық талдау әдістерін, компьютерлік модельдеу тәсілдерін меңгереді.
- Математиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі.
- Іргелі математиканы оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын меңгерді.
- Білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің (өзінің, оқушылардың, ата-аналардың) қызметін инклюзия қағидаттарын ескере отырып талдайды, математика пәнін сыныптағы және зертханалық сабақтарда оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында әріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс істей алады, барлық оқушылар үшін қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
- Математиканы оқытудың педагогикасы мен әдістемесін, ағылшын тілінде, оның ішінде online режимде оқытудың заманауи білім беру технологияларын, тұлғаның даму заңдылықтарын, оқыту және тәрбиелеу процестерін біледі; білім беру процесінің барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық көмекті жүйелі ұйымдастырудың құралдары мен әдістерін меңгерген.
- Зерттеу және кәсіби қызметінде негізгі математикалық әдістерді математикалық есептерді талдауда қолданады.
- Экономика, менеджмент, маркетинг, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және құқықтық аспектілердің негіздерін меңгерген. Экономика және басқару саласындағы заманауи басқару технологияларының рөлін және маңыздылығын түсінеді. Қолданбалы ғылымдардың негіздерін, экологияның негізгі заңдары мен қағидаттарын, еңбекті ғылыми ұйымдастыру қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы біледі.
- Кәсіби қызметінде жаңа білім беру технологияларын, соның ішінде жасанды интеллектті, зертханалық бағдарламалық қамтамасыз етуді, бала құқықтары мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары туралы негізгі құжаттарды, критериалды бағалау әдістерін, зерттеу нәтижелерін қолданады.