7M01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Педагогикалық қызметті, ғылыми зерттеулерді шығармашылықпен және жоғары кәсібилікпен жүзеге асыратын, педагогикалық қызмет саласындағы міндеттерді қоғам үшін пайдалы, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық деңгейде шеше алатын жаңа формациядағы мектепке дейінгі білім берудің жоғары білікті, бәсекеге қабілетті маманын даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Ұлттық тәрбие негіздері
Пән ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында оқытылады. Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен тәрбие үлгілерімен байытып, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болу мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы тұлға бағдарлы білім беру теориясы
Пән мектеп жасына дейiнгi балалардың әлеуметтік мәселелерi, сауат ашу мен тіл дамыту әдістемесі аумағында білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу бағдарламаларының психологиялық-педагогикалық негіздерінің талдауды қамтиды. Жаңа өзгерістер педагогикалық білім беруді мазмұндық қана емес, әдістемелік және технологиялық қайта құруларды зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі заманғы педагогика ғылымының өзекті мәселелері
Пән білім берудің жаңа моделін шығармашылықпен іске асыру және педагогика ғылымының жаңа технологияларын, оның тиімді әдістерін қолдану мақсатында оқытылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант ЖОО-дағы оқу үдерісіндегі педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесі мен жаңа педагогикалық технологияларын игеруге қажетті іскерлікті үйренеді. Педагогикалық білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖОО-ғы мектепке дейінгі білім технологиялары
Пән мектепке дейінгі маман даярлауда оқытылатын білім беру технологиялары бойынша магистранттардың теориялық білімдері мен практикалық қызметін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курстың мазмұны білім беруді дамытудың негізгі үрдістерін қамтиды: білім беруді фундаментализациялау, технологияландыру, демократияландыру, ақпараттандыру және компьютерлендіру. Білім беруді жаһандандыруда магистранттарда оқытудың жаңа технологияларын, инновацияларды талдау және бағалау дағдылары қалыптасады. Ақпараттық технологияны игеру мүмкіндіктерін зертейді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі маманның қарым-қатынас этикасы
Пән магистранттарға мектепке дейінгі маманның қарым-қатынас этикасы, этикалық нормалары және басшы этикасын реттейтін нормативтік құжаттар туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Кәсібіне байланысты этикалық талаптарымен таныстыру, педагогикалық іс-тәжірибеде этиканы сақтау талаптарын қамтиды. Педагогикалық имиджді қалыптастырудың жолдарын практикалық тұрғыдан меңгертуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік сияқты қасиеттерді қарым-қатынас жасау дағдыларын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖОО-дағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Пән ЖОО-дағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың алғы шарттары мен тәрбие берудің жолдарын айқындау мақсатында оқытылады. ЖОО-дағы тәрбие тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, әлеуметтік қалыптасуы, тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, инновациялық педагогикалық жүйенің ерекшелігін қамтиды. ЖОО-ғы тәрбие жұмысы әдістемесінің оқыту және дамыту технологиясының мазмұнын талданып қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отбасы педагогикасы және жанұя тәрбиесін ұйымдастыру
Пән магистранттардың білім беру мекемесі жағдайында отбасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға дайындығын қалыптастырады. Курс магистранттарға балалардың, педагогтар мен ата-аналардың педагогикалық өзара іс-әрекетінің қызметі, мазмұны, қасиеттері, сапасы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант тұлғааралық коммуникацияны жүргізуді, әлеуметтік институт ретінде отбасы туралы теориялық білімді, меңгереді; Отбасында баланың құқығын бұзбай дұрыс тәрбие беру үшін тәрбие принциптерін біліп, басшылыққа алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі білім беру саясаты
Пән мектепке дейінгі білім беру жүйесі арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында оқытылады. Курс оқу дағдысын дамытатын бағдарламаларды енгізетін маман қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант инновациялық технологияларды меңгере отырып білім беру саясатының мәнін ашады. Білім берудің мазмұнын шығармашылықпен іске асыруды, оқытудың жаңа технологияларын, оның тиімді әдістерін қолдануды зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беру технологиясын өлшеу
Пән мектепке дейінгі білім берудің өлшеу құралдары мен әдістерін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны білім беру технологиясын өлшеу әдістерін: табыс тесті, бақылау формалары, өзін-өзі бағалау, сараптамалық бағалау, портфелді бағалау, бақылау тізімі, шкаласы, кілті әдістерін ашады. Магистранттарда білім беруде қолданылатын өлшеу әдістерін түсіндіру, өлшеу құралдарын әзірлеу мен қолдану дағдыларын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақстанда мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы
Пән мектепке дейінгі педагогиканың шығу тарихы мен білім саласындағы тарихи тұлғалардың еңбектерін білу мақсатында оқытылады. Теория мен тәжірибедегі тарихи байланыс туралы және Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика тарихы мазмұнының әртүрлі кезеңдерде тәрбие мен білім беру мазмұны мәселелері бойынша кәсіби педагогикалық білімін қалыптастырады. Магистранттар әр кезеңдегі тарихи педагогикалық жүйені басқару, өткен заманның педагогикалық көзқарастарын меңгеру және салыстыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Мектепке дейінгі білімді басқарудың жаңа тұғырлары
Пән мектепке дейінгі білім беруді кәсіби басқаруды шығармашылық тұрғыда шешу мақсатында оқытылады. Бұл курста магистрант мектепке дейінгі білімді басқарудың жаңа тұғырлары, тенденциялары, заңдылықтары және ұйымдардың құрылымдары туралы білімін қалыптастырады. Білім беру сапасын басқаруды білім беру стандартына сәйкес үлгілеу және жобалау, басқарудың функцияларын, кәсіби әрекеттің типтік міндеттерін шешу, мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анықтау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздері
Пән педагогтың, оның тұлғасының кәсіби іс-әркеттің тұтас құрылымы туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс педагогикалық іс-әрекет негіздерінің құрылымдық құраушыларын: педагогикалық қабілеттерді, техниканы, педагогикалық әсер ету құралдарын, психологиялық педагогика элементтерімен қаруландыру мәселелерін қарастырады. Оқыту нәтижесінде магистрант қазіргі психология ғылымының жетістіктері негізінде педагогикалық міндеттерді шешудің кәсіби маңызды іскерліктер кешенін, әдіс-тәсілдерін, технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылым мен мектепке дейінгі білімнің қазіргі мәселелері
Пән мектепке дейінгі білім мен білім берудің өзекті мәселелеріне байланысты зерттеулердің ғылыми мәселелерін зерттеу мақсатында оқытылады. Мектепке дейінгі білім беру үшін қажетті әдістемелік және басқарушылық мәліметтер шеңберін кеңейтуге, педагогикалық процесте әр баланың эмоционалды жағдайын дамыту мәселелерін қарастырады. Баланың жас ерекшеліктерін, әлеуметтік ортаға сәйкес толыққанды дамуын зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі білім берудегі құзыреттілік тұғыр
Пән қазіргі білім берудегі мектепке дейінгі маманның жалпы және кәсіби құзыреттіліктері мен білімін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Білім беру мекемелерінде кәсіби этика принциптерін жүзеге асыра отырып, кәсіби қызметінде мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дəлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауды ашады. Педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, сыртқы кəсіби (педагогикалық) болмысын да өз бетінше жəне саналы түрде зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру әдістемесі
Пән тұлға дамуының рухани-адамгершілік қалыптасуының теориялық негіздерін, жоғары мектептің білім беру процесінде болашақ мамандардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне заманауи көзқарастарды қалыптастыру мақсатында оқытылады. Магистрант тұлғаны рухани-адамгершілік қолдаудың мазмұнын, университеттегі рухани-адамгершілік тәрбиенің жетекші компоненттерін қалыптастыруды үйренеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы болашақ маман тұлғасының рухани-адамгершілік саласын қалыптастырудың педагогикалық шарттарымен, болашақ маман тұлғасының рухани-адамгершілік саласын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламасын қолдану әдістемесін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды.
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
- Мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы мен педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми-психологиялық негіздерін меңгеріп, білімді басқарудың жаңа тұғырларын зерттейді.
- Мектепке дейінгі маманның кәсіби этикалық нормаларын талдай отырып, отбасы тәрбиесі мен ЖОО-дағы тәрбие жұмыстарын жоспарлайды.
- Қазіргі заманғы тұлғаға бағдарлы білім беруде педагогика ғылымының өзекті мәселесі ретінде ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
- Білім беру технологиясын өлшеу мен мектепке дейінгі білім саясатында жаңа технологияларды қолданады.
- Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыруда мектепке дейінгі білімнің құзыреттілік тұғыр мәселелерін талдайды.