Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02305 Қазақ филологиясы в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дербес ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық, ұйымдастыру-басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, іргелі теориялық-әдіснамалық базасы бар, филология ғылымы саласында жан-жақты білімді, халықаралық нарықта сұранысқа ие құзыретті мамандар дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттану және эстетикалық ойлау тарихы

    Пәннің мақсаты әдебиеттану және эстетика ғылымынының даму кезеңдері, эстетикалық ойлау, әдебиеттанудың эстетикамен тығыз байланысы туралы түсіндіріп, магистранттың сыни тұрғыдан және эстетикалық ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Пәннің мазмұны өнер мен ғылымның адамзат дамуының бастау тарихынан бергі біртұтастығы, антикалық ойшылдардың әдебиеттану мен өнер туралы алғашқы концепцияларының негізділігі, әдебиеттанудың дербес ғылым саласы ретіндегі көркемдік-эстетикалық болмысы мен тұтас эстетикалық ойлау концепциясының қалыптасуы туралы мәселелерді қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік лингвистика

    Пәннің мақсаты магистранттарда әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны туралы түсінік қалыптастырып, бағыттары мен негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістерін меңгерту болып табылады. Пәннің мазмұны тілдің әлеуметтік мәні, тіл мен қоғам арасындағы байланыс, әлеуметтік факторлардың тіл жүйесіне, сөйлеу үдерісіне әсері, тіл саясаты мен тілдік жағдайдың маңызды мәселелерін қамтиды. Әлеуметтік лингвистиканың теориялық негіздері мен ұғымдық аппаратын, басқа филологиялық және филологиялық емес пәндермен байланысын анықтауға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты әдеби зерттеу әдістері бойынша теориялық және қолданбалы білім беру, филология саласында танымдық іс-әрекет дағдылары бар мамандар даярлау, ғылыми қызметтің мазмұны, оның әдістері мен білім формалары туралы терең түсінік қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны әдеби зерттеу әдістерін және олардың негізгі мақсат-міндеттерін теориялық бағытта саралауға, көркем шығарманы тұтастай және жекелей талдау жолдарын, көркем шығарманы жасанды интеллект құралдары арқылы талдау тәсілдерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Прагмалингвистика

    Пәннің мақсаты білім алушыларды прагмалингвистиканың жалпы теориясы, бағыттары және негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның тілге коммуникативті-прагматикалық көзқарасты дамытудағы және коммуникативті лингвистиканы қалыптастырудағы рөлін түсіндіру болып табылады. Пәннің мазмұны сөйлеу актісі, функционалды прагмалингвистика, адамның әлеуметтік мәртебесінің прагмалингвистикалық аспектісі, тіл біліміндегі коммуникативті-прагматикалық бағытқа сәйкес дискурсты құрудың прагматикалық стратегияларын қалыптастыру жолдарын анықтаудың маңызды мәселелерін қамтиды. Әлеуметтік-жеке жанжалды жағдайларды шешудің прагмалингвистикалық стратегияларын анықтауға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Пәннің мақсаты лингвистикалық зерттеулерді жоспарлау және дайындау дағдыларын қалыптастыру, магистранттарды қазіргі лингвистикалық зерттеулердің негізгі әдістері және принциптерімен таныстыру, ғылыми-зерттеу жұмысында деректерді өңдеу мен талдаудың заманауи құралдарын меңгерту болып табылады. Пәннің мазмұны лингвистикалық зерттеу кезеңдерін түсіндіріп, зерттеу нысаны мен пәнін анықтау, зерттелетін мәселеде ғылымның соңғы жетістіктерін ескеру, лингвистикалық талдаудың сандық және сапалық, библиометриялық зерттеу әдістерін меңгерту, зерттеу жұмысын аналитикалық және сыни көзқарас тұрғысынан талдау мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Теориялық әдебиеттану

    Пәннің мақсаты теориялық әдебиеттанудың әдеби шығармаларды толыққанды қабылдау мен дұрыс түсінуді қамтамасыз ететін негізгі ұғымдары, категориялары мен терминдері туралы түсіндіріп, білім алушылардың теориялық және әдеби сипаттағы білімі мен білігін, кәсіби дағдыларын дамыту болып табылады. Пәннің мазмұны әдебиеттанудың теориялық негіздері туралы зерттеулерді саралап, әдебиет теориясының, әдебиет тарихының және әдебиет сынының, мәтінтанудың негізгі аспектілеріне, әдебиеттің құрылымы мен дамуының жалпы заңдарына қатысты теориялық мәселелерді қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жазушы шеберлігі

    Пәннің мақсаты жазушының қазіргі қоғамдағы рөлін анықтау, көркем шығарманы талдау, білім алушыларға көркем мәтін композициясының түрлерін практикада қолдануды үйрету және оқу процесіне қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны көркем әдебиеттің басты сипаттарын, шығарманың мазмұны, түрі туралы диалектикалық ұғымдарды саралауды, өлең тілі мен сөз тілінің табиғатын, жазушы дүниетанымы мен творчестволық еңбек үдерісін, қаламгерлердің өмір құбылысын бейнелеу принциптерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эколингвистика

    Пәннің мақсаты эколингвистиканың негізгі ұғымдарымен таныстырып, тілдік ортаны оның динамикасында зерттеу, тілдің дамуы мен функциясына теріс әсер ететін факторларды, сондай-ақ тілді байыту, сөйлеу тәжірибесін жетілдірудің жолдары мен тәсілдерін меңгерту болып табылады. Пәннің мазмұны эколингвистиканың зерттеу бағыттарын, тіл және сөйлеу мәдениетінің өзекті проблемалары мен оны шешу жолдарын, тіл тазалығы, тілдік тұлға, тілдік қатынас, сөйлеу мәдениеті тәрізді ұғымдарды, қоршаған ортаның тілге әсерін анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Мақсаты: магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары. Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың технологиялары, әдістері мен формалары. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілін оқытудың аксиолингводидактикасы

    Пәннің мақсаты – қазақ тілін құндылық бағдарлы оқыту әдістемесін зерттеу және жасақтау. Пән тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Когнитивтік лингвистика

    Пәннің мақсаты когнитивтік лингвистиканың қалыптасу, даму кезеңдері, негізгі ұғымдары және бағыттарымен таныстыру, тіл мен танымның арақатынасын түсіндіру, білім алушылардың когнитивтік зерттеулер бойынша білімін кеңейту болып табылады. Пәннің мазмұны когнитивтік лингвистика теориясын және оның қалыптасу кезеңдерін, шетелдік және отандық когнитивтік лингвистикадағы негізгі бағыттарды, концепт және концептосфера ұғымдарын, сондай-ақ тіл дамуының осы бағыттағы жалпы және жеке үрдістері мен әлемнің тілдік бейнесі мәселелерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтін құрылымы

    Пәннің мақсаты көркем мәтіннің құрылымымен анықталатын семиозис ұғымы туралы түсінік қалыптастыру, көркем мәтін құрылымының динамикалық аспектілерін игеру үдерісінде диалектикалық ойлаудың кәсіби дағдыларын, мәтінді филологиялық талдау теориясы мен практикасы арасындағы байланысты анықтау болып табылады. Пәннің мазмұны мәтіннің құрылымдық элементтерін, мәтіндегі дискурс және оның түрлерін, көркем тілдің ерекшелігін, деңгейлері мен компоненттерін, көркем мәтіннің құрылымдық-прагматикалық негіздерін танытуға, мәтінтүзілімдегі құрылымдық компоненттердің қызметін саралауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы-салғастырмалы әдебиеттану негіздері

    Пәннің мақсаты салыстырмалы және салғастырмалы әдебиеттанудың негіздері, қазіргі компаративистикада қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы білімді кеңейту және жүйелеу, әдеби үдерістің формалары мен заңдылықтары туралы идеяларды қалыптастыру, көркем әдебиетті салыстырмалы және салғастырмалы талдаудың практикалық дағдыларын меңгерту болып табылады. Пәннің мазмұны өзге ел әдебиетінің даму бағыттарын, генезис, типология, интеграция, салыстырмалы-әдеби аспект, ұлттың әдеби-мәдени дамуындағы басты бағдарлар және олардың өзара ықпалдасуын, сюжеттік-тақырыптық үндестікті түсіндіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Корпус лингвистикасы

    Пәннің мақсаты білім алушылардың лингвистикалық корпустарды құру және қолдану саласындағы теориялық білімін қалыптастыру, филология саласында корпустармен және олармен байланысты компьютерлік құралдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру болып табылады. Пәннің мазмұны магистранттарды қолданыстағы салалық бағдарламалық өнімдермен таныстыруға, корпус лингвистикасының мүмкіндіктерін, лингвистикалық корпустардың нақты зерттеу міндеттерін шешу әдістерін, корпустық құралдармен жұмыс істеу тәжірибесін, лингвистикалық деректерді іздеу мен өңдеудің заманауи технологияларын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы..

    Пән қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылымдағы басқару психологиясын оқыту әдістемесінің негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын, теориялық және практикалық бағыттағы психологиялық пәндерді оқытудағы басқарудың әдістемелік және технологиялық ерекшеліктерін игеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ этнолингвистикасы

    Пәннің мақсаты этнолингвистиканың әдіснамалық және лингводидактикалық негіздерін, ұғымдық аппаратын, басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысын түсіндіру, тілдегі ұлттық-мәдени семантика, этникалық тілдердің бірегейлігін және өзара түсіністікті қамтамасыз ететін тілдік механизмдердің қызметін анықтау болып табылады. Пәннің мазмұны этнолингвистиканың негізгі бағыттары мен мектептерін, этносты, оның тілін этнолингвистика арқылы танып-білу жолдарын, тіл мен этностың байланысын, тілдің куммулятивтік қызметін саралап, тілдің мәдениет құралы ретіндегі қызметін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығармашылық зертхана

    Пәннің мақсаты шығармашылық зертхана ұғымы, шығармашылық зертхананың алғышарттары мен әдістері, негізгі заңдылықтары, әдеби шығармашылықтың эстетикасы мен психологиялық негізі, жазушы және қоғам, қазақ прозасындағы жазушының шығармашылық зертханасы, ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны шығармашылық үдерістегі автор позициясын, қаламгердің тақырыпты таңдауын және шығарма архитектоникасын, кейіпкер табиғатын танытудың әдіс-тәсілдерін, қаламгердің шығармашылық портретін, мәтін құрылымы және мәтіннің шығармаға айналу жолдарын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Функционалды грамматика

    Пәннің мақсаты функционалды грамматиканың негізгі ұғымдары, зерттеу бағыттары, әдіс-тәсілдерімен таныстыру, грамматикалық формалар мен синтаксистік конструкцияларды сөйлеу үдерісінде атқаратын функциялары тұрғысынан сипаттау және тілдік бірліктердің функционалдық әрекеттесуі туралы білімді қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны тілдің әмбебап категорияларын, тілдік құрылым бірліктерінің функциясын және өзара әрекеттесу заңдылықтарын, тілдік категорияларды қолданудың функционалдық-грамматикалық ерекшеліктерін, функционалды-семантикалық өріс теориясы мен тілдің дәстүрлі жүйесінің даму сатыларын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары

    Пәннің мақсаты әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен өзекті мәселелерін, қазіргі әдебиеттанудың әдіснамасы мен стратегиясын түсіндіру, алған білімді ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызмет салаларында практикалық тұрғыда пайдалану дағдыларын меңгерту болып табылады. Пәннің мазмұны қазіргі әдебиеттануда қалыптасқан жаңа бағыттардың әдіснамалық аппаратымен, даму тенденцияларымен таныстырып, бүгінгі әдебиеттанудың бағытын аңғартатын пікірлерді, негізгі идеяларды, басты ағымдарды салыстыруға, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындауға, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интермәтінділік теориясы

    Пәннің мақсаты интермәтінділік құбылысы және оның дамуының негізгі тұжырымдамалары мен қазіргі мәдениеттегі көрінісі туралы білімді тереңдету, әдеби, әдеби-сыни мәтіндердегі стилі мен жанрлық өзгеруін анықтау болып табылады. Пәннің мазмұны интермәтінділік терминінің шығу тарихын, әдеби сұхбаттастық және мәтіндер байланысын талдауға, интермәтінділіктің амал-тәсілдерін, постмодернизмнің типологиялық қасиеті ретіндегі интермәтінділік пен оның қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі арасындағы басты ерекшеліктерін, реминисценция және аллюзия ұғымдарын саралауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ лингвофольклористикасы

    Пәннің мақсаты лингвофольклористиканың негізгі мәселелері мен міндеттерін, ұғымдық аппаратын, фольклор шығармаларының мәтіндік континуумын қалыптастыратын және фольклорлық коммуникацияны қамтамасыз ететін лингвосемиотикалық таңбаларды түсіндіру, филология ғылымының дербес бағыты ретіндегі сипатын анықтау болып табылады. Пәннің мазмұны ауыз әдебиеті шығармаларының мазмұны мен құрылымын лингвистикалық тұрғыдан талдау, тіл салалары бойынша жүйелеу жолдарын саралап, фольклор тілінің әдеби тіл тарихымен байланысы мен негіздерін айғақтайтын ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Фольклор теориясының негіздері

    Пәннің мақсаты фольклортану, оның тарихы, бағыттары, әдістері мен мектептері туралы алған білімді жүйелеу, дәстүрлі мәдениеттің іргелі категорияларын, фольклорлық шығармашылықтың негіздерін тарихи-мәдени контекстпен байланыстыру, фольклорды зерттеудің заманауи әдістерін, фольклорлық дәстүрді зерттеу теориясы мен әдіснамасын меңгеру болып табылады. Пәннің мазмұны фольклор туралы тұжырымдар мен пікірлерді анықтап, фольклордың көп салалы функциясын, эстетикалық мәні мен танымдық қызметін, жанр, мазмұн, идея туралы тұжырымдарды саралауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Әлемдік ғылым тарихы мен философиясының пәнаралық сипаттағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерін зерделеу; филологиялық зерттеулер жүргізудің философиясы мен тарихын меңгеру; білім алушының көптілді және көпмәдениетті ортадағы ғылыми дерекқорларды талдауға, саралауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға ынтасы мен белсенділігін арттыру жолдарын анықтау.
  • Білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі талаптарын меңгеру; оқу үдерісін орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттары негізінде ұйымдастыру және өткізу; тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын, сондай-ақ ЖИ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу үдерісін құндылық бағдарлы ұйымдастыру және зерттеу әдістерін меңгерту.
  • Еңбек нарығында ғылыми жұмыстарды тиімді зерттеу әдістері мен технологияларын, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүргізу; ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын, филологиялық зерттеу құндылықтарын меңгеру.
  • Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарының теориялық негізін, ұғымдық аппаратын, тілдің корпустық, танымдық, этнолингвистикалық, функционалдық, прагматикалық, лингвофольклорлық тұрғыларын ғылыми-әдістемелік құзыреттілігі деңгейінде меңгеру; салалық білімді интеграциялау қағидаттарын анықтау және цифрлық технологиялар арқылы оқыту үдерісінде қолдану.
  • Кәсіби коммуникацияның түрлі саласындағы тілдік нормаларды, коммуникативтік дағдылар мен тактикаларды еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес талдау; ғылыми және тәжірибелік жұмыстар арқылы білім алушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегияларын айқындау.
  • Әдебиеттанудың ұғымдық-терминологиялық негізін, қазіргі әдеби үрдістің қазақ және әлем әдебиеті контексінде даму заңдылықтарын, жанрлық және стильдік, эстетикалық ерекшеліктерін, фольклор мен әдебиеттанудың ғылыми негіздерін ғылыми-әдістемелік құзыреттілігі деңгейінде меңгеру; салалық білімді интеграциялау тетіктері мен қағидаттарын анықтау.
  • Жазушының көркем шығармадағы шеберлігін, шығармашылық зертханасын, интермәтінділік пен көркем мәтін құрылымын пәндік білім негізінде интеграциялау және ғылыми-әдістемелік құзыреттілігі деңгейінде ғылыми нәтижелер алудың заманауи әдістерін меңгеру.
  • Жасанды интеллект технологияларының көмегімен тіл мен әдебиет бойынша ғылыми ақпараттарды іздеу, саралау; ғылыми жарияланымдар дайындау стратегияларын анықтау; зерттеу барысындағы этикалық нормаларды білу; тілдің әлеуметтік сипатын анықтауда демографиялық, әлеуметтік, лингвистикалық және өзге де деректермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

Ұқсас БББ

Top