6B01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты: жоғары кәсібилігі, іске креативті көзқарасы, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес инновациялық идеяларды іске асыруға дайындығы бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату.Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ЖИ қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жасанды интеллект негіздері
Білім беру бағдарламасының мақсаты – AI-Sana бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, жасанды интеллект құралдары мен әдістерін практикалық қолдану және білімді пайдалану саласында құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: Жасанды интеллектке (AI) кіріспе. Практикалық дағдылар мен дағдыларды дамыту: AI құралдарын қолдану; үлкен тілдік модельдермен (LLM) жұмыс істеу; кодсыз жасанды интеллект платформаларын пайдалану; генеративті жасанды интеллект құралдары; кескінді тану; табиғи тілді өңдеу (NLP); AI көмегімен деректерді визуализациялау. Әртүрлі салаларда AI қолдану туралы түсінікке ие болу; AI-sana бағдарламасының тәсілдерін интеграциялау арқылы AI әлеуетін ашу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жалпы білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасының негіздері
Мақсаты: Білім беру процесінің өзектілігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында студенттерді жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі тұжырымдамаларымен және тәсілдерімен таныстыру. Мазмұны: Негізгі құзыреттерді дамытудың маңыздылығын ескеру. Білім беру мазмұнына қойылатын халықаралық стандарттар мен талаптар. Білім беру мазмұнын жаңартудағы әртүрлі тәсілдер: құзыреттілік тәсіл, контекстік оқыту, пәнаралық. Заманауи талаптарды ескере отырып, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу әдістері. Заманауи технологиялар мен оқыту әдістері: қашықтықтан оқыту, жобалық жұмыс, проблемалық оқыту. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу жетістіктерін бағалау және бақылау әдістерін әзірлеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектептің жаңартылған мазмұнының әдістемелік негізі
Мақсаты: бастауыш мектепте жаңартылған оқу бағдарламасында қолданылатын негізгі қағидалар мен әдістерді меңгерту. Мазмұны: Жаңартылған бағдарламаның негізгі принциптері мен мақсаттары. Құзыреттілік пен білім мазмұнының арақатынасы. Оқытудағы интеграцияланған тәсіл. Жаңартылған бағдарлама бойынша үлгерімді бағалау және бақылау жүйесі Әр түрлі бағалау әдістерін, оның ішінде портфолио және өзін-өзі бағалауды пайдалану Бағалау құралдарын пайдалану оқу процесін диагностикалау және түзету. Оқу пәндерін кіріктіру әдістері мен стратегиялары. Коммуникативті дағдыларды, сыни ойлауды, шығармашылықты қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы
Мақсаты. Өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық топтары мен ерекшеліктерін және индикациялық ерекшеліктерін меңгерту. Мазмұны: Табиғатта кездесетін алуан түрлі өсімдіктер, жануарлардың (фитоценоз, популя¬ция, биогеоценоз) құрылым деңгейін, орта жағдайларына бейімделу заңдылықтары туралы, өсімдіктер мен жануарлар экологиясының ғылым ретінде даму тарихы мен экологиялық факторлары, олардың классификациясы, негізгі түсініктер, ұғымдар мен экологиялық мәселелер қарастырылады. Өсімдіктер мен жануарлардың өзара және тіршілік ортамен қатынастары мен онда болып жатқан антропогендік факторлар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абайтану
Мақсаты: А.Құнанбайұлы арқылы «Қазақтану» жобасындағы «ұлттық кодты» сақтау мен дәріптеу Мазмұны: ХІХ-ХХғ. Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне тарихи шолу жасау. Абайтану саласының дамуындағы ХХ-ХХІ ғасырдың абайтанушылардың еңбектері. Абайдың шығармашылығының хронологиясы. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, этнограф, қазақ жазба әдебитінің негізін салушы. Абай - «Қарамола Ережесі» заңдар жинағының құрастырушысы, қоғамдық маңыздылығы. Абай - ойшыл, дінтанушы, философ. Абай білім және ғылым саласындағы рөлі, «Толық адамды» қалыптастыру идеясы. Абайдың аудармалары, поэмалары, «Қара сөздері», «Абай жолы» роман-эпопея. Қ.Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» маңыздылығы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мұхтартану
Мақсаты: Мұхтартану ғылымының қалыптасу тарихын, даму бағытын студенттерге ұғындыру, М.Әуезов шығармашылығы туралы әдебиет тарихы контекстінде тарихи, әдеби түсінік қалыптастыру. Мұхтартану пәні бойынша өз бетімен ізденістер жүргізуге, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру. Мазмұны: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңдері, М. Әуезовтің публицистикасы, жазушының «Абай», «Шолпан» журналдарындағы қызметі, «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелері, «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестері, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Абай Құнанбаев» монографиясы, М.Әуезовтің Оңтүстікке жасаған ғылыми-шығармашылық сапары туралы мағлұмат алады. Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлер әлемі, көркемдік болмыс-бітімі жайлы жан-жақты танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жаратылыстану негіздері
Мақсаты: экологиялық мағлұматтармен кіріккен өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әр алуандығын, олардың қоршаған орта арасындағы өзара байланыстары, өсімдіктер мен жануарлар мүшелері, және оларды жүретін процестері мен үнемді пайдалану қажеттілігін меңгерту. Мазмұны: «Жаратылыстану негіздері пәні экологиялық мағлұматтармен кіріккен өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әр алуандығымен таныстыру, олардың қоршаған орта арасындағы өзара байланыстары, өсімдіктер мен жануарлар мүшелері, және оларды жүретін процестерді зерттеу, үнемді пайдалану қажеттілігін қарастырады. Аспан денелері мен географиялық қабықтары, заңдылықтары және өлкетану-туған өлкенің табиғаты, тарихы, халқы мен шаруашылығы жайлы білім қамтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауышта мультимедиялық оқыту құралдарын жасау технологиясы
Мақсаты: Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде мультимедиялық құралдарды қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына ие болады. Мазмұны: қазіргі педагогика және мультимедиялық құралдар түрлері, мультимедиялық құралдарды дайындау мазмұны, мультимедиялық білім беру құралдарының атқаратын қызметі, бастауыш мектеп оқу-тәрбие үдерісіне мультимедиялық құралдарды ендіру әдіс-тәсілдер, мультимедиялық құралдарды пайдаланудың тиімділігі, мультимедиялық оқу бағдарламаларының түрлері, мультимедиялық презентацияларды құрастыру жолдары, мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісінде мультимедиялық құралдарды сабақта пайдалану сабақтарын жоспарлау
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем жазу әдістемесі
Мақсаты: Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгереді. Мазмұны: Көркем жазуды оқытудың негізгі принциптері мен әдістері. Жазудың әртүрлі стильдерін және олардың тарихи негіздері, Үйлесімді жазба түрлеріне жету үшін қолды дұрыс қою, тыныс алу және қимыл-қозғалыс дағдылары, Көркем жазуды қалыптастыру және жетілдіру жұмыстарының жүйесін меңгеру дағдылары, жазу сапасы мен оны қалыптастыру әдістері, В.В.Давыдов жазуға үйрету әдістемесі, М. Ричардсон жазуға үйрету әдістемесі, тактикалық және ритмикалық әдіс, сызықтар арасында және сызықпен жазу әдістері
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жазуға үйрету технологиясы
Мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының жазылым дағдысын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгереді. Мазмұны: «Жазуға үйрету әдістемесі» оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері. Жазу және оның түрлері. Қазіргі қазақ алфавиті. Бірінші сынып оқушыларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастырудың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Оқушыларды жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Графикалық және каллиграфиялық қателер және оларды болдырмау жолдары. Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Жазуға үйрету үшін қажетті гигеналық талаптар. Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері. Жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жағына сипаттама. Әріп кесіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш сыныпта қолданылатын ойын технологиялары
Мақсаты: білім алушылардың оқу жетістігін дамытуда ойын технологиясын қолданудың теориялық және әдістемелік нездерін меңгеру Мазмұны. Ойын феномені, ойынның баланың жан-жақты дамуында ролі, ойын әрекеті бастауыш мектеп оқушыларының жетекші әрекетінің бірі, бастауыш мектепте ойын арқылы оқу –тәрбие процесін ұйымдастыру, ойын технологиясының психологиялық, педагогикалық негіздері, ойын технологиясының дидактикалық ұстанымдары, бастауыш мектепте оқу процесінде тиімді ойындарды іріктеу талаптары, дидактикалық ойындарды қолдану әдіс-тәсілдері, ролдік ойындарды ұйымдастыру, іскерлік және ұлттық ойындарды қолдану
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш математика курсының негіздері
Мақсаты: Білім алушылардың математикалық білімдерінің жоғары нәтижелеріне ұмтылуына ықпал етеді Мазмұны: математикалық курстың қалыптасуының теориялық негіздері, тарихы және басқа ғылымдармен байланысы, монографиялық және есептеу әдістерінің қалыптасуы мен дамуы, элементарлы математикалық түсінікті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері, кіші мектеп жасындағы балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістері, оқушылардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру көрсеткіштерін анықтау, есептерді шығару жолдарын анықтау, өз қорытындыларын дұрыс құрастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы
Мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының математикаға қызығушылықтарын қалыптастыру Мазмұны: Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы пәнінің мақсаты, математиканы оқыту әдістемесінің кезеңдері, көне Вавилон, Мысыр дәуіріндегі математикалық еңбектер, Ежелгі Грекия дәуіріндегі математикалық еңбектер, көне Қытай және Үндістан дәуіріндегі математикалық еңбектер, Орта Азия дәуіріндегі математикалық еңбектер, Бастыс Европа дәуіріндегі математикалық еңбектер, Қазақ ғылымындағы әдіскер-математиктер, Совет дәуіріндегі бағдарламалар мен қаулылар, математика оқулығының дамуы. Жаңартылған математика оқулығы
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жалпы және жас ерекшелік психологиясының негіздері
Мақсаты: адам психикасының дамуының жас ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі психикалық құбылыстар туралы білімдерді оқып-үйрену және меңгеру негізінде оқушылардың психологиялық ойлауын дамыту. Мазмұны: Психологияға кіріспе. Сана. Тұлға. Белсенділік. когнитивтік процестер. Ерік, эмоция, сезім психологиясы. Темперамент. Кейіпкер. Мүмкіндіктер. Онтогенездегі психиканың құрылымы, қызметтері, заңдылықтары, когнитивтік процестер, жағдайлар, факторлар, психиканың даму механизмдері. Даму психологиясының әдіснамалық негіздері, ұғымдары, категориялары, механизмдері, жасқа байланысты өзгерістердің сипаты. Адам психикасы дамуының әртүрлі жас кезеңдеріндегі тұлғаның жағымды дамуының ерекшеліктері, себептері мен факторлары, шарттары мен болашағы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи педагогика
Мақсаты: болашақ бастауыш сынып мамандарын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыру үшін қажетті теориялық негіздермен және практикалық дағдылармен қаруландыру. Мазмұны.. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің және қабілеттерін, оқу дағдыларын дамытудың заманауи әдістері. Қазіргі киберкеңістік және оның балалардың, жастардың санасы мен мінез-құлқына әсері. Заманауи ақпараттық, компьютерлік және цифрлық оқыту технологиялары, педагогикалық және кибертехнологиялар. Жасанды интеллекттің қазіргі білім берудегі орны және оның артықшылықтары. Жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері Оқушылардың иберқауіпсіздігі, оқушылардың киберкеңістіктің теріс әсеріне иммунитетін қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы қазақ (орыс) тілінің негіздері
Мақсаты: Білім алушыларға тілдің фонетикасынан, лексикологиядан, сөзжасамнан, морфологиядан және синтаксистен білімдерін жетілдіру Мазмұны: Тілдің қоғамдық мәні және оның ойлаумен байланысы туралы түсінік, тіл дыбыстары және олардың түрлері, үндесу заңдылықтары, орфоэпиялық және орфографиялық ерекшеліктер, буын түрлері, сөз мағынасының түрлері, лексикография, сөзжасамның негізгі тәсілдері, сөз таптары, әр сөз табының грамматикалық түрлену жүйесі, сөздерді тіркестіру формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, олардың синтаксистік қызметі, сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай түрлері. Қазақ (орыс) фонетикасының, лексиканың, грамматиканың стилистикалық ерекшеліктерін анықтау дағдыларын қалыптастырады. Лингвистикалық фактілердің білімін көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің практикалық курсы
Мақсаты: білім алушылардың ағылшын тілін күнделікті өмірде белсенді қолдану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру Мазмұны: Мен және менің отбасым, менің елім, түрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынас, Астана- Қазақстан Республикасының бас қаласы,адам және оның денсаулығы, салауатты өмір салты, бос уақытты тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың салт-дәстүрлері, шымкент қаласының көрікті жерлері, мәдени және ұлттық мерекелер, менің университетім, болашақ мамандығым
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгеру Мазмұны: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздері және дидактикалық ұстанымдары. Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны (оқу, жазу сауаттылығы, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, компьютерлік, құқықтық сауаттылық) және оларды қалыптастыру әдіс-тәсілдері, халықаралық бағалау бағдарламалары, функционалдық сауаттылықтың негізгі механизмдері мен оны жүзеге асырудың негізгі тетіктері, функционалдық сауаттылық түрлері, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі
Мақсаты: Бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқыту әдістері мен оқыту стратегиясын меңгерту. Мазмұны: Бастауыш мектепте жаратылыстану пәнінің мазмұны жаратылыстану ғылымындағы интеграция, оқу бағдарламасы мен жаратылыстану оқулығының құрылымы мен мазмұны, ҰМЖ, ОМЖ, ондағы оқу мақсаттары және ҚМЖ дайындау. Оқыту формалары мен оларды ұйымдастыру әдістемесі, бағалау критерийлері мен дескрипторлармен жұмыс жасауды меңгерту. Зерттеу жүргізу әдістемесі. Сабақтан тыс және сыныптан тыс оқу түрлері, оларды ұйымдастыру әдістемесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілін оқытудың әдістемесі
Мақсаты: Ағылшын тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша білімдерін меңгереді. Мазмұны: Шет тілін ғылым ретінде оқыту әдістемесінің мақсаты, бастауыш мектептегі ағылшын тілінің мазмұны, оқыту мен бағалаудың әдістемелері мен технологиялары, бастауыш мектепте шет тілін оқытудың психологиялық лингвистикалық, педагогикалық негіздері, бастауыш мектепте шет тілін оқытудың тиімді әдістері: грамматикалық –аудармалық әдіс, тура әдіс, қатысымдық әдіс, белсенді әдістер. ағылшын тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары, бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативті дағдылары, оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамтудағы инновациялық технологиялар,
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі
Мақсаты. Дүниетанудан дидактикалық көрнекіліктер классификациясы, бейнелі көрнекіліктер, мультимедиялық оқыту құрылғыларына сәйкес бағдарламалар дайындау дағдыларын меңгерту. Мазмұны: «Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау» пәнінің педагогикалық ғылым ретінде даму тарихын, Дүниетанудан дидактикалық көрнекіліктер классификациясы, бейнелі көрнекіліктер даярлау, мультимедиялық оқыту құрылғылары, мультимедиялық оқыту құрылғыларына сәйкес бағдарламалар дайындау технологиясы, табиғи немесе заттық көрнекі құралдар, табиғи материалдардан көрнекіліктер әзірлеу, өлкетану бұрышы, мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескісі, географиялық алаң ұйымдастыру әдістемесі. Жасанды материалдардан даярлау технологиясы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қабілетін дамытудың психологиялық негіздерін меңгеру Мазмұны; Психолингвистика ғылымының дамуы, психолингвистика ғылымының зерттеу нысаны, мақсаты, психолингвистика ғылымының бағыттары, необихевиористік және дескриптік лингвистика, ойлау мен сөйлеу қабілетінің ерекшеліктері, ойлау мен қарым-қатынас үйлесімдігі, сөйлеуді игеру шарттары, сөйлеу әрекетіндегі антроцентристік көзқарас, нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі, сөйлеуді құрудағы грамматикалық құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Мақсаты: кәсіби маңызды ақпаратпен алмасу құралы ретінде шет тілін қолдану дағдысын қалыптастыру Мазмұны: Уақытты, жұмыс күні, бос уақытты жоспарлау. Жаңалықтар, БАҚ. Әлеуметтік өмірлік дағдылар (күнделікті мінез-құлық, кәсіби дағдылар мен қабілеттер). Мәдени-ұлттық дәстүрлер, өлкетану, әдет-ғұрыптар мен мерекелер. Кәсіби бағытталған модуль. Ғылыми-техникалық прогресс. Әлеуметтік көмек жүйесі. Мамандықтар мен кәсіби қасиеттер, кәсіби өсу, мансап.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқушылардың даму физиологиясы
Мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы бала ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін игеру. Мазмұны. Балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың қоршаған ортадағы дамуының негізгі заңдылықтары. Онтогенездік даму кезеңінен бастап баланың даму ерекшеліктері.Адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Жеке дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі органдар жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және басқару
Мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне шағын жинақты мектептерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың озық әдістері мен тәсілдерін меңгеру, ресурстарды ұтымды пайдалану және қолайлы білім беру ортасын құру дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Шағын сыныптарда және мұғалімдердің шектеулі санымен жұмыс жасау. Шағын жинақты бастауыш сыныпта оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдері. Оқушылардың жеке білім беру траекториясын жобалау. Оқушылардың жеке үлгерімін бақылау үшін бақылау-бағалау процедураларының пакетін әзірлеу дағдыларын жетілдіру Оқытудың әртүрлі деңгейіндегі оқушылармен жұмыс істеу үшін сараланған оқу материалдары мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Экожүйе және құқық
Мақсаты: Экономика, құқық, антикоррупциялық мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеулер әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттеу. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Мақсаты: Қаржылық әл ауқатқа жету үшін маңызы бар жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды басқаруды, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды дағдыларын оқыту. Мазмұны: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны қалыптасу шарттары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық түрлері. Кәсіпкерліктегі тәукелділік. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік келісімдерді ұйымдастыру. Кәсіпкерліктегі мәдениет және этика. Кәсіпкерлік қызметің қаржыландыру. Қаржылық сауаттылық түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.Ақша,есеп айырысу және төлемдер. Жеке қаржы: кіріс,шығыс, бюджет. Салықтар және жеке тұлғаларға салық салу. Зейнетақылар және сақтандыру. Халыққа банктік қызмет көрсету. Жеке тұлғалардың банкроттығы және қаржылық тәуекелдер. Қаржылық пирамида және жеке қаржылық қауіпсіздік.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Мақсаты: кәсіби маңызды жағдайларда қарым-қатынасты адекватты түрде құра алатын және арнайы мақсаттағы тіл нормаларын білетін маманға кәсіби бағдарланған тілдік дайындықты қамтамасыз ету. Мазмұны: Кәсіби тіл және оның құрамдас бөліктері. Кәсіби терминология ғылыми стильдің негізгі белгісі ретінде. Білім беру және кәсіптік және ғылыми және кәсіптік салалардағы ғылыми лексика және ғылыми конструкциялар. Мамандық бойынша ғылыми мәтіндерді талдау және шығару жұмысының алгоритмі. Ғылыми және кәсіби мәтіндерді шығару. Іскерлік қарым-қатынас негіздері және болашақ кәсіби қызмет шеңберіндегі құжаттама.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Орфография практикумы және пунктуация
Мақсаты: болашақ мамандардың сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: Емле, тыныс белгісі, дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесі, кейбір қосымшалардың жазылу ерекшеліктері, бөлек, бірге жазылатын сөздердің емлесі, бас әріптің қолданылуы, тасымал, тыныс белгісінің қойылу ережелері, қаратпа сөздердің тыныс белгілері, қыстырма сөздердің тыныс белгісі, одағайлардың тыныс белгілері,айқындауыш сөздердің тыныс белгілері, бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері, сызықша, оның қойылатын орындары, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша, құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігі туралы білім, дағдысын қалыптастыру. Мазмұны. Инклюзивті білім ғылым ретінде. Инклюзивті білім берудің даму тарихы, мәселелері және даму перспективалары. Инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық және тұжырымдамалық негіздері. Инклюзивті білім берудің әдіснамалық негіздері. Инклюзивті білім беру педагогикасы. Инклюзивті білім беру психологиясы. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау. АК жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларда мектептегі сәтсіздікті жеңу. Инклюзивті білім берудің педагогикалық, психологиялық және гендерлік аспектілері. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі. Инклюзия кезінде отбасыларға жұмыс және көмек. Мектепке дейінгі, негізгі жалпы және жоғары білім беру жүйесіндегі инклюзивті технологиялар мен бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сауат ашу әдістемесі
Мақсаты: Бастауыш мектепте сауат ашу пәнін оқыту әдістері мен стратегиясын меңгерту. Мазмұны: Сауат ашу әдістемесі пәнінің мақсаты, бастауыш мектепте сауат ашу әдістемесінің тарихы, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық негіздері, әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең, сауат ашу сабағында қолданылатын дидактикалық әдіс-тәсілдер, педагогикалық принциптер мен стратегиялар, ұлттық құндылықтар мен технологиялар, оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың дыбыстарды дұрыс айту, дыбыстарды қосу, буынды айту, сөзді дұрыс айту айтылым дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Мақсаты: студенттерді тәрбие процесінің мәні, оның формалары мен әдістері туралы біліммен қаруландыру, сонымен қатар отандық және шетелдік педагогикалық теория мен практикадағы тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары мен модельдерімен танысу. Мазмұны. Қазіргі педагогиканың пәндік-проблемалық саласы. Тәрбие педагогикалық процестің бөлігі ретінде. Тәрбиенің мазмұны, әдістері, құралдары, формалары. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары. Білім алушылардың оқу және оқудан тыс қызметіндегі тәрбиесі мен рухани-адамгершілік дамуы, білім алушылардың ынтымақтастығы, белсенділігі, бастамашылығы мен дербестігі, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экософия және табиғат негіздері
Мақсаты: Этноэкологиялық мазмұндағы экософия ілімнің мазмұны, қызметін меңгерту. Мазмұны: Этноэкологиялық мазмұндағы экософия ілімнің мазмұны, қызметі жайындағы түсінік. Табиғат заттары жайлы қиссалар, аңыздар, тиым сипатындағы әңгімелер бала бойына сезім арқылы сіңіп, қасиетті, киелі деген ұлттық қағидат болып қалыптастыру көзделеді.Азаматтардың бойында эко-мәдениет қалыптастыруды көздейтін экософия ілімі. Экософия- табиғаттың киелі мәні арқылы тәрбиелеу. Аң-құс пен өсімдіктердің ерекшелігін аңыз түрінде баяндайды. Этнопедагогика ғылымымен байланыста өсімдік пен аң- құсқатардың кейбір биологиялық ерекшеліктеріне экософияның назарымен қарауды үйретеді. Баланың креативті қабілетін, талабын, санасын, шығармашылық талантын қазынаға толтыратын тірі табиғат туралы киелі аңыз-қиссалар туралы мағлұмат беру. Табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге, тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі
Мақсаты: Дүниетану сабағын ұйымдастыру мен өткізуде теориялық білім мен әдістемелік дағдыларды қалыптастыру. Мазмұны: Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту концепциялары, Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі ғылымының даму тарихы, дүниетану оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны, Бастауышта мектептегі дүниетану оқулығының құрылымы мен мазмұны, Бастауышта дүниетану сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі, Бастауыш сыныпта дүниетану сабағын ұйымдастыру формалары, Сыныптан тыс оқу түрлерінін орны және ұйымдастыру, шағын жинақты мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Математиканы оқыту әдістемесі
Мақсаты: Математика сабағын ұйымдастыру мен өткізуде теориялық білім мен әдістемелік дағдыларды қалыптастыру. Мазмұны: Бастауыш мектепте математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттері. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың, математикалық ойлауын дамытудың әдіс-тәсілдері. Математика сабағында жеке, топтық және ұжымдық жұмыс. Негізгі математикалық дағдыларды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері (санау, өлшеу, геометриялық бейнелеу және т.б.). Проблемалық оқыту, тапсырмалар және ойын жағдаяттары Әр түрлі математикалық есептермен жұмыс Интерактивті тақтаны, компьютерлік бағдарламаларды және желілік ресурстарды пайдалану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш сыныпта мәтін есептермен жұмыс жүргізу әдістемесі
Мақсаты: білім алушылардың математикалық сауаттылығын, логикалық ойлауын және проблемалық ізденіс белсенділігін, мәтіндік есептерді тиімді шешу дағдыларын дамыту. Мазмұны: Мәтіндік тапсырма түсінігі және оның оқу үрдісіндегі рөлі. Мәтіндік тапсырмалардың түрлері және олардың ерекшеліктері. Мәтіндік есептерді талдау әдістері. Мәтін шарты негізінде математикалық модельді орнату стратегияларын әзірлеу. Әртүрлі математикалық операцияларды және есептерді шешу әдістерін талдау (арифметикалық амалдар, пропорционалдық, ықтималдық және т.б.). Мәтіндік есептерді шығаруға үйрету әдістері Ойын және интерактивті әдістер арқылы мәтін есептерін шығару тәсілдері. Топтық есептерді шешу арқылы коммуникативті және ұжымдық дағдыларды дамыту. Кері байланыс және оқушылардың қателерін түзету әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдебиеттік оқыту әдістемесі
Мақсаты: Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістері мен стратегиясын меңгерту. Мазмұны: Әдебиеттік оқыту пәнін оқытудың мақсат, міндеттері, әдебиеттік оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері, әдебиеттік оқыту әдістемесінің даму тарихы, әдебиеттік оқыту әдістемесі бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері, әдебиеттік оқу сабағын жоспарлау, әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдебиеттік оқу сабағында оқу мақсаттарын айқындау, әдебиеттік оқу сабағындағы пәнаралық байланыс, жаңа технологиялар арқылы көркем шығармаларды оқыту, ауыз әдебиеті шығармаларын оқыту, көркем шығарманы талдау, автор ойы мен өзіндік пікір
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш білім беруде факультатив сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі
Мақсаты. Бастауыш білім беруде факультатив сабақтарын ұйымдастырудың теориялық әжне әдістемелік негіздерін меңгереді. Мазмұны: факультатив сабақтарын ұйымдастырудың мақсат, міндеттері, факультатив сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, факультатив сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің даму тарихы, факультатив сабақтардың бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері, факультатив сабақтарды жоспарлау, факультатив сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер, факультатисабағында оқу мақсаттарын айқындау, факультатисабағындағы пәнаралық байланыс, факультатив сабақтарының түрлері
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Арнайы пәндер практикумы
Мақсаты: психологиялық-педагогикалық пәндер саласында практикалық дағдыларды дамыту. Мазмұны: адамның психикалық іс-әрекетінің тетіктерін, тұлғаның қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін зерттеу, шығармашылық бағыттағы қолданбалы сипаттағы практикалық тапсырмаларды орындау, бақылау жұмыстары, өз бетінше жұмыс істеуге арналған жаттығулар, өзін-өзі тануға арналған жаттығулар; рөлдік ойындар, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, психикалық денсаулықтың алдын алуға (депрессияның алдын алу және т.б.), ықпал ететін түзету жаттығулары, психологиялық ағарту
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
Мақсаты: қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгереді Мазмұны: Бастауыш мектепте қазақ тілін [орыс тілін] оқытудың заңдылықтары, принциптері мен әдістері. Күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын жасау. Қарым-қатынас құралы ретінде тілдің ерекшелігін ескере отырып, бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілі сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу, Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ білімді, шеберлікті және дағдыларды тексеру және бағалау, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқыту әдістерін таңдау, оқу уақытын ұйымдастыру және әртүрлі жастағы оқышылармен жұмыс, интерактивті оқыту әдістері, жеке және топтық жұмыс, оқытудағы сараланған тәсіл, оқыту материалдары мен тапсырмаларды таңдау және бейімдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысына баулу әдістемесі
Мақсаты: Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: ғылыми педагогикалық зерттеу элементтері, эмпирикалық зерттеу бағдарламаларын, нақты материалдарды жинауды; ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және өңдеу. зерттеу нәтижелерінің ұсынылуын; алынған нәтижелерді талдау, түсіндіру және сипаттау; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу, ғылыми зерттеулердің тиімділігі, өзіндік зерттеу әдістерін таңдау және негіздеу, ғылыми зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте оқу және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру
Мақсаты: бастауыш мектепте білім алушылардың ғылыми қызметін тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: «Ғылым», «ғылыми білім», «ғылыми қызмет» ұғымдарының мәні, ғылыми қызметтің мақсаты, оқушыларды ғылыми жұмыстарға тарту әдістері, оқушылардың жобаларының мазмұны, жаңалығы, ғылыми еңбектерді іздеу, талдау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері, ғылыми мәселе мен практикалық міндеттердің байланысы, зерттеудің нысаны мен пәні бойынша ғылыми еңбектерді саралау, ғылыми еңбектер бойынша тұжырымдар және өзіндік пікір жасау, іргелі және қолданбалы зерттеулер, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру әдістері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шағын жинақталған мектептегі математиканы оқыту әдістемесі
Мақсаты: шағын жинақты мектептерде оқушылардың математикалық оқу жетістіктерін жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгереді. Мазмұны: Шағын жинақты мектептегі математиканы оқытудың ерекшеліктері. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқыту әдістерін таңдау. Оқу уақытын ұйымдастыру және әртүрлі жастағы оқышылармен жұмыс. Интерактивті оқыту әдістері. Жеке және топтық жұмыс. Оқытудағы сараланған тәсіл. Материалдар мен тапсырмаларды таңдау және бейімдеу. Математикалық дағдылар мен шығармашылық дағдыларды дамыту. Математикалық есептерді шешу және нақты жағдайларда математикалық дағдыларды қолдану тәсілдері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шешендік өнерге үйрету әдістемесі
Мақсаты: Шешендік өнердің негізгі ережелерін, ауызша сөйлеуге қойылатын талаптарды меңгереді. Мазмұны: Көпшілік алдында сөйлеуді дайындау және айту әдістемесін, шешеннің бейнесін, қарым-қатынастың психологиялық заңдылықтары, Риторика талаптарын ескере отырып, ауызша сөйлеу материалдарын дайындау, Ауызша сөйлеуді өзін-өзі бақылау және оны түзету дағдылары,балалардың сөз сөзін дұрыс айту дағдылары, өз пікірін дәлелдеу, бастауыш мектеп оқушыларының сөзіне мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қосып сөйлеу дағдылары, балалардың өзін –өзі ұстауы, дебаттық клубтарды ұйымдастыру, дебат кештерінің мазмұны
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте музыканы оқыту әдістемесі
Мақсаты: Болашақ мамандарды музыка арқылы мектеп оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері мен әдістеріне үйрету. Мазмұны: Музыкалық білім берудің теориялық негіздері, музыка сабағының мазмұны, оқу-әдістемелік құжаттама, сабақты жоспарлау, бастауыш мектепте музыка сабағын ұйымдастыру әдістері. Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру формалары. Сыныптан тыс жұмыстардың рөлі, оларды ұйымдастыру. Шағын жинақты мектепте музыканы оқыту әдістемесі. Қазақ халық музыкасының баланы эстетикалық тәрбиелеудегі рөлі, балалардың музыкалық іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен әдістері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Музыка және хор
Мақсаты: Болашақ мамандарға бастауыш мектепте хорды ұйымдастыру әдістемесін үйрету Мазмұны: Мектеп репертуарының негіздері, көзбен шолып оқу процесі, әдістері мен формалары, балаларға арналған ән репертуарымен жұмыс істеу әдістері, жұмыс әдістері, сүйемелдеу жұмыстары, хорға арналған шығармаларды ауыстыру тәсілдері, хор дирижерін меңгеру әдістері, хор класы, вокалды ән айту шеберлігі
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Рухани құндылықтар негізінде оқыту
Мақсаты: Тәуелсіздік Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім мазмұнының біріктіру қағидаттары туралы білімдері дамиды Мазмұны: Тарихи көздермен және құжаттармен жұмыс жасайды, әдеби, фольклорлық және діни мәтіндердің басты тұжырымдарына сын тұрғысынан ойлау дағдысына ие болады. білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды, білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады, жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді, жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды, дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері және еңбек
Мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бейнелеу өнері мен еңбекке баулудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту. Мазмұны: Бейнелеу өнері мен еңбек пәндерінің маңызы мен міндеттері, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері және шығармашылық қабілеттері, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру негіздері. Түстер теориясы және композиция элементтері. Қол еңбегі түрлері: тігін, қағазбен жұмыс, табиғи материалдармен жұмыс. Қауіпсіздік техникасы және еңбек мәдениеті. Эстетикалық тәрбие мен шығармашылықты дамыту әдістері. Интеграцияланған сабақтар және креативті тәсілдер. Сабақты жоспарлау және көрнекі құралдарды пайдалану. Оқушылардың жұмысын бағалау және мотивациялау тәсілдері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы
Мақсаты: Болашақ мамандардың адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәні, әдеби терминдер мен әдеби бағыттары, түрлері мен жанрлары туралы білімдері жетіледі. Мазмұны: Әдебиеттанулық ұғымдар, Балаларға арналған әдебиеттің қалыптасу және даму тарихы; Ертегі мен оның идеялық-көркемдік ерекшеліктерін талқылау; Поэзияны жіктеу; Балалар шығармалары кейіпкерлерінің жанрлық ерекшелігі, тақырыбы, сюжеттік ерекшеліктері; Мәнерлеп оқу дағдылары; Мәтіннің мазмұны талдау және жинақтау; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстыру, белгіленген оқу стратегияларын пайдалану;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Мақсаты: оқушылардың оқу-танымдық ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау құралдарын қолдану біліктілігін қалыптастыру. Мазмұны: Критериалды бағалау технологиясының маңызы, оқушылардың оқу жетістік деңгейлерін анықтау, білім беру нәтижелерін бағалау үшін критериалдық қатынас, оқушыларды критериалды бағалау технологиясын ұйымдастыру, Кембридж бағалау технологиясы, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау, бөлім бойынша бағалау жұмыстарын ұйымдастыру, тоқсан бойынша бағалау жұмыстарына қойылатын талаптар,
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Action Research
Мақсаты: болашақ маманның кәсіптік мүдделер саласындағы ғылыми-зерттеу компонентін дамыту. Болашақ психологтардың Action Research педагогикалық тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгеруіне және өз ғылыми зерттеулері негізінде психологияны оқыту процестерін жоспарлауға ықпал ету. Мазмұны: Қазіргі заманғы педагогтың кәсіби даму стратегиясы. Мұғалім рефлексиясының заманауи түрі. Білім берудегі ғылыми әдіс. Әрекеттегі зерттеу. Өз идеяларының нәтижелерін рефлексиялау. SMART мақсаттар. Оқытушыға өзінің педагогикалық практикасын жақсартуға мүмкіндік беретін рефлексиялық тәсіл. Оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру. Педагогтің құндылық бағдарын зерттеу. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулер
Бұл курс болашақ педагогтарға педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздерін береді. Болашақ педагогтар түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал етуге дайын болуы тиіс
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Lesson Study
Мақсаты: Педагогикалық зерттеу жұмыстарының теориялық негіздерін меңгерту және оларды ғылыми тұрғыда жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында студенттер білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, ғылыми әдістер арқылы зерттеу жүргізуді үйрену .Мазмұны: Педагогикалық зерттеулердің мәні мен құрылымы, ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері, зерттеу тақырыбын таңдау және мақсат қою, зерттеудің әдістері мен әдістемелік негіздері, сандық және сапалық зерттеу тәсілдері, зерттеу жоспарын құру және деректер жинау, нәтижелерді талдау және интерпретациялау, ғылыми жоба, мақала және есеп жазу, этикалық нормалар мен академиялық адалдық, білім беру жүйесінде зерттеу нәтижелерін қолдану
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте қазіргі білім беру парадигмалары
Мақсаты: оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар туралы білімдері дамиды. Мазмұны: Кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін, педагогикалық үрдіске қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың рөлдік құрылымы, заманауи білім беру технологияларын меңгерудің практикалық іскерліктері, білім беру парадигмаларына негіз болған қазіргі заманғы философиялық және мәдениеттанулық тұжырымдамалар туралы түсініктер, құндылықтарға негізделген білім парадигмалары: дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма, технократиялық (аралық) парадигма, бихевиористік (құлық) парадигма, гуманистік (феноменологиялық) парадигма туралы білімдері қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш мектепте "цифрлық сауаттылық" пәнін оқыту теориясы мен әдістемесі
Мақсаты: Болашақ мамандардың цифрлық сауаттылық пәнін оқытуды ұйымдастыру және өткізудің теориялық және әдістемелік білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Цифрлық сауаттылық маңызды өмірлік дағды ретінде. Цифрлық сауаттылық және жеке тұлғаның негізгі құзыреттіліктері. Цифрлық сауаттылықтың құрамдас бөліктері, Білім берудегі цифрлық сауаттылыққа қалыптастырудағы стратегиялық тәсілдер. Цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың әдістемелік принциптері. Бастауыш мектептегі цифрлық сауаттылықтың мақсаты мен міндеттері. «Цифрлық сауаттылық» сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдіс-тәсілдері «Цифрлық сауаттылық» сабағында жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар Интерактивті тақтаны, компьютерлік бағдарламаларды және желілік ресурстарды пайдалану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Зерттеулер, даму және инновациялар
Мақсаты: Зерттеу қызметінің негіздерін, инновациялық ойлауды және білім беру жүйесіндегі даму стратегияларын меңгерту. Мазмұны: Ғылыми зерттеу әдістері мен кезеңдері. Инновацияның түрлері мен білім беру саласындағы рөлі. Зерттеу жобаларын жоспарлау және басқару. Ақпарат жинау, талдау және интерпретациялау. Инновациялық идеяларды іздеу және іске асыру. Шығармашылық ойлау және дизайн-ойлау негіздері. Стартаптар және білім беру технологиялары. Даму стратегиялары және білім беру жүйесіндегі өзгерістер. Зерттеу нәтижелерін презентациялау және қорғау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби ортада және әлеуметте, әріптестестер арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін коммуникация жасайды. Академиялық адалдық пен академиялық жазу нормаларын сақтайды.
- Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.
- Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
- Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, тілдік, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық білімдерді қолданады.
- Білім беру ұйымдарында бастауыш сынып сабақтардағы жеке пәндерді (математика,жаратылыстану, қазақ тілі, шет тілі) тұжырымдамалық негіздерін, сондай-ақ сабақты әзірлеу және жоспарлау кезінде бағалау әдістерін меңгереді.
- Бастауыш жастағы балаларды тәрбиелеу және білім беру саласындағы заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларды пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді сауатты шешу;
- Топ мүшесі ретінде және жеке нәтижелі жұмыс істеу, өзінің көзқарасын әдепті қорғау, өз әрекеттерін түзету және түрлі әдістерді пайдалану.
- Жаңа тәсілдерді, жасанды интеллектті, оқытудың тиімді формалары мен әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ құралдарын қолдану және оларды бастауыш сыныптағы офлайн және онлайн сабақтарда, соның ішінде шағын жинақты мектеп жағдайында, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастыру.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар мен оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытудың теориялық негіздері мен әдістемелері туралы білімдерін дамыту
- Білім беру ұйымына қатысушылардың құзыреттерін арттыру бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.
- Оқушылардың мінез-құлқын басқару, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін тәрбие және білім берудің заманауи тұжырымдамалары негізінде ынталандыру, білім алушылар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.