6B01721 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби және ғылыми дайындығы бар, тіл білімі мен әдебиеттанудағы жаңа ғылыми ақпараттарды жинау, өңдеу және сақтау әдістерін, жаңартылған білім беру мазұнына сай тіл мен әдебиетті оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, білім беру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясатын іске асыруға қабілетті, сұранысқа ие мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Пәннің мақсаты - қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, тілдегі дыбыстық заңдылықтарды және тілдегі әртүрлі дыбыстық құбылыстарды меңгерту, оларды терең түсіну үшін фонетикалық талдау әдістерін игерту. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілінің фонетика және фонология салалары, олардың зерттеу нысандары, фонетика және фонология салаларының бірліктері мен өзіндік ерекшеліктері, қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері, қазақ фонетикасының құрылымы, зерттелім бағыттары, қазіргі қазақ фонетикасының ғылыми аппараты, қазақ тілінің жасалымдық қоры, сөйлеу мүшелері: актив және пассив мүшелер, екпін, оның тілдік табиғаты, үндестік заңы, тасымал, орфоэпия мен орфография туралы түсінік, қазақ тілінің интонациялық жүйесі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе
Пәннің мақсаты – білім алушыларға лингвистиканың ғылым ретіндегі мәні, оның өзге ғылымдармен байланысы, тіл білімінің ішкі және сыртқы салалары, олардың проблемалары туралы лингвистикалық білім беру. Негізгі тақырыптар: тілдің табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қоғамдық функциялары, тілдің құрылымы, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы, тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары, тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тіл дамуына түрткі болатын процестер мен факторлар, тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелісі, тіл білімінің зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің теориясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларға тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі теориялық мәселеріне жүйелі түрде талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын ұғындыру. Негізгі тақырыптар: тіл білімінің зерттеу нысаны мен салалары, тіл білімінің даму тарихы, тіл білімінің дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдар, тіл білімінің ғылыми бағыттары мен мектептері, тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орны, олармен байланыстары, тіл білімінің өзіндік теориялық мәселелері, тілдің табиғаты мен мәні, қызметі, таңбалық, құрылымдық сипаттары, тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары, олардың тіл білімінің салаларына әсерлері, тілдің қоғам дамуындағы рөлі мен орны, тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданылып жүрген арнаулы әдіс-тәсілдер және әдістемелер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пәннің мақсаты- адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын, индивидуалды дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі мүшелер жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру. Курс балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық-физиологиялық сипаттамаларын, олардың қоршаған орта саласындағы дамуының негізгі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Курс онтогенетикалық даму кезеңінен бастап баланың даму ерекшеліктерін қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты – білім алушыларға табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әдебиеттану негіздері
Пәннің мақсаты - әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны, негізгі салалары мен жанама тараулары, басты теориялық қағидалары мен ұғымдары туралы түсінік беру. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі, өлең құрылысы мен табиғаты, сюжет пен композиция ұғымдары түсіндіріліп, әдебиетті өнердің негізгі түрі ретінде қарап, оған тән басты ерекшеліктер айқындалады, шығарманың көркемдік, жанрлық және стилдік ерекшеліктері, суреткер шеберлігі сараланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты - ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, педагогикалық-теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру. Ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснама мен әдістемесінің негізін үйрету, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру, педагогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзыреттіліктерін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогика
Пәннің мақсаты - студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, адамның жеке ерекшеліктері туралы оның оқу және кәсіби қызметін табысты игеру және жүзеге асыру факторы ретінде тұтас түсінігін қалыптастыру, оқу мен ақыл-ой еңбегі мәдениетінің, өзін-өзі білім берудің біліктерін және педагогикалық білім негізінде тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты – білім алушылардың экономика және бизнес негіздерін, олардың ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихын және осы білімді күнделікті өмірде қолдану үшін қазіргі жағдайын зерттеу негізінде экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы теориялық және практикалық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қаржылық сауаттылық саласында іргелі білім мен дағдыларды қалыптастыру, жеке қаржы ресурстарын тиімді басқару, қаржылық мәселелерде негізделген шешімдер қабылдау және өзінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілінің сөздік құрамын, оның дамуын, мағыналық ерекшеліктерін, лексикалық қабаттарын, фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктерін, тілдің ұлттық болмысын танытатын лексикалық бірліктерді ғылыми негізде меңгерту. Негізгі тақырыптар: лексикология ғылымы туралы түсінік, сөз және оның лексикалық мағынасы, сөздік құрам және сөздік қор, этимология, семантикалық құрылым және көпмағыналылық, фразеологизмдер, лексикография.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Құқық негіздері
Пәннің мақсаты – білім алушыларға құқықтық жүйе, принциптері мен нормалары туралы негізгі білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік және құқықтық жағдайларды талдау үшін құқықтық ұғымдарды қолдану дағдыларын дамыту. Курс студенттерді азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға, сондай-ақ құқықтық ортада бағдарлау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сондай ақ білім алушыларға құқықтық мәселелерді шешуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда негізделген шешімдер қабылдауға көмектесетін құқықтық жүйе туралы негізгі білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің этимологиясы
Пәннің мақсаты – жалпы тіл білімінің, оның ішінде тарихи лексикологияның арнаулы саласы этимология бойынша студенттерге филологиялық білім бере отырып, олардың лингвистикалық біліктілігін қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: Этимологияның зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері. Этимология пәнінің мақсаты мен міндеттері. Этимологияның пәнаралық сипаты. Этнолингвистиканың базалық ұғымдары. Этимологиялық зерттеулердің сүйенетін қағидаттары (фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, тарихи). Этимологияның өзекті мәселелері. Этимологияның негізгі салалары. Ғылыми этимология және халықтық этимология. Этимологиялық зерттеулердің ерекшеліктері мен ұстанымдары. Қазақ этнолингвистикасының зерттелуі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Алаштың тілдік мұрасы
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ ғылымының, оның ішінде, тіл білімінің қалыптасу бастауында тұрған Алаш қаламгерлерінің, ғалымдарының тіл туралы еңбектері туралы филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: Алаш зиялыларының тілтанымдық бағыттағы еңбектері, Алаш оқымыстыларының зерттеулеріндегі ұлттың рухани өркендеу мәселелері, ондағы тілдің орны, тіл табиғаты мен заңдылықтары, әдістеме, терминология, әдеби тіл сияқты т.б. мәселелер, Алаштың зиялы қауым өкілдері тарапынан айтылған ой-пікірлерінің өміршеңдігі мен өзектілігі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ежелгі дәуір әдебиеті
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиеті тарихының бастаулары болып саналатын VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби мұралар, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік және әлеуметтік мәні жөнінде жан-жақты білім беру. Негізгі тақырыптар: ежелгі әдебиеттің даму кезеңдерінің (дәуірлерінің) ерекшеліктері, бағыты, заманымыздан бұрынғы аңыз-жырлар, Орхон ескерткіштері: «Білге қаған», «Тоныкөк», «Күлтегін», «Қорқыт ата» және Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Рабғузи қиссалары тағы басқа көне түркі тілінде жазылған авторы белгілі көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік мәні және әлеуметтік, психологиялық мәні.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдеби мұра және оны жалғастырушылар
Пәннің мақсаты – білім алушыларға ұлттық әдеби мұраны зерттеу, сақтау, оқытуды меңгерте отырып, оны жалғастырушылардың әдебиет тарихынан алатын орнын анықтау, көрсету. Негізгі тақырыптар: әлем және ұлттық әдебиеттанудың қалыптасуы мен даму тарихы, әдеби мұралардың сақталу, басылу, зерттелу мәселелері, әдеби мұраны текстологиялық тұрғыдан талдау, әдеби мұраның меңгерілуі мен оны жалғастырушылар, әдеби-зерттеушілік, сыншылық қызметтер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақын жыраулар поэзиясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиетінің рухани негізі болып табылатын жыраулық және ақындық поэзиясының тарихи-әдеби маңызын, идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін, ұлттық дүниетаныммен байланысын, жыраулар мен ақындардың шығармашылық мұрасын меңгерту. Негізгі тақырыптар: жыраулық поэзияның пайда болуы мен даму кезеңдері, жырау мен ақын ұғымдарының айырмашылығы мен ұқсастығы, ХҮ-ХҮІІІ ғғ. жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары, ақын-жыраулар поэзиясындағы тақырыптар мен идеялар, поэзия тілі мен көркемдік ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақыметтану
Пәннің мақсаты – білім алушыларға Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының өмірі мен ғылыми-әдеби мұрасы мен шығармашылығы, оның қазақ тіл біліміндегі және әдебиеттанудағы орны мен рөлін таныту. Негізгі тақырыптар: Ақымет Байтұрсынұлының өмір жолы мен еңбектері, оның тіл біліміндегі ғылыми мұрасы (әліпби, емле, грамматика, терминология, т.б.), әдебиеттану мен публицистикадағы еңбектері, А.Байтұрсынұлы - әдебиеттанушы, аудармашы, публицист, Ақыметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Құжаттама лингвистикасы
Пәннің мақсаты - білім алушыларға мемлекеттік тілде нормаға сәйкес іс-қағаздарды жүргізуді үйрету, құжаттардың түрлері мен құрылымын меңгерту, ресми-іскери стильдің тілдік ерекшеліктерін түсіндіру, құжат мәтінін логикалық және тілдік тұрғыдан сауатты құрастыру дағдысын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: құжаттама лингвистикасының ғылым ретіндегі орны мен міндеттері, құжат және оның лингвистикалық сипаттамасы, құжаттардың типологиясы, құжаттардың құрылымдық және композициялық үлгілері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Пәннің мақсаты – инклюзивті және кіріктірілген оқыту теориясының базалық ережелері, ғылыми мен әдістемелік ережелерімен таныстыру және жалпы мен арнайы білім берудің маңызды әлеуметтік-мәдени құбылысы ретінде кіріктірілген оқыту туралы түсінік беру. Курс түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, білім алушыларға кәсіптік бағдар беру мен кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінде көмектесу, оқушыларды дамыту жеке траекториясын құрудың мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Хандық дәуір әдебиеті
Пәннің мақсаты – білім алушыларға хандық дәуір әдебиеті мұраларын жан-жақты таныту, сол дәуірдегі ақын-жыраулар шығармашылығы арқылы қазақ халқының тарихы, дүниетанымы, ұлттық құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру, оның ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңі екендігін меңгерту. Негізгі тақырыптар: ХҮ-ХҮІІІ ғғ. жыраулар поэзиясының даму кезеңдері, зерттелуі, жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері, жыраулар поэзиясындағы фольклорлық сипаттар, жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары, жыраулар поэзиясының көрнекті өкілдері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халық ауыз әдебиеті
Пәннің мақсаты - халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамти отырып оның ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты игерту. Негізгі тақырыптар: ауыз әдебиеті туралы түсінік, фольклордың жанрлары, этникалық тәсілдері мен құралдары, фольклордың зерттелу тарихы, халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы, шешендік сөздердің тарихи негізі мен зерттелуі, қазақ эпосының жанрлық құрамы мен көркемдік ерекшеліктері, ғашықтық жырлардың зерттелуі мен жанрлық ерекшеліктері, тарихи өлең-жырдың аражігі, дәуірлеу мәселесі, ол туралы ғалымдар пікірін салыстыру және тарихи жырлардың жанрлық-көркемдік ерекшелігі, айтыс өнерінің зерттелуі, балалар фольклорының жанрлық ерекшеліктері мен түрлері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылымның теориясы мен практикасы
Пәннің мақсаты – білім алушылардың талдамалық мәтіндік қызметке байланысты құзыреттерін қалыптастыру, қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына қатысты ойлау алу, тілдің экспрессивті қажетті бірліктерін талдай білуге байланысты лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, іс-қағаздарын жүргізу және т.б.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пәннің мақсаты – студенттерді жобалаудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып, жоғары өнімді электронды оқыту үшін оқу материалдарын жасауға үйрету, білім беру ортасында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Пән таңдалған мамандық бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясын оқытуда ЖИ құралдарын қолдану
Пәннің мақсаты – білім алушыларға жасанды интеллект технологияларын қазіргі қазақ тілінің морфологиясын оқытуда қолданудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту. Білім алушылар морфологиялық құрылымдарды автоматтандырудың заманауи әдістерін, ЖИ негізіндегі лингвистикалық модельдерді және табиғи тілді өңдеу (NLP) алгоритмдерін зерттейді. Қазақ тілінің сөзжасам және сөз түрлендіру жүйелерін ЖИ арқылы талдаудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Морфологиялық талдау жүйелерінің тиімділігін бағалап, деректерге негізделген оқыту әдістерін әзірлеуге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты – білім алушыларға конструктивті оқыту теориясының негізгі қағидаларын үйрету, оқытудың оқушы тұлғасына бағытталаған әдіс-тәсілдерін таныстыру, білім алушылардың шығармашылық, рефлексиялық, зерттеушілік дағдыларын дамыту, заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері, конструктивті оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен принциптері, конструктивті оқыту технологиялары, конструктивті оқытуда мұғалім мен оқушының рөлі, конструктивті оқытуды жоспарлау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
Пәннің мақсаты - білім алушыларға тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, мәдениетаралық қарым-қатынас механизмдерін түсіндіру, түрлі мәдениет өкілдерімен тиімді және сауатты коммуникация орната білу қабілетін қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: тіл және мәдениетаралық коммуникация ұғымы, мәдениетаралық коммуникация теориясының негіздері, мәдениет ұғымы және оның түрлері, тіл - мәдени код ретінде.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты – білім алушыларға мектепте қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін меңгерту, практикалық дағдысын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қазақ әдебиеттану салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесі, пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар, қазақ әдебиеті бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мазмұны, әлемдік педагогика ғылымындағы оқытудың жаңа әдістемелері, білім берудің жаңа технологиялары, пәнді игерудегі кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдарын, бастау көздерін, ғылыми ұстанымдарын, басым бағыттарын, мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың мақсат-міндеттері мен әдістемелік жүйесін, қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесін, қазақ тілін оқытуды меңгертіп, әдістемелік білім беру. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары, ғылыми ұстанымдары мен басым бағыттары, қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесі, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдеріс ретінде ұйымдастырудың жолдары, қазақ тілін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ХІХ ғасыр әдебиеті
Пәннің мақсаты – білім алушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі және сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар мен әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар маңызын түсіндіру, осы дәуірдегі қаламгерлердің шығармашылығынан терең әдеби-теориялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы толғаулары. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері шығармашылығы, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Ш.Жарылғасұлы, А.Азаматқызы шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты – білім алушыларға антропоөзекті бағыттағы парадигманы, атап айтқанда тіл біліміндегі когнитивті тіл білімі, этнолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, т.б. тәрізді тіл білімінің жаңа бағыттарының негізгі мәселелерін түсіндіру. Негізгі тақырыптар: тіл біліміндегі соңғы ғылыми жаңа бағыттар, мектептер, заманауи парадигмалар, тіл біліміндегі жаңа бағыттардың зерттелуі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
3D модельдеу және 3D визуализация
Пәннің мақсаты – білім алушыларға компьютерлік графиканың заманауи әдістері мен құралдарын, заманауи автоматтандырылған жобалау жүйесінде AutodeskAutoCAD 2D сызбалары мен 3D-модельдерін жасау және редакциялау бойынша тәжірибелік дағдыларды игерту. Заманауи ақпараттық технологиялардың негіздерімен, олардың даму үрдістерімен танысыды, заманауи үшөлшемді графиканың (Autodesk AutoCAD және Autodesk 3ds MAX) редакторларымен кәсіби жұмысқа дайындалады, үшөлшемді графиканы өңдеу, түзету, жасау және визуализациялау бойынша негізгі мәліметтер алады, сонымен қатар кәсіби қызметте заманауи ақпараттық технологияларды қолдану бойынша ұсыныстар бере алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шетелдердегі қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты – білім алушыларға шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы, жанрлық-тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, оның өкілдері, зерттелуі туралы мәлімет беру. Негізгі тақырыптар: шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері мен даму үрдісі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің зерттелуі, жанрлық-тақырыптық және идеялық-көркемдік ерекшелігі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің негізгі өкілдері және олардың шығармашылығы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілінің дамуы барысында қалыптасқан сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдерін ұғындыру, олардың ішкі семантикалық құрылымын талдай білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары, сөзжасам мен атау теориясы, сөзжасам және мотивация (негіздеме), туынды сөздің ерекше белгілері, семантикалық сипаттамасы, сөзжасам тәсілдері, ерекшеліктері, тіл дамуындағы маңызы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Диаспоралық әдебиет
Пәннің мақсаты – білім алушыларды ұлттық әдебиеттің үлкен шоғыры саналатын шетелдердегі қазақ әдебиетшілерінің шығармашылығымен таныстыру. Оның қалыптасуы, дамуы туралы түсінік беру. Пәнді игеру барысында білім алушылар Қытайдағы, Түркиядағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы және тағы да басқа шет елдердегі қазақ әдебиетін қалыптастырушы диаспора өкілдерінің мәдени-рухани өмірімен танысып, шығармашылығы туралы мағұлмат ала алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әдеби аударма негіздері
Пәннің мақсаты – білім алушыларды қазақ әдебиеті кезеңдері және әдебиеттану негіздері бойынша алған білімдерін қорыта келе көркем аударма өнерінің ұлттық әдебиет дамуындағы рөлі мен орны, маңызы туралы хабардар ету, әдеби даму, әдеби байланыстар, аударма өнерінің дамуы туралы теориялық-әдіснамалық білім беру. Негізгі тақырыптар: Қазақ көркем аудармасының тарихы және даму кезеңдері, көркем аударма теориясы мен практикасының ерекшелігі, қазақ көркем аудармасының бағыттары, қазақ көркем аудармасындағы әдіс-тәсілдер, қазақ көркем аудармасы түрлері, аудармашыға қойылатын талаптар, аудармашы шеберлігі және көркемдік сырлары, көркем аударма сыны, көркем аудармадағы бейнелілік табиғаты, көркем аударма және шығармашылық даралық, әдеби аударма және стиль, көркем аударма және ырғақ, көркем аударма өнерінің қазақ әдебиеті дамуындағы рөлі, көркем аударма өнеріндегі зерттеушілік және талдаулар жүйелілігі мен түрлері, көркемөнер және көркем аударма теориясындағы аса өзекті мәселелер, көркем аударма өнері және қазіргі кезең
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Пәннің мақсаты – білім алушыларға психолингвистиканың сөйлеу үрдістерін, оның мазмұнын, коммуникативті рөлін, сөздің ойға қатысын, тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастыратын психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы ретінде меңгерту. Негізгі тақырыптар: психолингвистиканың ғылыми пән ретінде сипаты, психолингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны мен мәртебесі, сыртқы лингвистика салаларымен байланысы, психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері, адамның сөйлеу қызметі, оның зерттелуі, сөйлеудің тууы және оның түсіндірілуі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі бағыттар мен ағымдар
Пәннің мақсаты – білім алушыларды ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ұлттық әдебиет дамуындағы рөлі мен орны, маңызы туралы хабардар ету, әдеби даму, ағымдар мен бағыттар туралы теориялық-әдіснамалық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен ағымдар, ХХ ғасыр басындағы қазақ романдары, діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері, ағартушылық-демократтық бағыттағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және азатшыл бағыт, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы туралы әдебиет, ХХ ғасыр басындағы көркем аударма, ХХ ғасыр басындағы мысал мен айтыс, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебетінің әдеби дамудағы рөлі мен маңызы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері мен сипаты, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы соңғы жылдардағы зерттеулер және кезең әдебиеті туралы жаңа көзқарастар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиет тарихындағы аса маңызды кезең – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін, әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасу арналары, оған ықпал еткен жағдайлар, әдеби бағыттар ерекшеліктері, байланыстары, олардың әдеби дамудағы рөлі мен көркемдік ізденістер жайлы терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің маңызы, сипаты, ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуы, ерекшеліктері. Әдеби бағыттар арасындағы байланыс, олардың қазақ әдебиеті дамуындағы орны. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдар әкелген жаңалықтар мен көркем ізденістер, олардың қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тіліндегі синтаксистік бірліктердің (сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем) құрылымдық жүйесін таныту, сөйлемнің грамматикалық құрылысы мен сөйлем мүшелерінің қызметін және олардың байланысу жолдарын түсіндіру, қызметтік ерекшеліктерін ғылыми-теориялық тұрғыда меңгерту. Негізгі тақырыптар: синтаксис туралы жалпы түсінік, сөз тіркесі және оның түрлері, сөйлем және оның түрлері, сөйлем мүшелері, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі, сөйлемдегі сөздердің байланысу тәселдері, күрделенген сөйлемдер, синтаксистік құрылымның стильдік ерекшеліктері, синтаксистік талдау түрлері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы
Пәннің мақсаты - білім алушы қазақ тіл білімінің түркі тілдері ішіндегі зерттелу деңгейі біршама жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми сала екендігін, негізгі тұжырымдары мен бағыттарын біледі. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәнін, тілдің табиғатын, қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін түсінеді. Негізгі тақырыптар: қазақ тіл білімінің қалыптасуының алғышарттары, ХІХ ғасырдағы қазақ тілін зерттеу мәселелері, А.Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімінің негізін салу, Кеңестік кезеңдегі қазақ тіл білімінің дамуы, қазақ тіл біліміндегі мектептер мен бағыттар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты – білім алушыларға тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің әдеби үдерістерін, жаңа бағыттар мен көркемдік және жанрлық ізденістерді, қаламгерлер шығармашылығындағы жаңашылдықты меңгерту. Негізгі тақырыптар: тәуелсіздік дәуіріндегі туындылардың жанрлық ерекшеліктері, көрнекті қаламгерлердің шығармашылық-зертханалық болмысы, поэтикалық үндестік, қазақ поэзиясындағы жаңа белестер, тәуелсіздік жылдарындағы проза жанры, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің арналары
Пәннің мақсаты – білім алушыларға әдеби тіл ұғымын, өзге тілдік формалардан ерекшелігін, пайда болу, қалыптасу мен тарихи арналарын меңгерту. Негізгі тақырыптар: әдеби тілдің даму кезеңдері, қазақ әдеби тілінің дәуірлерге бөлінуі туралы зерттеушілердің көзқарастары, қазақ ауыз әдебиетінің тілі, қазақ әдеби тілінің тарихи арналары, қазақ сөзінің тарихы, ауыз әдебиеті үлгілерінің тілін, олардың пайда болу дәуіріне қарай бөліп сипаттау, қазақ тілі тарихын дәуірге бөлу принциптері, қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі, әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің өзара байланысы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы мен эстетикасының негіздері
Пәннің мақсаты - білім алушыға әдебиет теориясының дамуы және қалыптасу тарихын меңгерту, эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдерін түсіндіру және әдебиет теориясының әдіснамасын шығарма талдауда үйрету. Негізгі тақырыптар: әдебиет теориясы мен эстетикасы пәнінің міндеттері, әдебиет пен эстетиканың өзара байланысы, көркем шығарманың табиғаты және құрылымы, әдебиеттің түрлері мен жанрлары, эстетикалық категориялар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы мен диалектологиясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларға ұлт тілінің ең жоғары формасы қазақ әдеби тілінің даму жолын, нормалануын, тарихи кезеңдері бойынша түсініріп меңгерту, өзге де жалпыхалықтың тіл түрлерімен салыстыра қарап, ерекшеліктерін, тарихи арналарын ұғындыру. Негізгі тақырыптар: әдеби тіл ұғымы, сипаты, қоғамдық қызметі, әдеби тіл нормалары, әдеби тілдің көркем әдебиетпен, функционалдық стилдермен арақатынасы, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және даму кезеңдері, ол жөніндегі көзқарастар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы дәуірлер, әдеби тілдің нормалануы мен стилдік тарамдалуы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Пәннің мақсаты – білім алушыларға жеке тіл білімі (қазақ тіл білімі) бойынша алған білімдерін қорыта келе, оның бастау көздері мен теориялық негіздерімен таныстыра отырып, әлемдік тіл білімінің проблемаларынан хабардар ету, жалпы тіл білімінің теориялық-әдіснамалық мәселелерінен филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: тіл теориясының негізгі проблемалары, тіл білімінің бағыттары, оларың басқа ғылымдармен байланысы, лингвистикалық әдіс туралы ұғым, жалпы лингвистикалық және арнайы әдістер, тіл білімі тарихы: ежелгі заман тіл білімі, орта ғасыр тіл білімі, орта ғасырлық араб тіл білімі, қайта өркендеу дәуірі тіл білімі, 17-18 ғ.ғ. тіл біліміндегі ой-пікірлердің дамуы, 19-ғасыр тіл білімі, 20-ғасыр лингвистикасы, қазіргі заман және қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы, жаңа бағыттары мен проблемалары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілі стилистикасы ғылымының дамуы, қалыптасуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін бере отырып, студенттерге лингвистикалық стилистиканың бағыттары және негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: стилистика және тіл мәдениетінің жалпы мәселелері, стилистиканың жаңа бағыттары, стилистика және жалпы халықтық тіл, мәтін туралы ғылыми көзқарастар, тіл мәдениеті туралы түсінік, лингвистикалық стилистиканың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы, тіл мәдениеті және стилистикалық қателер, ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы, ғылыми стиль, терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар, публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі, тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданылысы, грамматикалық стилистика, құрмалас сөйлем стилистикасы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
Пәннің мақсаты - білім алушыларға әдебиеттанудың теориялық негіздерін (жанр, стиль, бейне, көркемдік әдіс, композиция т.б.), әдеби ұғымдар мен категорияларды меңгерту, әдебиетті ғылыми тұрғыдан танып-білуге, көркем шығарманың құрылымдық элементтерін және көркем шығарманың құрылымын талдай білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері, шығарма идеясы мен қаламгер дүниетанымының өзара бірлігі, өнердегі типтілік мәселесі, тақырып және идея, көркем шығарманың мазмұны мен пішіні, композиция мен сюжет, мазмұн мен форма, көркем шығарманың құрылысы, әдебиетті текке, түрге бөлу принциптері, сюжет пен фабула. Жанр ұғымы, жанр теориясының даму жайы, әдебиеттің тегі мен түрлері, эпикалық шығарма ерекшеліктері, лирикалық шығарма ерекшеліктері, драмалық шығарма ерекшеліктері, әдеби бағыттар мен ағымдар, әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стилистика және әдеби редакциялау
Пәннің мақсаты – білім алушыларға түрлі функционалдық стилдерге тән тілдік құралдарды норма талаптарына сай дұрыс қолдана білуді меңгерту және мәтіндерге стилистикалық және әдеби редакциялау жүргізу жұмысының әдістемесін үйрету. Негізгі тақырыптар: стилистиканың зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері, стилистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны, пәнаралық және тіл білімінің басқа салаларымен байланысы, қазақ тілінің функционалды стильдер жүйесі, лексикалық және фразеологиялық стилистика, грамматикалық (морфологиялық) стилистика, синтаксистік стилистика, безендіру стилистикасы, әдеби шығармалардың тілі мен стилін жетілдірудегі көзқарастар мен пікірлер, мәтінді стилистикалық әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиеті
Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерісі мен қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін және заңдылықтарын түсіндіру, негізгі әдеби үдерісті таныту, жаңа әдеби толқын өкілдерін таныстыру, әдеби талдау дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері, қазіргі поэзияның даму бағыттары, қазіргі прозаның көрнекті өкілдері, қазіргі әдеби сын және әдебиеттану мәселелері, шығармалардың жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, әдеби бағыттар мен ағымдар, қазіргі қазақ сатирасы, қазіргі қазақ романдары, қазіргі қазақ повестері, қазіргі қазақ әңгімелері, қазіргі қазақ драматургиясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ әдеби сынының тарихы
Пәннің мақсаты – қазақ әдебиет сыны тарихының жасалу, жүйелену, дәуірлеу мәселелері мен белгілі деңгейде әдеби сынның мақсаты мен шегін, әдеби процестегі алар орнын, сыни мақалалар мен көрнекті сыншы ғалымдардың шығармашылық ізденістерін, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді меңгерту. Негізгі тақырыптар: әдеби сын тарихының әдебиеттану ғылымымен, журналистикамен байланысы; әдеби сын жанры; типологиясы; қазақ сын тарихын дәуірлеу; сыни материалдарға сыншы еңбектерін тарихи-хронологиялық жүйелеу; әр жылдардағы әдеби сын.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мультимедиалық технологиялар
Пәннің мақсаты- білім алушыларға заманауи мультимедиалық технологиялар, мультимедиа құрамы, оларды білім беру процесінде қолдану, оларды қолданудың орындылығы мен қажеттілігі туралы түсінік беру. Мультимедиа негізінде жеке оқу құралдарын құруды үйрету. Негізгі тақырыптар: мультимедиа ұғымы және даму тарихы, мультимедиа жүйелерінің құрылымы, сандық дыбыспен жұмыс істеу, сандық бейнемен жұмыс істеу, графикалық редакторлармен жұмыс, мультимедиа жобаларын жоспарлау және құрастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жаратылыстану, гуманитарлық-педагогикалық, әлеуметтік-саясаттану, кәсіпкерлік, құқықтық, қаржылық сауаттылық және экологиялық білімді түрлі салаларда қолданады, қабілеттілігі мен дайындығын көрсетеді. Педагогикалық іс-әрекетте алған білімдерін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданады.
- Тіл білімінің салаларын, жаңа бағыттарын және қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін жетік біледі, оларды басқа білім салаларымен өзара байланыста қолданады.
- Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму тарихын біледі, түсінеді, құрылымдық салаларынан теориялық және практикалық білімді игереді.
- Әдебиет тарихының негізгі ерекшеліктерін сипаттайды, әр кезең әдебиетінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндіреді және шығармаларын талдай алады. Әдебиет теориясы, жанрлық ерекшеліктер, стильдік бағыттар мен көркемдік әдістер туралы түсінік қалыптастырады.
- Базалық білімнің негізгі пәндері бойынша кәсіби дағдыларды, ақпараттық технологиялар мен ЖИ құралдары арқылы жұмыс жасауды, сұрыптауды және талдауды, бағдарлық сыныптарда оқыту технологиялары мен инновациялық əдістерді игереді. Оқыту мен тәрбиелеуде инклюзивті тәсілді, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда конструктивті және цифрлық технологияларды қолданады.
- Тіл білімінің және әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық негіздері бойынша алған білімдерін практикада қолданады.
- Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері мен оны оқытудың жаңа технологиялары бойынша алған білімдерін жинақтайды. Теориялық және практикалық жағынан біліктілігі жоғары маман екендігін көрсетеді. Алған білімін өз ойын дәлелдеуде, әдебиеттанудың және тіл білімінің көкейтесті мәселелерін шешуде пайдалана алады.