7M02305 Филология в ABU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби даярлық бағыты бойынша теориялық білім негіздері мен жоғары білім беру жүйесіндегі жаңа білім беру технологияларын толық меңгерген, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдылары қалыптасқан бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Заманауи оқытушының педагогикалық этикасы
«Этика», «мораль», «адамгершілік», «этикет» ұғымдарының шығу мазмұнын және өзарабайланысын меңгеру. Педагогикалық қарым-қатынастың этикалық принциптерін, қызметтерін игерту. Қашықтықтан қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін түсіндіру. Этиканың ғылым ретінде қалыптасуының тарихи аспектілерін, этиканың теориялық негіздерін, ұғымдық-категориялық аппаратын меңгерту. Этикалық нормалар мен стандарттарды кәсіби практикалық қызметте қолдана білуге үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Филологияның жаңа бағыттары
Пәннің негізгі мақсаты: қазақ және әлем әдебиетінің даму үлгісін, отандық әдебиеттің жаңа бағыттарын, қазіргі заманғы әдебиеттанудағы зерттеулерді зерттеу әдістерін, қазіргі кезеңде филология ғылымының әдебиетін дамытудағы ұлттық-түпнұсқа, типологиялық жалпыға елеулі үрдістерді қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
«Ғылым тарихы және философиясы» курсы ғылым феномені мәселесін арнайы философиялық талдау пәні ретінде қарастырады, ғылымның тарихы мен теориясын, ғылымның даму заңдылықтарын және ғылыми білімнің құрылымын, оның мазмұнына назар аударады. Ғылыми танымның дамуы мен өсу динамикасын, таным формалары мен әдістерін, олардың эволюциясын сипаттайтын аса мәнді философиялық концепцияларды басшылыққа алынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пән іскерлік және ғылыми салаларда ағылшын тілінде ауызша, жазбаша және электронды қарым-қатынас қызметін жүзеге асыру үшін жалпы ғылыми және арнайы терминологиямен және күрделі грамматикалық құбылыстармен таныстыруға бағытталған. Жалпы ғылыми және арнайы әдебиеттерді ауызша және жазбаша аударма әдістерін меңгеру, ағылшын тіліндегі ақпараттың үлкен көлемімен ұтымды жұмыс жасау технологияларын қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Жоғары мектептегі білім беру үдерісінің мәні мен құрылымы, жоғары кәсіби білім берудіңмақсаты мен мазмұны, оқыту мен тәрбиелеудің тұжырымдамалары, әдістері, құралдары және ұйымдастыру формалары ашылады. Студенттік өзін-өзі басқару және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талданады. Жоғары кәсіби білім беру сапасын көтеруге, заманауи педагогикалық технологияларды енгізуге айрықша көніл бөлінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі педагогикалық технологиялар
Педагогикалық технологиялар классификациясын, дәстүрлі және инновациялық педагогикалық технологиялар туралы мәлімет беру. Тұлғаға бағытталған оқытудың технологияларыы, сыни ойлау технологияларыы, кейс-технологияларын, шығармашылық шеберханалардың технологияларын, компьютерлік (ақпараттық) технологияларын, бағдарламаланған оқыту технологияларын, модульдік оқыту технологияларын, интеграцияланған оқыту технологияларын үйрету. Педагогикалық технология ұғымы, оның құрылымы, педагогикалық технология әдіснамасы, оқу процесінде педагогикалық технологияны қолдану ерекшеліктерін меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Филология мамандығы бойынша заманауи әдістер
Магистранттардың жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістері туралы мәліметтері болу. Оқытушының дайындық сапасы мен біліктілік деңгейін арттыруға, пән арқылы білім алушының тілдік және кәсіби дамуына ықпал жасау. Филологиялық пәндерді оқытудың заманауи әдістерін меңгеру. Білім алушылар оқытудың заманауи әдістерін тәжірибеде қолданып игеру. Магистранттар заманауи әдістеме саласында кәсіби дағдыларды қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ЖОО-да филология пәндерін оқыту әдістемесі
ЖОО-да оқылатын филология пәндерінің мазмұны мен құрылымы туралы нақты түсінік беріледі. Жоғары білім берудегі филологиялық пәндерді оқытудың кредиттік оқыту талаптарына сәйкес келетін түрлерімен танысады. Жасанды интелектіні қолданудың жолдарын меңгеріп, филология пәндерінің әдіснамасы саласында кәсіби дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем шығармаларды талдау мәселелері
Пәнді оқытуда көркем шығармаларды талдаудың тиімді де өнімді жолдары мен бағыттары, талдау мәселелері, талдау жүйесі қамтылады. Пәннің мақсаты - көркем шығармаға әдеби-теориялық талдау жасау дағдыларын арттыру, қазақ әдебиеттану ғылымындағы көркем шығарманы талдау әдістері мен әдістемесін меңгерту. Пәннің міндеті: көркем шығарманың ішкі құрылымы, астарлы, бейнелі көркем ойы, образдар жүйесі, жазушының даралығы мәселелерін сыни талдауға үйрету; көркем шығарманың теориялық компоненттерін, көркемдік элементтерді айқындау; көркем шығарманы эстетикалық талғам тұрғысынан терең талдауға дағдыландыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Лингвистикадағы жаңа бағыттар
Лингвистикадағы жаңа бағыттардың қалыптасуы, зерттелуі туралы теориялық, практикалық, ғылыми-әдіснамалық көзқарастарды түсіндіру. ХХІ ғасыр тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастар, тіл білімінің жаңа бағыттары, прагмалингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, паралингвистика, когнитивтік лингвистика т.б. туралы мәлімет беру. ХХІ ғасыр тіл біліміндегі антропоцентристік парадигма, тілді зерттеудегі орнын, тілді зерттеудегі басқа ғылыми парадигмалардан айырмашылығын меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ғылыми мәтінді зерттеу мәселелері
Ғылыми мәтінге теориялық талдау жасау. Зерттеудің технологиясы мен әдістеріне меңгеру. Талдауда ұтымды әдістерді таңдап қолдана білу. Ғылыми мәтінді талдау барысында жаңаша зерттеуді анықтау. Ғылыми мәтінді зерттеу мәселелерін шешу әдістерін игеру, мәтіннің мазмұнын өңдеу және меңгеру. Ғылыми мәтінді тұтас талдауға дағдылану. Мәтіндегі теориялық білім, ұйымдастыру және типологиялық құрылысындағы ерекшеліктерді ажырата білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Академиялық жазудың теориясы мен практикасының сұрақтары
Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми ақпаратты жазу және ұсыну негіздерін үйренеді. Ғылыми мәтіндермен,терминдермен және ұғымдармен жұмыс істеу негіздері ашылады; академиялық сипаттағы жазбаша мәтіндерді жасаудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен базалық принциптері көрсетіледі; білім алушыларға академиялық сипаттағы, оқу және зерттеу мәтіндерін жасау саласында практикалық дағдыларды игеруге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мамандық пәндерін оқыту әдістемесі
Бұл пән бойынша жоғары мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі, қазіргі білім тберу үрдісінде кредиттік оқыту талаптарына сәйкес оқыту түрлері және тәсілдерімен танысады. Мамандық пәндерінің мазмұны мен құрылымы, оларды оқыту әдістемесі туралы нақты түсінік беріліп, кәсіби дағдылары қалыптастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Басқару ғылымының іргелі түсініктерін, отандық және шетелдік басқару ғылымының бағыттары мен тұжырымдамаларын, ұйымдардағы адамдардың әрекеті мен қызмет жасау механизмдерін, басқару іс-әрекеті мәселелерін шешуде ғылыми-психологиялық білімдерді қолдануды қарастырады. Ұжымды басқару мәселелерін зерттеуге және шешуге бағытталған психологиялық теориялар, жетекшілік пен көшбасшылықтың психологиялық аспектілері талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мәтін теориясы және дискурс
Дискурс ұғымына қатысты лингвистикалық мәселелерді игерту. Мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы, мәтін теориясының қалыптасуы, мәтінге тән белгілер, мәтін категориялары, мәтіннің құрылымдық бірліктері, дискурс ұғымы, дискурсқа берілген анықтамалар, дискурс пен мәтіннің арақатынасы сияқты мәселелерді игерту. Мәтін және дискурстың теориялық мәселелерін меңгерту. Мәтінге тән белгілер, мәтіннің ақпараттық, коммуникативтік, кумулятивтік қызметін игерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Филология мамандығы бойынша ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздері
Бұл пән ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздері туралы, ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен ғылыми нәтижелерді рәсімдеу туралы, ғылыми зерттеудің негіздері туралы мәліметтерді, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау, жазу және рәсімдеу жөніндегі ұсыныстарды, ғылыми баяндамаларды, курстық және диссертациялық жұмыстар мен жеке тапсырмаларды дайындау, рәсімдеу жөніндегі түсініктерді қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бұқаралық ақпарат құралдарын басқару және коммуникация жүйесі
Қоғаммен байланыс теориясы мен практикасы ұғымдарын, PR теориясы мен практикасының әдістері мен функцияларын; қоғаммен байланыс саласындағы басқару қызметін жоспарлау және ұйымдастыру негіздерін, баспасөз қызметтері бөлімдерін құру және жұмыс істеу принциптерін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы қоғаммен байланыс қызметтерінің рөлін зерттеу; ақпараттық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру. PR технологияларын игеру және оларды қоғамның әртүрлі салаларымен жұмыс істеу тәжірибесінде қолдана білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы, Москва психолингвистикалық мектебінің пастулаттары, сөйлеу процесіндегі олқылықтар, сөйлеудің модельдері, сөйлеу процесіндегі қабылдау модельдері туралы мәліметтер беру. Тіл білімінің психолингвистика саласы және оның негізгі ғылыми теориялық негіздерін меңгерту. Сөйлеу әрекеті, әрекеттердің басқа да түрлерін меңгерту. Вербальді ассоциациялардың ұлттық мәдени сипатын, сөйлеудің биологиялық және әлеуметтік факторларын меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жазушы және әдеби дәстүр
Жазушы шығармаларына дәстүр және жаңашылдық көзқарастарды қалыптастыру. Көркем шығармалардың шығу тарихын зерделеу. Көркем шығарманы зерттеудің жүйелерін, жазушылардың шығармаларын дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан түсіндіру. Әдеби шығармалардың шығу тарихына талдау жасауға дағдыландыру. Көркем шығарма механизмінің заңдылықтары жөнінде түсіндіру, көркем шығарманы зерттеу жүйелерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Филология ғылымдарының қазіргі жағдайы
Бұл курсты зерделеу арқылы магистранттардың жоғары оқу орындарында филология бойынша заманауи білімдерін қалыптастыру, оқыту сапасы мен оқытушының біліктілік деңгейін арттыру және пән арқылы тілдік және кәсіби дамуын қалыптастыру. Филологияның қазіргі жіктелуі, қазіргі заманғы филология әдістемесі, филология дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялар мен бағыттары жайлы түсініктерін негіздеу. Филология ғылымдарының қазіргі жағдайын тәжірибеде қолдануды үйрену. Заманауи әдістемелер саласында кәсіби дағдыларды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет және фольклордың жалпы теориясы
XIX-XXI ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгілерін, шешендік өнері мен әдебиеті шығармаларын меңгерту. Фольклордың жанрлары мен түрлері, халық ауыз әдебиетінің көп қырлы табиғаты мен тууы, таралу, сақталу ерекшеліктерін игерту. Фольклор ғылымының зерттелу тарихын меңгерту. Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігін, жазба әдебиетінің қалыптасуына әсер етуін әдеби талдау жұмыстары арқылы меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет и эстетика
Пән бойынша әдеби шығармалардың эстетикалық қасиеттері, әдеби эстетикалық категориялар сияқты тақырыптарды оқыту. Әдеби эстетикалық категориялар туралы түсініктерді қалыптастыру. Білім алушыларға әдеби шығармаларды талдап, эстетикалық категорияларды анықтауға үйрету. Көркем эстетикалық категорияларды ескере отырып, көркем мәтінді тұтас талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиалық және ақпараттық сауаттылықтың концепциялары
Медиалық және ақпараттық сауаттылық бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыру, жалпы тәсілдерді әзірлеу және тұтас және көп деңгейлі тұжырымдаманы жасау. Өзін-өзі көрсету еркіндігі, ақпаратқа қол жеткізу және іргелі құқықтар; медиалық және ақпараттық сауаттылық, азаматтық ұстаным мен демократияның өзара байланысы; редакциялық тәуелсіздік ұғымы сияқты негізгі ұғымдар зерделенетін болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі медиамәтін
Медиамәтіннің құрылымы, семантикасы, прагматикасы, Стилистика және риторикасы туралы түсінік жүйесін қалыптастыру. Курс тілдік үрдістер динамикасындағы БАҚ-тың рөлін зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ медиасөйлеудің функционалдық-стилистикалық мәртебесі; медиамәтінді БАҚ тілінің базалық санаты ретінде анықтау; медиамәтіндердің негізгі түрлерінің лингвоформатты белгілері; медимәтін модалылығы; медиадискурс стратегияларының риторикасы мен семиотикасы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Функционалды лингвистика
Функционалдық тіл білімі бағытының қалыптасуы, дамуы, теориялық мәселелері туралы мәлімет беру. Функционалдық тіл білімінің негізгі мәселелерін игерту. Тілдің функционалды-коммуникативтік табиғатын, категорияларын меңгерту. Жалпы функция атқаратын тілдік бірліктердің сөйлеу кезіндегі мағынасын талдауға үйрету. Функционалды грамматика, функционалды–семантикалық өріс туралы мәлімет беру. Отандық және шетелдік тіл біліміндегі функционалдық бағыттағы зерттеулерімен таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиаметрикалық зерттеулер
БАҚ-ты зерттейтін ғылым жүйесі жайында түсінікті қалыптастыру, олардың зерттеу амалдары мен әдістерінің ерекшеліктерін түсіну, БАҚ-тың пәнаралық зерттеулері мүмкіндіктерін айғақтау. Медиаудиториялардың (баспа БАҚ, радио, телеарна, интернет аудиториялары) тәртібі заңдылығы және оларды зерттеу әдістері жайында кешенді түсінік қалыптасады. Магистранттар салалы практикадағы: медианарық контекстіндегі, медиакәсіпорындарының қызмет етуі және дамуы, редакциялық және жарнамалық қызметтегі, PR ортасындағы аудиторияларды талдау дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Заманауи маманның гуманитарлық ойлауын әмбебап антропософиялық критерийлеріне негіздей отырып, әлеуметтік шындыққа, бүкіл әлемге шығармашылық, сезімтал-көркемдік және көркемдік көзқарасқа негізделген кәсіби мәдениет элементі ретінде дамытады; әртүрлі фактілер мен құбылыстарды талдап, бағалауға, білім, білім заңдарын, ғылыми пәндерді қалыптастыру және дамыту туралы заңдарды сипаттау үшін философияның тұжырымдамалық аппаратын қолдана біледі.
- Азаматтық қоғамды дамытудағы эстетикалық сана құндылықтарының мәртебесін көтереді, адам құқықтары мен бостандықтарын дамыту және тіл мәдениетін сақтау идеясын қалыптастырады.
- Педагогиканың гуманистік идеяларына ең жоғары әлеуметтік және эстетикалық құндылықтарына бағынады; педагогика және психология саласындағы білім беру мазмұнын таңдай алады, білім беру үдерісін жобалау формасын, әдістер мен құралдарды, білім беру технологияларын меңгереді.
- Алынған білімге сүйене отырып, ол өзінің кәсіби қызметінде ақпаратты алу жолдарын, ақпарат көздерімен жұмыс жасауды, түрлі жанрлар мен формалардың журналистік мәтіндерін жасауға, әртүрлі стильдегі мәтіндерді редакциялауға, құқықтық нормаларды қолдануға қабілетті. БАҚ стратегиясында, зерттеу жоспарында белгіленген көркемдік құндылығы мен критерийлері бойынша саралу.
- Жасанды интеллект технологияларының көмегімен тіл мен әдебиет бойынша ғылыми ақпараттарды іздеу, саралау, ғылыми жарияланымдар дайындау стратегияларын анықтау, зерттеу барысындағы этикалық нормаларды білу, тілдің әлеуметтік сипатын анықтауда демографиялық, әлеуметтік, лингвистикалық және өзге де деректермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
- Отандық және шетел әдебиетінің маңыздылығы мен рухани-мәдени құндылығын танытады; ұлттық және әлемдік классиктердің ең танымал және бағдарламаланған туындыларын жаңғыртады; тіл мен әдебиеттің елеулі құбылыстарын түсінеді, отандық әдеби шығармаларды әлемдік мәдениеттің жетістіктері тұрғысынан сыни зерттеу және бағалай білу дағдыларын дамытады; еліміздегі филологиялық зерттеулердің одан әрі дамуын болжай алады.
- Ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздері мен технологияларын игереді, әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарға негізделген пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді; диссертациялық зерттеудің құрылымдық бөліктерін жасайды және жоспарлайды; сонын ішінде шет тілді қолдануымен ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудағы отандық және шетелдік тәжірибені қолданады.
- ХХІ ғасыр тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастар, тіл білімінің жаңа бағыттары, олардың теориялық мәселелерін ажырата алады, функционалдық лингвистика, психолингвистика т.б. лингвистикалық мектептердің теориясы мен тұжырымдамалары меңгереді, қазіргі филология саласының әртүрлі ғылыми мектеп өкілдерінің тіл, әдебиет және мәдени құбылыстарды зерттеуге арналған әдістемелік тәсілдерін біледі.
- Филология пәндерінің кең ауқымды тіл мен әдебиетті дамытудың жалпы үрдісіне қалай кіріктірілгенін түсінеді; филология саласындағы ең озық білімдерді қоса алғанда, зерттеу саласында білім мен түсінігін тәжірибеде қолдана білу, мәтінді ғылыми зерттеу, көркем шығармаға ғылыми талдау жасау дағдыларын жетілдіру. Ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру.
- Педагогикалық әдептің негізгі компоненттері және олардың мазмұны, педагогтың әдеп құндылықтары, кәсіби қарым-қатынастың этикалық негіздерін түсініп, кәсіби іс-әрекетке қажетті әдеп қағидаттарын бойына сіңіру. ЖЖОКБҰ білім алушыларымен, әріптестерімен және қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру.