Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі және әдебиет в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары білім беру парадигмасы контексіндегі педагогикалық ғылымдардың бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын жоғары кәсібилілікпен ғылыми-зерттеу жұмысында антропоөзекті бағытқа негізделген әлемдік және ұлттық іргелі, қолданбалы ғылым негіздерін әлеуметтік әрі кәсіби міндеттерді шешуде және педагогикалық тәжірибеде қолдана алатын қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің теориясы мен практикасы бойынша ғылыми білім жүйесін игерген Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қоғам сұранысын қанағаттандыратын педагогика ғылымдарының магистрін дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Курстың мақсаты: жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық мәдениетінің негіздерін, білім беру жүйесінде инновациялық, кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін оның ғылыми-педагогикалық және практикаға бағытталған құзыреттерін қалыптастыру. Міндеттері-теориялық білім негізінде болашақ оқытушыны кәсіби міндеттерді шығармашылық шешуге дайындау; педагогикалық талдау, оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін таңдау дағдыларын қалыптастыру; педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Әдістері: оқытудың белсенді әдістері, жобалық жұмыс, кейс-стади.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты - адамзат тілінің пайда болу жолдары, даму кезеңдері, қазақ тілінің тарихи дамуы, көне дәуірлердегі тілдік фактілерді қарастыру. Пәннің мазмұнына қазақ тілінің түркі тілдерінің ішінде алатын орны, қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдері, жалпы түркі тектес тілдердің даму дәуірлерімен байланысы, қазақ тілінің тайпалық,халықтық дәуірлердегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құрылысының тарихи дамуы, оның типологиялық белгілері енгізілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі

    Пәннің мақсаты – синтаксисті тілдің функционалдық, коммуникативтік бірліктері ретінде дисскурс, тілдесім актісі, тілдесім жанры, тілдік жағдаятты негізінде қарастырады. Бір тілдік форманың түрлі семантиканы жеткізу әлеуеті анықталады. Тілдік бірліктердің нақты коммуникативтік сөйлеу жағдаятындағы түрлі семантикалық өзгерістерге түсетіні, синтаксистік бірліктердің стилистикалық-прагматикалық қызметі талданады. Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисінің өзекті мәселелері филология ғылымының жаңа бағыттары негізінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ терминология сының өзекті мәселелері

    Пәнді оқыту барысында терминнің қалыптасу, даму тарихының жолдары, зерттелуі, терминжасам критерийлері, салааралық, интернационалдық терминдерді қалыптастырудағы синтетикалық, аналитикалық, аралас, калька тәсілдері, ұлттық терминжасам заңдылықтары, ғылыми терминдердің қолданысы қарастырылады. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Ә.Қайдар, Ш.Құрманбай, Қ. Айдарбектің еңбектеріндегі терминдерді және терминжасам жөнінде көзқарастарын теориялық тұрғыда білімалушыға меңгертеді. Отандық және шетелдік терминжасам зерттеуші ғалымдардың еңбектері сарапталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Курстың мақсаты – магистранттардың басқару психологиясы бойынша білімдерін және стратегиялық, жобалық және басқа да басқару түрлеріндегі негізгі психологиялық механизмдерді меңгеру негізінде басқару шешімдерін қабылдаудың практикалық дағдыларын дамыту. Магистранттарды шетелдік және отандық менеджмент ғылымының даму тарихымен, оның психологиялық білім жүйесіндегі орнымен таныстыру. Ғылыми менеджменттің заманауи тенденциялары – жаңа ғылыми басқару парадигмасы туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант келесі құзыреттерді меңгеруі керек: (жалпы мәдени құзыреттіліктер) - стандартты емес жағдайларда ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табу қабілеті мен дайындығы және олар үшін жауапкершілік; (кәсіби құзыреттер) - еңбек ұжымдарында өзара әрекеттесу нысандарын талдау қабілеті және дайындығы; кадрларды іріктеу және өндірістік процесті оңтайландыруға қолайлы психологиялық ахуал жасау мақсатында персоналмен жұмыс істеу қабілеті мен дайындығы; қызметкерлердің жеке өсуіне және жеке адамдар мен топтардың денсаулығын сақтауға бағытталған интерактивті әдістерді, психологиялық технологияларды енгізу қабілеті мен дайындығы; жас ерекшеліктерін, даму дағдарыстары мен қауіп факторларын, тұлғаның жыныстық, этникалық, кәсіптік және басқа да әлеуметтік топтарға жататынын ескере отырып, адамның психикалық қызметінің ерекшеліктерін анықтау қабілеті мен дайындығы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел тілі (Кәсіби)

    Курстың мақсаты: Кәсіби қызмет саласы үшін қажетті ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, коммуникативті сөйлеу қызметінің барлық түрлерінде тілдік материалды қолдану дағдыларын дамыту. Курс барысында магистранттар кәсіби сөздік қорын кеңейтеді, әртүрлі электронды сөздіктер мен анықтамалықтармен жұмыс істеуді үйренеді. Оқытылатын шет тілі саласындағы жобалық зерттеу қызметін қоса алғанда, оқыту үдерісінде коммуникативтік, интерактивтік әдістер мен ақпараттық технологиялар, жұмыстың жеке және топтық нысандары қолданылады. Материалдар мен дереккөздер білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып таңдалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Функционалды стилистиканың теориялық мәселелері

    Пәннің мақсаты - қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру. Тілдік материалдарды функционалдық тұрғыдан бөлімдерге бөлу, талқылау, мәтіндердің стильдік сипаттарын ашып көрсету. Функционалды стилистиканың теориялық мәселелерін ғылыми танымның қазiргi үрдістері негізінде қарастырылады. Пән оқу барысында бойынша жинақтаған білім мазмұнын зерттеу міндеттерін шешуде ғылыми тұжырымдар,креативті шешiмдер ұсынуда қолдану машығын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика

    Курстың мақсаты: Зерттеу тақырыбы бойынша қажетті ғылыми әдебиеттерді іздестіру, оларды ғылыми-педагогикалық қызметте практикалық қолдану бойынша негізгі білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пән мазмұнында ғылыми зерттеудің әдістемесі және әдістері туралы түсініктер беру. Зерттеу этикасының принциптері. Зерттеушінің ғылыми тұтастығы және плагиат мәселесі. Ғылыми дәйексөздің принциптері мен мәдениеті. Зерттеу этикасының нормалары мен механизмі. Зерттеу қызметін этикалық реттеудің халықаралық мойындалған стандарттары. Оқытудың белсенді әдістерін қолдану: ризома- әдісі, жобалық әдіс, кейс-стади. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант: негізгі ғылыми этикалық принциптерді және олардың оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде қалай қолданылатынын білу; ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізу кезінде этикалық қағидаларды қолдана алатын болады; этикалық дилемманы анықтап, оны шешудің дәлелді шешімін ұсына алады; әдепсіз мінез-құлық салдарын білетін болады; этикалық стандарттарға сәйкес ғылыми рецензияланатын журналдар қойған талаптардан хабардар болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясы кең әлеуметтік-мәдени контексте және оның тарихи дамуында қарастырылатын ғылым философиясының жалпы мәселелеріне кіріспе береді. Пән идеологиялық және әдістемелік мәселелерді талдауға бағытталған. «Ғылым тарихы және философиясы» курсын меңгеру одан әрі магистранттардың профиліне сәйкес нақты ғылыми-теориялық пәндердің табысты дамуына ықпал етеді. Пәннің мақсаты мен міндеттері ғылым тарихы және оның философиялық, әдістемелік мәселелері бойынша білім беру. Курстың міндеттері: қазіргі ғылым философиясының пәні мен негізгі ұғымдары туралы түсінікті білу; ғылымның пайда болуын және оның эволюциясының негізгі кезеңдерін түсіну; ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революцияларды, ғылымның қазіргі даму кезеңінің ерекшеліктерін аша білу. Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың философиялық мәселелерінде құзыретті болу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Драматургия жанрының теориясы

    Пәннің мақсаты – көркем әдебиеттің жанры болып табылатын драма жанрының ерекшелігін, көркемдік жүйесін, тілін, әлемдік, отандық драматургия туындыларының көркемдік даму эволюциясын, тақырыптық-идеялық ерекшелігін әлемдік мәдени контексте қарастыру. Пән мазмұнына драма тарихы, драма поэтикасы, қазақ драматургиясының көркемдік жүйесінің алғашқы туындылары, бүгінгі қазақ драматургиясы туындыларының поэтикасы, ұлттық драматургиядағы дәстүр және жаңашылдық мәслесі енгізілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Салыстырмалы әдебиеттану

    Пәннің мақсаты - түрлі ұлттық, аймақтық әдебиеттерді, олардың өзара байланыстарын, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеу. Бұл сала әдебиеттану мен мәдениеттанудың шекараларын кеңейтеді, әдебиет шығармаларының тақырыптық, стильдік және жанрлық байланыстарын ашады. Салыстырмалы әдебиеттану әдебиеттер арасындағы тарихи, мәдени, тілдік ықпалдастықты талдап, шығармашылық процестердің халықаралық деңгейде қалай жүзеге асатынын зерттейді. Пән әдебиеттің әлемдік контекстіндегі рөлін, оның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен байланысын терең түсінуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Модерндік және постмодерндік әдебиет

    Пәннің негізгі мақсаты - қазақ әдебиетінде модернизм және постмодернизм ағымдарының ерекшелігі, пайда болу мен даму сипаты, қазіргі әдеби процестегі көрінісі жан-жақты, постмодернизм құрайтын көркемдік элементтер бүгінгі ұлттық әдебиеттану ғылымында қарастырылып отырған мәселе болып табылады. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы Батыс және Шығыс әдебиеттеріндегі қазіргі заманғы үрдістер, әдебиеттанудың жетістіктеріне толық жауап беретіндей білім жүйесі негізге алынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әлем әдебиетінің тарихы

    Пәннің мақсаты - батыс елдері халықтары әдебиетінің тарихы, даму кезеңдері, әдеби бағыты, әлем әдебиетіндегі құнды көркем мұралар, шетел әдебиетіндегі проза мен поэзияның, драманың өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы білім беруді көздейді. Әлем әдебиетінің материалдарын ұлттық әдебиеттану ғылымының жетістіктерін таныту үшін салыстырмалы-типологиялық талдаулар жасау, әдеби шығармаларды кешенді талдау мәселесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Теориялық әдебиеттану

    Пәннің негізгі мақсаты - теориялық әдебиеттанудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, образдың қоғамдық-әлеуметтік табиғатын эстетикалық мән-мағынасын ашу. Көркем шығармадағы фрагмент, цикл ұғымдарын айқындау, көркем шығармадағы «сыртқы материалдық шығарма» артефакт пен эстетикалық нысанның арасындағы үйлесімділік пен қатынастың сырын аңғарта отырып, көркемдік жанр теориясы, әдеби процесс мәселелерін талдату арқылы теориялық білік дағдысын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әлемдік әдеби процесс

    Пәннің мақсаты – белгілі бір дәуірде ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің тарихи кезендерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи эволюциялық дамуын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастыру. Қазіргі әдеби үрдістегі ағымдар мен бағыттар, әлем және ұлттық әдебиеттегі жанрлық, көркемдік даму тенденцияларын салыстырмалы және салғастырмалы әдебиеттану негізінде қарастыра отырып, заманауи әдебиеттегі реалистік, романтикалық, фантастикалық, мистикалық мазмұндағы туындылардың көркемдік-эстетикалық қырларын зерттеу арқылы терең білім беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем әдебиеттегі мифопоэтика

    Пәннің мақсаты – әдебиеттегі мифопоэтика туралы ғылыми пайымдаулардың әлемдік әдебиеттанудағы орнын, адамзат санасының алғашқы дәуіріне тән деп саналатын мифологиялық ойлаудың уақыт өте келе көркемдік ойлауға негіз болғандығын қарастыру. Пәнді оқыту барысында мифтік сананың кезеңдері, әдеби архетип пен мифтердің архаикалық семантикасы, қазіргі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясындағы мифтік сарындар мен фольклорлық дәстүрлердің берілу жолдары анықталады. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы мифопоэтиканың өзіндік маңызы айқындалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәтін линвистикасы

    Пәннің мақсаты - мәтін түрлерін ажыратып, олардың түзілімі мен қатысымдық, прагматикалық мәнін, мәтінтанудың зерттеу әдістері мен технологияларын, мәтін түзудің заңдылықтарын, мәтін категорияларын қарастырады. Пәнді оқу барысында мәтін лингвистикасы, мәтін түзілім, абзац, күрделі синтаксистік тұтастық, микромәтін, макромәтін, мәтіннің функционалдық-стильдік типологиясы. Мәтіндегі синтаксистік құрылымдардың стильдік қызметі, осы заманғы мәтін лингвистикасының өзекті (актуалды) мәселелер меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп әдістемесі

    Пәннің мақсаты – жоғары оқу орнындағы оқыту түрімен байланысты әдістемелік іс-әрекет, мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау, жоғары мектеп әдістемесі саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу, әдістеме ғылымының қоғам дамуымен бірлгі, ғылымдағы өзгеріс-жаңалықтармен үнемі қалыптасып даму үстінде болатындығын қарастыру. Пән мазмұнына критериалды бағалау технологиясы, ЖОО-ның білім беру үрдісінде оқытушы мен студенттің субъективті өзара әрекеттестігінің коммуникативтік технологиялары енгізілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көмекші сөздер тарихы

    Пәннің мақсаты - көмекші сөздердің көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен бастап, орта түркі, қазіргі туыстас түркі тілдеріне дейінгі тарихи-лингвистикалық даму жолы мен қалыптасуынан, қолданылу статистикаларынан, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық салаларынан кешенді түрде қарастыру. Көмекші сөздердің жалпы ғылыми негіздегі теориялық тұжырымдарын, аналитикалық форманттары мен қимылды білдірудегі мағыналарын және синтаксисін қазақ тілімен тікелей салыстырып беру, түсіндіру мақсат етіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Лингвомәдениеттану

    Пәннің мақсаты - тіл-адам-мәдениет-этнос төрттігінің тұтастығындағы қарым-қатынастар мен өзара әсер-ықпалдар проблемасын қарастыру. Пәннің мазмұнына ғаламның тілдік бейнесі және эмпирикалық таным мәселесі, адами фактордың объективті дүниедегі және тілдегі орны, тілдің лексика-семантикалық қоры, ондағы халықтың образды ойлануына қатысты эталон сөз-образдар мәселесі енгізілген. Этнос туралы мағлұматтар мен құнды деректер, тілдің лексика-семантикалық ерекшеліктері, ғаламның тілдік бейнесі филологияның өзекті мәселелері негізінде қарастырылып, салыстырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Психоаналитикалық әдебиеттану

    Пәннің мақсаты - психоаналитикалық әдебиеттанудың зерттелуі, З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясының көркем шығармадағы мәні, әдеби шығармадағы жан диалектикасы, синтетикалық, аналитикалық психологизм, кейіпкердің ішкі әлемі, психологиялық талдау түрлері, психологиялық талдаудың көркемдік қызметі, психологиялық талдау компоненттері, ішкі монологтың авторлық, персонаждық түрлері, тұлға мәселесі, кейіпкер әлемі, абсурд, сана ағымын қарастырады. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселелері, оның көркем шығармадағы поэтикалық қызметі сараланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тіл танымының тарихы

    Пәннің мақсаты - қазақ тіл ғылымының қалыптасып даму тарихын, қазақ әдеби тілінің әлеуметтік-қоғамдық мән қарастыру. Пән мазмұнына қазақ тіл ғылымының негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаевтың ғылыми еңбектері, олардың тілдің әр саласына енгізген жаңалықтары, ғылыми-теориялық классификациялары енгізілген. Қазіргі қазақ тіліндегі тілдік тақырыптардың жүйелену процесі арасындағы айырмашылықтар, қазақ тіл танымының тарихы бойынша білімдері басқа пәндерден алған білімдерім негізінде интеграцияланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдеби тілінің әлеуметтік мәні

    Пәннің мақсаты – жүйелі, тұрақты нормаларымен, сұрыпталған, өңделген, адамдар арасындағы аса маңызды қатынас құралы болып табылатын, мемлекеттік статусқа ие қазақ әдеби тілі халықтың қоғамдық өмірімен, оның ұлттық кезеңге дейінгі және ұлттық кезеңдегі әдеби тілінің әлеуметтік қызметі жайлы ғылыми теориялық мәселелерді қарастыру. Әдеби тілдің стильдік, жанрлық тармақтарының және әдеби тілдің статусын айқындауда ғылыми зерттеулер негізінде білім беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары: этнолингвистика және паралингвистика

    Пәннің мақсаты – қазіргі қазақ тіл білімі ғылымындағы этнолингвистика мен паралингвистиканың өзекті мәселелері мен теориялық негіздері, олардың ерекшеліктері қарастырылады. Антропоцентристік, танымдық, гендерлік, функционалдылық ұстаным, ұлттың ойлау ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік, когнитивтік болмысы, лингвомәдениеттік таным, ділі, мәдениеті байланыста оқытылады. Әртүрлі ғылыми бағыттар негізінде жинақтаған білімді интеграциялап, зерттеушілік ұстанымдарын пәнаралық байланыста жүзеге асыра білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Аймақтық әдебиеттану

    Пәннің мақсаты - Есіл-Көкше өңіріндегі ақын-жазушылар шығармагерлігі, шығармашылық бағытының ерекшеліктері, аймақтық поэзия, проза, драматургия, сатираның қалыптасуы мен даму өрісі, аймақтық әдебиеттің өзіндік ерекшелік-бітімі, оның танымдық-тәрбиелік, эстетикалық мәні, көркемдік жайлары, аймақтық әдебиеттанушылардың ғылыми мұрасы, әдеби процестегі орнын қарастырады. Аймақтық әдебиеттанудың ұлттық әдебиеттанудың дамуындағы өзіндік орны айқындалады. Аймақтық әдебиеттану мұраларын ұлттық әдебиеттану ғылымымен салыстыра отырып талдау жүргізіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары білім беру парадигмасы контексіндегі филология және педагогикалық ғылымдардың бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын жоғары кәсібилілікпен ғылыми-зерттеу жұмысында қолданады, қоғамдық институт ретінде ғылымның рөлі мен орнын анықтайды; отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін меңгереді. Әлемдік әдеби процестің, қазақ тілінің тарихын, тіл білімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының өзекті мәселелерін жан-жақты зерделеп, олардың ерекшеліктерін анықтай алады.
  • Гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы қалыптасқан ғылыми көзқарастар негізіндетіл-адам-мәдениет-этнос төрттігінің тұтастығын, мифтік сананың кезеңдерін, әдеби архетип пен мифтердің архаикалық семантикасын,синтаксистің функционалдық және коммуникативтік аспектісін анықтайды, тілдің коммуникативтік бірліктері ретінде дисскурс, тілдесім актісі, тілдесім жанры, тілдік жағдаятты саралайды, қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін теориялық және практикалық тұрғыданигереді
  • Ғылыми-зерттеу жұмысында ғылыми танымның қазiргi үрдістері мен филологияның өзекті мәселелерін салыстырады, синтаксистің функционалдық және коммуникативтік аспектіде зерттелуін, батыс елдері халықтары әдебиетінің тарихын, қазіргі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясындағы мифтік сарындар мен фольклорлық дәстүрлердің берілу жолдарын таниды,көркем шығарма құрылымындағы фрагментарлық, циклдену процестерін игереді.Аймақтық әдебиеттанушылардың ғылыми мұрасы, әдеби процестегі орны жөнінде, жаңа сөздерді аталым шарттарымен байланыстыра зерделеуге қатысты өзіндік ғылыми көзқарасын дәлелдейді, ғылыми болжам жасайды.
  • Жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігіне сүйеніп, әртүрлі ғылыми бағыттар негізінде жинақтаған білімін интеграциялайды, зерттеушілік ұстанымдарын пәнаралық байланыста жүзеге асырады; зерттеушілік іс-әрекетте жоғары интелектуалдық адалдық дағдыларын қалыптастырады, адамзат тілінің пайда болу жолдары, даму кезеңдері туралы ғылыми көзқарастарды бағалайды, сол арқылы өз пікірін тұжырымдайды.
  • Ғылыми зерттеулер контексінде мақсатына қарай қажетті идеяларды таңдап, сауатты қолданады, оның нәтижелерін ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар түрінде жариялайды, зерттеу барысында ғылыми мағлұматтарды қисынсыз өзгертпейді, фальсификацияламайды, плагиатқа жол бермейді, ғылыми этикалық ұстанымдарын сақтайды, ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі мен тәсілдерін үйреніп, теориялық және практикалық білімдерін тереңдетеді. Жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана біледі.
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен әдістемесінде жаңартылған білім мазмұнына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауға негізделген критериалды бағалау, сын тұрғысынан ойлау, жеке және топтық жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс және көшбасшылық, шешендік, инклюзивті білім негіздері, сандық білім жүйесі бойынша теориялық білімді меңгереді, тіл, әдістеме ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар бойынша ізденіп, зерттеу жасайды, коммуникативтік, кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті педагогикалық тәжірибеде қолданады.
  • Филологиялық мамандықтың әлеуметтік мәнін бағалап, педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін, заман талабына сай кәсіби бiлiмін еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі жетілдіріп, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгереді, тіл, әдебиет, әдістеме ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар бойынша ізденіп, шығармашылық әрекеті де заманға сай қалыптасады. Мәтінтану іліміндегі зерттеу әдістері мен технологияларын жете түсініп, мәтін түзудің заңдылықтарын дәлелдей алады.
  • Кәсіби қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгеру арқылы оқыту үдерісінде қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген білім алушылардың танымдық қызметінінің психологиясын ажыратып, көшбасшылықтың психикалық ерекшеліктерін, түрлі оқыту технологияларын сыни тұрғыдан салыстырады, синтаксистік бірліктердің стилистикалық-прагматикалық қызметі талданады, тілдік материалдарды функционалдық тұрғыдан бөлімдерге бөледі, талқылайды, тіл біліміндегі жаңа бағытарға қатысты әлемдік және ұлттық ғылыми тұжырымдарды салыстыра зерттеп, әдістеме ғылымының қоғам дамуымен, ғылымдағы өзгеріс-жаңалықтармен үнемі қалыптасып даму үстінде болатындығын игереді.
  • Пәндер тоғысында жинақтаған білім мазмұнын зерттеу міндеттерін шешуде ғылыми тұжырымдар, креативті шешiмдер ұсынып, ғылыми жұмыстарының нәтижелерін кәсіби қызметінде пайдаланады; кәсіби қызметінде белсенді біліктіліктер мен дағдыларды одан әрі дамыту арқылы шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдетеді.
  • Критериалды бағалау технологиясын (ФБ,БЖБ, ТЖБ және т.б.) және мамандандырылған оқыту әдістемесін12 жылдық білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес тиімді қолданып, педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерін көрсетіп, педагогикалық мониторингті жүзеге асыруда біліктері мен дағдыларын қолдана алу шеберлігін танытады. Ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық, жұмыстарды заманауи талапқа сай қолдануда кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгеріп, кәсіби қызметінде белсенді біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастырады.
Top